ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

ФИО

Дыбыс үндестігін оқыту арқылы орфоэпиялық норма қалыптастыру

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші:

Қостанай, 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-5

І ТАРАУ. ФОНЕТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР . . . 6

1. 1 Тіл біліміндегі фонетикалық құбылыстар . . . 6-8

1. 2 Тіл біліміндегі сингормонизм заңы . . . 8-16

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ . . . 16

2. 1 Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін меңгерту . . . 16-17

2. 2 Орфоэпия мен орфография арқылы сингормонизм заңын оқыту . . . 17-25

2. 3 Дыбыс үндестігін оқытудағы заңдылықтар мен әдістемелік қағидалар . . . 25-27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29-30

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ . . . 31-33

Курстық жұмыстың мақсаты: Дыбыс үндестігін орфоэпия арқылы қатысымдық тұрғыда меңгерту. Қазақ әдеби тіліндегі сөздер, сөз тіркестері, тіпті сөйлем ішіндегі дыыстардың үйлесуін орфоэпия арқылы оқытудың әдістемесін анықтау. осы мақсат мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді.

Курстық жұмыстың міндеті:

Дыбыс үндестігін меңгерт барысында айтылым әрекетінің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау; Орфоэпия арқылы меңгерілетін дыбыс үндестігінің түрлері мен олардың тілдік қатынастағы алатын орнын айқындай келіп, дыбыс үндестігін қатысымдық тұрғыдан оқытудың ұтымды жолдарын үйрену. Орфоэпия арқылы дыбыс үндестігін қатысымдық тұрғыдан оқытудың шеберлік деңгей мен шығармашылық деңгейдің маңызын, ерекшіліктерін көрсету.

Курстық жұмыстың өзектілігі: - Қазақ тілін оқытуда үндестік заңына ерекше көңіл бөлуге тура келеді. Адам ойын тиянақты айтылған сөйлем арқылы жеткілікті болса, сол сөйлем ішіндегі сөдердің буын үндестігі немесе дыбыс үндестігі бойынша өзгерген буын мен дыбысты дұрыс жазудың алатын рөлі ерекше. Себебі сөйлеу барысында бір дыбыс секілді екінші бір дыбысты, бір буын екінші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанған қосымшаны, бір сөз екінші бір сөзді өздерінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді, ұқсастыруды, қиюластыруды талап етіп тұрады. Қазақ тілінде айтылым әрекетін игерутудің басты қатысымдық мақсаты - тіл үйренушілердің, оқушылардың өз пікірлерін, көзқарастарын еркін жеткізілуі, мемлекеттік тілде сұхбаттасып, пікір алмасуы. Демек, үндестік заңы арқылы сөздегі буындардың, дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін анықтап, оқушылардың қазақша еркін тілдік қатынасқа түсуі, ой-пікір алмасуы сөйлесім әрекетімен соның ішінде айтылыммен тығыз байланысты.

Сондықтан да дыбыс үндестігі айтылым әрекеті арқылы мамандыққа сай меңгерте отырып, оның тілдік қатынастағы маңызы мемлекеттік тұрғыдан зерттеу бұл көтеріліп отырған мәселенің өзегі.

Курстық жұмыстың нысаны: Дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту процесі, дыбыстардың үйлесімі.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттудегі жетекші идеясы, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, зерттеудің практикалық мәні негіздері анықталып баяндалады.

КІРІСПЕ

Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алды­мен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарып жете білуді қажет етеді.

Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес. [1, 28] .

Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады,

Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек. ) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады. Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді. Адамның құлағы 1 сек. ішінде 16-дан 2-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болатын дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.

Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда - лат. amplitugo ) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі. [1, 30] .

Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.

Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппа­раты (өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз , мұрын қуысы , тіл, таңдай тіс, ерін т. б. ) арқылы шығуынан жасалады.

Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немеcе ұшының қимылынан әртүрлі дыбыстар жасалады [2, 14] .

Тіл дыбыстары ның артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі - ерін. Қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 13 дауысты дыбыс буын құрайды да, 25 дауыссыз буын құрамайды. Дауыстылар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, е, э, и, у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. «У» дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады. Ендеше ол бірде дауысты, бірде дауыссыз қызметін атқарады. Бұлай топтау балаларға әсіресе олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары баса үйретілуі қажет.

Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым - дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда дыбыстау аппаратына жайылады жа, жалпылама өтеді - деп, айқындаған болатын [2, 15] .

Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жылжуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар, тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар шығатынымен таныстырды. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар - дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды. Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететінін, кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен, енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан, ал тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан, жұтқыншақтың тарылуынан дыбысының пайда болатын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырды.

І ТАРАУ

ФОНЕТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР

  1. Тіл біліміндегі фонетикалық құбылыстар

Қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген тұлғалар тер төгіп еңбек сіңірді. Олар: Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедұлы, Құдайберген Жұбанов, Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Кәкен Аханов т. б . Осы тұлғалардың орны айрықша. [5, 12] .

Қазақ тіл білімінде фонетика саласын жан-жақты зерттеп, ғылыми жүйеге ендіруде де еңбек сіңірген көптеген ғалымдарды атап өтуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің қалыптасу тарихы сонау түркі тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен де байқауға болады . Н. И. Ильминскийдің, П. М. Мелиоранскийдің, В. В. Радловтың А. Н. Самойливичтің еңбектерінде қамтылған. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жөніндегі орыс ғалымдарының ішіндегі Н. И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизиского наречия» еңбегінде дыбыстар тізімі мен олардың топтастырылуы, үндестік заңына қатысты ережелер мен екпін жөнінде мәселелерін қарастырған қазақ тіліне арналған тұңғыш еңбек болды. Осы еңбектерден соң А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Х. Досмұхамедұлы, Т. Шонанов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, А. Ысқақов, І. Кеңесбаев т. б. белсене ат салысты [6, 79] .

1954 жылы белгілі академик Ісмет Кеңесбае в 1954 жылы « Қазіргі қазақ тілі» атты монографияның фонетика саласын жазып шықты. 1962 жылы бұл еңбек толықтырылып, дамытылды. Ж. Аралбаев бұл еңбек жөнінде « Профессор І. Кеңесбаев фонетика жөнінде зерттеулері қазақ лингвистикасына қосылған ірі табыстың бірінен саналады, қазақ фонетикасының дамуының белді бір кезеңі болып саналатыны сөзсіз », [4, 57] . -деген баға берді

Қазіргі таңда жүйеленген бірізділенген қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің оқытылу мәселелері де, оқытудың әдіс-тәсілдері жөнінде де көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектері бар. Атап айтқанда И. Маманов, Ш. Сарыбаев, Н. Оралбаева, Ф. Оразбаева, Ж. Адамбаева, Г. Бектұрова т. б. [7, 13] .

Қазіргі әлемде ғаламдандыру үрдісі қоғамға ықпалын тигізе бастаған кезде білім беру жүйесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға басты назар аударылуда.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мектепте бастауыш сыныптарда басталып оқытылатыны анық. Жалпы жүргізіп, қатесіз оқу, сауатты жазу т. с. с. дағдылары қалыптасқан оқушы орта буын-бесінші сыныпта ғылымиланған, күрделенген фонетика тарауына қайта оралады. Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсат-тек дыбыстарды меңгерту ғана емес, оқушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету. Сондай-ақ фонетикалық материалдарды оқытуда « . . . қазақ тілінің фонетикасынан оқушыларға теориялық білім беруде мынадай талаптар ескеріледі:

  • қазақ тіл білімінің фонетика саласының орфография мен орфоэпияның соңғы табыстары;
  • қазақ тілі фонетикасының негізін танытатын материалдар;
  • оқушыларға әдеби тілде сөйлеп, оқып, және жаза алатындай білім мен дағдылар беретін тілдік материалдар;
  • оқушылардың ой-өрісі мен жас ерекшелігіне сәйкес келетін қазақ тілі фонетикасының материалдары . . . » деген ғалым Әбдірахман Исабаевтың негізгі сілтемелері мен бағыттары өз құндылығын жоймаған деп атауға болады [7, 17] . Сонымен қатар ғалым-профессор Фаузия Оразбаеваның пайымд ауынша, «тілді үйренуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың орны ерекше, фонетикалық дағдыларды меңгермей, тілдік қатынас та жүзеге аспайды» [8, 28] .

Сөздің дұрыс айтылып, әрбір дыбыстың дұрыс дыбысталуы орфоэпиялық нормаларды дұрыс біліп айтуға байланысты. Дыбыстан сөз, сөзден сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлем жасау үшін дұрыс сөйлеп, ойын сауатты жеткізу үшін, сауатты жазып беру үшін қазақ тілінің фонетикалық жүйесін оқушы жақсы меңгеруі тиіс.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін өткенде әрбір дыбыстың пайда болу және оларды дыбыстау мүшелері, олардың сөйлеу кезіндегі қызметі меңгеріледі. Егер дыбыс дұрыс айтылмаса онда сөз де өз мағынасын бере алмайды немесе басқа сөзге айналып кетеді. Үндестік заңын өткенде оқушыға қиындық келтіретін материал- ықпалдар. Бұл кезде оқушыға теориялық ережелерден гөрі көбірек практикалық жаттығулармен айналысқаны абзал [9, 26] .

Оқушының назарын аударуды қажет ететін тағы бір мәселе- екпін . Өз эмоциясын білдірудегі қызметі өте жоғары қазақ тіліндегі екпінді өткенде ситуациялық жаттығулар мен сөздердегі дыбыс екпіндерін меңгеру де жеңілірек болатын секілді.

Кез-келген шет тілін оқытқанда әдіскер-ғалымдар мынадай оқытудың кешенді түрін ұсынады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. Осы әрекеттерді фонетиканы оқыту барысында қолдану өзінің оң нәтиежелерін көрсетеді.

Тыңдалым әрекеті . Оқушының дыбыстарды жеке, бір-бірімен тіркесте, сөз ішінде естіп қабылдау дағдысы қалыптасады.

Айтылым әрекеті . Бұл әрекет арқылы оқушы әрбір дыбысты жеке, сөз тіркесінде сөз басында, сөз арасында, сөз аяғында сөйлемде айтуға, дұрыс айтуға, орфоэпиялық нормаларды сақтауға жаттығады.

Оқылым әрекеті . Ауызша айтылған дыбыстарды буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дауыстап немесе ішінен оқу.

Жазылым әрекеті . Оқушы орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтай отырып, сөздің дұрыс жазылу заңдылықтарын меңгереді.

Тілдесім әрекеті . Оқушы орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтай отырып, ойын еркін жеткізуге, тілдесуге дағдыланады

Оқушының жеке дыбыстарды айтуда, сөздерді дұрыс айтуда, дұрыс оқуда жаттығулар барысында тез меңгергенімен де жазылым барысында көптеген қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы н-ң, к-қ, ү-ұ-у, ы-і, д-т, п-б сияқты дыбыстарды шатыстырып алу кездеседі. Сонымен бірге н дыбыс мен ң дыбысын бір-бірінен ажырата алмау көп кездеседі.

Мұндай кезде де әдіскер -ғалымның «материалдың басты-басты белгілерін нақтылай отырып анықтама беру» қағидасын басшылыққа алу керек сияқты [8, 87-88] .

Жоғарыда аталған оқытудың кешенді түрлерімен қоса кейбір әдіскерлер қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясын да ұсынады. Ғылыми зерттеу жұмыстарда фонетиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту туралы пікірлер айтылғанымен, арнайы қарастырылып, оның әдістемелік жүйесі ұсынылған жоқ. Атап айтқанда, қазақ тіл фонетикасын қатысымдық тұрғыдан оқыту мәселесі осы күнге дейін ғылыми еңбектердің обьектісі болған емес [8, 89] дей келе өзінің тиімді меңгерту әдістерін ұсынады.

Қазақ тіл білімінен білім мен дағды беруде оқытудың әдістері мен түрлері өте көп. Сабақ біліктілік пен оқу ісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Сондықтан да нақты жоспармен құрылып, күтілетін нәтиежесі анықталған сабақ мақсатына жеткен делінеді. Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беруді үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер»-дегені оқытушыға әдісті жетілдіріп отырудың маңызды екендігін нақты түсіндіреді. Әдіскер С. Жиенбаев былай деп жазады: «Шынында әдістеме-рецепті емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, нұсқау, жөн-жоба. Мұғалім сабақты берудің жолын көрсетіп бергеннен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті» [10, 215] .

1. 2 Тіл біліміндегі сингормонизм заңы

Мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес бүгінде қазақ тілінің қоғамдық қызметін жан - жақты жетілдіру - бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі. Осыған байланысты ұлттық тілдегі терминдік жүйенің қоғам алдындағы маңызы бұл салада көптеген міндеттерді жаңаша шешуді көздейді. Атап айтқанда, ол мемлекеттік тілдің жан -жақты қоғамдық қызметіне «жан беретін» терминдер табиғатын танумен байланысты. Соңғы жарты ғасырда жалпы тіл білімінің, қазақ тіл білімінің қарқынды дамуына байланысты тілдік ұғымдардың, оларды білдіретін терминдердің мол қоры қалыптасып қолданысқа түсті. Ұлттық тіл білімінде ана тілінің негізінде жасалынған термин интернационалдық терминнен де кейін пайда болуы мүмкін. Мысалы, 1924 жылы Х. Досмұхмамедұлы қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттегенде сингармонизм терминін пайдаланған, одан соң осы ұғымды атайтын аударма терминдер тіркестері пайда болды ( дауыстылар гармониясы, дауыстылар үндестігі - гармония гласных) ; одан соң (ХХ ғасырдың соңында) осы ұғымды атайтын үндестік, үндесім терминдері пайда болды. [12, 83] . Сингармонизм мәселелері ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүгінге дейін зерттелініп келеді. Сингармонизм - тілдің дыбыс қорының сингармофонологиялық бағытта зерттелуінің, фонетиканы және әдеби дыбыстану нормаларын оқытудың салыстырмалы ізденістерінің негізі болып табылады. Сингармониялық (сингармонологиялық) теорияның бір топ аталымдары мен ұғымдары, принциптерін қазақ тіл білімінде ғылыми айналымға ендірген Ә. Жүнісбеков сингармонизм фонологиясының терминологиясын күрделі зерттеп, 32 термин жасаған. Ә. Жүнісбеков ұсынған сингармофонолиялық терминдер көп ғылыми ұғымдарды қамтыды, дыбыс қорының сингармониялық тұрғыдан зерттелуіне сингармониялық терминологияның ілгері дамуына негіз болды [13, 92-93] .

Ә. Жүнісбеков қазақ тілінің ең кішкене сегментті тіл құралына «фонема» терминінің орнына сингармема терминін қолдануды ұсынған. Ал М. Жүсіпұлы дыбыс қорын зерттеу ғылымында бірінші орында фон «дыбыс», сонан соң сингармонизм, екпін, интонация т. б тұратындықтан «сингармофонема»терминін қолдануды ұсынды. [13, 94] Сингармонологиялық фонологиялық терминдер қорының жасалу процестерінде тек түркі тілдерінің фонологиялық жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар тіл білім әлемінде белгілі фонологиялық теориялардың термин жасау жетістіктеріне сүйене отырып, М. Жүсіпұлы Москва фонологиялық мектебінің кейбір теориялық қағидаларын модификациялындырып, сингармонизм заңының принциптерімен синтездендірудің нәтижесінде қазақ тілі дыбыс жүйесінің мәселелерін түсіндіреді. Ғалым екі фонологиялық теорияның кейбір қағидаларын біріктіруінің негізінде тіл біліміне жаңа аталымдар қосты: Сингармотеория, сингармотермин, сингармофонема, сингармофонология, сингармодыбыстип, сингармофонологиялық позиция, сингармоинвариант, сингармовариация, сингармовариант, сингармотембр т. б. Оның алғашқы бөлігі сингармониялық аталымнан тұрса, екінші бөлігі МФМ-нің терминін қамтиды[14, 23] . Ә. Жүнісбеков «сингармовариант» терминін сингармофонеманың барлық позициялық сингармотүрлерін атау үшін қолданып, ағылшын фонологиясының «аллафон» (сингармоаллафон) терминінің мағынасымен теңестірді. [10, 214] .

М. Жүсіпұлы «сингармовариант» терминінің мағынасын дәлірек былай деп түсіндіреді: “сингармовариант (үндесвариант) - сингармофонеманың құрамына енеді, әлсіз позицияда кездеседі, артикуляциялық және акустикалық жағынан басқа сингармофонемаларға ұқсайды. Мысалы: сингармовариант [ м] екі сингармофонеманың құрамына енеді: /м / - мал; /н /- нан ба? [нам ба] [10, 216] .

Термин жасаушы маманға жаңа терминді дүниеге келтіру бір мағынада қолданылып жүрген бірнеше синоним - терминдердің арасынан ең қажеттісін таңдап алу көп уақытты, көп ізденісті қажет етеді. Көп жағдайда мамандар өзінің білімі мен сезімталдығына, халықаралық ғылыми тәжірибеге терминнің ғылыми қолданыстағы жиілігіне, басқа сөздіктердегі, оқу құралдарындағы орнына, сипатталуына көңіл бөледі. М. Жүсіпұлы сингармофонема, сингармовариант, сингармовариация терминдерін жасағанда жалпы тіл біліміндегі фонография, фонометрия, фоностилистика сияқты терминдердің сөзжасамдық үлгісіне сүйенген[10, 216] . Қорыта айтар болсақ, М. Жүсіпұлы сингармонизм фонологиясының терминдер қорын жасау процесінде мынайдай шарттарды сақтау қажет екендігін атап көрсетті:

- алдымен «фон» (дыбыс) сонан соң «сингармонизм»;

- сингармониялық тілдердің просодиялық доминантасы деп сингармонизмді анықтау;

- қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармонизм ұғымының негізінде зерттеп жазу;

- сингармонизмді түркі (қазақ) тілінің просодиялық доминантасы ретінде акцент пен тонға қарама -қарсы ұғымда пайдалану;

- қазақ тілінің дыбыс қорын акцентті - фонемалық теориялардың негізінде зерттеген процесте сингармофонологиялық терминдерді пайдалану;

- акцентті - фонологиялық теориялардың кейбір терминдерін, жаңа мағыналық интерпретациядан өткізіп, сингармофонологиялық ғылыми ізденістер процесінде де пайдалану;

- акцентті - фонологиялық теориялардың (МФМ, ЛФМ) кейбір принциптерін сингармофонологиялық теорияның кейбір принциптерімен синтездендіріп, семантикалық интерпретациядан өткізу;

- сингармофонология теориясының терминдер қорын жасағанда алдымен, сингармонизм теориясының төл мүмкіндіктерін пайдалану, содан кейін акцентті және тоналды фонологиялық теориялардың да термин жасау мүмкіншіліктерін пайдалану; [15, 68] .

Белгілі фонолог Л. Р. Зиндер жалпы ғылым туралы былай деген: «… Задача всякой науки состоит не только в описании ее обьекта, но и в обьяснении наблюдаемых в ней явлений. В меру существующих возможностей наука обязана сказать не только как устроен изучаемый ею обьект, но и почему он так устроен» [16, 279] .

Сингармонизм - гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.

Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

Мысалы: балалар, жерлерді, қалалар, ініміз, қызылдау, күнделік.

Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:

  1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.

Мысалы: бала - лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.

  1. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.

Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз.

Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.

Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап.

  1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және - брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.

Мысалы: сентябрь - ге, октябрь - ге, апрель - ге, рольдер, рояльға, нульге

  1. -Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.

Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан - жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дыбыстар бойынша талдау
Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту әдістемесі
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Дыбыс сөздің материалы
Дауысты дыбыс
Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру
Әдебиет сабағындағы көрнекілік құралдарының жалпы сипаттамасы
Бастауыш мектептің оқыту процесінде ойын сабақтарын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz