АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 3
МАЗМҰНЫ: 1 АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ . . .
: 9
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Адам саудасы қылмыстарының түсінігі және даму тарихы . . .
: 9
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Адамды саудаға салудың түрі ретінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . .
: 19
МАЗМҰНЫ: 2 ҚР АДАМ САУДАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ . . .
: 28
МАЗМҰНЫ: 2. 1 ҚР заңнамасындағы адам саудасымен күрестің құқықтық қамтамасыз етілуі . . .
: 28
МАЗМҰНЫ: 2. 2 ҚР адам саудасын болдырмаудың саяси және құқықтық аспектілері . . .
: 37
МАЗМҰНЫ: 2. 3 Адам саудасы қылмыстарымен күресудегі ҚР мемлекеттік органдарының қызметі . . .
: 43
МАЗМҰНЫ: 3АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫМЕН КҮРЕСУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ МЕХАНИЗМІ . . .
: 57
МАЗМҰНЫ: 3. 1 Халықаралық құқықтағы адам саудасы саласындағы қылмыстардың ерекшеліктері . . .
: 57
МАЗМҰНЫ: 3. 2 Адам саудасына қарсы тұрудың халықаралық-құқықтық негізі . . .
: 67
МАЗМҰНЫ: 3. 3Адам саудасы саласындағы қылмыстармен күресу мақсатында құрылған әмбебаптық және аймақтық ұйымдар . . .
: 73
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 84
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 89

КІРІСПЕ

Магистрлік жұмыстың жалпы сипаттамасы: Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында заң үстемдік ететін құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастыру - еліміздің басты мақсаттарының бірі екендігін атап көрсетті. Солардың ішінде Қазақстан халқының еркін білдіріп, «Адам құқықтарының жалпы декларациясында» және халықаралық құқықтың нормаларында қабылданған адамның бостандықтары мен құқықтары басымдықтарын мойындап, бірінші орынға қойды [1] . .

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында мемлекеттің жоғары құндылықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Сонымен қатар, еліміздегі 2010-2020 жылдарға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы - мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарттары. Бұл тұжырымдаманың негізгі бағыттарының біріне «азаматтар өз конституциялық құқықтарының орындалуын талап етуі үшін ұсынылған жаңалықтарды халық арасында насихаттау» жатады, яғни әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алады және мемлекет оның кепілі болу қажет. Алайда, бүгінгі қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылу мәселесінің өзекті болуының куәгерлері болып отырамыз. Осындай адам құқықтары бұзылуының ең қауіптілерінің бірі - адам саудасы. Адам саудасы - әрбір адамның заңмен бекітілген жеке құқығын ескерместен, оларға зорлық-зомбылық көрсету, азапты, қиын жұмыстарға еріксіз салу, адамдық бостандығын аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, тұлғалардың, яғни оңай табыс табу жолын көздеу арқылы, адамдарды пайда табудың көзіне айналдыру сияқты теріс сипат.

Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған келелі мәселе - ол адам саудасы.

Қазіргі уақытта, бизнестің әр түрлі жолдары дамыған кез, оның ішінде жалған хабарламалар беріп, әсіресі сымбатты да, сұлу қарындастарымызды алдамшы жолмен, шетелдік жарнамаларға жоғарғы төлем ақылы «фотомодельдік» немесе «маникенщица» т. б. қызыметтерді ұсынамыз деп алдаусыратып, шет елде, шет жерде көпшілік жағдайларда олардың өміріне жазылмастай жара салатын жағдайлар туындауы мүмкін, жасыратыны жоқ көп орайда оларды құлдыққа сатып, жезөкшелік қамытын киетін жағдайлар кездеседі. Құлдыққа сатушылардың құрбандары жас жігіттерімізбен қарындастарымыз болып табылады. осы орайда жастарға: ««Бәлен жерде - алтын бар, барсаң бақыр да -жоқ » немесе «Басқа елде - сұлтан болғанша, өз еліңде - ұлтан бол» деген аталы сөздің мағанасына терең мән беріп, ойланулары қажет екендігін айтқым келеді.

Адам саудасы - қазіргі таңда қару-жарақпен, есірткі саудасынан кейінгі үшінші орында екендігі ақпараттық құралдар арқылы барлығымызға белгілі.

Осы қылмыспен айланысатын криминалдық топтардың табыстары жылына 7-8 миллиард долларға жететіндігі, аталған қылмыстың жылдан жылға өсіп отырғандығын аңғартады. . Сонымен бірге, бүгінгі күннің ең өзекті мәселесінің бірі шет ел азаматтарының Қазақстаннан бала асырап алуы, сондықтанда олардың болшағы әрине барша халықты, ұлы - қыз өсіріп отырған, бар азаматтарды толғандырмай қоймайды деп ойлаймын.

Магистрлік жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттік дамудың, соның ішінде қылмыстық құқықтың жоғарғы дәрежедегі сапалық үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Дегенмен, 70 жылдан астам уақыт бойына жиналған қара түнектен көзіміз ашылып, қазіргі таңда мемлекеттің орасан зор құндылығы адам құқықтары мен бостандықтары екенін мойындадық. Оған дәлел Қазақстан Республикасының 1995 жылы тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың 1 бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды; оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [2, 5 б. ] .

Адам саудасы - қазіргі әлемнің қауіпсіздікке байланысты ең өткір және күрделі проблемаларының бірі.

Адамды саудалау, оны бостандығынан айыру қылмыс екендігін, мұндай әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 125 бабының тармақтарында қаралған - адам ұрлау: төрт жылдан жеті жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыруға жазаланса, ұйымдасқан немесе пайда күнемдік ниетте жасалса, екі немесе оданда көп адам қатысқан қылмыстық топ пен жасалса әрине, өз кезегінде аталған Кодекстің 125 бабының тармақтарының талабымен жеті жылдан он екі жыл аралығында, дүние мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он бес жыл аралығында бас бостандығынан айырлуына әкеліп соғады.

Кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту, мысалы, басқа біреудің баласын жезөкшелік жасату немесе қайыр сұрату және т. б. үшін пайдалану мақсатында сату-сатып алу, жалға алу; кәмелетке толмаған адамның мүшелерін немесе тінін ауыстырып салу мақсатында қылмыс жасалуыда кездесетіндігін жасыра алмаймыз. Бұл қылмыс соңғы уақытта ауыстырып салу хирургиясының дамуына байланысты кең таралып отыр. Мұндай әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі зор болып табылады.

Кәмелетке толмаған адамды шетелге заңсыз әкету; бұл сатылған баланы жалған құжаттармен жасырын әкету жолымен де, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен асырап алуды ресімдеу арқылы да іске асырылады, бірақ ол баланы сатумен байланысты болуы мүмкін.

Ал, кәмелетке толмағандарды саудаға салу ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабында қаралған, - кәмелетке толмаған адамды сатып алу, сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасау, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көңдіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзгеде әрекеттер жасау мүлкін тәркілеп немесе онысыз - бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады[3, 198 б. ] .

Нақ сол әрекеттер:

- алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;

- бірнеше рет;

- өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;

- қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

- екі немесе одан да көп адамға қатысты;

- ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің органдарын немесе тінін алу мақсатында;

- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;

- адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;

- кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;

- жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, - мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Магистрлік жұмыстың зерттелу дәрежесі . Адам саудасы ежелгі заманның өзінде де ғылыми тұрғыдан зерттелініп келді, түрлі пікірлер жазылып, баспасөз беттерінде көрініс тапты. Тіпті жезөкшелікке қатысты жеке жинақ болып шықты. Адам саудасын келесідей ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: С. Стокер, Л. Шелль, К. С. Раф, Ф. Л. Синица, Х. Джексон, Р. Н. Акпаров, Х. Д. Аликперов, В. П. Божьев, Л. В. Головко, С. А. Голунский, В. Л. Горичева, К. Ф. Гуценко, П. М. Давыдов, Т. Н. Добровольская, А. Я. Дубинский, А. В. Ендольцева, Н. В. Жогин, В. Ю. Ивонин, А. М. Ларин, С. И. Никулин, П. Г. Марфицин, Г. М. Миньковский, Д. Я. Мирский, В. А. Михайлов, Я. О. Мотовиловкер, Н. Г. Муратова, А. В. Савкин, А. В. Солодилов, М. С. Строгович, Ф. Н. Фаткуллин, Б. А. Филомонов, И. Я. Фойницкий, М. А. Чельцов-Бебутов, Е. А. Челышев, С. А. Шейфер, Н. Я. Якубович және т. б.

Ал, Қазақстандық заңгер ғалымдардан, бұл жұмыс көлемінде Н. А. Абдиканов, А. Н. Ағыбаев, Т. К. Айтмұхамбетов, А. Н. Ақпанов, Н. Г. Кулакова, Е. О. Алауханов, Л. Ш. Берсугурова, С. Ф. Бычкова, Е. Е. Ерешев, С. Е. Еркінов, С. М. Жалыбин, У. С. Жекебаев, С. К. Журсимбаев, Д. К. Канафин, М. Ч. Қоғамов, Қ. Ә. Мәми, С. С. Молдабаев, М. С. Нарикбаев, С. Д. Оспанов, А. А. Рзаев, И. И. Рогов, Т. Е. Сарсембаев, Г. Ж. Сулейменова, Б. Х. Төлеубекова, К. Х. Халиков, А. Л. Хан, Р. Н. Юрченко және т. б. өз үлестерін қосты.

Магистрлік зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты - адам саудасы саласындағы қылмыстардың ерекшеліктерінің бүгінгі жағдайын теориялық және әдістемелік жағынан зерттеу, оны жетілдіру үшін ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес төмендегі міндеттерді шешу көзделді:

  • Адам саудасымен күресу тарихына шолу жасау;
  • Халықаралық құқықтағы адам саудасының түсінігін ашу;
  • Адам саудасымен күресуде әмбебаптық және аймақтық ұйымдардың рөлін анықтау;
  • Адам саудасымен күресуде Қазақстан Республикасының құқықтық негіздерін айқындау;
  • Адам саудасымен күресуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қызметтерін ашып көрсету.

Магистрлік жұмыстың зерттеу пәні - адам саудасы қылмыстары мен оның таралу мәселелері және адам саудасы саласындағызаңнаманы жетілдіру жолдарындағы пайда болатын құқықтық қатынастар.

Магистрлік жұмыстың зерттеу объектілері -адам саудасы саласындағы қылмыстар және осы қылмыстармен күресуде туындайтын қатынастар.

Магистрлік зерттеудің әдістемелік және эмпирикалық негізін конституциялық құқық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқықтары, криминалистика және т. б. салалары бойынша ғылыми жұмыстар құрайды. Зерттеу жұмысында философияның ғылыми ережелері, зерттеудің жалпы және жеке әдістері, оның ішінде, тарихи құқықтық және жүйелі құқықтық және басқа да әдістемелер, құқық қорғау органдарыны қызметінің нәтижелері пайдаланылды. Сонымен қатар, зерттеу барысын Ақтобе, Ақмола және Қызылорда облыстық соттарының қылмыстық істер бойынша 2005-2007 жылдардағы шолу материалдары және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулылары құрады.

Магистрлік жұмыстың нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық іс жүргізу заңы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормалары және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының және жалпы отырыстың Нормативтік қаулылары құрайды. Сонымен қатар, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы», «Бала туралы Конвенция», «Нәсілдік кемсітудің барлық түрін жою жөніндегі Конвенция», «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы Конвенция», «Мәжбүрлі еңбек тіралы Конвенция», «Еңбек пен халықты еңбекпен қамсыздандыру саласында дискриминация туралы Конвенция», «Транс Ұлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күрес туралы Конвенция», «Ұлт азшылығына жататын тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы Конвенция» құрайды.

Магистрлік зерттеудің теориялық құндылығы. Бұл диссертацияның теориялық маңыздылығы, оның жалпы тұжырымдамасы алынған жаға ғылыми нәтижелер қылмыстық іс жүргізу ғылымының дамуына елеулі үлес қосады, себебі олар адам саудасына қатысты қазіргі заң жүйесін толықтырады.

Магистрлік зерттеудің ғылыми жаңалығы . Диссертациялық жұмыста адамды саудаға салу мәселелеріне кешенді талдау жүргізілді. Адам саудасы саласындағы қылмыстармен күресті жетілдіруге арналған төмендегідей нақты кешенді ұсыныстар жасалған:

1. Адам саудасымен, сексуалдық, еңбек немесе өзге қанаумен байланысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған жүйелі алдын алу іс-шараларын жүргізу.

2. ҚР ІІМ және оның аумақтық органдарының адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы бөлімшесінің кадр құрамы қосымша штат бірліктерін бере отырып жоғары білікті мамандармен күшейту.

3. Барлық облыс орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, адам саудасынан және басқа да кемсіту түрлерінен жәбір көрген әйелдер мен балаларға арналған баспаналар ашу.

4. Қазақстанда адам саудасы проблемалары жөніндегі ұлттық баяндамашы институтын құрудың мүмкіндіктерін қарастыру.

5. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп құқық қорғау органдары қызметкерлері мен жұртшылық өкілдері арасында адам құқықтары жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін курстар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру[5, 5 б. ] . .

Магистрлік зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. әуелі қорытындылары мен нәтижелерін заң шығарушылық және құқық қорғау қызметінде пайдалану мүмкіндігінде. Сонымен қатар, диссертация мазмұнындағы теоретикалық ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар оқу үрдісінде, «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру» арнайы курстары бойынша дәріс немесе семинарлық, тәжірибелік сабақтар өткізуде, осы мәселелер бойынша оқу құралдарын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Магистрлік жұмыстың зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы . Диссертациялық зерттеудің жекелеген негізгі теориялық тұжырымдары мен практикалық түйіндері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен республикалық мерзімдік басылым беттерінде баяндалып жарық көрді:«Адамды саудаға салу қылмыстарының түсінігі және оған қарсы күрес шаралары», І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 25-26 қазан, Талдықорған, 2013, «Білім-ғылым-қоғам: өзараықпалдастық мәселелері мен перспективалары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында, 3 бөлім. «Адам саудасы саласындағы қылмыстардың пайда болу себептері», І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 24-25 сәуір, Талдықорған, 2014, «Қазақстан жолы - 2050: Жас ғалымның көзқарасы» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми-практикалық конференция материалдарында, «Адам саудасы саласындағы қылмыстарды саралау барысындағы ерекшеліктері», ЖМУ Хабаршысы, Талдықорған, 2014, № 1.

Магистрлік зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша жалпы көлемі 1, 0 баспа табақ 3 ғылыми мақала ресми басылымдарда жарияланды.

Магистрлік жұмыстың құрылымы . Магистрлік жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Брінші бөлімде адам саудасы қылмыстарының түсінігі және даму тарихы, адамды саудаға салудың түрі ретінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы қарастырылған.

Екінші бөлімде ҚР заңнамасындағы адам саудасымен күрестің құқықтық қамтамасыз етілуіне, ҚР адам саудасын болдырмаудың саяси және құқықтық аспектілеріне, адам саудасы қылмыстарымен күресудегі ҚР мемлекеттік органдарының қызметіне талдау жасалған.

Үшінші бөлімде адам саудасына қарсы тұрудың халықаралық-құқықтық негізі, адам саудасы саласындағы қылмыстармен күресу мақсатында құрылған әмбебаптық және аймақтық ұйымдардың жұмысы жайлы айтылған.

1 АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Адам саудасы қылмыстарының түсінігі және даму тарихы

XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап адамзат өзінің экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени деңгейін көтеру жолында, еңбекпен қамтамасыз ету, неке және туристік компаниялар жамылғысымен құрылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың тұзағының тұтқындары болып қалды. Адамды саудаға салу «trafficking in persons, trafficking in humang being» деп адамдарды пайдалану мақсатымен адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру, түрлі мақсатқа пайдалану үшін алып кету, өткізу, жасыру немесе адамдарды алу үшін күш көрсету арқылы қорқыту немесе басқа да мәжбүрлеу нысандары арқылы, сондай-ақ ұрлау, алаяқтық, алдау, билікті теріс және асыра пайдалану немесе дәрменсіз жағдайды пайдалану, басқа тұлғаны қадағалайтын тұлғаның келісімін алу мақсатында төлеу түрінде немесе пайда көздеу арқылы сатып алу.

«Адам саудалау» ұғымы таяуда ғана қолданысқа енгенімен, оның түп төркіні болып саналатын«құлдық» ұғымы Қазақстан аймағында көнеден белгілі. Əдеткі құқықтың қылмыстық-құқықтықнормалары көшпенділік мəдениетінің принциптеріне негізделген ерекшелікпен сипатталады. Оны «номадалық мəдениет» деп атайды. Номадалық өркениеттің құрылу, даму жəне тасымалданып түрленупроцесіне Шыңғысханның- «Жаса» немесе«Жасаң» заңдылығы өз үлесін қосты [4, 47 - 49 бб. ] .

ХХҮІ ғасырдың басында Қазақстанда əлеуметтік қатынастардың реттеушісі Қасым ханныңзаңдары- «Қасым ханның қасқа жолы» болды. Ол өзіне Шыңғысханның «Жасақта» бекітілген əдеткіқұқық нормаларын қамтиды. Қазіргі заң техникасы ұстанымы тұрғысынан бүгінгі күнніңстандартына Тəуке ханның заңдары жақын келеді. «Жеті жарғы» - əдет нормаларын қорытындылаунəтижесі болып табылады. Патриархалдық-феодалдық қатынастарда əйелді некеге тұрғанға дейінкүйеуі өзінің заты ретінде, меншігі ретінде сатып алған. Көптеген халықтар сияқты қазақтарда даəйел қоғамда да, отбасында да күң жағдайында болды. Қалымның болуы əйелге мынадайқатынасты сипаттайды: əйел сатуға жəне сатып алуға болатын меншік ретінде, зат ретінде қаралды.

Қазіргі құқықтық заң бойынша18 жасқа жетпеген қызын басқа біреуге қалымға келін ретіндеберген ата-ана Қазақстан кодексінің жаңартылған133 бабымен«Кəмелетке жетпегенді саудалау» депжіктемеленіп қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал көрсетілген жастан үлкен болса, Қазақстан кодексінің128 бабымен «Адам саудалау» деп жауапқа тартылады.

1917 жылы Қазан оқиғасынан кейін патриархалдық- рулық тұрмыстың көріністерімен, оныңішінде адам саудасымен жəне соған туыстас іс-əрекетпен күресу саласындағы қылмыстық саясатқатаңдаңды. Бұрын Қазақ ССР-нің аймағында қолданылған қылмыстық заңдылық рулық тұрмыстыңқалдығын құрайтын қылмыстық іс-əрекетке мыналарды жатқызды: келін үшін төленетінжəнеалынатын қалым(196 бап) ; əйелді некеге тұрғызуға немесе некелеп бірге тұруды созуға мəжбүрлеу, демек некеге тұру үшін оны ұрлау(197 бап) .

1920 жылдың28 желтоқсанында Қырғыз Орталық атқару Комитеті мен Халық КомиссариатыныңКеңесі«Қалымды тойтару жөнінде» Декрет қабылдады. Онда мына түрдегі санкция болды: «екіжақты еркіндігінен бір жылға дейін айыру, оны алған адамдардың қалымдық мүлкін екі есеөлшемментəркілеу». Бүкіл одақтық Орталық атқару Комитетінің1924 жылдың16қазанындағы ХІ шақыруының2-сессиясында(СУ№79) «Ресей Кеңестік Федеративтік автономдық республикалар үшін қылмыстық кодекске толықтырулар жөніндегі» автономдық Қырғыз КСР үшін іс-əрекеттің келесі түрлерін криминалдау қарастырылған: құн алу; барымталау; қалым төлеу жəне қалым алу(230бап) ; əйелді күйеуге шығуға еркіне қарамай, мысалықалым төлеу жолымен мəжбүрлеу(231бап) ; екі əйел алу жəне көп əйел алу.

1996 жəне 1997 жылдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі қабылданды. Қылмыстық заңдардағы нормалар жекелеген өзгешеліктерді есептемесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 133 бабында «Кəмелетке толмағандарды саудалау» бабындағымен бірдей десе де болады. Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 2 наурызындағы«Қазақстан Республикасының адамсаудасына қарсы əрекет жасау мəселелері жөніндегі кейбір заңдылық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу жөніндегі» заңымен Қазақстан кодексінде адам саудалағаны үшін түзетулер енгізілді[5, 21- 23 бб. ] .

Қазақстан Республикасының2005 жылдың3 маусымындағы«Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы əрекет жасау мəселелері бойынша кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасының түсінік хатында былай деп жазылған: «Баспрокуратура мен Ішкі Істер министрлігінің адам саудасымен байланысты қылмыстардың ашылуына, жолын кесуіне жəне тергеуіне жасаған талдауы адам саудасымен байланысты қарастыратын113, 126, 128, 133баптарының жетілмегендігін растайды».

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 128 бабына сәйкес «Адамды саудаға салу»: «Адамды сатып алу сату немесе оған қатысты өзге де мәселелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай -ақ пайдалану мақсатында өзгеде әрекеттер жасау».

“Құлдық” сөзі заң әдебиеттерінде “адамдарды сату” терминінің синонимі ретінде қолданылады. Әрине бұл терминді қолданудың өзінің себептері бар, өйткені, адамдарды сату барысында, пайдаланушы өзінің иелігіндегі адамды дәл ерте кездегі құл иеленушінің іс әрекетімен тұспа тұс келеді. Яғни, мұнда бір тұлға екінші тұлғаның еңбегін, қызметін, физикалық қасиеттерін пайдаланады. Әрине олардың арасында ерекшеліктері бар. Оларды халықаралық құқық құжаттарында берілген дефиницияға сәйкес қарастырайық.

Ұлттар Лигасымен 1926 жылы қабылданған Құлдық жайлы Конвенцияда, «құлдық» деп меншік құқығы жүзеге асырылған адамның жағдайы немесе жай - күйі қарастырылады, ал еріксіздерді сату деп - адамдарды құлдыққа сату мақсатымен адамдарды кепілге алу әрекеті; адамдарды айырбастау және сату мақсатымен еріксіздерді иелену әрекету; адамдарды айырбастау және сату мақсатымен еріксіздерді жіберу әрекеті, сату немесе еріксіздерді алып өту әрекеті[6, 99- 102 бб. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
Адамды саудаға салу қылмыс құрамын шетелдік қылмыстық заңнамалармен салыстырмалы түрде талдау
Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Қарудың негізгі белгілері
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz