ФИО ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

ФИО

ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші

Қостанай, 2020 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Фонетиканы оқыту-қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
1.1. Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесін оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. .10
2 Фонетиканы оқыту заңдылықтары мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.1. Фонетикалық бірліктерді оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..21
2.2 Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшелігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес. Фонетика кез келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол - тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы өту арқылы әдеби тілдің жазылу нормасы мен айтылу нормасын иегерді. Адам баласы бір-бірімен сөйлесім әрекеті арқылы қатынас жасайды, пікір алысады.
Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та, дыбыс шығарды. Бұл - бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні - тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары.
Мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете білуі тиіс. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін жете түсіндіруі қажет. Оқушы тіл дыбыстарының белгіл бір сөйлеу мүшелерінің жұмысқа кірісуімен байланысты екендігін, олардың бірімен-бірі актив екенін білгені дұрыс. Сөйлеу мүшелерінің қатысуы арқылы жасалатынын оқулықта берілген түрлі суреттер, схемаларды орынды пайдалана отырып, сана түрде оқытқан жөн.
Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу-түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты.Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды жете меңгермей қатынас та жүзеге аспайды. Фонетикалық дағдыларды меңгеру-сөйлеу кезнде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру[1,92-93].
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшелігін білмей әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Сондықтан фонетиканы оқыту әдістемесінің мақсаты тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білуге үйрету. Осы негізгі мақсатты орындау үшін мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды.
-Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- Фонетикалық бірліктерді оқытудың ерекшелігін саралау;
-Дауысты дыбыстарды оқытудың тиімділігін саралау;
-Дауыссыз дыбыстарды оқытудың ерекшеліктерін талдау;
Курстық жұмыстың нысаны: Ф.Ш. Оразбаева мен Р.С.Рахметованың Қазақ тілін оқыту әдістемесі атты оқу құралы пайдаланылды. Б.Құлмағанбетованың редакциясын басқаруымен шыққан Қазақ тілін оқыту методикасы атты оқулық негізгі материал ретінде пайдаланылды.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Фонетиканы оқыту әдістемесінің тиімділігі сараланады. Фонетиканы оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері мен түрлері талданады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың негізгі әдіс-тәсілдері - баяндау, мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, ой қорыту, ғылыми тұрғыда талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Фонетиканы оқыту-қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
0.1. Фонетикалық жаттығулардың өзіндік ерекшеліктері
Оқушы тілдің дыбыстық жүйесін жақсы игеруі үшін фонетика-графикалық талдаудың ойдағыдай жүргізілуі қажет. Мұғалімнің оқушының жазбаша да, ауызша да сауатты болуына ерекше назар аударғаны жөн. Ол үшін күнделікті сабақта дыбыстық әріптік талдаулар жүргізіліп, оқушының дыбыстық жүйені саналы түрде түсінуіне толық мүмкіндік жасалуы керек. Сондықтан фонетикалық талдауға мынандай талаптар қойылады:
1. Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сөйлем түрінде алмай, жеке сөз, сөз тіркесі арқылы да айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беру тиімді.
2.Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды прозалық, поэзиялық шығармалардан алған тиімді. Поэзиялық шығармалармен қатар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйренеді, логикалық ойын жетілдіреді.
3.Сабақта алынатын мысалдардың дұрыс жазылуына, дұрыс айтылуына ерекше назар аудару қажет. Ол үшін сабақ үстінде ретіне қарай мектеп оқушыларына арналған орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерді үнемі пайдаланып отыру керек.
4.Оқушының фонетика-графиялық талдау жасай білу дағдысын қалыптастыра отырып, күнделікті сабақта ішінара талдату, яғни өтіліп отырған тақырыпқа ерекше көңіл аударту дағдыға айналуы тиіс. Мәселен, жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды оқытуға байланысты, сөздің буындық құрамына ерекше көңіл бөле отырып, талдау жасату қажет. Ал көлемді тақырыптарды өтіп болғаннан кейін қайталау кезінде толық фонетикалық талдау жасатқаны жөн. Мысалдағы қайталанып келетін дыбыстарға талдау жасатудың қажеті жоқ. Дауысты -е-жіңішке, ұ-жуан, а-жуан, ң-жуан, у-жіңішке, дыбыс деп талдап береді. Ал бұл мысалға толық талдау жасалса, онда е-жіңішке, езулік, ашық, ұ-жуан, еріндік, қысаң, а- жуан, ашық, еріндік, ы-жуан, езулік, қысаң, у-жіңішке, еріндік, қысаң деп талдап шығуға тиіс.
Ауызша, жазбаша талдау жұмысы түрленіп отыруы керек, әйтпесе оқушылар жалығып кетеді де, берілген тапсырманы орындауға селсоқ қарайтын болады.
Талданатын жаттығу бір сарынды болмай, әр түрлі болып отыруы сабақтың сапасына көп әсер етеді. Дидактикалық материалдан көшіртіп жаздырсақ, бірде өздеріне өтіп жатқан дыбысқа байланысты мақал-мәтелдерден мысал келтір деп немесе үлестірме карточкаға жазылған бірнеше мақал-мәтел беріп, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз, сондай-ақ магнитофоннан сөйлемдерді тыңдай отырып, оны көшіріп жаз деген сияқты жаттығулармен түрлендіруге болады.
Мұғалім тақырып мақсатына қарай жаттығу шартын әр түрлі етіп өзгертуіне болады. Географиялық атауларды да қатынастыра отырып, түрлі мысалдар жаздыртуға болады. Мәселен, мұғалім тақтаға бір қаланың атын жазса, сол сөз қандай дыбысқа бітсе, клесі сөз сол дыбыстан басталуы керек. Мысалы: Москва - Ашхабад, Дели - Иркутск, Киров - Волгоград, Душанбе - Еревен, Николаев - Вильнюс - Сухуми т.б. Жаттығуды осылайша түрлендіру оқушыларды ойландырады.
5.Жазбаша және ауызша сауаттылық тіл білімінің дыбыстық жүйесін жақсы игерумен тікелей байланысты. Сондықтан қандай мысал алынбасын, "қалай айтылады, қалай жазылады?" деген мәселе естен шықпауға тиіс. Демек, оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет.
6. Дауысты және дауысты дыбыстардың жергілікті ерекшелікке байланысты екінші бір дыбыспен алмасып айтылатын жағдайы болады. Мысалы: әдеби тілдегі шана, шақыр деген сөздерді чана, чақыр, қай жаққа, жоқ деудің орнына қай йаққа, джоқ, қорыдынды, ұқсат деудің орнына құрытынды, оқсат деп айту бар. Міне, осындай жергілікті ерекшеліктермен үнемі жұмыс жүргізіп отыру оқушының әдеби тілдің сөйлеу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Бірақ мына облыста тұратын адам дұрыс сөйлейді, мына облыста тұратын адам дұрыс сөйлемейді деген қате пікірден аулақ болу керек. Мұндай ескертулерді оқушы ренжіп қалмастай етіп айтып, оқушы үшін мұғалімнің сөйлеу тілі әр уақытта үлгі екенін есте сақтаған жөн.
Яғни оқушы фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің түрлі дыбыстық заңдылықтарымен танысады, дауысты, дауыссыз дыбыстардың жетілуін оңай ажыратумен бірге, түрлі орфографиялық ережелерді есіңде сақтап, сауатты жазу дағдысын меңгереді[2,59-61].
Ғалым-профессор Фаузия Оразбаеваның пайымдауынша, тілді үйренуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың орны ерекше, фонетикалық дағдыларды меңгермей, тілдік қатынас та жүзеге аспайды. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мектепте бастауыш сыныптарда басталып оқытылатыны анық. Жалпы жүргізіп, қатесіз оқу, сауатты жазу т.с.с. дағдылары қалыптасқан оқушы орта буын-бесінші сыныпта ғылымиланған, күрделенген фонетика тарауына қайта оралады. Фонетиканы оқытудағы ең басты мақсат-тек дыбыстарды меңгерту ғана емес, оқушыны қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету. Сондай-ақ фонетикалық материалдарды оқытуда ...қазақ тілінің фонетикасынан оқушыларға теориялық білім беруде мынадай талаптар ескеріледі: 1) қазақ тіл білімінің фонетика саласының орфография мен орфоэпияның соңғы табыстары; 2) қазақ тілі фонетикасының негізін танытатын материалдар; 3) оқушыларға әдеби тілде сөйлеп, оқып, және жаза алатындай білім мен дағдылар беретін тілдік материалдар; 4) оқушылардың ой-өрісі мен жас ерекшелігіне сәйкес келетін қазақ тілі фонетикасының материалдары... деген ғалым Әбдірахман Исабаевтың негізгі сілтемелері мен бағыттары өз құндылығын жоймаған деп атауға болады[3,121].
Сөздің дұрыс айтылып, әрбір дыбыстың дұрыс дыбысталуы орфоэпиялық нормаларды дұрыс біліп айтуға байланысты. Дыбыстан сөз, сөзден сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлем жасау үшін дұрыс сөйлеп, ойын сауатты жеткізу үшін, сауатты жазып беру үшін қазақ тілінің фонетикалық жүйесін оқушы жақсы меңгеруі тиіс.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін өткенде әрбір дыбыстың пайда болу және оларды дыбыстау мүшелері, олардың сөйлеу кезіндегі қызметі меңгеріледі. Егер дыбыс дұрыс айтылмаса онда сөз де өз мағынасын бере алмайды немесе басқа сөзге айналып кетеді.Үндестік заңын өткенде оқушыға қиындық келтіретін материал- ықпалдар. Бұл кезде оқушыға теориялық ережелерден гөрі көбірек практикалық жаттығулармен айналысқаны абзал.
Оқушының назарын аударуды қажет ететін тағы бір мәселе - екпін. Өз эмоциясын білдірудегі қызметі өте жоғары қазақ тіліндегі екпінді өткенде ситуациялық жаттығулар мен сөздердегі дыбыс екпіндерін меңгеру де жеңілірек болатын секілді[4,32].
Кез-келген шет тілін оқытқанда әдіскер-ғалымдар мынадай оқытудың кешенді түрін ұсынады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. Осы әрекеттерді фонетиканы оқыту барысында қолдану өзінің оң нәтижелерін көрсетеді.
1. Тыңдалым әрекеті. Оқушының дыбыстарды жеке, бір-бірімен тіркесте, сөз ішінде естіп қабылдау дағдысы қалыптасады.
2. Айтылым әрекеті. Бұл әрекет арқылы оқушы әрбір дыбысты жеке, сөз тіркесінде сөз басында, сөз арасында, сөз аяғында сөйлемде айтуға, дұрыс айтуға, орфоэпиялық нормаларды сақтауға жаттығады.
3. Оқылым әрекеті. Ауызша айтылған дыбыстарды буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дауыстап немесе ішінен оқу.
4. Жазылым әрекеті. Оқушы орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтай отырып, сөздің дұрыс жазылу заңдылықтарын меңгереді.
5. Тілдесім әрекеті. Оқушы орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтай отырып, ойын еркін жеткізуге, тілдесуге дағдыланады
Оқушының жеке дыбыстарды айтуда, сөздерді дұрыс айтуда, дұрыс оқуда жаттығулар барысында тез меңгергенімен де жазылым барысында көптеген қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы н-ң, к-қ, ү-ұ-у, ы-і, д-т, п-б сияқты дыбыстарды шатыстырып алу кездеседі. Сонымен бірге н дыбыс мен ң дыбысын бір-бірінен ажырата алмау көп кездеседі. Мұндай кезде де әдіскер - ғалымның материалдың басты-басты белгілерін нақтылай отырып анықтама беру қағидасын басшылыққа алу керек сияқты дей келе өзінің тиімді меңгерту әдістерін ұсынады. Жоғарыда аталған оқытудың кешенді түрлерімен қоса кейбір әдіскерлер қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясын да ұсынады. Ғылыми зерттеу жұмыстарда фонетиканы қатысымдық тұрғыдан оқыту туралы пікірлер айтылғанымен, арнайы қарастырылып, оның әдістемелік жүйесі ұсынылған жоқ. Атап айтқанда, қазақ тіл фонетикасын қатысымдық тұрғыдан оқыту мәселесі осы күнге дейін ғылыми еңбектердің обьектісі болған емес[5,130].
Қазақ тіл білімінен білім мен дағды беруде оқытудың әдістері мен түрлері өте көп. Сабақ біліктілік пен оқу ісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Сондықтан да нақты жоспармен құрылып, күтілетін нәтиежесі анықталған сабақ мақсатына жеткен делінеді. Жүсіпбек Аймауытовтың Сабақ беруді үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер-дегені оқытушыға әдісті жетілдіріп отырудың маңызды екендігін нақты түсіндіреді. Әдіскер С.Жиенбаев былай деп жазады: Шынында әдістеме-рецепті емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, нұсқау, жөн-жоба. Мұғалім сабақты берудің жолын көрсетіп бергеннен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті.
Адам баласы бірі мен бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады екен, ол - тіл дыбыстары. Дыбыс - тілдің материалдық көрсеткіші, яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы, сыз - сіз, соз - сөз немесе тал-сал, бал - қал, зал, бала - бала, шала - сала десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл - дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып табылады. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет. Дыбыс тілі - күрделі құбылыс, оның әр түрлі ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерді негізге ала отырып, дыбыс тілінің физиологиялық, акустикалық, функционалдық ерекшелігін түсіну керек.
Тіл - ойды жарыққа шығарады, сондықтан да К.Маркс "Тіл - ақиқат шын сана" деп көрсетеді. Адам ойын сөз арқылы білдіреді, ойлаған ой сөз арқылы басқа адамға жетеді. Тіл - ойды жарыққа шығатын құрал. Ой сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, ойдың қамтитын өрісі өте кең.
Тілдің физиологиялық аспектісі дегеніміз дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қызметі. Оқушы тіл дыбыстарының белгілі бір сөйлеу мүшелерінің іске кірісуімен байланысты екендігін, дыбыстау мүшелерінің актив болып келетіндігін игергені жөн. Тіліміздегі дыбыстардың ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелердің қатысуы арқылы жасалатындығын оқулықта берілген түрлі суреттер мен схемаларды орынды пайдалана отырып, саналы түсіндіру қажет[6,13].
Тіл дыбыстарды адамдардың сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Тіл дыбыстары акустикалық ерекшелікке қарай дыбыстың жасалуы, дыбыстың күші, дыбыстың ырғағы әр түрлі болады. Дыбыстарды дауысты, дауыссыз, қатаң, ұяң, үнді деп жіктеуге дыбыстың акустикалық ерекшелігі шешуші роль атқарады. Бірақ акустикалық өзгещелік дыбыс артикуляциясымен тығыз байланысты, бұларды біріне-бірін қарама-қарсы қоюға болмайды. Дыбыстың ашық, қысаң, айтылуы - тікелей дыбыс акустикасына байланысты құбылыстар.
Тіл - қоғамдық құбылыс, қоғам бар жерде тіл бар, қоғамнан тыс тіл болуы мүмкін емес. Тіл - қатынас құралы, тілдің қатынас құралы болу ерекшелігін функционалдық немесе лингвистикалық ерекшелігі дейді. Әрбір тілдің өмір сүруі, ұлттық мәдениеттің формасы болуы тілдің функционалдық ерекшелігіне байланысты.
Адам баласы тілді өзін қоршаған ортадан, қауымнан үйренеді. Қандай ортада тәрбиеленсе, ұлтына қарамастан, сол өзі тәрбиеленген ортаның тілімен сөйлейтін болады.
Қазақ баласы орыс ортасында тәрбиеленсе, әуелі оның тілі орысша шығады, демек оның басқаларымен қатынас жасау құралы - орыс тілі. Бала сол тілдің заңдылықтарын тіл білімінің әр сласын мектепте оқу арқылы үйренеді, өзінің білімін жетілдіреді. Сөз бен ойлаудың арқасында адамдар бірінің білмегенін бірі біліп, ақыл-ойын, білімін молайта түседі. Ойлау - адамның нақтылы іс-әрекетімен тығыз байланыста болады.

1.2.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесін оқыту
Тіліміздегі дыбыстардың емлесін оқытуға байланысты оқулықта берілген материалдардың жүйесін сақтай отырып, сондай-ақ қосымша методикалық көмекші құралдардағы кейбір әріптердің емлесін үйрету үшін алынған мысалдарды пайдалану қажет.
Әрбір әріптің емлесін үйретуде тек сөздің басында қолданылатыны ғана емес (алмас, алмалы, арпа), сол әріптің сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін де мысалдар арқылы дәлелдей түсу қажет. Мына мысалды шашыраңқы сызықпен беріп, қазақтың байырғы сөздерінде де, термин сөздерінде де қолданылатын нақты мысалдармен алған жөн.

ар, аласа, алқа қазақ сөздерінде
жазылмайды
а э
автор, анализ алгебра электр, дуэт, алоэ.

ән. Сейсенәлі, мә

ә
термин сөзде жазылмайды

Сабақты түсіндіру кезінде оқушының өзіне мысал ойлатып, сабақты жандандыруға, оқушыларды белсенді түрде жұмыс істеуге дағды беру көзделінуі тиіс.
Кейбір емлелік жағынан айрықша ерекшелігі бар сөздерді дәптеріне жаздыртып қою керек. Мысалы, мына сөздердің жазылуын есінде сақтау: куә, кінә, сірә, іре, мә, жә, мәрмәр, іңкәр, зәмзәм, зәбір, зәру, зәулім, жәбірлеу, жәдитше, кәде, мәре-сіре, бәсеңсу, бәсіре, уәкіл, уәзір,т.б. [2,67-68].
Дауысты дыбыстардың емлесін өткен кезде әрбір дыбыстың айтылуы ме жазылуын қатарластыра атып отырған жөн, өйткені әдеби тілдің орфографиялық және орфоэпиялық нормасын саналы түрде игеру тіл білімінің Фонетика бөлімін дұрыс өтуге тікелей байланысты. Сондықтан да оқушының сауатты әрі өз ойын дұрыс айта алуы сол тілдің дыбыстық жүйесін жақсы біліп меңгеруінен деп айтуға болады.
Сөйлемнің, сөйлемдегі сөз бен сөз тіркестерінің (соңыра, қорытынды, шешеді) айтылуына бірден-бір әсер ететін-екпін: Сондықтан тіліміздегі сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығына тікелей әсер етіп, соңра қортынды, шешед түрінде айтылуға мәжбүр етіп тұрған-екпін. Егер екпін болмайтын болса, сөйлемдегі сөз бірімен-бірі қосылып, сөз жігін ажыратуға болмас еді. Екпін сөйлемдегі сөздердің дұрыс айтылуына да көп әсер етеді. Яғни бұл-тіл білімінің фонетика саласындағы негізгі тақырыптардың бірі. Демек екпіннің мәнін ешбір төмендетуге болмайды. Сабақта тақтаға айтылуы және жазылуы деп көрсете отырып, түрлі мысалдар жаздыруға көбірек көңіл бөлу қажет[7,56].
Соңғы буындарда-ө,ұ,ү, айтылғанымен, бірақ жазылмайтыны ерекше ескертілуге тиіс. Бұған мына таблицаны пайдалану қажет:
Жазылуы Айтылуы
1. Құлын 1-буында-ұ-ы-ұ-ү құлұн
2. Қоңыр 1-буында-о-ы-о-ұ қоңұр
3. Көне 1-буында-о-е-ө-е көнө
4. Бөлім 1-буында-ө-і-ө-ү бөлүм
5. Үлгі 1-буында-ү-е-ү-ө үлгү
6. Үлкен 1-буында-ү-е-ү-ө үлкен
7. Туыс 1-буында - у(ұ-у)-ы тұуұс
8. Гуіл 1-буында у(үу) гүуүл
Яғни оқушы еріндік дауысты-ұ,о,ө,ү,у, дыбыстарынан кейін келген (көршілес буындардағы) ы,і,е дыбыстары айтуда әр уақытта - ұ,ү,ө еріндік дыбыстары болып айтылатындығы орфоэпиялық заңдылыққа жататындығын білуі керек. Оны оқушы жатқа білетін болсын. Өйткені ол оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын, сондай-ақ қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасын дұрыс сақтауға дағдыландырады.
Рас, оқу жоспарына байланысты кейбір пәндерден аздап қысқарту қажет болса, онда тіл білімінің қай бөлімінен қандай тақырыптардың ауыр-жеңілдігін методикалық жақтан ескере отырып, кейбір тақырыптарды, шынында да, қысқартуға болар еді. Мәселен, V класта сан есімді өтуге-10 сағат, етістікті өтуге-32 сағат берілген. Ал енді осы берілген сағаттарда қандай-қандай тақырыптарды өтуге болады? Сол тақырыптардың қандай маңызы бар? Міне, осы сияқты сұрақтар қойып, методикалық тұрғыдан ойланып көрсек, сан есімге қатысты берілетін білім көлемін-7 сағатта, етістікке байланысты мағлұматтарды 20-25 сағатта игертуге сөзсіз болады. Демек, етістікті бұдан бұрын да (ІV класта) өткен, онда етістікті өтуге 15 сағат берілген. Сонда етістікті оқытуға программа бойынша аз уақыт кетпегенін байқап отырмыз.
Дауысты дыбыстардың емлесін оқыту кезінде и, у әріптерінің жазылуын түрлі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы түсіндіру тиімді. Пән кабинетінде әр уақытта мына таблицалар ілулі тұруы: керек:
1. Ы+И=И: ибалы, балқиды,қайқи
2. І+И=И: ине, желпиді, мәдени
Мына сөздерде - ый жазылатынын есіңде сақта:
сыйлық сыйым
сый-құрмет сыйымды
сыйлас сыйымдылық
сый сыйласу сый сыйымсыз
сыйлату сыйымсыздық
сыйлағыш сыйыстыру
сыйлы сыйысу

тыйғызу
тыйдыру
тый тыйылту
тыйылу
тыйым
тыйымсыздық
Қазақ тіліндегі-сый, тый сөздерінен өрбіген сөздерде ылғи - ый жазылатынын ескертеміз. Бұл ереже баланың есінде жақсы сақталу үшін оқушылардың өздеріне әрбір сөзге сөйлем ойлаттырып отырғаны жөн. Сонда бұл жағдай баланың есінде жақсы сақталады. Мұғалім сөйлем жазудың үлгісін өзі көрсетіп берсе де болады: Мысалы 1) Ол-Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 2)Сыйға-сый, сыраға-бал. (мақал). 3) Сыйласқанның суын іш (мақал). 4)Жақсы-сөзіңді сыйлар (мақал). 5) Себепсіз сабақтан қалу тыйылсын. 6) Ғалым алдында аузыңды тый. (мақал)
Мұғалім қазақ тіліндегі - ый буынының жоғарыдағы жазылуынан үлгілерді үйретіп, орыс тілі арқылы енген кісі аттары мен термин сөздердегі-ый, ий, әріптерінің жазылатынын орнын да түсіндіргені жөн. Өйткені оқушылар планетарий, гербариий, санаторий, террарий, лекторий, магний, калий,Смолльный, Кривицкий сияқты сөздерді басқа пәндерді оқу барысында жиі кездестіреді. Осы сияқты сөздерді қате жазбау үшін қажетті ескертулерді дер кезінде айтып отыру артық болмайды.
Қазақ тілінде қайы, ұйы, байы, кейі деген етістіктерге көсемшенің - й жұрнағы қосылса, бұл сөздер екі әріппен - ий түрінде жазылады. Оны да пән кабинетінде айрықша көрсетіп қою керек.
Қайы қайиды
Ұйы ұйиды
Байы +и- баийды
Кейі Кейиді
Сонымен,-и әрпі дауыссыз дыбыстан кейін жазылады да, -и дыбысы - ый, -ій болып айтылады деп қорытынды жасалуы қажет[8,97].
Дауысты у әрпімен екі дыбыс таңбаланады. Бұл әріп арқылы дауысты дыбысты таңбалағанда (су, уылжу) оқулықтарда у әрпін жақшаға (у) алып беріп жүр, у әрпін бұлай көрсету дұрыс болмайды. Керісінше, үнді у болғанда (бау, дәу) жақшаға алып (у) әріп көрсеткен жөн. Демек, жақшаға алып (у) әрпін көрсеткен жөн. Демек, жақшаға алу оның дауысты дыбыс емес екендігін көрсету болып есептеледі.
Дауыссты у дыбысының емлесін жеңілдету үшін мына жағдайды ескере отырып сабақ жүргізу керек:
1)Қазақ тілінде у әрпі көбінесе дауыссыз дыбыстан кейін келеді және ол сөздің жуанды-жіңішкелі болуына байланысты - ұу, не - үу болып айтылады деп ескерту методикалық жақтан өте орынды. Мысалы:

Жазылуы Айтылуы
уқала ұуқала
жу жұу
келу келүу
үлеу үулеу
тасу тасұу
желпу желпүу
Ал дауысты дыбыстардан кейін ю әрпі (қаю-қию, жаю-жию, тараю-кею,қоюлау) жазылады деп ескерту оқушылардың сауаттылығын арттыруға көп көмек етеді. Бұл ерекшелікті мысал келтіре отырып, байқасын. Әрине, дауысты-у әрпін түсіндіру кезінде-иу әріптерінің тіркесі тек миуа, миуадай, миуалы, миуасыз, қиуа, қиуадан шауып, қиуаз сияқты қазақ тілінің байырғы сөздері мен консилиум, аквариум, коллоквиум, триумф секілді термин сөздерде ғана жазылатындығын ескертеміз. Бұл сөздерді қатыстыра отырып, бірнеше мысал жаздыру, кейбіреулеріне ауызша мысал келтіру арқылы у дыбысының қолданылуын үйрету қажет.
Әрбір дауысты дауысты дыбысты оқыту барысында олардың қандай-қандай ерекшеліктері барлығына оқушының назарын айрықша аударту өқажет.
Тәжірибеде оқушы ё,ю,я әріптерін дыбыс деп айтатынын кездестіруге болады. Мұндай жағдай болмас үшін сабқта түрлі таблицалар қолданған жөн.
Дыбыс
Әріп
Қазақ тіліне
Термин сөзде
Й+о
Й+я
И+у




Яғни, бояу,
Тақия
Жаю, көркею
Ёлка, монтёр, ядро, ноябрь, студия юнкер,интервью

Алынған осы сияқты мысалдарды түсіндіру кезінде сөздің айтылуы (иағный) мен жазылуына (яғни), орфографиясы мен орфоэпиясына ерекше назар аударған жөн.
Қазақ тілінде, я, ю, әрпінің алдында көбінесе и әрпі жазылады. Бұл-қазақ орфографиясының негізгі заңдылығы.

қи қию
+у=
жи жию


қи қия
+а=
жи жия

Бірақ бұл ережеге ескерту беру керек, онда қазақ тілінде я, ю әріптерінің алдында тек қана сөздерге ғана- и емес, -ы жазылатынын таблица арқылы көрсеткен артық болмайды.
сыяды
сыяпат
Я сыяйын
тыяды
тыяйын

сыю
сыюы
ю тыю
тыюы
тыюлы

Тіліміздегі дауысты дыбыстар дыбыс жасауға қатысатын тіл, жақ, ерін сияқты актив мүшелердің қызметіне қарай жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік болвп бөлінеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар (а, ә, и, е, э, о, ө, ү, ұ, у, ы, і). Дауысты дыбыс әріптерін жазбай, тек ауызша түсіндіру дұрыс емес, мұндай жағдайда айтылған ережелер есте ойдағыдай сақтала бермейді[9,85].
Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуін түсіндірген кезде 4- класс оқулығындағы рентген сәулесі арқылы түсірілген суретті көрсете отырып, жуан дауысты- а, о дыбысын айтқанда қанда қалыпта, жіңішке- ә, ө дыбысын айтқанда қандай қалыпта тұрғанын көрсете отырып түсіндіріледі. Осыдан кейін дауысты дыбыстың тілдің қатысына қарай жіктелетінін мына түрде берген жөн. Оны оқушылар дәптеріне жазып алатын болсын.

Тілдің қатысына қарай
А, о, ұ, ы
Жуан

Ә, ө, ү, і
Жіңішке

Бұл схемаға ал- әл, ауа- әуе, от- өт, оз- өз, ұн- үн, құн- күн, ыз- із, тыс- тіс түрінде жуанды- жіңішкелі тіркесте келетін мысалдарды пайдалану қажет. Е,э дыбыстарына да ( ерекше, электр) айрықша тоқталынада.
Ал қазақ тіліндегі и, у дауысты дыбыстарды айтуда қосынды дыбыстар екенін тиісті дыбыстар екенін (жазұу, келүу) беру арқылы еске түсіріледі. Дауысты и, у дыбыстары жуан да, жіңішке де айтыла береді.Ол ерекшелікті мына схема арқылы түсіндіру орынды:

И
Қи, қиын, жиын
ширақ (адам)

Ки, киім, жиі
ширек (ғасыр)
У
Алу, қу, ағу, басу
қону

Білу, үгу, егу,есу
көну

Қазақ тіліндегі и, у дауысты дыбыстардың бірде жуан, бірде жіңішке айтылуына екі түрлі жағдай әсер етеді. Біріншіден, дауысты и, у дыбысының жуан не жіңішке айтылуына сол сөз ішіндегі жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың ( алу, білу, басу, есу,) әсері болады. Сондықтан и, у дыбыстары бірде жуан бірде жіңішке айтылады. Екіншіден, дауысты и, у дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сол сөз ішіндегі дауыссыз қ- ғ, к- г дыбыстарының әсерінен болады. Өйткені қазақ тілінде жуан буынды сөзде (қағаз, ғалым, жаңа, тақа) - қ- ғ, ал жіңішке буынды сөздерде (керек, гүл, кереге) к- г әріптері жазылады. Бұл қазақ тілінің байырғы сөздері үшін негізгі заңдылық екенін ескерте кету артық болмайды. Қайта, сөзді орфоэпиялық жақтан дұрыс айтуға көп көмегін тигізеді. Сөйтіп, әдеби тіліміздегі сөздердің дұрыс жазылуы мен дұрыс айтылуы заңдылықтарын саналы түрде игереді[10,213].
Дауысты дыбыстың тіл қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінетіні сияқты жақтың қатысына қарай, яғни ауыздың ашылуына қарай ашық, қысаң болуын үйреткенде көрнекілікті (схема, таблица), әсіресе магнитафонды пайдаланып, оқушылардың дауысты дыбыстардың айтылуына және құлаққа естілу сазына ерекше назар аудару қажет. Себебі, ашық, қысаң деген сөздің мағынасын жөнді мән бермей а, е, о, ө, э, - ашық дауыстылар, ы, і, и, ү, ұ, у қысаң дауыстылар деп жаттап алады.
Дауысты дыбыстың ашық, қысаң болып бөлінуі оқушының есінде жақсы сақталуы үшін бір ашық, бір қысаң дыбыспен келетін сөздерді магнитофоннан бірнеше рет тыңдата отырып ( а- ы, ә- и), оқушылардың өздеріне қайталау тиімді.
Дауысты дыбыстың еріннің қатысына қарай еріндік ( о, ө, ү, ұ, у), езулік ( а, ә, э, ы, і, и) болып бөлінуін түсіндіру ешбір қиындық келтірмейді. Өйткені о, ө, ү, ұ, у еріндіктерін айтқанда, еріннің қандай қалыпта (күйде) болатынын осы дыбыстарды өздеріне айттырып байқатуға болады. Ерінге салмақ түсірмей, ерінді қимылдатпай- о, ө, ү, ұ, у дыбыстарын айта алмайсың. Яғни еріндік дыбыстың ерін арқылы жасалатыны айқын. Міне, осы ерекшелігіне негіздей отырып, еріндік, езулік дыбыстарды оңай түсіндіруге болады.
Ашық, қысаң дыбыстардың және дауысты дыбыстардың еріндік және езулік ерекшелігін байқату үшін салыстыру әдісін қолдану пайдалы. Яғни, бір еріндік, бір езулік дыбысты қосақтап ( о- а, ұ- ы, о- е) айтсақ, дыбыстың еріндік, езулік болып жіктелуі қасиеті байқаылып тұрады.
Мұғалім дауысты дыбыстардың жіктелуін толық үйретіп, оқытып болғаннан кейін,- класс оқулығының 45- бетіндегі схеманы оқушыларға толтырту керек.
Ерін қатысына қарай
Езулік дауыстылар
Еріндік дауыстылар
Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

Жуан дауыстылар
Жіңішке дауыстылар

Схеманың толық болып шығуына қажетті сөздерді ыңғайына қарай отырып, өздері түгел толтырып шығуы керек. Мұғалім тақтаға мына сөздерді жазуы керек:
Жуан
Жіңішке
Ашық
Қысаң
Еріндік
езулік

Мұндай схемаларды толтыру арқылы оқушының әрқайсысы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады, дыбыстардың жіктелуін саналы түрде меңгереді, логикалық ойын дамытады.
Мұғалім дауыссыз дыбыстарды меңгертумен байланысты дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың тіркесінен сөз жасалатынын мысалдар арқылы еске түсіреді. Мысалы: Ынтымақ- оқ өтпес сауыт, татулық тамаша сауық. (М)
Ал, балалар, қара әріппен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыстарды талдап беріңдерші. Ол үшін әрқайсысына өз беттеріңмен жазбаша талдау жасаңдар.- дейді. Сонда балалар мына түрде орындап шығуы керек. Қайталанған әріпті қайта- қайта жазба деп ескертеді. Н- үнді, т- қатаң, м- үнді, қ- қатаң, с- қатаң, у- үнді, т- қатаң, екінші у- дауысты, л- үнді. Әрине, оқушылардың ішінде қате жбергені болса түзеттіріп, сабақты әрі қарай жалғастырып жіберу керек. Егер оқушылар дұрыс орындаса, мұғалім Ұяң, қатаң, үнді деп қандай дыбыстарды айтамыз? деп сұрақ қойып, тіліміздегі дауыссыздарды үш түрге жіктейтінін бастап жіберген жөн. Әдетте, дауысты дыбыс буын құрайды, сөз ұйытқысы дейміз. Ал тәжірибеде дауысты дыбыспен қатар дауыссыз дыбысытң рөлі күшті. Мысалы: дала, сала, білім, халық деген сөздердегі тек дауысты дыбыстардың әрпін былайша жазсақ, аа, әә, іі, аы деген тізбектерден қай сөз екенін білу мүмкін емес. Ал егер д... л..., с... л..., б... л... м, х... л... қ деген тізбектен қиналмай- ақ дала, сала, білім, халық деген сөздерді құрастыруға болады. Сонда бұдан мынадай қорытынды шығады. Тіліміздегі дауысты, дауыссыз дыбыстар бірінсіз- бірі сөз құрай алмайды[11,74].
Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдардың қатысына қарай жіктелетінін кейбір дауыссыз дыбыстарды жұптап айту арқылы меңгерту орынды. Демек, мұғалім оқушының өзінң табиғи есту қабілетін жетілдіруі қажет, сондықтан да фонетиканы өтіп жатқанда оқушы үшін берілетін мысалдар тек жазылып қана қойылмауы керек, сонымен қатар оқушылар ол мысалдарды әрі айтып, әрі естуі керек. Яғни, берілген сөздерді айтып, жазып отыру арқылы әдеби тілдің нормаларын игеруге жол ашылады. Поскольку предметом наблюдения в данном случае является звуковая сторона речи, ведущие в занятиях по фонетике принадлежит устным упражнениям. Всякое слово, всякий звук, подвергаемый фонетическому анализу, должны быть произнесены,- делінеді. Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың үн мен салдардың қатысына қарай үш түрге жіктелетінін үйретуде ең алдымен ұяң дыбыстарды үйретуден бастаған методикалық жақтан ыңғайлы. Өйткені оқушылардың бәрі бірдей ұяң, қатаң, үнді дегенді жете түсіне бермейді. Сондықтан оқушының ұяң дыбыстарды білуіне негіздей (сүйене) отырып қатаң дыбыстарды игерту оңай болады. Өйткені ұяң дыбыстар айтуға (есте сақтауға) оңай және саны да қатаң дыбыстардан гөрі аз. Міне, осының өзі ұяң дыбыстарды бұрынырақ өтуге себеп бола алатындығын тәжірибеде көріп жүрміз. Мұнымен қоса қатаң мен ұяң дыбыстардың көбісінің жұпталып (парланып) келетінін де айрықша ескерте отырған жөн. Ол үшін оқушыларға қазақ тілінде- б, в, г, ғ, д, ж, з, сияқты ұяң дыбыстар бар, енді осылардың қатаң- п, ф, к, қ, т, ш, с, х парлары бар. Қатаң дыбыстардың ішінде тек пары жоқтары ц, ч, щ дыбыстары деп үйрету жеңіл әрі түсіндіруге де түсінуге де оңай. Ол үшін дауыссыздарға арналған таблицаны былай жасау керек.
Дауыссыз дыбыстар
Ұяң
б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
Қатаң
п, ф, к, қ, т, ш, с, х, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Фонетиканы оқыту - қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
Фонетиканы оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Фонетиканы оқыту
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісі
Фонетиканы оқыту әдістемесі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Пәндер