Бала Ахметтен Қожа Ахмет Яссауиға дейін


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Яссауи дүниетанымындағы адам проблемасы
  2. Яссауидің имандылық ғибраты
  3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі әлемде жалғыз
  4. Бала Ахметтен Қожа Ахмет Яссауиға дейін

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қожа Ахмет Яссауи

Елбасы және Түркістан

Қасиетті Түркістан жеріне келген сайын ерекше тебіренемін. Мұнда исі қазақтың, елдігі мен ертеңін ойлап, тебінгісінен тер төгіп жүріп өмip кешкен хан да, би де, батыр мен бағлан да мәңгіге тыныстап жатыр. Олардың өшпес рухы, халық үшін атқарған қайрат-жігерге толы қызметінің қасиеті әpбipiмiздi жебеп-желегей дегім келеді.

Н. Ә. Назарбаев.

Kиeлi Түркістан қаласындағы Әулие бабамыз Қожа Ахмет Ясауи кесенесі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының айрықша құрмет eтіп тәбәрік тұтар мекені Ұлы ұстаздың рухани ілімі бағзы заманнан бepi шынайы еркіндікке, тәуелсіздікке жеткізетін жол ретінде танылған. Қазақтың хан-сұлтандары ел басқару iciндe Ясауи қағидаларын негізге алған. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Түркістан мен оның ұлы ғимаратын бүгінгі ұрпақ қазақ мемлекеттілігі тағдырымен тығыз бipліктe қарастырады. Ұлттық бостандығымыз бен ipгелi елдігіміздің ақ ордасы, асыл кез деп ардак тұтады» деп киелі мекеннің дәрежесін одан әpi айқындай түсті. Осы алтын сабақтастықтың бүгінгі күнге дейін тіні үзілмей жеткендігін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен тарихымызға, рухани мұрамызға деген iзгi ниетімен, ілтипатымен байланыстыруға болады. Әр кез бабалар дәстүріне айнымас адалдықтың үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасымыз Әзірет Сұлтан кесенесінің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуіне тікелей мұрындық болды.

Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымындағы адам проблемасы

Тұтас бip мың жыл бойы даналық хикметтен ұлттық дүниетанымымыздың берік өзегі болған ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи - 70 жыл бойы "Дін - адамның басын айналдыратын апиын" деген қағиданы бала кезден жаттап өскен бүгінгі ғалым-зерттеушілер бұл көзқарасымызбен Яссауи даналығының сырын тани алмаймыз. Қаншама жыл бойы идеологаялық, үгіт-насихатының шырмауына түссе де қарапайым халық "Әзірет Сұлтан" деп пip тұтқан, қабірінің басына барып тәу еткеннің өзін "кіші қажылық парызымды орындадым" деп көңіл марқаятын ұлы тұлғаны біздің ғалымдарымыз әлі күнге дейін "мұсылман местицизмінің", "миссионерлік сопылық әдебиеттің" ipi өкілі деп марапаттаған болып жүр. Мұндай материалистік ұшқырлық пен европоцентристік түсінік табынан арылмаған қасаң рационалдық әдіс арқылы Яссауи даналығының сырын білмек тұрмақ маңына да жолай алмаймыз.

Тарихнама ғылымында, оның ішінде Отандық ғалымдардың еңбектерінде бip солақайлық бар: тарихтағы қай тұлғаның мұрасын зерттемесін, ең алдымен, тегін қазбалап, сонан соң оның рухани әлемін әлгі тегіне қатыстыра талдауға ұмтылады. Әрине, тектанудың маңыздылығына жалпы адам баласының бойындағы талант пен қабілеттің қан арқылы атадан көшкен қасиет негізінде бүршік жарып, дамитынына шүбә келтірмеймін. Алайда кез-келген тұлғаның қалыптасуы оның бойындағы ана сүтімен дарыған таланты мен қабілетінің ғана жемici емес, бұл өскен ортасының, туған жұртының, бала кезден бойына сіңген дәстүрлі ұлттық мәдениеті мен алған тәлім-тәрбиесі және білімінің нәтижесінде бірте-бірте сомдалатын құбылыс. Осы Тұрғыдан келгенде, Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың шежіресін таратып, "әкeci Ибраһим қажы еді, өзі Әзірет Әлінің 14 ұрпағы" болып келеді деп қазбалаудың қаншалықты мәні бар деген ойға батасың. Бәлкім солай болса, солай шығар. Бipaқ, бұл дерек Қожа Ахмет Яссауидің Түркі жұртының өкілі екендігіне ешқандай күмән келтірмеуге тиіс. Ceбeбi, оның танымы мен көзқарасы Түркі жұртының дәстүрлі дүниетанымы аясында қалыптасып, ғұмыр бойы туған халқы мен ата мекеніне деген жүрек жарды сезімін даналық жырына қосып өткен.

Қожа Ахмет өз жырларын Түркі халқының ежелгі жазба тілі - көне шағатай тілінде жазған. Бұған қоса, оның даналық дастандарының тіліндегі бүкіл ұғым-түсінігі Түркі ұғымы, Түркі Түсінігі. Тіпті, сопылық әдебиетке етене тән ишараттардың өзi Түркі дүниетанымында қолданылады. Мысалға,

"Білгейсің бұ дүние барша елден өтер,

Малта да сенбе, бip күш қолдан кетер.

Ата-ана, қарындас қайда кетті ойлап көр,

Төрт аяқты-шабан ат бip күн саған жетер"

/10 хикмет/

Демек, Қожа Ахмет Яссауи - Түркі жұртының перзенті, дәстүрлі Түркі мәдениетін тудырған тарихи тұлға. Бұл - екі.

Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымын уақыт және кеңістік бойынша да, географиялық, аймақ бойынша да ешкімге қатысы жоқ дара нәрсе сияқтандырып, бөліп алып, оқшау қарастыруға болмайды. Ceбeбi, ол - Түркі мәдениеті тудырған тарихи тұлға ғана емес, өзінен бұрынғы ғұламалар ойларынан тәлім алған, өзінен кейінгі толқын-толқын даналар дүниетанымының қалыптасуына әсер еткен, Түркі өркениетінің біртұтас, үздіксіз даму процесіндегі ықпалды күш иeci. Сондықтан, алпыс үш жасында, өзі айтқандай "өлмес бұрын жан бермектің дертін тартып", өз еркімен жер астына түскен Яссауи әрекетінің мәнін түсіну үшін алдымен, өлімнен қашып, мәңгілік өмip іздеген. Қорқыт Ата күйімен ажалдың өзін жеңген тағы бip Түркі ойшылы -Қорқыт Ата ізденісінің байыбына ой жіберіп алу қажет.

Салыстырып қарасақ, араларын үш жүз жылдай уақыт болып жатқан Түркі даласының қос ойшылының іс-әрекеттері мен дүниетанымында ұқсастықтар өте көп. Қорқыт та, Яссауи да адам өмірінің бұ дүниедегі мәнін, әлемнің ақиқатын іздеп, ел кезіп дәруіш болған. Іздеген ақиқатын таба алмаған Қорқыт баба туған жері, жер - Сырдария жағасына қайта оралып, өзен үстіне желмаясының жабуын төсеп, соның үстінде жүз жыл бойы қара қобызымен "Өмip жырын" күңірентіп ажалды маңына жолатпайды. Ал Яссауи болса, кезбеліктен жалығып туған жері Түркістанға қайта оралып, алпыс үш жасқа толғанда өз еркімен жер астына түседі. Сол қылуетте тағы да алпыс үш жыл бойы жаратушыға жалбарына жыр жазып, Хақпен Жаны бірігіп дидарласуды, сөйтіп дүниенің ақиқатына қанығуды, өз замандастары мен жаратушы арасын жалғастырушы көпір болуды армандайды. Дәстүрлі Түркілік таным сипаты түсініп алмаған, оның ішінде Қорқыт ойының мәйегіне қанықпаған жан Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымының сырын да ұға алмайды. Басқаша айтқанда, Яссауи хикметтерінің сырын ашуға жәрдемдесетін кілт тым тереңде - ежелгі түркілік әфсаналар мен Қорқыт Ата аңыздарында жатыр.

Ал қазіргі яссауитанушынар он екінші ғасырдан бастап Түркі жұртының дүниетанымында өшпес iз қалдырған ұлы әулие ойларын тым оқшауландырып талдайтыны сондай, тіптi, оның алдындағы Әбу Насыр Әл-Фараби мен Әбу Әли ибн Сина көзқарастарымен Қожа Ахметтің арасында ешқандай байланыс жоқ тәрізді әсерде қаласың. Оны айтасың, бiз әлі күнге дейін Яссауи ойларының өз замандастары Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари пікірлерімен қалай астасып жатқанын зерделеуге талпыныс жасап көрген де жоқпыз. Ал Яссауи хикметтерінің Асан Қайғыдан бастап Абайға дейінгі қазақ ақындарының дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі - мүлде зерттелмей жатқан тың такырып.

Әрине, "сопылық" деген сөзден әзірейіл көргендей шошитын бұрынғы идеологиялық құрсау тұсында бұл тақырыптарды ауызға алуға қорқып келгеніміз рас. Бipaқ ол құрсаудың қақырағанына да тоғыз жылдың жүзі болды емес пе?і Енді әл-Фарабидің де, ибн Синаның да, Жүсіп Баласағұнның да, Махмұт Қашқаридың да сопылық ағымның белсенді өкілдері болғанын несіне жасырамыз.

Қожа Ахмет Яссауидің имандылық ғибраты

Әулиелердің ұлығы және мәшайықтардың көсемі Қазірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи Хақиқат жолында адам рухының кәмәлеттігінің үлгісін көрсеткен, артындағы жамағатка ақиқат тереңінен сүзген дүр уа гayhap сөздерін өлмес мұра қылып қалдырған. Әзірет Сұлтанның бұл мұрасы ғасырлар бойы халықтың рухына азық,, иманына қазық болған, имандылық ғибраты мол рухани қазынасы. Әмсе өзінің асыл қасиетін жоймайтын бұл хақиқи хикметтердің тереңіне бойлаған әpбip шәкірт қисансыз кеніштен бip түйір иеленері, рухына азық тауып, көңілі хош болары, рухани кемелдіктің шыңына жеткен осынау адамның алдында өзінің мәңгілік шәкірт сезінері анық.

Аллаға деген саф махаббатымен, шексіз ықылас пейілмен Алла рахымына бөленіп "Кутуб ул әктаб" деген атаққа лайық болып, әулиеліктің ең жоғары рухани дәрежесін иеленген әулиелердің сұлтаны нұрлы иманға шомған саф журепнен шыкқан сырымен бөліседі. Хаққа деген ғашықтықпен қансыраған жүрегінен шыққан, нала болып зар жылаған ғұламаның жан шабақтар азасы, хақ ұлылығына тәнті болып өз кішіктігін түйсінген ғашықтығы ешкімді бейтарап қалдырмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Ясауидің ұстаздары
Ақсақ Темір
Арыстан баб кесенесі
Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары туралы жалпы түсінік
Арыстан баб
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері
Ұлы отан тарихы
Түркістан қаласының шығу тарихы
Әулиелі Түркістан өңірі:Тәуелсіздік жылдарында жаңартылған әулие кесенелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz