ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
Қостанай 2020
МAЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТАРАУ. ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ . . . . . . 5
1. 1 Педагогика жайлы зерттеу жұмыстарына шолу . . . 5
1. 2 Қазақ әдебиеті әдістемесінің оқытылуы жөніндегі зерттеулер . . . 10
2 ТАРАУ. ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ТЕОРИЯСЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР . . . 16
2. 1 Жазба жұмысы және оның түрлері . . . 17
2. 2 Жазба жұмысына қойылатын дидактикалық принциптер . . . 21
2. 2 Тапсырмалар жүйесінің кейбір теориялық мәселелері . . . 23
3 ТАРАУ. ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 27
3. 1 Жоғарғы сыныптардағы жазу жұмысының методикасы жөнінде . . . 27
3. 2 Жоғарғы сыныптарда очеркпен жұмыс жүргізу . . . 27
3. 3 Кітаппен жұмыс жасау тапсырмалары . . . 28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді. Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті. Жазба жұмыстарының түрлері көп, соның ішінде біз тоқталмақшы түрлері: жаттығу жұмыстары (талдау жұмыстары), диктанттар (жатжазу), творчестволық жазба жұмыстары.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- педагогикалық саласының зерттелу тарихына шолу;
- жазба жұмысы теориясы мен оған қойылатын дидактикалық талаптарға тоқталу;
- әдебиетті методикалық тұрғыдан оқытуға байланысты материалдарды саралап, оқыту ұстанымдары мен әдістерін анықтау;
- жан-жақты білім беруге жағдай туғызу және оқушының логикалық, творчестволық ойлай білуіне дағдыландыру;
- оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды берудегі тапсырмалар жүйесінің методикасын анықтау;
Курстық жұмыстың нысаны: Жұмысты жазу барысында Қ. Бадырақов, С. Қирабаев, Қ. Әміреев, М. Жаркенов т. б. зерттеу еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдамалары мен ой-пікірлері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Жоғарғы сынып оқушыларына сабақ түсіндіруде қолданылатын жазбажұмыстарды оңтайлы түрде жеткізу. Мұғалімнің білім деңгейін одан әрі жоғарлатып, биік дәрежеге көтеру. Танымдық деңгейі мен кәсіби біліктілігі жоғары, әлеуметтік-тұлғалық деңгейде еркін меңгере алатын білімді де, білікті, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға жол аша білу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері, бақылау, салыстырмалы әдістер, қорытындылау барысында талдау, қорыту, сапалық және сандық тұрғыда жүйелеу, жинақтау әдістері қолданылыды. Ғылыми жұмысты жазу барысында көбінесе зерттеу әдісіне назар аударылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қосымша, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ
Педагогикалық саласының зерттелу тарихы
- Педагогика жайлы зерттеу жұмыстарына шолу
Коммунистік партия өткен дәуірде қол жеткен тәжірибелерді зерттеп, оны сын көзімен қарай отырып пайдалануға үлкен мән береді.
«Пролетариат социолистік қоғамды құруда және оның мәдениетін дамытуда азаматтың қол жеткен тәжірибесінен бас тартпайды. Керісінше, ол тәжерибенің барлық бағалы жағын пайдаланады », - деген болатын И. Ленин.
Сонымен бірге В. И. Ленин Л. Толстой шығармаларын жоғары бағалай келіп:
« . . . Толстой қайтыс болды, сөйтіп, революциядан бұрынғы Россия келмеске кетті, оның осалдығы мен әлсіздігі данышпан суреткердің философиясынан көрініп, оның шығармаларында суреттелген еді. бірақ мұның мұрасында келмеске кетпеген, болашаққа тән нәрселер бар. Бұл мұраға Ресей пролетариаты ие болады және осы мұра жөнінде жұмыс істейді » деген еді.
Марксизм-ленининзм классиктері көркем әдебиеттің адамзат қоғамы дамуындағы орнын айрықша бағалады.
Л. И. Брежнев жолдас КПСС XXIV сьезіне жасаған есепті баяндамасында әдебиет пен өнердің маңызы туралы: « Біздің қоғамымыз коммунистік құрылыс жолымен алға басқан сайын, совет адамнының дүниеге көзқарасын, оның адамгершілік сезімдерін, рухани мәдениетін қалыптастыруда әдебиет пен өнердің рөлі арта түсуде. Сондықтан әдебиетіміз бен өнеріміздің идеялық мазмұнына, олардың қоғамда алатын рөліне патриямыздың үлкен көңіл бөліп келгені және қазір де бөліп отырғаны табиғи нәрсе. Лениндік партиялылық принципіне сәйкес біз көркем творчествоның барлық түрінің дамуын коммунистік құрылыстың жалпы халықтық үлкен ісіне қатысуға бағыттаудауды өзііміздің міндетіміз деп білдік» - деп жоғары баға берді.
. . . Совет әдебиеті мен өнерінің қызметкерлерін Коммунистік партия тәрбиеледі: олардың бүкіл қызметі халқының ісімен және ойымен сабақтас, олардың шығармашылық тағдырын социолоистік Отанның мүддесінен бөліп алуға болмайды. Халықтың көркем творчествосы - социолистік шындық болмыстың, біздің өміріміздің айрықша тән белгілерінің бірі.
КПСС Орталық комитеті «Әдебиет көркем сын туралы » арнайы қаулы қабылдады. Бұл қаулыда әдеби көркем сынның неғұрлым елеулі кемшіліктері көрсетіліп қана қоймай, сонымен бірге оның аса маңызды міндеттері де белгіленді.
Совет қоғамының рухани өмірінде жаңа адамдар тәрбиелеуде әдебиет пен өнердің маңызын арттыру жайлы мәселенің КПСС XXIV сьезінде әдеби-көркем сынның міндеттерімен тығыз байланысты қаралғаны әбден заңды еді.
Партия мен халық совет әдебиеті мен өнердің бастарын мақтан етіп, оның қайраткерлеріне үлкен қамқорлық жасайды. Олардың еңбегінің идеялық-көркемдік сапасына, қоғамдық мәнділігіне жоғарғы талап қояды. Әлем сахнасындағы шиеленіскен идеялогиялық күрес жағдайында суреткердің азаматтық және шығармашылық жауапкершілігі бұрын-соңды болмаған дәрежеде мейлінше күшейе түсті. Қоғамдық өмірдің оқу және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл тарихи қаулының тікелей қатысы бар.
КПСС Программасы қоғамдық-ғылымдар саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтай отырып, коммунистік өоғам құрылысының тәжерибесін зерттеу және теориялық жағынан жинақтауды коммунистік қоғамның экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, коммунистік тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді. Адамды жан-жақты жетілдірудіің міндеттерін шешуде Маркс пен Энгельс жетекшілік ақыл-ой тәжерибесінде болуға тиіс деді энгельс сөзімен айтқанда, Маркс үшін ғылым - тарихи қорғаушы, революцияшыл күш. Маркс пен Энгельс мектеп алдында жасөспірімдердің жалпы білім шеңберін кеңейту міндетін қойды. Маркстың таным теориясы бүкіл оқу прцесін дұрыс, ғылыми түрде жүргізудің негізі болып саналады. Осы теорияға сәйкес объективті дүниені тану сезім қабылдауларынан басталады, сонан кейін біздің санамызда өңделеді. Осы кезде нақтыдан абстрактылыққа көтеріле отырып, тану процесі сол дүниенің, оның заңдылықтарын анықтауға, ашуға көмектеседі, олардың үйретуінше әрбір оқу пәндерінің өздеріне тән ішкі логикасы болады. Оқу процесінде бұл логиканы бұзуға болмайды, сондықтан оқу процесі жүйелілік пен бірізділікті талап етеді.
К. Маркс «Капиталдың» француз тілінде басылуының кіріспесінде: «Ғылымда даңғыл жол жоқ, сондықтан оның сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып, өрмелей беретін адам ғана шыға алады», - деді.
Марксизм тәрбие және білім жөніндегі қағидалары тарихи жағдайларға сай В. И. Ленин шығармаларында толықтырыла түсті, ал ол бүгінгі күнге дейін КПСС-тің халық ағарту ісі жөніндегі тарихи қарарларында шығармашылықпен дамытылып келеді.
К. Д. Ушинский оқытудың догматикалық методтары мен мектепте құрғақ жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, оқушының да, мұғалімнің де іс-әрекетін шығармашылық процесс деп қарастырды. Ал, оның негізі - ойдың, ақылдың жұмысы. Оқу - еңбек қана емес, күрделі еңбек болуға тиіс деген ойын тұжырымдай келіп, оқудың қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай шын мәнісіндегі еңбек болатын болсын деген талап қойды. Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі, оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді деп есептеледі. Баланы белгілі нәрсені, пәнді түсіну дәрежесіне көтере алмаған адам сол пәнді баланың өте төмен түсінігінің дәрежесіне дейін жеңілдеткісі келеді, бұл педагогикалық жол емес дегенді де атап айтты.
Әрбір берілетін білім мен дағдыларды, класта өтіліп жатқан сабақ үстінде-ақ оқушылар меңгеріп алатындай болуы керек, ал үйге берілетін тапсырмаларды үйіп-төгіп, ауырлата беруге тағы болмайды.
Ұлы сыншы, жалынды революционер Н. Г. Чернышевский оқытуды ұйымдастыру, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқушылардың сан алуан білімдерді ойдағыдай игеруіне, олардың рухани күші мен қабілеттерінің жан-жақты дамуына, дұрыс ой-пікірлерінің қалыптасуына зор әсер етуге тиіс деп есептеледі. Сондай-ақ оқушылардың ойлай білуін дамытудың және өз бетінше білім алатын дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларына зор маңыз берді.
Ұлы ойшыл әрі педагог Н. А. Добролюбов та білім мен тәрбие жөнінен жаңа мақсаттарды көздейтін оқу сан-сапалығ әрі мазмұнды болғандықтан, мектеп жаңа дидактика мен әдістерге сүйене жұмыс істеуге тиіс, әсіресе оқушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту үшін әр салалы және мазмұнды жаттығулар жүргізуді, шығармалар жазғызуды, өз бетімен кітап оқуды, байқаулар мен экскурсиялр ұйымдастыруды ұсынған болатын.
Білім мен тәрбие мәселері Л. Н. Толстойдың педагогика саласындағы теориялық және практикалық еңбектерінен үлкен орын алады. Ол сабақ материалының балаларға тым қиын немесе жеңіл болып келмеуі, балаларды оқуға қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуын талап етіп, олардың толық түсінген материалды ғана есте сақтайтынын айтады. Ол балалардың өз бетінше тапсырмалр орындауына, соның ішінде оларға шығарма жаздыруға көп көңіл бөлді.
Н. К. Крупскаяның дидактикалық мұраларының оқушыларға берілетін білім мазмұнын анықтаудағы маңызы зор. Ол балаларға жеке-жеке тапсырма берудің қажеттігіне ерекше көңіл бөлді. Қандай жағдайда да тапсырманың шамадан тыс болмауын тыс болмауын талап етті. Оқытылатын материалдағы негізгі мәселені алып көрсету, оның өмірдегі мәнін айқындау, оқушыларды сабақ үстінде ойлануға жетелеу, балалардың сезіміне әсер ету мұғалімнен үлкен шеберлікті талап ететіндігін айтып, Н. К. Крупская жаратылыстану сабақтары материалистік патриотизм, социолоистік, коммунистік имперализм, гуманизм сезімдерін тәрбиелеудегі мәні үлкен екенін атап көрсетті. Деиек, оқушының ғылыми негізін меңгерудегі дербес шығармашылық іс-әрекетімен, белсенділігін дамыту проблемасы, ойлау білу дағдысына үйрету ісі әр уақытта дидактиктер мен педагогтердің назарынан тыс қалып көрген емес. Олай болса, мұғалімнің сабақ жүргізудегі алға қойған дидактикалық мақсаты - оқу материалдарн сапалы ұқтыру барысында оқушыларды ойлана, салыстыра, іздене зерттей білу дағдысы мен шеберлігіне үйрету болып табылады. Қазіргі өскелең талаптарға сай мектептің алдында тұрған - оқушылардың білімді теориялық жағынан иегруі мен оқу материалдарын меңгеру шегі арасында қандай байланыстық бар, оның принциптері мен диагностикасы қандай болады деген негізгі мәселе бірсыпыра совет педагогтары мен психологтарының назарын ерекше аударуда.
«Советтік психологияның соңғы кездегі табыстары, оның халықаралық аренаға шығуына, бүкіл дүние жүзілік прогресшіл психологиялық ойдың туын көтерген үлкен шаңыраққа айналуына үлкен мүмкіндік ебріп отып. Орыстың классикалық материалистік филолософиясының тамаша дәстүрлерін көп ұлтты Отанымыздың халықтарының прогресшіл рухани мұраларын, ұлы физиологтар И. М. Сеченов пен И. П. Павлов материалистік ілімі мен аса көрнекті совет педагогы Л. С. Выготскийдің идеяланы қастерлеп, доғары ұстап келген советтік психология ғлымы қазір де аты бүкіл әлемге әйгілі бірнеше ғылыми мектептер құруға мүмкіндік алды. Совет психологтары еңбектерінің Лениндік, Мемлекеттік, Ломоносовтық сыйлықтарға ие болуы, психологияның халықаралық он жетінші конгресінің 1966 жылы августа біздің Отанымыздың астанасы - Москвада өтуі жоғарыдаыларға дәлел.
1971 жылы июнь айында Тбилиен қаласында психологтардың Бүкіл одақтық төртінші съезі өтті. Съезде психология ғылымынң басқа ғылымдарының, яғни электрофизиология, биофизика, биохимия, кибернетика, ботаника, математика, космос биологиясымен астарласа дамып отырғандығы айтылды. Табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Бірақ осылардың ішінде ешбір теңдесі жоқ керемет бар. Ол - адамның миы. Біз космос әлемінде самғап ұшып жүрміз. Осының бәрі жұдырықтай мидың құдіреті. Ғалымдар мидағы нейрон талшықтарының зақымға ұшыраған жерлерін қалпына келтіру маңызды мәселе ретінде күн тәртібіне қойды. Ал оқу психологиясына арналған мәжілісінде әр түрлі жастағы балалар мен ересектердің білім алуының сан қилы психологиялық мәселелері талданды. Атап айтқанда, төменгі класс оқушыларының ақыл-ойы, ұғымталдығы қазіргі кезде бұрынғыдан әлдеқайда артып отырғандығы, бұған біздің қоғамда болып жатқан ғлыми-техникалық прогрестің игілікті әсер етіп отырғандығы, соның нәтижесінде бастауыш оқудың үш жылдық мерзімге түсірілуі, сондай-ақ математика мен тілдің элементтерін оқытудың артықшылығы тәжірибе жұмыстарының қорытындыларымен дәлелденді.
Сонымен бірге оқу материалдарының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен программалар құрастыру оқушылардың екінші жылға қалуы, мектептен шығу кету себептері, тәрбиеленуі «қиын» балалармен жұмыс істеу, прогламаланған оқытудың мәселелері сөз болып, келешектегі міндеттері белгіленді [4; 47] .
Ғылыми-техникалық прогресс адам санасына әсер ететін информацияны шамадан тыс көбейтіп жіберді, оқушыларға ғылыми негіздерін бұрынғыша жадында сақтау арқылы меңгеру қиынға тиетін болды. демек, балалардың ойлау қабілетін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, өздігінен жұмыс істеу мүмкіншілігін молайту, т. б. мәселелерді шешу психология ғылымының алдына қойылды.
Соңғы жылдардағы педагогикалық және психологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындыларында совет ғалымдары мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудың әр түрлі жолдары бар екендігін анықтады.
Мәселен, ой амалдарын түрлі кезеңдер арқылы қалыптастыру, оқу операцияларын алгоритимизияциялау, оқуды саналалықпен ұғынудың мотивтерін іздестіру, білімді меңгерудің алғашқы кезеңінде теорияға көбірек көңіл бөлу дейтін бұрынғы қағидалардың бала психоогиясына сәйкес келмейтінділігі анықталды.
Советтің көрнекті психологтары Т. И. Бочкарева, В. И. Зыкова, З. И. Калмыков, К. Г. Павлова, Г. Т. Антонов тағы да басқа ғалымдар жеке оқушының білімді қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктеріне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол зерттеу жұмыстарының нәтижелелеріне қарағанда оқу материалдарын тез қабылдайтын оқушылардың ақыл-ой процесінің күрделі түрлерін меңгертетіндіктері анықталды. Мысалы, талдау, жинақтау, конкретті, абстракты әдістермен байқау жасағанда, ой роцестің жеңіл түрінен ауырына оңай көшетіндігі байқалды.
Л. Ланд, В. И. Решетниковтардың зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқу материалдарын тез, саналы меңгерудің себебі, ақыл-ой қызметінің әдістері мен тәсілдеріне де байланысты дегенді айтады. Осындай зерттеу жұмыстары оқуды нашар меңгеретін оқушыларға да жүргізілді. Мұндай жұмыс түрлерін психологтар мұғаліммен біріге отырып істеді. Олар жаттығу тапсырмалары оқытылатын материалдар негізінде беріліп, оған сәйкес дұрыс жүргізілсе ғана белгілі мақсатқа жетуге болатындығы дәлелдеді.
Көрнекті совет психологы Л. С. Выготский өз еңбектерінде дамыта оқыту мәселелерін терең талдап, оқушылардың өз бетіндік, дербес жұмыстарының тоқтала келе, оқышылар үйретушінің басшылығымен дамуы бүгінгі әсерлі деңгейінен әлдеқарай молырақ, өз беттерінше тапсырманы орындауына мүмкіндіктері бар екеніне сендіреді.
Л. В. Занков «Жақын даму аймағын» құрастыруына байланысты көп жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізе келіп: «Оқытудың нақты әсері балалардың интелектуаольды қызметіне ересектердің бағыттаушы сұрау берумен ғана емес, мысалы, мұғалімнің үйретушінің еркіндік берілетін материал ұйымдастыруымен, яғни өзіндік тапсырманы орындау шарттары бүтіндей соңғының еркіндік берілуімен көріне алады », - дейді.
«Сапаның бір жағдайдан келесі жағдайға ауысуы барынша жетілген маңызды процесс деп түсінсек, білім көлемінен гөрі оның сапасын жете меңгере білуді, әдебиетті меңгерумен, соған байланысты әсерлерді қабылдай білім сапасын, көркем шығарманы ақылмен ойлы, әсерлі сезіну қабілеттерін өзіндік жұмыстар жүйесінің негізгі принциптарымен анықтауға болады», - дейді Н. И. Кудряшев.
Соңғы жылдары біздің республикамызда да психология зерттеу жұмыстары біршама жандана түсті. Халық ағарту ісінің зор қарқынмен дамуы ғалымдарды педагогтық психология проблемаларына назар аударуға түрткі болды. осы жылдарда оқу-тәрбие жұмысының әр қилы психологиялық жақтарын баяндайтын бірнеше еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, доцент Қ. Жарықбаевтың «Қазақстанда психологиялық ойдың дамуы», Е. Суфиевтің «Қазақ балаларының орыс тілін меңгеруінің тиімді жолдары», М. М. Мұқановтың «Педагогикалық психология очерктері», Ә. Асылбеков, Қ. Қойбағаровтың «Оқуға байланысты ынта мен әдетті қалыптастыру», К. Павлюктың «Әр жастағы мектеп оқушыларының үй тапсырмаларын орындау ерекшеліктері», т. б. еңбектер. Бұл еңбектер мектептегі оқу-тәрбие ісіне, сондай-ақ біздің әңгімеміздің арқауы болып отырған тапсырмалар жүйесін психологиялық, дидактикалық әрі методикалық жағынан ұйымдастыру мүмкіншіліктерін ғылыми анықтауға көп жәрдемін тигізді.
Методист-ғалым Ә. С. Садықов саналы ес тәрбиесіне жоғарғы баға берді: «Ес процесінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын қалғанынша меңгереді де, жан-жақты жетілдіре алмас еді . . . Мектептегі оқу мен өмір тәжерибесі адамның ойы мен есін дамытады. Адамның меңгерген білімін, мағлұматын, жұмыс дағдысын, іскерлік қабілетін есіне түсіре қоюы оның саналы да белсенді әрекеті болып табылады. Қазіргі уақытта дидактика орын алып отырған оқу мазмұны мен оны меңгеруді жаттампаздықты жоюды, оның орнына баланың табиғи есте сақтау қабілетін толық пайдалана отырып, саналы да тұрақты есте қалдыруды қалыптастыруды ұсынады».
Оқушылардың өздігінен жұмыстарын ұйымдастыру меселесі жайлы доцент Н. К. Сарыбековтың «Класта өздігінен орындайтын қарапайым зерттеу жұмыстарының элементтерін орындау арқылы оқушыларды зерттеу жұмыстары жеткізуге баулуға болады. Жалпы алғанда, оқушыларға зерттеу элементтері бар тапсырмалар бреу олардың сол пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады » - деген болатын.
Сайып келгенде, жоғарыда сөз болған психолог, педагог ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне шолу жасай келіп, оқушының өзіндік тапсырмаларды орындаудағы қабілеттері мен белсенділіктері негізінен саналы ес процесінсіз іске аспайтындығы, баланың табиғи есте сақтау қабілетін жан-жақты дамыту барысында іздендіру, зерттеу элементтері бар тапсырмалар беріп, сол пәнге деген қызығушылық пен ынтаны арттыруға болатындығын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, сабақтың теориялық сапасын арттыру оқу мен еңбек ету әрекеттеріне молырақ өз бетіндік ерік беру, өз жұмыстарын сын көзбен қарауға үйрету, қиындықты жеңе білуге күш салу, көркем шығарманы ақыл мен ойлы, әсерлі сезіну қабілеттерін өзіндік жұмыстар арқылы дамыту керек, тек дамудан озып отыратын оқыту ғана пайдалы болмақ деген қорытынды шығаруға болады [3; 9] .
1. 2 Қазақ әдебиеті әдістемесінің оқытылуы жөніндегі зерттеулер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz