Орхон- Енисей ескерткіштерінің көркемдік мәні, зерттелуі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев "Тарих толқынында атты кітабында: "Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата- бабаларымыз адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен. Еуразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен Ұлы дала ерекше рух пен дүниетанымды қалыптастырды. Түркілердің рухының серпінді қажыр-қайратының түп- тамыры да осында жатыр. Мұның айқын көрінісін эпостық жырлардан арғы ата-бабаларымыздың ұлан-байтақ дала төсіндегі көшіп-қонып жүрген бүкіл тіршілік- тынысынан, түйсік арқылы жұғысты болып отыратын салт- сана жиынтығынан аңғарамыз", - деп жазады.

Түркі қағанаты тұсында тасқа жазылған Орхон-Енисей ескерткіштерінің әлемдік өркениет тарихында алатын маңызы зор. Сондай-ақ, бұл ескерткіштер түркі халықтарының бұдан бір жарым мың жыл бұрынғы өресі биік мәдениетінің, төлтума философиясының, мәдени дәстүрінің ашық куәсі. Ендеше, даланың ерекше рухы, салт-санасы мен құндылықтары, түркінің өмірлік философиясы айшықталған осынау ежелгі жазба ескерткіштерінде мыңдаған жылдық тарихымыз бен мәдениетіміздің асыл қазынасы халықтардың арман- мұраты жинақталған десек қателеспейміз.

Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б. з. д. 6-7 ғ. ғ) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б. з ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей он бесінші ғасырдан емес, одан арғы дәуірден - көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді.

Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет кезеңі алтыншы ғасырдан басталып, жиырмасыншы ғасырға дейін созылған ұзақ мерзімді қамтыды. Қазақ әдебиеті тарихының өткен дәуірлері де осы қоғамдық құрылыстың негізгі даму кезеңдері- қалыптасуы мен нығаюы, дамып өркендеуі, дағдарысы мен тоқырауы, қайта дамып күшеюі, ең соңында, құлап ыдырауы сияқты тарихи жолдарына сәйкес келеді және де осы қоғамдық даму процесінің ерекшелітеріне толыққанды сипаттама жасайды.

Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи дәуірлерін бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән белгілері мен қасиеттерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет.

"Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет" ұжымдық монографиясында қазақ әдебиетінің көне заманнан он бірінші ғасырға дейінгі аралықты қамтыған кезеңі көне дәуір, ал он екінші ғасырдан бастап, Қазақ хандығы құрылған он бесінші ғасырға дейінгі кезең орта ғасыр кезеңі деп аталады. Көне дәуірдегі түркі жазба әдеби ескерткіштеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындылары, түркі және қытай халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби шығармалар, түркі-моңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар, көне түркі әдебиетіне жататын Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет мұралары- "Қорқыт ата кітабы", құмандардың "Кодекс Куманикус" жазба туындысы, "Оғызнама" дастаны, Қарахандықтар тұсындағы әдебиеттің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік"("Құт әкелетін білім") еңбегі, Махмұд Қашқаридің "Диуани луғат-ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдеби- поэтикалық үзінділер енеді. Бұл шығармалардың барлығын дерлік түркі тілдес халықтардың ортақ рухани байлығы деп бағалаған жөн. Он бірінші он екінші ғасырлар түркі тілдес халықтардың жазба әдебиетінің туып, қалыптасуымен байланысты болса, әрі бұл аралық кезең қазақ халқының қалыптасуы алдындағы дайындық кезең болғандығын да ескеру керек.

Біздің заманымызға дейін сақталып жеткен көне түркі әдебиетінің жазба ескерткіштерін көрнекті түкітанушы ғалым Х. Көроғлы шартты түрде екі топқа бөліп көрсетеді: руна жазуымен бедерленген тарихи- эпикалық туындылар және көне соғды жазуына барып тірелетін ұйғыр жазуы пайдаланылған этикалық-дидактикалық шығармалар.

Түркілер ислам дінін қабылдағаннан кейін көне түркі әдебиетіндегі ұйғыр жазуы біртіндеп ығыстырылып, араб жазуы кеңінен қолданысқа енді.

Руна жазуындағы тарихи-эпикалық түркі жазба ескерткіштерінің ең көне үлгілері түркі халықтары тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткерлері, ержүрек қолбасшы Күлтегін туралы Кіші және Үлкен жазулар, Шығыс түркі қағанатының атақты Қағандарының бірі Білге қаған туралы және оның кеңесшісі әрі әскер басы Тоныкөкті мадақтауға арналған жазулар Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзенінің бойынан табылғандықтан "орхон жазба әдеби ескерткіштері", ал Енисей өзені бойынан табылған жазулар "енисей жазба ескерткіштері" деп аталады. Көне түркі әдебиетінің бұл көне үлгілері құлпытастарға қашап жазылғандықтан руна жазулары деген атқа ие болған.

Күлтегін және Тоныкөк жазба ескерткіштерінде түркі қағанаты құрыла бастаған кезден сегізінші ғасырдың басына дейінгі тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Шығыс түркі қағанатының құрылуы мен нығаюы, түркі халқының Қытай билеушілер құлдығынан құтылуы, қаһарман қолбасшы Күлтегін мен басқа қағандардың, қағанның дана кеңесшісі әрі әскербасы Тоныкөктің сыртқы жауға қарсы әскери жорықтары баяндалады. Халық қошеметіне бөленген батырлар мен қағандарды дәріптеу, олардың ерлік істерін қаһармандықтың үлкен өлшемі ретінде мадақтау - Орхон ескерткіштеріне тән басты белгілер. Жазулардағы мәтіндер ел билеушілері мен халықты ата- бабаның арман- мұратына адал болуға, мемлекет басқарған қағандармен ауыз бірлікте болуға, елдікке, адамгершілікке шақырады, түркі мемлекетінің беріктігі мен біртұтастығын өзекті идея етеді.

Орхон жазба әдеби ескерткіштері көне заманда Орталық және Орта Азия мен Оңтүстік Сібірді қамтыған ұланғайыр аумақта түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ кең тараған әдеби тілі мен дамыған жазба әдебиеті болғандығын толық дәлелдейді. Көрнекті түркітанушы - ғалым И. В. Стеблева сөзімен айтсақ: "Күлтегін мен Тоныкөк жазуларын жанрлық жағынан тарихи- батырлық поэмаларға жатқызуға болады ғой деп ойлаймыз. Жазуларға патетиканың, замандастар мен ұрпақтарына үндеудің мол болуы оларға ұтымды күш пен нанымдылық беріп тұрады. Ғалымның Орхон жазуларын әдеби көркем туынды ретінде қарау жөніндегі бұл пікірін құптау керек. Себебі, Күлтегін және Тоныкөк жазба ескерткіштеріндегі теңеу, эпитет, гипербола сияқты көркемдік бейнелеу құралдары мен мақал-мәтелдер бұл жазулардың көркем шығарма екендігін айғақтай түседі. Екінші жағынан алғанда бұл жазуларда өмір шындығын тарихи оқиғалар негізінде баяндаумен қатар әсірелеп суреттеп, тарихи-көркем шығармаға ыңғайлы етіп жазу анық байқалады.

Енді шамалы зерттеулерге тоқталып кетерлік. 1847жылы Минусинск округінде руникалық жазу ескерткіштерінің жаңа түрі табылады. Оны тапқан-М. А. Кастен деген кісі. Бұны Г. Спасский 1857 жылы басып шығарды. Бұл ескерткіштің тексі 1859 жылы тағы жарияланады. 1847 жылы Н. Попов зерттеген Орхон жазуларының жаңа нұсқалары табылады.

Жер-жерден табылып жатқан, хабарланып жатқан мәліметтерге енді дүние жүзі ғалымдары көңіл аударып, әр түрлі экспедициялар, іздеу жұмыстары ұйымдастырылады.

1887-1888 жылы фин ғалымы Ж. Аспелин арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзенінің бойындағы жазуларды зерттеп қайтады. Оның материалдары 1889 жылы жарияланады. Аспелин 1889 жылдың өзінде Одесса қаласында өткізілген Археологиялық съезде жасаған баяндамасында Орхон- Енисей жазуының сырын ашу үшін оны солға қарай оқу керкектігі жөнінде жорамал айтады.

Өзіне дейінгі зерттеушілердің пікіріне талдау жасай келіп, Н. Я. Ядренцев 1885 жылы үлкен мақала жазады да, 1889 жылы "Орыс географиялық қоғамының" Шығыс-Сібір бөлімі арқылы экспедиция ұйымдастырды. Ол сол жылы Күл-Тегін мен Могилян ханға арналған ескерткіштерін тауып қайтады. Күл-Тегін ескерткішінің сыртқы бетіндегі қытай тілінің иероглиф өрнегі дүние жүзі ғалымдарының назарын аудартып, олар соның көмегімен Орхон жазуының мағынасын ашуға тырысады. Содан соң, Г. Гейкель ұйымдастырған фин ғалымдары, В. В. Радлов бастаған орыс зерттеушілері экспедициялары да барып қайтады. Олар жүргізген жұмыстардың қорытындысы өз алдына жеке-жеке еңбек болып басылып шығады.

Енді осы табылған дүние жүзін шулатқан ескерткіштердің жазуын оқу мәселесі қолға алынды. Дания ғалымы В. Томсен ең алдымен ондағы әріптердің өзара тіркесу сырын, ондағы фонетикалық заңдылықтарды қарастырды. Ол ондағы кейбір таңбалардың бір-бірімен өзара іліктес келіп, кейбірінің керісінше, бірімен-бірі жанаспай тұратынына көңіл аударады. Мұндай құбылыстарға қарап, В. Томсен Орхон-Енисей жазуының дауысты дыбыстардың қолданылуында жуанды- жіңішкелі болып айтылатын екі түрлі жүйе бар екенін аңғарады. Осыған байланысты түркі тектес халықтардың тілдік ерекшелігі-үндестік заңы туралы сырды ашады.

В. Томсенның оқу тәсілімен 1894 жылы 19 қаңтар күні - В. Радлов Күл-Тегін ескерткішін қайта аударды.

Орхон-Енисей жазуы ескерткіштерін оқу, транскрипциялау, аудару және зерттеу жұмысына одан әрі ат салысқан ғалымдар көп болды. Ол материалдарды пайдалана отырып, ғылыми-зеттеу жұмыстарын жүргізді, тарихи лингвистикалық, этнографиялық т. б. еңбектер де жарық көрді. 1896-1897 жылы Әулие-Ата - қазіргі Жамбылдың Талас өзені бойынан Каллаур деген адам, археолог Г. Гейкель екеуі рун жазумен жазылған бес тас тапты. Алтай өлкесінен, Тувадан, Хакас автономиялы облысынан түрлі рун жазуы бар түйреуіш, түрлі әшекейлі тастан жасалған ыдыс-аяқтар табылған. Ондағы жазулар да өзінің шешімін тапқан.

1909 жылы Шығыс Түркістанда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде Лекокк, Грюнвель, А. Штейн және С. Ольденбург қағазға жазылған жаңа текстер тапқан. Сол жылы С. Рамстед басқарған экспедиция Монғолия жерінен Сүджа, Селенгі жазуларын тауып қайтады.

Түркі руникалық жазуының шығу тарихы жөнінде айтылған пікірлер, ол туралы әр түрлі болжамдар қамтылған әдебиеттер көп. В. Томсеннің пікірі бойынша бұл алфавит б. э. 3ғ. Пехлеви тобына жатады да, кейін арамей жазуының құрамын туғызған.

О. Доннер деген ғалымның да жобасы осыған келеді. Ол көне түркі таңбаларының кейбіреуі пехлеви монеттеріндегі таңбалармен ұқсас дейді.

19-шы ғасырда Н. Аристов көне Сібір азбукасы түркі таңбаларынан құралған десе, П. Мелиоранский де осыған саяды. С. В. Киселев өзінің Алтай жерінен тапқан біраз жазбаларына сүйіне отырып, руникалық жазу арамей жазуы да алфавитке әсерін тигізгенін айтады.

Қазақстанда соңғы жылдары руникалық жазуға ереше мән беріліп, ескерткіштер тілі зерттелуде, этимологиялық түсініктер беріліп, әркім өзінше пікір, жорамал айтуда.

О. Сүлейменовтің алфавит бір аңшының ойынан не бір белгінің түрінен жасала салуы мүмкін емес деуі өте дұрыс. Ол әр халық өз алфавитін бұрынғы жазу үлгілері таңбаларын өзгерте отырып жасауы мүмкін деген ойды айтады. Біздің жыл санауымызға дейін қолданылған алфавиттер мен кейінгі дәуірімізде қолданылған алфавит салыстыра келіп, бұлардың арасында заңды шартты таңбалық байланыс бар деген ойға тоқталады. Яғни, В. Томсен, О. Доннерлердің пікірін жоққа шығармайды. Пехлеви, арамей, еврей, ассерия, парсы, феники, семит, иран алфавиттерін салыстыра отырып, қатаң, ұяң дауыссыздардан түгел қабылданғандығын, бірақ граматиктерін сингорманизм заңдылығына ыңғайлап өзіндік өзгерістер, таңбалар енгізген болуы керек дейді. Бұл таңбалардағы өзгерістер әр қоғам тұсындағы халықтың тағдырынан, тарихынан хабар бере алуы әбден мүмкін.

Көне түркі жазба ескерткіштері, жалпы таңбалану ұқсастығына, табылған аймақтарына қарай, Орхон-Енисей жазуы деп аталып келеді. Зерттеушілердің анықтауы бойынша ескерткіштерде тілдік айырма, әр түрлі территориядан табылғандығына, таңбалануындағы сәл де болса айырым белгілеріне қарай 3 топқа келеді.

1. Енисей жазуы ескерткіштері.

2. Талас жазуы ескерткіштері.

3. Орхон жазуы ескерткіштері.

Енисей жазуы ескерткіштеріне Енисей өзені бойынан, Алтай өлкесінен, Тува автономиялы облысынан, Красноярск өлкесінен табылған әр түрлі сипаттағы ескерткіштер жатады.

Бұл ескерткіштерді табуға әр жылдары әр түрлі ғалымдар, әр түрлі маман иелері, экспедициялар өз үлестерін қосты. Қазір бесінші, сегізінші ғасырларда қолданылған, ең бір көне ескерткіштер болып саналатын Енисей жазуы ескерткіштерінің саны 145. Бұл ескерткіштердің текстерін оқып, транскрипциясын жасауға, аударуға, баспа бетінде жариялауға көптеген ғалымдар еңбек сіңірді. Оларды атап айтатын болсақ, В. В. Радлов, В. Томсен, П. М. Мелиоранский, С. Е. Малов, Х. Н. Оркун, В. Л. Котвич, И. А. Батманов т. б.

Талас жазуы ескерткіштеріне сол Талас өзені бойынан табылған әр түрлі көлемді, әр кезде табылған ескерткіштер жатқызылып жүр. Ол ескерткіштердің табылуына, оқылуына, аудармасын жасауға ғылыми пікірлер айтуға әр түрлі мамандық иелері-В. А. Каллаур, археолог Г. Гейкель, тюрколог В. В. Радлов, Ю. Немот, С. Е. Малов, Х. Н. Орхун, М. Мелиоранский, археолог-топограф Н. Кожмияко, И. А. Батманов ерекше еңбек сіңірді. Талас ескерткіштерінің жалпы саны-13.

Орхон ескерткіштеріне Орхон, Селенгі, Суджа, Онгин өзендері бойынан, Минусинск ойпатынан табылған Құтлығ қаған, Білге қаған, Күл-Тегін, Тоньюкук, Мойын-Чор, Кули-Чор, Суджы т. б. ескерткіштері жатқызылады.

Күлтегін (684-731) - ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ(Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Білге қағанды күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындайды. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады.

Күлтегін 47 жасында, 731 жылы, өмірден өтеді. Інісінің өлімі Білге қағанға қатты батады. Оған көңіл айтуға елшілер жер-жерден келеді. Інім Күлтегін қайтыс болды, өзім қатты ойландым. Көрер көзім көрместей, білер білгім білместей болды. Уақыт өз дегенін істейді. Кісі баласы тек өлгелі жаралған ғой деп қатты қайғырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон жазба ескерткіштерінің тарихи негізі
Ежелгі түркі әдебиеті
Орхон ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Орхон-енисей жазуының зерттелуі
Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Орхон - Енисей ескерткіштерінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz