Иілік заттарды анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан РеспубликасЬІ білім және ғЬІлЬІм министрлігі

  1. А. БайтұрсЬІнов атЬІндағЬІ Қостанай мемлекеттік университеті

Экономика және қарж ЬІ кафедрас ЬІ

КурстЬІқ жұмЬІс

ТақЬІрЬІбЬІ: « Өсімдіктер»

ОрЬІндаған:

Жетекші:

Курст ЬІ қ жұм ЬІ ст ЬІ қорғау

өткізілді ___ 2020_ж.

бағас ЬІ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. ӘДЕБИ ШОЛУ . . .

1. 1 Шипалы өсімдіктер тарихына сипаттама. .

1. 2 Ащы жусанның ботаникалық сипаттамасы . . .

1. 3 Шипалы өсімдіктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттар……

1. 3. 1 Иілік заттар

1. 3. 2 Флаваноидтар

1. 3. 3 Органикалық қышқылдар

1. 3. 4 Сапониндер . . .

1. 3. 5 Дәрумендер. . . . .

1. 3. 6 Көмірсулар.

2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

2. 1 Сарамандық жұмыстардың әдістeмeсі . . .

2. 1. 1 Ылғалдылықты aнықтау. .

2. 1. 2 Күлділігін aнықтау . . .

2. 1. 3 Көмірсуларды бөліп алу және анықтау . . .

2. 1. 4 Сапониндерді анықтау . . .

2. 1. 5 Флаваноидты aнықтау . . .

2. 1. 6 «С» дәруменің анықтау

2. 1. 7 Органикалық қышқылды анықтау

2. 1. 8 Иілік заттарды анықтау . . .

2. 2 Тәжірибедегі алынған нәтижелерді талдау . . .

Қорытынды. .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. .

Кіріспе

Өсімдіктер дүниесі адам өмірнің тіршілігінде маңызды орын алады. Өcімдіктeр әлeмі aдамғa бaйлық рeтіндe емдік өcімдіктерді сыйлaғaн. Ерте кезден-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктердің түрін анықтап, зерттеп, оларға атау беріп сабақтарын, жапырақтарын, гүлдерін, өсімдік тамырын дәрілік заттарға, дәндерін, жемістерін азыққа, терілерді өңдеуге, әртүрлі заттарды бояуға пайдаланған. Өсімдіктер өмірінде жағдайдың Өсімдіктің емдік қасиеті туралы толық мағлұматтар ұрапақтан - ұрпаққа мұра ретінде беріліп отырған.

Химиялық қосылыстардың әртүрлі кластары яғни, флавоноидтар, витаминдер, иілік заттар, органикалық қышқылдар, көмірсулар бір өсімдіктің құрамында болатындықтан белгілі бір ауруға байланысты қасиеттерін анықтау қиын болады. Химиялық қосылыстардың әр түрлі кластарына сай емдік эффект байқалады да олар қосылып белгілі бір жаңа активті түрлерге ие бола алады.

Ертеде адамдар аурудың алдың алу мен емдеу үшін табиғаттың байлықтарын қолдануда. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттерін Ежелгі Египет, Үндістан, Қытай, Греция және тағы басқа елдердің емшілері мен ғалымдары толық зерттеген. Дәрілік шөптер аймағы әлі де толық зерттеліп үлгерген жоқ. Қазақстанның өсімдіктер әлемі пайдалы өсімдікке бай, олардың ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орыны бөлек. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талаптар да біршама қарқынды өсті.

Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктер кеңінен қолданысқа енген, оларды медицинада ғана емес, өнеркәсіптің басқа салаларында қолданылады.

Медицина пайда болғаннан бастап қазіргі кезге дейін адамдар емдеудің көптеген әдістері мен тәсілдерін байқап көрген . Емдеу тәжірибесінде медициналық білімдерін жетілдіру дәрежесіне қарай жаңа емдеу тәсілдері пайда болды, бірақ олардың тек кейбіреулерге ғана уақыт өте келе сыналып, қазірге дейін сақталып, емдік мақсатта қолданылып келеді. Қазіргі кездің өзінде де табиғаттың емдік байлықтарымен емдеу көп қызығушылық тудырады, себебі көптеген дәрілік өсімдіктердің терапевтикалық құндылығы жоғары болып келеді және ғылыми медициналық жолдармен мойындалған. Дәрілік өсімдіктерде алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстары қарқынды дамып жатыр жәнеде соңғы жыдары елімізде, сонымен қатар алыс аймақтарда дәрі -дәрмекке деген сұраныс артты.

Тақырып өзектілігі: Қазіргі уақытта табиғаттан алынған дәрілік өсімдіктерге қатты көңіл бөлінуде және оларға сұраныстар өте көп. Табиғатта дәрілік өсімдіктердің қорын сақтау үшін, оларды дұрыс пайдалана білу қажет, ол үшін өсімдіктердің сыртқы түрлермен ғана шектелмей, олардың даму жағдайларын, емдік қасиеттерін, қолданылуын, ең мәселе өсімдіктерді дұрыс жинай білу ережелерін және де мерзімін білу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: халық медицинасында кеңінен қолдау тапқан, Қазақстан аймағында өте көп тараған ащы жусанның химиялық құрамын және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері :

1. Ащы жусанның химиялық құрамы, ботаникалық сипаттамасы, қасиеттері мен ерекшеліктері туралы түрлі әдеби кітаптарды жинап, жүйелеу;

2. Зерттелуге алынған сынамалардың ылғалдылық, күлділік, органикалық қышқылдар, С дәрумені, флавоноидтар мен сапаниндердің, минералдық және иілікті заттарды сандық және сапалық құрамын анықтау;

Дипломдық жұмыстың нысаны : Түркістан облысы мен Торғай өңірінде жинақталған ащы жусан мен дәріханалық сынамалар.

Дипломдық жұмыстың пәні : жиналған ащы жусанның химиялық құрамын иодометрия, алкалиметрия, перманганотометрия әдістерін қолданып зерттеу.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жинағы - Түркістан облысынан және Торғай өңірі аймағынан жиналған және дәріханалық ащы жусанның құрамындағы кейбір биологиялық активті заттардың мөлшерін анықтау;

Практикалық маңызы: Жүргізілген әдістемелерді орта мектептерде оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруға қолдану.

Дипломдық жұмыстың теория мен методологиялық негізіне экалогия, қоршаған орта химиясы, органикалық химия, аналитикалық химия, фитохимия, биохимия, география пәндері болып табылады.

1. ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1 Шипалы өсімдіктер тарихына сипаттама

Ертеде дәрілік шипалы өсімдік шикізаттарын ұнтақ немесе қайнатпа, кейде жақпамай ретінде қолданды. Кейінірек күрделірек дәрілер жасала бстады. Ежелгі грек дәрігері Галенннің ұсынысы бойынша Еуропада қазірдің өзінде «гален препараттары» деп аталатын күрделі сұйықтар мен тұндырмалар қолданысқа енді. Бірақ мұндай дәрілердің артықшылығы түсініксіз болды, себебі дәрігерлер алынған заттардың химиялық қасиеттері туралы хабардар болмады. Тек өсімдіктердің «күшін», яғни олардың белсенділігін білген. XVI ғасырда әйгілі еуропалық дәрігер Парацельс және оның ізбасарлары химияның міндеті-ауруларды емдеу деді, себебі тіршіліктің өзі - химиялық үрдіс деп көрсетті.

Парацельс араб медицина мектебінің құрамы жағынан дәрігерге белгісіз көптеген ингредиенттерден тұратын күрделі рецептеріне қарсы болды. Ол дәрілік қасиеттер өсімдіктің өзіне емес, оның құрамынан бөліп алынатын белгілі бір затқа, оның «квинтэссенциясына», яғни ондағы әсер етуші затқа тәуелді деген пікір айтты. Парцельс медицинада жаңа дәуір ашса да, өсімдіктерді химиялық зерттеу біржола басталған жоқ. Тек XVII ғасырдың аяғында ғана фармацевттер мен дәрігерлер өсімдіктерді сапалық құрамын анықтау мақсатында зерттей бастады.

Дегенмен, бұл үшін таңдалған әдістер сәтсіз болып шықты. Ең алдымен өсімдіктерді жағып, күлінің құрамын анықтады. Бірақ өсімдік күлінің бейорганикалық құрамы негізінен біркелкі, әрі күлдің құрамында кездесетін микроэлементтердің мөлшері аз болғандықтан, ол заманда ол заттарды анықтауға мүмкіндігі болмаған. Өсімдіктерді көптеп жағып, зерттегеннен кейін ғалымдар уақытың зая кеткендігін түсінді. Содан кейін, өсімдіктерді жағудан құрғақ айдауға көшті, соның нәтижесінде ұшқыш органикалық қышқылдар, эфир майлары, өсімдік ыдырауынан түзілген заттар анықталды, ал олардың шынайы құрамы анықталмады.

Екі әдісте фитохимия үшін жарамсыз болды. XVIII ғасырдың басында «дымқыл тәсіл» қолдану қажеттілігі туындады, яғни өсімдіктерді жақпай, су буымен айдау немесе ыдыраған заттарды су немесе спиртте еріту арқылы бөліп алу тәсілі пайда болды. Айдау кезінде таза күйінде тек ұшқыш заттар шықты, бірақ бөліп алу тәсілі пайда болды. Айдау кезінде таза күйінде тек ұшқыш заттар шықты, бірақ бөліп алу кезінде-экстракттар мен заттар қоспалары алынды.

Өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеуде швед фармацевті К. Шееле (1742-1786) көп жетістіктерге жетті. Дәріханада жұмыс істи отыра және сонымен қатар Стольголм ғылым академиясының мүшесі бола отырып, ол химия мен фармацияға үлкен үлес қосты. Химия мен ботаникада үлкен еңбек сіңірген фармацевт-ғалымдар көп болғанымен Шееленің орны ерекше. Ол қатаң жабдықталуға қарамастан, өсімдік түрлерінің құрамында түрлі қышқылдар-қымыздық, алма, лимон, иілік қышқылдар болатындығын анықтады. Майлар құрамының негізі болатын глицериннің ашылуы да оның еншісінде.

XVIII ғасырлардың ортасында химия үлкен жетістіктерге жетті.

М. В. Ломоносов пен А. Л. Лавуазье жұмыстарының нәтижесінде химиялық заттар элементтерден, ал органикалық заттардың көп түрлілігіне қарамастан, көміртегі туындылары екендігі дәлелденді. Олар көміртегі мен сутегі жиынынан тұрады, олардың құрамында оттегі кездеседі, ал кейбір заттардан азот, фосфор мен күкірт табылды. Осындай деректерді негізінде фитохимия XIX ғасырда жылдам дамыды, сол уақытта «белсенді» заттардың негізгі топтары ашылды.

Ең жеңіл таза кристалл түрінде алкалоидтарды бөліп алу болды. 1806 жылы дәріханашы Ф. Сертюрнер апиыннан таза морфин алкалоидың алды ; ол оның сілтілік қасиеттерін анықтап, оның ұйы келтіретін әсерін дәлелдеді. Сол арқылы өсімдіктерден «белсенді принцип», яғни терапевтиалық әсер етуші заттарды алу мүмкіндігі көрсетілді. Жаңа алынған зат «морфий» деп, Морфей- грек мифологиясындағы ұйқы құдайының құрметіне аталды. Сертюрнер жаңалықтары сенсация тудырды және Еуропа елдерінің барлық ғалымдары дәрілік өсімдіктердің белсенді заттарын іздеуге ұмтылды. Кейінірек тағы басқа да маңызды. Алкалоидтар-хинин, стрихнин, кокаин алынды.

XIX ғасырдың ортасында дәрілік өсімдіктерде алғаш рет белсенді заттар ашылды, оларды Ю. Либих және Ф. Велер гликозидтер деп сипаттады. Қазіргі кезде гликозидтер алкалоидтармен қатар дәрілік өсімдіктердің маңызды белсенді заттарына жатады. Содан кейін иілік заттар сапониндер, шайыр және тағы басқа заттар анықталып, зерттелді.

XIX және XX ғасырлар шегінде өсімдіктер құрамында дәрумендердің бар болуы өсімдіктердің дрілік қасиеттері түсінігіне жаңалық енгізді. Кейінірек биофлаваноидтар мен кумариндердің туындыларының емдік қасиеттері анықталды. 1928 жылы Б. П. Токин жоғары сатылы өсімдіктерден бөлінетін ұшқыш заттар-фитонцидтер микроағзаларды:бактерияарды, саңырауқұлақтарды және қарапайымдыларды жоятындығы туралы теориясын ұсынды. Фармокологиялық белсенділікте микроэлементтер үлкен маңызға ие, яғни өсімдік құрамында мыңнан бір пайыз мөлшерде кездесетін минералды заттар (марганец, мышьяк, кобальт, никель және т. б) . Бұл мәліметтер дәрілік өсімдіктердің әсері туралы мағлұматтар береді, соның нәтижесінде «ұмытылған» өсімдіктер ғылыми медицинада қайта қолданыла бастады. Қазіргі кезде де бұннан пайдаланылатын өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарының (пектиндер, лигнандар, фитоэкдизондар және т. б ) жаңа топтары анықталып келеді.

Органикалық химия мен жаратылыстану физиология мен микробиологияның жаңа қарқынмен дамуы фармацевтика өнеркәсібінің өркендеуіне негіз болып отыр. Біздің заманымыздағы қазіргі ғылыми фармакология тіпті жуырда, XIX ғасырдың ортасын ала дүниеге келеді. Осыған байланысты аспирин, фенацетин, кокайн, ұйықтататын, жансыздандыратын дәрілер және тағыда басқа жаңа дәрілер қатар -қатар пайда бола бастады. Ғалымдар химиялық синтездің көмегімен, негізі өсімдік болып саналатын, табиғи заттарды алмастыра аларлық өздеріне қажет заттарды жасауды игерді. Бір кезде органикалық заттар дүниесі сыр бермес құпия еді. Әйтседе, жануарлар органдарынан жедел әрекет ететін заттар, мысалы бүйрек бездерінен адреналин, қалқан бездерінен-тироксин жасау игерілді, бірақ оларды синтездеуді әлі білмеуші едік. Тек 1928жылы неміс химигі Велер несепті синтездеуді алғаш рет ашып, бұл жағдайдын шешімін тапты. Ғалым дүние жүзіндегі органикалық заттарды тексеретін лабараторияны бірінші ұйымдастырушы адам болды. Велердің ашқан бұл жаңалығы әлемнің, жан-жануарлармен мен өсімдіктердің жаралуы жайындағы діни ұғымдарға түгел қатты соққы болды.

Қазірде фармакологиялық тәсілдердің көмегімен адам организмінің бірқатар бөліктерінің -жүректің, бауырдың, бүйректің қызыметін не күшейту, не бәсендету қажет болғанда басты органдарды тежеп, адамның көңіл-күйін өзгертуге болады. Ауру қоздырғыш микробтарға қарсы химия -терапевтикалық дәрілер жасап шығарылды.

Біздің заманымыздағы фармакологияның қуатты құдіреті туралы мына фактілер дәлел бола алады. Өткен ғасырдың орта шенінде хирургтер ұйымы операция жасағанда ауыртпайтын наркотикалық дәріні қолдануды тек арман ететін еді. Бірақ оның болмағаны хирургияның дамуына көп кедергі жасады. Енді дәрігерлер адамда операцияға үлгілі түрде әзірлей алады. Олар нерв жүйесінің сезімін төмендететін, бұлшық еттердің жұмысын бәсендететін, ауырғанда сездірмейтін дәрілер беріп, жүрек пен өкпе жұмысын толастататын тәсілдер қолдана алады.

Нерв жүйесінің сезімталдығын төмендеткіш дәрі-дәрмектер ақылынан ауысқан адамдарды емдеуге үлкен көмек береді.

Қазіргі фармокологияда жоғарғы нерв жүйесіне, адамның эмоциялық (сезімдік) әрекет өрісіне ықпал ететін дәрілер бар. Міне, сол дәрілердің көмегімен, бір кезде, И. П. Павлов арман еткен, адамның жоғарғы нерв жүйесі қызыметінің бәрін қазір дәрігер билейді.

Әр түрлі жауарлар бездерінің секрецияларынан таза гормондар алынып қана қоймай, сонымен қатар олар химиялық лабараторияда түгел синтезделетін болды. Гормон сияқты түгел ықпал ететін бірнеше химиялық құрамалар жасалды. Қазір кез келген ауруды гормонды дәрілермен емдеуге әбден болады. Бір кезде қант диабеті қатерлі ауру делінсе, қазір ол аса қауіпті емес, оны инсулин және басқа дәрілермен емдеп жазуға болады. Бір кезде адамдардың ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, ақыры мүгедек болып қалатыны көптеп кездескен. Ал қазіргі кезде адамдар жасанды гормонды пайдаланып, денсаулығын дұрыс сақтап, күйлі сезініп жүр.

Витаминді дәрілердің жұғымдылығының теңдесі жоқ. В 12 витаминді қабылдау арқылы қанды толықтырып, адам мүлде жазылады. В 1 витамин адамның жүйке тамырларының ісінуінен пайда болатын неврит ауруын емдеуге таптырмайтын дәрі -дәрмектің қатарына жатады. Ал көптеген витаминдер синтетикалық жолдармен жасалып, көптеп шығарылады, сол себепті онымен емдеу кімге болса да қолайлы, әрі арзан.

Жұқпалы ауруларды қоздырушыларға, түрлі ісіктерге арсы қолданылатын химия - терапевтикалық тәсілдер, дәрілер іздеп табу күрделі мәселе болып отыр. Заманымыздың ғылыми жетістіктеріне, халықтың ғасырлар бойғы бай тәжірибесіне сүйенген медицина және оның ғалымдары емдеу тәсілдері мен құралдарын әр түрлі жолдармен іздестіруде.

Бірінші эмпириалдық жол. Дәріні бұл жолмен іздеушілердің көпшілігі химиялық қоспаларды синтездеу арқылы алды. Ғалымдар оны ұзақ жылдар бойы тәжірибе ретінде жануарларға қолданып, оларды қалай емдік ісер ететінін бақылап, егер шипалы, әсерлі болса, оны адамдарға іс жүзінде қолдану үшін емдеу орындарына береді. Сонымен эмпириалдалық жолмен дәрі жасау-көп еңбек керек ететін тәсіл.

Екінші, теориялық жағынан таңдау алу жолы, бұл өзі біздің жағдайымызға өте ыңғайлы. Ғалымдар белгілі бір химиялық құрамалардың құрылысын фармакологиялық әрекетке байланысты зерттеп, белгілі бір зат ретінде оның құрылысын, жалпы зандылығын анықтайды. Ал осы жаңа заттың негізінде химиялық формулалар жасалады, содан кейін олар синтезделеді. Олардың емдңк әсері лабараторияда жануарларға қолданылып, сонан кейін дәрілік жарамды заттар ауруханаға беріледі.

Дәріні алудың үшінші жолы, халық медицинасында қолданылатын табиғи заттарды, ең бастысы, өсімдіктерді зерттеу болып табылады.

Жаңа химиялық заттар тышқанға, қоянға, мысыққа, маймылға қолданылып, оның бұл жануарлардың физиологиялық қандай жүйесіне әсер ететіндігі жан-жақты зерттеліп, анықталады. Міне, осы деректердің негізінде адамға берілетін дәрінің ең аз, әрі ең көп дозасы белгіленеді. Дәрілердің шипалылығы жануарлар арқылы тексеріледі. Оларды адам ауыратын ауруларменәдейі ауыртады да, емдейді. Сөйтіп дәрінің пәрменділігі тәжірибе үстінде тексеріледі. Фармакологиялық құралдарды эксперименталды зерттеу әбден жеткілікті болғандықтан оларды қолдану үшін ауруханаға бергенде ешбір қауіптенбеуге болады.

1. 2 Ащы жусанның ботаникалық сипаттамасы

Жусан (Artemisia) - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер не шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде -шөл, шөлейт далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-60 см, кейде 1, 5-2 м барады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Еліміздің Европалық бөлігінде, Батыс Сібір, Қазақстан, Орта Азия жерлерінде көп тараған.

Жусанның дәрілік қасиеті бар. Оның шөбінде абсинтин, анабситин гликозидтері, эфир майлары, С витамині, иілік заттар бар. Жусан шөбінің тұнбасы көбіне ас қорыту жұмысын жақсартуға, тамақ ішуге ынталандыруға қолданылады.

Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді. Шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіріп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілде-қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі -тұқымша, жусанның 17 түрі-сирек кездесетін эндемик түрге жатады. Қазақстанда ғана өсетін бір түрі дәрмененің ерекше мәні бар. Жусан-құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуын, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Шырғалжын Жусанның (A. dracuncuius) жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны (A. arenaria) құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі ( таврий Жусаны) да кездеседі, оны мал жемейді. Жусанды қолдан (мысалы, тамыр жусан) да өсіреді. (Сур. 1) .

https://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=15a21b8b5658dc72&mb=imgdb_preview_1288

Сурет 1. Ащы жусан (Artemísia)

Ащы жусан (лат. Artemisia absinthium ) - астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 60-100 см болатын көпжылдық шөптесін, тамырсабақты өсімдік. Тамырсабағынан биіктігі бір метрге дейін болатын бірнеше гүлді және жапырақты қысқа сабақтар дамиды. Сабақтарының төменгі жапырақтары ұзын сағақты, сағақтың түбі ланцет тәрізді, сабақтарының ортаңғы бөлігіндегілердің сағақтары қысқа. Гүл жапырақшалары сағақсыз қарапайым қауырсынды. Себеттері шар тәрізді сыпыртқыға жиналған. Жемісі қоңырау, ұзынша дәндерінің ұшы үшкірлеу, ұзындығы 1 мм, айдарсыз, шілде тамыз айларында гүлдеп, тамыз-қазанда жемісі жетіледі. Ащы жусан тұқымдары арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Хромосомдар саны-18. (Сур. 2) .

Ащы жусан - Европадан, Солтүстік Африкадан және Батыс Азиядан шыққан деп есептеледі. Оңтүстік Европада, Россияда, Солтүстік Африкада және Америкада құрама штатында кеңінен мәденилендірілген, және май өңдіріледі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Тек қана құмды шөлейт аймағында кездеспейді. Қоқыс жерлерде, қоқыс тастайтын жерлерде, қақпаның астында, жолда, бақта, құрылыстарда, мал жайлайтын жерлерде өседі. Өндіріске қажетті табиғи шикізаты жеткілікті болғандықтан қоры есептелінбеген.

Сурет 2. Ащы жусан (лат. Artemísia absínthium)

1. 3 Шипалы өсімдіктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттар

Дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық әсері ондағы биологиялық белсенді заттардың жиынтығына байланысты. «Биологиялық белсенді заттар»терминіне өсімдіктер шығарылатын және негізгі терапатевтикалық әсерді анықтайтын ағзаға арнайы әсер ететін табиғи қосылыстар жатады. Дәрілік өсімдіктер биологиялық белсенді және оларға қосалқы заттардың тұтас кешенін жинақтайды, олардың сапалық құрамы және сандық құрамы олардың өсу және дамуы кезінде өзгеріп отырады. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктер биологиялық белсенді заттардың бір тобын жинақтауына байланысты классификацияланады : дәрумендер, полисахаридтер, липидтер, эфир майлары және тағы да басқалар жатады.

Ащы жусанның шөбінен жапырағынан 0, 5-2% эфир майы флаваноидтар, иілік заттар, оганикалық қышқылдар, каротин, аскорбин қышқылы бөлінеді. Тамырында инулин болады. Өсімдік тамырындағы абсинтин анабентин және ащы дәм береді және микробтарға қарсы қасиет береді.

Ащы жусанның тұңбасы тәбетті ашады, диспепсияда, ас қорыту мүшелерінің қызыметін жақсартады. Жусан мен шалвей қосындысы асқазан ауруларына, өтті айдау үшін қолданылады. Бұл қоспалардың терапевтикалық тиімділігі жоғары деп есептеледі. Жусан мен шалвей жапырағының қайнатындысын шаншу қадалғанда 1 ас қасықтан 2 сағат сайын, 2-3 күн ішеді. Ащы жусан мен сарымсақтың қайнатындысын жылан құрттарын қуу үшін, ащы жусан мен жалбыз жапырағынан жасалған тұнбаны ауыздағы жағымсыз иісті кетіру үшін ауызды осы тұнбамен шаяды.

Жусанның тұнбасы 1:5 қатынасында 70% спиртте дайындайды. Күніне 3 рет 15-20 тамшыдан15-20 минут тамаққа дейін асқазан-ішек ауруларына ішеді.

Жусан шөбінің тұнбасы:10 грамм шикізатқа1- стақан қайнаған ыстық суды құяды, қақпағын жабады, бу астауында 10-15 минут қыздырады, бөлме температурасында 45 минут тұндырады, сүзеді, бастапқы қалпына жеткізеді. Күніне 1/4 -1/3 стаканнан 3 рет тамаққа дейін (30 минут) ішеді.

Медицинада жапырақтары және сабағының гүлдеген жоғарғы бөлігі дәне пайдаланылады. Ащы жусанды екі мезгілде жинап дайындайды. Тамырға жақын сағақсыз жапырақтарын өсімдік гүлдегенге дейін бутондық кезеңінде жинап алады. Сабағының гүлдеген жоғарғы бөлігін гүлдеу кезеңінде ұзындығы 20-25 см етіп кесіп алады. Жиналған шикізатты тығыз қаптарда немесе ағаштан жасалған ыдыстарда сақтайды. Сақтау мерзімі 2 жыл.

Халық медицинасында жергілікті жаңа ұнтақталған жапырақтарын буын шыққанда, соғып алғанда және ауырсынуларда қолданылады. Ал жусанның жапырақтарынан жасалған қайнатындысын қыжылға қарсы ішеді.

1. 3. 1 Иілік заттар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Құрамында лигнандар, антроцен туындылары флованоидтар, илік заттары бар өсімдіктер және олардың ерекшеліктері
Ботаникалық ресурстардың маңызы және олардың негізгі топтары
Өсімдіктердің індетті (патогенді) ауруларға иммунитеті
Қазіргі таңдағы меншік формаларының дамуының тенденциялары
Өсімдіктің жасанды иммунитеті
Торғай облысының өзені
Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктерді тамақ және жеңіл өнеркәсібінде қолданылуы.
Дәрілік өсімдіктер туралы
Алуантүрлі жабайы өсімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz