Жұмыстың ғылымилығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Аты-жөні

Р.Ниязбек өлеңдеріндегі қазақ түсінігі

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші:

Қостанай, 2020
МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1 Р.Ниязбек өлеңдеріндегі қазақ түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2 Р.Ниязбек өлеңдеріндегі әйел түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Р.Ниязбек өлеңдеріндегі түр-түске байланысты талдаулар ... ... ... ... ... ... .. .16
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Әдеби процесс үздіксіз жаңару, жаңғыру, даму жолында болғанымен де, егемендігін алып, тәуелсіз мемлекетке айналғалы өзінің өткеніне жаңаша көзқарас танытуы - заңдылық. Бұл - әлемдік өркениет қауымдастығына қосылуға ұмтылған ұлттық жаңғыру, жаңару жолы. Қазақ халқы рухани мұраға бай. Сол мұраны жасауға мол үлес қосқан, бүгінде көзі жоқ сөз өнерінің көрнекті тұлғаларының туындыларын таттан тазартып, бүгінгі уақыт талаптарына орайластыра жаңаша көзқарастармен қайтадан лайықты бағасын беру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлттық мұраға, рухани байлықты бағалап, құрметтеуге көзқарасы, белгіленген шаралары тек сөзбен емес, іспен де жүзеге асырыла бастауы қуантады. Осыдан ұлттық код деген түсінік туады.
Ұлттық код - ұлттың қуаты. Ұлттық құндылықтар дегенде атадан балаға мирас болып келе жатқан, ана сүтімен бойға дарыған рухани құндылықтарды, имандылық пен инабаттылықты, қазақшылықты айтпақ һәм үйретпек керек. Өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып, бойға сіңіру басты міндет. Егер елдің келешегі үшін қам жеп, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай сақтап, жастарымыз космополит болмасын, рухани құндылықтардан ажырап қалмасын, адамгершіліктен мақұрым тұрмасын десек, онда жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Сол себепті қазақ мұны атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған. Сол мирастың бірі де бірегейі - халықтың асыл мұрасы мен мәдениеті. Қай халықтың болмасын асыл сөз өнері басқа халықтардың əдебиетінен, ең басты айырмашылығы -- өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тəсілдерімен ерекшеленді. Əдебиеттегі образдар жүйесі жəне сөз бейнелеу тəсілдері ұлттық болмыс-бітімімізді анықтайтындығы рас. Халқымыздың ғажайып ескерткіштері болып табылатын эпостағы ғаламат кейіпкерлердің сөз өнерінің құдіреті арқылы танылғандығына ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда сандаған ғасырлар мен жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп, жанды баурап, сананы арбайтын қазақтың қасиетті сөз өнерінің ұлттық негізі -- ауыз əдебиетінде қалыптасқан деудің реті бар. Сөз өнеріндегі ұлттық негіз дегеніміздің өзі -- сол рухани мұраны жасаған халықтың тілі.
Ғылыми жұмыстың зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысының нысаны - Тараздың дара тумасы Рафаэль Ниязбек өлеңдері тілінің мәдени-танымдық сипаты, дәстүр тағылымы және стиль.
Ғылыми жұмыстың мақсаттары мен міндеттері: Бұл арнайы қарастырылып, үлкен ғылыми ауқымдағы жұмыстың өзегіне айналмағандықтан, біз бұл жұмысымызды ақын өміріне байланысты әрқилы деректерді саралап, оның шығармашылығының көркемдік ерекшеліктерін талдау сүзгісінен өткізіп, ақындық сыры мен өзіндік ерекшелігін таразылап, өзіндік даралық бітімі мен стилін айқындап, зерделеуді көздеп отырмыз. Сонымен бұл зертттеу жұмысының негізгі мақсаты - Рафаэль Ниязбектің ерекше сөз өнерінің иесі ретінде қалыптасуын негіздеген тәрбиелік-танымдық тегі, рухани-әлеуметтік ортасы мен қоғамы арқылы ашылатын көркем тілін талдаулар негізінде дәйектеу. Аталған мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
-- ақын тілі арқылы танымын тануға мүмкіндік беретін әрі қазақ көркемсөзінің зерттелуін сипаттайтын теориялық, әдістемелік тұжырымдарды қарастыру;
-- тілтанымдық өлшемі тұрғысынан ақынның сөз қолданыстық ерекшелігін көрсету;
-- Рафаэльдің тілі негізінде ол өмір сүрген қоғамдық-әлеуметтік жағдай, оған ақынның қатынас-көзқарасын, прагматикалық ұстанымын анықтау;
-- ақын санасындағы таным негізін қалыптастырып, ақындық ұстанымын белгілеуге әсер еткен танымдық-тәрбиелік тегін танумен қоса, оның тілдік көріністерін дәйектеу;
-- ақын өлеңдерін дәйектеп, өлеңдерінің жасырын (астар) мағынасын сипаттайтын, Рафаэль туындыларындағы астарлаудың әдіс-тәсілдерін айғақтайтын тілдік бірліктерді көрсету;
-- Рафаэль Ниязбек қолданысындағы тарихи-мәдени контекстен ақпарат беретін ескі сөздердің мәнін ашып, түптеп келгенде, мағыналық құны тұрғысынан талдау жасау;
-- Рафаэльдегі ұлттық ой, ұлттық дүние бейнесін бейнелейтін көріктеуіш құралдарының жасалуы мен мағыналық мазмұнына түсінік беру.
Жұмыстың ғылымилығы: Қазіргі заман жағдайында қалыптасқан заманауи ұсыныстарды сақтай отыра, бұрынғы қанымызға сіңген рухани байлықты дәріптеп, келешек жас ұрпаққа жеткізудің жолын табу. Зерттеуге түскен ақын туындыларынан қазақ өркениетін, халықтың этноболмысын, ұлттық дәстүр мен мәдениетті танытатын тұстарды анықтап, оқырман қауымға насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың санасына ұлттық кодты дарыту, заманға сай, бәсекеге қабілетті ұрпақты рухани жаңғырту.
Жұмыстың зерттеу әдістері: зерттеу жұмысында алға қойған мақсат-міндеттер талабынан шығу үшін тарихи-этнолингвистикалық әдіске сүйеніп, ақын тілінің дүниетанымын тану мақсатымен көркем сөзді мағыналық өрісте талдауда семантикалық әдіс пен концептуалдық, салыстыру, жүйелеу, контекстік және стистикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.
Ғылыми жұмыстың практикалық маңызы: Бұл ғылыми жұмыстың нәтижелерін белгілі бір тілдік тұлға шығармашылығын талдауға арналған арнайы мектеп оқушыларында өткізілетін сабақтан тыс факультативтерде қосымша материал ретінде қолдануға болады

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Р.Ниязбек өлеңдеріндегі қазақ түсінігі
Қазақ -қас-сақ. Қас- нағыз деген мағынада қас+сақ болып екеуі біріккенде екі с дыбыстары қосылғанда, оның алды - артындағы ашық дауысты дыбыс а қатаң дыбыстарды ұяңдатып з дыбысына айналдырған.
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы. Концептілік құрылымдар санадағы бейнені интерпртациялайды. Когнитолог - ғалымдар құрылымның элементтері - концептіге жақын келетін семалар тізбегі деп түсінеді. Бірақ концептілік құрылымдар тек семалық топтардан ғана емес, ұғымның белгілерін, қасиетін, орнын, кеңістігін, уақытын бейнелейтін таңбалар тізбегінен де құрылады.
Қазақ түсінігі үлкен мағынаға ие. Ол - егемендік,азаттық, батырлық, ерлік, дархандық, ұлттық таным, ақиқат немесе жоғары дәрежедегі құндылықтарды танытатын зор ұғым [1;10 бет]. Қазақ сөзі Рафаэль ақынның өлеңдерінде үш мағынада жұмсалып, келесі сөз тіркестері арқылы берілген:
1 - мағына. Өр қазақ, намысшыл қазақ: Ақын туындыларында қазақ концептісі өзара шектес ар, намыс, жігер сынды концептілерімен байланысты алуан түрлі тілдік бірліктер арқылы репрезенттелгенбас имеу, ешкімге бағынбау, еңселі ел, батыр қазақ, арыстан айбат, шабуыл, жорық, Алаштың Алатауы
2 - мағына. Егемен, тәуелсіз қазақ: Егемендік, азаттық кез келген халық танымында ең алдымен қуаныш, шаттық болып танылса, екіншіден батырлықтың танылатын тұсы. Тәуелсіздікке қол жеткізу - халықтың, батыр бабаларымыздың асыл арманы болатын.Жау әскерін жеңу, егемендікке қол жеткізу басты мақсаттары болып саналады, сондықтан да ақынның поэтикалық тілінде ол мынадай тілдік бейнелер арқылы танылған:қас дұшпан, фашист, қара құзғын, жау, дұшпан, жау әскері, кек, қастасу, жауласу, көк байрақ, арыстан ерлер, көк аспан, бейбітшілік аспаны, көгершін
3 - мағына. Ұлттық таным: Қазақ концептісінің аясына өзара шектес қазақ халқының танымына, ұғымына байланысты алуан түрлі тілдік бірліктер кіретін болғандықтан, олар ассоциациялық элементтері болып табылады. Ол Қазақ концептісінің когнитивтік құрылымы арқылы анықталады [2; 18]: көк бөрі, күбі пісу, зарлы күй, ата жолы, шежіре, бабалар рухы, тұғырлы ел, көк ту, табыт, шаңырағы шайқалу, мұсылман, жайлау, қамшы, текті ұл.
Сонымен қатар, қазақ тұрақты сөз тіркестері арқылы да аша білген:
Ала алмаған қаланы көп дұшпаны,
Қалай деме күлінің көкке ұшқаны.
Алты бақан ала ауыз болса ағайын,
Қалың елдің ішінен өрт шыққан [3; 7].
КҮЛІ КӨККЕ ҰШТЫ - Быт-шытын шығарды, құртты [4; 160].
АЛТЫ БАҚАН АЛА АУЫЗ - қырғи қабақ таныту [4, 17].
Қабырғасын жаулардың күйреткенмін,
Шыбын жанын шыңғыртып сүйреткенмін.
Бөрі қала атанып, өзім туған
Бөлтірікті тістелеп үйреткенмін [3; 15].
ШЫБЫН ЖАН - көне. Өмір, тірлік мағынасында. (Діни ұғым бойынша кісі өлгенде жан шыбын тәрізді ұшып кетеді-мыс.) [3, 316].
Көсегесі онда елдің көгереді,
Жалғанды да атандай шөгереді.
Қасиетті қазақтың бола білген
Қайғысын да қайыспай көтереді [3; 22].
КӨСЕГЕСІ КӨГЕРУ - Өркендеп өсті, бағы ашылды [4; 157].
Шаңырағын шайқалтып іргелі елдің,
Оу, уақыт, тізгінін кімге бердің?
Арыстарды жазықсыз жапа шеккен
Жүрмін іздеп ішінен түрмелердің [3; 81].
Қазақ халқының танымында шаңырақ - ас киелі де, қастерлі ұғым. Бұл отбасыны, отбасындағы бірлікті, татулықты, бейбітшілікті білдіретін кең ұғым. Үлкендердің шаңырағың биік болсын!, шаңырағың шайқалмасын! деп бата беретіні де сондықтан болар. Рафаэль Ниязбек өлеңдерінде қолданыс тапқан шаңырағы шайқалу тұрақты тіркесі ел басына қиын - қыстау күн туғандығын аңғартады.
Автор өз өлеңдерінде бір ғана қазақ сөзіне бірнеше баламалары табылып, бірнеше тілдік бірліктерге теңеген. Мысалы, қазақ - нар қазақ, қазақ - ұлы қазақ, қазақ - Алаш ұлы, қазақ - дархан, қазақ - мұхит қазақ- алып кеме, қазақ - теңіз, қазақ - қарағайт.с.с. Бұның бәрі санамызда қазақ халқын бейнеленетін тіркестер. Мысалы, ақын өлеңінде:
Нұр шашқан жасыл белеске,
Шашырап сәуле жебесі.
Қазақтар мұхит емес пе
Айдында жүзген кемесі [3; 147].
Қазақ халқы - кең жүректі дархан халық. Осындай жүректі елді алып мұхитқа теңеген.
Сол құдырет әлі де өзіңде ме,
Туған елге түспейді көзің неге?
Дала - мұхит болса егер, қайран қазақ
Алыстарға жол тартқан кеме емес пе [3; 4].
Берілген өлең жолдарында қазақ жұртын алыс сапарға, еркіндікке, жарқын болашаққа бет алған алып кемеге салыстырып қолданып тұр. Метафора әдісі арқылы жасалған бұл мысал қазақ концептісінің ойсуретін танытады.
Дала жұрты, әрине, қарапайым,
Болашаққа бірге еріп барады Айым.
Суық желдің өтінде қалған талай
Әрбір қазақ - қара нар қарағайым [3; 103].
Қарағай ағашы - биік әрі мықты ағаш. Еліміздің мықтылығын да осы ағашқа орынды теңеген.
Сонымен қатар, қазақ сөзінің мағынасын ашу үшін Рафаэль ақын қазақ ұлтының келесі қасиеттерін тұтастай өлең жолдары арқылы да бейнелеген:
Елін жауға қимаған батырлар жайында, ерлік туралы:
1.Ақ семсері от шашып жарқылдаған,
Сардар мінген қай ат та алқынбаған.
Жау қайда деп ер жігіт шаба ала ма
Атқа мықты тартпасы тартылмаған [3; 6].
2.Қалың жаумен қасарып егескенде,
Қорғанына айналған белес бел-де,
Желпілдегентұлымы туға айналып,
Қан қырғанда Жеңістің желі ескенде [3; 7].
3.Сүңгітсе де көк сүңгі бал таңдайға,
Қарсы тұрдым талтайып талтайғанға.
Қала болғам еңкейген еңкейгенге,
Қала болғам шалқайған шалқайғанға [3; 15].
4.Бүгілмейтін тізені бүктіргенмін,
Басын төмен идіріп, күттіргенмін.
Шіренгендер төріме түкірсе егер,
Тілін кесіп, мата етіп сүттіргенмін [3; 16].
Қазақ халқының бірлігі, ынтымағы жайында:
1.Бірлікте ұстап өз жұртын жүдетпеген,
Қай жауды да жерег илеп, білектеген.
Алты бақан ала ауыз болса ағайын,
Кім басынып ол жұртты құл етпеген [3; 8].
2. Күн кешіп Алла бұйырған,
Маздатқан отын тірліктің,
Қорғасындай тұтас құйылған,
Қорғаны күшті Бірлікпін [3; 19].
Қиыншылықты көп көрген шыдамды қазақ елі жайында:
1. Көңілінің көк туын шашақтамай,
Кешкен жұрт ед кезінде азап талай.
Рухы жоқтар жүрсе егер ел басқарып,
Айналады рухты елге қазақ қалай [3; 19].
2. Күнін көрген аңыздан масақ теріп,
Қазақ жүрген аждаһа - азапқа еріп.
Азап шығып құшағын айқара ашқан
Нән есігін қаққанда қазақ келіп [3; 164].
3.Ата жолын алқынбай күнде қуған
Кім ірілік күтпесін іргелі ұлдан.
Қазақ, қырғыз секілді жұбын жазбай,
Қазақ, азап екеуі бірге туған [3; 164].
Намысшыл, өршіл қазақ туралы:
1. Тұла бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Практикалық сабақ
Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқау
Ізденістің әдіснамалық негізі
Оқытудың ғылымилығы, түсініктілігі
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары
Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері
Жоғары мектепте оқытудың ұстанымдары
Ғылым туралы жалпы түсінік
Жобаның мақсаты
Пәндер