Қазақ тілінде сөздердің жіктелуі


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ФИО
ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСІ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
.
Қостанай, 2020 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. Қатысымдық бағыт - қазақ тілін оқытудың тиімді жолы
1. 1Қазақ тілін оқытудағы қатысымдық бағыт тиімділігі . . . 4
1. 2 Қазақ тіліндегі сөздердің жіктелуі . . . 9
II. Жіктік жалғауын оқытудың маңызы
2. 1 Жіктік жалғауының өзіндік ерекшеліктерін таныту . . . 17
2. 2 Жалғауларды оқытудың тиімді жолдары . . . 20
III. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
V. ҚОСЫМША . . . 26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар да жатады. Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдына категория деп танылып, әрқайсысы бас- басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі.
Жіктік жалғау- қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады. Жіктік жалғау есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Баяндауышқа тән жалғау.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Оқыту барысында жіктік жалғауының қызметін оқытуда берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отыуы, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілуін жіктік жалғауын оқытудың қатысымдық бағытта оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктерін анықтау. Негізгі мақсатты орындау үшін мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды.
- Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу;
-Оқушыларға жіктік жалғауы тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау ;
-Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Курстық жұмыстың нысаны: Қатысымдық бағытта оқыту технологиясы тақырыбында жазылған мақалалар негізгі материал ретінде пайдаланылды. «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқаулықтар, И. Ұйықбаевтың «Қазақ тілі методикасының мәселелері» оқулығы пайдаланылды.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Қатысымдылық бағытта оқыту технологиясының тиімділігі сараланады. Қазақ тілі сабағында жіктік жалғауын қатысымдық бағыт арқылы оқытудың жолдары талданады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың негізгі әдіс-тәсілдері - баяндау, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту, түрлі экпериенттер арқылы, ғылыми тұрғыда талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қатысымдық бағыт - қазақ тілін оқытудың тиімді жолы
- Қазақ тілін оқытуда қатысымдық бағыттың тиімділігі
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде «коммуникатив» деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде, арнайы қарастырылуға тиісті мәселенің бірі- қатысым әдісі.
Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф. Ш. Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді [1, 8] .
Қатысымдық әдісті зерттеу орыс және шет тілдерін оқыту әдістемелерінде бірсыпыра жетістіктерге жеткенін атап өтуге болады. Тілді оқыту жүйесінде қатысымдық әдіс туралы мәселені арнайы қарастырған тілші-әдіскер - Е. И. Пассов. Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарады. Мұндай белгілер мыналар:
- Әрбір оқыту әдісі бір мақсатқа жетудің құрамы болып табылады. Қатысымдық бағыттың негізгі мақсаты - сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.
- Әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан да ол оқытудың шартына тәуелді болмайды.
- Оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады.
- Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. Басты идея методолгоиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы барлық мәселелердің басын біріктіреді.
Қатысымдық бағыт әуел баста тілді жеделдете оқытудың негізгі әдісі ретінде қалыптасты. Ол дайын сөйлемдерді жаттатқызу, тілдік материалды саналы түрде меңгермей, көбінесе ойланбастан қайталауға негізделгенмен, бірте-бірте оқыту мазмұны, әдіс-тәсілдері өзгеріп, толығып отырды.
Қатысымдық әдістің сипаты: Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде ұйымдастырылады; Ана тілі мүлдем қолданылмайды; Грамматика мен лексикалық минимум индуктивті түрде беріледі; Тіл үйренушілер мәтінді таспаға жазып, қайта тыңдап, негізгі таспамен салыстыра отырып, айтылым дағдысын қалыптастырады; Белсенді өзара әрекет жаттығулары қолданылады[1, 10-12] .
Қатысымдық әдістің сипаты:
1. Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде ұйымдастырылады;
2. Ана тілі мүлдем қолданылмайды;
3. Грамматика мен лексикалық минимум индуктивті түрде беріледі;
4. Тіл үйренушілер мәтінді таспаға жазып, қайта тыңдап, негізгі таспамен салыстыра отырып, айтылым дағдысын қалыптастырады;
5. Белсенді өзара әрекет жаттығулары қолданылады.
Жүргізу тәсілдері:
1. Таспада жазылған мәтінмен коммуникацияға түсу;
2. Тәжірибені қайта жаңғырту;
3. Тіл үйренушінің дыбыстауын таспаға жазып, қайта тыңдау;
4. Оқытушы-компьютер өзара байланысы;
5. Топтық, жұптық жағдаяттық тапсырмалар.
Қатысымдық бағыттағы оқу үдерісіне басты қатысушылар - оқытушы мен тіл үйренуші. Оқытушы - тіл үйренушінің әрекетін бақылаушы, түсіндіруші, ақыл-кеңес беруші, реттеуші, ал тіл үйренуші - қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі. Олардың арасындағы субъект-субъектілік қатынастар ынтымақтастыққа және тең құқықты сөйлеу серіктестігіне негізделеді. Тіл үйренушінің іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы - оның мықты оқу уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлеу әрекетінің түрлері тіл үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға бағытталуы тиіс.
Тіл үйренушінің іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы - оның мықты оқу уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлеу әрекетінің түрлері тіл үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға бағытталуы тиіс. Қатысым уәждемесінің қалыптасу жолдары:
1. Үйренетін тілде телебеғдарламалар көру, радиобағдарламалар тыңдау, оларды талдау;
2. Көркем әдебиет оқу, оқығаны туралы әңгімелесу;
3. Сол тілдің атақты өкілдерімен кездесу, әңгімелесу;
4. Сол тілде ғана сөйлеуге арналған жазғы лагерлер ұйымдастыру;
5. Оқу үдерісін жеделдету;
6. Жүйелі бақылау және проблемалармен жұмыс жүргізу;
7. Интерактивті оқыту әдістерін қолдану;
8. Оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу [1, 30-35] .
Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек - қатысым болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, Е. И. Пассовтың пікірі бойынша, қатысымдық әдістің ішкі мәні, басты мазмұны оның принциптерін айқындауға байланысты шешілмек. Ол мұндай принциптердің бес түрін атап көрсетеді: «1. Сөйлеу-ойлау белсенділігі ұстанымы; Жекешелендіру ұстанымы; 3. Функционалдық ұстанымы; 4. Жағдаят ұстанымы; 5. Жаңашылдық ұстанымы».
Аталған принциптердің қай-қайсысы да қатысымдық әдістің нақтылы ерекшеліктерін көрсетеді. Әдістемелік қағидалардың жиынтығы бұл мәселенің күрделі екенін аңғарта келе, барлық белгілер мен принциптерді бір-бірімен ұштастыра, тығыз бірлікте жұмсамаса, әдістің тиімділігі азаятындығын байқатады.
Қатысымдық әдіске тән жоғарыда атап өтілген принциптердің маңызын жоққа шығаруға болмайды. Олар- шет тілін немесе екінші тілдерді жүйесінде кеңінен етек алған және соңғы жылдары көп сөз бола бастаған орыс тілі мен шет тілін оқытуда тиімді болғанымен генеоологиялық түбірі бөлек қазақ тілін үйретудің өзіндік ерекшеліктері бар[2, 28 ] .
Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту жүйесінде айқындала бастаған мынадай принциптерді атап көрсетуге болады:
- Тіке байланыс.
- Адамның жеке қабілетін ескеру.
- Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау.
- Сатылап даму.
- Динамикалық өзгеру.
- Өзектілік.
Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдісті пайдаланудың ең тиімді жолы- оныңтіке байланысқа негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында.
Тіке байланыс принципі бойынша оқыту процесі адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-қатынасы арқылы болады. Бұл- қатысымдылық әдіс арқылы ғана жүзеге асатын ерекшелік. Өйткені тілдік қатынастың өзі адамзаттың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделген. Сондықтан қатысымдық әдісті қолданудың басты шарты- бүкіл оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы мүмкіндігінше жиі болуы. Сонымен қатар сабақ жүргізу аудиторияда, одан тыс жерлерде және қандай жағдайда болсын біржақты (тек оқушы арқылы, не оқытушының жеке өзі арқылы болмайды) емес, тек екі жақтан бірдей болатын (оқушы мен оқытушының, үйренуші мен үйретушінің қатар іс-әрекеті арқылы) қатынас арқылы болады. Рас, кейде ол байланыс қосымша түрде болуы мүмкін. Мысалы, берілген тапсырмалар арқылы, өз бетінше жұмыс істеу арқылы, бірақ бәрібір екі жақтан болатын іс-әрекеттің нәтижесі жүзеге асады.
Адамның жеке қабілетін ескеру жөніндегі принцип тіке байланыс принципіне негізделеді. Бұл қағида оқыту әдісінде тіл үйренушінің жеке басына тән барлық қасиеттерді псхологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеуге және онымен үнемі санасып отыруға негізделеді. Барлық оқыту жүйесі оқушының зердесіне, ынтасына, қабілетіне қарай бейімделеді. Мысалы, тілге бейім оқушыға қосымша қызықты тапсырмалар беру, өз бетінше белгілі бір тақырыпты меңгерудің бағвттарын ұсыну, мәтіндерді жаңа сөздермен толықтырып, ізденіс арқылы жаңарту, т. б. осы сияқты жұмыстарды орындатуға болады. Адамның жеке қабілетін ескеру оқушының істеген жұмысын тексеру не бағалаған кезде оның кемшіліктерінен гөрі жетістіктеріне көбірек көңіл бөліп отырғанды қажет етеді. Тіл үйренушінің жеткен жетістегін, табысын атап өту арқылы ұстаз оның ынтасын, қабілетін, өзіне деген сенімділігін арттырады.
Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау принципі қатысымдық әдістің сапалы болуын қамтамасыз етеді. мұнда тілді үйретуге байланысты қандай - бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстар мен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай деген мәселелерді анықтап, белгілемей тұрып, алға қойылған мақсатқа жету де мүмкін емес. Мысалы, сабақтың мақсаты оқушыларға алдағы жексенбіні қалай өткізу туралы әңгіме құрастыру болса, ұйымдастыру кезеңінен кейін-ақ, осы тақырыпқа қатысты сөздер алынып, бірден сөйлесім әрекеті іс жүзіне асырылады. Алғашқы орындалатын тапсырмалар берілген тақырыптағы мәтінмен жұмыс істеуден басталады да, сабақ барысында сөздікпен жұмыс, аудармалық жұмыс, жаттығу жұмыстары, суретпен жұмыс, өз бетінше жұмыс, т. б. болып қатар-қатар орындала береді. Ал олардың өзі іштей сала- салаға жіктеліп, әр жұмыстың түрлері бірде сұхбат арқылы, бірде жұп арқылы, бірде оқушының мұғалімдік рөлі арқылы т. б. жолдармен қызықтырылады. Мәселен, сөздіктегі сөздермен жұмыс: жаңа сөздерді табу, сөздердің мағынасын ашу, сөздердң алфавит бойынша тізу, сөздерді таблицада жұмсау, ссөздерді торға орналастыру, аудару болып түрлене берсе; Жаттығу жұмысы: фонетикалық жаттығу, лексикалық жаттығу, грамматикалық жаттығу деп топтастырылып, сөйлеуді үйретуде қайсысы осы сабақта қажеттірек, соған байланысты таңдалып, осы сабаққа қатысты минимумдарға енгізіледі.
Жұмыс түрлерін айқындау принципі мұғалімнің жан-жақты ізденуін, алдына нақтылы міндет қоя отырып, әр сабақтың мақсатын айқындап алуын талап етеді және тіл үйрету барысында мұғалімге еркіндік береді, белгілі бір мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын оқушының жеке басының қажеттілігіне сай жетілдіріп не азайтып отыруына болады. Жұмыс түрлерін айқындау туралы принцип сөйлеудегі қатысымдық тұлғалардың атқаратын қызметі мен алатын орнын жан-жақты анықтауды қажет етеді.
Осыдан келіп, сатылап даму принципіне сүйенуге тура келеді. Бұл қағида бойынша адам мен адамның тіке байланысы да, оқушының жеке қабілетін ескеру де, сөйлеуге үйрету де, жүргізілетін жұмыстың түрлері де бірте-бірте жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, аздан көпке т. б. сатылап өсу үстінде болу керек. Мысалы, оқытушы мәтінді оқи отырып, алдымен оқушыларға түсінікті сөздерді бөліп алып, оларға жаңа сөз тіркестерін ойлап табуды тапсырады. Оқушылар мәтіндегі өздеріне таныс сөздермен өз сөз байлықтары арқылы, яғни өздері білетін сөздер арқылы тіркестер құрастырады. Енді айтылған тіркестермен сөйлем құрау іс жүзіне асырылады. Келесі кезекте мәтінді қайталап оқып, одан оқушыларға түсініксіз сөздерді тапқызады да, оларды тақтаға жазғызып қояды. Бұл сөздердің аудармасы беріліп, мағынасы түсіндірілген соң, бірнеше мысалдар айтылады. Оқытушы таныс емес сөздердің айтылуын, жазылуын, мағынасын ұғындырып болған соң, оқушыларға бұл сөздермен өздеріне бұрыннан таныс тұлғаларды қосып, сөз тіркестерін ойлап табуды тапсырады. Сөйтіп, бүкіл мәтіндегі бір сөз бен екінші сөз, бір сөйлем мен екінші сөйлем, алғашқы тіркес пен кейінгі тіркес оқушылардың бұрынан өздері білетін алғашқы тіркес пен кейінгі тіркес оқушылардың бұрыннан өздері білетін сөздері арқылы жаңарып, барлық сөздер тын байланысқа түсіп, мәтін әрі есте қалады, әрі сөйлеуге үйретудің бір үлгісі болып табылады. Сөйтіп, сөз тіркеске айналып, тіркес сөйлемге қосылып, бейтаныс сөз таныс лексикаға ауысып, тілдік қатынас жалғасады.
Динамикалық өзгеріс принципі тілді оқыту барысында барлық іс-әрекеттердің, жұмыстардың, қолданылатын құралдар мен материалдардың - жалпы қатысымдық әдістің іске асуы үшін қажет құрамды бөлшектердің жетіліп, өзгеріп отыруын қадағалайды. Ол жалпы жүйесінің бір орнында тұрып қалмай, сан жағынан да, сапа жағынан да үнемі өзгеріп отыруын қажет етеді. бұл принцип бойынша тек сабақ берудегі жаттығулар мен мәтіндер, тапсырмалар мен тақырыптар ғана өзгеріп қоймай, қатысымдық әдіске әсер етуші сыртқы және ішкі факторлар да, олардың мәні мен маңызы да өзгеріп, дамып отыру керек. Сол арқылы адамдар қарым-қатынасындағы пікірлесу мен сөйлесу де жоғарғы мәдениеттілікке көтеріледі.
Өзектілік принципі барлық тіл үйрету мен оқыту жүйесінің ең басты мақсатқа - тілдік қарым-қатынасқа - бағынуын талап ете келіп, сабақ беру жолдарының әрқайсысы ортақ бір өзек болатын қағидаға сүйенуін қажет етеді. Әр сабақ үстінде өтілетін тақырыптар, істелетін жұмыстар, сөйлесу жаттығулары мен тапсырмалар бәрі сөйлесімді жүзеге асыратын шешімге келіп тірелуі керек.
Оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі - қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі. Құбылыс немесе объекті, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық, екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
Оқытудағы белсенділік - тіл үйренушінің әрекеттік қалпы ғана емес, ол тұлғаның әрекеттік сапасы. Жеделдете оқыту әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі - қатысымдық тапсырмалар - тіл үйренушілердің орындайтын әдеттегідей тапсырмалары ғана емес, оларды орындаудың жалпы әдіс-тәсілдерін, амалдарын игерудің дағдылары. Профессор Ф. Ш. Оразбаеваның қатысымдық теорияның қазақ тілін үйретудегі маңызды орны туралы айтқан пікірлерін басшылыққа ала отырып, тіл үйренушілерге ұсынылатын тапсырмалардың қатысымдық сипатының басым болуын айырықша ұстанамыз [1, 40-45] .
1. 2. Қазақ тілінде сөздердің жіктелуі
Сөз құрамын мектепте оқытудың үлкен маңызы зор. Атап айтсақ, сөз құрамы грамматиканың негізгі саласының бірі болып саналатын морфология курсының бастамасы, оның объектісін танытатын негізгі бөлім болып саналады. Сөз құрамын балаларға оқыту арқылы қазақ халқының әдеби тілінде қолданылып жүрген сөздерінің құрам ерекшеліктерінен ғылыми - теориялық негізінде мағлұмат береміз
Тілдің грамматикалық құрылысының үлкен бір тарауы- морфология мектепте сөз құрамынан басталады. Бұл оқулықта сөз және оның құрамы деген күрделі тақырыппен аталады. Бұл тақырыпқа: сөз құрамы туралы жалпы түсінік, негізгі түбір, туынды түбір, түбірлес сөздер, қосымша (жұрнақ пен жалғау), қос сөз, біріккен сөз және оның емлесі, қос сөз және оның түрлері, қысқарған сөз және оның емлесі деген тақырыптар беріліп әрқайсысының сағаты көрсетілген.
Сөз құрамын өткенде мына мәселелерге назар аудару қажет:
1) Аталып отырған «Сөз құрамы туралы жалпы түсінік» деген тақырыпта сөздері құрамына қарай түбір сөз, қосымшалы сөз деп бөліп берген. Осындағы қосымшалы сөзді қай кезеңде, қандай тұрғыда өтуге тиіспіз. Әдетте оқулықта да, программада да ең әуелі түбір сөзді, туынды түбірді одан кейін түбірлес сөздерді өткеннен барып қана қосымшаны бастаймыз.
2) Сөз құрамына енетін туынды түбір, қос сөз, біріккен сөздер қазақ лексиконын байытатын, толықтыратын, жаңа сөздер тудыратын негізгі жол болып саналады. Сондықтан оқулықтағы анықтамаға сәйкес туынды түбір және біріккен сөздерді тұтас бір ұіымды білдіретін жаңа сөздер деп танытамыз.
Сөз құрамы
СӨЗ
түбір қосымшалы қос біріккен қысқарған
жұрнақ жалғау
туынды сөз
Сөз құрамын (морфемаларды) меңгерту жұмысында төмендегідей мақсат- міндеттер алға қойылады.
- Көзделген мақсатқа сәйкес ұйымдастырылатын жүйелі практикалық жұмыс процесінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгерулері қамтамасыз етіледі.
- Оқушыларды сөзді бөлшектеріне талдай алу іскерлігіне, дағдыларына машықтандырады, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары жасатылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді омонимдер мен көп мағыналы сөздерден ажырата білуге үйретіледі [3, 15-16] .
Қосымша деген сөздің мағынасын оқушыларға көп қиналмай, бір нәрсеге қосылатын үстеме, қосымша екеніне бірден түсінеді. Сондықтан түбір сөздерден кейін қосылып тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз, ал, түбір мен қосымшалардан құралып тұрған сөзді қосымшалы сөздер деп атаймыз. «Қосымша» деген ұғым екі сатыда түсіндіріледі. Әуелі сөзге жалғанып, оны жалпы түрлендіретін сөз бөлшектері қосымша деп аталатыны турасында кіріспе іспетті ұғым білдіреді. Одан әрі қосымшаның сөз мағынасын өзгертетін және сөздің тек формасын түрлендіретін екі түрі болатынын түсіндіріледі. Бұл да жаттығу жолмен меңгеріледі. Ол деүшін бір түбірге әр түрлі септік жалғауы жалғанып текске ендіріледі де, сол сөздер таптырылып, жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей тек сөз бен сөзді байланыстырып қана тұрғаны көрсетіледі. Ал, жұрнақтың таныстырғанда, бір түбірге әр алуан жұрнақ жалағнып әлгі сөздің мағынасы түрліше болып өзгергені байқалады.
Сөйтіп, жұрнақ сөз құрамының мағына түрлендіретін бөлшегі деген қорытынды шығарылады. Сонымен, сөздің негізгі бөлімі- түбір, жаңа сөз тудыратын бөлімі- жұрнақ, сөз тудырмайтын бөлімі - жалғау деген түйін жасалады. Бұлардың түбірге реті және бірінің үстіне бірінің еселеп те жалғана беретінім мысалдар арқылы көрсетіледі.
ҚОСЫМША
жұрнақ жалғау
сөз тудырушы сөз түрлендіруші көптік септік
тәуелділік жіктік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz