Омыртқасыз зертханалық жануарлар



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Ветеринарлық медицина және мал аруашылығы институты
Зертханалық 12
Апта № 14.
Тақырып: Лабораториялық жануарларды күтіп бағу және көбейтудін негізгі. Лабораториялық жануарларды пайдалану
Жоспары:
1. Кіріспе.
1.1 Зертханалық жануарлардың түрлері.
2. Негізгі бөлім.
2.1 Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту.
2.2 Омыртқалы зертханалық жануарлар
2.3 Омыртқасыз зертханалық жануарлар

Зертханалық жануарлардың түрлері
Зертханалық жануарлар - деп арнайы зертханаларда немесе хайуанатханалар (вивариумдер) жағдайларында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өндірістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады.
Зертханалық жануарларды - олардың ауруларын балау үшін, әр түрлі физиологиялық және патологиялық жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу үшін, химиотерапевтік және биологиялық препараттардың әсерін, керекті мөлшерін, т.с.с. әртүрлі зерттеулер үшін қолданады.
Зертханалық жануарлар негізінен екі топқа бөлінеді: омыртқалы және омыртқасыздар.
Омыртқасыз зертханалық жануарларға қарапайым құрттар, буынаяқтылар жатады. Зертханалық зерттеулер үшін қарапайымдылардың келесі түрлері қолданылады: амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, трипанасомдар, лейшманиялар, кірпікшілер (инфузориялар).
Зертханалық мақсатта құрттардың әр түрлі тоғышар түрлері қолданылады, яғни адам мен малда ауру тудыратын құрттардың маңызы зор.
Буынаяқтылардың ішінде негізінен қан сорғыш жәндіктер және кенелер қолданылады.
Барлық омыртқасыз зертханалық жануарлар аурудың дамуын, өту кезеңін және емдік шараларын зерттеу үшін қолданылады. Зертхана жағдайында омыртқасыз жануарлар арнайы колбаларда, пробиркаларда ұсталады.
Омыртқалы зертханалық жануарлар. Биологиялық зерттеулер үшін омыртқалы зертханалық жануарлардың 250- ден астам түрі қолданылады. Олардың кейбір түрлері ғылыми зерттеулер үшін зертханаларда немесе тұқымбақтарында - питомниктерде үнемі өсіріледі, мыс.: ақ тышқандар, ақ егеуқұйрықтар, теңіз шошқашықтары, қояндар, иттер, маймылдар және т.б. Ал кейбір зертханалық жануарларды эксперимент үшін аулап тұрады, мыс.: суырлар, дала тышқандары, балықтар және т.б. Сондай- ақ зертханалық мақсатта құстарда қолданылады, мыс.: тауықтар, көгершіндер, бөденелер, т.с.с.
Кей жағдайда биологиялық эксперименттер үшін ауылшаруашылық малдары қолданылады, мыс.: қой, шошқа, сиыр, жылқы, түйе, есек, қашар, қодас және т.б.
Кез келген дәрі-дәрмек түрлі химиялық қосылыстар қолданысқа түспес бұрын әр түрлі зерттеулерден өтеді. Яғни олардың адам немесе мал организміне әсерін білу үшін, ең алдымен зертханалық жануарларда фармакологиялық, токсикологиялық, радиологиялық, онкологиялық және т.б. зерттеулер жүргізіледі.

Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, өсіріп-көбейту
Зертханалық жануарлар хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулер үшін өсіріледі. Хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулерде қолданылатын, яғни тәжірибе барысындағы жануарлар ұсталынады.
Тұқымбақ (тәлімбақ) - Питомник - тәжірибеге пайдаланғанға дейінгі жануарлар өсірілетін жер. Зертханалық жануарларға арналған хайуанатханаларда (виварийлерде), тұқым-бақтарда -питомниктерде қолайлы микроклимат жасалуы қажет. Микроклимат дегеніміз - шектелген кеңістіктегі климат, яғни сол қора жайдың температурасы, ылғалдылығы, жарық-тылығы, зиянды газдардың шекті мөлшері, ауа қозғалысы зертханалық жануарлардың физиологиялық тіршілігіне кері әсерін тигізбеуі керек.
Қояндар торда 2-3-тен, ұрғашы, еркегі бөлек орналастырылады. Қояндардың жыныстық жетілуі 6 айда болады. Буаздығының ұзақтығы 28-32 күнге созылады. Туылған көжектер саны 1-12-ге дейін болуы мүмкін. Көжектер енесін 20 күнге дейін еміп, жұмсақ азықтарды біртіндеп қабылдай бастайды. Көжектерді енесінен 1-1,5 айында біртіндеп айырып, торларға қоңдылығына, жынысына байланысты 2-3 тен топтайды.
Теңіз шошқалары торда 4-5-тен орналастырылады. Теңіз шошқашықтарын шағы-лыстыруға 9 айдан кейін ғана жібереді және ұрғашысының салмағы 540г, ал еркегінің салмағы 630г кем болмауы қажет. Теңіз шошқаларын шағылыстыру үшін бос торға ең алды-мен еркегі, содан соң 4 ұрғашысы орналастырылады. Буаз теңіз шошқаларын жеке торларға ауыстырады, олардың буаздығы 2 айға, ал лактация кезеңі 1 айға созылады. 1 аналық теңіз шошқашығы 2-3-тен балалайды. 1 айдан кейін жас теңіз шошқаларын 5-6 бастан торларға орналастырады.
Ақ тышқандар торда 1 еркек 5-6 ұрғашыдан орналастырылады. Осы жерде тыш-қандардың шағылысуы, көбеюі және өсуі өтеді. Жыныстық жетілген тышқандардың салмағы ұрғашысінікі - 18-19г, еркегінікі- 19-22г болады. Тышқандардың буаздығы 18-25 күнге созылады, туылған кезде тышқандардың салмағы 1,5г болады. Тышқандарды 25-30 күндік жасында енесінен айырып, торларға 20-25 бастан орналастырылады. Бұл кезде жас тышқандардың салмағы 8-10г -ға жетеді.
Ақ егеуқұйрықтар үлкен торларда 2-3 еркек және 10-12 ұрғашыдан орналастыры-лады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту
Лабораториялық жануарларды пайдалану
Зертханалық жануарлар түрлері
Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану
Тірі табиғат бұрышында омыртқасыз жануарларды орналастыру және күту
Цитология және гистология түсінігі
Малдың клиникалық зерттеу, мәліметімен танысу
Омыртқасыз зоология пәнінен оқу дала практикасы (1-2 - курс студент практиканттары үшін, оқу іс - тәжірибесі)
“ШҚО 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау” өңірлік экологиялық бағдарламасы
Биологияны оқыту әдісінің ғылымдармен байланысы
Пәндер