Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ФИО
Қазіргі қазақ поэзиясындағы қоғам келбетінің көрінісі
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
.
Қостанай, 2020 ж
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі 8
1. 1 Қазіргі қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі 8
1. 2 Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығындағы ақындар поэзиясы 21
2 Қазіргі кезде жас ақындардың шығармашылығы 38
2. 1 Қазіргі қазақ поэзиясының жанрлық-тақырыптық ерекшеліктері 38
2. 2 Қазіргі қазақ өлеңдерінің құрылымдық ерекшеліктері 56
Қорытынды 64
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 65
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тәуелсіздігімізге қол жеткізген кейінгі жиырма жылда руханият саласында үлкен сілкініс жүріп жатты. Солардың бірі - «қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру», яғни қазақты әлемге таныту. Демек, қазіргі таңдағы басты міндет - қазақы болмысыңа оралу. Өзіңнің тамырыңа оралу - бүкіл халықтарға тән. Өзіңді өзің таны деген катигория: шыққан тегіңді, ұлтыңды халқыңды, әрі оның тарихын, мәдениетін, дәстүрін, болмысын тану алға қойылған. Бұны басқа халықтарға ұлттық құндылық ретінде көрсете білу керек. Өркениетті ұлт әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан төл дәстүрімен мақтанады. Демек, мәдениетіміздің нығайту ұлттық мүдденің салтанат құруына ықпал етеді деген сөз. Қазақы ұлттық руханиятты жаңғыртып, қайта түлету - ұлттық деңгейдегі өзекті мәселе.
Қазақ халқының тұтастығын оның күретамыры болып табылатын ұлттық ойларды дүниетанымдық деңгейге көтеруде рухани дүниеміз ұлттық сипатта болуы тиіс. Ата-бабамыз әлімсақтан мұсылман қазақтың діні сол руханиятының ішінде тұнып тұрғанын түсіндіріп қалдырған аян. Ғылыми жұмыс барысында дәстүрлі қазақ отбасындағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, адами қарым-қатынастар, ұлттық кәде түрлері мен оның мән-мағынасын, ұрпақ өсіру философиясын сұрыптап, бірнеше бөлімдерге топтастырылған. Осы тұрғыда қазақы танымдағы атау ұғымдардың мазмұнын ашып, оның бүгінгі поэзияда бейнеленуінен көрініс берген.
Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос - ілім, яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Жалпы ұғымда болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол - ел болудың биік мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы - мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңеседі. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрғанымызда, «туған ұлт», «ұлттық», «ұлтшылдық», «ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық тәрбие» мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің “жасампаз” интернационалистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін. Енді ұлттық биік сананы қалай қалыптастырамыз, оны жүзеге асырудың жолдары қандай деген мәселеге келейік. Қазір барлық елдер мен мемлекеттер біркіндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Негізгі кіндігі еркін таңдау және жеке бастама жасай алатын жеке адам бостандығы идеясына негізделген Батыс өркениеті болып отыр. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі ретіндегі батыстану - бұл тек батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік реттеудің (адам құқығы, жеке адамның тұлғалық тұрпаты, діни сенімі, ұлттық төзімділік, әдептілік, т. б. ) мәдени-өркениеттік қалыптар кешенін де қабылдау екенін түсінген дәстүрлі қоғамды жақтаушылардың табанды қарсылығына тап болуда. Анығырақ айтқанда, жаһандану барысында Батыс мәдени құндылықтарының басымдық танытуы жергілікті халықтың байырғы төл тумалық сипатының жоғалуына түрткі болуы мүмкін деген қауіпке әкеліп тірейді. Өйткені, өткен ғасырдың орта шенінен айтыла бастаған өркениет бәсекесі қазір шын мәнінде ақиқатқа айнала бастады. Бәсеке бүгінгі күні экономикада, саясатта, идеологияда, мәдениетте, білімде, ақпаратта, технологияда, тағы басқа салаларда қызу қарқынмен жүріп жатыр. Рас, Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет, алайда, Батыс өркениетінің қоршаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарауға үйретуі, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, бұл мәселеде бізге үлгі бола алмайды. Сондықтан Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік жақсылықтың нышаны емес. Сондай-ақ, батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндірісті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру - қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу - бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды еш уақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстаным ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат - сату (сатылу) және пайда табу. Қанша аз уақыт жұмсалса, сонша пайдасы көп. Алайда басы ашық мәселенің бірі - қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Бұл шығар күндей анық мәселе. Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алғанда ғана осынау қауіптілеу болып көрінетін құбылыстың игілігін көреді. Егер жаһандануды ұлттық мемлекеттік болмысқа икемдей алмасақ, оның ықпалына түсіп алып, жалаң еліктеуге ұрынатын болсақ, онда мемлекет те, сол мемлекетті жасап отырған ұлт та геосаяси тобырға айналып, рухани жаулаушы өркениеттің құлақкесті құлы болып қала береді. Оның бірден бір ең тиімді үлгісі - ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу. Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі - осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ол жайдан-жай емес, әрине. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпы адамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек.
Ұлттық негіз, ұлттық болмыс хақындағы толғанымның бір көрінісін әсіресе поэзиядан көруге болады. Қазақ сөз өнері ықылым заманнан қалыптасқалы бері - ұлт ретіндегі таным-түсініктен, болмыс-бітімнен, тұтастықтан еш уақытта да ажырамаған-ды. Жыраулардың толғаулары, жыршылардың төкпе жырлары, тіптен күйшілердің күмбір күйлерінің өзінде ұлттық нәр, ұлттық бояу, ұлттық мақам, ұлттық сарын, ұлттық құндылық ажырамай, бір тұтас, бірге үндес жүрген. Басқа ұлттардан Қазақ халқының бір ерекшелігі оның ішкі болмысымен тұрмыс-тіршілігі, ұлт ретіндегі салт-санасы, дүниетаным, қабылдауы, тіптен ойлауы, іс-әрекеті де бір-бірмен астасып, сабақтасып жататындығында болып отыр. Халықтың ауыз-екі сөйлеу мақамы, ондағы қолданылатын нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер, даналықтар да, ұлттық сипатта құрылған. Осындай тұтас байланыстың бұзылмай, ыдырамай бір жүйеде болуы заңдылық. Ал, оның бүгінге ұсақталмай жетуіне бірден-бір ықпал етуші әдеби фактор - ақындар өлеңі. «Поэзия - жүректің сөзі. Бір жүректен шыққан шымыр сөз кем дегенде жүз жүректе бұғып жатқан бұла сезімнің бұлықсып бас көтеруіне түрткі болады. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деген ұлғатты сөздің өлеңге де, толық қатысы бар. Жүректегі сезімді оятқан өлең тегін өнер болмаса керек. Өлеңнің өнегесі сол, ол адамдық сезімді ғана оятып қоймайды, оны адамзаттық асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді. Азаматтық асқар сезімнің шыңы ұлттық сезім де, өлең арқылы оянып рухани күш алады» [1, 29 б. ], - дейді сыншы С. Әшімбаев. Қазақ халқының поэзиясы барлық рухани-мәдени қазынаның ішіндегі тарихы тереңнен келе жатқан ең молы, бағалысы. Прозалық жанрдан бұрын халықтың дәстүр-салтына, өмір-тіршілік жағдайына орай көп ғасырлар бойы поэзия жетекші өнер саласы болып келді. «Поэзия - өнердің асыл тегі. Өзге өнердің бәрінің өзін біреуде қолданатын құралының мүмкіндігіне қарай творчестволық әрекеті азды-көпті болса да қысымнан, тар өрісті боп келеді. Поэзия адамның еркін тілімен берілгендіктен, онда үн де, сурет те, пайымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әлдебір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің барлығын бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланатын секілді. Поэзия тұтас өнер соның ұйытқысы болып табылады және оның барлық жағын қамти отырып, бүкіл өзгешеліктерін айқын, анық түрде бойына жинақтады» [1, 13 б. ], -дейді В. Г. Белинский. Өлең сөз қазақ халқының өмір, тіршілік, табиғат, адамдардың қарым-қатынасы, елдік салт-дәстүр, батырлық өнеге мен тәлім-тәрбие туралы жинақталған көркем таным дүниесінің көрінісі десек қателеспейміз. Одан халықтың сыншылдық-эстетикалық, философиялық-этикалық дүниетанымы көрінетінін аңғаруға болады.
Жұмыстың өзектілігі: Қай заманда да, қара сөздің қадірін түсінген қазақ жұртшылығына етенеден таныс төрт жолдан тұратын, ұйқасқа құрылған қара өлеңнің берер әсері мол. Хакім Абай атамыз: «Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы . . . » дегенде де, осы қара өлеңнің өрісін түсірмей, өнегесін арттырыңдар дегенді меңзесе керек-ті. «Қазақтың қара өлеңін» шекпен жауып өзіне қайтарған Мұқағали Мақатаев та, өлең-сөздің өшпес отты, өлмес жанды құбылыс екендігін жете байыптағандығынан десек, артық айтпаған болар едік. Қазақ халқының қанына біткен бұл құбылыс өз алдына, жеке алып қарғанда поэзияның өзі жылдамдық пен ұшқырлықты талап етіп, басқа жанрларға қарағанда шеңбері кең кеңістікке құрылғандығы - оның басты ерекшелігі болып отыр. Бір сөзбен қысқа қайырғанда, поэзия өзі артқан тақырыбын жетер жеріне жеткізіп, адам санасына ұтымды-ұшқыр, әсерлігімен бірден ықпал етіп, насихатқа құрылған, оқырманы көп бірден бір - жанр. Кезеңі жағынан алып қарағанда аз уақытты қамтымайтын бұл жанырдың бүгін де, жаңа бағытта дамып, ауқымы кеңейіп отырғандығы оның сұранысқа ие екендігін аңғартады. Осы орайда сан алуан әлеуметтік желілер арқылы жас жазба ақындардың өлеңдері сиясы кеппеген күйінде оқырмандарымен жылдам қауышып отыр. Поэзиядағы аға буын ақындардың тұсынан басталған өлең мәйегінің майлы бояуы көрініс беріп, өз арнасын қалаптастырған болатын. Ал, бүгінгі ақындардың бағыты жас буынның жалғастығына толықтай айналып отырмағандығына көз жеткізеді. Осы орайда, дәстүр мен жаңашылдықтың өзара астасқан, қарама-қайшы келетін тұстарына тап боламыз. Жалпы алғанда, «бүгінгі поэзияның» шеңберінде қарастырсақ, ұлттық қазақы болмыстағы «ұлттық өлеңдердің» көптеп қағаз бетіне түсуі, біріншіден идеология десек, екіншіден, тәрбиелік ықпалға ие. Осыны басшылыққа алып, «Бүгінгі поэзиядағы ұлттық болмыс көрінісі» тақырыбын кең әрі өзекті етіп танып білуде, ақындар өлеңдерін кезең-кезеңге бөліп, тақырыптар бойынша топшалап, белгілі бір деңгейде қарастырылған болатын.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Тәуелсіздік ақындарының шығармашылығына сараптама жүргізе отырып, ұлттық қазақы өлеңдерінің мағыналарын ашу. Сонымен қатар, сол өлеңдердің шығу төркінін, тарихи аспектілерін, тіпті ақын өмірімен байланысын анықтау. Қазақ халқының дүниетанымында мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан салт-дәстүрлеріміздің өлеңде берілу көркемдігін нақтылау. Сауатты өлеңдерді сарқып алып, өз дәрежесінде сараптамалық анықтама беру, сонымен бірге, өлеңдердің дерек пен дәйектілігін, айтылмақ түпкі ойдың мағыналылығын танып-білу мақсат етілген. Жас ұрпаққа ұлттық болмыстағы құндылықтардан ұтымды ақпарат беретін өлеңдерді бір жүйеге жинақтау болып табылады.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері : Зерттеуді жүргізу барысында бастамаға алған еңбектер легі жеткілікті деп айтуға келмейді. Нақты тақырып аясында қарастырылған ғылыми зерттеулер бүгінгі поэзия төңірегінде болғанымен, нақтылы ұлттық болмысты дәйектейтінін жоқтың қасы деп айтуға болады. Мысалы, Сәуле Ержанованың докторлық дисертациясының тақырыбы «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері» болса, Айтмұханбетова Жанат Әскербекқызы «Мифтің поэтикадағы қызметі» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Сонымен қатар, Бағдат Кәрібозұлының «Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты» атты докторлық диссертациясында ұлттық тұрғыдан қарастырғанымен дәл бүгінгі поэзияны жеке алмай, жалпы өлеңнің сипатымен ұштастырған еңбек екендігін ескеріп, зерттеудегі ұлт пен өлеңнің өзара байланыстырған тұстарына көңіл бөлдім. Жекелей талдамалы түрде қарастырылған Ақтаева Шұғыла Берікқызының «Қазіргі ақындық поэзияның жанрлық, көркемдік-стильдік ерекшеліктері» атты еңбегін және де ұлттық таным мен болмыс, бүгінгі ақындардың жеке шығарылымдағы жыр-жинақтары, әр жылдардағы кітап топтамалары негізге алынған.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:
- ұлттық болмыстағы ақындар өлеңдері арқылы келер жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қоса, насихатқа құрылған өлең-жырлардың саны артуына ықпал ету;
- ақындар өлеңдеріне сараптамалық талдау жасау арқылы олардың деңгейлік жүйесін анықтау;
- бүгінгі поэзия өкілдерінімен қоса, енді қалам тартып жүрген жас ақындар жайында көпшілік оқырмандарға ақпарат беру;
- ұлттық, қазақи өлеңдердің авторларын анықтап, олардың қарқынына қорытынды жасау;
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қортытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, тұрады.
1 Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
1. 1 Қазіргі қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі
Дәстүр мен жаңашылдық әдебиеттанудағы ең өзекті мәселелердің қатарында саналады. Себебі ол әдебиет дамуының, өркендеуінің негізі, жалпы тіршілік дамуының тетігі. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты, бірінен екіншісі туындайды. Жаңара да жалғаса дамып отыратын әдеби процесс күрделі диалектикалық даму заңдылығына бағынады.
Дәстүр мен жаңашылдық - көне мен жаңаның, бұрынғы мен бүгінгінің аралығындағы табиғи жалғастық құбылысының заңдылығы. Табиғат құбылысы болсын, өзгеріп отыратын қоғам өмірі болсын, адамның сондай-ақ бүкіл жан-жануардың, өсімдіктің өркендеп өмір сүруі болсын, - бұлар дәстүр мен жаңашылдық құбылыстарының өзара тектес, тамырлас байланысынан туады. Әр халықтың тарихи қалыптасқан тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы бар, әдебиеті, мәдениеті, толып жатқан ұлттық өнер түрлері бар. Бұлар да белгілі заңдылықпен дамып жаңғырып отырады. Түрлі анықтамалық басылымдарда көркемдік дәстүрді өнерді дамытудағы, өткен дәуірлердің көркем тәжірибесін игерудегі сабақтастық деп қабылдайды [2, 122 б. ] . Мысалы, ХХ ғасырға дейін қазақ әдебиеті өлең сөз шеңберінде дамып келді және оның жаңадан қалыптасқан проза жанрына әсер етті. Әдебиетімізде қара өлеңнің десі басым болғандықтан, ХХ ғасырдың басында қара сөз шеберлерінің туындылары поэзияға жақын болды. Бұл турасында Ә. Дербісәлин: «Қай салада болмасын, жалпы дәстүр атаулыға тән қасиет - ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден оңай алына салмайды, ол заманалар жемісі, тәжірибелер нәтижесі, уақыт сынынан, ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік-тұрмысына жауап беру арқылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құрал» [3, 8 б. ] - деп жазады. Осы пікірге ден қойсақ, жалпы дәстүр, оның ішінде поэзиядағы дәстүр де дамиды, өзгереді, жаңарады. Бірақ бұл үшін көбінесе халықтың тіршілігінде, өмірінде, санасында, көркемдік дүниетанымында, жаңа бетбұрыс, үрдіс, даму т. б. болуы қажет. Соның өзінде байырғы, төл дәстүр аз уақыттың ішінде өзгере салмайды, ұзақ процестің, жалпы қоғамдық дамудың, сондай-ақ, өмірді, табиғатты, адамдарды жаңаша тану, бейнелеудің нәтижесінде кем-кемдеп өзгереді, жаңарады, яғни, байырғы дәстүрдің іштей түлеуі, біртіндеп жаңа сипатқа көшуі тәрізді өзгерістерді басынан өткізеді. Белгілі бір дәстүрдің белгілі бір тарихи кезеңде өзгеруі мен жаңаруы жалпы ұлттық поэзияның ұлттық сипатынан айырылуы немесе кенет өзгеше сипатқа ие болуы боп есептелмейді. Дәстүрдің бірі де, бәрі де ұлттық сипаттың ішіндегі құбылыстар. Олардың барлық жиынтығы ғана ұлттық поэзияның өзіндік дара қасиетін белгілейді. Сондықтан дәстүрдің өзгеруі мен жаңаруы жалпы ұлттық поэзияның арнасында, аясында болып жататын, оның жалпы тіршілік-тынысын, өсу қадамын танытатын, кем-кемдеп жаңа белгілерді бойына жинау тәрізді өзгерісін аңғартатын ішкі қалыпты жайлардан туады.
Жаңашылдық - дәстүрді өзгертіп, оны қайта жасау, жаңа арна қалыптастыру. Әдеби шығармаға қатысты жаңашылдық дегеніміз - мазмұн мен пішінді, яғни тақырыпты, идеяны, көтерілген мәселелерді, образдар жүйесі мен көркемдік-бейнелеу тәсілдерін жаңарту, жаңа ізденістерге жол ашу. Жаңашылдықтың негізінде көркемөнер, оның ішінде сөз өнерінің мүмкіндіктері туралы жаңа таным-түсінік, көзқарас жатады. Философиядағы «жоқтан бар болмайды» деген қағидаға сүйенсек, көркем өнердің даму үдерісінде жаңалықтар өзіне дейінгі мұраны, дәстүрді жоймайды, қайта оның кейбір элементтерін дамыта келіп, жаңаша көркемдік ізденістермен, тың дүниелермен ұштастырады. Әдебиеттің дамуы, айналып келгенде, дәстүр мен жаңашылдықтың тығыз байланысынан, өзара қарым-қатынасынан тұратыны ақиқат. Мәселен, А. Құнанбайұлы өзіне дейінгі баяғы замандардан келе жатқан шығыстың эстетикалық дәстүрі мен халқымыздың бай рухани мұрасынан сусындады, оны жоғары бағалады. М. Әуезов Абай поэзиясындағы үш арна әдеби дәстүрдің ізін атап өтеді: қазақтың төл әдебиеті, Шығыстың және Батыстың классикалық әдебиеті, орыс әдебиеті. Осы дәстүрлерден тамыр тартқан ақын поэзиясының қандай жаңа биікке шығып, өлең мазмұны мен пішінінде, өлең өлшемінде үлкен төңкеріс жасағанын білеміз [4, 66 б. ] .
Техникалық ғылымдарда ашылған жаңалықтар өзіне дейінгі дәстүрді жойса, әдебиеттің даму заңдылықтары бойынша жаңалық дәстүрлі көркемдік құндылықтарды жалғастыра дамытады. Мысалы, ХХ ғасыр әдебиетінде қазақ қаламгерлері фольклорлық дәстүр жүйесінде ерекше эмоционалдық-мазмұндық жүк арқалаған фольклорлық образдылықты эстетикалық тұрғыда өз туындыларында ұтымды пайдалана білді. Осы ретте адам мен әлемнің, табиғаттың уақыт пен кеңістік тұрғысындағы байланысын көрсететін зооморфты символиканы, яғни, көшпенділер санасында аса маңызды орын алатын қасқыр, ат, түйе, бұғы т. б. тотемдік бейнелерді атауымызға болады (Көксерек, Кербұғы, Бура, Бәйгеторы, Аруана т. б бейнелер) . Төрт түлік мал - қазақ әдебиетінде концептуалдық ауқымы кең дәстүрлі образдардың бірі. Аруана, бура бейнелері ұлттық көркемдік дәстүрімізде жиі кездеседі. Олар - шексіз ана махаббатын бейнелейтін қазақ ертегілерінің, мифтік аңыз-әңгімелердің («Бозінген», «Бота» т. б. ) дәстүрлі кейіпкері, киелі болып саналатын төрт түлік малдың бірі, қазақ дүниетанымында тұтастықтың, болмыс бірлігінің, ғарыштың символы.
Мифологиялық, фольклорлық бейнелер, сюжеттер, сарындар - ұлттық әдебиет пен өнердің қайнар көзі, ақындар мен жазушылар үшін шығармашылық бастауы. Әдебиетпен фольклордың байланысы - әлем мәдениетінің дамуындағы басты заңдылықтардың бірі. Әлемдегі қай әдебиеттің болсын шығу тегі, дәстүрі фольклормен байланысты екенін бағамдаймыз [3, 9 б. ] . Сондықтан әдебиет пен фольклордың арақатынасы - әдебиет теориясы үшін де, жеке суреткерлердің туындыларын талдағанда тұста да назар аударатын маңызды мәселе. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, бір жағынан, фольклордан алшақтай отырып, екінші жағынан, одан нәр алып отырды. Әрине, фольклорға арқа сүйеу авторлық ауыз әдебиетінде де, жазба мәтіндерде де орын алғаны даусыз. Сонау түркі заманындағы тасқа қашалған мәтіндерде, орта ғасырда қолжазба шығармаларда фольклордың әсері анық байқалады. Түйіндей айтқанда, әдебиет пен фольклордың байланысы - өте күрделі процесс, осы үдерістің тарихын, даму барысын зерттеу - әдебиеттану үшін де, фольклортану үшінде аса маңызды болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz