Тілдің қатынас қызметі
Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология департаменті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қатысым әдісінің әдіснамалық негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қазақ тіліндегі қатысым әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1.Қазақ тілін оқытудағы қатысым теориясының негізі ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Тілдік дағдыларды қалыптастыруда қатысым әдісін тиімділігі ... ...10
2 Тілді оқытуда қатысым әдісін қолдануды маңызы ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Қазақ тілін оқытудағы қатысымдық бағыт және оның тиімді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Қазақ тілін қатысым әдісі арқылы меңгерілетін құзіреттіліктер және оны оқытудың тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3 Қазақ тілін оқушыларға жеделдете оқытуда қолданылатын интерактивті технологиялардың бірі - қатысымдық ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
КІРІСПЕ
Тіл - кез келген ұлттың тарихы, ой-санасы, өмірі. Әр халықтың ана тілі тарих беттерінен өшпес үшін, сол тіл өз топырағында дамып, өркендеп қарым- қатынас құралы ретінде жұмсалуы заңдылық. Қазіргі нарық заманында өмір көшінен кейін қалмас үшін бүкіл ғұмыр бойы оқу, үйрену уақыт талабына айналды. Сондықтан, студенттерге үздіксіз білім беру, оларды оқыту, әсіресе мемлекеттік тілді үйрету маңызды болып табылады. Өйткені, болашақта мемлекеттің саясатын, оның ішінде мемелекеттік тіл саясатын жүргізетіндер, тілдік орта құрап, оны ары қарай жетілдіретіндер де - түптеп келгенде осы жас буын - жастар.
Қазақ тілін ұлты басқа шәкірттерге үйрету - күрделі іс. Сондықтан, оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап - қазақ тілін оқытып қана қоймай, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілу жолы - қазіргі кезде қазақ тілін оқыту әдістемесінде тілді қатысымдық бағытта үйрету, яғни, қазақ тілінің әлеуметтік ролін, аясын кеңейтуді осы бағытта жүзеге асыру қажеттігі маңызды болып есептеледі. Қатысым әдісінің ерекшеліктері мен тілді меңгертудегі мәні мен алатын орнын ажыратып, айқындау - қазіргі көкейтесті мәселенің бірі. Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде арнайы қарастырылуға тиісті мәселенің бірі осы - қатысым әдіс.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі білім беру саласында тілдерді оқытуда түрлі әдіс тәсілдерді тиімді пайдалануға баса назар аударылуда. Сондай-ақ оқушы тілін дамытуда қатысым әдісінің маңызы зор.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда қатысым әдісін қолдану арқылы жұмыстану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята алады.
Бұл әдіс оқушы тілінің сөздік қорының келешекте дұрыс дамуына, ойын еркін жеткізуіне, нақты, сауатты жазуында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсаты: қазақ тіліндегі қатысым әдісінің тиімділігін, негізін қарастыру. Қазақ тілін оқытудағы қатысым теориясының негізін анықтау.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
-Қатысымдық бағыттың тиімді жолдарын анықтау;
-Қатысым әдісі арқылы меңгерілетін құзыреттіліктерді табу;
-Қазақ тілін оқушыларға жеделдете оқытуда қолданылатын интерактивті технологиялардың бірі-қатысымдық ойындарды қарастыру, дәлелдер келтіру.
Дипломдық жұмысының нысаны ретінде қатысым әдісі туралы ғылыми еңбектер, мақалалар, Ф. Оразбаева, Чингизова еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Қатысым әдісінің құрылымы сараланып, шолу жасалды. Қазақ тілі сабағында қатысым әдісінің қолданылу ерекшелігі анықталып, тілді оқытудағы қатысым әдісінің маңызы айқындалды. Қатысым әдісінің тілді үйретудегі тиімді жолдарын анықталды. Қатысым әдісін қолдана отырып, сабақты тиімді ұйымдастырудың ұтымды әдістерді қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қазақ тілін оқытуда қатысым әдісін қолдану туралы жарық көрген ғылыми-теориялық зерттеулерді негізге ала отырып, қатысым әдісіне шолу жасалынды, сабақ барысында қатысым әдісін тиімді қолданудың түрлері айқындалып, жаттығу жұмыстары құрастырылды. Жұмысты қазақ тілі сабақтарында, тіл біліміне байланысты арнайы курстарда қолдануға болады. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен студенттер пайдалана алады.
Дипломдық жұмыстың әдістері мен дереккөздері. Жұмысты жазу барысында салыстыру, талдау, сараптау, жинақтау, баяндау, эксперимент жүргізу, қорыту әдістері қолданылды. Жұмысты жазу барысында тақырыпқа сәйкес ғылыми-теориялық әдебиеттер, авторефераттар, мақалалар осы жұмыстың дереккөзіне айналды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақ тіліндегі қатысым әдісі
1.1 Қазақ тілін оқытудағы қатысым теориясының негізі
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеуші педагогтардың, әдіскерлердің, психологтардың, ғылыми - педагогикалық зерттеу орталықтарының жұмыстары тілді оқыту әдістемесімен өте тығыз байланысты. Тілді оқытудың әдістемесінің түрлері көптеп кездеседі. Қазақ тілін практикалық жағынан үйретудің байырғыдан қалыптасқан әдістері - талдау, жинақтау, салыстыру, өзгерту, баяндау, әңгімелесу, жаттығу, индукция, дедукция, бақылау, бекіту, т.б. Солардың бірі оқушы мен оқытушының тілдік қатынас арқылы тікелей тығыз байланыста оқыту әдістемесі. Бұл дегеніміз қатысым теориясымен етене жақын. Сондықтан бүгінгі күнде жас ұрпаққа білім беру саласында қаншама әдіс-тәсілдердің ішінде қатысым әдісі арқылы оқытудың ойып алатын орны ерекше болып келеді [1,3]. Себебі, тілдік қатысым арқылы балалар бір-біріне өз ойларын толық әрі анық та көркем етіп жеткізуге үйренеді. Сөйлемдерді бірыңғай қайталай бермей, жинақты түрде өзара байланысқан сөз тіркестерінің негізінде құралады. Сөздік қоры молайып, тілі дамиды, дүниетанымы кеңиді, жеке тұлға болып қалыптастыруына мүмкіндігінше толық жағдай жасайды. Алған білімдерін өмірде, тілдік қатысым аясында қолдана білуге жаттығады. Бұлардың бәрі қатысым әдісі арқылы интерактивті және деңгейліу дамыта оқытумен бірге жүзеге асырылады. Бұл әдіс тілдік қатынас пен педагогиканың қосылған жігінде де жүзеге аса алады. Сол себептен тілдік қатынастың лингвистика мен педагогика салаларындағы ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.
Қазіргі заманда тілдік қатынас мәселелернің теориялық тұрғыдан гүлденуі тілдік коммуникацияның жеке ғылым болып қалыптасуына өз ықпалдастығын тигізді. Коммуникация терминінің қолданысын әмбебаптық сан салалы қырымен түсіндіріп өтуге де болады. Себебі қатынас біршама элементтерден құрылған компонент болғандықтан, коммуникация қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары тәріздес дербес пәндердің объектісі болып келеді. Қатысым теориясы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың (психология, лингвистика, мәдениеттану, этнография) коммуникативтік аспектілері мен оларға сай өзгешеліктерді қарастыра өтеді. Қатысым теориясын лингвистика мен педагогика аясында да қарастыруға болады. Ғалымдар лингвистикалық қатысым теориясы жайында Объектом лингвистической теории коммуникации выступают различные виды коммуникации. Субъектом выступает человек говорящий деп пікір айтады[2,13]. Қатысым - адамдардың қарым-қатынас жасауындағы ең басты кілт болып саналады. Қатысым қызметі мәліметті хабарлау мен тасымалдаудың тәсілдерін анықтап, байланыс мүмкіндіктерін мүмкіндігінше жүзеге асырады. Лингвистика ғылымында қатысым теориясы коммуникацияның бірнеше түрлері бар. Солардың бірі - тілсіз қарым-қатынас.Адамдардың тілден басқа қарым-қатынасының түрі тілсіз қатынас деп аталынады. Әр қилы белгілерге, қимылдарға, т.б. мұндай сипаттағы қатынастар арқылы адамдар бірін-бірі түсінісе алады. Бұндай сипаттағы қатынас түрін тілсіз қатынас деп айтамыз. Қатынастың кезекті бір түрі - тілдік қатынас түрі. Тілдік қатынас дегеніміз - ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде ғана пайдаға асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі әлеуметтік-қоғамдық процесс [3,50]. Тілдік қатынас ең кемінде екі адамның қатысы арқылы ғана жүзеге асырылады. Оны тілдік қатынасты зерттеуші ғалымдардың баршасы атап өтеді. Бірақ бір ескертетін мәселе: тілдік қарым-қатынас, пікірлесу екі адамның арасындағы ғана емес, екі топтың арасында немесе бір адам мен ұжымның, яғни топтың арасында болады. Бұл тілдік қатынастың жеке хабаршы және қабылдаушымен ғана бөгеліп қалмай, хабаршы мен қабылдаушының сан алуан болып кездесетіндігін көрсете біледі [3,50-51].
Тіл- адам ойын білдіретін қарым-қатынастың құралы. Қатысым аясындағы тілдің рөлі лингвистикалық коммуникация теориясының объектісі болып табылса, ал субъектісі- сөйлеуші адам, ол сөйлеу арқылы қарым-қатынас орнатады. Қатысым барысындағы тілдің басымдылығын Ф.Ш.Оразбаева: Қарым-қатынас - тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы - тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да - тіл деп көрсетеді[1,259]. Және оның мағынасын төмендегіндей етіп ашып береді. Ғалым тілдік коммуникация жайлы мәселені қарастырмастан бұрын коммуникация немесе коммуникативтік терминдерін қандай мағынаны білдіретінін, қалай қолданылатындығы жайында айтады. Қазақ тіл біліміне байланысты шыққан еңбектерді саралай келе коммуникатив деген терминді тілшілер қоғамдық-әлеуметтік қызметіне байланысты қолданғанымен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ деген пікірге келеді [2,36]. Адамдардың арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұғымды білдіру аясында бұл сөздің мағынасы біршама ұлғаяды. Сонымен қатар коммуникация, коммуникативтік термині соңғы жылдары лингвистика саласында ғана емес, одан басқа да барлық ғылым салаларында молынан қолданылып келеді. Бұл сөздің тілге, сөйлеуге байланысты алғашқы қарым-қатынас тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда ашыла түсті. Мысалы, тілдік коммуникация тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық коммуникация қоғамдық байланыс, қоғамдық қарым-қатынас дегенді білдіреді, ал саяси коммуникация саяси өмірдегі байланыс, саясатқа тікелей қатысты қарым-қатынас дегенді білдіреді. Коммуникативтік терминіне қатысты зерттеу еңбектердің қай-қайсында да оның қарым-қатынастың құралы, сөйлеуге байланысты қасиеті айтылады. Мұның өзі сөздің, ең алдымен, тілдік қарым-қатынасқа, екіншіден, адамдардың өзара ұғынысуына, бірін-бірі түсінуге негізделетінін дәлдейді. Коммуникация көмегімен адамдар бір-біріне ойын айтып, белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймайды, сонымен қатар олар өзара түсініседі, пікір алмасады, бірінің ойын екіншісі ұғынысады. Екі адамның бірінің жанын бірі ұғуы бір топтың түсінісуіне, ал топтың пікір алмасуы қоғамның дамуына жол бастайды. Осындай жүйеден бастап, адамзат тілінің әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік функциясы байқалады, коммуникативтік терминінің әлеуметтік сипаты осыдан келіп шығады [2,38]. Коммуникативтік терминінің тілдің қызметіне қатысты білдіретін мағынасы І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың Лингвистика терминдерінің орысша-қазақша сөздігінде толығымен айтылған. Коммуникативная функция предложения - сөйлемнің коммуникативтік функциясы (лат. сom-munication - қатынас, байланыс, сөйлемнің байланыстық қызметі). Коммуникативная функция языка - тілдің коммуникативтік функциясы. Тілдің қатынас қызметі. Тіл - адамдардың бір-бірімен сөйлесіп, пікірлесетін қатынас құралы [4,81].Терминнің тілге қатысты мағыналық өзгешелігі лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте одан әрі қарай айқындала түседі: Коммуникация (лат. Communication ot communico - делаю общим, связываю, общаюсь) - общение, обмен мыслыми, сведениями, иедями и т.д. специфическая форма взаимодействия людей в процессе их позновательно-трудовой деятельности[5]. Сол сияқты Р.А. Абузяров пен З.И. Туеваның орыс тілін оқытудағы арналған еңбектерінің жүйесінде берілген лингвистикалық және методологиялық терминдердің қысқаша сөздігінде Коммуникация - сообщение, общение. Коммуникативный принцип заключается в обучении русской речи как средство общения в наиболее типичных коммуникативных ситуациях. Коммуникативные ситуации - ситуации общения деген анықтамалар жазылған [6,8]. Адамзат коммуникацияның хайуанаттар коммуникациясынан басты өзгешелігі - оның тіл арқылы жүзеге асатындығында. Коммуникациялық қызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудің айқынды тірегіне айналды [7,155]. Сөйлеу актісі тілдің негізгі факторы болып білінеді. Тілдік бірліктердің осы өзгешеліктерін сөйлеу актісі аясында қарастырып оның қатысымдық мәнін ашып көрсетеді. Қатысым теориясы қоғамдық құбылыстарды, заттарды, қоршаған табиғатты тілдік бірліктер арқылы коммуникативтік тұрғыдан тұжырымдайды, қатысымдық мазмұн мен форманың ғылыми өзгерістерін береді. Сол себепті де сөйлеу актісіндегі тілдік бірліктердің қатысымдық бірліктерге ауысу құбылысы ақпараттың мазмұн мен форманы жинақтауынан, яғни кодталуынан байқалады. Кодталу - баяншы санасындағы жеткізілуге міндетті мәліметтердің тілдік бірліктер (лексикалық, семантикалық, қатысымдық) мен формасына (сөзжасамдық, грамматикалық) жүйеленіп берілуі. Тілдік қатынас сөйлеу актісі бойынша жүзеге асады. Шетел және орыс тіл білімінде сөйлеу актісінің теориялық негізі мол жүйеде зерттелуде. Бұл мәселенің күн тәртібіне қойылуы Дж. Остин, Дж.Серль, П.Грайс, Л.Медведева, А. Вежбицкая, В.В. Богданов, Г.О. Почепцов, Ю.Д. Апресян және т .б. ғалымдардың аттарымен байланыстырылады. Олар бұл қиын құбылысыты жүйелеуге, жіктеуге тырысып, әр қилы коммуникативтік модельдің түрлерін ұсынды. Қатысым әдісінің басты мақсаты - тіл үйренушілерімен тығыз тілдік қатынаста болу. Ол қатынас тілді оқытушы мен тілді үйренушілер арасындағы диалогте байқалады. Ал диалог оқу, айту, тыңдау, жазу процестері арқылы жүзеге асырылады. Қазақ тілі әдістемесі ғылымында қатысым әдісінің іргетасын қалаған Ф.Оразбаева қатысымдық әдістің өзіне тән ерекщеліктері бар екендігін көрсете келе, қатысымдық әдістің ең басты айырмашылығы ретінде оның екі үлкен ғылымның басын қосып отыруын және қатысымдық әдістеме ұғымының пайда болуын анықтайды. Оның бірі - лингвистикада, екіншісі - әдістеме ілімі. Әдістеме ілімінде әдістің қаншалықты маңызды рөл атқаратынына ешкім күмән келтіре алмайды. Тілдік қатынас жайлы мәселе соңғы жылдары тіл білімінде жеке ғылым ретінде бөлініп шығып, арнайы категория тұрғысынан зерттеле бастады. Тіптен осының аясында қатысымдық лингвистика, қатысымдық әдістеме деген ұғымдар пайда болды [3,147]. Сондай ақ ғалым Ф.Оразбаева қатысымдық әдістің ерекше алты түрлі бөліктерін көрсетті. Олар:
1. Қатысымдық әдіс кем дегенде екі адам мен топтың, бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз қарым-қатынастың немесе белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады.
2. Қатысымдық әдіс оқушы мен оқытушының әрқайсысының өзіне тән міндеттері бөлек болып, ал олардың алдарына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етеді.
3.Қатысымдық әдіс үйренуші мен үйретушінің бір-бірімен пікір алмасуын, тіл арқылы сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның, бір ұлт пен екінші ұлттың өзара түсінісуіне жол ашады.
4.Қатысымдық әдіс оқыту жүйесіндегі бірнеше тиімді тәсілдерді және амалдарды біріктіреді. Солардың ішінен бәріне ортақ қасиетке ие болатын біреуі басты өзек, жетекші кілт болады.
5.Қатысымдық әдістің басты белгілернің бірі - тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұндай оқу сырттай немесе жеке-дара күйде іске аспайды, адамдырдың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
6. Қатысымдық әдіс арқылы белгілі бір тіл туралы білім бермейді. Қарым-қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни, сол тілде сйөлеу үйретіледі [3,147-148].Және оған мынадай анықтама бере кетеді: Қатысым әдісі дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән нақты белгілер мен қағидалардың жүйесінен құралатын; тіл үйретудің оңтайлы жолдарын байланыстыра кетіп, тілді қарым-қатынастың құралы ретінде іс - жүзіне асыратын әдістің түрі [3,148].
Оқушылар мен мұғалім ара-қатынасындағы осындай еркіндік пен өзара теңдік бір-бірімен тығыз астарласып кеткен танымдық, қатысымдық байланысты жүзеге асырып, оның әлеуметтік қыры мен ішкі мазмұн-мағынасын бірге игеру. Әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну басты мақсат болып отырғаны барлығына белгілі.
1.2 Тілдік дағдыларды қалыптастыруда қатысым әдісін тиімділігі
Тіл үйренудің тиімділігін арттыруда оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім әрекеттерін қатар ұйымдастырудың маңызы зор.
Белгілі әдіскер Ф.Оразбаева қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың:
oo тұтастық (оқу, жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру);
oo сөйлесімге қатысты басты ережелерді меңгеру;
oo грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуга үйрену;
oo сөйлесімнің түрлерін меңгеру;
oo ынталандыру;
oo сөйлесуге қатысты ішкі күшті пайдалану;
орта мен жағдайды ескеру принциптерін ұсынады.
Қатысымдық әдiстiң өзiндiк белгiлерi мыналар:
oo қатысымдық әдiс кем дегенде екi адамның немесе бiр адам мен топтың, бiр топ пен екiншi топтың арасындағы тығыз қарым-қатынастың немесе белсендi iс-әрекеттiң жүзеге асуы нәтижесiнде болады.
oo қатысымдық әдiс оқушы мен мұғалімнің әрқайсысының өзiне тән мiндеттерi бөлек болып, ал олардың алдарына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етедi.
oo қатысымдық әдiс үйренушi мен үйретушiнiң бiр-бiрiмен пiкiр алма суын, тiл арқылы сөйлесуiн қамтамасыз ете келiп, адам мен адамның, бiр ұлт пен екiншi ұлттың өзара түсiнiсуiне жол ашады.
oo қатысымдық әдiс оқыту жүйесiндегi бiрнеше тиiмдi тәсiлдердi және амалдарды бiрiктiредi. Солардың iшiнен бәрiне ортақ қасиетке ие болатын бiреуi басты өзек, жетекшi кiлт болады.
Қатысымдық әдiстiң басты белгiсiнiң бiрi - тiлдi үйретудi күнделiктi өмiрде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда адамдардың iс жүзiндегi өзара iс-әрекетi үстiнде, ауызба-ауыз сөйлесуi, тiлдесуi арқылы болады.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол -- жаңадан жаңаны табатын өнер- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден -- бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым -- баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі -- оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу- бүгінгі таңның басты мәселесі. Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:
-- оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы;
-- іскерлік дағдысының дамуы;
-- өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;
-- өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы;
-- мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
-- ойлау белсенділігінің артуы;
-- шығармашылық дағдысының қалыптасуы;
-- өзіндік пікір айтуы.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы - жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.
-- мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді;
-- оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;
-- оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;
-- оқушының өз-өзіңе деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет. Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын өзіңе аударуға бар күш-жігерін жұмсауы керек.
Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;
-мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
-тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
-мәтін бойынша жоспар құру;
-тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
-мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу
-мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
-мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
-ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
-мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
-мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
-ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;
Оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
-сөздердің орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;
-газет-журналдарға шағын хабарламамақала жазу
-белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тілдік дағдылардың қалыптасу қағидалары:
-оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қағидасы;
-ортақ тақырыптар аясында пәнаралық байланысты жүзеге асыру қағидасы;
-оқу әрекетін қалыптастыруды оқушы дамуының басты шарты ретінде қарастыратын дамыта оқыту қағидасы;
-оқушылардың қимылдық, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділігін және өз беттерімен жұмыс істеу біліктерін дамыту қағидасы;
Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған қосымша беріліп отырған дискісі мен №1,2,3 жұмыс дәптерлері үлкен ықпалын тигізіп жатыр.
Туындап жатқан өзекті мәселелердің бастысы материалдық базаға байланысты, себебі, барлық сыныптарда компьютерлер мен интерселсенді тақталар орнатылмаған.
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ - ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге арналған бағдарлама.
Оқушыларға қазақ тілінен тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен айтылым,тыңдалым,оқылым,жазылым әрекеттеріне баса назар аудару керек. Оқушылардың сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту. Оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру. Бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн.
Айтылым , жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын дамытуда , тілді еркін игеріп,қарым-қатынасқа түсе алады. Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
Қазіргі кезеңде өзекті мәселе ретінде мемлекеттік тілді үйрету болып табылады. Яғни, өзге ұлт өкілдеріне қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын таба білу және оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.Сонымен қатар алдымызда отырған оқушылардың Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілікті сезіну.
Сабақ барысында cыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән беремін, нәтижесінде оқушыларымның өздерін сабақ барысында еркін ұстауын байқадым. Сондықтан сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, Шаттық шеңбер әдісін пайдаланамын. Бір-біріне жақсы тілек айту кезінде олар өздерін еркін және сенімді ұстауды үйренді. Ал сабақ барысында олар бір-біріне құрметпен қарайды. Бірін-бірі тыңдауды үйренеді. Балаға не үйретсең соған бейім келмей ме? Қажымай еңбектенудің арқасында сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс пайдалана отырып, сыни ойлауға, топта бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрете білдім. Үй тапсырмасын тиянақтауда не білетінін анықтау үшін Үш сөйлем әдісін пайдаланамын. Осы әдіс арқылы ойын ашық, еркін түрде жеткізе алатындықтан өз тиімділігін көрсетті. Сабақ жоспарын құру кезінде сабақ мақсатына жету үшін Не істеймін?,Не істеу керек?- деген сұрақтарға жауап іздеймін. Осы сұрақтардың төңірегінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Оқушыларды топқа бөлудің түрлі тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады. Топқа бөліп оқытудың бір артықшылығы үлгерімі орта, тұйық оқушылар топтың басқа мүшелерімен диалогқа түсе отырып, өздерінің білмейтіндіктерін үйрене отырып, көшбасшылық қасиеттері ашылады.
Топтық жұмыстардың артықшылығы:
-оқушылар өзара достық қатынаста болады, бір-бірінен сұрай отырып, білімдерін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігі артады. Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.Сабақ бойы оқушылардың барлығы дерлік іс -- әрекет үстінде, жұмыс жасау, іздену үстінде болады. Мұғалім осы іс әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы болады. Оқушылардан да соны талап етеді. Жаңа сабақ кезеңінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін түрлі сөзжұмбақтар, ойын түрлерін пайдаланамын. Сабақ барысында оқушыларбір-біріне түсіндіреді, топта талдады, зерделеді, өздері ұйымдаса отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа тақырыпты ойлары мен пікірлерін постер қорғау арқылы дәлелдеп шығуға тырысты. Топтық жұмыс жасау кезеңінде 3 топқа мынадай тапсырма беру арқылы постер қорғады.Оқушылардың өздерінің талқылауына берілген сабақ оқушылардың өз идеяларын жеткізе алуына көмектесті. Аталған стратегиямен жұмыс жасау маңыздылығы ыңғайлы әрі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына негізделген болатын.Топтық жұмыс барысында Ой қозғау, Миға шабуыл стратегиялары арқылы оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін тағы да ой елегінен өткізіп, білетін ақпаратты еске түсіріп, білмейтіндерін есте сақтап, жұмыс жасайды. Орыс мектептерінде қазақ тілі сабақтарында Екі жақты күнделік, Аквариум, Топтастыру, Айналым стратегияларын қолданудың маңызы зор. Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету. Оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір -- біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Сабақта Топтау, Түртіп алу, Ойлану, Жұпта талқылау, ББҮ стратегияаларын қолдану оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында тиімді жаңа әдіс-тәсіл-диалогтық оқыту. Диалогтық бөлімдегі сабақтарда сұрақ-тапсырмаларға жауап беру, жекелеген, топтық іздендіру жұмыстары: жаттығу орындау, бірін-бірі тексеру, реферат, тест сұрақтарын әзірлеу, әңгіме құрау, мәнерлеп оқу, танымдық ойындар құрастыру, сызба дайындау -- бала білімін оқушылық деңгейге деңін көтеруге мүмкіндік туғызады. Орынды пайдаланған оқыта-үйрету ойындар мен топтық, жұптық жұмыстар қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеуіне мүмкіндік туғызады.. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -- білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей алатын болса, жаңашыл педагогтар шеберлігі арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы одан әрі артатыны сөзсіз.
Айтылым - оқушылардың белсенді сөздік қорын қалыптастыруға, әрбір үйретілген сөзді тұрақты түрде есте сақтауға, сөз бен сөзді дұрыс тіркестіруге, байланыстыра сөйлем құрау заңдылықтарын меңгеруге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, оқушының өзге тілді қабылдау деңгейін анықтауға мүмкіндік жасайды. Айтылым арқылы оқушылар жеңілден қиынға қарай бет бұру арқылы тілдік қатысымдылыққа үйренеді. Сөйлеу тіліне қарай алғашқы жол ашылады[3].
Сонымен, қатысымдық әдіс мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтып, бір-бірімен еркін тілдесуге жол ашады. Қатысымдық әдіс арқылы оқушы тілдік әрекеттің барлық түріне жаттықтырылады. Мәселен, сұрақ қоя білу, сұраққа жауап беру, көрген, білген жайларды әңгімелеп айтып беру, суреттің мазмұнын әңгімелеу, өз қиялын, арманын айта білу, экскурсияларда көргенін әңгімелеу, оқыған мәтін мазмұнын баяндау, достарымен, мұғаліммен әңгімелесу секілді сөйлеу әрекеттеріне оқушы қатысымдық әдіс арқылы үйретіледі.
Оқушылардың сөйлеу дағдыларын меңгертуде тыңдалым мен оқылымның алар орны ерекше. Бірі бастаушы, екіншісі жалғастырушы. Тыңдалым мен оқылым сабақтың кез келген кезеңінде іске асатын әдіс. Тыңдалым мен оқылым арқылы мұғалім оқушылардың ойлануын, өз бетінше жауап беруін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушының тіл байлығының молаюына көмегін тигізеді.
Қатысымдық әдіс арқылы оқушылардың субъектілігін қалыптастыруға байланысты жүргізілген жұмыс түрлері: оқушылардың айтылым мен жазылым қатынасын қалыптастыруға сөйлеу дағдыларын дұрыс меңгеруге
жеке тұлғаның субъект ретінде дамуына ерекше ықпал ететінін көруге болады.
Осылайша қатысымдық әдіс оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне көмегін тигізеді[5].
Қатысымдық әдіс белгілерінің сабақ беру барысында толығымен іске асуы оқытушының шеберлігімен тығыз байланысты. Осы орайда, Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының Қай әдіс жақсы мақаласында Әдіс - керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай, - деп айтқаны оқытушының тек білімді болып қана қоймай, шебер әдіскер болуына шақырады. Әрине, шеберлік бірден келе қоймайды, ол үлкен ізденістің, еңбектің жемісі. Тіл үйретуде әр оқытушының алдында мынадай міндеттер қарастырылады:
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қатысымдық әдісті әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы мысалы, сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрақтарға толық жауап беру; сұрақ қоя білу; әртүрлі тақырыпта жағдаяттық сұхбаттар құрастыру; толық, толық емес сұхбат түрлері; сұхбаттан монолог, мәтін құрастыру;
Сонымен қатар іскери топтық жұмыстар жүргізу. Мысалы, берілген тақырыпта бір студент баяндамашы болады, бір студент сарапшы, бір студент баяндамашыны марапаттайды, бір студент қателіктерін айтады, қалған студенттер тақырып бойынша екіге бөлініп, бірі: -Мен сізбен келісемін, ..., екіншісі: -Мен сізбен келіспеймін, деп, сабақ соңы пікірталасқа айналып, тіл үйренуші студент тілдік бірліктерді меңгере отырып, қатысымға түсіп, сөйлеуге дағдыланады.
Әрине, сабақ бір ғана ойынннан немесе бір ғана әдістен тұрмайды. Сабақты түрлендіріп, студентті жалықтырмайтындай, керісінше олардың қызығушылығын арттыру, тілге деген сүйіспеншілігін ояту - бұл әрине, оқытушының ізденуін, әдістемені терең меңгеруін, әркез жаңашыл болуын талап етеді.
Қазір техниканың жан-жақты даму заманында сабақта техникалық құралдарды қолдану, әсіресе интерактивті тақтаны қолдану, компьютерлік сабақтар өткізу, бейне таспаларды қолдану да қатысымдық әдістің бір тармағына жатады. Сонымен қатар қатысымдық әдісте әдістемеде, оқыту үрдісіндегі оқылым, тыңдалым, жазылым, сөйлесім әректтері міндетті болып қарастырылады.
Дегенмен, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы мақсат - сөйлеу іскерлігін қалыптастыру, яғни қатысымға шақыру. Тілді үйретудегі ең бір қажет нәрсе тіл үйренушіге жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру. Мысалы:
Жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру
Оқыту үрдісінде оқытушы сөйлесу жағдаяттарын тіл үйренушінің өміріне жақын, дүниетанымына таныс, оның аксиологиялық құндылықтарына сәйкес, жеке тұлға ретінде ортамен қарым-қатынасын әр түрлі жақтан аша алатындай мазмұнда берілгені дұрыс. Ұсынатын тақырыптардың мақсаты тіл үйренушіге айқын және жақын болуы тиіс. Оқытушы сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, сөйлеу мақсаттарының түрлері мен тілде оны жеткізуге бейімделген тіл бірліктерінің жүйесін білгені дұрыс. Олар: уәде беру, дәлелдеу, рұқсат ету, мақұлдау, кешіру, болжау, ескерту, дәлелдеу, бас тарту, қарсы шығу, келісу т.б. Тіл үйренуші студентке сөйлеу мақсаты айқын болса, ол өз сөзінің стратегиясын анықтайды.
Мысалы, тапсырма. Қазіргі таңда қандай мамандық өте қажет деп ойлайсың? Өз ойыңды дәлелде.
Пікірлер әр түрлі болады. Алайда әр сөйлеуші өз ойын дәлелдеуге тырысады. Сөйлеуші өз сөйлеу стратегиясын, өз ойын дәлелдеуге құрады. Дәлелдеу - сөйлеудің негізгі мақсаты болады.
Мысалы, тапсырма. Сіз шетелге оқуға бара жатырсыз. Өз қалаңыз туралы ақпарат беру үшін өзіңізбен бірге нені алып барар едіңіз?
Мысалы, тапсырма. Сізге жыл оқытушысын анықтау үшін сауалнама сұрақтарын құрастыру тапсырылды. Алғашқы 5 сұрақты қалай берер едіңіз? Бұл тапсырма студенттің пәнге, оқытушыға деген қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Тіл үйренушінің, студенттің өзіне, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын көрсететін осындай мазмұндағы тапсырмалар, жаттығу жұмыстары ретінде емес, уәждеме туғызушы сөйлеу актісі ретінде қолданады. Сөйлеу жаттығулары тіл үйренушіні табиғи сөйлеуге шығарып, уәж, психологиялық қозғау туғызуы қажет. Сонымен қатар тапсырма мазмұнында тіл үйренушінің, студенттің қажеттілігі мен қызығушылығын ескеріп отыру қажет. Ол студенттің белсенділігін арттырады.
Қандай да болмасын тілді оқу, тану екіжақты сипатта болатыны белгілі. Біріншіден, оқылатын тілдің құрылымы, яғни оның фонетикалық ерекшіліктері, лексикалық құрамы, грамматикалық категориялары. Екіншіден, тілді оқу - оны үйренумен байланысты болады. Бірінші жағдайда тілді танушы сол тілдің жүйесімен танысса, екінші жағдайда ол сол тілде өз ойын білдіруді, сөйлеуді үйренеді. Осы жайтты қатысымдық әдіс мақсатқа ала отырып, лексикалық тақырып пен грамматиканы байланыстырып отырады.
Оқытушының негізгі мақсаты - тіл үйренушіні сөйлеуге үйрету, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тіл мәдениетін көтеру. Студенттерді сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.
Жалпы түрде жинақтап айтсақ, бұл әдістің бәріне тән ортақ мақсат - сөздің қолданылу ерекшеліктері мен мағыналарын түсіндіру, тілдің грамматикалық құрлысын меңгерту, ауызекі сөйлеу тілінің сөздік қорын үйрету. Бұл әдісті қолданудың нәтижесінде студенттің сөз байлығы дамиды, дұрыс сөйлеу қабілеті артады, тілдік тұлғаларды дұрыс оқып-жазуды игереді, олардың сөйлеу шеберлігі қалыптасады:
2 Тілді оқытуда қатысым әдісін қолдануды маңызы
2.1 Қазақ тілін оқытудағы қатысымдық бағыт және оның тиімді қолдану
Қазақ тіл білімі саласында шыққан еңбектерде коммуникатив деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кезігеді. Тілшілердің кітаптарында осы термин тілдің қоғамдық- әлеуметтік жұмысына байланысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына анықтама беріп, зерттеу жүргізілмеді.
Тілді үйретуге байланысты әдісті айтқанда, жеке зерттелуге тиісті мәселенің бірі- қатысым әдісі.
Қазақ тіл білімі cаласында қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалап шығарды. Ғалым: Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен шарттылықтардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің оңтайлы жолдарын байланыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі, - деген анықтама берді [1, 8].
Қатысымдық әдісті зерттеу орыс және шет тілдерін оқыту әдістемелерінде біршама жетістіктерге жетті деп айтуға болады. Тілді оқыту жүйесінде қатысымдық әдіс жайлы мәселе қозғаған тілші-әдіскер - Е.И.Пассов болатын. Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне қатысты бірталй белгілерді анықтап шығарады. Мұндай белгілер мыналар болып келеді:
1. Әрбір оқыту әдісі бір мақсатқа жетудің құрамы болып саналады. Қатысымдық бағыттың негізгі мақсаты - сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.
2. Әдісті оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сол себепті де ол оқытудың шартына тәуелді болмайды.
3. Оқыту әдісінің аумағы ауқымды, сол себепті сөйлеу әрекетінің қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары қарастырылады.
4. Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. Басты идея методолгоиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы барша мәселелердің басын біріктіреді.
Қатысымдық бағыт о баста тілді жеделдете оқытудың басты әдісі ретінде қалыптасты. Ол дайын сөйлемдерді жаттатқызу, тілдік материалды саналы түрде меңгермей, көбінесе ойланбастан қайталауға негізделгенмен, бірте-бірте оқыту мазмұны, әдіс-тәсілдерді өзгертіп, толықтырып отырды.
Қатысымдық әдістің сипаты: Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде ұйымдастырылады; Ана тілі мүлдем қолданылмайды; Грамматика мен лексикалық минимум индуктивті түрде беріледі; Тіл үйренушілер мәтінді таспаға жазып алып, қайта тыңдап, негізгі таспамен саралай отырып, айтылым дағдысын қалыптастырады; Белсенді өзара әрекет жаттығулары қолданылады[8, 10-12].
Қатысымдық әдістің сипаты:
1.Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде ұйымдастырылады;
2.Ана тілі мүлдем қолданылмайды;
3.Грамматика мен лексикалық минимум индуктивті түрде беріледі;
4.Тіл үйренушілер мәтінді таспаға жазып, қайта тыңдап, негізгі таспамен салыстыра отырып, айтылым дағдысын қалыптастырады;
5.Белсенді өзара әрекет жаттығулары қолданылады.
Жүргізу тәсілдері:
1.Таспада жазылған мәтінмен коммуникацияға түсу;
2.Тәжірибені қайтадан жаңғырту;
3.Тіл үйренушінің дыбыстауын таспаға жазып алып, қайта тыңдау;
4.Оқытушы-компьютер өзара байланысы;
5.Топтық, жұптық жағдаяттық тапсырмалар.
Қатысымдық бағыттағы оқу үдерісіне басты қатысушылар - оқытушы мен тіл үйренуші. Оқытушы - тіл үйренушінің әрекетін бақылаушы, түсіндіруші, ақыл-кеңес беруші, реттеуші, ал тіл үйренуші - қарым-қатынасқа түсуге бар ынтасымен ұмтылушы, ізденуші, жүйелі әрекет иесі. Олардың арасындағы субъект-субъектілік қарым-қатынастар ынтымақтастыққа және тең құқықты сөйлеу серіктестігіне негізделіп келеді. Тіл үйренушінің іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы - оның мықты оқу уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлеу әрекетінің түрлері тіл үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға бағытталуға тиіс.
Қатысым уәждемесінің қалыптасу жолдары:
1. Үйренетін тілде телебеғдарламалар көру, радиобағдарламалар тыңдау, оларды талдау;
2. Көркем әдебиет оқу, оқығаны жайлы әңгімелесу;
3. Сол тілдің әйгілі өкілдерімен кездесу, әңгімелесу;
4. Сол тілде ғана сөйлеуге арнайы жазғы лагерлер ұйымдастыру;
5. Оқу процесін жеделдету;
6. Жүйелі бақылау және проблемалармен жұмыс жасау;
7. Интерактивті оқыту әдістерін пайдалану;
8. Оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кіргізу [1, 30-35].
Айтылып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзекті нәрсе - қатысым болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, Е.И.Пассовтың пікірі бойынша, қатысымдық әдістің ішкі мәні, басты мазмұны оның принциптерін айқындауға байланысты шешілмек болып тұр. Ол мұндай принциптердің бес түрін атап көрсетеді:
1.Сөйлеу-ойлау белсенділігі ұстанымы;
2.Жекешелендіру ұстанымы;
3.Функционалдық ұстанымы;
4.Жағдаят ұстанымы;
5.Жаңашылдық ұстанымы.
Аталған принциптердің қай-қайсысы да қатысымдық әдістің нақты өзгешеліктерін көрсетеді. Әдістемелік қағидалардың жүйесі бұл мәселенің күрделі екенін аңғарта келе, барлық белгілер мен принциптерді бір-бірімен ұштастыра, тығыз бірлікте жұмсамаса, әдістің тиімділігі азаятындығын байқатып көрсетеді.
Қатысымдық әдіске тән жоғарыда аталған принциптердің маңызын жоққа шығаруға болмайды. Олар- шет тілін немесе екінші тілдерді жүйесінде кеңінен белең алған және соңғы жылдары көп сөз бола бастаған орыс тілі мен шет тілін оқытуда оңтайлы болғанымен генеоологиялық түбі бөлек қазақ тілін үйретудің өзіндік өзгешеліктері бар[8, 28 ].
Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту жүйесінде анықтала бастаған мынадай принциптерді атап айтуға болады:
1. Тіке байланыс.
2. Адамның жеке қабілетін ескеру.
3. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау.
4. Сатылап даму.
5. Динамикалық өзгеру.
6. Өзектілік.
Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдісті пайдаланудың ең оңтайлы жолы- оның тіке байланысқа телініп, адам мен адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында.
Тіке байланыс принципі бойынша оқыту жүйесі адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-қатынасы бойынша болады. Бұл- қатысымдылық әдіс арқылы ғана жүзеге асатын өзгешелік. Себебі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz