Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

Концептуалды талдау жұмысы

Орындағандар:

Қостанай, 2020 ж

Мазмұны

Концепт туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына концептілік талдау ... ... ... ..9

Нағашыбай Мұхатов шығармашылығына концептілік талдау ... ... ... ... ... ... .14

Махамбет Өтемісұлы шығармашылығына концептілік талдау ... ... ... ... ... ... 20

Фариза Оңғарсынова шығармашылығына концептілік талдау ... ... ... ... ... ... .25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Концепт ұғымы туралы жалпы түсінік

Ғалым Ж.Исаева Әйел концепті мақал-мәтелдердің тілдегі көрінісіне лингвомәдени сараптама атты мақаласында концепт терминіне төмендегідей түсініктеме береді: Концептілер - ұлттық танымның бір көрінісі, сондықтан да ғаламның лингвокогнитивтік моделі болып саналады.
Концепт қандай да бір ауқымды идеяның сан алуан күрделі ұғым түсініктердің суретті сипаттамалары. Оның мазмұндық құрылымы тіл мен бейнелі ойлау заңдылықтарының сабақтастығынан туындайды.
Концептілік мәнге ие тілдік бірліктердің, концептілердің ішкі құрылымын мәдениі танымдық ақпараттар көзі деуге де болады. Себебі онда мәдениет қалдыратын іздер - мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи оқиғалар мен материалдық мәдениеттің элементтері көрініс табады [Вестник КазНУ. №8-9, 2006, (80 бет)] .
Концепт - адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірбиенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде оған: жадының, ментальді қордың, тұжырымдау жүйесінің әрі адам санасында көрініс табатын бүкіл әлемнің мазмұнды да белсенді бірлігі деген анықтама беріледі. [Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы (266-267 беттер)].
Ғалым Д.С. Рысбаева өзінің Қазақ тіліндегі намыс концептінің лингвистикалық репрезентацясында: Когнцепт когнитивті лингвистиканың базалық түсінігі болып табылады. Концепт ұғымы бұл білімділік ерекшелік ретінде терминді ашып көрсетеді, - деген қорытынды жасайды [Вестник КазНУ. №4-5, 2014, (127 бет)] .
Концепт сөз мағынасынан емес, сөздің сөздікте берілген мағынасы мен адамның өзіндік және халықтық тәжірибелері негізінде қалыптасқан мағыналардың тоғысуынан туған мағыналары нәтижесі болып табылады.
Концепт термині орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қоршаған орта құбылыстарының тіл әлемінде бейнеленуін зерттеумен байланысты пайда болды. С.А. Аскольдов-Алексеевтің 1928 жылғы Русская речь жинағында жарық көрген Концепт и слово деген еңбегінде танымдық және көркемдік түрлеріне жіктейді, бірақ олардың аралық шегінің өзгеріп, кейді бір-бірімен астасып отыратынын да жоқа шығармайды.
Концепт ұғымы лингвистикада адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері (А. Вежбицкая), концепт - біздің сол нысан туралы білетініміздің барлық жиынтығы (В.Н. Телия), Құдайлық ілімді танудың, сол арқылы, соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттың мәдени менталдығын танудың кілті (В.Гумбольдт) тәрізді анықтамаламен беріліп жүр.
Концептіні лингвистикалық тұрғыдан қарастыруды дұрыс деп санайтын зерттеушілер (С.А. Аскольдов, Д.С. Лихачев, В.В. Колесов, В.Н. Телия) концептіні сөздің коннотативті элементтерімен қоса алғандағы барлық мағыналық әлеуеті, концепт сөздің кез келген мағынасында өмір сүреді деп қарайды.
Концептінің мәнін когнитивті тұрғыда қарастыруды ұсынатын зерттеушілер З.Д. Попова, И.А. Стернин концептіні ауқымды ойлаудың бірлігі ретінде қарастыра келіп, концептінің тілдегі фразеологизмдерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, мәтіндерге байланыстылығына талдау арқылы жан-жақты ашылып түсіндірілетінін жазады.
Концептіні конгнитивтік бағытта зерттеуші өзге де ғалымдар - Дж. Лакофф, А. Вежбицкая, Ю.С. Степанов концепт мазмұнына түсіндірілетін зат-құбылыстың негізгі ұғымдық белгілерін енгізеді, яғни концептіні ұғыммен қатар қояды. [Б.И. Нұрдәулетова, Когнгитивтік лингвистика, 53-54 беттер].
Ал, доцент Ж.И. Исаева өзінің Ұлттық паремиологиядағы тағдыр концептісі атты мақаласында концепт пен ұғымның ара-жігін былай көрсетеді: Тіл білімінде пікірталас туындатқан концепт термині когнитивті лингвистика ғылымының қажеттілігінен туындайды. Концептің ұғымнан басты айырмашылығы соңғысында энциклопедиялық ақпарат беріледі, яғни концепт ұғымнан кең мағынаға ие. Ұғым ғылыми білімнің нәтижесін білдірсе, концепт сөздіктегі мағынамен қатар, алғашқы формасы (этимологиясы), басты тарихи белгілерін ғана қалдырып өте ықшам формасын, қазіргі заман ассоциациясын, бағалау модусын жинақтаған көпқабатты құрылым. Демек, концепт ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді [Вестник КазНУ. №3, 2014, (98 бет)] .
Үшінші бағытты ұстанушылар концептінің мәденитанымдық аспектісіне ерекше мән береді. Олардың пікірінше, тұтас мәдениет концептілердің жиынтығы, олардың, өзара қарым-қатынасы арқылы анықталады. Концепт оларыдң анықтауынша, адамның ментальды ойлау дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы ретінде түсіндіреді.
Сонымен қазіргі тіл білімінде концепт табиғатына байланысты бірнеше көзқарастар бар: 1) концепт - бұл құбылыстың лингвокогнитивті түсіндірмесі; 2) концепт - лингвомәдениеттанымдық құбылыс; 3) концепт - жан-жақты құбылыс, ол жоғарыда аталған аспектілердің қай-қайсысы арқылы да талданады [Б.И. Нұрдәулетова, Когнгитивтік лингвистика, 54-55 беттер].
Қазіргі уақытта концепт категориясын теориялық тұрғыдан қарастыруда зерттеушілер оны жеке-жеке салаларға бөліп қарастыруда, яғни, лексикалы, фразеологиялық, синтаксистік, сонымен қатар концептерді біріктіре қарастыру - біріккен лексика-семантикалық, лексика-фразеологиялық, лексика-грамматикалық аймақтарға бөліп қарастыруда. Зерттеушілер әртүрлі концептілерді қарастыра отырып шетел когнитивистерінің еңбектерінде арқау болған концептің түрлері мен типтері жайл сөз қозғайды (фреймалар, сценарийлер және т.б.) [Вестник КазНУ. №4-5, 2014, (127 бет)].
Адамның танымдық ерекшелігін сипаттар концепттік жүйе қазіргі лингвистикалық ғылымда 3 түрлі негізде айқындалды:
1. Адам ойының негізгі мәдени көрсеткіші ретінде; яғни барлық мәдени құндылықтар жекелеген концепттер мен олардың қарым-қатынасының жиынтығы деп танылатын тұжырым арқылы дәйектеледі (Ю.С. Степанов);
2. Тілдік таңбаның семантикасы концепт мазмұнын айғақтайтын бір ғана құрал деп есптеледі, сондықтан ғалымдар аталмыш терминді когнитивті семантика элементі есебінде (А.Г. Шмелев, Т.В. Булыгина, Н.Ф. Алефиренко).
3. Д.С. Лихачев, Е.С. Кубрякова сынды ғалымдар концепт сөз мағынасынан туындамайды, ол адамның жеке және халықтық тәжірибесінің сөз мағынасымен қақтығысуының нәтижесі болып табылады деп дәлелдейді.
Е.С. Кубрякова тілдік құрылымдар арқылы айқындалатын концептілер тізбегін 2 түрлі бағытта қарастыруға болаыд деп атап көрсетеді:
+ дүние туралымағлұматтарды ұсну, көрсету бағытында;
+ адам санасында белгілі бір мазмұнға сәйкес және әртүрлі жағдайларға қатысты деректерді жинақтау бағытында.
Ол адам ойын тек тілдік құралдар ғана емс, бейвербалды қимыл-әрекеттер де білдіре алады, себебі олар адамның логикалық заңдылықтарға ьағынған әрекеттерінің нәтижесі болып табылады деп есептейді. Осыдан келіп когнитивтік лингвитикада концеп, ұғым және мағына сөздерінің ара-жігін ажырату қажеттігі туады. Біріншіден, ұғым - объектінің танып білген белгілерінің ғана жиынтығы делінсе, концепт - кез-келген ұғым емес, ментальді ұлттық сипаттағы құрылым, белгілі бір мәдениеттің табиғатын ашуға көмектесетін күрделі механизм ретінде анықталады; екіншіден, ұғым логика мен пәлсапа терминдері қатарында қабылданса, концепт математикалық логика, мәдениттану, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика ғылымдарының нысанын құрады; үшіншіден, концепт пен мағына айырмашылығы да екеуінің ұғымдық арақатынасымен дәйектеледі: концепт шынайы объектінің әледеқайда тұрақты танымдық көшірмесі іспеттес, өйткені мағынаға қарағанда, ол қоршаған ортамен еркін байланысқа түсе алады, ал сөз бен оның мағынасы, керісінше, сол концептінің бір бөлшегі деп қабылдану керек.
Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке бір адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады, - деп есептеген Б.Тілеубердиев омонимдердің концептілерін талдауда адам, кеңістік, өсімдік, жан-жануар ұғымдарына тоқталды, оларды мәдениеттің ментальдік ұясы тұрғысынан зерделеді, ал тілші М.Т.Күштаева концептілік талдау тәсілдері мен принциптерінің түрліше сипатта болу мүмкіндігін ескерте отырып, Тар мағынасында концептілік талдауды екі мағынада түсінуге болады: мәдени құбылыстың, ұғымның немесе мәдени қабаттың концептілердің көмегі арқылы талдануы; сөздерді мәдени құбылыс ретінде қарау арқылы олардың прагматикасы мен семантикалық құрылымының талдануы деген тұжырымға келді. Ғалым А.Ислам атап көрсеткендей, лингвомәдениеттануда концепт жалпы бір ұлт мәдениетінің басты элементі, адамның ментальды әлемінің басты ұяшығы деп танылды, ол ...этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым болып табылады [Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы (268-269 беттер)].
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы. Концептілік құрылымдар санадағы бейнені интерпретациялайды. Когнитолог - ғалымдар құрылымның элементтері - концептіге жақын келетін семалар тізбегі деп түсінеді. Бірақ концептілік құрылымдар тек семалық топтардан ғана емес, ұғымның белгілерін, қасиетін, орнын, кеңістігін, уақытын бейнелейтін таңбалар тізбегінен де құрылады.
Концептілік жүйе иерархиялы құрылымнан тұрады:
1) дүниенің қасиеті, белгілері( сенсорлы перцептивті қабылдау);
2) когнитивтік модель (ассоциация, бейне, символ, стереотип, формаға ие болуы);
3) концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет формасының салынуы).
1. Дүниенің қасиеті, белгілері
Концептілер санада танылу деңгейіне қарай, ақиқат дүниенің қасиеті, белгілері мен өзіндік ерекшелігіне қарай метафизикалық, ұлттық-мәдени, эмоционалды концептілер деп шартты түрде жіктеуге болады.
Метафизикалық концепт - (жан, өмір, өлім, тағдыр, жалғыздық, махаббат) ақиқат дүниедегі абстракцияның жоғары дәрежедегі құндылықтарын танытатын ментальді мазмұн. Метафизикалық концептілер перцевтивтік, сенсорлық қабылдау, яғни сезіну әрекеті арқылы рухани құндылықтарды тану нәтижесінде ғана хабарланады. Адам тәжірибесі арқылы ғана түсінуге болатын құбылысты даму барысында ғана түсінуге болатын ұғымдарды көзбен көріп, қолмен ұстап тану мүмкін емес. Сондықтан философиялық мәні басым, адамның қажеттілігін өтейтін абстрактілі ұғымдарды нақты тұрақталған дифинициялармен танытуға болмайды. Оны адам қалай сезінеді, қалай басынан өткереді, сол әсері арқылы танытады.
Ұлттық-мәдени концептілер. Тек ұлттық танымда ғана жан-жақты ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер (дала, көш, домбыра, қамшы, тары). Мысалы, "дала" концептісі қазақтың өмірін, жайлауын, мал шаруашылығын, дарқан кеңдікті, жазықтықты объективтендіреді. Автор танымында дала кеңдік эталоны ретінде алынып, қазақтың кең байтақ жеріндегі ұлттық-мәдени өмірді, яғни даласындағы жырмен ұйықтап, жырмен оянған еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды.
Эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт, мұң). Кейбір ақиқат дүниелер адам санасындағы эмоционалды, аффективті көңіл-күйі арқылы, ішкі сезімі арқылы танылады. Мысалы уайым ұғымы жағымсыз мағынада танылатыны, оның "сары уайымға салыну, күйзелу, көңіл-күйі болмау" деп объективтенетіні белгілі. Бірақ оны нақты денотатпен көрсете алмаймыз. Ал М.Мақатаев поэзиясында уайым концептісі тұман, бұлт бейнелерімен күңгірт, бұлдыр, түсініксіз, ауыр пәс күйге ену белгілері арқылы береді.
Концептілік типтері санада бейнеленуіне қарай әртүрлі формада көрініс табады. Олар:
1.Қарапайым форма (фрейм)
2.Күрделі форма (скрипт)
3.Оқиғалы форма (сценарий)
4.Сызбалы форма (схема)
5.Бейнелі форма (ойсурет)
Фрейм (қарапайым) - бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы.Ол концептінің ең жақын семаларынан құралады және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табады.
М. Минский пікірінше, фрейм құрылымы 2 деңгейден тұрады: 1. Деңгейге оқиға не жағдаятты талдауға қатысатын нақты мәліметтер жатқызылады; 2. Төменгі деңгей нақты мәліметтерді толықтыратын қосымша деректерден құралады. М. Минский мұны бос тізбектер деп атайды. С. Беляевскаяның пікірінше: Фрейм сөзден емес, көргеннен алған әсер, бірақ ол объектінің стреотипі немесе әрекет ретінде жадыда сақталады. Кейінгі зерттеулерде фрейм екі жақты сипатымен танылып, былай дәлелденеді: бір жағынан фрейм - лексикалық жүйе ретінде танылса, екінші жағынан когнетивтік ақпараттарды ұйымдастырушы ретінде танылады. Осыған орай фреймді концепт түзуші бірлік ретінде тануға негіз туындайды. Фрейм - санада концепт түзуші оқиға (жағдаят) бірліктерінің бірінен кейін бірінің жүйелі, тәртіпке сай өтілуін қадағалайтын ақпараттар жинағы деп түсіндіріледі.
Қорыта келе фреймдік құрылымды тануда мынадай қағидаларды ұсынуға болады:
oo фрейм белгілі бір концепт төңірегіндегі ұйымдасқан санадағы ақпараттар бірлігі;
oo ол ассоцияциялық қор арқылы танылады;
oo стереотиптік белгілер арқылы жинақталады;
oo концепт төңірегінде ең жақын белгілері мен қасиеттер арқылы модельденеді;
oo ұғым туралы қарапайым нақты мәліметтерді танытады.
Скрипт - концептілік құрылымның бір типі. Скрипт қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі-сценарий құрылымының кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы басқа адамдардың құралады. Яғни тануға дайын сценийлер мен фреймдерді топтастырып ұғыну. Скрипт концептіні тануда басқа бір оқиғаларды ой елегінен өткізіп, одан концептінің бір қырын танытатын фрагменттерді автоматты түрде салыстырып, не ұқсатып ойша табу шеберлігімен ерекшеленеді.
Сценарий. Концепт қалыптастыруда оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады. Бұл жүйені құрайтын бөлшектер - сценарийлер мен скрипттер. Сценарий белгілі бір фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен құралады. Бірақ ол фреймнен уақыт өлшемін шешетін факторлар арқылы ажыратылады.
Схема - когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі. Бұл тәсіл - концептіні құрайтын ақпараттардың ұқсас жақтарын ұқсас емес бөліктерден ажыратып, сұрыптау операциясын атқарады. Әрбір схема танылатын ұғымның заттың деталін жасауға ұмтылады. Концептіні көзбен көріп, қолмен ұстауға болатындай формада түсіндіретін таңбаларды құрайды. Схема - бейнелі репрезентацияның ең күрделі түрі деп танылып, когнитивтік операцияның логикалық бірлігі ретіндек басқа құрылымдардан ажыратылады. Дүниені тануда таңбаларды, бейне мен символдар жүйесін қолданамыз. Сондықтан когнитивтік санада тану операциялары - сигналдар мен таңбалар үйлесуі схема құрылымын құрайды.
Ойсурет - концепт қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы. Концепт құрайтын элементтерді санада метафоралау, яғни суреттеу тәсілі. Ойсурет санада бейне, символ, метафора, аллегория көмегімен танылады. Концептінің ойсурет құрылымда танылған формасы көркем мәтінде жиі көрініс табады. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды. Санадағы фантазиялау таланты басым болса, концептіні ойсурет құрылымында танылған [А.Б. Әмірбекова, Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша) авторефераты, Алматы, 2006, 9-19 беттер ].

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығындағы Кедейлік концепциясы

Жүсіпбек Аймауытов өзінің бір хатында: ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін! деп жазған екен. Сұлтанмахмұт шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. Ол көп жабының бірі емес, от болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен тұлпар талант еді. Ел мүддесін өз мүддесінен жоғары санаған, халқының қамын жеген қазақтың біртуар ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан сол кездегі қазақ халқының жәй-күйін елестете аламыз. Осыған орай ақын тіліндегі кедейлік концептісі талдауға түсті. Себебі ақынның қай өлеңі болмасын, сол замандағы ел тіршілігін еш бүкпесіз бейнелеген.
Түсіндірме сөздік бойынша:
Кедейлік сөзінің мағынасы:
1) Кедей болушылық, жоқшылық, тапшылық.

Кедейлік концептісінің концептілік құрылымы:

1. Фреймдік құрылымы: түсің суық, аты өшкір, жалаң бас, жалаң аяқ, қу мойын, өңі жүдеу, түгі жоқ, жоқтық, киім жоқ.
2. Скрипттік құрылымы: қара табан, бұра тартар көлік жоқ.
3. Сценарийлік құрылымы: Қайғылы жоқшылықпен күні өту, тағдырға налу, өмірден түңілу, дүние азабын тарту кедей күйі.
4. Схемалық құрылымы: қу кедей, тұлдыр кедей.
5. Ойсурет арқылы берілуі: жарлы бейнесі, кедейлікке арнау.

Фреймдік құрылымы:

1. Кедейлік, сен жексұрын, түсің суық,
Іздемес сені адам керек қылып.
( Кедейлік, 29-бет)
Түсі суық - жүзі қорқынышты, жан түршігерлік, реңі үрейлі. [ Фразеологиялық сөздік, 707-бет]

2. Маған салса кедейлік аты өшкірді,
Дер едім, тұрмастай ғып жерге көмсін.
Атың өшкір - қарғыс. [ Фразеологиялық сөздік, 79-бет]
(Кедейлік, 29-бет)
3. Жалаң бас, жалаң аяқ, жыртық дамбал,
Кір көйлек, қомыт күпі, шидем шалбар.
Сары үрпек, көгілжім көз, өңі жүдеу,
Қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал.
(Сарыбас 40-бет)
Қу мойын - ұзын, арық мойын. [ Фразеологиялықсөздік,462 -бет]
Кедейге тән портрет. Ақын бірден сырт киімінен бастайды. Кейіпкер киімінің өзі оның қандай әлеуметтік топқа жататын аңғартатыны белгілі. Жыртық дамбал, қомыт күпі, шидем шалбар кейіпкердің кедей таптың өкілі екенін бірден аңғартады. Көгілжім көз, жүдеу өң мен қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал Кедейлік концептісін береді.

4. Кеше шалкелмеді ме қайыр сұрап,
Белі аспанда, көзі ірің, мүкіс құлақ:
Күрс-күрс етіп, аяғын шалыс басып,
Түгі жоқ, киімінің бәрі құрақ.
(Кедей, 192-бет)

5. Ұзақ түн итпен бірге қой күзетіп,
Киім жоқ, күзгі суық дірілдетіп.
Таң атқанша айғай сап, көз ілмеймін,
Бай жатыр ақ үйінде пыр-пыр етіп.
(Кедей, 190-бет)

6. Мен борыш алып па едім қол жеткенде,
Алғам жоқ па жоқтықтың зары өткенде.
(Кедей, 191-бет)
Жоқтық - 1) болмағандық, жоқ болушылық.
2) Кедейлік жетіспеушілік.
[ ҚТТС, 305-бет]

7. Анау жүрген Қозыбағар, Сейсенбайлар,
Қойайдарлар, Ысқақтар, Бейсембайлар,
Сондай-ақ болар ауыр адал қызмет,
Әлі күнге жоқтықпен соры қайнар.
(Кедей, 191-бет)

Скрипттік құрылымы:

1. Жарық қол, қара табан, жалақ ерін,
Толтырған кеудесіне қайғы-шерін.
Жеті атасы құлдыққа күн өткізген
Кірме деп кемітетін ата-тегін.
(Сарыбас, 40-бет)
2. Бір күні басы ауырса, күні қаран,
Қартайса: бала жоқ боп, онан жаман.
Киім жоқ, тамақ мәнсіз, жұмыс ауыр,
Ауырмай қалай шыдар бұған адам?
(Кедей, 191-бет)

3. Бұра тартар көлік жоқ, жүрмін жаяу,
Онда жоқ ет азайған, аштық таяу.
(Қайғы, 208-бет)

Сценарийлік құрылымы:

1. Ата-анасы қартайып, жасы жеткен.
Кедейлік жас күнінен тентіреткен.
Кірсіз киім, дәмді асты арман қылып,
Қайғылы жоқшылықпен күні өткен.
(Сарыбас, 40-бет)

2. Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп,
Аштықтан өңі кеткен беті де арып.
Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр,
Дегенге: Құтты болсын, айт шәріп!
(Айт, 85-бет)
3. Өмірі бәрінің де бір пішінде,
Кірде туып, өседі кір ішінде.
Және кірде өледі жари алмай,
Не пайда бүйтіп өмір сүрісінде?
(Кедей, 191-бет)
4. Қырау, сасық, бу, түтін қыстайғы орны,
Ауырса сонда жатып, қандай болды?
Кәрілікте жатуға тамақ таппай,
Қап салып тіленбей ме неше сорлы?
(Кедей, 191-бет)
5. Кедей сорлы дүниенің азабында,
Екі сөзі байлардың қазанында.
Жарайтын киім жоқ және тағы,
Оқуға мұрша бар ма намазын да?
(Кедей, 191-бет)
Талдау барысында ақын шығармаларының сценарийлік құрылымында қайғылы жоқшылықпен күні өткен, өмірден түңіліп, дүние азабын тартқан кедей күйін өлең жолдары арқылы баяндап көрсеткен.

Схемалық құрылымы:

1. Келмесең зарлайтұғын менде хал жоқ,
Баяғы бір қу кедей, қолда мал жоқ.
(Байлық, 29-бет)
2. Шүкібай шал - әкесі, заты - Керей,
Адал қара бітпеген тұлдыр кедей.
Сарыбасын оқытуға былтыр берген,
Жалшы боп пайда тапсын бұл да демей.
(Сарыбас, 41-бет)
Тұлдыр да жоқ - дәнеме түкте жоқ. [ Фразеологиялықсөздік, 697-бет] Ақын бұл жерде т ұ л д ы р к е д е й деп түгі жоқ, кедей деген мағынада өлеңіне арқау етеді.
Ақын қ у к е д е й, т ұ л д ы р к е д е й тіркестері арқылы схемалық құрылымды шебер бейнелеген.

Ойсурет арқылы берілуі:

1. Жанды жеп сен ғой мені арытатын,
Күнің жоқ ат пен асқа жарытатын.
Жыртықтан жыртылдаған жас денемді,
Күнге қақтап, аязға қатыратын.
Жарытпай киер киім, ішер асқа,
Сөктіріп малы барлау надан, насқа.
Жас көңілді қайғымен уландырып,
Сенсің ғой толтыратын көзді жасқа.
(Кедейлік, 29-бет)

2. Қинайтын жан алғыштай жанды сенсің,
Түсі суық жыланмен бірдей теңсің.
Маған салса кедейлік аты өшкірді,
Дер едім, тұрмастай ғып жерге көмсін.
(Кедейлік, 29-30-беттер)
Ақын бұл жерде теңеу тәсілін пайдалану арқылы кедейлікті сипаттайды. Яғни, жан алғыштай, түсі суық жылан деген теңеулерді қолданып, кедейлікті баяндап тұр.

3. Малға кедей, көңлі бай, зарықпады,
Сөзі семіз, мінезін арытпады.
(Сарыбас, 40-бет)

4. Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа.
(Кедей, 187-бет)

5. Екі аяғы екі бұт киіз етік,
Тән көрініп, жыртықтан дір-дір етіп.
(Кедей, 192-бет)

6. Нашарлар көлік үшін жүріп қойған,
Кемітіп ақысына бір-бір қойдан...
Қоймасын тастай салды көңмен салып жауып,
Жүк жеңіл болуының ебін тауып.
Бел жіп, үзік, ашамай салқам-салқам,
Су құяр арбасына ауық-ауық.
(Көшу, 87-бет)
Талдау барысында ақын шығармаларының ойсурет арқылы берілуі көбінесе суреттеу және бейнелеу тәсілімен көрініс табады. Жыр жолдарын оқи отырып, ақын тек кедейлікті ғана суреттеп қоймай, сонымен қатар сол заманның тыныс-тіршілігін сипаттайтынын байқай аламыз.


Нағашыбай Мұқатов шығармашылығындағы Ақындық концепциясы

Кеңес Одағы теледидары мен радиосы қызметінің үздігі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қостанай облыстық меценаттар клубы тағайындаған Қазына сыйлығының екі мәрте иегері, ақын Нағашыбай Мұқатов тек өз облысының ғана емес, бүкіл қазақ елінің біртуар ақыны. Өмір өткелдерін шебер суреттей білген, қоғам өмірін боямасыз баяндайтын ақын шығармалары тіршіліктің сан сырларын бейнелейді. Соған байланысты ақын шығармаларынан ақындық концептісі талдауға түсті.

Ақын Нағашыбай Мұқатов шығармашылығындағы концептілік талдау.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша ақындық - өлең шығару қабілеті барлық деген мағынада көрсетілген. (35 бет).

Ақындық концептісінің концептілік құрылымы:

1. Фреймдік құрылым: сөз өнері, сұлу сөзді, өнердің өзге еркесі, жыр шашу.

2. Скрипттік құрылым: өлең ғана өсірген халқымды әман, ақынмын алыс шет елді көп кезбеген, дауыл жыр жігер беріп, әрі үндеді, өлең - кәдімгі кішіреймес байлығым.

3. Сценарийлік құрылым: өлең барда демі бітпеу, ұйқысыз түндер, жырмен алға басу, өлең арқылы бақыт табу, іздейтінім ілгері сүйрер қаламым.

4. Схемалық құрылым: жырым дауыл, ақын қиял, өр өлең, ақын - cезім.

5. Ойсурет арқылы берілуі: екінші өмір - өлеңің, Ахметханым - асылым, ой - жіп, көкірек - бесік.

Ақындық концептісінің фреймдік құрылымы:

1. Ақшаларға сатылып төбе, белі,
Арақ-шарап - шөлдесе көжелері.
Опырылардай ордамның бар байлығы,
Ортайған соң ортада сөз өнері.
(Қазағым өлтірсе егер сұлу сөзді, 43 бет)

2. Жабырқаулы жанмын ба әлі мұңды?
Жамиғатым тосып жүр әр үнімді.
Өлтірсе егер қазағым сұлу сөзді,
Өзіме-өзім қазамын қабірімді.
(Қазағым өлтірсе егер сұлу сөзді, 44 бет)
3. Өнердің өзге еркесі,
Толғап қалай тауысамын.
(Ахметқанды аңсау, 47 бет)
4. Бесігіне бөлейтіндей жыр-бақыт,
Терезеден тәтті үнін тыңдатып.
Төсегімнің дәл тұсында таң атпай
Оян қазақ деп тұрғандай Міржақып.
(Сұлу таңым, сұлу айдын және ақын, 107 бет)
5. Бұлақ ой бұлқынып ап тұнады алдан,
Жыр шашу жақсы жұртқа бір-ақ арман.
(Ақын - ана, 163 бет)
6. Азаматтық арқама ақын жүгін артқанмын,
Есепсіз егер сыйласа, ертелі-кеш мәрт жанмын.
(Солай, солай Рәзия..., 182 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
Дүниенін паремиологиялық бейнесін лингвомәдениеттанымдық негізі
Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербальдану ерекшеліг
Концептуалды талдау жұмысы (Софы Сматаев шығармашылығы бойынша)
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Жұмыстың ғылымилығы
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Пәндер