Киіз бұйымдарының түрлері
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Спорт және өнер факультеті
Дизайн және бейнелеу өнері кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Ақ киізден киім жасау технологиясы
Орындаған: ӨДЗ-815 тобы студенті
Бекмуратова А.
Жетекші: п.ғ.к., аға оқытушы
Жолдасова Б.Б.
Түркістан 2011
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім.
0.1 Киіз бұйымдарының түрлері
1.2 Жүнді бояу тәсілдері
1.3 Инелер технологиясы
1.4 Ақ киізден жасалған киімдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Еуразия далаларындағы киіз өндірісінің бастау алуын ғылым қола дәуірінің соңына дөп келеді деп белгілейді, бұл кезде көшпенділік салтпен мал өсіру өндіргіш шаруашылықтың басым түріне айналған болатын. Біздің дәуірге дейінгі VII-V ғасырларда, сақ кезеңінде көшпенділік тұрмыста қолданылатын жабдықтардың типтік көрінісі қалыптасты. Олар киізбен жабылған, жорыққа ыңғайлы итарқалар, жиналмалы шатырлар мен күркелер, киізді, тері мен ағашты пайдалана отырып жасалған қару-жарақ пен ат әбзелдері, салт аттыға тән киім-кешек және тасымалға қолайлы жеңіл бұйымдар болатын. Бұлар жайында мәліметті археологиялық материалдар мен жазба дерек көздер, атап айтқанда, Страбон, Гиппократ, Геродот деректері арқылы пайымдауға болады. Көрші Таулы Алтайдағы Пазырық обасында, Жетісудың Бесшатыр обаларында, Шығыс Қазақстанның Берел обаларында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде қызықты киіз бұйымдар табылды. Сол археологиялық материалдарды негізге ала отырып, ежелгі көшпенділердің киіз өндірісі туралы жалпылама қорытынды жасауға болады. Ең алдымен, киіз бұйымдардың әртүрлілігін және өте мол екендігін айту керек, олар: баскиімдер, шекпендер, ұзын шұлықтар, тұрғынжайдың киіз жабулары, еденге төсейтін және қабырғаға ілетін кілемдер, ер-тоқым жабулары және т. с. с. Аталған көне бұйымдарда көзге түсетін ерекшелік сол, бір бұйымда бірнеше материал (былғары, тері, киіз, мата, ат қылы, қола және алтын жалату - плакировка) және түрлі технологиялық тәсілдер (мозаика, аппликация, тігіс салу, кесте) араласып жатады. Бұлардағы мүйіз тәрізді ішіне қарай қайырылған, жиегіне иректеп тігілген әдіптер, өсімдік сабақтары, гүлдер мен пальметталар, қой, теке, марал, бұғы, қаз, аққу, бірқазан, құр, барақ ит, қораз, жылқы, қасқыр, арыстан, жолбарыс және, мысық тұқымды басқа да жыртқыштарды, сирегірек - балықтарды да бейнелейтін ою-өрнектік мотивтер назар аударады. Біріне-бірі шабуыл жасап жатқан кейіптегі жануарлардың, аңдар мен құстардың толық бейнелері немесе жекелеген бөліктері салынған. Бұл орайдағы типтік тәсілдер мыналар: жануарлардың дене кұылысы бөліктерін, олардың бұлшық еттерін нүкте, үтір, жарты таға, үшбұрыш пішіндес элементтер арқылы көрсету. Технологиялық құралдар мен бұйымдар көрнекілігінің сәндік шешімдеріне қарай отырып, біз киіз басу сәндік-қолданбалы өнердің өзіндік сипаты бар түріне айналды. Киіз өндірісі одан кейінгі мытындыға келе аламыз: нақ осы Еуразия далаларында, ежелгі көшпенділер дәуірінде тарихи кезеңдерде де өркендеп дамыды, ол үйсіндер мен ғұндардың мәдениетінде орын алған. Еуразияның далалық кеңістіктерінде өмір сүрген сансыз тайпалар киіз өндірісін көркемдік тұрғыда дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Біздің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығынан бастап, дала мәдениетінің қалыптасуында түркі тайпалары шешуші рөл атқарды, бұл жайт түркі көшпенділік мәдениетінің өзіндік мәдени құндылығы жайында айтуға мүмкіндік береді. Зерттеушілер ежелгі және қазіргі заманғы киіз бұйымдар арасында оларды жасау техникасы мен ою-өрнектерінен байқалатын туыстық сипаттардың бар екендігін атап айтады. Қазақтардың мәдениеті дала төсінде үш мың жылға жуық уақыт бойы дамып, өркендеген көшпенділік дәстүрлердің тікелей мұрагері болып табылады. Кавказ, Еділ бойы, Оңтүстік Сібір, Орта Азия халықтарының киіз бұйымдарын зерттеумен шұғылданған зерттеушілердің бірқатары қыпшақ, қазақ дәстүрлерінің ықпалы басым болғандығын бірауыздан атап айтуда. Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласындағы көшпенділік тұрмыс салты мен шұғыл континенттік климат жағдайында жүнді көркем түрде өңдеудің ең жоғарғы деңгейі қалыптасқан.
Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу дәуірін бастан кешуде. Бұл икемделгіш және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Қазіргі шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады. Ол жиһаз бен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтардың сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын сәнді жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан, ыстық кастрөлдердің астына қоятын төсеніштерден және оларды ұстайтын тұтқыштардан, ыстық жұмыртқаларға арналған қорапшалардан және жылытқыштардың қаптамаларынан, шамдардың абажурларынан және перделердің безендірмелерінен, сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Бұл тамаша материалды модельерлер де өз назарынан тыс қалдырмаған. Олар қазіргі заманғы әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды - жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасап жүр.
Киіздің жылу ұстау, суықтан қорғау және ылғал сіңіру құпиялары қой жүні талшықтарының құрамына байланысты. Құрамында адам денсаулығына шипалы ланолин бар қой жүнімен теңесер зат кем де кем. Киіз өндірісі экологиялық жағынан да зиянды емес.
Біздің бұйымдарымыз сіздерге денсаулық пен жайлылық сыйлайды деп үміттенеміз!
1.1 Киіз бұйымдарының түрлері
Қазақтардың дәстүрлі тұрмысында киіз бұйымдарын жасау саны жағынан жетекші орын алатын. Берекелі, салмағы жеңіл, фактурасы жұмсақ және жағымды, ауа өткізетін және жылу ұстайтын қасиеттері бар материал болып табылатын киізді түрлі бұйым жасауда басқа ештеңе алмастыра алмайтын. Киізбен киіз үй сүйегін сыртынан айналдыра жабатын киізден бастап оның ішін сәндеп безендіретін бау-басқұрлар, қолданылатын тұрмыстық бұйымдарға дейін киізден жасалған.
Ішкі жағынан киіз үйдің қабырғасына - керегелерге - тұскиіз, қомша дейтін әсем кілемдер ілініп, сәндеп безендірілетін. Жер еденге алдымен тоқылған ши, содан кейін жай ғана немесе ескі киіз салынады, сосын оның үстіне сәнді кілем - текемет, сырмақ және аяқ басып жүретін төсеніш төселеді. Бұдан басқа, қонақ келгенде, әр мейман үшін сәнді безендірілген жеке кілемшелер - дөңгелек төсеніш, маяуза төсеп, сондай-ақ жастық ұсынатын болған. Кейбір киіз үйлерде керегеге тұмар ілген. Киізді символдық мәні бар ою-өрнектермен безендіре отырып, қазақтар сондай-ақ намаз оқитын кілемше - жайнамаз да жасаған.
Үй ішіндегі жиһазға, заттарға, сандыққа, кереуетке көлемі шағын (150x70 см) кілемшелер - қомша, қалауыш, жапқыш жайған. Бұлардан басқа, жиһаздар үшін әртүрлі қаптар; сандыққа арнап сандыққап,шабаданға арнап шабаданқап жасаған. Ұсақ-түйектер үшін тең деп аталатын киізден жасалған үлкен қаптарды пайдаланған. Киіз үйдің ішкі жабдықтарын сәнді сөмке-дорбалармен толықтырған, олар әдетте ішкі жағынан мықты матамен ас-тарланатын. Мұндай бұйымдар түрлі заттарды сақтауға қолданылатын, мәселен, төсек-орын жабдықтарына - төсекқап, ыдыс-аяққа - аяққап, айна, тарақ және сабын салуға - әйнекқап арналатын. Қазақтар асүй жабдықтары үшін неше түрлі қаптар қолданды: кеселер үшін - кесеқап, құмандар үшін - құманқап, шәйнектер үшін - шәйнекқап, ас тағамдары үшін - табаққап, пышақтар үшін - пышаққап, қасықтар үшін - қасыққап, ожау үшін - ожауқап, кепсер үшін - кепсерққап жасайтын болған. Асүй бұйымдарына сондай-ақ шай дастарқаны - шайкиіз (50x100 см көлеміндегі жолақ түрінде) және қазан көтеруге арналған киіз қолғаптар - тұтқыш та жатады. Жылқы мен түйе іспетті үй жануарларына ат жабу және түйе жабу деп аталатын арнайы жамылғылар пайдаланылған. Ат әбзеліне сондай-ақ терлік деп аталатын, ердің астыңғы жағына бекітіліп, ердің ат арқасына үйкелуін жұмсартатын киіз ұлтарақ пайдаланылады. Ердің астыңғы жағы - тоқым - әдетте ердің ішкі жағынан, жылқы арқасына тиетін жері жұмсақ болу үшін, киізбен қапталады. Түйені жетекке алатын бұйданы тағуға ақ киізден (берік мата астарымен қоса) ноқта дайындалады, ол түрлі түсті өрнектермен сэндендіріледі. Сондай ашық жэне сәнді етіп лақтарға арналған тұмылдырық - ешкі мұрындық және ешкінің желініне кигізілетін қапшық - желінқап жасалады. Осы материалды -киізді - қазақтар жолға, жорыққа киетін ұзын жамылғы - кебенек, ерлердің баскиімі - қалпақ, байпақ деп аталатын ұзын шұлық жасағанда да пайдаланған.
Киіз басу - ұжымдық үдеріс, бұған әдетте кұрбы, туысқан және көрші әйелдер мен қыз-келіншектер шақырылған. Киіз жасау үшін қой жүнін тандап алады, негізінен күзем жүн деп аталатын күзгі қырқым өнімі алынады. Қазақ қойларының Еділбай және Қарғалы тұқымдарынан қырқылған жүн неғұрлым құнды болып табылады. Бұл қойлардың жүні киіз басқанда жүннің босандығы салдарынан тез жарамсыз күйге түсетін басқа сұрыптарынан гөрі неғұрлым тығыздығымен және беріктігі жоғары болуымен ерекшеленеді. Әдетте жүнді бірнеше мәрте өңдеуден өткізеді. Алдымен оны кір бен қоқыстан тазартады. Ол үшін жүнді мал терісінің немесе кенептің үстіне салып, жазады, сосын айналасына қыз-келіншектер отырып алады да, сабау деп аталатын, талдан жасалған таяқшалармен шикізатты ұрғылап көпсітеді. Қазіргі заманда бұл үдеріс үшін темір таяқшалар мен кереуеттің металл торын пайдаланады, өйткені оның үстінде жүнді қоқыстан тазарту жеңілірек болады. Осыдан кейін қазақ әйелдері жүнді сабынды суға 2-3 сағат бойы салып қояды, бұл жүн арасындағы қой қиы еріп, су түбіне шөгіп қалуы үшін жасалады. Келесі кезеңде жүннің кір болу дәрежесіне қарай, жүнді сабынды жылы суда 2-3 рет жуады. Қазіргі кезде шеберлер суға лаванда сабынын қосады, өйткені оның иісі күйеден қорғайды, сондай-ақ суды жұмсарту үшін мүсәтір қосады. Шикізатты жуып алған соң, таза, мүмкіндігінше жылы суға малып, шаяды. Және оны бұрамай, алақанның арасына қысып қана суын сорғытады. Соңында таза жүнді күн көзінде кұрғату үшін үйдің ағаш шарбағына іледі, ши үстіне жаяды, ал бүгінде оны кереует ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz