Мемлекеттердің егемендік теңдігінің принципі


Диплом жұмысының өзектілігі. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы мемлекет тарихындағы айрықша маңызды оқиғалардың бірі екені даусыз. Жолдау Қазақстан даму жолының жаңа белесіне көтеріліп, еліміздің жаһандану процесіне бейімделуге қазіргі заман талаптарына сай жаңаруға деген ұмтылысын танытады.
Республикалық дипломатияның өкілдіктері мемлекет басшысының халыққа жолдауының басты қағидаларын халықаралық аренада насихаттау жұмысын кең көлемде жүргізіп келеді. Негізгі мақсат - Қазақстан басшыларының нарықтық экономика және демократиялық қоғам құру саласындағы реформалардың жетістіктерін таныту өңірлік держава ретінде еліміздің оң және орнықты келбетін көрсету сыртқы саясат әрдайым ішкі саяси басылымдықтардан сондай-ақ, қалыптасқан халықаралық ортадан туындап мемлекет мүдделері аясында жүргізіледі[1] .
Тәуелсіз еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары қалыптасуда. Планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына ғаламдану (жаһандану) процесін және жаңа технологиялардың дамуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуінің сан алуандығына байланысты дүние жүзінде болып жатқан түбірлі де дүбірлі өзгерістер - мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді. Өзекті халықаралық проблемаларды шешуге қатысты жедел әрі әрі икемді үн қатысуға осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Дегенмен сыртқы саясаттың негізге алынатын қағидаттары өзгеріссіз қала береді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан халықаралық аренада елеулі сыртқы саяси табыстарға қол жеткізді, әлемдік қоғамдастықтың беделді де жауапты мүшесіне айналды. Қазақстан көптеген таяу және алыс шет елдермен достық қарым-қатынастар орнатып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыта түсуде. Соңғы жылдары біздің еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік Шарт ұйымына және Түркі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің биік халықаралық беделінің айқын айғағы болды.
Президентіміздің бейбітшілік сүйгіш және сындарлы сыртқы саясатының арқасында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасалды. 23 жыл ішінде Қазақстан экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестициялар тартылды. Әлемнің жетекші компаниялары еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысуда. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикалық өсу көрсеткіштері бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында ғана емес, сонымен бірге әлемнің көптеген елдері арасындағы жетекші мемлекеттердің бірі болып табылады.
Қазақстанның мемлекеттік шекарасының заңды тұрғыда ресімделуі сыртқы саясаттың аса маңызды жетістігі болды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу мәселелеріне айрықша назар аударылуда. Теңіз айдынын шектеу және қорғау жөнінде тұжырымдамалық уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Қазақстан дипломатиясының Мемлекет Басшысы алға қойған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі халықаралық аренада біздің ұлттық мүдделерімізді одан әрі ілгерілету үшін байсалды негіз болып табылады. Осыған орай, Қазақстанның сыртқы саясаты бұрынғы кездегідей, елдің ішкі қажеттіліктері мен азаматтарымыздың үміт-мақсаттарына бағытталатын [2] .
Зерттеу пәні еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі жылдар аралығын Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары, басымдықтары болып табылады.
Диплом жұмысының деректік қоры. 1991-2015 жылдар аралығында тәуелсіз еліміздің сыртқы саяси қызметінің өзекті мәселелеріне арналып жатқан және бұрынырақ жазылып, соңғы жылдары жарық көрген саяси, геосаяси дипломатиялық экономикалық сипаттағы монографиялық диссертациялық зерттеулер, ғылыми мақалалар құрайды. Атап айтқанда Елбасының кітаптары, сұхбаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылардың ғылыми зерттеулерінің қорытындылары мен мақалалар құрайды.
Сонымен қатар, диплом жұмысының нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасында қабылданған сыртқы саясат туралы заңдық-нормативтік, құқықтық актілер жинағы, Қазақстан Республикасы
сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған
тұжырымдамасы, мемлекеттік бағдарламалар, ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы және «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы», т. б. құрайды.
Мәселенің зерттелу деңгейі (тарихнамасы) . Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне көп уақыт өтпесе де Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы мәселелер төңірегінде жазылған ғылыми диссертациялар мен монографиялар, мақалалар да барлық. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы немесе жалпы халықаралық сипаттағы жетістіктері егеменді еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімімен байланыстырылады. Елбасы өзінің «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы дамуының стратегиясы» «Ғасырлар тоғысында», «сындарлы он жыл» және тағы басқа еңбектерінде республикамыздың сыртқы саясаты басымдықтары мен негізгі бағыттарын тұжырымдаған еді. Сонымен қатар еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарына және Қазақстанның халықаралық поэзияларын нығайту жөніндегі отандық дипломатия күш жігеріне жан-жақты талдау Қ. К. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының дипломатиясы», «Беласу», «Халықаралық қатынастар тарихы» атты еңбектерінде халықаралық жағдайлар аталып өтіп, сыртқы саясаттағы басты бағыттарын бейнелеген және тағы басқа да еңбектерінде, жасалды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы әлемдік державалардың Қазақстандағы саясаты және мүдделері бағытындағы мәселелер жөніндегі саясаттанушы ғалымдар мен зерттеушілер: М. Тәжин, А. Дугин, С. Сейдуманов, Б. Сұлтанов, Л. Мұзапаров, А. Әбішев, В. Галямов және тағы басқалардың мақалаларының маңызы айтарлықтай. Алайда, Қазақстанның біртұтас экономикалық кеңістіктегі орны мен ролі Орталық Азия елдерімен өзара интеграциялық ықпалдастығын дамыту және тағы басқа мәселелер өзінің зерттеушілерін күтуде.
Сондай-ақ, осы тақырыпты зерттеуге арналған мақалалар еліміздегі саяси журналдардың ең беделділерінің бірі «Саясат» журналында көптеп жариялануда.
М. Амирбектің «Дүние жүзінің халықаралық ұйымдары» атты еңбегінде Әлемдегі халықаралық ұйымдардың тарихына, қызметіне, ұйымдардың құрылу мақсаттарына толық түсінік беріп, халықаралық ұйымдардың сол кезеңдегі халықаралық қатынастарға тигізген әсерінің күштелігін атап өткен.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуын, Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптерін, Қазақстан Республикасының әлемдік саясаттағы орны мен рөлін анықтау. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдарға түсініктеме бере отырып, Қазақстанның халықаралық саяси ұйымдарға мүшелігін қарастыру.
Осы мақсаттан барып мынадай міндеттер туындады:
- саяси ғылымның онық құрамдас бөлімі сыртқы саясаттың теориялық және методологиялық мәселелерін қарастыру:
- аймақтық және әлемдік дамудың серпілін Қазақстан мүдделілігін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытын одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын қарастыру;
- Ауқымды интеграциялық үрдістер шеңберінде Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестік қатынастарын дамыту туралы өзіндік пікір білдіру;
- Қытай Халық Республикасымен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қауіпсіздік проблемалары бойынша белсенді саяси үн қатысуды бекемдеуге талдау жасау.
Практикалық маңызы. Зерттеу жұмысында көтерілген теориялық және методологиялық мәселелер Қазақстандағы өзгерістер саяси ғылымның қалыптасуына ықпал етеді және оның бір саласы сыртқы саясатты теориялық және методолгиялық жағынан байытуда ғылыми жағынан да практикалық жағынан да маңызды роль атқарады. Қазіргі жағдайда дипломдық жұмыста берілген сыртқы саясат, халықаралық саясат және халықаралық қатынастар туралы түсініктерді және саяси тұрғыдан талдауларды жоғары оқу орындарының философиялық және саясаттану, тарих факультеттерінде материалдарды лекция ретінде оқуға, семинар сабақтарында арнайы курстарда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Кеңестер Одағының ыдырап, мемлекеттің негізі құрылуымен, экономика мен саяси жүйенің терең кұрылымдық өзгерістерінің іске асуымен ерекше. Қазақстан Республикасы Халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде ТМД, БҰҰ, ЕурАзЭҚ т. т. шеңберінде белсенді қарым-қатынас жасауда.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және жеті бөлімнен, қорытындыдан, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының мақсаттары мен негізгі принциптері
Бұғанағы қатпаған жас мемлекеттiң әлемдiк саясатта өзiне тиесiлi орынға иелiк ету үшiн ұстанған өткiр де тапқыр саясаты ерiксiз бойыңды елжіретіп, жан тебiрентер сезiмге бөлейтіні анық.
Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны анықталды. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ. Қазақстанның Сыртқы iстер министрлiгi нағыз дипломатиялық мiндеттер орындаған жоқ. Өзiнiң алдында осындай күрделi проблемалар тұрған, бiрақ шетелде бiрде-бiр дипломатиялық өкiлдiгi жоқ, сыртқы саясат дәстүрлерiн айтпағанның өзiнде, сыртқы саяси мәселелер жөнiнде ең қарапайым әзiрлемелерi жоқ, бiлiктi кадрлары жоқ елдi көз алдыларыңызға елестетiп көрiңiзшi . . . Бiздiң сол кездегi жағдайымыз ешбiр сандырақ болмағанымен, соншалықты қайғылы жағдай болды. Жеткiлiктi кемелденген әулетi, пайдалы қазбаларының орасан зор қорлары бар, бiлiктi еңбек ресурстары, өз аумағында ядролық қаруы бар мемлекет - Қазақстанның бiр де бiр халықаралық шарты болған жоқ . . . Егер бiз шұғыл түрде өзiмiздiң сыртқы саясатымызды қалыптастыруды бастап кетпеген болсақ, бiздiң мүдделерiмiзге орасан зор нұқсан келерi де түсiнiктi», - дегенi бар.
Баршамызға белгілі кез-келген жеке мемлекет әлемдік қоғамнан бөлек өмір сүруі мүмкін емес, оған қоса айтарымыз қазіргі өркениетті дамыған әлемде жаһандану саясаты іске асырылуда. Осы себептерден әрбір мемлекет жалпы дүниежүзілік қоғамдық еңбек бөлісуде өзіне лайықты орын алуы тиіс. Халықаралық қатынастар өз тарихи даму барысында бірнеше қалыптасу кезеңдерінен өткен, ол ішке саяси ұстаным бағыттарына тәуелді болды.
Мемлекет жүргізетін сыртқы саясат көптеген салалардағы қатынастарды реттейді, олардың ішінде: экономикалық, қауыпсіздік, еңбек ресурстары, капитал қозғалысы және т. б.
Қазақстан Республикасы ұлттық сыртқы саясатының дамуын, тәуелсіздік жариялаған соң қалыптастыра бастады. Осы кезден бері барлық халықаралық ұйымдармен, қаржы-несиелік даму институтарымен, діни басқармаларымен тығыз қарым-қатынастар құрылды, яғни дипломатиялық қызметтердің алғашы тәжірибелері қалыптаса бастады. Жаңа қалыптасқан қатынастарды реттеу, сондай-ақ консулдық қызмет пен оның құқықтық реттелуі.
Қазақстан саяси және экономикалық тұрғыда дүниежүзілік қоғамдастықпен толыққанды интеграцияланды. Ендігі жерде өз басымдықтарымызды дұрыс айқындап, ұлттық мүддені ілгерілету мен қорғаудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасауға назар аудару қажет [3] .
Елді экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрғыда қарқынды модернизациялаға жасалған Қазақстанның бағыт-бағдары республикамыздың экономикалық және әлеуметтік дамудағы көшбасшылық ролін сақтап қалуға, Қазақстанның инвестициялар, технологиялар, білім мен білікті мамандарды өзіне тартатын тартылыс орталығына айналуына септігін тигізуге тиіс. Қазіргі бәсекелестік әлемінде еліміздің позициясын нығайтуда бұл айрықша маңызға ие.
Мемлекетімізді үдемелі дамытуға бағытталған қазіргі кезеңде біздің алдымызда дипломатиялық тұрғыда белсенді қолдауды талап ететін бірнеше басты экономикалық міндеттер тұр.
Қазақстанның сыртқы саясат мекемесі еліміздің жеке капиталын шетелдерге инвестиция ретінде шығаруға, Қазақстанды халықаралық ақша ағыны, инвестициялар мен қор рыногын реттеу процессіне кіріктіру тетіктерін жасауға түрткі болуға тиіс.
Елбасы транзиттік-транспорттық потенциалын жүзеге асыру және Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту қажеттігіне баса назар аударды. "Біз саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын жасап жүзеге асыруға кірістік", - деді президент. "ЖаҺандану, ашықтық, мемлекеттердің өзара тәуелділігі, әлемдік нарыққа шығуға бағытталған бәсеке, үйреншікті емес қауіп-қатерлер, міне бұлардың барлығы да ішкі-сыртқы саясаттың сабақтастығын талап етеді", - деді Н. Назарбаев.
Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:
1) елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғанысқа қабілеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету;
2) бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
3) орнықты ұстанымдарды қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;
4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;
5) өңірлік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялану;
6) 2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;
7) ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
8) елдің «жасыл» даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру;
9) ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;
10) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау;
11) шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету[4] .
1991 ж. желтоқсанда мемлекеттік егемендікті жариялау Қазақстан Республикасының алдына, өзінің сыртқы саясатының жалпы принциптерін қалыптастыруға байланысты міндеттер қойды. Бұл елімізге халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік берді және Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сай келді. Бұның іргетасы - әлемдік саясаттың, геосаясаттың және геостратегияның, ХХ ғасырдың аяғына қарай қалыптасқан және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін жалпы принциптері болды.
Түрлі елдердің саяси мүдделерінің арақатынастарын белгілеуге мүмкіндік беретін сыртқы саясат принциптері барлық адамзат тарихы бойында қалыптасып келді. Ежелгі заманнан « . . . адамдар өз көршілерімен өзара қатынастар жасауға талпынған. Анағұрлым жоғары мемлекеттік құрылымдардың тектерінің, ұрпағының жақсы жағдайы өзара түсіністік пен сенім деңгейіне байланысты болды. Бұрынғылардың, кез келген бейбітшіліктің соғыстан артық екендігі туралы нақыл сөздері ақиқат, бірлесіп азап шегілген екендігі айқын». Алайда құжаттық рәсімделуін олар ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана, анағұрлым беделді халықаралық ұйымдардың құжаттары - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, 1970 ж. Халықаралық құқық принциптері туралы деклорация, сондай-ақ 1975 ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі мәжілістің Хельсинктік Қорытынды актісі қатарынан тапты.
Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың негізгі принциптері дегеніміз - жоғары императивтік заң күштері бар анағұрлым жалпы, маңызды және іргелі нормалар. Ережеге сай, халықаралық актілерде мәселе келесі он принцип туралы жүреді: мемлекеттердің егемендік теңдігі; күш немесе күшпен қауіп төндіруді қолданбау; шекаралардың бұзылмауы; мемлекеттердің аумақтық бүтіндігі; таластарды бейбітшілікпен шешу; ішкі істеріне араласпау; адам құқығы мен негізгі еркіндікті құрметтеу; халықтардың өз тағдырларын шешу теңдігі мен құқығы; мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық; халықаралық құқық бойынша міндеттерін адал орындау.
Аталған принциптердің мазмұнына талдау жүргізіп және олардың бейнесін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты концепциясында да, оның практикалық сыртқы саяси қызметінде де бақылап көрейік.
1. Мемлекеттердің егемендік теңдігінің принципі. БҰҰ Жарғысында: «Ұйым өзінің барлық мүшелерінің егемендік теңдігі принципіне негізделген» деп жазылған жерінде бекітілген. Бұл принцип мемлекеттік егемендікті құрметтеу және БҰҰ барлық мемлекет мүшелерінің тең құқықтығы мен олардың өз тағдырларын шешу құқықтарын мойындау дегенді білдіреді.
Мемлекеттік егемендік мемлекеттің негізгі бөлінбес белгісі болып табылады. Барлық мемлекет, оның ішінде Қазақстан, әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшелері болып табылады. Егемендік теңдік принципі дегеніміз - тіпті ең кіші әлсіз дамыған мемлекеттің халықаралық істерді шешуде ең ірі және жоғары дамыған мемлекет сияқты өз дауысы болады, әрбір мемлекет халықаралық аренада егемендік құқық ала отырып, халықаралық қауымдастықтың басқа қатысушыларындағы осындай егемендік құқықтарды құрметтеуге міндетті.
Бұл принцип Н. Ә. Назарбаевтың негізгі назар аударатын мәселесі. Көрегендік, әрі оптимистік түрде қалыптасқан саяси көшбасшы бола тұра, ол «тек . . . әлемдік тәртіп негізіне өзара тәуелділік және халықаралық қауымдастық мүшелерінің егемендік теңдігінің принципін қоя отырып, елдердің әлеуеттерін жаңа заман күресіне лайықты жауап беру үшін біріктіруге және ұлттық мүдделер мен халықаралық әрекеттердің қиылысуының тиімді механизмдерін құруға болады . . . Нақ осындай тәсіл біртұтас халықаралық процес шеңберінде тең мүмкіндіктерді, тең қауіпсіздікті және барлық мемлекетке олардың көлемдеріне, күштердің геосаяси орналасуындағы орындарына және рөлдеріне қарамастан, лайықты орынды максимум қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» [5] .
2. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау принципі егемендік теңдік принципімен байланысқан. БҰҰ Жарғысы бойынша «маңызы бойынша кез келген мемлекеттің ішкі құзыретіне енетін істерге» қол сұғуға тыйым салынады. 1970 ж. Халықаралық құқық принциптері туралы декларацияға сәйкес қол сұқпау принципі, мемлекет өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерін басқа мемлекеттердің қол сұғуысыз анықтау құқығы бар екенін білдіреді және керісінше - бірде-бір мемлекет қандай түрде болмасын немесе қандай себеппен болмасын басқа мемлекеттердің ішкі және сыртқы істеріне интервенция немесе интервенцияны жүзеге асыруға немесе қол сұғуға құқығы жоқ.
Республиканың сыртқы саясаты алдында тұрған міндеттерді табысты жүзеге асыру жағдайларының бірі - жайлы халықаралық жағдай болып табылады. «Сондықтан сыртқы саясат саласында, - деп хабарлайды Президент Н. Ә. Назарбаев, - басымдық желісі Қазақстанның тәуелділігі мен егемендігін дамыту және нығайту болып қалады. Біздің еліміз, келесі жүз жылдықта әлем - көп полюсті, күштер орталығы мен бөлуші сызықтардан, конфронтация мен қарсы келуден, ішкі істеріне қол сұғудан және саяси орнатуларға мәжбүрлеуден еркін мемлекеттердің пікірлеріне қосылады».
3. Мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастық принциптері мыналармен шектеледі:
- мемлекеттер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында бір-бірімен ынтымақтасуға міндетті;
- мемлекеттердің ынтымақтастығы олардың әлеуметтік жүйелеріндегі айырмашылыққа тәуелді болмауы керек;
- мемлекеттер экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде ынтымақтасуы керек.
4. Халықаралық міндеттерді адал атқару принципі. Осы принциптің негізінде бұрынғы заманнан келе жатқан «келісім-шарттар сақталуы керек» деген белгілі қарапайым норма жатыр. БҰҰ Жарғысының 2-бабында оның мүшелерінің өздеріне қабылдаған міндеттерін адал орындау міндеттілігі туралы айтылады. Барлық мемлекеттер БҰҰ Жарғысынан шығатын міндеттемелерді сақтаулары керек. Бірде-бір мемлекет БҰҰ Жарғысы әрекеттерінің шектерімен өздерін шектей алмайды, ал халықаралық құқықтық принциптерден, сондай-ақ олармен жасалған халықаралық келісім-шарттардан шығатын барлық міндеттемелерді қалтқысыз орындауға міндетті.
Қазақстан өзінің келісім-шарттық тәжірибесінде халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципін басшылыққа алуға талпынады. Оның үстіне, Қазақстанның келісім-шарт мәтіндеріне келісім-шарттан шығатын келісім-шарттар мен міндеттемелерді сақтау механизмін қарастыратын мақалалар енеді. Осы принципке сәйкес Президент Н. Ә. Назарбаев, 1995 ж. 15 ақпанында Алматыда Сыртқы саясат мәселесі бойынша мәжілісте сөйлеген сөзінде осыған сәйкес органдардан мынаны талап етті: «қолдағы келісім-шарт базасын жүзеге асыру жөніндегі күнделікті тақырыптық жұмысты орнына келтіру. Мемлекеттік аппараттың барлық деңгейдегі қызметкерлеріне: егер мемлекет басшысы оның араласуы барысында шетелде ынтымақтастықтың нақты бағыттарының немесе жобаларының пайдасына пікір айтқан болса, онда жоғары деңгейде қол жеткізгендерді орындау жөнінде кез келген сарсаңға түсу қатаң жазалануы керек».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz