ЭССЕ ЖАЗУ СТРАТЕГИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ЭССЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. 1. Эссе құрылымы

1. 2. Эссенің ерекшеліктері, түрлері

1. 3. Эссе белгілері

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. ЭССЕ ЖАЗУ СТРАТЕГИЯСЫ

2. 1. Эссе жазудың мақсаты, шарттары мен алғышарты

2. 2. Эссе жазудағы қателер

2. 3. Эссе жазудағы тиімді тілдік оралымдар

3. ЭССЕГЕ ТАҚЫРЫП ТАҢДАУ ЖОЛДАРЫ

3. 1. Эссеге тақырып таңдау

3. 2. Эссенің жоспарын құру, үлгі

3. 3. Эссені бағалау тәртібі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әр дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдармен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі эссе - соны пікірлерге көбірек мән беріліп оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Сондықтан эссе жазу әдебін білу және оны түсініп, қолдану туралы мәлімет беру курстық жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Эссенің мақстаты - әр түрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі.

  • Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
  • Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
  • Оқырмандарды ақпараттандыру;
  • Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
  • Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа бөлеу;
  • Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
  • Іс-әрекетке түрткі болу.

Курстық жұмыстың міндеттері.

- Эссе құрылымын анықтау;

- Эссенің ерекшеліктері мен түрлеріне тоқталу;

- Эссе белгілерін жіктеу;

- Эссе жазудың мақсаты, шарттары мен алғышарты туралы мәлімет беру;

- Эссе жазудағы қателерді тізімдеу;

- Эссе жазудағы тиімді тілдік оралымдарды анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ЭССЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. 1. Эссе құрылымы

Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым -қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы-келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады.

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai-тәжірибе, лат. m. exagium-құрау) -философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе - еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі. Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес. Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Эссенің мақсаты - эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді қолдану.

Эссе жазу тәртібі әдетте үш қадамнан тұрады.

Кіріспе бөлім

Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады.

Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т. б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

Негізгі бөлім

Эссенің ең көлемді бөлігі. Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады.

Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап) . Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер және т. б. болуы мүмкін. Бір идеядан екінші идеяға ауысу үшін өту немесе ауысу сөздері мен фразалардың арқасында оқырманға мәтін мазмұнын игеруге көмек болады. (мысалы, сонымен қатар, одан басқа, тағы да бір себебі болып табылатыны… және т. б. )

Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:

Пайымдау

Түсіндіру

Мысал

Қорытынды пікір

Тұжырым

Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».

Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады. Алғашында оқушыларды эссе жазуға үйрету үшін еркін тақырыптан бастаған жөн деп санаймын. Эсседе ең бастысы тезистік пікір болуы керек. Егер тезистік пікір тақырыпқа сәйкес болмаса немесе жүйесіз құрылса, эссе ары қарай оқылмайды да, бағаланбайды да. Ал еркін тақырыпқа тезистік пікір жазу шығарма жазғаннан жеңіл. Алдымен эссенің тақырыбына ассоциация құрып, жалпы түсінік қалыптастыру керек. Тақырып туралы не білесің, не ойлайсың, осы туралы жазғанда тезистік пікір шығады. Келесі кезекте әрбір ұсынылған ақпаратқа дәлелдер мен мысалдар жазылуы тиіс. Бұл негізгі бөлімді құрайды. Қорытынды бөлім «эссемді қорытындылай келе», «сөзімнің соңында» деген сияқты түйіндеуге арналған сөздермен басталуы тиіс. Қорытынды бөлімде жаңа ойдың болмауы шарт. Соңғы бөлімде тек қана негізгі бөлімде қозғаған ойыңнан нәтиже шығару керек немесе ұсыныс білдіруге болады.

Эссенің шығармадан айырмашылығы

Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai -тәжірбие, лат. т. exagium - құрау) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазылу мақсатына қарай оған қойылатын талаптар да әртүрлі болады. Эссе жазушы мақсатқа сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып жазады.

Ал, шығарма - оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Шығарма - берілген белгілі бір тақырып бойынша жазылатын, міндетті құрылымнан тұратын, пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс. Шығарманың мақсаты -жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту. Шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу. Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Шығарма көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Сондықтан, егер эссе жазу керек болса, онда оны басқалардан ерекшелейтін, жанрлық сипатты ерекшеліктерін ескеруіңіз қажет. Дұрыс жазылатын эссе кәдімгі шығарма жазудан ерекшеленеді.

Көркем туындыны талдайтын шығарамаға қарағанда, эссе авторлық көзқарасты және оның осы мәселеге қатысты ұстанымын қамтиды. Сондай-ақ, эссені шығармадан ерекшелейтін ерекшеліктердің бірі - оның қарама-қайшылықты (парадокстылық) болуы. Яғни, жарқын бейнелер мен афоризмдерді және тосын пікірлерді қолдану арқылы оқырманды таңғалдырып, оған әсер ету.

Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен кезектестіріп қолдану керек. Бұл жағдайда мәтін оңай оқылуға жеткілікті серпін болады.

Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданбаңыз, әсіресе сөздің мағынасы шала таныс болса.

Мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді (фраза) аз қолданыңыз. Эссе автордың жеке басын көрсететін бірегей, жекеленген жұмыс болуы керек.

Әзілді өте мұқият қолданған жөн. Өйткені, сарказм және дөрекілік оқырманның ашуын келтіруі мүмкін.

Жеке тәжірибе, естеліктер мен әсерлерді көрсету - өз көзқарасыңды және оқырманның сенімін растаудың тамаша тәсілі.

Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз, және одан ауытқымай, қажетсіз мәліметтерді сипаттаудан аулақ болу қажет.

Эссені толығымен аяқтағаннан кейін, баяндаманың барлық жерінде ойдың дұрыс жеткізілгеніне көз жеткізу үшін, оны қайтадан оқып шығыңыз.

Эссені деректер мен зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып жазу - сенімділік танытудың керемет мүмкіндігі. Эссе, жоғарыда айтқанымыздай, оқушының сыни ойлауына, өз ойын дәлелдеу мақсатында аргумент пен факті ұсынуына негізделеді. Мәселен, "М. Әуезовтің «Абай жолындағы» Құнанбайдың образы" деген тақырыпта эссе жазатын болсақ, оқушы Құнанбайдың образын қай жағынан қабылдап, тани алды, соны дәлелдеп жазуы тиіс. Мысалы, Құнанбайды қатыгез адам деп таныса, онда Қодар мен Қамқаның өлімін мысалға алып, жайылымды тартып алу үшін келіні мен атасын өлімге кескенін аргумент ретінде пайдалана отырып, Құнанбайдың мінезін сипаттауы қажет. "Мұхтар Әуезов Құнанбайдың бұл әрекетін баяндай отырып, ел билеуші Құнанбайды қолындағы билікті өз мүддесіне жұмсайтын әділетсіз сұлтан ретінде көрсетеді" дегендей ойлар жазса құба-құп. Ал шығарманы мұндай аргумент не тезис ұсынып қажеті жоқ. Мұнда әдеби дүниелерге барынша мән берген жөн. Мәселен, Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасы жайлы шығарма жазу керек болса, ақынның аталмыш поэманы жазудағы көркемдік шеберлігі, әдеби әдіс-тәсілдері талданады. Ақынның поэманы жазудағы ойы мен идеясын талқыласа болады. Метафора, эпитет, шендестіру, теңеу сынды әдеби троп түрлері мен көркемдеуіш құралдарды анықтап, мән-мағынасын ашып жазса жөн болмақ.

1. 2. Эссенің ерекшеліктері, түрлері

1. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" - ойлау. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік сипатта болуы мүмкін.

2. Эссе - ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссе мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Мұғалім өзі істейтін мемлекеттік мекеме мен өз әрекетінің ерекшелігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу авторға өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп - салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйрену. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Мәселе бойынша авторлық позицияны қорытындылайтын, қорытынды, концепция және сөздікті қолдануымен өзі өткізген талдау жазылады. Тақырып ерекшелігіне қарай, эссе түрлері қомақты деңгейлік болу мүмкін. Кейбір кездерде оқитын тақырып бойынша мәліметтерді талдау болу мүмкін, бұқаралық ақпарат басылымдардан материалдардың талдауы және толық пікірлермен, мысалдарды іріктеу мен нақты талдау, мәселені суреттейтін және т. б. оқитын модельдерді қолданумен ұсынылған мәселені нақты талдау болып келеді. Эссе жазу- дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген түрі, бұл -сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эссе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жұмыстардағы сияқты ішкі логика болуы тиіс.

3. Эссе жанры еркін шығармашылықты болжалдайды. Оның жақсы ерекшелігі автор өз ойын өз еркінше кез келген тақырыпта жаза алады. Эссе - бұл қандай болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану, сол себептен эсседе басқа авторлармен (олардың пікірлерімен) пікірталас өрбиді. Басқа авторлардан цитат келтіруге болады, бірақ орынды және сирек қолданған жөн. Эссе - өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан дәйексөздер (цитата) аз болған да жақсы.

4. Эссенің алдында - автор тұлғасы. Оның ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы шығарма негізі болып келеді. Эссе жазуда қиындық туу мүмкін. Бұл тақырып, жазу стилін таңдау және кез келген мәселеге ерекше ой.

5. Эссе кез келген тақырыпқа: кәсіпорнының қаржылық-шаруашылық әрекетін талдаудан қоғам сатысына дейін бес абзац немесе жиырма бетке созылуы мүмкін. Бастысы, сіз жазып отырғаныңыз - «эссеге» жарайтын болғаны. Эссе француз тілінде «талпыну, тырысу» дегенді де білдіреді. Әдетте, эссе - өз көзқарасыңызды түсіндіру талпынысы, ал жақсы жазылған эссе үнемі ашық, түсінікті және ақпаратқа толы болады.

Эссе түрлері келесідей жіктеледі:

1. Сипаттамалық

2. Анықтамалық

3. Хабарламалық

4. Салыстырмалы немесе кереғар

5. Дәлелдеме

6. Аргументтік

7. Әдеби

1. Сипаттамалық эссе. Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің, заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестеткізеді.

2. Анықтамалық эссе. Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер, терминдер және (анекдоттар қолдану) арқылы берілген терминнің мағынасын ашу.

3. Хабарлама эссе. Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің басты мақсаты.

4. Салыстырмалы немесе кереғар эссе. Салыстырмалы немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат - жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.

5. Дәлелдеме эссе. Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.

6. Аргументтік эссе. Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару - бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.

7. Әдеби эссе. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.

Әдеби эссе - эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдебисинтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашылық эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әр түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе өз ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдеби салыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол 6 туындыдағы кейіпкерлерді, оқиғаны салыстыра отырып, талдап жазады. Әдеби-шығармашылық эсседе көркем туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады. Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар. Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады.

Әдебиеттанушы ғалымдар қазіргі эссенің бірнеше түрін анықтап көрсетеді, оның көп қолданатын басты түрлері:

Публицистикалық эссе,

Әдеби-сын эссе;

Әдеби эссе;

Философиялық эссе;

Ғылыми эссе;

Ғылыми-көпшілік эссе;

Классикалық эссе;

Тарихи - библиографиялық эссе.

Эссенің классификациялары.

Мазмұны жағынан эссе келесідей болады:

философиялық,

әдеби- сындық,

тарихи,

көркемдік,

көркемдік-публистикалық

рухани-имандылық және т. б.

Қалыптары бойынша эссе келесідей болады:

пікірсараптық,

лирикалық миниатюрлық,

ескертпелер,

күнделіктен жазбалар,

хаттар және басқа.

Эссе бөлінеді:

сипаттамалық,

баяндамалық,

рефлексивтік,

сындық,

талдаулық және басқа.

  1. Эссе белгілері

Эссе дұрыс жазу үшін оны басқа жанрлардан ерекшелейтін ерекшеліктерді ескеру қажет.

Эссенің негізгі белгілері:

Мәселені қамтитын және оқырманды ойлауға итермелейтін нақты тар тақырыптың болуы.

Автордың субъективті ұстанымы. Эссе автордың қалыптасқан проблемаға деген көзқарасының, дүниеге көзқарасының, сөйлеу мен ойлаудың болуымен ерекшеленеді.

Ауызша жазу стилі. Күрделі сөздер, ұзақ сөйлемдерден аулақ болу керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін стильді сақтау маңызды. Шығарманың мәтінін жаргонға толы стандартты емес мәтінге айналдырып, оны асыра алмау өте маңызды. Мәтінге қысқа, қарапайым және анық сөйлемдер, сөйлемдердегі әртүрлі интонацияны қолдану арқылы дұрыс эмоционалды түс беріледі.

Мәселенің егжей-тегжейлі талдауы. Өз көзқарасыңызды нақты материалға сүйену керек.

Салыстырмалы қысқарту. Бет шектеулері жоқ, бірақ эссе аз.

Тегін құрастыру. Эссе презентацияның сипатына ие, ол ешқандай нақты шеңберге сәйкес келмейді. Құрылыс мәселені әр түрлі жағынан қарастыруға тырысып, автор ұстанатын өзіндік логикаға бағынады.

Тұсаукесер қисыны.

Еркін шығармаға қарамастан, эссе автордың пікірін білдіретін тұжырымдардың ішкі бірлігі, дәйектілігі болуы керек.

Сонымен, очерк баяндаудың ерекше стилімен ерекшеленеді, оның мақсаты оқырманды ойлауға итермелеу. Автор өз көзқарасын талап етпейді, бірақ оқырманды оны ойланып, талқылауға шақырғандай.

Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы. Қандай да бір қатаң шек қойылмайды, әрине. Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады. Ресей университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады.

Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл - бір ғана сұрақ жауабы.

Еркін композицияға құрылуы - эссенің маңызды ерекшелігі. Зерттеушілердің айтуына қарағанда жақсы эссені тақырыпты жақсы білетін, оны әр қырынан көре алатын, оқушысына түрлі идеялар ұсынып, оның ойлануына түрткі жасай алатын адам ғана жаза алатын көрінеді.

Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал.

Бұл жанр оғаштығының бірі болуы ықтимал. Себебі, еркін композицияға құрылған, автордың субъективті көзқарасына құрылған эссе ішкі мағыналық бірлікті талап етеді. Ол дегеніміз негізгі тезистер мен дәлелдемелер, фактілер мен ассоциациясының үйлесімділігі барлығы ішкі бірлікте болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Сын тұрғысынан ойлау
Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Лекция тезистері
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) жоспары. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
СТО технологиясының стратегиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz