Зат есімге тән антонимдер


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Ғылыми жетекші:
.
Қостанай 2020 жыл
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-4
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшеліктері
1. 1. Антоним, синоним, омоним сөздерінің қолданысы . . . 5-22
1. 2. Көне сөздер, кірме сөздер, эмоционалды-экспрессивті сөздер . . . 23-32
1. 3. Фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 33-46
II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі
2. 1. Мақал-мәтелдер, авторлық афоризмдердің ұлттық танымдық қызметі . . . 47-51
2. 2. Көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің стильдік қолданысы ( теңеу, эпитет, метафора, метонимия, кейіптеу) . . . 52-70
2. 3. Портрет пен пейзаждың қолданысы . . . 71-74
Қорытынды . . . 75
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 76-77
Кіріспе
Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді. Лексикологияның зерттейтін объектісі - сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы басқа ұғымның атауын сөз дейміз.
Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады .
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Р. Сыздық, Т. Жанұзақов, Ғ. Қалиев, Б. Хасанов, К. Хұсайын, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ф. Оразбаева, Ж. Манкеева тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.
Курстық жұмыс тақырыбы - Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты - Саттар Ерубаев «Менің құрдастарым» романы тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, синоним, омоним, антонимдердің қолданылуын және көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, кейіптеу, пейзаж, метонимия, метафоралардың шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан синоним, антонимдердің стильдік ерекшеліктерін табу;
3) Шығармадан эпитет, теңеу, кейіптеу, метафора, метонимия тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып талдау, ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны - Саттар Ерубаев «Менің құрдастарым» романы
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
• Шығармада фразеологизмдердің соматикалық түрінің көптеп, мақал-мәтелдердің аз кездесуі
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
1. 1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы
Антонимдер
Антоним термині -әлем тілдерінің бәрінде бар құбылыс. Антоним термині-гректің «onty»-қарсы деген сөзінен шығып, қарама-қарсы есім дегендібілдіріп, қарама-ұарсылықты зерттейтін лексикологияның антонимика саласында қарастырылады. Антонимдер айналадғы заттардың, құбылыстардың сын- сапасын, артық-кем, мөлшер -көлемін салыстырып, бірі-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Сондықтан, мағыналарым бір- біріне қарама- өқарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын- сапасын, артық-кем қаситеін, мөлшер- көлемін салыстырып, бір -біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Зерттеуші ғалым К. Қ. Есіркепова өзінің “ 1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) ” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. “Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын - жазушылар өзара қарама - қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама - қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.
Ғалым Т. Бекниязов: «антонимдер ақынның айтар ойын нақ түйіп, тұжырымдап, байлауын айқындап, өлең әсерін күшейтумен қатар оқырман мен авторды бір ұғымға ортақтастырып тұратынына» назар аударған.
Ғалым К. Аханов «Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама -қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді» деген.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл- тілде синонимия, полисимия құбылысына қарағанда, өрісі тар болды. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады.
Ғалым К. Аханов « Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті . Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір- бірімен қатар қойып, шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша өқызмет атқарады. » [К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» 328-бет] .
Белгілі лексиколог ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы» деп, антонимдерге анықтама беріп, антонимдерді сын есімге тән антонимдер, етістікке тән антонимдер, зат есімдерге тән антонимдер, үстеуге тән антонимдер деп жікке бөліп, қарастырады [Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» 117-бет] .
Ғалым Анар Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында антонимдік парадигма жайында сөз қозғайды. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздердің жүйелі тобы- антонимдік парадинманы құрайды. Болмыстағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары арасында қарама -қайшылықтың болуы диалектиканың даму заңдылығы. «Қарама-қайшылық -әлемді қозғаушы . . . , кез келген қозғалыстың, өмірдің түп тамыры; қандай да бір нәрседе қарама-қайшылық болғанда ғана ол қозғалады » Антонимдік қарама-қарсылық заттар арасындағы қарама-қарсылық емес, олардың қасеттерінің, сапаларының, белгілерінің арасындағы қарама-қарсылық. Тілдік антонимияны логикалық категория саналытын қарама-қарсылық ұғымы арқылы түсіндіру қажет. Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың қарама-қарсылығы оларды салыстыру кезінде ғана көрінеді.
Ғалым Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы «Антонимдік қатынастардың көркем прозадағы қолданысы» 2010 ж диссертацияның авторефератында антонимдер туралы сөз етеді. «Антонимия-лексикалық бірліктердің мағыналық жағынан қарама-қарсылығы. Антонимия деген лингвистикалық терминнің тіл біліміне енуінің өзі үлкен қызығушылық тудырады. Тұлға мен мазмұн жағынан «антонимия» терминімен қатысты бола тұра, ол тіл біліміне салыстырмалы түрде енеді. Ғалым Н. М. Шанский 1964 жылы шыққан «Орыс тілі лексикологиясы» атты еңбегінде антонимдерге: «Антонимдер айтылуы әр түрлі бір-біріне қарсымағына беретін, бірақ бір-біріне қатысты сөздерге», -деп анықтама береді. » Тілдің лексика-семантикалық жүйесінде антонимдер үлкен рөл атқарады. Антонимдер -тілдік белгінің мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер. Антонимдерді қарапайым түрде тостастырғанда екі сөздің қарсы мағынасы алынады: жақсы-жаман, үлкен-кіші т. б сөздері. Қарсы мәндегі сөздердің кейде синонимдері де болады: үлкен, зор, ересек т. б сөздер. Антонимия -лексикадағы қарапайым қатынас екендігі мынадай себептен де көріне алады: ол үнемі бір ған сигнификативті мағынаға сүйенеді. Егер сөзде сондай бірнеше мағына болса, онда ол бірнеше антонимдік қатарға енеді. Қарама-қарсы мағына дегеніміз-уақытша категория, өйткені «сапаның өзгеруі-заттың өзгеруімен тең келеді, ал қасиет болса, керісінше, заттың басқа бір затқа қатысы нәтижесінде және табиғи үдерістерге сай өзгеріп отырады. »
Лексиколг ғалым Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев антонимдерге мынадай анықтама берген: «Антоним дегеніміз- мағынасы бір- біріне қарама-қарсы сөздер тоьы» Қазақ тілінде антонимдердің жасалуы көбіне -көп сын есімдерден болады, ал қалған сөз таптарынан вһаз кездеседі. Жасалу жолдарына қарай антонимдерді бірнеше топқа бөлген.
1. Зат есімге тән антонимдер
2. Сын есімге тән антонимдер
а) Түбір күйінде кездесетіндер
ә) туынды түбір күйінде кездесетіндер
б) -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған антонимдер
3. Етістікке тән антонимдер
4. Үстеуге тән антонимдер
5. Есімдікке қатысты антонимдер
[Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев 76-бет] .
Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» романы бойынша антонимдер:
- Сын есімге тән антонимдер.
- Ыстықпен де, суықпендесодан кейін таныстым. [1; 35]
Ыстық; 1. Отқа қыздырылып, ысыған. 2. Температурасы жоғары, қатты қызған, ыссы. 3. ардақты, қымбат. [ТС; 947]
Суық; 1. Салқын, жылы емес. 2. Ызғарлы, қатаң, салқын. [ТС; 745]
- Тәкаппар боп өскен терек, ақылыңқысқа, бойыңұзын. [1; 39]
Қысқа; Келте, шолақ, шорт. [ТС; 564]
Ұзын; 1. Қысқа емес, шұбатылған. 2. Аласа емес, биік. [ТС; 855]
- Бетегеденбиікеді, аласаеді жусаннан,
Қайтқан құстай көшіп жүрген, бақыт көрмей қашаннан. [1; 42]
Биік; 1. Асқар, заңғар, зәулім. 2. Төмен емес, жоғары. 3. Алға басу, өрлеу. 4. Атақ-дәрежесі зор, мәртебелі. [ТС; 132]
Аласа; биік емес, жатаған. [ТС; 38]
- Етістікке тән антонимдер.
- Туып, өліпкетуді де маған аз ғой деуші едім,
Ағаш-екеш ағаштағы көп көгеріп, қуарар,
Сенің өмірің бір-ақ рет көгерер де, қуарар,
Ебелектей ербең етіп жер бетінен кетерсің. [1; 41]
Ту; 1. Босану, баа табу. 2. Пайда болу, жарыққа шығу. [ТС; 819]
Өл; Жүректің соғуы тоқтатылып, өмірі таусылу, қаза болу. [ТС; 651]
- Көресің беоны сен, көрмейсің беоны сен,
Сүйесің бе мені сен, сүймейсің бе мені сен? [1; 86]
- Жиылысбітті, кең көшедей, ұзын коридорда жүрді. [1; 88]
Біт; 1. Таусылу, түгесілу, аяқталу. 2. Қалпына келу, дайын болу, өңделіп біту. 3. Жетілуғ жазылу. 4. Өніп-өсу, шығу. 5. Пайда болу, жаралу. [ТС; 168]
Баста; 1. Басшы болу, басқару. 2. Бір нәрсені ұйымдастыру, басқару. [ТС; 113]
- Рақмет молағақарамай, қала жаққақарады. [1; 89]
- Ат-арба, трактор, бір қақпадан вагондай тіркесіп оларкіріп жатыр, бір жағынаншығып жатыр. [1; 102]
- Большевиктер жылапістете ме, түсіндіріп, сендіріпістетпей ме? [1; 108]
- Көзін Кулевакиннен айырмай орнынантұрды, сылқ етіпотыра кетті. [1; 119]
- Енді тынып жатқаннан кейін, алыстағы құрылыс дыбыстары үйдің ішіне үзіліп, зорға жетіп, болар-болмасестіліп тұр. [1; 122]
- Біліп істеседе, білмей істеседе бір шара қолдану керек. [1; 124]
- Біротырады, біртұрады. [1; 132]
- Біреулерішығып, біреулерікіріп жатыр. [1; 140]
- Осыдан соң Рақметпен паркте құшақтасып отырғаны, содан орнынан тұрып жүгіріпкеткені, қайтыпкеліпсүйгені көзіне елестейді. [1; 147]
- Екеуі техникумғатүсіп, оныбітіріпшыққан соң Зейнолла газет жағына кетті. [1; 152]
- Артындакөрінер-көрінбесболып көз жазбай Рақмет келе жатыр. [1; 162]
- Білте шамның жарығы бірұзарып, бірқысқарыпжанып тұр. [1; 177]
- Клет біркөтерілдіде, төмен сырғи бастады, бара-бара тездеп сырғыды. [1; 188]
- -Көрмейжүрсіз бе, бәрінкөріпжүрсіз. [1; 59]
- Сенің өзің жақсыбілуіңкерек, білмесеңоларға қалай басшылық бересің! [1; 137]
- Екі адам өлу алдында, оғанөлемдеп түспесе, тірі шығамдеп ешкім түспейді, - деді десятник. [1; 167]
- -Өлмейшық, бірақ жеңбейшықпа! - деді Алексей. [1; 169]
- Клет жұмсақ түрдежүрдіде, теуіптоқтады. [1; 188]
- Жел білетінұшатынын, сай білетінқонарын,
Құдайы да, адамы да ойламаған обалын. [1; 42]
- Аршалар кіпріш алыпкеле жатқанда, Ұлбосындарбара жатады. [1; 134
- Зат есімге тән антонимдер.
- Қуанышсәл кешіксе, қапалықтыңжетіп келетіні бар емес пе? [1; 156]
Қуаныш; 1. Бір нәрсеге қуану сезімі, шаттық. 2. Біреудің көңіл медеу тұтарлық жұбанышы, қызығы. [ТС; 527]
Қапалық; Қапа болғандық, реніштілік. [ТС; 475]
- келіп отырған жоқ па? [1; 156]
Қапалық; Қапа болғандық, реніштілік. [ТС; ]
Қуаныш; 1. Бір нәрсеге қуану сезімі, шаттық. 2. Біреудің көңіл медеу тұтарлық жұбанышы, қызығы. [ТС; 527]
- Оның жіпті іздегені рас, бірақ үзу үшін емес, тіптен ұстапқараңғыдан жарыққашығу үшін іздеді. [1; 47]
Қараңғы; 1. Қараңғылыққа шомған, түнек. 2. Беймәлім, белгісіз. 3. Оқымаған, сауытсыз, білімсіз. [ТС; 483]
Жарық; 1. Қараңғы емес, жарқыраған, ашық. 2. Электромагниттік толқндар. [ТС; 274]
- Байқағанда қауіпті екі жерді көрдім, бірі лаваныңауыз жағында, бірітүп жағында. [1; 194]
- Үстеуге тән антонимдер.
- Бүгін барсың, ертең жоқсың, бүгін таңда шешек атсаң, ертең қурап соласың. [1; 39]
Бүгін; 1. Бұл күн, осы күн. 2. Осы кезде, қазірде. [ТС; 157]
Ертең; 1. Бүгіннен кейінгі келесі күн. 2. Болашақ күн, келешек. [ТС; 233]
- Алды-артынақарамай жүгіріп келеді. [1; 68]
Алды-арты; 1. Бір нәрсенің бас-аяғы, бар болғаны. 2. Бір нәрсенің ең соңы, ақыр аяғы. [ТС; 41]
- Оңжағы - Кішкене Нева, солжағы - Үлкен Нева. [1; 83]
Оң; 1. Солға қарама-қарсы жақ. 2. Дұрыс, жөн, түзу. [ТС; 633]
Сол; оңға қарама-қарсы жақ. [ТС; 735]
- Алдындаоның белестер, бұлбұл болып сайрайды,
Артында оның қосылып, екі гормонь ойнайды. [1; 86]
Алды-арты; 1. Бір нәрсенің бас-аяғы, бар болғаны. 2. Бір нәрсенің ең соңы, ақыр аяғы. [ТС; 41]
- Күні-түнілаборатриядан шықпайтын болды. [1; 89]
- Жерүстіндежүргізбей, жерастынатығып еді, енді жер астына жатқызбайын деді-ау! [1; 103]
- Содан соң өзіалды-артынақарамай, тез-тез басып, кетті де қалды. [1; 105]
- Айғай-шу, бұл - тынбай, біреуіәрі, біреуіберіжүгіріп жүрген, қайнаған еңбек "тасқыны. [1; 114]
- Борисов таңырқап Рақметтіңбасынан аяғынадейін қарап шықты. [1; 122]
- Оңжағында Мырзаш бригадир, солжағында Ұлбосын комсомолка, бригадир. [1; 129]
- Лебедкашы қыз, электр жарығының астындажоғарыдан төменқарап тұр. [1; 136]
- Төменде, алыста жез , көмір салған вагондар жылжып келе жатыр. [1; 136]
- Жоғарыдан төменсарылдап жатқан өзеннің ағысына қарсы жүзген адам сияқтанды. [1; 137]
- Келе салып, алды-артынақарамай шаба бастады, көмірді опыра берді. [1; 139]
- -Апырмай, күні-түнішахтыдан шықпайды-ау! [1; 140]
- Шамы менің қолында, жоғарыдан төменқарап отыр. [1; 149]
- Жоғарылы-төмендітартылған сызық сияқты. [1; 155]
- Содан соңалды-артынақарамай етті жей берді. [1; 176]
- Шыдай алмады, әрі-беріденсоң гимнастика ойнады. [1; 121]
- Бірібұрын, бірікешбірнешесі бірдей соғылған қайла дауыстары, күреген күректер, қойылып жатқан кірептер. [1; 138]
Қорытындылай келе, аталмыш шығармада 50 антоним, соның ішінде сын есімге қатыстылары 3, етістікке 23, зат есімге 4 және үстеуге 20 мысал теріліп, 12-сі талдауға түсіп, Болғанбаев пен Қалиев бойынша жіктелді.
Синонимдер
Тіліміздегі байытатын, сөздік қорымызды молайтып, тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі- синонимдер. Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты обьект -сөз болса, олардың мағыналық сәйкестіктердің Синонимдерді жан- жақты зерттеп құнды пікірлер айтқан ғалымдар пікіріне мысал келтіретін болсақ. Ғалым Ә. Болғанбаев пікірінше «Синонимдер дегеніміз -әр түрлі айтылғанмен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стилдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз тобынан болған сөздер» деп анықтама береді.
Ғалым К. Ахановтың анықтамасы бойынша : « бірінше сөз бір ұғымның атаулары ретінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, байсалды, салмақты, сабырлы, байыпты деген сөз өзара синонимдес сөздер, әр басқа ұғымды білдіретін атаулар »
«Кез-келген тілді алсақ, синонимдер -сол тілдік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық- тілдік қарым-қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсеріне тигізеді. »
Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылады, өйткенді кез келген суреткер өз ойын жеткізуде мағыналы сөздер арқылы береді. Кез келген ақын, не жазушы шығармасында бір сөздің бірнеше синонимін қолдана отырып, жеткізуге тырысады. Мұндай сөздер яғни синонимдер -әсіресе, поэзия тілінің қажетті бір құралы болып саналады.
Профессор Р. Сыздықова синонимдердің көркем сөзде мағыналас ( мәндес) келген сөз қатарлары ретінде лексикалық категгория ғана емес, қолданыста, әсіресе көркем сөзде ең қуатты, икемді, актив стилдік құрал. Синонимді көріктеуіш қызметте жұмсау, әсіресе кең орын алады. Жұмсалу тәсілдері, орындары сан алуан: Синонимдік қатардан сол орында айтылмақ ойға ұғымда келетін варианты алынады, ол ұғымдылық сөздің модальдық реңкіне, тіркесу қабілетіне, айналысындағы сөздер мен дыбыстық үндесуіне қарай жұмсауына байланысты. Синонимнің өзіне тән ерекшеліктері -тілімізді әрлеу, өрнектеу.
Синонимдердің негізгі басты белгісі- сөздердің бір ұғымды беру үшін мағыналық сәйкестіктерінің болуы. Егер синонимдер әр түрлі ұғымды білдірсе, ондай сөздерді синонимдік қатарға топтастыру мүмкін емес. Ал мағыналық реңкті синоним болудың негізгі шартты белгісі деп қабылдасақ, тілдегі синонимдердің бәрі бірдей экспрессивті реңк бере бермейді.
Синонимдік қатардағы сөздер туралы да пікір әр түрлі. Мәселен, О. Д. Богоусловская синонимдік қатар белгілі бір жүйеге бағынған сөздердің ертеден қалыптасқан тобы десе, В. А. Сиротинина синонимдік қатар синонимдік қарым-қатынаста алынған сөздердің тобы деп тұжырымдайды.
Синонимдік қатардағы сөздер кейде әр түрлі мағыналық реңк беретін сөздерден тұруы мүмкін. Сондықтанда синонимдік қатардан доминант сөзді белгілеу қиындық туғызады. Доминант сөзді белгілеуде сөзердің бастапқы мағынасы басшылыққа алынады.,
[ Нұрғалиева. М. Б. « Тариха романдардағы лексикалық синонимдер » автореферот, 8-бет] .
Ғалым Анар Салқынбай өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде «Тұлғалық жағынан әр алуан болғанымен, мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздердің жүйелі тобы-синонимдік парадигманы құрайды. Синонимдік парадигманы құрайтын сөздердің ерекшелігі мазмұндары бір-біріне жақын, мәндес, іргелес ұғымдарды анықтайды, семантикалықбелгілері ұқсас болады да, тұлғалану әр түрлі сипатта болып, сырттай дифференцияланып тұрады және лебіздегі қолданысы жағынан стильдік аяда ажыратылады. » Қазақ тіл білімінде синонимдер жүйесі біршама жақсы зерттелген, лебізде және тілімізде кездесетін синонимдер толықтай жинақталып, сөздік ретінде басылып шыққан, көптеген ғылыми зерттеулерде оған анықтамалар беріліп, тілдік сипаты талданған. Синонимдерді алғаш терең зерттегенғ тамаша еңбек жазған ғалым-Ә. Болғанбаев. Ғалымның 1957 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер» атты зерттеу еңбегіне бастап, «Қазақ тіліндегі синонимдер», «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» атты еңбектері жарық көрген. «Синоним» терімсөзі тіл білімінде кең мағынада қолданылады; морфемалардың синонимі, синтаксистік құрылымның синонимдік қолданысы, фраеологиялық бірліктердің синонимдес қолданылуы т. б.
Қазақ тіл білімінде арнайы сын есім синонимдерді зерттеген ғалым Фаузия Оразбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» еңбегін айрықша атауға болады. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:
1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz