Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары


Жоспары:
I Кіріспе.
Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары
II Негізгі бөлім.
- Орыс философиясы және оның негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
- Қазақ халқының рухани мұрасын игерудегі ұлттық философияның рөлі
- Қос философия бүгінгі таңда
III Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер.
Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің, мамандардың шағын тобының нәтижесінде ғана емес, ол ұлттық рухани тәжірибенің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интелектуалдық әлеуетінің көрінісі. Яғни, кез келген ұлт үшін ұлттық философияның маңызы зор. Осы тақырып аясында орыс және қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталсақ…
Орыс философиясының орталық идеясы- адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру. Бұл деректерді білу орыс философиясын түсіну үшін өте маңызды, өйткені орыс философиясы тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Қазақ философиясы да басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Сонымен бірге, қазақ философиясы шешендік өнермен, ақын-жыраулар әдебиетімен бірге дамыды. Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бағытын, мүддесін және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуін айтуға болады.
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі - Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болуына байланысты. Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы деуге болады. Философиялық әдебиетте ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі үш бағыты атап керсетіледі:
- славянофил бағыты
- батысшылдар бағыты
- марксизм бағыты
- Славянофилбағыты өкілдері көзқарасының негізі - православие. Славянофильдіктің негізін қалаушылар:А. С. Хомяков, И. В. Киреевский, К. С. Аксаков, Ю. Ф. Самариндерболды. . В. Киреевский, К. Аксаков, В. С. Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл бір жағынан түсінікті, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал - шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен «орыс жанының» («загадочная русская душа») жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.
- Марксизмбағытынын негізгі өкілдеріВ. И. Ленин, Л. Д. Троцкий, Н. Бухарин, А. В. Луначарскийболғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңінен өтті. Марксизмнің ерекшелігі - философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең болды. В. И. Ленин 1922 жылы Ф. Э. Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, көзқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып. 161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға «Философский пароход» деген атпен енді. Бұл «еріксіз саяхатшылардың» қатарында белгілі философтар С. Л. Франк, Н. А. Бердяев, Л. Шестов, П. Сорокин, И. Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңнен басталды.
- Үшінші багыт - батысшылдарбағытының негізгі объектісі - адам және оның өмірінің мәні болды. Бұл бағыттың өкілдері қатарынаА. И. Герцен, Н. П. Огарев, К. Д. Кавелин, Т. Н. Грановскийсияқты ойшылдар жатады. Атап көрсететін бір ерекшелік - жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор - Ресейдің трагедиялық тағдыры. Өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес. Себебі, кез келген оқиға мен тұжырымдама өмірден үйрене отырып, қалыптасады деп ойлаймын.
Орыс космизмі. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орыстың философиялық ой-пікірінде ғарыштық философия пайда болды, оны орыс космизмі деп атады. Өкілдері: Н. Ф. Федоров, В. С. Соловьев, Н. Я. Умов, К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский, П. А. Флоренский, Н. Г. Холодный, А. Чижевский. Олар адамның космоспен бірлігі мәселесі, адамның ғарыштық табиғаты және адам іс-әрекетінің ғарыштық маңызды сұрақтарын қарастырды. Космизм тұжырымдамасы көптеген жағдайда Ресейде көп танылған эволюциялық көзқарасқа сүйенеді.
Орыс космизмнің екі бағыты бар :
1. Қияли ойға байланысты немесе дінге сүйенген бағыт. Діни идеялар
Н. Ф. Федоров, В. С Соловьев., П. А Флоренский. еңбектерінде көп.
2. Ғылыми немесе жаратылыстану іліміндегі прогреске байланысты. Оның өкілі: В. И. Вернадский өзінің биосфера мен Ноосфера, Жер мен Әлем рөлі туралы ілімдерін жасады, К. Э. Циолковский ғарышты игеру теориясын ұсынды.
Қазақ философиясы. Қазақ халқы ежелден табиғаттың тылсым күштеріне үңіліп, аспан денелерін қызыға зерттеп, өзінше жорамал жасап, ой түйген. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан.
Қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:
- Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.
- Екіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.
- Үшіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т. с. с. категорияларға терең талдаулар жасалады.
- Төртіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады;
- Бесіншіден, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болады, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді.
Қазақ философиясы жалпы «түркі философиясынан» бастау алады. Қайнар көзі аңыздардан, ертегілерден, дастандардан басталады. Көшпенді ел болғандықтан, оның бар байлығы тілі, бабадан қалған дәстүрлері, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер болды.
ХV-ХVIII ғ. ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады.
Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.
Қазақ философиясының мәні мен мақсатын, өзіндік нұсқасын, болашақта қалай, қай бағытта дамуы керектігін Абай шығармасы, Абай ілімі арқылы шығаруға болады . Абай ілімінде қазаққа, қазақ дәстүріне, діліне тән мазмұн да, сонымен бірге даналық жолымен дамыған, даналықты жүзеге асырған Батыс және Шығыс ойшылдарына, атап айтқанда, Сократ пен Платонға, Монтень мен Паскальға немесе Конфуций мен Буддаға ұқсас пайымдау да бар. Философияның басты нысанасы - адам. Нағыз философия адам танумен, адам жұмбағын шешумен айналысады. Сондықтан да философия адамды адам ететін, өсіретін, жетілдіретін, түзу жолға салатын даналыққа, білімге, білімнің нәрі, түпкі өзегі болып табылатын түсінікке айрықша мән береді. Тап осындай нағыз философияны, бізге қазір де, болашақта да керек болатын философияны Абайдан таба аламыз. Тек Абайды оқу керек, түсіну керек, игеру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz