Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті
Соөж №1
Баяндама
Пәні: «Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: «Дүниетану пәнінің оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін қалыптастырудағы ролі»
Дайындаған: Умирбаева Гулмира
Тобы: Успмно-19-1
Ақтау қаласы 2020ж
Қазіргі таңда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, іздену - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан ұстаздардың міндеті балалардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру, қимыл және т. б. ) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болуы.
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - интербелсенді оқыту әдісі. Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі қағидасы: білім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Интербелсенді - ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Ол оқыту процесінде оқушыларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды топ болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді.
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді.
- Оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады.
- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.
- Топ оқушыларымен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды белсендіреді.
- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Интербелсенді әдістерге жататындар:
- проблемалық шығарма әдістері;
- пікірталастар;
- топпен жұмыс;
- миға шабуыл әдісі;
- инсерт әдісі;
- викториналар;
- шағын зерттеулер;
- іскерлік ойындар;
- сауалнамалар жүргізу әдісі;
- кейс-стадий әдісі;
- презентациялар; т. б.
«Дүниетану» пәні оқушыларға қоршаған ортаны, түрлі қоғамдық және табиғи үдерістер мен құбылыстарды толық, өзара байланыста танып-білуге мүмкіндік береді. Олардың қызығушылығын оятып: Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда тұрып жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? Біздің өткеніміз бен келешегіміз қандай? - деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік береді.
Баланың қоршаған өмірге қызығуы болса, ол өзін қызықтыратын құбылысты бақылауын күшейтеді, өзінше оны ойлап байқайды, осыған байланысты өзінше шешім шығаруға тырысады. Осындай іс-әрекет барысында қызығу өз-өзінен дамиды және баланың ақыл-ойы дамуына әсер етеді.
Қызығудың тағы бір ерекшілігі, оның әсерінен іс-әрекет сипаты тез өзгереді. Қызығу бар кезде іс-әрекеттің жақсы нәтижесі ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның сипаты тұтастай өзгереді: белсенді, дербес жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т. б.
Алда тұрған негізгі міндет - бала үшін қызықсызды қызықтыға айналдыру. Осылай жасағанда ғана оны өзі-ақ орындайтын болады. Бұл жағдайда оған қиыншылықты жеңу оңай болады. Оны жеңу балаға қуаныш әкеледі, өз күшіне сенім ұялтады.
«Дүниетану» пәні арқылы оқушылар өзі, өз үйі мен отбасы туралы ой қозғаудан бастап, қоршаған ортаның, дүниенің сырларын да түсіне бастайды.
«Дүниетану» пәнін оқыту:
- оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады;
- оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгере отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
- оқушылар қазақстандық қоғам және өзін қоршаған әлеуметтік ортаның барлық деңгейі: өз үйі, отбасы, жергілікті және ұлттық қоғамдастық туралы білімді меңгереді;
- оқушылар Қазақстан географиясының негіздерін, оның ландшафты және табиғи жағдайы туралы біледі;
- Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
- өткен замандағы оқиғалардың қазіргі әлемнің қалыптасуына және бүгінгі таңдағы оқиғалардың болашақтың қалыптасуына қандай әсер тигізетіні туралы түсінеді;
- адамның тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы біліп, оның тұрақты болашақтың дамуына қажеттілігін түсінеді;
- оқушыларда өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады, олар адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсінеді;
- қоғамдық тәртіп нормаларын біледі, оларды ұстану қажеттілігін түсінеді және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білумен танысады;
- адамгершілік қасиеттерді, толеранттылықты қалыптастырады;
«Дүниетану» пәнін оқыту арқылы тарих, география және қоғамтану ғылымдары бойынша оқушылардың алғашқы білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау дағдыларын дамытады.
«Дүниетану» пәнінің мазмұны: отбасы, қоғам, қауымдастық, ұлт, мемлекет, қарым-қатынас, елді мекендер, климат, ландшафт, табиғи және техногендік апаттар, мәдениет, дін, денсаулық және т. б қоршаған ортаның негізгі аспектілерін қамтиды.
«Дүниетану» пәнінің мақсаты - оқушыларда адамды қоршаған әлеуметтік, мәдени және нақты орта туралы білім жүйесін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлеуметтік тәжірибе туралы түсінігін, қоршаған ортада тиімді қарым-қатынас ережелерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
«Дүниетану» пәні оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға, отбасында, жергілікті, аймақтық, ұлттық, жаһандық ауқымда алатын өзіндік орнын түсінуге мүмкіндік береді.
«Дүниетану» пәні қоршаған ортада болып жатқан тарихи, географиялық және әлеуметтік үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін нақты білім мазмұнын игеруге бағытталған.
Тарих бағдарламаның уақыттық шегін белгілейді - уақытты сезіну, география - кеңістікті тани білу, өзінің орнын сезіну, ал қоғамтану - қоғамдық ортаны сезінуге ықпалдасады.
«Дүниетану» пәні оқушылардың тану, зерттеу, дәлелдемелерді қарау және мәселелерді шешу арқылы пайда болатын сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамытады, сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына бағытталған.
«Дүниетану» пәнін интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың төмендегідей дағдыларын дамытуға болады:
- сұрақ қою, оған жауап таба білу; зерттеу жүргізе отырып тарихи, географиялық және әлеуметтік сұрақтарға жауап бере білуді;
- тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың әдістеріне және басқа қолжетімді ресурстарға сүйене отырып, зерттеулерге қатысу, сұрақтарға жауап беру, эксперименттер жүргізуді;
- жекелеген үдерістерді талдау және оқиғалардың хронологиялық реттілігін түсіну, тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдардың деректерін қолдана алу;
- пікірсайысқа қатысу, дауласу, мәлімдеу, әңгіме құру, таныстырулар жүргізу арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;
- интернет, сандық ақпараттық құралдарды және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып ақпараттарды іздеу, оны таңдау, қолдану, салыстыру, талдау, жүйелеу, түсіндіру және өңдеуді;
- алынған ақпаратты ұсыну және талқылауды;
- алған білімдерін ой-пікірлер, болжаулар, теорияларды тексеруде қолдана отырып, қорытындылар мен алынған мәліметтерді дәлелдеу;
«Дүниетану» пәнін меңгеру барысында оқушылардың дүниетанымын арттыру мақсатында, ой-пікірлерімен алмасу, оларды дамыту, сонымен қатар тиімді жұмыс атқару үшін оқушылар өзара бірлесе отырып жұмыс істейді.
Оқушылар үйренеді:
- қоғамдағы негізгі тәртіп ережелерін сақтауды;
- сыныпта, мектепте және қоғамдық орындарда сыпайылықты, көңіл бөлуді, сыйлай білуді, әдеп сақтауды;
- жұпта және топта бірлесіп жұмыс істеуді, ұжымда тиімді қарым-қатынас орнатуды;
- сезімі және эмоциясының басқа адамдарға әсерін түсіне отырып өзін өзі дамытуды;
- әлеуметтік ортада өз көзқарасын білдіру, тыңдау, талқылау, диалогтар мен дебаттарға қатысу дағдыларын дамытуды (сөйлеу дағдыларын) .
Заман талабына сай мектептер оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстануы керек.
Жалпы дүниетану сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, оқушылардың баяндамалары, мен ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, имитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс-белгілері болып табылады. Сабақ барысында қолданылған төмендегі әдіс-тәсілдерге көңіл аударайық.
Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабағында проблемалық негізделген оқыту әдістерін де қолдану тиімді. Проблемалық сабақ - бұл сабақ түрі оқушылардың шығармашылық жеке дамуына қалыпты ықпал етеді. Сабақта бір немесе бірнеше проблемалық жағдай туғызып, оны шешу арқылы оқушының өз-өзіне деген сенімі артып, шығармашылық тұрғыдан дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекеттерін белсендіруде бірнеше баланың сұраққа жауабын тыңдап: «Сен неге олай ойлайсың?» деген сұрақ арқылы талқылауға болады.
Жалпы тарауларды қайталау сабақтарында викториналарды қолданудың әсері-эффектісі зор.
Викториналық сұрақтар жауаптарын іздеу қосымша әдебиеттерге сүйенуді қажет ететіндей болуы керек. Әрбір викторина балалардың дүниетанудан білім көлемін арттырады, туған өлкелері жөнінде танымы артады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz