Қара жаудың сұқтанған көзін жасқап, Естілуде әлемге сөзім асқақ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

ФИО

Курстық жұмыс

Рафаэль Ниязбек тіліне лингвостилистикалық талдау

Ғылыми жетекші:

Қостанай 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І Шығарма тіліндегі көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысы . . . 5

  1. Шығармадағы ажарлау құралдарының қолданысы . . . 5Эпитет . . . 5Теңеу . . . 11Ассонанс, аллитерация . . . 23
  2. Шығармадағы құбылту тәсілдерінің қолданысы . . . 24Метафора . . . 24Метонимия . . . 35Синекдоха . . . 37Аллегория . . . 39Сарказм . . . 40Гипербола, литота . . . 42Кейіптеу . . . 43
  3. Шығармадағы айшықтау тәсілдерінің қолданысы . . . 44Антитеза . . . 44Қайталау . . . 45Градация . . . 47

ІІ Шығарма тіліндегі құрмалас сөйлемдердің қолданысы . . . 49

2. 1 Салалас құрмалас сөйлем . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57

КІРІСПЕ

Қай халықтың болмасын асыл сөз өнері басқа халықтардың əдебиетінен, ең басты айырмашылығы - өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тəсілдерімен ерекшеленді. Əдебиеттегі образдар жүйесі жəне сөз бейнелеу тəсілдері ұлттық болмыс-бітімімізді анықтайтындығы рас. Халқымыздың ғажайып ескерткіштері болып табылатын эпостағы ғаламат кейіпкерлердің сөз өнерінің құдіреті арқылы танылғандығына ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда сандаған ғасырлар мен жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауызша жетіп, жанды баурап, сананы арбайтын қазақтың қасиетті сөз өнерінің ұлттық негізі - ауыз əдебиетінде қалыптасқан деудің реті бар. Сөз өнеріндегі ұлттық негіз дегеніміздің өзі - сол рухани мұраны жасаған халықтың тілі. Онсыз образды сөз, көркем сөз дегенді айта алмаймыз. Тіл - əдебиеттің құрылыс материалы, жер бетіне ауа тіршілік үшін қандай керек болса, əдебиетке тіл де сондай қажет екендігі баршаға түсінікті.

Өнерді тану мен білу туралы ғибраттарға мəн берсек, көркем əдебиет деген ұғымның сыр- сипаты образды сөз, көркем сөз атты терең түсінікке тіреледі. «Сөз - адамның ой-сезімін жеткізудегі бірден бір күшті құрал». Ал, көркем ойлау жүйесі шексіз. Көркем əдебиеттің бүкіл болмысы, шынайы табиғаты түр мен мазмұнның бірлігі арқылы жасалған. Түрдің өмір сүру заңдылығы, өзгеріп дамуы, өзінің көріну тəсілдеріне байланысты. Əдебиеттегі түрдің көріну тəсілдерінің бірі бейнелеу құралдары. «Бейнелеу құралдары - əдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тəсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, əсерлеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет жəне стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.

Шындығына жүгінсек, бейнелеу тəсілдерінің мəн-мағынасы бұдан да кең, мол екендігі белгілі. Анықтай түссек, көркем шығармадағы бүкіл тіл байлығы - түгелдей бейнелеу құралы. Бұның басты ерекшелігі халықтың айналадағы дүниені өзінше түсініп, көркемдік ой-сезімімен қабылдауында жатыр. Сондықтан бейнелеу құралдары қай ұлттың əдебиетінде болса да сөздік қорға, тіл байлығына байланысты қалыптасады.

Көркем əдебиеттің өзіне тəн даму заңдылықтары, қоғамдағы алатын өзіндік орны туралы пікірлер ерте заманнан айтылып келеді. Бұл жайында ғалымдар алғашқы жазылған еңбек ретінде, ежелгі грек елінің біздің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Аристотельдің «Поэтика» атты кітабын атайды. Əйгілі ғұлама бабамыз Əбунасыр əл-Фараби (870- 950 жж. ) Аристотель ізіндегі екінші ұстаз атанып, философия, поэтика жəне т. б. арналған трактаттар жазғаны белгілі. Содан бері сөз өнері туралы Леонардо да Винчи, Буало, Шеллинг, Чернышевский, Белинский, қазақ халқының даңқты перзенті Ш. Уəлихановтар талай-талай зерттеулер жазды. Көшпелі қазақ халқының өлең мен əнге деген құмарлығын, ақындық таланты туралы Ш. Уəлиханов мынадай аңызды арнайы дəлел ретінде келтіріпті: «Аңыздың айтары өлең, өнер аспаннан, əуеден келіпті-мыс. Өлең туралы қызғылықты ойлар мен пікірлер қазақтың ақын-жыраулары, сал- серілерінің шығармаларында да айтылған. Ұлы Абайдың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» деуі қай уақытта да дəлелді екендігіне көз жеткіземіз.

Өлеңнің теориясы, құрылысы, техникасы жайында классикалық еңбектердің бар екендігі əдебиетшілер қауымына жақсы таныс. Аристотель, əл-Фараби, В. Г. Белинский, А. А. Потебня, А. Н. Веселовский, одан кейінгі В. Брюсов, Б. Томашевский, В. Жирмунский жəне тағы басқалар алдымен еске түссе, қазақ поэзиясына байланысты Ш. Уəлиханов, А. Байтұрсынов, М. О. Əуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов, З. Қабдолов, З. Ахметов, М. Базарбаев деп, бұдан əрі де жалғастыра беруге болады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде өлеңнің теориялық мəселелері, айрықша атасақ, поэзияның тілі, құрылымы, түзілісі, бейнелеу құралдары жайлы тамтұмдай түсіндірілген. Алайда осымен іс біткен, ендігі қалғаны сол зерттеулердің нəтижесімен шектелуге тиіс дейтін ғылымда қағида жоқ. Қайта осы бағытта сандаған ізденістерімізбен қатар, өлең теориясына қатысты көркем шығарманы талдауда іркілістеріміз де бар екендігі қисынсыз емес.

І Шығарма тіліндегі көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысы

  1. Шығармадағы ажарлау құралдарының қолданысыЭпитет

Айқындау, яғни эпитет - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет - адамның, заттың, құбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т. б. ) білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп (образдап) көрсетеді.

Қазақ тіліндегі тұрақты эпитеттің тілдік табиғатын арнайы қарастырған Г. Ө. Мұхаметқалиеваның кандидаттық диссертациясында эпитетке былайша анықтама беріледі. « Эпитет дегеніміз - екі немесе одан да көп компоненттен тұратын, өзара қабыса байланысқан, көркем бейнелі, образды сөз тіркесі ».

Демек, эпитет - адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой - қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз образы [ 1; 11] .

Лингвистикалық еңбектерде, оқулықтарда эпитет - көркем образды троптың бір түрі, ойды бейнелі бояуымен жеткізетін құрал ретінде сипатталады. Қысқасы, эпитет - заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет, кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, кез келген анықтауыш емес, оқушының жан дүниесін баурап алатын бей- нелі, образды сөздер мен сөз тіркестері болады. Мысалы:

Лингвистикалық еңбектерде, оқулықтарда эпи- тет - көркем образды троптың бір түрі, ойды бейнелі бояуымен жеткізетін құрал ретінде сипатталады. Қысқасы, эпитет - заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет, кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, кез келген анықтауыш емес, оқушының жан дүниесін баурап алатын бейнелі, образды сөздер мен сөз тіркестері болады. Академик М. Балақаев өз еңбегінде: «Суреткердің өз - өзіне тән тіл шеберлігін сөздің көркемдік қасиетін талдағанда сөз бен образ арасындағы осы бір стильдік нәзіктікті яғни жеке сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктердің бәрі жиналып келіп тұтас контекстік мән алатындығы, ойды бейнелі, нақты, шынайы көрсету үшін эпитетсіз елестету мүмкін емес» - деп өте ұтымды тұжырым жасаған.

Қазақ тіліндегі эпитеттер басқа тілдегі сияқты негізінен зат есімнен, сын есімнен, есімше, көсемше етістіктері арқылы жасалады.

Эпитет туралы А. Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсіретін етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсететіндей сөз қосып айтамыз, сондықтан айқындаудың өзге түрі көркейту деп айтылады» - деп эпитетке анықтама берді. Көркейту дегеніміз - эпитет термині ретінде алынған.

Эпитет жайында айтылып жүрген теориялық пайымдауларда әлі күнге дейін бірізділік жоқ сияқты. Мысалы, Л. И. Тимофеев: «Кең мағынада қандай болса да бір ұғымды анықтап, айқындап, сипаттап және тағы басқа тұратын әрбір сөз эпитет болады. Бізде осы уақытқа дейін эпитет - көркем анықтауыш, реңді, бейнелі және тағы сол сияқты, ал жай анықтауыш сөз болғанда мұндай көркемдік болмайды деген есеппен, эпитет деген ұғымды (көркем анықтауыш) анықтауыш сөз деген ұғымнан бөліп қарауға жиі ұмтылу бар . . . бұл бөлу бұрын ескертілгендей, поэтикалық тілді ерекше, бейнелі деп қарау талабына байланысты. Біздіңше бұл дұрыс емес», - дейді.

Кез келген сөз жеке тұрып та не болмаса алдынан, артынан анықтайтын сөздермен келіп те бейне жасай береді. Олай болса, эпитет - бейнені айқындап, көріктеп тұратын көріктеу құралы. Р. Сыздықова: «Эпитет - адамның, заттың, құбылыстың, бір белгісін, сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т. б. ) білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп көрсетеді, өйткені бұл белгі сол заттың, адамның, құбылыстың, табиғи қалыпты белгісі емес», - дейді [2; 173] .

Түр-түс әлемі - өзіндік ерекшелікке, өзіндік символдық мәнге ие ұлт мәдениетін танытатын бір тұғыр. Яғни, мәдениеттегі түр-түс арқылы өзіндік эстетикалық көзқарасын, эмоциялық қалпын, адамгершілік түсініктерін білдірген. Қоршаған орта, аспан әлемін, тіпті кез-келген материалдық мәдениетке байланысты заттар, киім-кешек, құрал-жабдық, болмаса рухани мәдениетке қатысты салт-дәстүрді түр-түссіз қабылдау мүмкін емес. Онсыз оның болмыс-бітімі тлыққанды болмайды. Сондықтан түр-түс - ұлт мәдениетін танытатын бірден бір жол.

«Ақ» және «қара» түстердің этнолингвистикалық сипатын жан-жақты қарастырған Ұ. Б. Серікбаева: « Қазақ тілінде «түр-түс әлемін» құрайтын сан алуан атаулардың ішінде өте жиі қолданылатын, мағынаға бай, қолданыс ауқымы кең атаулардың бірі - «ақ» және «қара» атауларының этнолингвистикалық табиғаты өте қызық, әрі ғылыми-практикалық тұрғыдан мәні зор құбылысқа жатады » деп көрсетіп, «ақ» түстің 20-ға жуық, «қара» түстің 30-ға жуық когнитивтік мағыналарын анықтаған.

Жоғарыда атап өткеніміздей, суреткердің шығармасында да «киелі», «қасиетті» мәнде қолданыс тапқан түр-түс атаулары, соның ішінде «қара» түске байланысты тіркестер молынан кездеседі. Шығармада «қара» түсінің екі когнитивті мағынасы ашылған болатын [3; 64] .

Жер бетіндегі заттарды қиратып, бұзып кететін, қатты соғатын дауыл не тепсе темір үзетін жау адамының мықтылығы, күштілігі, тіпті болмаса шығармада кездесетін жаудың халыққа шабуылы, жаудың өзі, сондай-ақ сол дұшпандармен айқасуы табиғат құбылыстары арқылы көрініс табады, Рафаэль Ниязбектің поэзиясында «қара» сөзімен байланысты келеді [3; 66-73] .

Мысалы:

  1. Қара құйынқұтырып суырса да,

Өзен бар ма сіздердей таза ағатын. («Аспанында Тараздың жүзген арай», 27 -бет)

  1. Қара дауылтұрғызған дүрбелеңде,

Дау жеңіспен қайтар ек бітпегенде. («Аспанында Тараздың жүзген арай», 34-бет)

  1. Төбесіненқара бұлтжосылғанда,

Қара жерге шөге ме тау жаншылып. («Ай тұтылған түн», 41-бет)

  1. Қара жолмен қара жауқаптағанда,

Жібек жолмен сарбаздар жауға аттанған. («Жібек жолы», 3-бет )

  1. Жосығандақара бұлткөкте көшіп,

Жетші еліме жүзіңнен өктем өсіп. («Сатық Бұғра хан Әулие атаның нұры», 4-бет )

  1. Қара тас тақайраққа айналған-ды,

Еңселі елдің намысын жанығалы. («Жібек жолмен келеді көшін бастап», 5-бет)

  1. Қара жаудыңсұқтанған көзін жасқап,

Естілуде әлемге сөзім асқақ . («Жібек жолмен келеді көшін бастап», 5-бет)

  1. «Қара» деген түс қайғы-мұңнын, бейқам, бұлынғыр тіршіліктің белгісі ретіндегі мағынасы да Ниязбек шығармасында жиі ұшырасады:
  1. Қара жолмен жетсе егерқара Қайғы,

Жібек жолмен Бақ жеткен, Бақыт жеткен. («Жібек жолы», 3-бет )

  1. Хан да атандыңжазықсыз дұшпанқанын,

Қара жерге ағызып сорғытпаған.

(«Сатық Бұғра хан Әулие атаның нұры», 4-бет )

  1. Малдарын да өргізіп өрге айдаған,

Тараз жерін қара орман ел жайлаған. («Ел мен жер», 6-бет)

  1. Қилы замантуғанда борандаған,

Қара қайғы ат мініп қопаңдаған. («Сыпатай деп жазамын сөз басына», 10-бет)

  1. Туған елін ту етіп тік көтеріп,

Қара бастын көрмеген бағын тойлап. («Оққа айналған Байзақ датқа», 10-бет)

  1. Қарағайы Байзақ депқара орманның,

Бәрі түгел шапқылап жаңқалаған. («Оққа айналған Байзақ датқа», 10-бет)

  1. Сіз бардыңыз әкім бопқара жерге,

Қасиетін қаққанда қазық етіп. («Аспанында Тараздың жүзген арай», 21-бет)

  1. Қара қарғааспанда қаптағалы,

Еленбеді еңбектің ақ табаны . («Аспанында Тараздың жүзген арай», 22-бет)

  1. Қол шоқпармен қасынан өте беріп,

Қара құстан қайқайтып ұрып қалған. («Ай тұтылған түн», 40-бет)

  1. Қара тобыр - қара бұлтжөңкілетін,

Кісі бар ма бұл елде жөн білетін. («Береді, елім, болашақ өз бағасын», 214-бет)

  1. Алқаштардың қызығын арақ ішіп тойлаған,

Қара мылқау қоғамда кім бар бұны ойлаған. («Туған елге тұмар хат», 234-бет)

  1. Билік құрса өзіңдейқара қарға,

Ел-жұрт болып көнбейтін шара бар ма? («Ауданның бұрынғы әкіміне», 230-бет)

Ақ - қараға қарама-қарсы түс. Бұл - «ақ» түстің негізгі түстік, реңктік мағынасы. «Ақ» түс - қазақ халқының жанына жақын, көңіліне қалаулы түс. Себебі, қазақта «ақ» - пәктік пен ақтықтың нышаны, қуанышқ пен жақсылықтың белгісі, махаббат, үміт, қайырымдық деген ізгі сезімдердің символы. Жалпы осы «ақ» түстің символикалық мәнін шығу тарихынан көруге де болады. [3; 73] .

  1. Ақ семсеріот шашып жарқылдаған,

Сардар мінген қай ат та алқынбаған. («Ел мен жер», 5-бет)

  1. Ақ сарайдыңсарқытын сен табасың,

Данагөйлер жайғасқан кеңескенде. («Ғасырлардың көзіне үңілгенде», 13-бет)

  1. Кеудемді кек кернегенде

Сұр жебе тесіп өтпеген,

Ақ сауытым жыртылды. («Көне Тараз мұңы», 17-бет)

  1. Серік мырза, жылы еді жүзің неткен,

Ақ кемесің мұхиттан жүзіп өткен. («Аспанында Тараздың жүзген арай», 23-бет)

-бұл өлең тармақтарында «ақ» түсі - әділ, әділетті, арамдығы жоқ сынды жандарды сипаттауда адалдық белгісі ретінде «ақ» атауы қай тіркесте, контексте болмасын жақсылықтың нышанын аңғартып тұрады.

Ақын Рафаэль Ниязбектің поэзиясында жалғыз бір ғана «сары » түске байланысты тіркес көрініс тапқан. Бұл тіркестегі «сары» түсінің конгнитивті мағынасы - табиғи, физиологиялық кейбір құбылыстың ұзаққа созылуын сипаттайды. Мәселен, «сары» сөзінен уайым-қайғыға байланысты пайда болған сары уайым, сарыла күту сөздерінде сағыныш мәні жатады [3; 83] .

  1. Елдіңсары уайымыемес шығар,

Жапырақтар сарғайса күзге қарай. («Аспанында Тараздың жүзген арай», 21-бет)

Адамның портретін жағымды, жағымсыз сөзбен беретін (көптеген жазушыларда) ерекше суреттемелі эпитеттер назар аудартады:

  1. Ажарлы анатуса да күпі піскен,

Жаралғансың жарқ етіп ұлы күштен. («Сатық Бұғра хан Әулие атаның нұры», 4-бет )

  1. Сырнай тартқан жел үнін тыңдай қалып,

Алаулайтын бал жүзің шымқай жанып. («Діні неткен қатты еді боз даланың», 12-бет)

  1. Бұқа мойын, бура сан, алып дене

Сол батырды жер емес, жел көтерген. («Ай тұтылған түн», 39-бет)

  1. Жырыңды жау ақылды, есті ме еді,

Сұлу сүмбіл денемді кескіледі

  1. Ит мінездіадамдар ит тірлікте,

Ит өлімнен қайтеді өлмегенде. («Әдемі өлім», 146-бет)

  1. Көкбет әйел, кер жалқау, ақымақ ұл,

Кірін күнде жуады көз жасыма. («Қарияның көз жасы», 188-бет)

  1. Сарт мезірет, сарт мінезөріс ашып,

Сыйластық та жасанды боп барады. («Жасанды өмір», 187-бет)

Табиғат көріністерін суреттеуде де эпитеттердің атқаратын қызметі зор:

  1. Бұйра жалды қырларынсағымдаған,

Ұлы Дала ешкімге бағынбаған.

Жиһаз артқан керуен жібек жолмен,

Алтын өзен секілді ағындаған. («Жібек жолы», 3-бет )

  1. Қанды өзенгетүп-түгел тоғытқан-ды,

Сарбаздарым жау іздеп кіл жұтынған. («Көне Тараз мұңы», 17-бет)

  1. Көңілінің көздері жасылданып,

Ашулы өзен жөнелген тасып ағып. («Ай тұтылған түн», 40-бет)

  1. Қоңыр самалсен едің алдан ескен,

Қоңыр жыры секілді қоңыр кештің . («Жүрегімнің төрінен табады елі», 210-бет)

Егемендік, азаттық кез келген халық танымында ең алдымен қуаныш, шаттық болып танылса, екіншіден батырлықтың танылатын тұсы. Тәуелсіздікке қол жеткізу- халықтың, батыр бабаларымыздың асыл арманы болатын. Жау әскерін жеңу, егемендікке қол жеткізу басты мақсаттары болып саналады, сондықтан да ақынның поэтикалық тілінде қазақ ұлтының қандай ұлт екендігі мынадай тілдік эпитеттер арқылы танылған:

  1. Қабырғалы қазақтыңөскен елі,

Жайсан жұрттың бәрін де дос көреді.

Қаратаудан қаралы көш құламай,

Жібек жолмен көрікті көш келеді. («Жібек жолмен келеді көшін бастап», 5-бет)

  1. Артта қалып жылдардың төбе, белі,

Жетеді әлі Алаштың сөреге елі . («Жібек жолмен келеді көшін бастап», 5-бет)

  1. Еркектері егеулі найза ұстаған,

Асқақ елдің басынан сөз аспаған. («Жібек жолмен келеді көшін бастап», 5-бет)

  1. Заман бар ма, жалған да зауал бар ма,

Нар қазақтың жеңбеген жүректі елі. («Сыпатай деп жазамын сөз басына», 10-бет)

  1. Заманындакөк бөріҚараханның

Ерлік қанға құйылып тараған мың. ( «Тараз қала ерлікке баурамас», 20-бет )

  1. Тілегіңе тіленбей жеткеніңде

Бой түзеген бір терек текті елінде . («Аспанында Тараздың жүзген арай», 21-бет)

  1. Ел басына төнгендеқатерлі күн,

Қайқы қылыш қазақтың ата ерлігін . («Ғасырлардың көзіне үңілгенде», 13-бет)

  1. Жібек жолдантарағантаспа жолдар,

Жұмыр жерді жан-жақтан құрсаулаған. («Ел мен жер», 5-бет)

  1. Аздығымды ескермей, арыстан айбатпенайқастым,

Көптігінен жаудың сескенбей, жолбарыс жүрекпен шайқастым. («Көне Тараз мұңы», 17-бет)

  1. Әруақтарға бағыштап ас берген-ді,

Кемеңгер ел келгенде кемеліне. («Бабалардың өр рухы», 12-бет)

  1. Шетке ығысыпөжет жыр мен текті ұран,

Түбінде елдің сыпсыңдаған жетті ылаң. («Өсек шығар деп тұрам», 213

Жоғарыда алынған эпитеттерге қарама-қарсы мағынада алынған, яғни дүниенің келеңсіз оқиғаларынан туған, санасы төмен халықты, соны басқарып тұрған дұниеқоңыз басшыларды, соның салдарынан пайда болған ессіз елді сипаттауда ерекше қолданыс тапқан эпитеттер:

  1. Туды ма әлдеқатыбас кәпір заман,

Қарамайтын жетімге, жесір елге . («Баба әже мен Айша қыз», 15-бет)

  1. Дүлей бастықкөбейіп сөз білмеген,

Сөз білетін кісіні өсірмеген. («Аспанында Тараздың жүзген арай», 25-бет)

  1. Сиыр қоғаммүйіздеп, күндер қанша -

Шығып қала жаздаған шетке мүлде. («Қабағынан мұң кетсе», 102-бет)

шығармадан терілген эпитеттер:

  1. Қабағынан сескенбей зеңбір көктің,

Қызыл қанын ағызып ет-жүректің. («Оққа айналған Базйзақ датқа», 10-бет)

  1. Ақындары Алаштың бұғынғанда,

Қанды суға малынып қайғы атанған. («Аспанында Тараздың жүзген арай», 25-бет)

  1. Шыбын жанымқай кезде жай табады,

Дөңгелегі дүлейдің айналады. («Аспанында Тараздың жүзген арай», 26-бет)

  1. Кеудемде арман бұр жарып гүлдегенде,

Өмір барын сезінгем отты өлеңде . («Қабағынан мұз кетсе», 102-бет)

Қорытындылай келе, аталмыш туындыдан 53 эпитет теріліп, оның 49 талдауға түсіп, Қанапина Сәуле Ғалымбекқызының еңбегі бойынша мағынасы ашылды.

1. 1. 2 Теңеу

Теңеу - көркем мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз және затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым және көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған категория. Олар стилистикада эмосционалды - экспрессивті лексикаға және көркем ойға құралған тіркестерге байланысты айтылады. Теңеу ауыспалы мағыналардың пайда болуына және экспрессивтік қасиеттерінің күшеюіне байланысты сөздің мағыналық ауқымының кеңеюі, оның көркем шығармадағы эстетикалық қызметін дамыта түседі.

Тұрақты теңеулердің де еркін теңеулердің білдіретін негізгі мағынасы компаративтік мағына. Бұл екеуінің арасында ешқандай семантикалық айырмашылық болмайды. Мәселен, «үндемеген үйдей пәледен құтылады» тұрақты теңеу мен «ол үйдей тастан секіріп өтті» деген еркін теңеудің айтылуы бірдей.

Белгілі бір халықтың көркем әдебиеті басқа халықтардың әдебиетінен, ең алдымен, өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бейнелеу тәсілдері - ұлттық характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды. Көркем әдебиет үшін, әсіресе, ұлттық тілдің маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығарма тілінің көркемдігін анықтау
Ж. Аймауытов - Ақбілек романы
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі
Ақын Несіпбек Айтұлының қазіргі қазақ әдебиеті қоржынына салған поэмаларының орны
Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі
Қазақтың ханы Абылай
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
РЕНЕССАНС ЗАМАНЫ – ҮМІТ ПЕН КҮДІК
Батыр-жырау Қожаберген туралы
Елордасы – Астана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz