Кодекс куманикус


КОДЕКС КУМАНИКУС құнарлы шығарма
Кабдулла Е. . Жетекші: Тайкпанова Д. А.
Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжі
Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады .
Мағжан Жұмабаев
1362 жылдың тамыз айы. Италияның оңтүстігіндегі әсем қала Венеция қасиетті храмдардың бірі Әулие Марк ғибдатханасына қайта өрлеу дәуірінің атақты ақыны Петрарка Франческо (1304-1374) көптеген кітаптармен бірге өзі оқып түсіне алмаған, сыртқы мұқабасында «Кодекс Куманикус» деп латынша жазылған қолжазбаны да сыйға тартты.
Онда автор ретінде белгілі бір адамның аты-жөні көрсетілмеген. Қолжазба готикалық көне жазумен XIV ғасырдың басында, дәлірек айтқанда, 1303 жылы Қара теңіз бойын жайлаған қыпшақтар арасында жазылған еді. Колемі 82 парақ (164 бет) .
Сол асыл мұра сандаған ғасырларды артқа салып қазақ оқушыларының да қолын тиді. Дәлірек айтсақ, 1978 жылдың басында ол Қазақ ССР ғылым академиясы Тіл білімі институты ғалымдарының (А. Құрышжанов, А. Жұбанов, А. Белботаев) қолға алумен бірінші рет қазақ тіліне аударылып, «Қуманша-қазақша жиілік сөздік» деген атпен жарық көрді. Аталған ғалымдар ЭВМ-нің көмегімен құман тілінің алфавитті жиілік, кері алфавитті диілік және жиілік сөздіктерін түзген. Олар мұны «Кодекстің» түпнұсқасы бойынша жасаған. Сондықтан да кітапқа жазылған аннотацияда дұрыс көрсетілгендей, аталмыш шығарма «қазақ тілі мен қазіргі қыпшақ тілдерінің тарихын зерттеу үшін аса құнды материал болып табылады».
«Кодекс» қолжазбесы негізінен екі бөлімнен тұрған. Алғашқысын ғалымдар «Итальян бөлімі» деп атаған. Өйткені сөздіктің осы Италия зиялыларының біреуі жазуы мүмкін. Себебі «жазудың орфографиялық ерекшеліктері мен сөз өрнектеу тәсілі осы іспеттес ойларға меңзейтін көрінеді. Сөздікті түзген адамдар не садагер, не жиһангер, әлде куушы әуесқой да болуы мумкін». Аталған бөлім ықщамдай айтсақ: «Ауа райы мен аспан әлемі», «Уақыт-мерзім атауларына байланысты сөздер», «Бес сезім мүшелерінің аттары», «Табиғат құбылыстарына байланысты создер», «Үстеулер», «Зат есім сөздері мен есімдіктердің септелу үлгісі», «Сауда-саттық істеріне істеріне байланысты сөздер», «Кейбір заттар мен құбылыстардың сапалық қасиеттерін білдіретін сөздер», «Ұсталар мен ісмерлік істеріне байланысты сөздер», «Етікшілікке байланысты сөздер», «Жазу-сызу жұмыстары мен әр түрлі қызметке байланысты сөздер», «Атақ-дәрежеге байланысты сөздер», «Асыл тас атаулары», «Адамның жақсы қасиеттері туралы сөздер», «Соғыс істеріне байланысты сөздер», «Ат әбзелдеріне байланысты сөздер», «Шөп атауларына байланысты сөздер», «Құс атауларына байланысты сөздер» секілді т. б. күні бүгінге дейін күгделікті қолданылып жүрген көптеген сөздерді қамтиды. Сөйтіп, бұл - Әбжан Құрышжанов айтқандай үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-құманша сөздік. Бөлімдегі құмансөздерінің жартысы латынша алфавитінің тәртібі бойынша латынша бағанада келтірілген етістік сөздерінің ізімен, солардың аударма баламалары ретінде берілген. Қалған жартысы лексикалық мағыналараны қарай топтастырылған саналуан есім сөздері (бірен-саран үстеулер мен қосымшалар бар) »
Жинақтың екінші бөлімі «Неміс бөлімі» деп аталады. Оны неміс миссионерлері жазуы мүмкін. Онда діни уағыздар, нақылдар, жұмбақтар, аңыздар, өсиеттер басым. Соған қарағанда бұның әдебиет тарихы үшін де мәні бар деген ғалымдар пікірінің дұрыстығын айту ләзім. Әсіресе мұнда ауыз әдебиетімізде кездесетін көптеген нақыл сөздер мен жұмбақтар ұшырасады. Тіпті қазіргі тілімізден өзгешелігі жоқ деуге болады. Сондай-ақ онда «Құманша-немісше сөздік», «Итальян поэзиясының үлгілері», «Әулие Луканың «Інжіл» кітабынан аударма», «Құман тілі грамматикасының латынша жазылған нұсқалары», «Қысқаша құманша-немісше сөйлемдер мен сөз тіркестері», «Құманша-латынша сөздік», «Құман тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі» де берілген.
«Осымен қолжазба бітеді. Оның бірінші беті мен соңғы бетеріне Венеция мен Франциядағы ұлттық кітапханалардың мөрлері басылған (алғашкы бетте үш рет, соңғы бетте екі рет) . Қолжазбаның сырты терімен қапталып, ол екі парақ ақ қағазбен бекітілген. Тері мұқабаның бірінші беті мен оның астыңғы жағына Венеция республикасының мөрі ойып басылған. Венеция Наполеон жаулап алғанда ең алдымен осы ғибдатхананың жазулы мүлкін Париж қаласына көшіруге әмір еткен. Бірақ олар бірнеше жылдан соң Венецияға қайтып оралған. Соның салдарынан «Кодекс Куманикус» те Венециядан Парижге барып қайтқан».
Сөздікті түзушілер «Кодекс» сөздігінің зерттелу жайы туралы да қызықты деректер қалдырған. Мәселен неміс ғалымы Лейбниц (1646-1716) : «Мен Петрарка кітаптарының каталогін көрдім. Солардың ішінде көніл аударғаным құман текстісінің сөздігі болды, бірақ қанша әрекеттенсем де ештеңе түсіне алмадым . . . Мен әрқашанда Дакияның әлдебір қараңғы түкпірінде құман тілінің бағзы бір іздері сақталып қалған болу кере деп ойлайтынмын, үйткені XIII ғасырда венгер королі құмандарды жақсы қабылдап, оларға жер бөліп берген еді . . . Олар орналасқан жер мадьярлар мекенінен Қара теңізге дейін созылып жататын еді» - деп жазған.
Лейбництен кейін «Кодекс» жайлы хабар берген ғалым ретінде Датил Корнидестің (XVIII ғ. ) аты аталғанымен, бұл қолжазбаны ғылыми түрде зерттеудің негізін салған шығыстану ілімінің бірлігі Генрих Юлий Клапрот (1783-1835) еді. Ол тұңғыш рет сөздіктің алғашқы бөлімін француз тіліне тәржімалап, Францияда бастырған соң, қыпшақ сөздерінің тұлғасын анықтап, мағынасын ашуға талпынған. Клапорт басылымы өзінің кейбір кемшіліктеріне қарамастан қыпшақ тілін дүние жүзіне танытты.
XIX ғасырдың аяғында шағарманы Венгр ғалымы Геза Кун түгелдей латын тіліне аударып, Будапеште бастырды да, бүкіл түркі әлемге жаңалық әкелді. Түркі халықтарының тарихын, әдебиетін, этнографиясын, әлеуметтік-саяси құрылысын, экономикалық шаруашылығын, діни сенім-наным зерттеп білудеГеза Кун еңбегінің мәні зор еді.
«Қыпшақ тілі сөздігімен» дәл Геза Кун аудармасы арқылы танысқан адам атақты туркі зерттеуші В. В. Радлов (1837-1918) болатын. Ол осы шығарманың қазақ тіліне өте жақын екенін баса айтқан.
Профессор Бейсенбай Кенжебаев (1904-1987) өз еңбектерінде «Кодекс Куманикс» сөздігіндегі жұмбақтар арасынан қазіргі қазақ арасында айна-қатесіз қолданылып жүрген төмендегі жұмбақтарды да келтіре кетіпті. Мысалы:
- Сенде, менде жоқ,
Сеңгір тауда жоқ,
Отта, таста жоқ,
Қыпшақта жоқ.
(Құс сүті)
- Ішер, жер, ініне кірер.
(Пышақ)
- Буы бар да, ізі жоқ.
(Кеме)
- Аузын ашса, өңмені көрінеді.
(Есік ашқанда көрінген үй ортасындағы от)
- Тап-тап тамызық,
Таматұғын тамызық,
Көлеңкеден кеп,
Күйтұғын тамызық.
(Көбелек)
- Ұзын ағаш басында
Ұлы бітіс бітірдім.
(Көсеу)
- Ақ үй, Аузы мұрны жоқ үй
(Жұмыртқа)
- Жазда жабулы тоқпас жатыр.
(Кірпі)
- Жазда жаулы қауыс жатыр
(Жатыр)
- Ерте тұрдым,
Алып ұрдым.
(Есік)
- Бесеуде бес ат,
Бесеуі де қасқа ат.
(Бес саусақ)
- Отырғаны оба
Жар басқаны бақыр шамат.
(Үзіңгі)
Сөздіктегі көне түркіше-қыпшақша ай аттары мынадай: наурыз - жаз айы, сәуір - ілік жаз айы (яки тоба), мамыр - жаз айы, маусым - соң жаз айы, шілде - күз айы, тамыз - орта куз айы, қыркүйек - соң күз айы, қазан - қыс айы, қараша - орта қыс айы, желтоқсан - әпек айы, ақпан - соң ай . . .
Рас, қыпшақ сөздігі жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты жасалғандықтан, онда қыпшақтармен бұрын-соңды көрші отырған, карым-қатынаста болған бірқатар халықтардың мәдени әсері байқалады. Атап айтқанда, ескерткіште, бір жағынан, ислам дінінің, араб, парсы мәдениетініе, екінші жағынан, христиан, католик діндері мен орыс, италиян халыктарының әсер-ықпалы бар».
Қазақ зиялыларының ішінде бұл шығарманы күні бүгінге дейін шұқшия зерттеп, көбірек көңіл бөліп жүрген профессор Әбжан Құрышжановю Ол 1956жылы дәл осы сөздікті зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясынан бастап, жоғарыда айтылғандай, қазірге дейін бұл тақырыптан қол үзген жоқ. Соның нәтижесінде ғана аталған асыл мұра өз оқушыларымен қауыша алды.
«Кодекс Куманикус» немесе «қыпшақ сөздігі» - орта ғасырларда ру-ру, тайпа-тайпа олып күн кешкен қазақ, қарақалпақ, қырғыз, қарашай, башқұрт, ноғай, қумық, қарайым секілді түркі тектес халықтар тілдерінің даму тарихын, олардың өзге лұғаттармен ара-қатынасын айқандап зерттеу үшін де аса қажет шығарма. Бұл сөздік төл тіліміздің ерте кездердегі ерешеліктері жайынан да көп мағлұмат береді. Өйткені мұнда жазылған «азық, балықшы, айран, ақшам, алма, ала, ас, асыл, көрік, балта, болмыс, бұғана, бұтақ, көбелек» іспетті 2940-қа жуық сөздің көпшілігі қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүр. Олай болса аталған шығарма тіл мамандарынан бастап, аспиранттар мен ізденушілер, филология, журналистика факультеттерінің ежелгі әдебиет тарихын оқитын студенттеріне де таптырмас көмекші құрал бола алады.
* * *
Жоғарыда XIII-XIV ғасырларда қыпшақтардың тек Дешті Қыпшақ деп аталған қазіргі қазақ даласын ғана емес, сондай-ақ Мысырды да билегенін, араб елдерінде олар мамлюктер деген атпен белгілі болғаны айтаған еді. Араб ауыз әдебиетінің күні бүгінге дейін өмір сүріп, ғасырдан ғасырға шеру тартып келе жатқан күрделі де келелі саламының бірі - халық риуайттары (романдары), қисса, науадирлері (әңгіме-аңыздары) . Бұлардың бірқатар қазақ фольклорындағы сияқты халықтың Отанды сүю басқыншы жаудан елді қорғау идеясынан туған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz