Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негіздері


Технология пәнін оқытуда ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығы.
Алмаханова Гулзат Ско 120-71
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 4
Анықтамалар . . . 5
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 6
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
Технология - деген ұғым грек тілінен аударғанда - іскерлік, шеберлік, білгірлік деген мағына береді;
Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі;
Интеграция -пәндердің өзара байланысын жоғарлату деңгейінде нақты түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымды бір-бірімен біріктіреді;
Математика - кеңістік формалары мен сандық қатынастар туралы ғылым;
Ою-өрнек - латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу дегенді білдіреді;
Композиция - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру;
Симметрия - ою-өрнектің екі жағының тең болуы;
Колорит - ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы;
Ритм - ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі;
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
ТОПБ - Технология оқу пәні бағдарламасы;
АҚШ - Америка Құрама Штаттары;
ЭЕМ - Электрондық есептеуіш машина
Кіріспе . . . 1
1 Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми негіздері . . . 8
1. 1 Технологиялық білім беру үрдісінің даму жолдары және қалыптасу тарихынын негіздері . . . 8
1. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психо-педагогикалық негіздерін қалыптасу . . . 19
1. 3 Оқушылардың шығармашылық қабілетке бағытталған әрекетін ұлттық бұйымдардың элементтері негізінде қалыптастырудың жолдары . . . 29
1. 4 Технологиялық білім берудегі инновациялық технологиялары . . . 37
2 Ұлттық бұйым элементтері негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы педагогикалық тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен әдістемелері . . . 46
2. 1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұлттық бұйымдардың элементтерін дамытудың теориялық және әдістемелік негіздері . . . 46
2. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұлттық бұйымдардың элементтері негізінде дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі . . . 66
Қорытынды . . . 73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 76
Қосымшалар . . . 83
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көз қарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау жолдарын қалыптастырды.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етіледі. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны санасында терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды қажет етеді. Сондай қажеттіліктің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін технология пәнінің оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы мұғалімдердің қазақ ұлттық бұйымдары бойынша толық білім сапасын және оны оқушылардың тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен қабілетін қажет етеді. Оның үстіне қазақ ұлттық бұйымдары өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктерімен оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз жағдай. Сондықтан да оқу-тәрбие процесінде ұлттық бұйымдар элементтері негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту қажет болып тур.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігі қарастырлуда .
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті болуында.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор екенін білеміз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, [1] ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, [2] Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған. [3]
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады.
Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады. Қазақстанның әлемнің білім кеңістігінен интеграциялануы «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мен «Қазақстан Республикасында 2005-2010 ж. ж білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» талаптарына сәйкес отандық білім беруді модернизациялау мен тәрбие мазмұнын жаңартуды талап етуде.
Ж. Баласұғын жеке тұлғаның қоғаммен қарым-қатынасын ескере отырып, адамдардың табиғи ерекшеліктерін, әлеуметтік-этикалық адамгершілік-психологиялық деңгейін анықтауды көздеген. М. Қашқари жеке тұлға идеялы өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын, білімге құштар өзінің бақыты үшін күресе алатын адам», деген. Оқу, білім, өнер, тәлім-тәрбие туралы демократ ағартушылар-Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев[30, 31, 32, 33, 40] қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің даму тарихы, мәні, ою-өрнек жасалу технологиясы және мағынасы туралы тарихшы-этнограф ғалымдар К. Ақышев, Х. Арғынбаев, Т. Басенов, Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев, М. Мұханов, Ә. Тәжімұратов, С. Қасиманов, Ө. Жәнібеков, М. Қани, Т. Б. еңбектерінде қарастырылған[131, 132, 133, 134, 135]
Қазақстанда инновациялық мектептердің қалыптасу және даму жолдарын Р. Р. Масырова, Т. А. Линчевская [5], ал мектептерде білім беру мазмұнын жетілдіруді И. Д. Зверева, М. П. Кашина [6] қарастырды.
Ал, Қазақстан зерттеушілері 50 - жылдары оқыту үрдісі мәселелеріне бағалы үлес қосты. Олар: Р. Г. Лемберг, Н. К. Көшекбаев, Н. Д. Хмель т. б. [12, 13, 14], болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы Б. К. Момынбаев, С. А. . Жолдасбекова, К. Өстеміров [15, 73, 136], біліктілігін көтерудің жаңашылдығы К. А. Дүйсенбаев, Ш. Т. Таубаева, ұлттық негізде жандандыруға үлес қосқан Т. Левченко, С. Жолдасбекова [40, 73, 130], Б. Ж. Жиентаева, А. Д. Райымқұлова зерттеулерінің маңыздылығы жоғары, бірақ оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін ұлттық бұйымдардың элементтері арқылы дамытуға бағытталған еңбектер жеткіліксіз.
Тұлғаның шығармашыл болуына ықпал етудің түрлі аспектілері бойынша ТМД елдерінде психология мен педагогика саласында жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесіне елеулі үлес қосқан ғалымдар бар. Олардың еңбектерінде бұл мәселенің: Педгогикалық және әдістемелік тұрғысынан бала әрекетін белсендіру мәселелері Т. И. Шамова, И. Я. Лернер, Г. И. Щукина, М. Н. Махмутова, М. А. Данилов, М. Н. Скаткин және т. б. ғаылмдар ғылыми-зерттеулерінде қарастырған [59, 64] . шығармашылықтың психологиялық табиғатын талдау бағыттарын Л. С. Выготский, Я. А. Пономарев, В. В. Давыдов, А. В. Запорожца Д. Б. Эльконин, Ю. Г. Юдин, И. Я. Лернер, А. Н. Лук, В. А. Караковский, Б. Г. Ананьев, А. И. Леонтьев, С. А. Рубинштейн, Л. В. Занков қарастырады [42, 58, ] .
Соңғы уақытта оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық қызметін арттыру мақсатындағы шаралар қолданылғанымен, оқу процесінде уақыттың басым бөлігі репродуктивті әдіске жұмсалып отыр, сондықтан оның нәтижесі мардымсыз сипат алуда.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың тиімді әдістерін іздеу және оқу үрдісінің мазмұнына ұлттық элемент енгізу біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасы болып табылады. Ол біздің зерттеу жұмысымыздың «Технология пәнін оқытуда ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту » атты тақырыбын анықтады.
Зерттеудің мақсаты - Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың педагогикалық жүйесін теориялық негіздеу, практикалық тұрғыда жасау.
Зерттеудің нысаны - мектептегі технология білім беру саласындағы педагогикалық іс-әрекет
Зерттеу пәні - жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жалпы білім беру мектептерінде «Технология» пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
- ҚР жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың еңбекке дайындық жағдайын зерделеу және оны жетілдірудің жолдарын айқындау;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың
педагогикалық жүйесі компоненттерінің мазмұнын жасау;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуда ұсынылған жүйенің тиімділігін тәжірибе арқылы зерттеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстанның 2030 - жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» білім беруді дамытудың 2010 - жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған тақырыптық жоспар мен бағдарлама оқушылардың кәсіби даярлығы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектердегі жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту және олардың шығармашылығын қалыптастыру туралы қағидалар.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, білім берудің стандарттары, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, технология пәні мұғалімдерінің жаңашылдық тәжірибелері, озат ғылыми зерттеулер, автордың өз тәжірибесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (қараша-қантар 2008-2009 ж. ж. ) - таңдаған тақырыпқа қатысты материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Жинақталған материалдар сұрыпталды.
Екінші кезеңде (ақпан-наурыз-сәуір 2009ж. ) - «Технология» пәнін оқытуда ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбының өзектілігіне негіздеме жасалды. Жоғары оқу орындарының «Кәсіби оқыту» кафедраларының және магистранттарының еңбектерімен танысып, тәжірибе алмасу, тақырыпқа байланысты мақалалар жазу. Мектеп оқушыларымен тәжірибе эксперименттің бағдарламасы даярланды.
Үшінші кезеңде (қазан-қараша-желтоқсан 2009 ж. ) - жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін бір жүйеге келтіру, бекітілген жоспарға диссертация жасау, жинақтау мен қорытындылау, әдістемелік ұсыныстар жасалынды. Алынған нәтижелердің тиімділігін, кемшілігін анықтау
Төртінші кезеңде (қаңтар-ақпан-наурыз 2010ж. ) Бекітілген аппоненттерге диссертациялық жұмысты ұсынып, көрсетілген кемшіліктермен жұмыс. Кафедрада алдын ала қорғаудан өту.
Зерттеудің базасы. Тәжірибе эксперимент жұмысы Қызылорда қаласының Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы Қабілет Бейімді білім беру лицейінде, Мұхамеджан Қалтаев атындағы 1-ші мектеп гимназияда өтті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
-жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үрдісін өнімді ететін оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың құралдары мен жолдары анықталды;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың педагогикалық жүйесі жасалынып, тәжірибеде тексерілді.
-оқушыларды еңбекке оқыту жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану ғылыми тұрғыда негізделді;
-жалпы білім беру мектептерінде технология мұғалімдері үшін оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін ұлттық элементтер негізінде дамытуға бағытталған және белдік киімдерді құрастыру және моделдеудің теориялық ұсыныстары жасалды;
-«киім композициясы» атты бұйымды ұлттық элементтерді киімге қиыстыру дағдыларын қалыптастыратын автоматтандырылған оқыту бағдарламасы жасалды;
-оқушылардың жоба жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқау жасалынды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның материалдарында жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісіне «Белдік киімдерді құрастыру және моделдеу әдістері» атты әдістемелік оқу құралы, «Технология сабақтарындағы жоба жұмыстары» атты әдістемелік нұсқау, «киім композициясы» атты автоматтандырылған оқыту бағдарламасы жасалды.
Қорғауға ұсынылатын қағдалар:
1. ҚР жалпы білім беру мектептерінде еңбекке даярлауды жетілдірудің құралдары мен жолдары
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытудың педагогикалық жүйесі
3. Оқушылардың өз бетінше орындайтын жоба жұмыстары
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан, кестелер мен суреттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: тақырыпты таңдау негізделеді, оның көкейкестілігі, нысаны мен зерттеу пәні анықталады, мақсаты, міндеттері, зерттеу базасы, зерттеу көздері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
«Технология пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда Отандық, Ресейлік ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ой - пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, тарихи дамуы және теориялық негізі анықталған.
«Ұлттық бұйым элементтері негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы педагогикалық тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен әдістемелері» . атты екінші тарауда оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін ұлттық элементтер негізінде дамыту мүмкіндіктерін педагогикалық жүйе арқылы қалыптастыру ұсынылып, тәжірибелік жұмыстардың материалдары берілген.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша шығармашылыққа бағытталған әрекеттерге қатысты ұсыныстар берілген.
Қосымшада тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың кейбір материалдары ұсынылған.
1 Технология пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Технологиялық білім беру үрдісінің даму жолдары және қалыптасу тарихы
Жалпы педагогикада білім беру мазмұны - халыққа білім беру ісін жетілдіру мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да білім беру мазмұны мына мәселелерді қамтуы керек:
- табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білім қалыптастыру;
- адамды жан - жақты дамыту;
- жастарды өмірге, еңбекке даярлау [7] .
Уақыт талабында мектеп түлегі жалпы білім беретін орта мектептерде қазіргі инновациялық өзгерістерге бейім, ізденуге бағдарланған және ізденіс жұмыстарын шығармашылықпен жүргізе алуды талап етеді.
Сондықтан да оқыту үрдісі білім беру мазмұнын көлемді инновациялық оқыту технологиялары арқылы қалыптасуды қажет етеді. Бұған қосымша дүние жүзілік талап болашақ мұғалімдерді даярлау жағдайында да интеграциялау жұмысын жүргізу болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, білім беруді жаңарту, ХХІ ғасыр тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі ретінде білім алушыларға жан - жақты білім берудің ауқымды мәселелерінің бірі ретінде саналып келеді.
Қоғамдағы адам өмірінің, ойының ерекше жоғары дәрежеде дамуына жағдай туғызатын - оның еңбек етуі. Олай болса Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы болашақ маман иелері ғылымның әр саласынан жалпы білім алуымен бірге белгілі дәрежеде кәсіби іскерлік және дағдымен қарулануы тиіс. Бұл жалпы білім беру мектептеріндегі «Технология» пәнінің білім беру мазмұнын қалыптастырудың педагогиканың мәселелерімен қатар, қоғам талаптарына сәйкес оқыту үрдісінің дамуын инновациялық әдіс - тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын орынды пайдалануды талап етеді. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі өзгерістер олардың жалпы бағыттары мен ұстанымдарына байланысты болып отыр.
Жалпы ғылыми «технология» термині (гректің techno - өнер, шеберлік, икемділік және logos - ғылым, заң) «өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ өндіріс тәсілдерін ғылыми суреттеу» деп түсіндіреді. Басқа бір зерттеулерде бұл категорияны өндірістік үрдістер деп қарастырады да, «оны өнімді өндіру барысында шикізаттың, материалдың өңделу, дайындалу, өзгеру жағдайы, қажетті әдістерінің жиынтығы» деп анықтайды.
Д. Қ. Пошаев «Технология» түсінігін - ол «өнім алу барысында шикізат пен материалдың күйін, қасиеттері мен формасын өзгерту үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы - деп береді [8] .
Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті - практикадағы ең тиімді өндірістік үрдісті анықтау және оны пайдалану мақсатында әртүрлі ғылым (физика, химия т. б. ) заңдылықтарды анықтау деп те қарастырады. Бұл анықтамалар біздің «Технология» пәнін оқыту барысына қолайлы келеді. Демек «Технология» пәні өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік әдістер мен үрдістердің мазмұны мен оқыту әдіс тәсілдерін үйретуге бағытталған.
Демек, технологияның ғылым ретіндегі міндеті - тәжірибе жүзінде неғұрлым нәтижелі әрі үнемді өндірістік үрдістерді анықтау және пайдалану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және басқа да заңдылықтарды айқындау және білім беру мазмұнында өз орны бар.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде «Технология» - еңбек ресурстарын дайындаудың негізгі көзі - кәсіптік білім жүйесі. Бұл білім 1886 жылы Швециядағы мектеп директоры Сент - Илердің «Қол еңбегін оқытудың негіздері» деген еңбегінен бастау алған. Ресейде 1900 - 1901 оқу жылында «Қол еңбегімен сызу пәндерінен еңбекті оқыту» деген бағдарламада сол бағдарлама негізінде еңбектің оқу құралдары даярланған.
Қазақстанда 1922 жылы халық ағарту комиссариатында бекітілген оқу жоспарында «Қолөнері, қол еңбегі» деп енгізілген. Сөйтіп, бір ғасырдан артық уақыт барлық мектептер жүйесінде 1 - 11 сыныптар арасында үзбей, үзіліссіз оқытылып келе жатыр.
1994 жылы дүние жүзінде технология пәнін оқыту мақсатында «Қолөнер - технология қоғамы» ұйымдастырылды.
1997 жылы «Қолөнер - технология қоғамында». «Технология - баршамызға» деген халықаралық бағдарлама даярланды. Оған дүние жүзінің Аргентина, Ұлыбритания, Израиль, Ресей. АҚШ, Франция және Оңтүстік Африка мемлекеттерінің арнайы мамандары қатынасты. Барлық елдерден келген мамандар технология білім аймағынан қазіргі тәжірибесін ұсынды. 1998-1999 оқу жылында үш оқулық даярланды.
«Бүгін және ертең» (Технологияға кіріспе) - 5 - сынып, «Жобалау» - 6-сынып, «Технологиялық жүйе» - 7 - сынып. 1999 - 2001 оқу жылдарында байқаудан өткізді. Оқулыққа қосымша оқу - әдістемелік кешен, жұмыс дәптері, зертханалық - сарамандық сабақтары, әдістемелік құрал, компьютерлік бағдарлама және файл дайындалды. Ресейде 1993 жылы жаңа базистік жоспар жасалды. Соған сәйкес 1997 жылдан бастап «Вентана - Граф» баспасы 5-11 сыныптарға арналған оқулықтар (Авторлары В. Д. Симонко, В. Н. Чернякова, Е. А. Старикова, Г. А. Корчагина т. б. ) шығарды [9] .
Жалпы білім беру мазмұны өзінен туындайтын оқыту әдістеріне қарағанда негізгі өзекті мәселе болып саналады. Білім беру мазмұны жеке тұлғаны жан - жақты қалыптастырудың гармониялық құрылымына бағынышты жоба ретінде көрініс табуы қажет. Ол қолданыстағы оқу жоспарлары, бағдарламалар мен оқулықтардың педагогикалық теориямен біріккен түрде, оқыту үрдісінде - жалпы мектептің талаптарын қанағаттандыра алатын оқыту әдістерін практикада пайдалануға қызмет етеді. Осыған байланысты мектептерде бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының нақты пәндер бойынша жалпы білім беретін оқу орындарында ведомостылық бағыныштылығына, ұйымдастыру - құқықтық формаларына және оқыту түрлеріне қарамастан қолданылатын және қатаң сақталатын міндетті стандарттар әзірленуде.
Педагогика ғылымында білім беру мазмұны нақты ұсынылған оқу жоспарлары, бағдарлама, оқулықтар, ғылыми негіздегі шешімдерді талап ететін күрделі мәселелерді туындатты. Теориялық құндылықтар үшін практикада өткізілген оқу материалдары біртіндеп жинақталды. Практикаға тиімді теориялық ережелер сақталынып, ал жарамсыздары оның құрамынан алынып тасталынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz