Септік категориясының мағыналары
.Сұлтанғазин атындағы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Аты-жөні
ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ СӨЗ ТАПТАРЫНА ҚАТЫСЫ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
Қостанай, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 Сөздердің грамматикалық мағынасы және оның түрлері ... ... ... ... ... ...5
1.1 Н.Оралбай сөздің грамматикалық мағынасы және оның түрлері туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Грамматикалық форма ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3 Грамматикалық категория ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.4 Нөлдік морфема және нөлдік форма ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 18
2 Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатысы ... ... ... ... ..25
2.1 Қазақ тіліндегі есім сөз таптарының түрлену жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ..25
2.2 Н.Оралбай еңбектеріндегі көмекші сөздер мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..45
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.Нұржамал Оралбайқызы - бар өмірін қазақ тіл білімі деген терең де шексіз дарияның грамматика, сөзжасам, қазақ жазуының тарихы, орфография, қазақ тілін оқыту әдістемесі салаларын зерттеуге арнаған қазақтың біртуар қызы.
Н. Оралбайқызы қазақ тіл білімінің морфология саласына да көптеген жаңалықтар енгізді. Ғалым қазақ тіл білімінің морфология саласындағы сөздің аналитикалық формасы теориясының және нөлдік морфема мен нөлдік форма теориясының негізін қалады, орыс тілінің ықпалымен тілге қинап кіргізіліп жүрген Вид категориясы туралы жалған теориядан қазақ тілін арылтып, қимылдың өту сипаты категориясын кіргізді.
Грамматика теориясында Н.Оралбайқызы қосқан тағы бір жаңалық - нөлдік морфема мен нөлдік форма теориясы. Бұл теорияны ғалым алғаш 1976 жылғы Бүкілодақтық түркологиялық конференцияда баяндады, кейін осы теория бойынша бірнеше мақала жариялап, 1986 жылғы Қазақ тілінің морфемалар жүйесі деген монографияда мәселенің теориялық негізін қалады.
Н. Оралбайдың морфология туралы ғылыми концепциялары қазақ тілі грамматикасы зерттеулеріне ғылыми негіз болғанын және Нұржамал Оралбайдың ғылыми ой-пікірлерінің тіл білімінің дамуына тигізген ықпалын жүйелі көрсету аталған тақырыптың зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін танытады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:Ғалым Нұржамал Оралбайқызының ғылыми танымы мен өзіндік көзқарастарын ғалымға дейінгі және қазіргі таңдағы ғылыми ой-пікірлермен салыстыра отырып, қазақ тілі морфологиясы саласындағы ғылыми еңбектеріне жүйелі талдау жасап, ғалымның осы бағыттағы зерттеулерінің қазақ тіл біліміндегі орнын анықтау, ғылыми мұрасына лайықты бағасын беружәне кейінгі зерттеулерге ықпалын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеудің мынадай нақты міндеттері қойылды:
- қазақ тілі морфологиясының Н.Оралбайға дейінгі еңбектерде зерттелу дәрежесін айқындау;
- Н.Оралбайдың грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы тұжырымдамаларын саралап көрсету;
- Грамматикалық категорияларға қатысты пікірлерін жүйелеу;
- Күрделі етістіктер мен аналитикалық форманттар туралы көзқарасын талдап көрсету;
- Н.Оралбай зерттеулерінің түркітануда, қазақ тіл біліміндегі маңызын, алатын орнын айқындау.
Дипломдық жұмыстың нысаны ретінде профессор Нұржамал Оралбайқызының қазақ тілінің морфологиясына қатысты көзқарастары мен тұжырымдары, еңбектері алынды.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы.Н.Оралбайдың қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасуына грамматика саласы бойынша қосқан ғылыми үлесі зерттеу нысанасына алынды;
- Н.Оралбайдың етістіктер туралы тұжырымдамасының қазақ тіл білімінде алғашқы ғылыми-теориялық зерттеу екендігі Н.Оралбайға дейінгі зерттеулермен салыстырыла дәлелденді;
- Қазақ тілі грамматикасындағы қимылдың өту сипаты категориясының қалыптасуы жөніндегі теориялық еңбектердің негізі - Н.Оралбайдың ғылыми ой-пікірлерінен туындағаны айқындалды.
- Н.Оралбайдың осы шақ категориясының табиғатын тануы және осы шақ жасаушы тұлғалардың мағыналық ерекшелігін анықтауы - қазақ тіл біліміндегі аналитикалық формант, нөлдік форма мен нөлдік морфема туралы ілімдердің алғашқы ғылыми көзі екені анықталды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми дереккөздері ретінде түркітану ілімінің ғылыми еңбектері, қазақ тіл білімінің Н.Оралбайға дейінгі ғылыми жетістіктері мен Н.Оралбай кезіндегі және ғылымның кейінгі кезеңіндегі ғылыми еңбектер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыста тарихи-салыстырмалы әдіс, сипаттау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту әдістері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың теориялық-практикалық маңызы:
- Н. Оралбайдың ғылыми еңбектерін зерттеу арқылы қазақ тілі грамматика теориясының даму тарихын анықтауға болады;
- Н. Оралбай еңбегіндегі жаңа идеяларды анықтау арқылы ол мәселелердің түркітану ілімінде қазақ тіл білімінен бастау алғаны дәлелденеді;
- Н.Оралбай ғылыми еңбектерін зерттеу арқылы қазіргі қазақ тіл біліміндегі ғылыми жетістіктердің дамуына, қалыптасуына Н.Оралбай идеяларының игі әсері анықталады.
Дипломдықжұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттертізімінен тұрады.
1 Профессор Нұржамал Оралбай зерттеулерінің грамматикалық негізі
1.1Н.Оралбай сөздің грамматикалық мағынасы және оның түрлері туралы
Тілдегі әрбір сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалпы грамматикалық мағынасы оның тұлға-тұрпатына байланысты (мысалы: су, сушы, сусын, суат, суғар т.б.). Бірақ, солай бола тұрса да, ол мағыналар сөз бен сөздің, сөздер мен сөздердің ара қатынастарынан жақсы аңғарылады. Мысалы, Той болса, тон киелік, жүр, баралық! Бірімізді біріміз аударалық (Абай) деген сөйлемдердегі киелік, баралық, аударалық деген сөздердің әрқайсысының өздеріне тән нақтылы лексикалық мағынасы бар. Олар - киіну, бару, аудару әрекеттерін білдіреді. Сонымен қатар, олардың сол лексикалық мағыналарымен жарыса жүретін, үшеуінің де бойынан табылатын - ортақ жалпы мағыналары бар. Ол мағыналар мыналар: біріншіден, бұл етістіктердің үшеуі де алдағы уақытта істелінбекші әрекетті білдіреді; екіншіден, үшеуінде де тыңдаушылар (оқушылар) іске жұмылуға шақырылып тұр; үшіншіден, сөйлеуші (автор) өзін де, өзгелерді де (тыңдаушыларды) бір ұдай бірінші жаққа топтап, бәріміз (біз) киелік, баралық, аударалық деп тұтас қамти айтып отыр; төртіншіден, ол әрекетті істеу көп адамға арналып (мысалы, біз баралық көптік мағынада) айтылып тұр, бесіншіден, осы шақыру есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік т.б.) арқылы емес, етістіктер арқылы айтылып тұр; алтыншыдан, ол етістіктерде сабақтылық, салттық ұғымдарымен байланысты грамматикалық мағыналар бар; жетіншіден, бұл сөздер осы сөйлемдерде баяндауыш болып қызмет атқарып тұр т.б.
Сөз айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның аты я атауы болса, әрине, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол мағына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол ұғымды білдіретін белгі я сол ұғымның мазмұнының бейнесі ретінде қалыптасатындықтан, бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады.
Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге, оған қосыла жүріп, байланысты ойды білдіруде қызмет атқарады. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының мынадай айырмашылықтары бар. Сөздің лексикалық мағынасы түбір сөздер арқылы беріледі. Мысалы, қағаз, күн, ай, көзде, жүзік, он бес т.б. Ал, грамматикалық мағына түрлі грамматикалық көрсеткіштер арқылы түбір сөзге үстеледі. Мысалы, қағаз+дар - бұл сөздегі көптік мағына көптік жалғау арқылы берілген. (Жарық) күнді (көрдім) дегенде көру қимылының нысаны мағынасын табыс септік жалғауы білдірген. Айға (ұшты) дегендегі бағыт мағынасын барыс септік жалғауы білдірген. (Ол) көздеген дегендегі бұрынғы өткен шақ мағынасын - ген грамматикалық жұрнағы білдірген. (Менің) жүзігім дегенде меншіктілік мағынаны тәуелдік жалғауы білдірген. Бұл мысалдардан мынадай қорытынды шығады:
а) грамматикалық мағына сөйлемде лексикалық мағынаның үстіне қосылады;
ә) грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз өздігінен жеке тұрып қолданылмайды;
б) грамматикалық мағынаны білдіретін тілде қалыптасқан арнайы тілдік бірліктер бар;
в) лексикалық мағына нақты, шындық өмірге қатысты, ал грамматикалық мағына абстракты, дерексіз. Сондықтан лексикалық мағына жеке әр сөзге қатысты болса, грамматикалық мағына үлкен мағыналық топқа қатысты. Мысалы, қарлығаш, тауық, ат десек, олардың әрқайсысы шындық өмірдегі белгілі бір заттың аты, әр сөздің өзінің лексикалық мағынасы бар. Осы сөздердің бәріне бір грамматикалық мағына қосуға болады. Мысалы, қарлығаштар, тауықтар, аттар. Бұдан лексикалық мағына жеке сөзге қатысты болса, грамматикалық мағынаның көп сөзге, топ сөзге қатысты екені анықталды [1, 218].
Ахмеди Ысқақов Қазіргі қазақ тілі атты оқулығында грамматикалық мағынаға мынада й анықтама берген: сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз [24, 15].
Кәкен Аханов Тіл білімінің негіздері оқулығында: грамматика сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас (отношение) - белгілі бір сөздердің нақтылы қатынасы емес, ешбір нақтылығы жоқ грамматикалық қатынас. Бірақ грамматика қатынасқа ғана сүйеніп қоймайды, сонымен бірге мағынаға да сүйенеді. Бұл арада лексика мен грамматиканың арасында мынадай айырмашылық бар: лексикада мағына категориясы (категория значения) ең басты орынға, қатынас категориясы (категория отношения) кейінгі орынға ие болса, грамматикада ең алдымен қатынас категориясы, содан кейін ғана барып мағына категориясы мәлім болады. Бұған қоса, лексикадағы мағына категориясы грамматикадағы мағына категориясымен сәйкеспейді. Грамматикалық мағынаның лексикалық мағынадан басты айырмашылығының бірі сол грамматикалық мағына логикалық ұғыммен ұштасады да, шындық өмірдегі заттармен тікелей ұштаспайды деп жазған.
Ал Сейілбек Исаев: сөздің лексикалық мағынасы - нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады деп анықтама бере отырып, грамматикалық мағына берілуінің үш тәсілін (семантикалық, синтетикалық, аналитикалық) көрсеткен.
С. Исаев грамматикалық мағынаны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық мағына, қатыстық мағына деп үш түрге бөлген [32, 121].
Ә.Хасенов өзінің "Тіл білімі" атты еңбегінде грамматикалық мағынаға мынадай анықтама берген: "Грамматикалық мағына дегеніміз - сөздің лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар". Ғалым грамматикалық мағынаның екі үлкен тәсілдерін атаған:
синтетикалық тәсіл (аффикстік тәсіл, дыбыс алмасуы, екпін тәсілі, супплетивизм, редупликация);
аналитикалық тәсіл (орын тәртібі тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, интонация тәсілі) [33, 69].
Ал ғалым Н. Оралбай грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге, оған қосыла жүріп, байланысты ойды білдіруде қызмет атқаратындығын айтқан: Тілде қандай мағына болмасын тілдік бірліктер арқылы беріледі, ешбір тілдік бірліксіз берілетін мағына болмайды. Тілдегі әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктер де, грамматикалық мағынаның берілу жолдары, тәсілдері де түрліше болып келеді деп грамматикалық мағынаның 2 түрін (жалпы грамматикалық мағына, категориялық мағына) көрсеткен. Ғалым категориялық грамматикалық мағынаның берілу тәсілін екіге бөлген:
1) Синтетикалық тәсіл;
2) Аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілге көмекші сөздер мен аналитикалық форманттар арқылы берілетін мағынаны жатқызады және оның алты түрін көрсетеді.
Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшаларды ғалым: 1) жалғау, 2) нөлдік қосымша, 3) грамматикалық жұрнақ деп бөлуді ұсынады.
Грамматикалық мағынаны білдіретін бұл қосымшалар - тілдің грамматикалық құрылысында ертеден қалыптасып, әбден орныққан қосымшалар. Олардың қолданылу аясы, сөз таптарына қатысы, сөзден алатын орны, беретін, білдіретін мағыналары да алуан түрлі, ұқсастықтары да жоқ емес. Сондықтан оларға жеке-жеке тоқталу керек.
Грамматикалық мағынаның жалғаулар арқылы берілуін ғалым 1) көптік жалғау, 2) тәуелдік жалғау,3) септік жалғау, 4) жіктік жалғау деп 4 түрге бөліп қарастырып, әрқайсысына төмендегідей түсініктеме берген:
Көптік жалғау сөйлемде заттық мәнде келген басқа сөз табының сөздерімен де қолданылып, оларға көптік мағына қосады. Мысалы, біздер, сендер, сіздер, жақсылар, үлкендер, келгендер т.б.
Көптік жалғау грамматикалық болжалдық мағынаны да білдіреді. Болжалдық мағынаны көптік жалғауы сан есім сөздермен қолданылғанда білдіреді. Мысалы, ондар, алтылар, жетілерде келемін.
Көптік жалғау болжалдық мағынаны үстеу сөздерге жалғанғанда да білдіреді. Мысалы, ертеңдер келер, биылдар бітіреді т.б.
Тәуелдік жалғау меншіктілік, тәуелдік мағынаны білдіреді. Бұл мағына бір заттың екінші затқа тәуелді, меншіктілігімен байланысты болғандықтан, тәуелдік жалғау зат есім сөздермен, кейбір заттық мәндегі сөздермен де қолданылады. Мысалы, менің туысым, біздің аулымыз, менің үлкенім т.б.
Тәуелдік жалғау жақтық мағыналы қосымша болғандықтан, ол 3 жақта анайы, сыпайы, жекеше, көпше түрде қолданылады, олардың әрқайсысының жалғауы бар. Осымен байланысты тәуелдік жалғау - қазақ тілінде сирек кездесетін көп мағыналы қосымша. Ол бір (контексте) қолданыста әрі тәуелдік мағынаны, жақтық мағынаны, жекешелік, көптік мағынаны, анайы, сыпайылық мағынаны білдіреді, мысалы,
Құныңды біл,
Бағаңды ұқ,
Адамнан да күтеріміз адамдық (Қ.М.)
Осы сөйлемдегі құныңды, бағаңды, күтеріміз деген сөздер тәуелдік жалғаудың 2-жағы мен 1-жағында қолданылған. Осындағы құныңды, бағаңды сөздеріндегі - ың, -ің жалғаулары тәуелдік мағынаны, 2-жақ мағынасын, анайылық, жекешелік мағыналарды білдіріп тұр. Ал, күтеріміз деген сөздегі тәуелдік жалғау, 1-жақ мағынасын, көпше мағынаны, тәуелдік мағынаны білдіреді. Тәуелдік жалғаулары сегіз қосымшадан тұрады. Зат есім тәуелдік жалғауларының барлық қосымшасымен түрлене алады.
Септік жалғау - зат есім және есім сөздердің сөйлемдегі басқа сөздермен өз ара қарым-қатынасын білдіретін грамматикалық мағыналы жалғау. Септік жалғауы сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатысынан туатын әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін болғандықтан, оның жалғаулары да, мағыналары да әр түрлі. Бір септік жалғауының өзі түрлі қолданыста түрлі мағына береді. Мысалы, қаламмен жаздым, қуанышпен кездесу, жолмен жүру, менімен кездесті, желмен тең, т.б. осы сияқты қолданыста тек көмектес септік жалғаудың өзі сөзге қимылдың құралы, қимылдың сын-бейнесі, мекен, ортақтық мағына, салыстыру мағыналарын білдіріп тұр.
Ал, қазақ тілінде 7 септік бар, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағына береді. Олай болса, септік жалғаулары - әр түрлі мағынаны білдіретін, грамматикалық мағына құрамы күрделі жалғаулар.
Сонымен бірге 7 септіктің әрқайсысының өз жалғаулары, өз бірліктері, көрсеткіштері бар. Сөзге қандай жалғаулардың жалғанғанына қарап, ол сөздің қай септікте тұрғаны ажыратылады және олардың сұрақтары әртүрлі.
Зат есім мен есім сөздердің қайсысы болса да, септік жалғаулары арқылы түрлене алады. Сөздің септік жалғаулары арқылы түрленуі септік парадигмасы деп аталады.
Жіктік жалғау - қимыл-әрекеттің, істің жақтық мағына арқылы кімге қатысты екенін білдіретін қосымша. Осымен байланысты жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш сөзге жалғанып, қимыл-әрекеттің, істің иесі бастауышпен оны байланыстырады. Ал баяндауыш негізінен етістіктен болатындықтан, жіктік жалғауы көбіне етістікке жалғанады, бірақ жіктік жалғауы баяндауыш болған басқа сөз таптарына да жалғана береді. Мысалы, Мен ақынмын, жалынмын, Шапшып көкке тиемін. (М.Ж.).
Осы өлеңде жіктік жалғауы баяндауыш қызметіндегі үш сөзге жалғанған, олар: ақынмын, жалынмын, тиемін. Жіктік жалғауымен қолданылған үш сөздің екеуі - есім сөз (ақынмын, жалынмын), біреуі - етістік. Осы сөздердегі жіктік жалғауы сөздерге 1-жақ, жекешелік мағына қосқан.
Жіктік жалғаулары жалғанған сөзіне жақ мағыналарын, жекешелік, көпше мағынаны, анайылық, сыпайылық мағыналарын үстейді, қосады. Бұл мағыналар жіктік жалғау жүйесінде әр түрлі қосымшалар арқылы беріледі.
Жіктік жалғаулардың сөзді түрлендіру жүйесі жіктік жалғау парадигмасы деп аталады. Жіктік жалғау парадигмасының әр мүшесі бір-бірінен өзіндік мағынасы арқылы ажыратылады. Демек, жіктік жалғаудың құрылымы да, мағынасы да күрделі. Сонымен бірге, жіктік жалғаудың әр қосымшасы - бірнеше грамматикалық мағына білдіретін көп мағыналы қосымшалар. Қазақ тілінде бұл ерекшелік - тәуелдік жалғау мен жіктік жалғауға ғана тән қасиет, басқа қосымшалар бір қолданыста бір грамматикалық мағына ғана білдіреді, ол жалғауларға ғана емес, басқа грамматикалық бірліктерге де қатысты[2, 211].
Тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар, бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамнан тұратын көрсеткіші жоқ мүшелері бар. Мысалы, атау септіктің, жіктік жалғау парадигмасының 3-жағы, сондай-ақ бұйрық райдың жіктік жалғауының 2-жақ жекеше түрінің нақтылы қосымшалары жоқ. Бірақ қосымшалары жоқ болса да, сол қосымшаның жоқтығы олардың атау септік, 3-жақ, 2-жақ екенін білдіреді. Олар ешқашан басқа мағынамен шатастырылмайды. Жалпы тіл білімінде мағына бар жерде оны білдіретін көрсеткіш бар деп саналады да, жоғарыдағыдай жағдайда мағынаны көрсеткіштің жоқтығын байқататын нөлдік жалғау (нөлдік морфема, нөлдік жұрнақ) білдіреді деп санайды.
1. Жалқау қимыл жоғалды,
Жүріс өнді,
Жалп етті де,
Жекенің жыры сөнді (Қ.М.).
2. Күн батысты қараңғылық қаптаған,
Күні батып, жаңа таңы атпаған. (М.Ж.).
3. Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен қызық іс табылмас (А.Қ.).
4. Панфилов қарсы шабуыл дегеннің не екенін білетін (Т.А.).
5. Ол кемшілік емес (М.Ә.).
6. Сол қолда кішкене үстел мен ескі отырғыш тұр (М.Ә.).
7. Абай жаңағы өз ойын аяқтап тоқтатпақ (М.Ә.).
Осы сөйлемдердегі жоғалды, өнді, жалп етті, сөнді, қаптаған, атпаған, кете қалса, табылмас, білетін кемшілік емес, тұр, тоқтатпақ деген сөздер 3-жақтағы баяндауыштар. Олар атау септіктегі қимыл, жүріс, жыры, қараңғылық, таңы, қызу-қызба, іс, Панфилов, ол үстел, отырғыш, Абай сияқты бастауыштармен 3-жақта қиысып тұр. Бастауыштардың бәрі атау септікте ешбір қосымшасыз қолданылған, олардың қосымшасы болмаса да, олар қимылдың, іс-әрекеттің иесі мағынасын білдіріп тұр. Осы мағынаны білідіретін атау септіктің қосымшасының жоқтығы нөлдік жалғау арқылы белгіленеді.
Септік жалғауларының бірсыпырасының жалғаулары бола тұра, қолданыста нөлдік жалғаумен қолданылатыны ғылымда ертеден танылған, бірақ олар тек септіктің жасырын қолданылуы, тасалануы сияқты терминдермен аталып келген, ол, әсіресе, ілік септік пен табыс септігіне қатысты. Кейінгі зерттеулер қолданыста барлық дерлік септіктер, әсіресе, бірыңғай мүшелерде нөлдік жалғаумен қолданылатынын дәлелдеді. Мысалы, Хакім сөз таба алмай қалды (Х.Е.). Бөлме іші тар (М.Ә.). Бейімбет екеуіміз Аманкелдінің туған еліне, Торғай, Батпанқыраға жүріп кеттік (Ғ.М.). Осы мысалдардағы сөз табыс септіктің нөлдік жалғауымен, бөлме ілік септіктің нөлдік жалғауымен қолданылған. Соңғы сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің бірі Торғай сөзі барыс септіктің нөлдік жалғауымен қолданылған. Демек, нөлдік жалғауы - грамматикалық жүйеден кең орын алатын, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірлік [1, 135].
Тілде грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық жұрнақтар бар. Ол жұрнақтар тілдің грамматикалық құрылысынан белгілі орын алады, түрлі қызмет атқарады. Сөз таптары тұрғысынан келгенде, грамматикалық жұрнақтар етістіктерге қатысты. Етістік - грамматикалық жағынан өте күрделі сөз табы, етістікте алуан түрлі грамматикалық мағына бар, сол түрлі грамматикалық мағыналардың көбі грамматикалық жұрнақтар арқылы беріледі. Грамматикалық жұрнақтардың мағынасы әр түрлі.
Етістіктің болымсыздық мағынасын білдіретін грамматикалық жұрнақ
Етістік тілде болымды түрде де, болымсыз түрде де қолданылады. Етістіктің қимыл-әрекеттің шындық өмірде жүзеге асуын білдіретін түрі болымды түрі деп аталады, жүзеге аспауын білдіретін түрі болымсыз түрі деп аталады. Тілде етістіктің болымды түрі болымдылық мағынаны, болымсыздық түрі болымсыздық мағынаны білдіреді.
Тілде етістіктің болымдылық, болымсыздық түрлерін жасайтын, болымды, болымсыз мағынаны білдіретін арнайы көрсеткіштер, тілдік бірліктер бар. Олар: грамматикалық нөлдік жұрнақ пен болымсыздық - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағы.
Болымдылық мағынаны түбір етістік ешбір қосымшасыз білдіреді. Мысалы, кел, бар, кет, сөйле, тыңда, беріп кет сияқты түбір сөздер болымды мағынаны білдіреді. Осы болымдылық мағынаның нақтылы дыбыстық құрамнан тұратын көрсеткішінің жоқтығы нөлдік қосымша аталады. Сондықтан етістіктің болымдылық мағынасы грамматикалық нөлдік жұрнақ арқылы беріледі деп саналады.
Етістіктің болымсыздық мағынасын білдіретін - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағы түбір сөзге тікелей жалғанады. Мысалы, келме, барма, кетпе, сөйлеме, тыңдама, беріп кетпе т.б. Етістіктің басқа грамматикалық бірліктері сөйлемдегі сөзде болымсыздық жұрнақтан кейін жалғанады. Мысалы, келмеген, бармағалы, кетпес, сөйлемейді, тыңдамапты, беріп кетпеді т.б [1, 139].
Шақ мағынасын білдіретін грамматикалық жұрнақтар
Етістіктің шақ мағынасын негізінен грамматикалық жұрнақтар білдіреді.
Осы шақ мағынасын - а, -е, -й грамматикалық жұрнақтары білдіреді. Мысалы, адам сөйлейді, құс ұшады, (күнде) келеді т.б. Осы жұрнақтармен келер шақ та жасалады. Мысалы, ертең келеді, жұмыс жақында бітеді, кейін барады т.б. Осы грамматикалық жұрнақ әрі осы шақ, әрі келер шақ мағынасын жасайтын болғандықтан, ол шақтар ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ аталады. Демек, -а, -е, -й грамматикалық жұрнақтары түрлі грамматикалық мағыналы жұрнақтар, олардың мағынасы контекст арқылы ажыратылады.
Осындай мағыналық ерекшелік -йтын, -йтін, -атын, -етін грамматикалық жұрнағының мағынасына да қатысты. Тек бұл жұрнақта өткен шақ пен келер шақтың мағынасы бар. Мысалы, Ол бұрын бізге жиі келетін. Жасында тауға жиі шығатын. Бұл қолданыста - атын, -етін жұрнағы өткен шақтық мағынаны білдірген. Ал, келетін шығар, баратын болды, қайтатын көрінеді сияқты қолданыста - атын, -етін жұрнағы келер шақты білдіреді. Бұдан -атын, -етін жұрнағының екі түрлі мағына беретіні анықталды.
- ды, -ді, -ты, -ті - грамматикалық жұрнақ жедел өткен шақ мағынасын білдіреді. Мысалы, келді, кетті, отырды, жатты т.б.
- ған, -ген, -қан, -кен грамматикалық жұрнағы бұрынғы өткен шақ мағынасын білдіреді. Мысалы, Ол барған, білген, айтқан, кеткен т.б.
- ып, -іп, -п жұрнағы да бұрынғы өткен шақ мағынасын білдіреді.
Мысалы, Ол барыпты, көріпті, тыңдапты.
- мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек грамматикалық жұрнағы мақсатты келер шақ мағынасын білдіреді. Мысалы, Жақсыны көрмекпін, міндетті орындамақсың т.б.
- ар, -ер, -р грамматикалық жұрнағы болжалды келер шақ мағынасын білдіреді. Мысалы, кетер, қайтар, сөйлер т.б.
- у грамматикалық жұрнағы қимыл атауын білдіреді. Мысалы, айту, көру, сөйлеу, ойлау, тыңдау т.б.
Әрі етістік қасиеті бар, әрі есім қасиеті бар етістік түрінің мағынасын - ған (-ген, -қан, -кен), -ар(-ер, -р, -с), -йтын (-йтін, -атын, -етін), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) береді. Мысалы, көрген адам, келер жыл, білетін кісі, бітірмек жұмыс.
Бір қимылдың екінші қимылдың белгісі екенін білдіретін етістіктің көсемше түрінің мағынасын білдіретін грамматикалық жұрнақтар мыналар: -ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -ғанша, -генше, -қанша, -кенше. Мысалы, жантайып жатыр, күле қарады, оқығалы отыр, келгенше күт т.б.
Тілде етістіктің рай мағыналарын білдіретін бір топ грамматикалық жұрнақтар бар. Олар: қалау мағыналы - ғай (-гей, -қай, -кей), шартты мағыналы - са, -се қосымшалары. Мысалы, тезірек келгейсің, оқытса үйренеді.
Тілде грамматикалық мағынаны білдіретін нөлдік грамматикалық жұрнақтар да бар. Олар тілдің грамматикалық құрылысынан белгілі орын алады, олар да әр түрлі:
І. Тілде сөз таптарының әрқайсысының өзіне ғана тән жалпы грамматикалық мағыналары бары белгілі. Сөздің ешбір көрсеткішінсіз-ақ қай сөз табы екенін, қай сөз табына жататынын ажыратуға болады, ол әр сөз табына да қатысты.
ІІ. Етістіктің рай, шақ мағыналарының бәрі белгілі көрсеткіштер арқылы жасалады да, ол қимылдың кімге қатысты екенін жіктік жалғаулары білдіреді. Сөйтіп, рай, шақ мағынасындағы етістік үш морфемадан құрылады: 1) түбір етістік, 2)рай, шақ көрсеткіштері, 3) жіктік жалғау.
Бұйрық райда бұл үштік жүйе бұзылады. Бұйрық райдағы етістік екі морфемадан ғана тұрады: 1) түбір етістік, 2) жіктік жалғау. Мұның себебі бұйрық рай мағынасын грамматикалық нөлдік жұрнақ білдіреді. Мысалы, Аттарыңның ауыздығын алыңдар (М.Ә.). Осыны бір ескеріңіз (М.Ә.). Ал жолдарың болсын (М.Ә.).
ІІІ. Етістіктің шақ мағынасы жұрнақ арқылы берілетіні жоғарыда айтылды. Бірақ шақтардың ішінде 3 етістіктің (отыр, тұр, жүр) нақ осы шақ мағынасы нөлдік жұрнақ арқылы беріледі де, олар екі құрамда қолданылады. Мысалы, мен отырмын, сен жүрсің, сіз тұрсыз дегендегі отырмын, жүрсің, тұрсыз деген етістіктер нақ осы шақта қолданылған. Осы етістіктер құрамында түбір етістік пен жіктік жалғауы ғана бар, бірақ нақ осы шақты білдіретін көрсеткіш жоқ, нақ осы шақ мағынасы бар. Мағына бар жерде оны білдіретін тілдік бірлік болуы керек, сондықтан нақ осы шақты білдіретін көрсеткіштің жоқтығы нөлдік таңбамен белгіленеді, яғни осы шақ мағынасын нөлдік жұрнақ білдіреді [2, 257].
Нұржамал Оралбай грамматикалық мағынаның көмекшілер арқылы да берілетінін айта кетіп мынадай анықтама берген:Көмекшілер - тілдің дамуында лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық мағынаға көшкен тілдік бірліктер. Оларға: 1) шылаулар, 2) көмекші есімдер, 3) көмекші етістіктер, 4) модаль сөздер, 5) күшейткіш көмекшілер, 6) күшейткіш буындарды жатқызады да, олардың әрқайсысына анықтама берген:
Шылаулар - толық мағыналы сөздермен қолданылып, оларды бір-бірімен байланыстырып, оларға түрлі грамматикалық мағына үстейтін тілдік бірліктер. Мысалы, Сөзін оқы және ойла (А.Қ.). Қорықпай да именбей кірді (С.М.). Жақып Рақиманы үйіне дейін шығарып салды (Б.М.). Аяғын тым-ақ жеңіл басады (Ә.С.).
Бұл сөйлемдердегі және, да шылаулары сөз бен сөзді жалғастыру,байланыстыру мағынасында қолданылған. Келесі сөйлемдегі дейін шылауы септіктің мекен, бағыт мағынасын, нақтылығын күшейткен. Ал ақ шылауы күшейту мағынасын білдірген. Тілдегі үш түрлі шылаудың әрқайсысы саны жағынан да, мағынасы жағынан да түрлі-түрлі, сондықтан олардың әрқайсысы бірнеше мағыналық топқа бөлінеді, олар әр түрлі қызмет атқарады, грамматикалық категориялар көрсеткіштері қызметін де атқарады. Мысалдағы үйіне дейін септік категориясының аналитикалық тұлғасындағы сөз.
Көмекші есімдер септіктің мекендік мәнін нақтылайды. Мысалы, Ел іші - алтын бесік. Үйдің сыртында тұр сияқты қолданыста көмекші есімдер мекен мағынаны нақты білдіріп, септік категориясының аналитикалық тұлғасын жасап тұр.
Көмекші етістіктердің саны да, білдіретін грамматикалық мағыналары да өте көп. Оларды толық талдамай, тек көмекші етістіктердің әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретініне назар аударамыз. Мысалы, келсе екен, келгей еді, оқығысы келеді, келіп жүр, келсе еді, айта салды, итеріп жіберді, тартып қалды, жығыла жаздады, кетіп қалды, келе алмады, келе қалды, біле қойды, бітіріп тастады, айта берді, жазып болды, келген еді т.б. Осы мысалдардағы көмекші етістіктерді екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топтағы мына етістіктермен тіркескен көмекші етістіктер рай, шақ категорияларының мағынасын білдіреді, олар: келсе екен, келгей еді, оқығысы келді, келіп жүр, келсе еді, келген еді.
Екінші топтағы көмекші етістіктер қимылдың қалай жасалғанын сипаттайды, олар: айта салды, итеріп жіберді, тартып қалды, жығыла жаздады, кетіп қалды т.б.
Көмекші сөздердің бір тобы - модаль сөздер. Модаль сөздер сөйлемде айтылатын ойға сөйлеушінің көзқарасын, пікірін білдіреді. Мысалы, келуі мүмкін, бәлкім келер, кетсе керек, келуге тиіс, келсе деймін, кетеді білем, білетін болар, айту қажет, естіген тәрізді, келетін сияқты т.б.
Күшейткіш көмекшілер деп сындық белгі мағынасының өте жоғары екенін білдіретін тілдік бірліктер аталады. Мысалы, Бұл гүлдер бұлақ жағасына жақындаған сайын өте қалың, тым бітік өскен (Р.Р.). Ең жеңілі ыдыс-аяғымызды істеп алу қолымыздан келмейді (С.М.). Осы мысалдардағы өте, тым, ең күшейткіш көмекшілері қалың, бітік, жеңіл деген сындардың мағынасына күшейту мәнін қосқан. Өте қалың, тым биік, ең жеңілі деген сөздер - шырай категориясының аналитикалық тұлғасындағы сөздер.
Күшейткіш буындар - сын есім сөздердің сындық белгі мағынасына күшейту мәнін қосатын тілдік бірліктер. Мысалы, Оның үнемі күлімдеп тұратын қап-қара көздері, ұп-ұзын қалың кірпіктері өзіне жарасымды болушы еді (М.Ә.). Осы сөйлемдегі қап-қара дегендегі қап деген буын мен ұп-ұзын деген сөздегі ұп буыны қара, ұзын деген сындық белгілерді өте күшейтіп, шырайдың аналитикалық тұлғасын жасаған. Бұл көмекшілердің ешқайсысы жеке, дербес сөз ретінде қолданылмайды, олар сөйлемде толық лексикалық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағына қосады.
Нұржамал Оралбай көмекшілер грамматикалық мағынаны білдіру үшін дербес сөздерге тіркеседі деп, оның сөзге екі түрлі тіркесетіндігін көрсеткен: 1) көмекшілердің көбі дербес сөздің соңынан тіркеседі, 2) аз ғана көмекшілер дербес сөздің алдынан тіркеседі.
Дербес сөздің соңынан тіркесетін көмекшілер мыналар: шылаулар, көмекші есімдер, көмекші етістіктер, модаль сөздер.
Дербес сөздің алдынан тіркесетін көмекшілер мыналар: күшейткіш көмекшілер, күшейткіш буындар.
Көмекшілердің осы екі тобы бір-бірінен сөзде алатын орны арқылы ғана ерекшеленбейді, сонымен бірге олардың бір-бірінен басқа да айырмашылықтары мол.
Дербес сөздің соңынан тіркесетін көмекшілердің өзі іштей біркелкі емес. Сөздің соңынан тіркесетін көмекшілер іштей екі топқа бөлінеді: 1) тіркесетін дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшілер, оларға септеулік шылаулар, кейбір демеуліктер, көмекші есімдер, көмекші етістіктер, модаль сөздер, күшейткіщ көмекшілер, күшейткіш буындар, 2) тіркесетін дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшілер, оларға жалғаулық, демеулік шылаулар жатады.
Ал, мына көмекшілер грамматикалық категорияға қызмет етпейді, олар: жалғаулық, демеулік шылаулар.
Грамматикалық категорияларға қатысты, грамматикалық категорияларға қызмет ететін көмекшілер сөзге тіркесіп, ол сөзді өзі қай категорияның көрсеткіші болса, сол категорияның аналитикалық тұлғасына көшіреді. Мысалы, Ол оқып отыр, сен оқып тұрсың, сіз оқып жүрсіз деген мысалдардағы оқып отыр, оқып тұрсың, оқып жүрсіз деген етістіктер - нақ осы шақтың аналитикалық тұлғасындағы етістіктер. Осы мысалдардағы оқы етістігінен нақ осы шақтың аналитикалық тұлғасын - п отыр, -п тұрсын, -п жүрсіз аналитикалық форманттары жасаған. Көмекші сөздер - аналитикалық формант жасаушы негізгі бірліктер, олардың аналитикалық формант жасауы кейін айтылады[1, 187].
1.2Грамматикалық форма
Грамматиканың өте маңызды, әрі күрделі мәселелерінің бірі - грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қарастырылады. Сөз, әдетте, әр түрлі формаларға ие болады. Ол белгілі бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанында, барлық формаларында емес, бір немесе бірнеше формасында қолданылады. Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағыналары жағынан ғана емес, сонымен бірге формалары жағынан да ажыратылады. Мысалы, Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме (мақал) деген сөйлеміндегі сүріндір деген етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолданылуы жағынан ажыратылып тұр.
Қазақ тіл білімінде сөздің грамматикалық тұлғасын зерттеу А. Ысқақов еңбектерінен басталады. Ғалым Қазақ тілі оқулығында грамматикалық тұлғаға анықтама беріп, тұжырымдамаларын жасаған еді. Бірақ зерттеуші ғалым С.Исаев А.Ысқақовтың бұл көзқарасымен келіспейді: А.Ысқақовтың сөз формасы дегенді төмендегіше талдауымен келісуге болмайды: тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын (жалғастыратын), сөзден сөз тудыратын, демек, кейбіреулері тек сөздің түрін ғана өзгертетін я түрлендіретін (форма тудыратын) қосымшалардың қай-қайсысын алсақ та, олар өздері жалғанған сөзді бір грамматикалық категориядан екінші басқа бір грамматикалық категорияға көшіретін, я болмаса жалпы грамматикалық категорияның ішіндегі жалқы категорияларды іштей бірінен-біріне аударатын формалар ретінде қызмет етеді, синтетикалық тәсіл арқылы туатын сөз формаларын зерттеген [24, 284].
Ал Нұржамал Оралбай сөзтұлға жайында сөз жеке тұрып, байланысты ойды білдірмейтіні белгілі болды. Байланысты ойды білдіру үшін сөз сөйлемдегі басқа сөздермен түрлі қарым-қатысқа түсіп, ол қарым-қатысты білдіретін грамматикалық тілдік бірліктермен қолданылып, тұлғасын түрлендіреді. Мысалы, Бала оқиды. Баланы тәрбиеле. Балаға білім бер. Баланың кітабы. Баладан сұра. Балада ақыл бар. Баламен сөйлес сияқты қолданыстағы бала сөзінің түрлі тұлғасын алайық. Осы сөйлемдерде бала сөзінің түрлі тұлғада қолданылғаны көрініп тұр. Осы әр түрлі тұлғада қолданылған бала сөзінің бұл қолданыстардың бәрінде лексикалық мағынасы өзгерген жоқ, олардың бәрінде бала сөзі негізгі бір лексикалық мағынасында қолданылған. Бірақ әр қолданыстағы бала сөзінің әр тұлғасында түрлі грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасының үстіне қосылған. Мысалы, бала деген атау септіктегі сөз зат атауы яғни лексикалық мағынамен бірге сөйлемде қимылдың иесі - субъекті мәнін білдіреді. Ол мағына атау септіктің нөлдік жалғауы арқылы берілген. Бұл сөйлемде бала сөзі атау септік жалғауымен қолданылған.
Сондай - ақ келдім, келдің, келдіңіз, келді, келдік, келдіңдер, келдіңіздер, келді деген сөзтұлғалар әр түрлі сөйлемдерде қолданылады, оларда кел етістігі жедел өткен шақ парадигмасы бойынша түрленген. Сондықтан мұндағы әр сөзтұлға жедел өткен шақ мағынасын береді және қимылдың иесінің кім екенін көрсетеді. Сонда бұл сөзтұлғалар етістікке, яғни етістіктің шақ категориясының жедел өткен шақ парадигмасына қатысты. Сонымен жоғарыда келтірілген сөзтұлғалар кел лексемасының сөйлемдегі түрлі тұлғалары екені анықталды. Кел сөзінің түрлі тұлғалары етістікке, етістіктің шақ категориясына, шақ категориясының жедел өткен шақ парадигмасына қатысты екені анықталды. Сөзтұлға атаулының бәрі сөйлемде ғана қызмет атқарады, сөйлемде ғана қолданылады. Сөйлемсіз сөзтұлға жасалмайды, қолданылмайды. Сөйтіп, сөздің грамматикалық тұлғасы (формасы) деп сөздің сөйлемде категориялардың көрсеткіштерімен қолданылып, грамматикалық мағынада қолданылған түрі аталады-дей келе, былай қорытындылайды:
1. Сөзтұлға сөйлемде ғана қолданылады, сөйлемнен тыс сөзтұлға қолданылмайды.
2. Сөйлемде сөздер түрлі тұлғада қолданылады, сөздің қандай сөзтұлғада қолданылуы қай сөз табының сөзі болуына байланысты, өйткені барлық сөз табына ортақ сөзтұлға жоқ. Әр сөз табының сөзтұлғалары әр түрлі.
3. Сөзтұлға грамматикалық категорияларға тікелей байланысты.
4. Грамматикалық категориялар сөз табына қатысты болғандықтан, сөзтұлғалар да сөз табына қатысты.
5. Сөйлемде сөз бір грамматикалық тұлғада да, бірнеше грамматикалық тұлғада да қолданыла береді. Мысалы, Кітаптарың үстелдің үстінде жатыр деген сөйлемдегі кітаптарың сөзі көптік, тәуелдік, атау септік тұлғасында қолданылған. Бұл бір сөздің бірнеше сөзтұлғада қолданылғанын көрсетті. Сөздің бірнеше сөзтұлғада қолданылуы ол сөздің сөз табының категорияларының бірнешеу болуына байланысты. Бұл - жалғамалы тілдердің ерекшелігі. Осы сөйлемдегі үстелде сөзі жатыс септік тұлғасында қолданылған. Бұл сөздің бір тұлғада қолданылуы сөйлем мазмұнының қажетіне байланысты.
6. Сөздің грамматикалық тұлғасын грамматикалық категорияладың көрсеткіші түрлендіреді. Сөзге жалғанған көрсеткіш қай грамматикалық категорияның мағынасын білдірсе, сол категорияның грамматикалық сөзтұлғасындағы сөз деп саналады.
7. Грамматикалық сөзтұлға белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіруі шарт. Ол грамматикалық мағына кейде грамматикалық категорияға қатысты болмауы да мүмкін. Мысалы, қимыл атауы, есімше, көсемше тіл білімінде категория деп танылмайды. Бірақ олардың әрқайсысының өзіндік грамматикалық мағыналары, ол мағыналарды білдіретін көрсеткіштері бар. Етістіктер сөйлемде олардың тұлғасында қолданылып, олардың мағынасын білдіереді. Қимыл атауы, есімше, көсемше етістіктің түрлері саналады. Олар категориялар саналмаса да, олардың тұлғасындағы сөздер грамматикалық сөзтұлға саналады [1, 261].
Сонымен қатар Нұржамал Оралбай сөзтұлғаның екі түрлі болатынын көрсетіп, мынандай анықтама берген:
1) синтетикалық сөзтұлға
2) аналитикалық сөзтұлға.
Синтетикалық сөзтұлға деп грамматикалық категорияның қосымшалары арқылы түрленген сөздер аталады. Мысалы, мектепке, кеткен, барса, жақсырақ, дәптерлер т.б. Аналитикалық сөзтұлға деп грамматикалық мағынаның көмекшілері яғни аналитикалық форманттары арқылы түрленген сөздер аталады. Мысалы, өте жақсы, ең күшті, бара алмады, келер емес, қып-қызыл, үп-үлкен т.б.[2, 191].
1.3Грамматикалық категория
Грамматикадағы негізгі мәселеге грамматикалық категория жатады. Грамматикалық категория деп бір тектес жүйелі грамматикалық мағыналардан тұратын және оларды білдіретін арнайы грамматикалық көрсеткіштері тілдік құбылыс аталады.
Грамматикалық категориялар морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категория грамматикалық мағына мен грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктерден, көрсеткіштерден құралып, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады, морфологиялық категорияның өзіндік ерекшелігі мол. Морфологиялық категория - грамматикалық мағына мен оны білдіретін көрсеткіштердің бұлжымас бірлігі. Сондықтан грамматикалық категорияның мағыналары бір-бірімен байланыста талданады және ол мағыналарды білдіретін көрсеткіштер де бір-бірімен салыстырыла талданады, зерттеледі, оқытылады. Өйткені грамматикалық категория - бір тектес грамматикалық мағыналардың және олардың көрсеткіштерінің жиынтығы. Мысалы, тәуелдік категориясы меншіктілік мағына мен оны білдіретін көрсеткіштердің жиынтығы, сол сияқты септік категориясы әр септіктің мағынасы мен оның көрсеткіштерінің жиынтығынан тұрады, шақ категориясы да әр шақтың мағынасы мен олардың көрсеткіштерінің жиынтығынан құралады. Сондықтан да грамматикалық категория екі жақты тілдік құбылыс саналады, олар: мағына және тілдік көрсеткіш (бірлік). Мағына жағынан алғанда, әр категория бір тектес бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. [5, 101].
Грамматикалық категория бір тектес, бір-бірімен байланысты бірнеше мағынаны қамтиды. Мысалы, қимылдың өту сипаты категориясы қимылдың жасалу сипатын білдіреді, бұл - категорияның негізгі мағынасы, осы негізгі мағына іштей бірнеше мағынадан тұрады. Атап айтқанда, қимылдың тез жасалуы (тартып қалды), қимылдың немқұрайды жасалуы (айта салды), қимылдың қайталануы (келе берді), қимылдың жасалуға жақындап, бірақ жасалмауы (құлай жаздады), қимылдың орындалуын тілеу мағынасы (келе көр), қимылдың жасалу үстінде екенін (өсіп келеді, өсіп барады) білдіреді т.б. Бұлардың бәрі де қимылдың жасалуын сипаттап, қалай жасалғанын білдіріп тұр. Олар - осы категорияның ішкі мағыналық тармақтары, ішкі мағыналық ерекшеліктері. Грамматикалық категориялардың ішінде, мағыналық тармақтары, мағыналық ерекшеліктері көп категориялардың бірі - осы қимылдың өту сипаты категориясы.
Грамматикалық категориялардың мағыналық құрамы әр түрлі. Ең мағыналық құрамы аз категориялар екі мағыналық құрамнан тұрады. Оларға зат есімнің сандылық категориясы мен етістіктің болымдылық, болымсыздық категориясы жатады[3, 91].
Морфологиялық категориялардың мағыналық құрамына сай ол мағыналық ерекшеліктерді білдіретін әр категориялардың өз тілдік бірліктері яғни көрсеткіштері болады. Ол көрсеткіщтер белгілі мағынада тілде әбден қалыптасқан, сондықтан олар мағынасына қарай әр категориялардың көрсеткіщтері саналады. Тәуелдік мағыналы тілдік бірліктер яғни жалғаулар тәуелдік категориясының көрсеткіштері деп танылған. Сөйлемдегі сөздердің бір-біріне қатысына қарай байланысты түрлі мағыналы тілдік бірліктер (көрсеткіштер) яғни жалғаулар септік категориясының жалғаулары (көрсеткіштері) саналады. Осы сияқты тілдегі әр грамматикалық көрсеткіштердіңт тілде әбден ұзақ уақытта қалыптасқан мағыналары грамматикалық көрсеткіщтердің категорияларға қатысын шешеді. Олай болса, әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz