Қазақстан майдан арсеналы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Қазақстан майдан арсеналы

Орындаған:Серғазы Ә.C.
Тексерген: Ақантаева Ә.

Алматы 2020

Реферат жоспары:
1.Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.
2.Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.
3.Қазақстандықтардың тылдағы еңбектері.
4.Тарихнама

Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында онда стратегиялық мәні бар адам және табиғи ресурстары болды. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн адам болған, соның 1,5 миллионы қолына қару алып, майданға аттанды. Мұнан басқа 1916 жылғы патша тәжірибесіне сүйенген сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халқы және арнайы көшірілген адамдары жаппай жұмылдырылған еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімдерін жасақтап қойған болатын, оған қатыстырылған адам саны 700 мыңнан асты. Тіпті 1,5 млн тұрғынды қоспағанның өзінде, жаппай жұмылдыру шарасының пайыздық көрсеткіші жоғары болды: майдан мен қорғаныс өнеркәсібіне республикамыздың әрбір төртінші адамы аттандырылды. Қазақстанда 12 атқыштар және төрт атты әскер дивизиясы, сондай-ақ жеті атқыштар бригадасы, түрлі әскер түрінен құралған 50 шақты жекелеген полк пен батальон жасақталды. Осының ішіндегі үш атқыштар дивизиясы мен екі атты әскер бригадасы қазақ ұлттық құрамасы ретінде құрылған еді. Қазақстан құрамасының әскери жолы 1941 жылдың қаһарлы уақытында Мәскеу түбінде басталып, 1945 жылдың көктемінде Берлинде аяқталды. Рейхстагқа жеңіс туын тіккендер арасында жерлестеріміз Рахымжан Қошқарбаев пен Илья Сьянов болды. Жау тылында қоршауда қалған көптеген қазақстандықтар партизан қозғалысына белсене ат салысқан. Соғыс жылдары олардың саны 3,5 мыңға жеткен. Сол бір тарихи кезеңге 61 жыл өтті, 1945 жылдың жеңісті мамыры келіп, адамзат баласы мен туған жерімізге тап болған ең бір кескілескен қанқұйлы соғыс аяқталғанына да сонша жыл. Халқымыз Ұлы Жеңіске 1418 күн мен түн дамыл алмастан қадам басты. Майдангерлер мен партизандар, тыл еңбеккерлері мен солдаттардың аналары сұрапыл соғыс кезінде күш-жігерін аямай, мойымай, бақытты өмір үшін фашистермен шайқасып, Отанымыздың тәуелсіздігі мен ар - намысын қорғап қан кешкен соғыстың жалынды жылдары алыстаған сайын, аға ұрпақтың қаһарман ерлігі айқынырақ көріне түседі. Соғыс жылдары Қазақстан майдан арсеналына айналды. Қазақстандықтардың аянбай еңбек етуінің нәтижесінде 460 зауыт, фабрика, шахта, кеніш қысқа мерзімде іске қосылды. Мұның ішінде жаппай қоныс аударылған 220 кәсіпорын бар. Соғыс жылдарында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, әсіресе, көмір,металл өндіру және машина жасау қарқынды дамыды. Қарағандының көміршілері аянбай еңбек етті. Олар 4 жыл ішінде 34 млн тонна көмір өндіріп, бассейннің жұмыс жасап келе жатқан уақытынан бәрі есептегенде, 3 млн тоннаға артық алды. Орал-Ембі мұнай өндіру ауданының кәсіпорындарында сұйық жанармай 39 %-ға өссе, электр қуатын өндіру 2есеге жоғарылады. Майдан үшін жұмыс істеген тыл еңбеккерлері сонымен қатар стратегиялық қажетті өнім болып есептелетін түсті металл өндірудегі республикамыздың рөлін де арттыра түсті. Қорғаныс өнеркәсібі үшін қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді. Тарихи құжаттарда соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылғаны айтылады. Соғыс жылдарында жұмсалған мыстың 35 %-ы, қорғасынның 85 %-ы біздің республикада өндірілген. Оңтүстік-Қоңырат молибден, Жезді марганец, Дон хром кеніштері және Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б салынды. Осыған орай Қазақстан одақтық молибден 60 %, металдық висмуттың 65 %, сондай-ақ полиметалл кенін 79 % ға дейін беретін болды. Металл өңдеу және машина жасаудағы жалпы өнімге қосқан Қазақстан индустриясының үлесі 1940 жылы 16 % болса, 1945 жылы 35 %-ға дейін көтерілді. Украина, Дон және Кубанадағы қажетті ауылшаруашылық аудандарынан уақытша қол үзу соғыс жылдары Қазақстан үшін жауапты мәселеге айналды, себебі нан, ет, май, жүн, мақта және т.б ауылшаруашылық өнімдерін Қазақстан майданға бұрынғыдан да көбірек жөнелтуге тиіс болды. Осы жағдайға байланысты еңбек шарты мен ауылшаруашылық жұмыскерлерінің тапсырмалары күрт өзгерді. Ең қиыны кадр мәселесі болды, өйткені майданға аттанған 3 қазақстандықтың, шамамен, екеуі ауылдан алынған еді. Жаппай майданға жұмылдырылған ер адамдардың орнын ауыстырудың бірден-бір көзі әйелдер болды. Соғыстың аяқталуына қарай, көптеген колхоздарда жұмыскерлердің 70 - 80 %-ын әйелдер құрады. Республика колхоздарындағы егіс алқаптары соғыстың алғашқы екі жылында 1450 мың га ұлғайтылды. 1942 жылы колхозшылар көктемгі егін себуде айтарлықтай жетістік көрсетті: өткен жылға қарағанда 25 күн ерте аяқтады. Бұл -- мол өнім алуға және мемлекетке 1941 жылға қарағанда бірнеше млн пұт нан тапсыруларына ықпал етті. 1944 жылдың 13 наурызында ССР одағының Совнаркомы "Қазақ ССР-ндағы" ауылшаруашылық дақылдары өнімінің жоғарылату шаралары туралы" қаулы қабылдады. Осы бағытта еңбек еткен колхоздық шаруашылық, МТС пен совхоз жұмысшылары 1944 жылы айтарлықтай жетістікке қол жеткізді: 1 млн га тың жер игеріліп, жүктелген тапсырма 40 мың гектарға артық орындалды. Қазақстанның патриоттық және еңбек борыштарын өтеген ауыл еңбеккерлері 1941 - 1945 жж. майдан мен елге 5829 мың тонна нан өткізді. Қазақстан елдің оңтүстігіндегі мал өсіретін негізгі база болып саналды, ал бұл-республикадағы халық шаруашылығының маңызды саласы болатын: ел мен майданды ет-сүт өнімдерімен, өнеркәсіптерді шикізатпен жеткілікті мөлшерде қаматамасыз етіп тұрды. 1944 жылдың 12 мамырындағы одақтық Үкіметтің Қазақ ССР колхоздарындағы мал өсіруді дамыту шаралары туралы қаулысымен республикасының 69 ауданы мал өсіру шаруашылығына ауысты. Колхоздар мен совхоздар алға қойылған тапсырмаларды жетістікпен орындап шықты. Соғыс жылдарында олар Кеңес Әскеріне ондаған мың жылқы, неміс басқыншыларынан зардап шеккен аудандарға 500 мыңнан астам бас мал жіберді. Мал өсірушілер соғыс жылдарында малдың санын 3 млн басқа дейін өсірді. Майдан мен халықты 734 мың тонна ет және азық-түліктің басқа түрлерімен қамтамасыздандырды. Ұлы Отан соғысының тарихтағы даңқты парақтарын Қазақстан жастары толықтырды. Ауыл жастары жоғары саналылық пен ұйымдастырушылық және тәртіптілік танытты. 1942 жылы колхоздар мен совхоздар егістігінде 475 жастар звеносы үздіксіз өсіп отырды. Сөйтіп, 1945 жылы ауыл шаруашылығында 803 жас тракторшылар бригадасы жұмыс істеді. Еңбекте үлкен белсенділік көрсеткен ауыл мектептерінің оқушылары болды. Қазақстан еңбеккерлері майданға 2,5 млн дана жылы киім жөнелтіп, қорғаныс қорын 4700 миллионнан астам сомға қаржыландырылды. Бұл қаржыға Қазақстан колхозшысы, Қазақстан комсомолы, Қарағанды шахтері, Қазақстан әйелдері және т. с.с танк коллонналары жасалды. Жалпы алғанда, 3790 ұшақ жасауға болатын еді. Басқыншылары мен болған күресте жеткен жеңіс халықтың антифашистік қозғалысының үлкен күші мен қыруар құрбандығының арқасында келді. Ең үлкен шығынға ұшыраған СССР болды: құрбан болғандардың саны 27 миллионнан астам. Соның, шамамен 610 мыңы -- қазақстандық. Соғыс тарихынан алынған қорытынды мен сабақтар ешқашанда ұмытылмауға тиіс.

Ұлы Отан соғысының басталуы.

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды.Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады.Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді.Қазақстандық 36 -- жеке атқыштар бригадасы 30 дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 - атқыштар дивизиясы жасақталды. Командирі - генерал М.В.Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн 200 мың қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстан - майдан арсеналы.

Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер болды. (Арсенал - күш, қуат, қару - жарақ қоймасы). 1943 жылы кенші кәсібіне 18 мыңдай адам оқытылып мамандандырылды. Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы іске қосылды.

КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту заводтарын рудамен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді.1943 жылы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды. 1943 жылы шаруашылық айналымына 775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді.Жоғары өнім алудың асқан шеберлері Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Әр гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге мәлім болды. Жеңіс қорына Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.

1. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: Германия, Италия, Жапония тұтандырды. Гитлер және оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен КСРО елін құртуды мақсат етті. Фашизм Кеңес Одағын бөлшектеп Остландия (Белоруссия мен Прибалтика), Московия (Россия), (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Ветка, Қазан, Уфа, Пермь), Украина (Волга өңірі, Воронеж), Кавказ (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия жерінде Гросс Түркістан, Еділ-Орал деген қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. 1941 ж. 22 маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Адам саны мен соғыс техникасы жағынан фашистер басым болды. 1941 ж. 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясында мобилизация жарияланды. Коммунистік партия шаруашылықты соғыс жағдайына бейімдеуге, барлық күш пен құралдарды елімізді қорғауға жұмылдыруға басшылық жасап, жау тылында партизандық соғысты ұйымдастырды. Кеңес армиясы жаңа әскери құрамалар және халық жасақтарымен толыға түсті. Бірінші кезеңде соғыс Солтүстік-батыс (Ленинград), Батыс (Москва), Оңтүстік-батыс (Украина) бағытында жүрді. Басты әскери қимылдар: 194 1ж. шекарадағы шайқастар. Брест қамалы қорғанысы; Прибалтика және Белоруссияның басып алынуы; Ленинград блокадасының басталуы, Смоленск шайқасы (1941); Киев, Одесса, Севастополь қорғаныстары (1941-42). Герман әскерлерінің Украина мен Қырымды оккупациялауы, Москва шайқасы. 1942 ж. аяғы -- 1943ж. бас. Сталинград қорғанысы (түбегейлі бетбұрыс).
Мемлекеттік қорғаныс комитетінің шешіміне сәйкес, Қазақстанда бес ұлттық дивизия мен бригада жасақтау ұйғарылды. Олар: 105, 106, 96 ұлттық атты әскер дивизиялары және 100, 101 ұлттық атқыштар бригадасы. Соғыстық бастапқы 3 айының ішінде 238, 310, 314, 387, 391, 316 атқыштар дивизиялары құрылды. 1939ж. халық санағы бойынша Қазақстанның халқы 6.2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына 1.196.164 қазақстандық сапқа тұрды.

Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.ҰОС - ң даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Г. Жұматаев, Ш Шолтыров, К. Иманқұлов, Е.А. Качан болды. Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына қатысты.Олар Ж. Саин, Қ.Қайсенов, Ә. Шәріпов. Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Б. Момышұлы басқарған 1073 ұландық атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді(Б. Момышұлына 1990ж. Кеңес Одағы Батыры атағы берілді). 316 дивизиясының жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И.В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосеково разъезі түбінде 28 - гвардияшыл-панфиловшылар жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Мәскеудің қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Төлеген Тоқтаров, Рамазан Аманкелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
КСРО көп шығынға ұшырады, 27 млн. астам адам мерт болды. Шамамен олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Қадырғали Жалайыридың Жамиғат - тауарих еңбегі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Қозыбаев қызмет жылдарында
Пәндер