Дүниенің тілдік бейнесі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Тақырыбы: «Фразеологизмдердің этномәдени сипаты (М. Мағауин шығармалары бойынша) »

Мамандығы: 6М020500- Филология: қазақ тілі

Қостанай, 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Иргизбаева Құралай Байқуанышқызы

Фразеологизмдердің этномәдени сипаты (М. Мағауин шығармалары бойынша)

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Мамандығы: 6М020500 - Филология: қазақ тілі

Қостанай, 2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 4 зерттеулердің қағидалары мен теориялық негіздері . . . 7

  1. Лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі тарихы . . . 7
  2. Тіл, мәдениет, өркениет арасындағы өзара байланыстар . . . 9

1. 3 Дүниенің тілдік бейнесі . . . 15 2 Дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындаушы лингвомәдени көрсеткіштер . . . 21

2. 1 Жазушы тілінің лексикалық қоры . . . 21

2. 1 Жазушы тілінің фразеологиялық және паремиологиялық қоры . . . 25

2. 2 Жазушы прозасында қолданылған фразеологизмдердің стильдік . . . қызметі . . . 33

2. 3 Көркем прозадағы фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 37

2. 4 Көркем прозадағы фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті сипаты . . . 38

2. 5 Авторлық қолданыстағы фразологизмдер стилі . . . 41

2. 6 Фразеологизмдердің кейіпкер бейнесін берудегі тілдік-бейнелілік қызметі . . .

2. 7 Көркем проза фразеологизмдерінің құрылымдық сипаты . . . 46

2. 8 Екі компонентті фразеологизмдердің лексико-семантикалық жағынан өзгеріске түсу сипаты және көп компонентті фразеологизмдерінің қолданылуы . . . 51

3 Ақиқат дүниенің эстетикалық бейнесі . . . 56

3. 1 Когнитивті кұрылымдардың көркем мәтіндегі көріністері . . . 56

3. 2 Мәтін кеңістігіндегі концептердің субъективтік және объективтік . . .

ерекшеліктері . . . 62

Қорытынды . . . 68 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасы және «Мәдени мұра» бағдарламаларында көрсетілгендей жекелеген ақын-жазушылардың шығармаларын ғылыми айналымға түсіру - заман талабынан туған сұраныс. Жазушының тілі, өзіндік стилі - сол дәуірдегі көркем әдебиетке тән тәсілдерді өзінің эстетикалық талғамына сай өзінше пайдаланып дамыту жүйесі. Жазушының өзіндік стиль проблемасы - ең алдымен әдеби шеберліктің, ұлттық көркем әдебиеттің проблемасы. Сондықтан әдеби тілдің даму жолдарын, қалыптасу үрдісін жете түсіну үшін жеке жазушылардың шығармасының тілін зерттеп, олардың сөздерді сұрыптап қолдану тәсілдерін, жалпыхалықтық тілдік құралды қалай меңгергендігін анықтаудың және әдеби тіл үлгісін байыту мақсатында тыңнан қосқан жаңа сөз үлгісін айқындап, жан-жақты талдау жасап көрсетудің мәні зор. Демек, әр қаламгердің шығармашылық ізденісі, тілдің түрліше қолданыс ерекшеліктерін айқындауға септігін тигізеді.

Тақырыптың өзектілігі: Көркем туынды жасау үшін сөз майталмандары жалпыхалықтық тіл қорының байлығын сарқа қолданып қана қоймай, әдеби тіл нормаларын сақтап, сөзді шебер пайдалана білуі тиіс. Өйткені тіл - ұлттың айнасы. Тілден ұлттың шынайы болмысы көрінеді. Көркем шығармада тіл арқылы ұлттың болмысы жасалады. Жалпыхалықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан қолдану - әр жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөзді тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Кез келген көркем туындының көркі, шұрайы оның тілінен көрінеді, тілі арқылы бағаланады. Яғни көркем шығарма тіл байлығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар тілді дамытатын, байытатын негізгі арналардың қатарына жатады. Көркем әдебиет тілін тілдік қолданыстың ерекше бір арнасы деп танысақ, ондағы (шығарма тіліндегі) жаңа қолданыстар мен әдеби норма, ол нормадан уәжді, уәжсіз ауытқулар, оның себебі сияқты мәселелерге талдау жасап, саралап отыратын лингвостилистикалық зерттеулердің қажеті сөзсіз.

Тілдік құралдарды қолдану барысында қалыптасқан белгілі бір заңдылықтар мен қағидалардың өзгеріп, жаңаша сипат алуы заңды құбылыс саналады. Тілдегі өзгерістердің болуы мен оның даму үрдісін белгілейтін де, соған тікелей қатысатын да, көркем шығармадағы сөз қолданыстары арқылы әдеби тілді жаңа белеске көтеретін де сөз зергерлері. Ендеше проза тіліндегі тілдік қолданыстарының қыр-сырын жан-жақты қарастыру нәтижесінде жазушының өзіндік көркем тілдік қолданыстары мен тіл жұмсау шеберлігі айқындалады. Яғни көркем проза тілін зерттеу барысында жазушының суреткерлік шеберлігіне және тілдік құралдардың мүмкіндігін қаншалықты пайдаланғандығына талдау жасалады. Осы орайда зерттеу нысанына М. Мағауинн прозасының (романдарының) тілі алынды.

Мұхтар Мағауин - қазіргі қазақ прозасына елеулі үлес қосушы белгілі қаламгерлеріміздің бірі. Жазушының «Аласапыран» тарихи дилогиясы қазақ тарихи романдары қатарындағы шоқтығы биік туындылардың бірі болса, «Көк мұнар», «Көкбалақ», «Шақан шері» романдары мен «Тазының өлімі» повестері қазіргі қазақ көркем әдебиетінде өзіндік орны бар айтулы шығармалар.

Академик Р. Сыздық өзінің «Ә. Кекілбаев пен М. Мағауиннің тарихи романдарының тілі» атты мақаласында М. Мағауиннің «Аласапыран» романының тілі жөнінде арнайы сөз етеді. Ғалым аталмыш мақалада «Аласапыран» романынындағы тарихи шығармаларға тән ерекшеліктерге тоқталып, жазушының даралық стилі, өзіндік сөз қолданысы әлі де зерттеуді қажет ететінін айтады.

Қазақ жазушысы М. Мағауиннің көркем шығармаларындағы этномәдени сипаттағы фразеологизмдердің қызметін анықтау зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің нысаны: Зерттеу нысанына жазушының «Аласапыран» тарихи дилогиясы, «Көк мұнар», «Көкбалақ», «Шақан шері» романдары мен «Тазының өлімі» повесі алынды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты - М. Мағауин шығармаларындағы этномәдени сипаттағы фразеологизмдердің қолданысын зерттеу болып табылады. Зерделеу мүддесі тұрғысынан төмендегі міндеттерді шешу көзделді.

  • лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелу тарихына шолу жасау;
  • дүниенің тілдік бейнесі ұғымын ашып көрсету;
  • тіл, мәдениет, өркениет арасындағы байланыстарды саралау;
  • жазушы М. Мағауин шығармаларындағы этномәдени сипаттағы фразезеологизмдердің қорын анықтау;
  • автор шығармаларында кездесетін этномәдени сипаттағы фразеологизмдердің стильдік қызметін айқындау;
  • жазушы шығармаларындағы жалпыхалықтық және авторлық фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктерін сипаттау;
  • жазушы шығармаларындағы фразеологизмдердің көркем әдебиеттегі орны мен рөлін анықтап, оларға талдау жасау.

Зерттеудің әдістері: М. Мағауин прозасындағы этномәдени сипаттағы фразеологизмдер жөніндегі мәліметтерді жинақтап, оларды салыстырмалы-типологиялық талдау, сипаттау, жүйелеу, тұжырымдау әдіс-тәсілдерін қажетімізге қарай қолдандық.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Магистрлік диссертацияның негізгі жаңалығы - М. Мағауин шығармаларында кездесетін этномәдени сипаттағы фразеологизмдерді ғаламның көркемдік және тілдік аясында лингво-когнитивті деңгейдің бірлігі ретінде қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды магистрлік диссертацияның жаңалығы және нәтижелері деп санаймыз:

  • Лингвомәдениеттану мәселесінзерттеудің негіздері айқындалды;
  • жазушы прозасындағы бірлңктердің, оның ішінде фразеологизмдердің «дүниенің тілдік бейнесі» контексіндегі қызмет аясы сипатталды;
  • көркем танымға сәйкес тілдік бейнені сипаттайтын деректер жүйесі жинақталды;
  • көркем мағыналары айқындалып, стильдік қызметі анықталды;
  • жазушы прозасындағы мәнін ашу арқылы қазақ халқына тән дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді.

Магистрлік диссертацияның теориялық-практикалық маңызы: Магистрлік диссертацияның негізгі тұжырымдарын, зерттеу барысында алынған нәтижелер көркем әдебиет стилистикасы және когнитивтік лингвистика теориясын толықтыруға өзіндік үлес қосады.

Жұмыстың құрылымы: Магистрлік диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлімге байланысты тұжырымдамалар мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҚАДҒИДАЛАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелу тарихынан

Зерттеу нысанасы тіл мен мәдениет болып табылатын салалардың қатарына «лингвоөлкетану», «лингвоелтаным», «лингвомәдениеттану», «этнолингвистика» жататыны мәлім.

Аталмыш пәндердің «тіл мен мәдениеттің» өзара байланысын зерттеудегі әдіс-тәсілдері, кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Қазақ тіл білімінде профессорлар Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Ж. Манкеева және Н. Уәлиев т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінің негізінде этнолингвистикалық зерттеулер ерекше қарқын алды.

Лингвомәдениеттану, лингвоелтану, лингвоөлкетану ұғымдары мен олардың қатынастарына талдау жасаған М. А. Карпенконың ойынша лингвоелтанудың негізін салушылар мен осы ғылыми салада зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың көбі лингвоөлкетаным шеңберінен шығып, өзіне тән жалпы мәдени және ұлттық-мәдени, жалпы тілдік, ұлттық-тілдік өлшеулері бар лингвомәдениеттану шеңберіне кіріп кетіп отырды [1, 90] .

Жоғарыда аталып өтілген пәндердің теориялық қағидалары мен зерттеу тәсілдері арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар жөнінде соңғы кезде жиі айтылып жүр. Г. Д. Томахин [2, 127], В. В. Дубичинский [3, 61], В. В. Воробьев[4, 192], В. А. Маслова [5, 5-12], А. Қ. Сейілхан [6, 19] т. б. зерттеушілердің еңбектерінде бұл мәселе арнайы сөз болды.

Этнолингвистиканың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі ортақ мақсаттары мен міндеттеріне - ұлт тілі мен мәдениетін оның ақыл-ойына байланыстыра отырып зерттеу жатады.

Е. Жанпейісов М. О. Әуезовтің 20 томдық шығармаларының толық жинағы негізінде қазақ тілінің этномәдениеттік лексикасына тарихи-семантикалық және этимологиялық талдау жасаған. Сонымен қатар қазақ тілінің этномәдени лексикасының негізгі семантикалық топтарын көрсетіп, оларды фонемалық, морфемалық, лексикалық деңгейде жан-жақты ғылыми тұрғыда қарастырған [7] . Р. Иманалиева өз еңбегінде қазақ тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің (этнолингвистикалық) кеңістікте орналасуын мифологиялық, этнопсихологиялық тұрғыдан түсіндірсе [8], А. Құмарова өз зерттеулерінде қазіргі дәуірдегі қазақ тілінің өмір сүруінің әлеуметтік-лингвистикалық мәселелеріне және оның тілдік ортасының қалыптасып, күшейіп, дамуына шолу жасаған [9] .

Ал Ә. Айқұлова зерттеу жұмысына қазақ әдеби прозасындағы символдар мен этнотұрмыстық белгілердің орыс тіліне аударылуын арқау етеді [10] .

Э. Мұқышева неміс жөне қазақ тілдері фразеологизмдерінің семантикасы мен құрылысында кездесетін ұлттық мәдени компоненттерді тауып, олардың арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарды салыстырған [11] .

Сондай-ақ, М. Жақсыбаеваның еңбегіңде орыс және қазақ тілдеріндегі этнографиялық, фразеологиялық тіркестердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары, олардың мағыналарындағы этнографиялық компоненттердің сақталу деңгейіне байланысты анықталған [12] .

Қазақ эпосындағы лексиканы қарастырған А. Мұқатаеваның [13], қазақ тіліндегі алғыс пен қарғысты білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін зерттеген С. Төлекованың еңбектерін этнолингвистикалық ыңғайда талданған зерттеулер деп білеміз [14] .

Ж. Манкеева өз зерттеуінде қазақ ұлтының рухани өрісімен сабақтас қалыптасқан, материалдық өндірістік деңгейін белгілейтін, кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып беріліп келе жатқан заттық мәдениетке катысты сөз қазынасын ұлттық болмысқа, мазмұнға қатысты анықтауды мақсат еткен [15] .

Ал Қ. Ғабитханұлы діни наным-сенімдерге байланысты тұрақты тіркестерді этнолингвистикалық тұрғыда қарастыра отырып, олардың жасалу модельдерін, қалыптасуын және мағына, тұлға жағынан дамуын көрсетсе [16], К. Смағұлованың еңбегі қазақ тіліндегі фразеологиялық материалдарды (олардың қатарында этномәдени мазмұндағы фразеологизмдер де бар) талдау арқылы, фразеологизмдік бірліктердің мағыналас түрлерін белгілі бір ұғымдар бойынша жинақтау және тақырыптық семантикалық топтарға бөлу, мағыналас фразеологизмдердің пайда болу себептерін ашуға арналған [17] .

Қазақ ақын, жазушыларының шығармалары бойынша қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасына талдау жасаған С. Жанпейісованың мақсаты - рухани мәдениет лексикасының негізгі тақырыптық топтарын және олардың қалыптасу көздерін анықтау, лексиканың бұл аталмыш қабатын, этнолингвистикалық аспектілерін халқымыздың этномәдени өміріне қатысы тұрғысынан алып қарастыру, рухани мәдениетпен байланысты түрлі тілдік номинациялардың жасалу тәсілдері мен даму жолдарын айқындап көрсету болып табылады [18] .

А. Сейілханның «Қыз Жібек» жөне «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырлары бойынша жазылған зерттеуіңде тіл тарихы мен тіл табиғатының мәдениетпен тығыз байланыстылығы, сабақтастығы қарастырылған [6] .

«Тіл мен мәдениет» мөселесіне арналған зерттеу жұмыстарына жасалған шолу тілдің экстралингвистикалық қасиеті сөз болғанда ол тек мәдениетпен ғана байланыстырыла қарастырылғанын көрсетеді.

Біздің ойымызша, бұл мәселенің тіл, мәдениет пен өркениет сабақтастығы, олардың өзара байланысы тұрғысынан қарастырылғаны дүрыс. Осы жағдайда ғана дүниенің тілдік бейнесі неғұрлым толыға түседі деп ойлаймыз.

«Тіл мен мәдениет» мәселесі қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов, Р. Сыздық, О. Нақысбеков, Ш. Сарыбаев, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Қ. Рысбергенова т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Зерттеушілердің « . . . Мәдениет пен өркениеттің жұмбақтарын зерттеу - лингвомәдениеттанудың ең маңызды мақсаттарының бірі . . . » [19, 54 ] деген пайымдауының мәні ерекше.

Лингвомәдени бірліктерді ұлт менталитетін айқындайтын, ұлт дүниесінің тілдік бейнесін жасаушы тілдік тәсілдер ретінде қарастыра отырып, Ғ. Мүсіреповтің «Үлпан» повесіндегі дүниенің тілдік бейнесін айғақтаушы лингвомәдени бірліктерді тіл, мәдениет пен өркениет уәждерінің өзара байланысы тұрғысында сипаттауға талпыныс жасадық.

В. В. Воробьевтың пікірі бойынша, «дүниенің тілдік бейнесін жүйелі түрде суреттеуге» лингвомәдениеттану пәнінің қосатын үлесі мол. Оның ойынша, «лингвомәдениеттану - мәдени құндылықтардың белгілі бір тәртіппен таңдалған және ұйымдасқан жиынтығын, сөйлеуді тудыру мен қабылдаудың коммуникативтік үрдістерін, ұлттық ақыл-ой мен тілдік дербестік тәжірибесін зерттеп, дүниенің тілдік бейнесін жүйелі түрде суреттейтін жаңа филологиялық пән» [19, 54] .

М. Мағауин шығармалары дүниесінің тілдік бейнесін беруде тілдік тәсілдерді қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Өнер, оның ішінде көркем әдебиет сыртқы дүние бейнесін емес, субъективтік дүниелердің бейнесін қолданылған әдеби тәсілдер арқылы ажыратылатын автордың ішкі рухани бейнесін жасайды.

Лингвомәдени бірліктер арқылы жазушы ұлттық мінез, бейне сомдайды, ұлттық нақыштың бояуын әрлендіреді, сол арқылы ұлт дүниесінің тілдік бейнесін жасайды. Сондықтан да көркем шығарма зерттеудің нысанасы бола алады.

Лингвомәдениеттану - тілде бейнеленетін, тіл аркьілы көрінетін мәдени құндылықтардың қолданылатын жүйесін зерттейді.

Лингвомәдени бірліктердің маңыздылығы оның тілдік және тілден тыс шындыкты бейнелеуінде. Олар ұлт тіліндегі ақиқат шындықтың әрқалай бейнеленуінің себебін түсіндіреді. Ал оның негізгі себебі белгілі бір заттың не құбылыстың бір ұлттан гөрі екінші ұлтқа көбірек не өзгеше әсер ететіндігінен болуы мүмкін.

1. 2 Тіл, мәдениет, өркениет арасындағы өзара байланыстар

Тіл өзін тұтынушы халықтың тұрмыс-салтымен етене байланысты. Ол тек қана сол елдің тарихына, мәдениетіне ғана емес, өркениетті көрсететін талғамдар жинағына, өмір сүру өрісіне, қоғамдық өмірдің сан-саласында қол жеткен жетістіктеріне де байланысты. Сондықтан тіл тек ақыл-ойдың хабаршы қызметін атқарып қоймайды, ол тарихи, мәдени, өркениеттік құндылықтарды насихаттаушы.

Белгілі бір тілге өзіндік тәжірибелер жиынтығын меңгерген ерекше ұжым сәйкес келетіні белгілі. Осылайша, тіл адамдардың өзара пікір алысу құралы болады. Себебі, ол оны білетін барлық халықтың өзара тілдесе алатын арнаулы жүйесі болып табылады. Әр тілде сөйлейтін халықтың өзіне тән тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі т. б. бар. Белгілі бір ұжымды (халықты) көру және оны сезіну тәсілдері тілге өз әсерін тигізеді. Керісінше, тіл сөйлесуші адамдар арасында «делдалдық» қызмет атқарып, дүниені тануға көмектеседі.

Дегенмен, бұл тіл, мәдениет, өркениет арасында тура және нық, таза сәйкестілік бар деген сөз емес. Себебі мәдениет пен өркениет, тілдік факторлар қоғамдық деңгейден қарағанда біркелкі емес. Сонымен қатар, тіл өзіне тиісті заңдылықтарға сүйене отырып, пайда болып дамитын формалар жүйесі.

Ал, белгілі бір тілдің сөздік қорына келетін болсақ, оның мәдениет, тарих және өркениет арқылы түсіндірілетінін атап өтуге болады. Сондықтан, сөздер заттарды емес, адамдардың сол заттар жайлы ойын, түсінігін білдіреді.

Мәдениет жарыққа шығу үшін ұлт тілін пайдаланады. Соның әсерінен сөздер мен басқа бірліктер тілде қосымша ұлттық-мәдени семантикаға ие болады» [20, 123] .

Академик І. Кеңесбаев айтқандай, «тіл - қоғамдық кұбылыс. Демек, ол - тарихи дүние. Көне де, жаңа да мұраларды тексеруде лингвист пен әдебиетшінің, тарихшы мен этнографтың бірлесе ізденер шаруасы аз емес» [21, 11] .

Кез келген халықтың тарихы мен рухани дәстүрін білмей ешқашан да ұрпақ, уақыт, мәдениет сабақтастығын жүзеге асыру мүмкін болмайды. Сондықтан да болар уақыт өткен сайын тіл мәселесі тек тіл мамандарын емес, сонымен бірге тарихшыларды, философтарды, психологтарды, қысқасы адамзат қоғамына байланысты барлық мамандық иелерін толғандыруда. Олай болса, лингвистердің тілдік болмысқа түрлі көзқарас деңгейінде талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізуі табиғи құбылыс.

Тіл мен мәдениет, өркениет арасындағы өзара қарым-қатынастың негізі белгілер жүйесі тілдің мәнін негізге алған. Ол болмысты рухани жағынан игеруде маңызды рөл атқарады.

Мұнан шығатын қорытынды тіл, өркениет пен мәдениетті зерттеу жеке-дара емес, олардың өзара байланысын айқындауға құрылуы тиіс. Күрделі де көп аспектілі болып табылатын тіл сондықтан да түрлі көзқарас деңгейінің зерттеу нысанасына айнала алады.

Тілдің ұлттық мәдени ерекшелігі сөз мағынасының өн бойында көрініс тапқан. Ол мағынаның денотативтік, коннотативтік, эмпирикалық компоненттерін бойлай орналасады. Ол тіпті сөздің стилистикалық, грамматикалық, тіркес тудырушы және басқа ерекшеліктерінде байқалады [22, 66-67] .

Тілдердің арасындағы айырмашылық сол тілде сөйлеуші ұжымдардың мәдениетінің, өркениетінің әр түрлі екендігін білдіреді. Белгілі бір тілде сөйлеуші ұжым мүшесі үшін тіл тек қатынас құралы емес, оның сол ұжымға жататындығының басты белгісі де. Тіл белгілі бір мәдениеттің, яғни қандай да болмасын, белгілі бір құндылықтар жүйесі мен өмір сүру үрдісі және басқа да қоғамның түрлі салаларында қол жеткен табыстарды бейнелеу үшін де қолданылады.

Өзге тілде сөйлеушімен пікір алысу кезінде оның ұлттық мәдениетінің, психологиясының, менталитетінің де өзгеше екенін есте ұстау кажет. Осы көзқарас бойынша А. Е. Макаренко өз ойын былай білдіреді: «Бұл жағдай түрлі ұлттық тілде сөйлеу этикетінің айырмашылықтары және сол халықтың тілдік ерекшеліктерімен қатар, тарихи қалыптасқан мінез-құлық нормасына, ойлау тәсіліне немесе психикасына байланысты түсіндіріледі. Демек, ұлттық тіл ерекшеліктеріне қалыптасқан ұлттық психика ерекшеліктері де өз әсерін тигізеді» [23, 12-20] .

Мәдениет пен өркениет дамуының кез келген кезеңінде оған қызмет етуші тіл оларды толық бейнелей алады. Жалпы алғанда тілдегі өзгеріс қоғам мен ұлттық-мәдени және тілдік қоғамдастық мүшелері ұжымының өзгерісі болып табылады.

Мәдениет пен өркениет ұғымдарының білдіретін мағынасы көбіне келіспеушілік пен түсінбеушілік туғызатындықтан, осы екі терминге берілген анықтамаларға тоқталып өтейік.

«Мәдениет» пен «өркениет» ғасырлар бойы қатар дамып келе жатқан егіз ұғым. Бірақ оларға анықтама беруге келгенде қиыншылықтар кездесіп қалады.

Соңғы екі ғасыр төңірегінде олардың беретін мағынасы мен өзара байланыстары байи түсті. Социология, этнология, қоғамдық психология тәрізді ғылымдардың дамуы бұл ұғымдарға басқа да толығырақ мағына үстеді.

1970 жылдың маусым айында Чилидің Сантьяго қаласында өткен симпозиумда «өркениет» сөзінің екі мағынасы айқындалды:

- біріншісі немесе ежелгісі, өркениеттендіру құбылысына жатады. Яғни, белгілі бір қоғамның алғашқы қалыптан анағұрлым дамыған қалыпқа өтуі;

- екіншісі, жаңа мағына, белгілі бір қоғамға тән ерекшеліктер жиынтығының сол қоғамның белгілі бір территориясы арқылы сипатталуы. Бұл жерде нәтиже немесе мемлекет туралы сөз болып тұр
[24, 90] .

Чили симпозиумының қорытындысы бойынша мәдениет, өркениет терминдері өзара бір-бірін алмастыра бастады.

Француз ғалымы А. Бенетонның айтуы бойынша, «Олардың қолдану аясы қиылысады, бірақ оларды шатастыруға мүлде болмайды» [25, 20] .

Этнолог ғалымдардың көпшілігі симпозиум берген анықтамамен келіседі. Мысалы, неміс ғалымы М. Коганның нақтылауынша, өркениет жабайы қалып және мәдениет пен экономиканың белгілі бір деңгейіне қол жеткізгендегі қалып арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Басқаша айтканда, өркениет белгілі бір аумақ мен уакытша байланысты нақты бір топ өміріне тән динамикада пайда болады[26, 43] .

Бірақ, өркениет пен мәдениет ұғымдарын бір-бірімен баспа-бас алмастыруға келмейді. Өйткені мәдениет дегеніміз, адамзат қоғамындағы өмір сүру формаларының жиынтығы. Ал, өркениет деген сөз кейбір түсінбеушілік туғызуы мүмкін. Өйткені, ол жалпы жабайы халықгардың өмір сүру формаларындағы тұрмыс деген ұғымды білдірмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Ғаламның тілдік бейнесі динамикалы негізді және ғалам бейнесіне тілдік араласудың нәтижесі
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту
Концептуалды талдау жұмысы
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz