Лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымы


Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ФИО
Сөз мағынасының макрожүйесін құрайтын бөлшектері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Қостанай 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1 Сөз мағынасының макрокомпоненттері . . . 8
1. 1 Лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымы . . . 8
1. 2 Коннотациялық мағына және оның ерекшелігі . . . 12
1. 3 Коннотациялық мағынаның зерттелуі . . . 24
2 Коннотациялық мағынаның түрлері . . . 34
2. 1 Коннотациялық мағынаның типтері мен түрлері . . . 34
2. 2 Шығармадағы коннотациялық мағыналардың көрінісі . . . 47
2. 3 Қазақ тілі терминжасамындағы коннотацияның рөлі . . . 52
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 63
Кіріспе
Тіл - халықтың рухы, жаны тарихи айнасы деп айтар болсақ, сөз мағынасының қатпарларында этностың мәдени, тарихи рухының көрінісі тұр, сол себептен де сөз мағынасына қатысты мәселелердің теориялық толғауы, бірлескен шешімдері, ұлттық көрінісі жеке белгіге ие, этностық мәдениетіне салт - дәстүріне тән болады. Олар тілдік құбылысқа таңбалар арқылы танылып, көрінеді. Мұндай белгілер ішкі құрылымдар арқылы сөз мағынасына жетеді. Белгілі ғалым В. И. Шаховский «К типологии коннотации» атты еңбегінде: «Лексикалық мағына және де лексика-семантикалық байланыстан байқалатын экстралингвистикалық фактордың маңыздылығын ескеріп, қазіргі лингвистика сөз атаулының лексикалық мағынасы дегенде бейнеленетін нәрсені, я болмаса затты оның сөздік таңбасын пайдалану барысында тануға болатын ақпарат түсініктің бір бөлшегі ретінде түсінеді, оны қабылдайды» - деп есептейді.
Дипломдық жұмысының өзектілігі: Сөз мағынасының көп қатпарлылығы оның құрылымынан да байқалады. Семасиологиялық зерттеулерде денотаттық мағына, сигнификаттық мағына, эмоциялық-экспрессивтік мағына, стилистикалық мағына сияқты бірнеше мағыналардың болатындығы белгілі. Қазіргі дәуір тіл білімінде сөз мағынасы жан-жақты зерттелініп жатқандығы белгілі, бірақ оның дау туғызатын, әлі де болса зерттеуді қажет ететін мәселерінің көп екендігі де анық. Ең алдымен, сөз мағынасын құраушы элементтер мен мағынаның түрлері, өзіндік ерекшелігі сынды мәселелер ғылыми талдауды қажет етеді. Сөз мағынасының макрожүйелік құрылымдарын анықтау, саралау, олардың классификациясын жасауға, соның ішінде коннотаттық мағына және оның түрлерін анықтауға баса назар аудару зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеттері: Сөз мағынасының макрожүйесін құраушы сыңарларының зерттелуіне шолу жасай отырып, коннотациялық мағыналардың өзіндік ерекшеліктерін, типтері мен түрлерінің табиғатын ашу. Бұл мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттер көзделді:
- лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымдарын түзуші мағына түрлерін анықтау;
- лексикалық мағынаның негізгі компоненттерінің бірі коннотациялық мағына және оның ерекшелігін саралау;
- коннотациялық мағыналардың тіл білімі саласында зерттелуі мен қалыптасу сипатына шолу жасау;
- қазақ тіліндегі коннотациялық мағыналардың типтері мен түрлерін айқындау;
- қазақ тілі терминжасамдағы коннотацияның рөлін талдау.
Дипломдық жұмыстың нысаны: Жұмыстың нысаны ретінде тіл білімінің семантика саласын зерттеуші ғалымдардың еңбектері мен соңғы жарық көрген ғылыми зерттеу мақалалары алынды. М. Оразов, А. Салқынбай, Р. Авакова, Ш. Жалмаханов, В. И. Шаховский, Ю. Д Апресян сияқты ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері мен Ғ. Мүсіреповтың көп томдық шығармалар жинағы нысан етіп алынды.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы : Қазақ лингвистикасының семантика саласы бойынша жарық көрген ғылыми-теориялық зерттеулерді негізге ала отырып, лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымдарын түзуші мағына түрлері анықталды. Сонымен қатар лексикалық мағынаның негізгі компоненттерінің бірі коннотациялық мағына және оның ерекшелігі сараланды және коннотациялық мағыналардың тіл білімі саласында зерттелуі мен қалыптасу сипатына шолу жасалып, қазақ тіліндегі коннотациялық мағыналардың типтері мен түрлерін айқындауға талпыныс жасалды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы:
Жұмысты жазу барысында жалпы тіл біліміндегі семантика мәселелері мен коннотациялық мағынаның мақсаты, қызметі, өзіндік ерекшелігіне қатысты мәселелерге талдаулар жасалды. Жұмысты семантика, лексикология салаларына қатысты арнайы курстарда қолдануға болады. Сонымен қатар филолог мамандар мен студенттер, оқушылар пайдалана алады.
Диплом жұмысының әдістері мен дереккөздері: Жұмысты жазу барысында салыстыру, талдау, сараптау, жүйелеу, жинақтау, баяндау, қорыту әдістері қолданылды. Ғ. Мүсіреповтың көп томдық шығармалар жинағы мен Т. Жанұзақовтың қазақ тілінің түсіндірме сөздігі және І. Кеңесбаевтың фразеологиялық сөздігі нысан етіп алынды. Жұмысты жазу барысында тақырыпқа сәйкес ғылыми-теориялық әдебиеттер, авторефераттар, мақалалар осы жұмыстың дереккөзіне айналды.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, алты тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
- Сөз мағынасының макрокомпоненттері
1. 1 Лексикалық мағынаның макрожүйелік құрылымы
Қазіргі дәуір тіл білімінде сөз мағынасы жан-жақты зерттелініп жатқандығы анық, бірақ оның дау туғызатын, әлі де болса зерттелінуі қажетті болған жақтарының көп екендігі де анық. Ең алдымен, сөз мағынасын қалай түсінуге болады, оның құрылымдық элементтері бар ма, бар болса олар қандай элементтер деген сұрауларға жауап беру қажет еді.
Сөз мағынасы дегенде ойымызға лексикалық және грамматикалық мағыналары келеді. Бұл екі мағына өзара байланысты, екеуі де объектив дүниедегі заттар мен оның түрлі қасиеттерін, заттар арасындағы түрлі қатынастарды бейнелейді. Бірақ бұл екі мағынаны тең санап, араларында айырмашылық жоқ деген қорытындыға келуге болмайды. Оқулықтарда айтылып, жазылып жүрген айырмашылықтар лексикалық, грамматикалық мағыналардың белгілерін салыстырып көрсетуге көмегі тисе де олардың басты айырмашылығын көрсетіп бере алмайды. Олардың басты айырмашылығы деректі, дерексіз не тиянақты, тиянақсыз болуында ғана емес, берілу формаларында, мағыналарының дерексіздену дәрежесінде. Лексикалық мағына түбір морфемалар арқылы берілсе, грамматикалық мағыналар грамматикалық формалар арқылы беріледі. Бұл қағида түркі тілдерінің материалы негізінде жасалынған. Ал басқа тілдерде (мысалы, орыс тілінде) түбір морфемалардың барлығы да бірдей лексикалық мағынаға ие бола бермейді, бұл қағиданы қолдану мүмкін емес.
Лексикалық мағынаның түрлерін деноттаттық, сигнификаттық, коннотаттық макрокомпонеттерге бөлген ғалымдар: И. Арнольд, Л Васильев, Л. Новиков, И. Стернин, Э. Кузнецов тағы басқа. Сөз мағынасының көп қатпарлылығы оның құрылымынан да байқалады. Семасиологиялық зерттеулерде денотаттық мағына, сигнификаттық мағына, эмоциялық-экспрессивтік мағына, стилистикалық мағына сияқты бірнеше мағыналардың барлығы көрсетіледі. Шындығында да мұншама көп түрлі мағына жоқ, бұлар лексикалық мағынаның элементтері. Денотаттық мағына деп бөліп алғанда сөз мағынасындағы объектив дүниемен байланысты мағыналық элементті көз алдымызға келтіреміз, сигнификаттық мағына дегенде адам санасындағы, ойлаумен байланысып жатқан мағыналық элементті түсінеміз. Басқа зерттеулерде арнайы аталынып жүрген стилистикалық мағына сөздің лексикалық мағына құрамына енбейді, сөйлеуші сөйлеу не жазу үстінде сөзден не тілдік материалдардан өз мақсатына байланысты қолданудан туады. Сондықтан да оларды жеке мағыналық элемент дені санауға болмайды. Біздіңше, стилистикалық мағына сөздердің парадигмалық, синтагмалық мағына элементтері мен эмоциялық экспрессивтік мағына мен сөйлемнің модалділігінен туады.
Лексикалық мағына бір жағынан объективтік дүниемен байланысып жатса, екінші жағынан адамның ойлау процесімен, оның ұлттық ерекшелігімен, білімімен, тілдік дәстүрімен байланысып жатады. Сондықтан да сөз мағынасынан, белгілі дәрежеде, жеке адамдарға тәуелсіз, ырқына бағынбайтын қасиеттерді табуға болады. Бұл оның денотаттық мағына объектив дүииенің бір бөлшегі бар екендігін көпшілік философтар, логик ғалымдар, тілшілер, психологтар мойындайды. Егер осы объективтік қасиет болмаса, онда тіл адамдардың қатынас құралы болу қызметін атқара алмаған болар еді. Объектив дүниедегі заттар сөз мағынасымен тікелей байланыста болмайды, ой элементтері арқылы байланысады. Соидай-ақ сөз мағынасы объектив дүниенің фото-көшірмесі де бола алмайды.
Сигнификаттық мағына болса түйсік арқылы қабылданған объектив дүниедегі заттар туралы информацияға негізделінеді, бірақ бұл екеуі де өзара тең түсіп жатпайды. Сигнификаттық мағына элементтерінде, біріншіден, түйсік арқылы қабылданған информация элементтері болады, екіншіден, сол информация негізінде жалпыланған гнесиологиялық бейне болады, үшіншіден, адам ойының творчестволық жемісі, қызметі болады, төртіншіден, жеке адамның өмір тәжірибесі, білімі, т. б. болады. Демек сигнификат психологиялық құбылыс ретінде қабылданылуы керек те субъективтік қасиетке ие болады. Сигнификативтік мағынаның жалпылаушылық қасиетімен бірге объектив дүниемен байланыстырушы да қызметі бар.
Денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына элементтерімен бірге сөздерде эмоционалды-экспрессивті мағына элементтері де бар. Бір ескертетін нәрсе сол - эмоция сөздердің барлығының да мағына құрамында бола бермейді. Эмоцияның адамның психологиялық қалпымен, объектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға адамның берген бағасымен, т. б. байланысты. Сондықтан да кей ғалымдар эмоцияны сөйлемге тән құбылыс деп санап, сөз мағынасы ретінде мойындамайды. Дегенмен кей сын есімдерде, одағай сөздердің мағынасында эмоцияның бар екендігіне күмән туғызуға болмайды.
Денотат та, сигнификат та, эмоция да тілдік категория емес. Егер сөз мағынасы тек денотаттан не денотат пен сигнификаттан ғана құралады дейтін болсақ, онда мағына тіл категориясы болып саналмаған болар еді. Шындығында да сөз мағынасы тілдік категория. Соңғы кездерде осы қасиеттерді ескеріп бейнелік (отражательное) және тілдік мағына деп мағынаны екіге бөлу әрекеті бар. Бұл көзқарасты қолдаушылар да, қарсы шығушылар да бар. Тілдік мағына деп тілдік система негізінде қалыптасқан мағына элементтерін түсінеміз.
Жалпы тіл білімінде сөз мағынасының құрылымдық элементтерін анықтауды К. Огден мен И. Ричардстың семантикалық үш бұрышынан бастау алады. Ал қазақ тіл білімінде бұл құбылысты жан-жақты ашып берген ғалым ретінде М. Оразовты айта аламыз. Ғалым сөз мағынасының құрылымын анықтаудың бірнеше жолын көрсете келе, «Біздіңше, сөз мағынасының құрылымдық элементтері туралы сөз болғанда, негізінен, төрт мағына элементтеріне тоқталған жөн. Олар: денотаттық мағына бөлшегі, сигнификаттық мағына бөлшегі, эмоциялық мағына бөлшегі және тілдің ішкі құрылымымен байланысып қана қоймастан, адамдардың түрлі қызметімен, көп қырлы тұрмыс жағдайларымен, ынтасымен адамзаттың барлық өмірін қамтуы керек. Сондықтан да сөз мағынасында, кей ғалымдар көрсеткеніндей, сөйлеушінің жасына, өмір тәжірибесіне, тіпті ұлттық ерекшеліктеріне байланысты мағыналық элементтердің болуы мүмкін. Біздіңше, бұлар сөз мағынасында шешуші қызмет атқармайды, атқарса да эмоциялық мағына аясында қалып қояды. Сөздің метафоралы, метонимиялы және синонимдік, антонимдік қасиеттері де мағынамен тікелей байланысты. Бірақ бұлардың табиғатын анықтау басқа жоспардағы зерттеу жұмысына қалар еді»- деп, сөздің семантикалық мағынасын анықтауда денотат, сигнификат, коннотаттық мағыналарды айыра білудің рөлі ерекше екендігін айтады. [1, 79б. ]
М. Оразов денотаттық мағына туралы былай дейді: «Сөздің деноттаттық мағынасы туралы сөз болғанда, ең алдымен оның объектив дүниедегі заттар мен түрлі құбылыстарға, заттардың амал-әрекеті мен түрлі қасиеттерін бейнелеп беру мүмкіндігі бірінші орында тұруы керек. Кез келген сөздің мағына құрамында объектив дүниедегі заттармен байланысып жататын элемент бар дегенде осы денотаттық мағына еске түседі. Кей тілші ғалымдардың «Сөз - зат не түрлі құбылыс атауы» дегенде осы қасиетті басты өлшем етіп алғаны анық көрінеді. Сөз мағынасының қалыптасуы мен объектив дүниені бейнелеу қасиетін бір жақты түсіну, бір сатылы құбылыс деп қарау дұрыс болмайтындығы қандай анық болса, сөз мағынасын бір ғана объектив дүниедегі заттардың бейнесі деп түсіну де дұрыс болмайды. Сондай-ақ тіл бір не он ғасырдың жемісі емес. Ол өте ұзақ даму жолын басып өтіп, өзінің о бастағы объектив дүниемен байланысу формасын да өзгерткен. Осы ұзақ және үздіксіз дамудың нәтижесінде ғана сөз сөйлеу процесінде, белгілі бір заттың атауы ретінде, оның орнына жұмсалып, араларына теңдік қоятын дәрежеге келеді. Сол үшін де адамдар өзара сөйлескен кезде заттарды көрсетіп, түрлі амал-әрекет, қимылдар жасап жатуы шарт емес. Мысалы, « Қар - аппақ, түлкі - қызыл, бүркіт - қара, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға (Абай) » дегенде қарды, бүркітті, түлкіні, түрлі түстерді көз алдымызға келтіреміз, бірақ қардың, түлкінің, бүркіттің нақ сол жерде болуы шарт емес. Бұл, әрине, бір жағынан тілдің таңбалық қасиетімен байланысып жатса, екінші жағынан, сөз мағынасына да қатысты». [1, 76-77б. ] Бұл жерден түсінгеніміз денотат белгіленуші зат, заттың нақты атауы және әртүрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс сөздің негізгі мағынасы. Ал енді сигнификат туралы ғалым «Егер байыптап қарайтын болсақ, сигнификат денотат та емес, сондай-ақ ұғым да емес. Денотаттан айырмашылығы сол - ой субъектив қасиетке ие. Екінші сөзбен айтқанда сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды денотатқа сүйенеді. Ал ұғымнан айырмашылығы - ұғымда мидың қызметі негізінде түйсік арқылы алынған информациялар анализ, синтез жасалынып жеке адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, рухани қалпына т. б. қарай мағыналық мән қосып күрделенсе, сигнификатта ондай жеке адамға тән болған индивидуалдылық қасиет болмайды. Сол үшін де сөз мағынасын анализ жасағанда семаларға ажыратады. Осы семалар сигнификаттық мағынаның негізіне жатады»- деп, ой қорытады. Түсінуімізше сигнификат қандай да бір таңбаның ұғымдық мазмұнына тең келеді. [1, 84б. ]
М. Оразов коноттатық мағынаны «эмоциялы мағына» деп атап, «Кез келген сөз тек денотаттық не сигнификаттық мағынаны ғана білдіреді дейтін болсақ, сөздік құрамдағы біраз сөздердің мағына құрамына талдау жасай алмаған болар едік. Мысалы, жексұрын, надан, топас, балақай, албасты сияқты зат есімдер мен сын есімдер: бытти, адыраңда, бажыраңда, балпылда, отта, тырбаңда сияқты етістіктердің; әттеген-ай, қайран, ойбай, пәлі, бәсе, бәтшағар сияқты одағайлардың мағыналарында адамның көңіл-күйін білдіретін мағыналық реңк сөздің негізгі мағыналық ядросын жасап тұр. Бұлардың мағынасын объектив дүниедегі заттармен байланыстырып не сол заттар негізінен пайда болған ұғымдар арқылы анықтауға болмайды. Шындығында да адамзат айналасындағы дүниені не сол дүниеде болып жатқан құбылыстарды, олардың түрлі қасиеттерін тек сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, оған өздерінің көзқарастарын білдіріп, оны өзгертуге, өзіне қажетті жағдайға келтіруге әрекет ететіндігі, дүниені өзгертуге актив қатынасатындығы анық. Сондықтан да дүниені танып білу тек сезім мүшелері арқылы олардың көшірмесін қабылдау деп түсіну дұрыс емес. Әрқашанда объектив дүниедегі заттардың түйсік арқылы қабылданған информация адам ойының, санасының елегінен өтіп жататындығы, оған белгілі баға да берілтіндігі де шындық» лексикадағы осындай сөздерді эмоциялы мағыналы сөздер деп таниды. [1, 107б. ]
Тілдегі осы мағыналардың қызметі коммуникативтік аспектіде айқын байқалады. Тілдік қатынаста сөз дербес ақпарат беретін қатысымдық бірлік болса, сөйлемде коммуникаторлар тарапынан дербес ақпараттың кеңейтілген мазмұны тілдік кодқа салынады да, сөз бен сөйлем арасында байланыс орнайды. Себебі, сөз шындық болмыс пен өмірге байланысты ақпараттың санада қабылдануына негіз болады. Ол дербес күйінде емес, сөйлем құрамында жұмсалғанда, айтылатын ойдың ақпарттық элементтеріне айналады. Сондықтан сөз сөйлеу бірліктері ретінде өзара байланысқа түсіп, тиянақты ойды білдіру қызметін атқарады. Сөздердің сөйлеу бірліктері ретіндегі жұмсалымдық қызметі баяншының айтпақ болған ойына қатысты коммуникативтік мақсатты өтейді. Тіл білімінде синтагмалық қатынастың қатысым теориясындағы көрінісі В. В. Солнцевтың зерттеулерінде қарастырылады. Ғалым «сөйлеу кезіндегі өзара байланысқан тіл элементтерінің арасындағы байланысты синтагмалық қатынас» деп атап, оған сөздердің бір-бірімен грамматикалық және лексикалық тұрғыда тіркесу мүмкіндігі арқау болатынын ескертеді. Сондықтан қатысым теориясындағы синтагма сөйлеу кезіндегі сөздердің байланысын, семантика-граматикалық үйлесімділігін анықтауға негіз болады. Мысалы: Ас батырмау, басы айнала беру, ағарып, жүдеп, төсекке жантая беру мұның салты боп алған (М Әуезов. «Абай жолы» ІІІ кітап «Қияда») ; Ақылбайды Ұлжан өзi бауырына салып, өз баласы қып алды (М Әуезов. «Абай жолы» ІІІ кітап «Қияда») ; Тiлi шығып қалған Ақылбай бұл күнде Абайды әкем екен деп бiлмейдi (М Әуезов. «Абай жолы» ІІІ кітап «Қияда») . Осы мысалдардағы ас батырмау, басы айнала беру, бауырына салу тіркестеріндегі сөздерді парадигмалық тұрғыдан қарасақ, дәл осындай мағына бере алмас еді. Синтагмалық қатынас синтаксистік байланыстағы сөздердің когнитивтік мәні мен грамматикалық жақтан байланысу жолдары арқылы анықтап, оларды өз ішінде денотаттық мағынадағы синтагма, коноттаттық мағынадағы синтагма түрлеріне жіктеуге болады. [2, 35б. ]
1. 2 Коннотациялық мағына және оның ерекшелігі
Қазіргі таңда тіл білімінде тіл негізінен екі парадигмада қарастырылуда.
1) құрылымдық парадигма (структурацентристік) ; 2) антропоцентристік парадигма. ХХ ғасырдың аяқ жағындағы он жылдығы тұсында пайда бола бастаған лингвистиканың антропологиялық парадигмаға ауысу процессі «адам-тіл-мәдениет», «адам-тіл-ойлау» үштігі арқасында гумантитарлық зертеудің пәнаралық салаларының қарқындығын ұлғайтты. Адамзат баласы бағзы заманнан бастап өзін қоршаған жаратылыстың заңдылықтарын, өзін, өзінің жаратылысқа және де басқа да адамзаттарға қатынасын тануға ықпал етеді. Адамзат баласынан бөлек таным үрдісі болған емес, сол себептен де адамзат танымын одан әрмен дамудың негізі болып есептелінеді. Әлеуметтік орта бар тұста адамзат, адамзат бар жерде таным үрдісі жүретініне байланысты, эмоциялық таным үрдісін қозғаған кезде, эмоцияның қыр - сырына көз тастамасақ әсте болмайды. Эмоциялар - адамзат өмір сүруінің ең маңызды бөлшегі. Адамзатпен эмоция жаратылысының тілдегі бейнесі тығыз байланыста. Г. А. Золотова: «Адам - дүниенің басты көзге ілігетін және де сол дүниені бейнелей алатын орталық индивиді» , - деп атап айтқан. [3, 5б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz