Дін мамандарынан ұлттық бағытты ұстануға қатысты сұхбат алсам



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Адам атаулыға берілген уақыттың өзіне белгілі үрдіс тән. Күндізгі уақытта тіршілік қазанының қайнайтын шағы болса, түн - сілтідей тынып, тыныштықпен адам жанының ішкі арпалыс кезі. Түнгі ұйқысыздықтан таң ата басқа мынадай ой түсті: Дін мамандарынан ұлттық бағытты ұстануға қатысты сұхбат алсам. Аталған ой сап ете қалғаннан, кімнен алатындарымды жоспарлап та қойғанмын. Олар мешіт имамы, дінтану пәнінен дәріс оқитын ұстазы, Діни басқарма саласының қызметкері болды. Мақаламның зерттеу бағыты мен мақсаты - бүгінгі қоғамда дін насихатшылары ұлттық құндылықтарды айтып, төл тарихи туындыларымыздың мән-мағыналы тұстарын ескеріп, уағыз немесе насихат жүргізуде ұлттық бағытты қаншалықты ұстанатынын айқындау турасында еді. Дәл осы серпіліспен нақтыланған 3 сұрақты дайындап алдым.
1) Дін мен дәстүр сабақтастығы қазіргі уақытта қалай жүзеге асып жатыр?
2) Бүгінгі қоғамдқ ахуалдарға байланысты дін насихатшылары, уағыз айтушы имамдар, теологтар көбіне хадистен, сахабалар өмірінен, араб мектептерінің ілімінен халыққа таратады. Осы тұрғыдан алғанда ұлттық тарих тамырымыздан, салт-дәстүрден, би-шешен, хандар өмірінен неге мысалдар айтылмайды?
3) Әлде, ұлттық бағытта саналы кеңес беруге, уағыз айтуға басқа өкілдік қажет пе?
Осы сұрақтарды телефоныма тізбектеп жазып, көңілге тоқып алған соң Байкен мешітіне қарай жолға шықтым. Кіре берген сәтте Ассалаумағалейкум деп ағамен амандық-саулықтан соң, жүрген шаруамды айттым. Түріме үрке қарады да, не туралы екенін бірінші сұрап, одан соң негізі сұхбатты орталық мешіт имамынан ғана алуға болатынын алға тартты. Осы жердің бас имамының отырар бөлмесін көрсетті де сыртқа шығып кетті. Бас имамның есігін қағып, кабинетіне үңілсем, жөндеу жұмыстары жүріп жатқандай кейіпте. Қарама-қарсы орналасқан Наиб-имам деген жазу ілінген бөлмеге бас сұқтым. Әрине, бәрі де өз орнында отыратын шығар деген оймен сәлемдесіп, келген шаруамды айттым. Бас имамның орынбасары арғы Құран оқылатын бөлмеде отырғанын айтып еді, менің Бас имам деп көнби тұрғанымды байқады да қандай тақырыпта, қанша сұрақ екенін сұрады. Бас имамның өзі болмай тұрса, осы кісімен сұхбаттасайын дедім де қолқа салдым. Азырақ уақыт бар екенін ескертіп, сұхбатқа рұқсат етті. Алдымен аты-жөнін анықтап жазып алуға сұрап едім: Данияр Жұмабаев, Байкен мешітінің бас имамы деп қойып қалды. Ішімнен бас имам орнына сөйлей бере ме екен деген күдік туды. Білдіртпестен алғашқы сұрағымды қойдым:
Сұрақ: Дін мен дәстүр сабақтастығы қазіргі уақытта қалай жүзеге асып жатыр?
Жауап: Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының арнайы 2014 жылды дін мен дәстүр жылы деп жариялаған. Оның аясында еліміздегі барлық мешітте дін мен дәстүр сабақтастыратын ұлттық құндылықтар, көне жәдігерлер, наурыз бен құрбан айт секілді мейрамдарды ұлттық нақышта атап өту жолға қойылды. Дін мен дәстүр кітабы жарық көрді. Қайырымдық шаралар, аламан бәйгелер ұйымдастырылған еді. Қазақы дәстүрдің біршамасы дінге негізделетініне куә болып отырмыз. Бала дүниеге келгеннен ат қою, бесікке салу, тұсаукесер, сүндет той бәрі де пайғамбарлар сүннеті аясында болғанын айта аламыз. Қыз ұзату, үйлену той, құда түсу сынды бәрі арабтардан келді деп айтуға болмайтын шығар, бірақ байланысы бар. Дәстүріміздің барлығы шариғатқа қайшы емес. Сонда қазақтарда дәстүр болмаған ба, барлығы арабтардан келген ба? деп көпшілік айтады. Негізінде атам заманан қазақ даласында дәстүр болған. Кейін ислам келгеннен кейін одан да жақсылары қалған. Шариғат - Алланың бұйрығы, дәстүр - әр халықтың ерекшелігі мен өзіндік менталитеті.
Сұрақ: Бүгінгі қоғамдқ ахуалдарға байланысты дін насихатшылары, уағыз айтушы имамдар, теологтар көбіне хадистен, сахабалар өмірінен, араб мектептерінің ілімінен халыққа таратады. Осы тұрғыдан алғанда ұлттық тарих тамырымыздан, салт-дәстүрден, би-шешен, хандар өмірінен неге мысалдар айтылмайды?
Жауап: Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, мүфтияттың барлық имамдарға қойған талабының негізі - кез-келген діни қызметкер уағызшы халқымыздың түсінігінің аясында бейімдеу уағыз айтылсын. Тек қана құран, хадиспен ғана емес, заман талабына сай Абай, Шәкһәрім атамыздың өлеңдері, қазақ мақал-мәтелдері, ұлы тұлғалардың өмірінен де тиек етіп айту керектігі жөнінде нұсқау бар. Жұма күндегі уағыздың барлығы бір жүйеге қойылған. Онда қазақи құндылықтар да дістүріміз де айтылады. Уақытысында діни білімді сырт мемлекеттерде оқыды. Қазір қазақ тілінде оқытатын өз медреселеріміз, Нұр-Мүбарак университетіміз бар. Осындай оқу ордасынан шыққан студенттер қазақи түрде уағыз жеткізіп жатыр. Біз тек қана араб тарихын, араб мәдениетін емес, өз тарихымызды айтуымыз керек-ті.
Сұрақ: Әлде, ұлттық бағытта саналы кеңес беруге, уағыз айтуға басқа өкілдік қажет пе?
Жауап: Кез келген мұсылман отанын, тілін, халқын сүюі керек. Мен де ойлаймын мұсылман адамның құдай алдындағы борышыңды өтеуімен қатар еліне, жеріне еңбегі сіңуі тиіс. Осы жердің суын ішіп, ел қорғауында отырмыз. Сондықтан ел дамуына үлес қосып, патриоты болуымыз керек. Кез келген адам баласы отанына қызмет жасауы қажет. Ол үшін арнайы ұлтжанды азаматтардың тобын құру керек емес. Елді қорғау - жердің әрбір тау-тасын, өзен-көлін бағалау. Елді қорғау - ұлттық салт-дәстүр барлығын ұрпағыңа сіңдіру. Елді сүю - ел азаматтарын құрметтеп, басшысы мен қосшысына дейін бәріне құрмет көрсету.
Сұхбат соңында наиб-имам кабинетінде отырған бас имам екен. Сөз аяғында осы мешіттің бас имамы Данияр Жұмабаев екенін айтып қалды.
Түйгенім мешіт имамдарының да ішінде ұлттық сана, мәдениет тұрғысынан да таным-түсінігі бар екені. Демек, қарапайым халыққа қоғамдық әр түрлі жағдайларға байланысты елдік тұрғысынан да сөз айтылады екен-ау. Мешіттен шықтым да дінтану пәнінен дәріс оқып жүрген университет оқытушыларының пікірін білу мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті философия және саясаттану факультетіне беттедім. Осы факультеттің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мирас Конусбекулымен әңгіме өрбіттік.
Сұрақ: Дін мен дәстүр сабақтастығы қазіргі уақытта қалай жүзеге асып жатыр?
Жауап: Менің ойымша, дәстүрден дін басымырақ. Бұрынғы ата-баба ұстанған дәстүр артта қалып барады. Сол себепті, елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласындағы өткенді жаңғыртудың бүгінгі жаңарудың басы деп ұғыну керек. Оның ішінде дінге қатысты Абай Құнанбайұлының қара сөздерін, өлеңдерін, Ыбырай Алтынсариннің Мұсылманшылық тұтқасы еңбегін, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын қарағанда ұлттық сенімге, дәстүрге негізделген діни пәлсафа жатыр. Қазір дінді ұстанып қана жүре беретін болсақ, қазақ екенімізді ұмыт қалдырамыз. Болашақ ұрпақ үшін күрескен ата-бабаларымыздың төккен қанын, бүкіл еңбегін зая кетіреміз. Мен діншіл емеспін және барлық дінге бірдей қараймын. Ең алдымен қазақпын, одан кейін мұсылман, христан болуым мүмкін. Дін мен дәстүр бір-бірінен алшақтап кетті де таза, пәк исламға емес, теріс ағымды бұрмалаған исламға кетіп барамыз. Өйткені, жастардың көпшілігі хиджабқа оранып алады. Ал,хиджаб исламмен бірге келмеген, бұрын да болған. Бұл Мұхаммед пайғамбар жөніндегі фильмнің өзінде ғалымдар дәлелдеген пікір. Сонда біз өз дәстүрімізді ұмытып, өзге бір халық дәстүрін сіңіріп алдық. Құранның өзінде хиджаб деген сөз де кездеспейді. Тек әурет жерлеріңді көрсетпей, жауып жүріңдер дейді.
Дін мен дәстүр сабақтастығы негізінде қарапайым халық екеуін бірдей алып қарамайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Діндер аралық диалогтың тағы бір ұстанымы оған қатысушылардың ашықтығы
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Маркетингтік ақпарат
Имидж танытудағы геобрендингтің рөлі
Жастар ҒЗО
Қазақстанның құқықтық демократиялық әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде дамуы
Сұрау әдістері
Діннің әлеуметтік құрылымы
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Пәндер