Қос сөздердің түрлері


«Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қазақ тілінде қос сөздердің морфологиялық сипаты
Дипломдық жұмыс
Қостанай, 2020 жыл
«Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Бекітемін:
Кафедра меңгерушісі
ф. ғ. к.
Диплом жұмысын орындауға берілетін
тапсырма
Студент:
Мамандығы:
Жұмыс тақырыбы:Қазақ тіліндегі қос сөздердің морфологиялық сипаты
Жоғары оқу орнының бұйрығы бойынша бекітілген
№2019 жыл.
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі
№2020 жыл.
Талдауға жататын мәселелер мен жұмыстың қысқаша мазмұны
Кіріспе 5-8
I. Қос сөздердің жалпы сипаты
- Қазақ тіліндегі қос сөздердің зерттелуі9-12
- Қос сөздің жасалуындағы морфонологиялық құбылыстар13-20
- Қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігі20-25
- Қос сөздердің түрлері25-26
II. Қазіргі қазақ тіліндегі қос сөздердің морфологиялық сипаты
2. 1. 1. Қосарлы зат есімдер 26-29
2. 1. 2. Қосарлы сын есімдер 29-31
2. 1. 3. Қосарлы сан есімдер 31
2. 1. 4. Қосарлы есімдіктер 31-32
2. 1. 5. Қосарлы етістіктер 32-33
2. 1. 6 Қосарлы үстеулер 33-34
2. 2. Күшейткіш буын арқылы категориялық-грамматикалық мағынаның берілуі. 34-39
2. 3. Қосарлану тәсілі арқылы қатыстық -грамматикалық мағынаның
берілуі 39-52
Қорытынды
53-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
56-57
Мазмұны
Кіріспе 5-8
I. Қос сөздердің жалпы сипаты
- Қазақ тіліндегі қос сөздердің зерттелуі9-12
- Қос сөздің жасалуындағы морфонологиялық құбылыстар13-20
- Қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігі20-25
- Қос сөздердің түрлері25-26
II. Қазіргі қазақ тіліндегі қос сөздердің морфологиялық сипаты
2. 1. 1. Қосарлы зат есімдер 26-29
2. 1. 2. Қосарлы сын есімдер 29-31
2. 1. 3. Қосарлы сан есімдер 31
2. 1. 4. Қосарлы есімдіктер 31-32
2. 1. 5. Қосарлы етістіктер 32-33
2. 1. 6 Қосарлы үстеулер 33-34
2. 2. Күшейткіш буын арқылы категориялық-грамматикалық мағынаның берілуі. 34-39
2. 3. Қосарлану тәсілі арқылы қатыстық -грамматикалық мағынаның
берілуі 39-52
Қорытынды
53-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
56-57
Кіріспе
Күрделі сөзге тән басты белгілер. Күрделі сөз дегеніміз кем дегенде екі немесе одан көп сөзден құралатын, ырғақ, ритм жағынан бірдей, лексика -семантикалық жағынан бір бүтін болып, бірлесіп тұрақталған құрама сөзді немесе сөз тіркесі. Күрделі сөздердің барлығы да ең алғашында жай сөз тіркесінен шықты. Күрделі сөздердің пайда болуына әр түрлі синтаксистік амал-тәсілдер түрткі болды. Бұл процесс бірден туа салатын және тез қалыптаса қоятын құбылыс емес, басынан ұзақ процестерді кешіретін тарихи құбылыс. Осы сияқты жұмыс барысында синтаксистік және морфологиялық амалдардың күрделі сөз тудырудағы ара қатынастарына түрлі-түрлі лексика-семантикалық, фонетикалық және грамматикалық факторлар да қатысып, олардың әрбіреуі өзінше әр түрлі деңгейде үлестерін қосып, сол қатынастарының дамуына септігін тигізеді.
Күрделі сөздер қазақ тіліндегі сыртқы кескін тұрпатына қарай я қосарланған, я тіркескен, біріккен, я қысқарған сөздер болып кездесетіні мәлім. Күрделі сөздерді және олардың түрлерін айқындау мақсат етілгенде, олар әдетте, сөз тіркестерімен салыстыра қарастырылады. Бұлай етудемынадай себеп бар: күрделі сөз шығу тегі, жасалу жолы жағынан сөзтіркесіне барып тіреледі. Тарихи тұрғыдан күрделі сөз кемінде екі сөздіңтіркесуі арқылы жасалады. Ондай тіркестің тілдің даму барысында бір тұтас сөзге (күрделі сөзге) айналуы мүмкін. Сөздердің тіркесінің бір тұтас сөзге айналу процесі бірден бола салмайды және бұл процестің аяқталуын айқындау да әрқашан оңай бола бермейді.
Тіл білімінде лексика-грамматикалық единица ретінде қаралатын сөзге
(оның ішінде күрделі сөзге де) тән және оны (сөзді) сөз іркесіненажырататын жалпылама белгілер делініп семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілері аталады. Семантикалық тұтастық белгісне тоқталатын болсақ. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлардың грамматикалық дербестігінің және мағыналық дербестілігінің күңгірттенуі немесе жойылып кетуі сөздің семантикалық тұтастықтың пайда болуына әкеледі. Күрделі сөздің құрамындағы сөздің әрбір сыңары әр түрлі лексикалық мағынаны емес, тіркескен күйінде тұтастай лексикалық мағынаны білдіреді.
Морфологиялық тұтастық белгісі. Күрделі сөз де жалаң сөз тәрізді
түрленіп, көптеледі, септеледі, жіктеледі. Оның сыңарларының әрқайсысы
бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға ие болады. Күрделі
сөздің жеке сыңарлары өздігінен белгілі бір парадигматикалық
мүше бола алмайды. Күрделі сөз тұтасқан (бүтін) күйінде ғана
парадигматикалық қатарға мүше ретінде ғана кіре алады. Сонда бұл күрделі сөздің морфологиялық жақтан тұтастығын, бір бүтін екендігін көрсе алады.
Сөздің морфологиялық тұтастығы туралы ұғыммен тығыз байланысты
бір ұғым бар. Ол -сөздің құрылымдық тұтастығы туралы ұғым. Құрылымдық
тұтастық сөз атаулының барлық түріне-жалаң сөзге де, күрделі сөзге де
бірдей тән, бірдей ортақ белгі. Морфологиялық құрылымы жағынан алғанда,
түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалған сөз болсын, түбірлердің
бірігуінен, қосақталуынан немесе тіркесуінен жасалған сөз болсын,
осылардың барлығы да бір тұтас сөз ретінде танылып, құрылымдық тұтастық
қасиетімен сипатталады.
Синтаксистік тұтастық белгісіне тоқталатын болсақ. Күрделі сөздің синтаксистік тұтастық белгісі деген кезде, көбінесе, оның синтаксистік жағынан бөлшектенбей, сөйлем ішінде келгенде мүшенің бір ғана қызметін атқаратыны айтылады: Мысалы, қолғап, қарақұс деген сөздердің қол, қара дегендері өз алдына, қап, құс дегендер өз алдына бір-бір
мүше емес, сөйлемде қол мен қаптыңдеген сөздер қосылып бір ғана мүше болып тұр. Өйткені, бұларда қол, қара деген сөздер анықтауыш емес.
Бүтіндей сөз, соның ішінде күрделі сөз, тұтасқан күйінде сөйлем
құрамында басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түседі. Күрделі сөздің
бірде-бір сыңары дара күйінде өздігінен синтаксистік байланысқа да
түспейді, өз алдына сөйлем мүшесі де бола алмайды. Мұндай қызметті
күрделі сөз бір бүтін (тұтас) күйінде ғана атқара алады. Ал еркін
(синтаксистік) сөз тіркесінің әр сыңары сөйлемде өздігінен синтаксистік
байланысқа да түсе алады, дербес мүше де бола алады. Демек,
грамматикалық жағынан күрделі сөз-сөйлем мүшелеріне талданбайтын, бір-бірінен ажырамайтын лексика-грамматикалық единица болса, еркін сөз тіркесі сөйлем мүшелеріне мүшеленеді және бір -бірінен ажырайтын синтаксистік единица деп айтамыз.
Күрделі сөздің жоғарыда аталған семантикалық тұтастық,
морфологиялық тұтастық және синтаксистік тұтастық белгілері оны (күрделі
сөзді) фразелогиялық сөз тіркестері мен синтаксистік сөз тіркесінен
ажыратуға көмектеседі.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Шығу жағынан, жасалу түрінен сөз тіркесіне келіп тірелетін күрделі сөздердің құрылымдық түрлеріне, сөзжасамдағы роліне көптен бері ғалымдар ерекше назар аударып келеді. Сондай күрделі сөздің ерекше бір түрі- қос сөздер, Дегенмен, қос сөздердің жасалуында күрделі сөздерге ұқсас жақтарымен қатар, көптеген айырмашылықтары да бар болғандақтан, оны зерттеушілер әр қырынан, бірде семантикалық, лексика-грамматикалық жағынан қарастырып келеді.
Қос сөздер түрлі екі лексеманың қосарлануынан және бір сөздің екі рет қайталануынан жасалуына байланысты қосарлама қос сөздер және қайталама қос сөздер болып екіге бөлінеді. Қос сөздер жайлы түркі тілдерінде, сол сияқты қазақ тілі білімінде жазылған зерттеулерге сүйенсек, жан-жақты зерттеу барысында қайталама қос сөздердің де лексикалық мағынаға ие болып, қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде елеулі қызмет атқаратыны анықталды.
Жұмыс барысында қос сөздердің жасалуында болатын дыбыстық өзгерістер, өздері жасалатын сөз таптарына қатысты ерекшеліктері басқа күрделі сөздермен салыстыра қарастырылды.
Диплом жұмысының өзектілігі: Тілде болып жатқан барлық өзгерістер сол тілдің заңдылықтары шеңберінде іске асады. Бірақ кейбір кезде осы заңдылықтар бұзылып, түсындіруге келмейтін құбылыстар болып жатады. Қос сөздерге күрделі сөздердің басқа түрлерінеқарағанда мұндай өзгешеліктер көп болғандықтан, түркі тілдерін зерттеген ғалымдардың көбі осыған ерекше көңіл бөлген. Қос сөздер туралы жазылған еңбектер. көбінесе, бірін-бірі толықтырып отырады, дегенмен, сол зерттеулердің арасында қарама-қайшы пікірлерді де кездестіруге болады.
Адамдар сөйлеу кезінде айтылуы қиын сөздерден қашып, оларды ықшамдап айтуға немесе айтылуы қиын, яғни дыбыстардың арасына қыстырма дыбыстар қолданып, жеңілдетіп айтуға тырысады. Сөз құрамында, сөздердің аражігінде, тіркестерінде болатын мұндай өзгерістердің бірдей дыбыстау мүшелерінің мүмкіндіген тікелей байланысты емес. Дыбыстау мүшелерінің мүмкіндігіне тәуелсіз, сөйлеу барысында пайда болған осындай өзгерістерді тіл білімінде морфонологиялық құбылыс деп атайды.
Мұндай құбылыстардың қос сөздерде көп болуын олардың ерте кезде пайда болуымен қатар, әлі күнге дейін тілдің барлық саласында кеңінен қолданылатымен түсіндіруге болады. Қос сөздердің ішінде қайталама қос сөздер дайын күйінде қолданылмайды, сөйлеуші оны кез -келген уақытта жасап алатыны белгілі. Сол себепті де қайталама қос сөздерде морфонологиялық құбыстар өте көп кездеседі. Ал қосарлама қос сөздердегі буын ықшамдалуы немесе оларға үстемебуынның қосылып айтылуы секілді құбылыстар да, көбінесе дыбыстау мүшелерінің мүмкіндігіне қатысты емес. Сондықтан олардың да жасалуында морфонологиялық құбылыстар ерекше роль атқарады. Осы морфонологиялық құбылыстардың қос сөздердің жасалуындағы рөлін анықтау -зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Диплом жұмысының нысаны: күрделі сөздердің ерекше бір түрі болып есептелетін қос сөздердің жасауының морфологиялық сипаты.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: жұмысымның негізгі мақсаты- қос сөздерді қазақ тіліндегі басқа күрделі (біріккен, кіріккен) сөздерден ажыратып тұратын ерекшеліктерінің бірі - морфонологиялық құбылысты анықтау, олардың қалыптасу, даму, қолдану сипатын, лексика-грамматикалықжүйедегі орнын анықтау болып есептеледі. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
-қос сөздер мен күрделі сөздердің дыбыстық құрылым туралы зерттеулерге шолу жасап, олардағы басты өзгерістерді көрсету;
-қос сөздер мен күрделі сөздердің байланысу тәсілдеріне тоқталу;
-қос сөздер туралы жазылған ғылыми еңбектердегі тұжырымдарға сүйеніп, олардың тілдік лексикалық қабатындағы ролін анықтау;
-қосарлама және қайталама қос сөздердің өздері жасалып тұрған сөз таптарын байланысты өзгешеліктерін ашу;
-қос сөздер мен кіріккен сөздердегі ықшамдалу құбылыстарының жүзеге асу жолдарын слыстыра сипаттау;
-әртүрлі жалғау, жұрнақтардың қос сөздердің жасалуында атқаратын қызметін ашып көрсету;
-қос сөздердің жасалуындағы морфологиялық және морфонологиялық ерекшеліктерін ажыратып көрсету;
Негізгі бөлім
Диплом жұмысында қос сөздердің дыбыстық және морфологиялық құрылымындағы өзгешеліктерді қазақ тіліндегі басқа күрделі сөздермен салыстыра отырып ашып көрсету.
I. Қос сөздердің жалпы сипаты
1. 1. Қазақ тіліндегі қос сөздердің зерттелуі
Қос сөздерді зерттеу қазақ лингвистерінің тобын бейтарап қалдырмады. Бұл тақырып шеңберінде жүргізілген зерттеулерді топ-топқа бөліп, арағанда, морфологиялық, этимологиялық, стилистикалық жағынан қарастырылған бірталай еңбектерде кездестіремізге болады.
А. Есенғұлов көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қос сөздердің табиғатын көрсетсе, Ә. Керімов қос сөздерді құрамына қарай қайталама және қосарлама қос сөздер деп бөледі. Негізгі көпшілігі таза түркі сөздерінің қосарлануы арқылы жасалған десе, кірме сөздерді де айқындайды: Екі сыңары да араб сөзі: мал-мүлік, екі сыңары да парсы сөзі: парә-парә, бір сыңары араб, бір сыңары түркі сөзі: шәһар-бол, мал-товар, қазғу-хасрәт [25, 49-45] . А. Есенғұлов: “Көне түркі жазба ескерткіштерінде қос сөздердің қосарлама түрі қолданылады да қайталама қос сөздер кездеспейді», - деп көрсетеді [25, 138] . Тағы бір атап өтетін жайт: Көне жазбаларда қос сөздердің орын тәртібі өте тұрақты. Егер сыңарларының орнын ауыстырса, қос сөз болудан қалады. Мысалы: қыз-оғул - қыз бала, оғул-қыз -балалар, қыз-қудуз - қыз бала, қудуз-қыз - әйел [25, 139] .
Қос сөздердің морфологиясына қатысты мәселелер А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, Т. Қалабаева еңбектерінде кездеседі. Олар қос сөздердің негізгі белгілерін жасалу жолдарын, дұрыс жазылу жайын анықтап береді [24, 65] .
А. Байтұрсынов өзінің еңбегінде қос сөздерге былай анықтама береді: “Қос сөз дегеніміз - қосарынан айтылатын бір өңкей есімді сөздер. Қос сөз екі түрлі болады, біреуі нәрсенің көбін атайды, екіншілері айыра атайды. Біріншісі жалпылағыш қос сөз деп соңғысы жалқылағыш қос сөз деп айтылады» [3, 45], - деген. Жалпылағыш қос сөздерге: аяқ-табақ, төсек-орын, ер-тұрман, киім-кешек, бақа-шаян сияқтыларды жатқызса, жалқылағыш қос сөздерге: жел-бау, жүк-аяқ, ер-батыр, есен-аман, өмір-қопса, шекті-бай, төсек-ағаш т. б. жатқызады.
А. Байтұрсынов қос сөздерді жалпы екіге бөліп қарастырса, белгілі тіл маманы Ж. Сауранбаев қазақ тіліндегі қос сөздерді бес топқа бөліп көрсетеді.
- Мәндес қос сөздер (қыз-келіншек) .
- Қайшы мәндес қос сөздер (үлкен-кіші, ыстық-суық) .
- Сыңар мәндес қос сөздер (алай-дүлей, кәрі-құртаң) .
- Қайталама қос сөздер (тау-тау, бес-бестен) .
- Қоспа буынды қос сөздер (ап-ауыр, ұп-ұзын, тәп-тәтті) [18, 64] .
А. Қайдаров, Н. Сауранбаевтың қос сөздерді беске бөліп жіктегенін қостай келе, қос сөздердің осы бес түрі барлық сөз таптарына да ортақ екенін, бірақ қос сөздердің қай-қайсысы да кемінде екі сөзден құралатындығын, оның әрбір сыңарының кейде толық мағыналы, кейде мағынасы жоқ сөз болатыны белгілі дейді. Ол зерттеушілердің екі сөзден құралатындығына сүйеніп, қос сөздерді сөз тіркесі түрлеріне жатқызатындығын да айтып өтеді.
А. Қайдаров кейбір басқа еңбектерде қос сөздерді сөз тіркесі дегенмен, олардың сөз тіркесінен төмендегідей айырмашылығы бар екенін көрсетеді.
Бір сыңары өздігінен мағына бере алмайтын қос сөздер сөз тіркесіне жатпайды. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы болғанымен, бір сөздің орнына қолданылады. Қос сөздердің әрбір сыңары басқа тілге калька бойынша аударылмай, тек мағынасы жағынан аударылады. Қос сөздердің сыңарының мағыналық жағынан жақындастығы соншалық, оларды бірыңғай мүшелер сияқты айтуда арасына кідіріс жасап айтуға болмайтындығын А. Қайдаров өзінің еңбегінде айтып өтеді [18, 12] .
Жасалу тәсілі жағынан қарағанда, қос сөздер жалаң және күрделі түрлерге бөлінеді. Қос сөздердің жалаң түрі - дефис арқылы жазылатын қос сөздер. Профессор А. Ысқақов осы жалаң қос сөздердің негізгі екі түріне: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер деген атау береді [21, 107] .
Қос сөздердің күрделі түрі үтір арқылы жазылады және екі сөзден ғана емес, одан да көп сөзден, тіпті екі сөйлемнен жасалатын түрлері де кездеседі. Бұны анықтаған Кеңесбаев былай дейді: «жалаң қос сөздерге қарағанда, күрделі қос сөздер, көбінесе, метафоралық мағынада айтылады. Бұл жағынан олар «идиомдық» немесе «фразалық» қос сөздер бола алады. Оларға мынадай мысалдар келтіреді: «ұзын-арқан, кең тұсау», «үлде мен бүлдеге оранып», «айрандай аттап, күбедей пісіп», «бір сырлы, сегіз қырлы», «алалы жылқы, ақтылы қой», «әулиеге айтып, қорасанға қой айтып». Оның айтуынша қос сөздер деп атау үшін сызықшамен жазылу шарт емес, яғни тілімізде бір-бірінсіз айтылуға келмейтін тиянақты сөздерді қос сөздер деп тануға болады» [10, 93] .
Осы жағынан біздің қарайтын мәселеміз - қос сөздердің стильдік жағынан зерттелу жайы. Қос сөздердің қолданыстағы мән-маңызы қаншалықты, оларды пайдаланудан бізге не пайда бар, ойды бейнелі, әсерлі жеткізуде олардың ролі қандай дегенде, кімнің қандай пікір айтқанын, дәлелін төмендегіше сипаттап шығамыз. «Ойды ажарлы беруде «фразалық» қос сөздердің маңызын алдымен І. Кеңесбаев дәлелдейді. Ол «шалқып, басып жүргенде» дегеннен гөрі «айрандай аттап, күбідей пісіп жүргенде» деген тіркесі ойды әсерлі жеткізеді», - дейді. Стилистика тұрғысынан қос сөздердің қолданылу жайына алғаш көңіл аударған ғалым Ф. Мұсабекова. Ол қос сөздерді зат есімдік тұлғада қарастырып, сөйлем ішіндегі қолданылуына, стильдік мән-мазмұнына түсініктеме береді. Ғалым қос сөздерді қолданудың сөйлем мағынасына әсерін былайша көрсетеді: «Көшені араладық» дегенде немесе «көше-көшені араладық» деген екі сөйлемде айтылып тұрған ой мағыналас, бірақ бұл екі сөйлем арасына мағыналық жағынан тепе- теңдік белгісін қоюға болмайды, себебі «көше-көшені араладық » дегенде, даралап, бөліп-бөліп айырып, әлденеше көшені аралағаны айқын берілсе «көшені араладық» дегенде, даралау көптік ұғымнан гөрі жалпылық ұғым басым беріледі. [14, 133] .
Сол сияқты «ызыңнан мезі болу» мен «ызың-шудан мезі болуды» салыстырып, олардың мағыналық реңкін көрсетеді. Ол сонымен бірге зат есімді қос сөздердің қайталанған түрі молшылық мағынасын беретінін «тегене-тегене қымыз», «мая-мая шөп», «табақ-табақ ет», «қазан-қазан асылған ет» деген сөздер қатыстырылған сөйлем арқылы түсіндіреді де кейбірін мүлде жекелеп қолдануға болмайтынын ескертеді. Қос сөздерді қолдану жайына арнайы тоқталған ғалым С. Хасанова мынадай пікір айтады: «Ол аз сөзбен көп жайды аңғартуда, ойды дәл, жинақы жеткізуде ұтымды келеді. Сөзді қосарлап қолданудан айтылмақшы ойға экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстеледі. Мысалы, жеке қолданған күн, түн сөзін күні-түні деп қосарлап айтудан тыңдаушы мен оқушының алар әсері әртүрлі» [22, 61] .
З. Қожабергенова өз еңбегінде трансформациялы қайталама қос сөздердің стильдік мәнін ашып көрсетеді. Ол «Қос сөздердің бұл түрі көркем әдебиетте стильдік ерекшеліктеріне қарай көркем сөзді оқырманға әсерлі жеткізу үшін, сонымен қатар оқиғалардың өрбу әсемдігін, экспрессивтілігін, эмоциялығын дәл нақышпен баяндау үшін пайдаланады» дей келе, нақты мысалдармен дәлелдейді [11, 40-41] .
А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде қос сөздердің түрлеріне тоқтала келіп, қайталама қос сөздің үстеме буын түрінде қалыптасқан түрі -негізінен алғанда, сын есімдерге тән форма. Бұл үстеме буын сын есімге күшейту мағынасын жамайтын форма түрінде қалыптасқан, өйткені бұл форма тек негізгі сынға я ұлғайту, я солғындату реңкін жамайды», - деп, үстеме буынның табиғатын әбден дұрыс айқындаған. Ол бір сыңары ықшамдалып қайталанатын қос сөздерді, мысалы: жап-жақсы, қып-қызыл, кіп-кішкене, сап-сары, теп-тегіс сияқтыларды үстеме буынды немесе күшейтпе буынды қос сөздер деп К. Ахановтың пікіріне қарсы келеді. А. Ысқақов бұл сөздерді үстеме буындары әрі ықшамдалып, әрі соңына «п» дыбысы жамалып, бір тұйық я бітеу буынға айналуынан пайда болған дейді [21, 110] .
К. Аханов өз еңбегінде қып-қызыл, қап-қара тәрізділердің сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған қос сөздердің түрлерінде мүлдем ұшыраспайтынын, оның тек сын есімдерге ғана тән екендігін және бірден-бір негізгі қызметі сын есімнің шырай формасын тудыру тәсілдерінің қатарында емес, форма тудыру, соның ішінде сын есімнің шырай формасын тудыру тәсілі деп қараған жөн. Демек, қып-қызыл, қап-қара тәрізділер қос сөздердің қатарында емес, сын есімнің шырай формаларының мағына мен қызметі жағынан тым қызыл, өте қызыл, тым қара, тіпті қара тәрізді сын есімдердің күшейткіш шырай формаларымен сәйкес келуі дәлелдей түседі, ал тым қызыл, өте қызыл, тым қара, тіпті қара тәрізділерді күрделі сөздер деп қарамайтынымыз белгілі (бұлар торы ала, қара торы тәрізді күрделі сөздерден мүлдем басқаша) дейді. Ол тілдегі құбылыстарды бір-бірінен ажыратуда, әдетте, негізгі үш түрлі өлшемді таяныш етеді: оның бірі - мазмұны екіншісі - форма, үшіншісі - қызметі. Ал жартылай редупликация арқылы жасалған қып - қызыл, қап - қара тәрізділер формасы жағынан ғана қос сөздерге ұқсайды, ал мазмұны мен қызметі жағынан өте қызыл, тым қара тәрізді сын есімдердің күшейтпелі шырай формасымен сәйкес келеді деп қорытындылайды [1, 97-98] .
А. Н. Кононов та А. Ысқақов сияқты қып-қызыл, қап-қара тәрізді формаларды сын есімдердің күшейткіш формалары деп санайды. Бірақ А. Н. Кононов оларды жартылай редупликация жолымен жасалған деп есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz