Мектеп бағдарламасындағы тапсырмалар жүйесінің берілу жолдары


Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ САБАҚ ТҮРЛЕРІ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
Қостанай 2020
МAЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ . . . . . . 7
1. 1 Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына шолу . . . 7-12
1. 2 Қазақ әдебиеті әдістемесінің оқытылуы жөніндегі зерттеулерге шолу . . . 12-17
2 ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕОРИЯСЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР . . . 18
2. 1 Тапсырмалар жүйесіне қойылатын дидактикалық принциптер . . . 19-22
2. 2 Тапсырмалар жүйесінің кейбір теориялық мәселелері . . . 22-24
2. 3 Оқыту формаларындағы бүгінгі сабақ түрлері түрлері . . . 24-26
3 ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫ БЕРУДЕГІ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 27
3. 1 Мектеп бағдарламасындағы тапсырмалар жүйесінің берілу жолдары . . . 27-32
3. 2 Педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдері . . . 32-41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42-43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ . . . 45-46
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Өскелең өміріміздің өршіл талабына сай жас буындарды биік рухта тәрбиелеп, оларға ғылым негіздерін білдіруде мектепте негізгі пәндер қатарында оқылатын қазақ әдебиетінің мәні зор.
Шынында да, өзінің әдебиетін, оның ішкі заңдылықтарын жете білген оқушы ғана ғылымның сара жолына түсіп, онан өмірлік азық ала алады. Ал оқушының ғылыммен сусынын қандыру үшін, мектепте оқылатын әр пәнді, оның ішінде әдебиетті методикалық талаптарға сай оқыта білу маңызды. Осыған орай ғылым мен техниканың даму дәрежесіне байланысты, оқушылардың ой өрісін, таным белсенділігін, дербестігін, творчестволық инициативасын одан әрі арттыру болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- педагогикалық технологиялар жүйесінің зерттелу тарихына шолу;
- педаогикалық технология теориясы мен оған қойылатын дидактикалық талаптарға тоқталу;
- әдебиетті методикалық тұрғыдан оқытуға байланысты материалдарды саралап, оқыту ұстанымдары мен әдістерін анықтау;
- жан-жақты білім беруге жағдай туғызу және оқушының логикалық, творчестволық ойлай білуіне дағдыландыру;
- оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды берудегі тапсырмалар жүйесінің методикасын анықтау;
Курстық жұмыстың нысаны: Жұмысты жазу барысында Қ. Бадырақов, С. Қирабаев, Қ. Әміреев, М. Жаркенов т. б. зерттеу еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдамалары мен ой-пікірлері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Жоғарғы сынып оқушыларына сабақ түсіндіруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді оңтайлы түрде жеткізу. Мұғалімнің білім деңгейін одан әрі жоғарлатып, биік дәрежеге көтеру. Танымдық деңгейі мен кәсіби біліктілігі жоғары, әлеуметтік-тұлғалық деңгейде еркін меңгере алатын білімді де, білікті, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға жол аша білу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері, бақылау, салыстырмалы әдістер, қорытындылау барысында талдау, қорыту, сапалық және сандық тұрғыда жүйелеу, жинақтау әдістері қолданылыды. Ғылыми жұмысты жазу барысында көбінесе зерттеу әдісіне назар аударылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қосымша, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тіл - халықтың жаны. Ата-бабамыздан сарқылмай сақталып келе жатқан мөлдір де тұнық ана тіліміз қашан да қымбат. Тіліміз арқылы егемендігімізді, қазақи қадір-қасиетімізді айқындаймыз. Тіліміздің мәртебесі көтерілген шақта, өзге тілдердің арасында ойып тұрып орын алса деген ниетпен әрбір білім мекемесінде қызмет етіп келе жатқан педагог әрқашан ізденіс үстінде болуы шартты нәрсе. Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу үдерісінің ғылыми теорияға және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді [1; 54] .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және жеке шыңдауға бағытталған технологиялардың, жаңа амал-тәсілдердің оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы - білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу », - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [2; 3] .
Мектепте оқылатын әдебиет пәнінің - жас өспірімдерге идеялық, саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде, халқымыздың өткендегі өмірін, оның арманы мен мүдделерін білдіруде маңызы зор. Әдебиеттің осындай білімдік, тәрбиелік мәнділігі мұғалімдерді көп ізденіп, не бір ұтымды, тиімді деген әдіс-тәсілдерді тауып, замана талабына сай оқытуды міндеттейді.
Әдебиеттің де басқа пәндер сияқты өзіндік ерекшелігі бар. Ондағы оқу процесінде әр оқушы көркем шығар-маның идеясын, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, жазушы-ның суреттеу тәсілдерін, көркемдігін сезінеді.
Бұларды меңгерту барысында оқушылардың дербес, түрде ойлауын, іздене білу дағдысы мен белсенділігін жетілдірудің манызы ерекше. Сондыктан мектепте әдеі биет ләнін оқыту методикасында оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету, білімді дербес меңгер қабілеттілігіне тәрбиелеуге кең орын беріліп отыр. Қазір мектептерімізде игеріле бастаған оқушыларі дың оқу қабілетін белсендіруді арттыру, творчестволық дағдысын қалыптастыру ісінде тиімді болып есептелетін іздендіруші сұрақтар жүйесі мен тапсырмалар, сөзбен көрнекілік, техникалық қүралдарды үйлестіре пайдалан дамыта оқыту әдістері болып табылатынын атап айтуы мыз керек. Демек, бүл жүйеде көрсетілген әрбір дидак тикалык сатылар тек есте сақтауға тиісті хабарлардаі ғана түрмай, оқушыларды проблемалы жағдайдың шеі шімін іздеуге жетектейтін ақыл-ой белсенділігін арттыр қүралы болып табылады.
Оқыту жүйесіне қойылатын барлық талаптарды жүззеге асыруда сабақ және кластан тыс жұмыстардан берілетін тапсырмалар жүйесін творчестволықпен ойла білу дағдысы, қабілеттілігін арттырудағы әсері әдебиет пәнін оқыту методикасында шешуші орын алады. Әдебиет сабағында берілетін тапсырма түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бұған дейін арнайы зерттелмегендіктен, жаттығу жұмыстарымен араласып жүргендігі анықталды. Дәлірек айтқанда, VIII-X кластарда қазақ әдебиетін оқытумен байланысты берілетін тапсырмалар түрлері қазақ әдебиеті методикасында қала берді, жалпы одақтас республикалар әдебиеті методикасында да ғылыми тұрғыдан зерттелінбеген мәселе.
Ғылым мен техниканың шарықтап дамуына байланысты ғалымдар, методистер, мұғалімдердің алдынд тұрған басты проблема - қай пәнді оқытуда болсын оқушыларды материалды ой елегінен өткізіп саналы сапалы меңгеруіне, өздігінен білім алуына, ой белсенділігіне, дербестігіне дағдыландыратын өзіндік тапсырма түрлерін терең әрі ғылыми зерттеу болып отыр.
Демек, жоғары кластарда әдебиет пәнін оқытумен байланысты жүргізілетін тапсырмалар жүйесінің накты методикасының болмауы мұғалімдерді бірсыпыра қиыншылықтарға кездестіріп жүр. Оны оқушылардың алған білімдерінен, класта және кластан тыс жазу жұмыстарының нәтижелерінен, яғни өтілетін тақырыпқа оқушылардыц ынта-ықыласының болмауынан, жаттап айту, өз бетінше дербес жұмыс істеу дағдысының жеткіліксіздігінен, ой өрісінің тарлығынан, іздену, зерттеу қабілеттерінің нашар дамығандығынан байқауға болады. Бұл жағдай республика мектептерінің VIII-X кластарында казак әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдердің тапсырмалар жүйесі мен оған қойылатын дидактикалык талаптар жайлы еңбекке зәру болып отырғанын көрсетеді. Сондықтан біз тапсырмалар жүйесінің қазақ әдебиеті методикасындағы дидактикалық табиғатымен ерекшеленуін экспериментпен ғылыми бір жүйеге келтіруді өзімізге негізгі міндет етіп қойдық. Атап айтқанда:
1) Қарастырып отырған мәселені тарихи және теориялық жағынан әңгімелей отырып, көркем шығарманы үйрету, оқыту, талдаумен байланысты оқушының танымдық, творчестволық дербестік қабілетін дамытудың әдістерін анықтау.
2) Ғылымның соңғы табыстарына сүйене отырып, оқу-тәрбие процесінде тапсырмалар жүйесін ұйымдастырудың психологиялық, дидактикалык, мето-дикалық ерекшеліктерін анықтау.
3) Тапсырмалар жүйесінің білімдік, тәрбиелік маңызы мен әсерін оқу процесінің басқа да түрлерімен байланыс ерекшеліктерін анықтау.
4) Оқушылардың өз беттерімен орындайтын тапсырмаларын оңай да тез түсіне, меңгере алатындай қарапайым әдісін анықтау.
5) VIII-X кластардағы тапсырмалар жүйесінің қиындық, күрделілік дәрежесі-нің мазмұны мен мақсатын анықтау.
6) VIII-X кластардағы тапсырмалар жүйесінің негізгі критерийлерін анықтау, жүргізу методикасын үсыну, әсерлілігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
Бұл мәселелердің ғылыми шешімдерін мыналарды мұқият қарастыру нәтижесінде анықтауға тырыстық:
- марксизм-ленинизм классиктерінің халық ағарту мәселесі жөніндегі еңбектері мен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің мектеп жөніндегі қаулы-қарарларын басшылыққа алу;
- сөз болып отырған тақырыпты педагогика, психология және әдебиет пен тілдің теорияларымен байланыстыра қарау;
- қазақ әдебиетінің VIII-X кластарға арналған оқулықтары мен программаларына және методикалы еңбектеріне талдау жасау;
- қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, орыс әдебиеттері оқулықтарындағы тапсырмалар жүйесін өзара салыстырулар арқылы [3; 3] .
Оқушыны ойландыру, пікірталас туғызудың бірден-бір жолы ретінде тек проблемалық сипаттағы сұрақтар беру немесе тек проблема қоя білумен шектелмейміз. Ең бастысы, проблема қоя білу немесе сұрақтар бере білу ғана емес, оған қоса оны шешудің тиімді жолдарын, ғылыми жолдарын көрсете білу, сол арқылы оқушының жай пікірі, жай ойлаған ойы емес, терең пікірін, шындыққа негізделген пікірін, берік пікірін қорытып шығару [13; 47] .
І ТАРАУ
Педагогикалық технологиялар жүйесінің зерттелу тарихы
- Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына шолу
Коммунистік партия өткен дәуірде қол жеткен тәжірибелерді зерттеп, оны сын көзімен қарай отырып пайдалануға үлкен мән береді.
«Пролетариат социолистік қоғамды құруда және оның мәдениетін дамытуда азаматтың қол жеткен тәжірибесінен бас тартпайды. Керісінше, ол тәжерибенің барлық бағалы жағын пайдаланады », - деген болатын И. Ленин.
Сонымен бірге В. И. Ленин Л. Толстой шығармаларын жоғары бағалай келіп:
« . . . Толстой қайтыс болды, сөйтіп, революциядан бұрынғы Россия келмеске кетті, оның осалдығы мен әлсіздігі данышпан суреткердің философиясынан көрініп, оның шығармаларында суреттелген еді. бірақ мұның мұрасында келмеске кетпеген, болашаққа тән нәрселер бар. Бұл мұраға Ресей пролетариаты ие болады және осы мұра жөнінде жұмыс істейді » деген еді.
Марксизм-ленининзм классиктері көркем әдебиеттің адамзат қоғамы дамуындағы орнын айрықша бағалады.
Л. И. Брежнев жолдас КПСС XXIV сьезіне жасаған есепті баяндамасында әдебиет пен өнердің маңызы туралы: « Біздің қоғамымыз коммунистік құрылыс жолымен алға басқан сайын, совет адамнының дүниеге көзқарасын, оның адамгершілік сезімдерін, рухани мәдениетін қалыптастыруда әдебиет пен өнердің рөлі арта түсуде. Сондықтан әдебиетіміз бен өнеріміздің идеялық мазмұнына, олардың қоғамда алатын рөліне патриямыздың үлкен көңіл бөліп келгені және қазір де бөліп отырғаны табиғи нәрсе. Лениндік партиялылық принципіне сәйкес біз көркем творчествоның барлық түрінің дамуын коммунистік құрылыстың жалпы халықтық үлкен ісіне қатысуға бағыттаудауды өзііміздің міндетіміз деп білдік» - деп жоғары баға берді.
. . . Совет әдебиеті мен өнерінің қызметкерлерін Коммунистік партия тәрбиеледі: олардың бүкіл қызметі халқының ісімен және ойымен сабақтас, олардың шығармашылық тағдырын социолоистік Отанның мүддесінен бөліп алуға болмайды. Халықтың көркем творчествосы - социолистік шындық болмыстың, біздің өміріміздің айрықша тән белгілерінің бірі.
КПСС Орталық комитеті «Әдебиет көркем сын туралы » арнайы қаулы қабылдады. Бұл қаулыда әдеби көркем сынның неғұрлым елеулі кемшіліктері көрсетіліп қана қоймай, сонымен бірге оның аса маңызды міндеттері де белгіленді.
Совет қоғамының рухани өмірінде жаңа адамдар тәрбиелеуде әдебиет пен өнердің маңызын арттыру жайлы мәселенің КПСС XXIV сьезінде әдеби-көркем сынның міндеттерімен тығыз байланысты қаралғаны әбден заңды еді.
Партия мен халық совет әдебиеті мен өнердің бастарын мақтан етіп, оның қайраткерлеріне үлкен қамқорлық жасайды. Олардың еңбегінің идеялық-көркемдік сапасына, қоғамдық мәнділігіне жоғарғы талап қояды. Әлем сахнасындағы шиеленіскен идеялогиялық күрес жағдайында суреткердің азаматтық және шығармашылық жауапкершілігі бұрын-соңды болмаған дәрежеде мейлінше күшейе түсті. Қоғамдық өмірдің оқу және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл тарихи қаулының тікелей қатысы бар.
КПСС Программасы қоғамдық-ғылымдар саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтай отырып, коммунистік өоғам құрылысының тәжерибесін зерттеу және теориялық жағынан жинақтауды коммунистік қоғамның экономикалық, саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, коммунистік тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді. Адамды жан-жақты жетілдірудіің міндеттерін шешуде Маркс пен Энгельс жетекшілік ақыл-ой тәжерибесінде болуға тиіс деді энгельс сөзімен айтқанда, Маркс үшін ғылым - тарихи қорғаушы, революцияшыл күш. Маркс пен Энгельс мектеп алдында жасөспірімдердің жалпы білім шеңберін кеңейту міндетін қойды. Маркстың таным теориясы бүкіл оқу прцесін дұрыс, ғылыми түрде жүргізудің негізі болып саналады. Осы теорияға сәйкес объективті дүниені тану сезім қабылдауларынан басталады, сонан кейін біздің санамызда өңделеді. Осы кезде нақтыдан абстрактылыққа көтеріле отырып, тану процесі сол дүниенің, оның заңдылықтарын анықтауға, ашуға көмектеседі, олардың үйретуінше әрбір оқу пәндерінің өздеріне тән ішкі логикасы болады. Оқу процесінде бұл логиканы бұзуға болмайды, сондықтан оқу процесі жүйелілік пен бірізділікті талап етеді.
К. Маркс «Капиталдың» француз тілінде басылуының кіріспесінде: «Ғылымда даңғыл жол жоқ, сондықтан оның сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып, өрмелей беретін адам ғана шыға алады», - деді.
Марксизм тәрбие және білім жөніндегі қағидалары тарихи жағдайларға сай В. И. Ленин шығармаларында толықтырыла түсті, ал ол бүгінгі күнге дейін КПСС-тің халық ағарту ісі жөніндегі тарихи қарарларында шығармашылықпен дамытылып келеді.
К. Д. Ушинский оқытудың догматикалық методтары мен мектепте құрғақ жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, оқушының да, мұғалімнің де іс-әрекетін шығармашылық процесс деп қарастырды. Ал, оның негізі - ойдың, ақылдың жұмысы. Оқу - еңбек қана емес, күрделі еңбек болуға тиіс деген ойын тұжырымдай келіп, оқудың қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай шын мәнісіндегі еңбек болатын болсын деген талап қойды. Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі, оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді деп есептеледі. Баланы белгілі нәрсені, пәнді түсіну дәрежесіне көтере алмаған адам сол пәнді баланың өте төмен түсінігінің дәрежесіне дейін жеңілдеткісі келеді, бұл педагогикалық жол емес дегенді де атап айтты.
Әрбір берілетін білім мен дағдыларды, класта өтіліп жатқан сабақ үстінде-ақ оқушылар меңгеріп алатындай болуы керек, ал үйге берілетін тапсырмаларды үйіп-төгіп, ауырлата беруге тағы болмайды.
Ұлы сыншы, жалынды революционер Н. Г. Чернышевский оқытуды ұйымдастыру, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқушылардың сан алуан білімдерді ойдағыдай игеруіне, олардың рухани күші мен қабілеттерінің жан-жақты дамуына, дұрыс ой-пікірлерінің қалыптасуына зор әсер етуге тиіс деп есептеледі. Сондай-ақ оқушылардың ойлай білуін дамытудың және өз бетінше білім алатын дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларына зор маңыз берді.
Ұлы ойшыл әрі педагог Н. А. Добролюбов та білім мен тәрбие жөнінен жаңа мақсаттарды көздейтін оқу сан-сапалығ әрі мазмұнды болғандықтан, мектеп жаңа дидактика мен әдістерге сүйене жұмыс істеуге тиіс, әсіресе оқушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту үшін әр салалы және мазмұнды жаттығулар жүргізуді, шығармалар жазғызуды, өз бетімен кітап оқуды, байқаулар мен экскурсиялр ұйымдастыруды ұсынған болатын.
Білім мен тәрбие мәселері Л. Н. Толстойдың педагогика саласындағы теориялық және практикалық еңбектерінен үлкен орын алады. Ол сабақ материалының балаларға тым қиын немесе жеңіл болып келмеуі, балаларды оқуға қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуын талап етіп, олардың толық түсінген материалды ғана есте сақтайтынын айтады. Ол балалардың өз бетінше тапсырмалр орындауына, соның ішінде оларға шығарма жаздыруға көп көңіл бөлді.
Н. К. Крупскаяның дидактикалық мұраларының оқушыларға берілетін білім мазмұнын анықтаудағы маңызы зор. Ол балаларға жеке-жеке тапсырма берудің қажеттігіне ерекше көңіл бөлді. Қандай жағдайда да тапсырманың шамадан тыс болмауын тыс болмауын талап етті. Оқытылатын материалдағы негізгі мәселені алып көрсету, оның өмірдегі мәнін айқындау, оқушыларды сабақ үстінде ойлануға жетелеу, балалардың сезіміне әсер ету мұғалімнен үлкен шеберлікті талап ететіндігін айтып, Н. К. Крупская жаратылыстану сабақтары материалистік патриотизм, социолоистік, коммунистік имперализм, гуманизм сезімдерін тәрбиелеудегі мәні үлкен екенін атап көрсетті. Деиек, оқушының ғылыми негізін меңгерудегі дербес шығармашылық іс-әрекетімен, белсенділігін дамыту проблемасы, ойлау білу дағдысына үйрету ісі әр уақытта дидактиктер мен педагогтердің назарынан тыс қалып көрген емес. Олай болса, мұғалімнің сабақ жүргізудегі алға қойған дидактикалық мақсаты - оқу материалдарн сапалы ұқтыру барысында оқушыларды ойлана, салыстыра, іздене зерттей білу дағдысы мен шеберлігіне үйрету болып табылады. Қазіргі өскелең талаптарға сай мектептің алдында тұрған - оқушылардың білімді теориялық жағынан иегруі мен оқу материалдарын меңгеру шегі арасында қандай байланыстық бар, оның принциптері мен диагностикасы қандай болады деген негізгі мәселе бірсыпыра совет педагогтары мен психологтарының назарын ерекше аударуда.
«Советтік психологияның соңғы кездегі табыстары, оның халықаралық аренаға шығуына, бүкіл дүние жүзілік прогресшіл психологиялық ойдың туын көтерген үлкен шаңыраққа айналуына үлкен мүмкіндік ебріп отып. Орыстың классикалық материалистік филолософиясының тамаша дәстүрлерін көп ұлтты Отанымыздың халықтарының прогресшіл рухани мұраларын, ұлы физиологтар И. М. Сеченов пен И. П. Павлов материалистік ілімі мен аса көрнекті совет педагогы Л. С. Выготскийдің идеяланы қастерлеп, доғары ұстап келген советтік психология ғлымы қазір де аты бүкіл әлемге әйгілі бірнеше ғылыми мектептер құруға мүмкіндік алды. Совет психологтары еңбектерінің Лениндік, Мемлекеттік, Ломоносовтық сыйлықтарға ие болуы, психологияның халықаралық он жетінші конгресінің 1966 жылы августа біздің Отанымыздың астанасы - Москвада өтуі жоғарыдаыларға дәлел.
1971 жылы июнь айында Тбилиен қаласында психологтардың Бүкіл одақтық төртінші съезі өтті. Съезде психология ғылымынң басқа ғылымдарының, яғни электрофизиология, биофизика, биохимия, кибернетика, ботаника, математика, космос биологиясымен астарласа дамып отырғандығы айтылды. Табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Бірақ осылардың ішінде ешбір теңдесі жоқ керемет бар. Ол - адамның миы. Біз космос әлемінде самғап ұшып жүрміз. Осының бәрі жұдырықтай мидың құдіреті. Ғалымдар мидағы нейрон талшықтарының зақымға ұшыраған жерлерін қалпына келтіру маңызды мәселе ретінде күн тәртібіне қойды. Ал оқу психологиясына арналған мәжілісінде әр түрлі жастағы балалар мен ересектердің білім алуының сан қилы психологиялық мәселелері талданды. Атап айтқанда, төменгі класс оқушыларының ақыл-ойы, ұғымталдығы қазіргі кезде бұрынғыдан әлдеқайда артып отырғандығы, бұған біздің қоғамда болып жатқан ғлыми-техникалық прогрестің игілікті әсер етіп отырғандығы, соның нәтижесінде бастауыш оқудың үш жылдық мерзімге түсірілуі, сондай-ақ математика мен тілдің элементтерін оқытудың артықшылығы тәжірибе жұмыстарының қорытындыларымен дәлелденді.
Сонымен бірге оқу материалдарының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен программалар құрастыру оқушылардың екінші жылға қалуы, мектептен шығу кету себептері, тәрбиеленуі «қиын» балалармен жұмыс істеу, прогламаланған оқытудың мәселелері сөз болып, келешектегі міндеттері белгіленді [4; 47] .
Ғылыми-техникалық прогресс адам санасына әсер ететін информацияны шамадан тыс көбейтіп жіберді, оқушыларға ғылыми негіздерін бұрынғыша жадында сақтау арқылы меңгеру қиынға тиетін болды. демек, балалардың ойлау қабілетін, ақыл-ой белсенділігін арттыру, өздігінен жұмыс істеу мүмкіншілігін молайту, т. б. мәселелерді шешу психология ғылымының алдына қойылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz