Нарықтық экономикадағы жұмысссыздықтың себептерi мен түрлерi
ЖОСПАР:
КIРIСПЕ
Нарықтық экономикадағы жұмыссыздықтың мәнi
1.1. Жұмыссыздық: мазмұны және түрлерi
1.2 Жұмыссыздықтың пайда болу себептерi
1.3 Толық жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың "табиғи" деңгейi
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Жұмыссыздық макроэкономикалық мәселелердiң бiрi болып табылады. Жұмыссыздық әр адамға тiкелей және күштi әсер етедi. Жұмысты жоғалту көпшiлiк адамдарға қатты психологиялық зақым тигiзедi және де өмiр деңгейiнiң төмендеуiн бiлдiредi. Сондықтан жұмыссыздық мәселесi саяси талқылауларда жиi кездесетiн тақырыптардың бiрi болып келетiнi таң қаларлық жағдай емес. Көптеген саясатшылар экономиканың жағдайын бағалау немесе экономикалық саясаттың жетiстiктерiн көру үшiн жұмыссыздық пен инфляция деңгейiнiң қосындысын көрсететiн "кедейшiлiк индексiн" пайдаланады.
Экономистер жұмыссыздықтың себептерiн анықтау және жұмыспен қамтуға әсер ететiн мемлекеттiк саясат шараларын жетiлдiру үшiн жұмыссыздықты зерттейдi.
Жұмыссыздықты жою және халықтың жұмыспен толық қамтылуына жету - мемлекеттiң макроэкономикалық саясатының басты мақсаттарының бiрi болып табылады.
Бұл жұмыстың бiрiншi бөлiмiнде жұмыссыздықтың мазмұны, түрлерi және оның себептерi аталып кетiлдi. Әрине, жұмыссыздық басты макроэкономикалық мәселелердiң бiрi болғандықтан, оның бiздiң республикамыздағы ерекшелiктерiн қарастырып кетуге мақсат қойдық. Жұмыссыздықтың өтпелi кезең экономикасында ерекшелiктерi, мәселелерi және қандай жағдайда болатыны қарастырылды. Жұмыссыздық жалпы еңбек ресурстарының толық пайдаланбауы болғандықтан, оның салдары, оған әсер ететiн факторлармен, оның деңгейiн қалай анықтайтындығы көрсетiлген.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI:
1. Кэмпбелл Р. Макконнелл, Стэнли Л.Брю. Экономикс: Принципы, проблемы и политика. Пер. с англ.
2. Казахстан. Отчет о человеческом развитии,1995, 1997.
3. Н. Грегори Мэнкью. Макроэкономика// -М; 1994 г.
4. Теоретическая экономика. Политэкономия// Под редак. Г.П.Журавлевой. -М, 1997 г.
5. С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи. Экономикс// -М; Дело, 1995 г.
6. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық// Алматы. "Санат", 1998 ж.
7. Борисов А.С. Теоретическая экономика// -М;1997
8. Камаев В.С. Теоретическая экономика // -М;1998
9. К.Пасс, Б.Лоуз, Л.Дэвис. Словарь по экономике Коллинза// Санкт-Петербург, 1998 г.
10. Краткий статистический ежегодник КАЗАХСТАНА-1998// Нацстатагенство, Алматы, 1999.
11. Егемендi Қазақстан //Қаратаев Ж. Жұмыссыздық сейiле түстi/28 қараша 2000 жыл
12. Статистический пресс-бюллетень // Нацстатагенство, 1999, №1, с.72
13. Региональный статистический сборник ежегодник Казахстана 2001.
14. Е.Б.Жатканбаев, К.С.Мухтарова. Безработица как фактор снижения уровня жизни населения//Вестник КазГУ. Серия экономическая, 1999, №1.
15. Л.М.Сембиева. О социальных аспектах безработицы//Вестник КазГУ. Серия экономическая,1995, №2.
16. Жанайдаров У.А., Байгелова А.И. Рынок труда и занятость в переходном времени//Вестник Казгу. 1999, №2.
17. «Законодательство» версия 4.0

1. Жұмыссыздық: мазмұны және түрлерi
2. Жұмыссыздықтың пайда болу себептерi
3. Толық жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың "табиғи" деңгейi
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
КIРIСПЕ
Жұмыссыздық макроэкономикалық мәселелердiң бiрi болып табылады.
Жұмыссыздық әр адамға тiкелей және күштi әсер етедi. Жұмысты жоғалту
көпшiлiк адамдарға қатты психологиялық зақым тигiзедi және де өмiр
деңгейiнiң төмендеуiн бiлдiредi. Сондықтан жұмыссыздық мәселесi саяси
талқылауларда жиi кездесетiн тақырыптардың бiрi болып келетiнi таң қаларлық
жағдай емес. Көптеген саясатшылар экономиканың жағдайын бағалау немесе
экономикалық саясаттың жетiстiктерiн көру үшiн жұмыссыздық пен инфляция
деңгейiнiң қосындысын көрсететiн "кедейшiлiк индексiн" пайдаланады.
Экономистер жұмыссыздықтың себептерiн анықтау және жұмыспен қамтуға
әсер ететiн мемлекеттiк саясат шараларын жетiлдiру үшiн жұмыссыздықты
зерттейдi.
Жұмыссыздықты жою және халықтың жұмыспен толық қамтылуына жету -
мемлекеттiң макроэкономикалық саясатының басты мақсаттарының бiрi болып
табылады.
Бұл жұмыстың бiрiншi бөлiмiнде жұмыссыздықтың мазмұны, түрлерi және
оның себептерi аталып кетiлдi. Әрине, жұмыссыздық басты макроэкономикалық
мәселелердiң бiрi болғандықтан, оның бiздiң республикамыздағы
ерекшелiктерiн қарастырып кетуге мақсат қойдық. Жұмыссыздықтың өтпелi кезең
экономикасында ерекшелiктерi, мәселелерi және қандай жағдайда болатыны
қарастырылды. Жұмыссыздық жалпы еңбек ресурстарының толық пайдаланбауы
болғандықтан, оның салдары, оған әсер ететiн факторлармен, оның деңгейiн
қалай анықтайтындығы көрсетiлген.
I-БӨЛIМ. Нарықтық экономикадағы жұмыссыздықтың мәнi
1. Жұмыссыздық: мазмұны және түрлерi.
Қазiргi экономикалық оқулықтарға сүйенсек жұмыссыздыққа мынандай
анықтама беруге болады: Жұмыссыздық - еңбек рыногында еңбекке сұраныс пен
ұсыныс арасындағы тепе-теңдiктiң бұзылу салдарынан пайда болатын адамдардың
амалсыз жұмыспен қамтылмауы[1].
"Жұмыссыздық" терминi бiрiншi рет 1911 жылы Британиялық энциклопедияда
берiлген. Содан кейiн 1915 жылы АҚШ-ның еңбек министрлiгiнiң есеп беруiнде
қолданған. Қазiргi кезде дүние жүзiнiң барлық елдерiнде әртүрлi көлемде,
түрде, әртүрлi ұзақтықта жұммыссыздық кездеседi.
Экономикалық теорияда жұмыссыздықтың қажеттiгi мен бар болу
мүмкiндiктерiн түсiндiруде әртүрлi тәсiлдер бар.
Маркстiк теория жұмыссыздықты жеке меншiкке және өндiрiс құралдарына
негiзделген қоғамға тән тарихи өткiншi құбылыс деп қарастырады.
Жұмыссыздықтың пайда болуы капитал қорланудың циклдық процестерiмен және
ұдайы өндiрiспен, капиталдың органикалық құрылысының өсуiмен байланысты.
Неоклассикалық мектеп жұмыссыздықты табиғи құбылыс деп атайды. Бұл
мектеп айтуынша, жұмыссыздық еңбекке белсендi адамдардың жұмыспен
қамтылмаған бөлiгiнiң айналым қызметiн атқарады.
Кейнсиандық мектеп келесi сұрақтарға жауап iздеген: жұмыспен қамтылу
деңгейi қандай факторлармен анықталады; неге еңбекпен қамтылу өндiрiс
көлемi мен инвестициялармен бiрге кей уақытта кенет өзгерiстерге ұшырайды;
неге еңбекпен
қамтылу деңгейi толық еңбек қамтылу деңгейiне жетпейдi? Бұл мектептiң айтуы
бойынша, еңбекпен қамтылудың негiзгi факторы - инвестициялардың оптималды
көлемi.
Монетаристiк мектеп өкiлдерi болса, жұмыссыздықтың нақты жалақы
динимикасымен және инфляциямен өзара байланысын зерттеген.
Соңғы жылдары жұмыссыздықтың "табиғи", "нормалы" деңгейлерi деген
копцепциялар аса әйгiлi болып жатыр. Бұл концепциялар жұмыссыздықтың
инфляциямен, ақша айналымымен өзара байланысын зерттейдi. Жұмыссыздықты
түсiндiру үшiн экономикалық-математикалық моделдеу және графикалық анализ
тәсiлдерiн қолданады. Осыған дәлел ретiнде Филлипстiң қисық сызығын
қарастырайық:
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етедi. 1958 жылы ағылшын
экономисi А.Филлипс оның ықпалын көрсететiн "сұраныс инфляциясы" деген
үлгiнi ұсынды. 1861-1956 жылдардағы ұлыбритания санақтары деректерiн
пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруi мен жұмыссыздық деңгейiнiң
арасындағы тәуелдiлiктiң керi әсерiн қисық сызығы арқылы көрсеттi. Сөйтiп,
Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейуi баға мен жалақы
өсуiн күрт баяулататынын дәлелдейдi.
А.Филлипс есебiнiң теориялық негiзiн экономист Р.Липси жасады. Бұдан
әрi американ экономистерi П.Самуэльсон және Р.Солау Филлипстiң қисық
сызығына өзгерiстер енгiзiп, жалақы ставкасын тауар бағалары өсуi
қарқынымен ауыстырды. Үкiмет Филлипстiң қисық сызығын сол күйiнде
экономикалық саясатты жасаудың құралы ретiнде қолданды. Әсiресе ол толық
жұмыспен қамту және өндiрiс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда
пайдаланылды.
Абцисса өсiнде жұмыссыздық деңгейi, ординат өсiнде тауар бағаларының
өсу қарқыны бейнелендi. Қисық сызық
өсi параметiрлердiң көрi -
нiсi. Егер үкiмет жұмыс-
сыздық деңгейi И1(оған
баға өсу қарқыны Р1
келедi) төтенше жоғары
деп есептесе онда оны
төмендету үшiн бюджеттiк
және ақша-несие шара-
лары қолданады,олар өз
кезегiнде сұранысты күшейтедi. Бұл өндiрiстiң ұлғаюына, жаңа жұмыс
орындарының пайда болуына әкеледi. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшерiне дейiн
төмендейдi, бiрақ дәл сол мезгiлде инфляция қарқыны Р2-ге дейiн жоғарлайды.
Мұндай жағдайлар экономиканың "қызып" кетуiне, дағдарысқа ұшырауына әкелуi
мүмкiн, сондықтан үкiмет несие берудi тежеу, мемлекеттiк бюджеттiң
шығыстарын кемiту және т.б. шаралар жүргiзедi. Нәтижесiнде бағаның өсу
қарқыны Р3 деңгейiне төмендеп, ал жұмыссыздық өсiп, оның нормасы И3 болады.
Филлипстiң концепциясы бойынша инфляцияның өсуi (мұнымен байланысты
номиналды жалақының өсуi) жұмыссыздықты азайтуы мүмкiн.
Филлипстiң қисық сызығын экономикалық талдау үшiн тек қарқыны төмен,
баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген
экономикалық күйзелiсте (мысалы 70-жылдардағы энергия көздерiне бағаның
кенеттен өсуi) инфляцияның қарқыны кенеттен өседi және ол жұмыссыздықтың
көбеюiмен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстiң қисық сызығы
көрсететiн статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық
заңдылық бола алмайды.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейi деген теория шыққан. Ол
1979 жылдан АҚШ-тың (Рейган және Дж.Буштың Республикалық әкiмшiлiгi) және
Англияда (М.Тэтчер үкiметi) экономикалық талдауында қолданылды.
Бұл теорияның мәнi мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға қолайлы
инфляция деңгейi тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесiнде ғана мүмкiн болады.
Ал табиғи жұмыссыздық дәрежесi әр түрлi кәсiп иелерiн жұмыспен қамту
жөнiндегi ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық
түрлерiн есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесi мен
инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық
саясат мақсатына жете бермейдi. Оның оңды нәтижелерiмен қатар (80-жылдардың
екiншi жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуiр төмендедi), мынаны атап
өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейiне жеткенде инфляция бiраз уақыт
инерциямен қозғалады да, содан кейiн оның қарқыны жедел төмендейдi.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейi соңғы онжылдықта барлық батыс елдерiнде
дерлiк өстi (АҚШ-та 60 жылдары 4% болса, 80-жылдары 6-7%-ке дейiн өстi).2
Жұмыссыздықтың түрлерi
Қазiргi экономикалық теория жұмыссыздықтың негiзгi үш түрiн бiледi.
Фрикциондық жұмыссыздық: жұмыс күшiнiң аймақтық, кәсiптiк және жасына
қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуi, басқа кәсiпке бейiмделуi, оқуы,
бала бағу) байланысты. өзiнiң мазмұны жағынан фрикциондық жұмыссыздықты өз
еркiмен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады. Экономистер жұмыс iздеп
жатқандар немесе жақын арада жұмысқа қабылданатын адамдарды фрикциондық
жұмыссыздыққа жатқызады. Фрикциондық жұмыссыздық сөзсiз болатын және
белгiлi бiр мөлшерде қажеттi деп саналады. Неге қажеттi? Себебi, кейбiр
жұмысшылар жалақысы төмен жұмыстан басқа жалақысы көп жұмысқа ауысады. Бұл
жұмысшының табысы көбiрек болатынын бiлдiредi. Жалпы фрикциондық
жұмыссыздық адамдардың жұмысты iздеумен және жұмысты күтумен байланысты
болып келедi.
Құрылымдық жұмыссыздық. Фрикциондық жұмыссыздық байқаусыз екiншi
категорияға өтедi. Бұндай жұмыссыздықты құрылымдық жұмыссыздық деп атайды.
Белгiлi бiр уақыттан кейiн тұтынушы сұранысының құрылымында және
технологияда маңызды өзгерiстер болады. Әрине, бұл өзгерiстер жалпы жұмыс
күшiне сұраныстың құрылымына әсер тигiзедi. Сондықтан осындай өзгерiстерге
байланысты кейбiр мамандарға сұраныс азаяды немесе тiптi болмайды. Еңбек
нарығында жаңа мамандықтарға сұраныс көбейедi. Жұмыссыздық пайда болады,
себебi жұмыс күшiнiң құрылымы жаңа жұмыс орындарына сәйкес келмейдi.
Құрылымдық жұмыссыздық жекелеген аймақтар мен халық шаруашылығы салаларының
даму ерекшелiктерiмен байланысты. Экономикалық бiр секторындағы немесе
аймақтағы жұмысшы күшiнiң артуы басқа жерде оның жеткiлiксiз болуымен қатар
жүредi. Төменде құрылымдық жұмыссыздыққа бiрнеше мысал келтiрейiк:
Мысалдар. 1. Көптеген жылдар бұрын шыны жасайтын станоктарды ойлап
шығарғанның нәтижесiнде көптеген аса бiлiктi шыны үрлеушiлер жұмыссыз
қалды. 2. 1980 жылдары халықаралық мұнай бағасы күрт төмендеген кезде АҚШ-
ның "мұнайлы" штаттарындағы көптеген мұнайшылар құрылымдық жұмыссыздар
қатарына қосылды. Мұнай бағасы қатты төмендеген кезде мұнай өндiрумен
байланысты жұмыстар қысқарды. Соның нәтижесiнде жұмыстан босатулар көбейдi.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық арасында айырмашылық өте аз.
Негiзгi айырмашылық "фрикционды" жұмыссыздарда сата алатын дағдысы бар, ал
"құрылымдық" жұмыссыздар қайта даярлаусыз, қосымша үйренусiз, тiптi тұратын
жерiн ауыстырусыз тез жұмыс таба алмайды. Фрикциондық жұмыссыздық кысқа
мерзiмдi сипатта келедi, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзiмдi болып
келедi. Сондықтан құрылымдық жұмыссыздық қиындау болып табылады.
Құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтар оның "табиғи" деңгейiн
бiлдiредi. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүредi.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық экономиканың конъюнктураның
өзгеруiмен анықталады. Ол циклдық жұмыссыздық өрлеу кезiнде азайып,
дағдарыстар тұсында керiсiнше көбейiп отырады.
Жұмыссыздықтың регионалды түрi бар. Ол белгiлi бiр территорияда жұмыс
күшiнiң сұранысы мен ұсынысы арасындағы диспропорцияның нәтижесiнде пайда
болады. Территорияның бiр қалыпты емес экономикалық дамуының әсерiнен
регионалды жұмыссыздық қалыптасады. Регионалды жұмыссыздыққа демографиялық,
тарихи, мәдени және басқа да спецификалық факторлар әсер етедi.
Жұмыссыздықты ұзақтығына қарай үш түрге бөлуге болады: тоқтаған,
ағымдағы және маусымдық. Жұмыссыздық ұзақтығы жұмыс орнын жоғалту мен жаңа
жұмыс орнына тұру арасындағы уақыт аралығымен өлшенедi.
Жасырын жұмыссыздыққа жұмыспен қамту қызметiнде жұмыссыз ретiнде
тiркелмеген, жұмыс iстеуге дайын және оған қабiлеттi жұмыс iздеп жүрген
адамдар жатады. Бұл адамдар ресми жұмыссыздық туралы мәлiметтерде
есептелiнбейдi. Егер мұндай адамдарда жұмыссыз ретiнде тiркелуге айқын
себептер болмаса (мысалы, жұмыспен қамту қызметiнде тiркелгеннен кейiн
жұмыссыздарға арналған жәрдемақы алу), онда жұмыссыздықтың шын деңгейi
ресми мәлiметтерде айтарлықтай төмен болуы мүмкiн.
2. Жұмыссыздықтың пайда болу себептері.
Көптеген экономикалық мектептер жұмыссыздықтың себептерiне анализ
бередi. Олардың негiзгiлерiне тоқталып кетейiк.
Ағылшын экономисi Т.Мальтус (XVIII ғасыр аяғы) "Опыт о законе
народонаселения" еңбегiнде жұмыссыздыққа түсiнiктеме бередi. Мальтус
жұмыссыздықтың себептерiн демографиялық жағдайлармен байланыстырады. Яғни
халықтың өсу қарқыны өндiрiстiң өсу қарқынынан көп болғандықтан,
жұмыссыздық пайда болады. Ағылшын экономисi А.Пигу "Жұмыссыздық теориясы"
(1932 ж.) атты еңбегiнде еңбек рыногында жетiлдiрiлмеген бәсекелестiк орын
алады дедi. Бұл еңбектiң бағасының көтерiлуiне алып келедi. Яғни, Пигудiң
айтуы бойынша кәсiпкер 5-6 жалақысы төмен жұмысшыларды жалдағанша, бiр
жоғары бiлiктi адамға үлкен жалақы төлеп отырады. Сондықтан жұмыссыздық
арттады.
Жұмыссыздықты туғызатын әртүрлi себептер бар. Бұл себептердi негiзгi
үш топқа бөлуге болады:
• Жалпы сұраныстың жеткiлiксiз деңгейi (циклдық жұмыссыздық);
• Сұраныс құрылымының өзгеруi (құрылымдық жұмыссыздық);
• ұсыныс факторларымен байланысты жұмыссыздық (табиғи жұмыссыздық)
Еңбек рыногындағы сұраныстың жеткiлiксiз деңгейi болғанда циклдық
жұмыссыздық орын алады. Тағы да жұмыссыздық сұраныс құрылымындағы
өзгерiстердiң болуымен байланысты.
ұсыныс факторларымен байланысты жұмыссыздықтың бiрнеше түрлерi бар.
Бiрiншi түрi - "технологиялық жұмыссыздық". Жаңа технологияны енгiзгеннен
кейiн жұмыс орындары қысқарады. Сондықтан жұмыссыздық пайда болады. Екiншi
түрi "фрикциондық жұмыссыздық" болып табылады. Бұл жұмыссыздық адамдардың
бiр жұмыс орнынан екiншi жұмыс орнына ауысуымен байланысты болады. Үшiншi
түрi "мәжбүрлi жұмыссыздық". Адамдардың еңбекке жарамсыздықтың салдарынан
жұмысқа орналасу қиыншылыққа түседi. Осы кезде мәжбүрлi жұмыссыздық пайда
болады. Ұсыныс факторларымен байланысты жұмыссыздықтың тағы бiр түрi -
"ерiктi жұмыссыздық". Бұл адамдардың жұмыс iстеуге стимулы немесе тiлегi
жоқ екендiгiн бiлдiредi. Бесiншi түрi - "реалды жалақымен байланысты
жұмыссыздық" немесе "классикалық жұмыссыздық".
Халықаралық саудаға кiретiн мемлекеттер халықаралық бәсекелестiктiң
нәтижесiнде жұмыссыздықтың көбеюiмен соқтығысуы мүмкiн. Егер мемлекет азық-
түлiк өнiмдерiн шығаруға көп ресурстарын негiздейтiн болса, әлемдiк сұраныс
өнiмдерге төмендесе немесе жаңа өнiм шығаруға, жаңа зауыт салуға мемлекет
көп инвестициялар салуының салдарынан шығындары көбейедi. Мемлекеттiң
әлемдiк саудада бәсекелестiгi төмендейдi, импорттық тауарлар үлесi артады.
Кейiн бұл мемлекеттiң бүкiл экономикасында жұмыс орындарының қысқаруына
әкеледi.
Сұраныс құрылымының өзгеруiмен және ұсыныс факторларымен байланысты
жұмыссыздықты азайту үшiн әртүрлi әдiстер пайдалануға болады. Олар:
Инвестицияларға стимулдар (гранттар, субсидиялар, салыққа жеңiлдiктер
т.б.), мысалы, жаңа өндiрiс орындар мен салалар пайда болуына, өндiрiстiң
кеңейуiне әкеледi. Жаңа жұмыс орындар пайда болады. Мұндай жағдайда
"құрылымдық" және "технологиялық" жұмыссыздық азаяды. Тағы да жұмыссыздықты
азайту үшiн мемлекет кәсiптiк-техникалық даярлау программаларын жүргiзедi.
"Ерiктi жұмыссыздықты" азайту үшiн әлеуметтiк қамтамасыз ететiн жәрдемақы
жүйесiнде өзгерiстер енгiзуге болады. Бұл өзгерiстер адамдарды жұмыс
iздеуiне әкеледi.
Жоғарыда жұмыссыздықтың әр түрлi себептерiн атап кеттiк. Ендi осы
себептердiң бiреуiне тоқталып кетуге жөн болар.
Жұмыссыздықтың пайда болуының бiр себебi - жалақының қаталдығы. Яғни,
еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты жалақының икемдi өзгеруге
қабiлетсiздiгi.Төмендегi суретте жалақының қаталдығы жұмыссыздыққа әкеп
соғатыны көрсетiлген. Егер нақты жалақы деңгейi ұсыныс пен сұраныс тепе-
теңдiгiнен жоғары болса, онда еңбек рыногында еңбек ұсынысы сұраныстан көп
болып келедi. Сондықтан бос жұмыс орындарының саны жұмыссыздардың санымен
сәйкес келмейдi,
Жұмыссыздық пайда бо-
лады.Бұл жағдай реалды
жалақының еңбек рыно-
гында өте икемдi болып
келмейтiндiгiн көрсетедi.
Жалақының қаталдығынан
жұмыссыздарға жұмыс
орын жетiспейдi.
Мұндай жұмыссыздықты күтiм жұмыссыздық (безработица ожидания) деп атайды.
Яғни, жұмысшылар жұмысты iстегiсi келмегендiктен емес, осы жалақы
деңгейiнде еңбек ұсынысы еңбекке сұраныстан көп болғандықтан жұмыссыз
болады. Жұмыссыздар жұмыс орын табу мүмкiндiгiн күтедi.
Егер еңбек рыногында ұсыныс сұраныстан көп болса, онда фирма иелерi
жалақыны неге төмендетпейдi деген сұрақ туады. Себебi егер де фирма
жалақыны төмендетсе, онда жұмыссыздарға жаңа жұмыс орындар пайда болады.
Қатал жалақы болуының себептерi: минималды жалақы туралы заңдар, кәсiптiк
одақтың күштiлiгi және фирмалардың жұмысшыларды ынталандыру үшiн жалақыны
көбейтуi.
Жұмыссыздықтың себептерiн қарастыра отырып, оның әлеуметтiк-
экономикалық салдарын атап кетуге болады. Бiрiншiден, қоғамның еңбек
ресурстарының толық пайдаланбауы. Адамдардың өмiр сүру деңгейi төмендейдi,
жұмыспен қамтылғандардың еңбек жалақысының көлемiне қысым жасалады. Жеке
адамның өзiнiң мамандығын өзгерту үшiн немесе мамандығын қайта даярлау үшiн
шығындары көбейедi.
Жұмыссыздықтың динамикасына әсер ететiн факторлардың негiзгiлерi мыналар:
• Демографиялық факторлар: халықтың туу және өлу, жастық құрамы, адамдардың
орташа өмiр сүру ұзақтығы және басқа да көрсеткiштерiнiң өзгеруiнiң
нәтижесiнде экономикалық белсендi халықтың көлемiнiң өзгеруi;
• Техникалық-экономикалық факторлар: ғылыми техникалық прогресстiң қарқыны
мен бағытының дамуы жұмыс күшiнiң аз мөлшерде пайдаланылуына алып
келедi.
• Экономикалық факторлар: ұлттық өндiрiстiң жағдайы, инвестициялық
активтiк, қаржы-несие жүйесi, баға деңгейi және инфляция. А.Оукеннiң заңы
бойынша жұмыссыздық деңгейi мен жалпы ұлттық өнiм көлемiнiң арасында
терiс байланыс бар дейдi. Яғни, жұмыссыздықтың күрт көтерiлуi жалпы
ұлттық өнiмiнiң нақты көлемiнiң азаюымен байланысты. Жұмыссыздық бiр
процентке көтерiлгенде, нақты жалпы ұлттық өнiм екi процентке төмендейдi.
Жыл сайын жалпы ұлттық өнiмнiң (ЖҰӨ) көлемi 2,7% өскенде, жұмыссыздардың
үлесi тұрақты қалыпта болады. Демек, ЖҰӨ 3%-ке өсiп тұрмаса, онда
жұмыссыздардың үлесi көбейедi.
• Ұйымдық-экономикалық факторлар: кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанының
өзгеруi, мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, кәсiпорынды акцияландыру
және т.б. кәсiпорындағы өзгерiстер жұмыссыздыққа қатты әсер етедi.
1.3. Жұмыспен толық қамту, жұмыссыздықтың "табиғи" деңгейi
Жұмыссыздықтың түрлерi мен себептерiн қарастырғаннан кейiн
жұмыссыздықтың деңгейiн қалай табатынын және жұмыспен толық қамту мәнiн
қарастырып кетуге болады.
Жалпы жұмыспен толық қамту - мемлекеттiң барлық еңбек ресурстарын
толық пайдалануды бiлдiредi. Шынында, 100%-тiк жұмыспен толық қамту болуы
мүмкiн емес. Әрқашанда кiшкентай болсын жұмыссыздық деңгейi болады. Себебi,
адамдар жұмысты iздеуге және оны таңдауға белгiлi бiр уақыт жiбередi.
Толық жұмыспен қамтылу жұмыссыздықтың абсолюттi жоқтығын бiлдiрмейдi.
Экономистер фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтарды сөзсiз болатын
құбылыс деп есептейдi. Сондықтан толық жұмыспен қамтылу кезiнде жұмыссыздық
деңгейi құрылымдық және фрикциондық жұмыссыздықтардың деңгейлерiнiң
қосындысына тең. Басқа сөзбен айтқанда, жұмыссыздық деңгейi толық жұмыспен
қамтылу жағдайда болады, егер циклдық жұмыссыздық нөлге тең болса. Толық
жұмыспен қамтылу кезiнде жұмыссыздық деңгейiн тағы да жұмыссыздықтың
"табиғи" деңгейi деп атайды. Жұмыссыздықтың "табиғи" деңгейiмен байланысты
нақты ұлттық өнiмнiң көлемi экономиканың өндiрiстiк потенциалы деп аталады.
Бұл экономика ресурстарды "толық пайдалану" жағдайда өндiруге мүмкiншiлiгi
бар нақты өнiм көлемi.
Жұмыс iздеп жүргендер саны бос жұмыс орындарының санына тең болған
кезде жұмыссыздықтың "табиғи" деңгейi пайда болады.
Қазiргi кезде экономистер жұмыссыздықтың табиғи деңгейi шамасында 5-6%-
ке тең болуы керек дейдi.
Статистикада жұмыссыздықтың деңгейiн жұмыссыздарды жұмыс күшiне
қатынасы арқылы есептеп алады.
Жұмыссыздық деңгейi - жұмыс күшi iшiндегi жұмыссыздардың процентi.
Жұмыссыздық Жұмыссыздар
деңгейi
Көптеген экономистер жұмыссыздықтың деңгейiн есептеу кезiндегi
тәсiлдерге қарсылық бiлдiредi. Себебi, жұмыссыздарға тек қана 16 жастан
үлкен және де жұмысты iздеп жүрген адамдар жатқызылады. Ал экономистердiң
айтуы бойынша, жұмыссыздар санына көптеген жұмысты табу үмiтiнен айрылған
адамдар кiргiзiлмейдi. Сондықтан жұмыссыздықтың деңгейi нақты табылмайды.
Қорыта айтқанда, жұмыссыздықтың деңгейi деген түсiнiк экономикалық
саясатты анықтау кезiнде өте үлкен роль атқарады. Бiрақ оның белгiлi бiр
кемшiлiктерi бар. Жұмыссыздық деңгейi мемлекеттiң экономикалық жағдайының
басты бiр көрсеткiшi болғанымен, оны тура қатесiз деп есептеуге болмайды.
II-БӨЛIМ. Қазақстан республикасындағы нарықтық экономикадағы жұмыссыздық
мәселесі
2.1. Қазақстандағы еңбек рыногының қазіргі жағдайына талдау.
Қазақстан республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" заңы
бойынша жұмыссыздарға жұмыс iстеуге қабiлеттi және дайын, еңбекпен қамту
қызметтерiнде жұмыссыз болып тiркелген адамдарды жатқызады. Соңғы жылдары
республикамыздың еңбек рыногында айқын өзгерiстер болды: халық саны азайды
және соның салдарынан экономикалық белсендi халықтың саны төмендедi.
Өтпелi кезең экономикада жұмыссыздық мәселесiне өте үлкен көңiл
бөледi. 1991-1996 жылдар арасындағы көрсеткiштерге сүйенсек, Қазақстанда
жұмыссыздық дамуын екi этапқа бөлуге болады:
• Бiрiншi этап (1991-1993 ж) - жұмыссыздық деңгейiнiң шамалы өсуi - 0,05%-
ке 1991 жылы және 0,95%-ке 1993ж.
• Екiншi этап - 1993 жылдан бастап бiрте-бiрте жұмыссыздық көбеюi.
Экономикада реформалар жүргiзiлдi. Мемлекеттiң негiзгi жұмыс берушi
рөлiнiң азаюы.
Жұмысшылардың саны азаюы және мемлекеттiк емес секторларда: акционерлiк
қоғамдарда, бiрiккен кәсiпорындарда, шағын және орта бизнесте, жеке меншiк
кәсiпорындарда жұмысшылар санының көбеюi айқын көрiнедi.
Жұмыссыздықтың өсуiнiң негiзгi себептерi:
• өндiрiстiң қысқаруын және жабылуын туғызған экономикалық дағдарыс.
• Рыноктық талаптарға сәйкес келмейтiн жұмыс күшiнiң бiлiктiлiгi.
Соңғы жылдары жасырын және жастардың жұмыссыздығы артуда.
Бүгiн жұмыссыздық еңбек рыногында аса ауыр мәселе болып келедi.
Жұмыссыздық экономикалық және психологиялық қиыншылықтармен жүредi.
Қазақстанда жұмыссыздық туралы мәлiметтер 1991 жылы июньде "Халықтың
жұмыспен қамту туралы" Заңы қабылданғаннан берi жиналып келедi. Барлық
мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң еңбекпен қамту қызметтерi дайындайды. 1991 жылдың басында
бiрiншi рет 4 мың адам жұмыссыз болып тiркелдi. Оның iшiнде 75% процентiн
әйелдер құрады. Өткен жылдардың iшiнде ең үлкен жұмыссыздықтың ресми
деңгейi 1996 жылдың соңына келедi - 4,2% (1997ж - 3,8%).
1998 жылдың қаңтар-қараша айларында еңбекпен қамту қызметiне жұмысқа
орналастыруға 537,3 мың адам көмек сұрады, оның iшiнде 296 мың (55%)
әйелдер.
Жастық құрамына қарай еңбек рыногы: көбiнесе 30-50 жас аралығындағы
адамдар, бұл жұмыспен қамту қызметiнде тiркелгендердiң жартысынан көп
бөлiгi. 16-30 жас аралығындағы жастар 34% құрады, пенсияға жақындағандар -
0,9%, пенсионерлер - 0,5%. Жұмыс iздеп жүргендердiң жұмысшы боп iстегендер
340,2 мың адам (63%), әрбiр төртiншi қызметшi болып iстеген (138,6 мы
адам).
Адамдардың көбiсi кәсiпорындардың жабылуының немесе оларды жұмыстан
босатудың себебiнен жұмыссыздар қатарына қосылды (29,2%). Айтып кететiн
жағдай жұмыстан босатуда көбiнесе әйелдер кездеседi. Штаттың қысқаруымен
байланысты жұмыстан шығарылған адамдардың 60%-тiн әйелдер құрайды.
1998 жылы 105,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, ол барлық жұмыс
сұрағандардың 19,6%-тiн құрайды. Демек, жұмыспен қамту қызметiне
келгендердiң әрбiр бесiншiсi жұмысқа орналастырылды. Олардың iшiнде 46,8%
әйелдер, 34,5% 16-30 жас аралығындағы жастар және тек 2,6% - оқу орындарын
бiтiргендер жұмысқа орналастырылды.
1998 жылдың соңында республика бойынша тiркелген жұмыссыздардың саны
251,9 мың адам болды, оның iшiнде 62%-тен көбiсi әйелдер болды.
1998 жылғы республика бойынша ресми жұмыссыздық деңгейi 3,7% құрады.
1998 жылдың соңына жұмыссыздарға арналған жәрдемақы алатындардың саны 149,2
мың адам болды (59,2% барлық жұмыссыздардан), ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz