Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

БАЛАЛАРДЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ӘН АЙТУҒА ҮЙРЕТУ

Кіріспе

Жоғары оқу орындарының музыкалық білім беру саласының алдында тұрған маңызды міндет, қоғамның адамзатқа ұсынып отырған қазіргі заман талаптарына сай, өсіп келе жатқан ұрпақты өз деңгейінде оқытып, тәрбие бере алатын музыка пәнінің мұғалімдерін дайындау.

Кәсіби маман дайындау барысында, студенттердің вокалдық өнер саласында алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен түрлі көркем-өнерпаздық жұмыстарға дарыта білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажетті екендігі айқындалады.

Жоғары білім беру кешеніндегі оқыту мақсатынан туындайтын аталған пәннің негізгі міндеті, академиялық ән салу мәнерін қалыптастыратын вокалдық-педагогикалық біліммен қаруландыру және осы кәсіби ән салу қағидаларынан алған білімдерін оның әдістемелік принциптерін бала дауысымен жұмыс барысында пайдалана алу.

Осы жоғарыда аталған міндеттерді шешуде «Балаларды жүйелі түрде ән айтуға үйрету» атты оқу құралдың қосатын елеулі үлесі бар. Оқу құралда, балалардың дауыстарын тәрбиелеу, вокалдық дағдыларын қалыптастыру және олардың дауысымен жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс жүргізудің әдістемесі берілген.

Жалпы ережелер

Ән салумен бала жастан айналысудың пайдалылығы туралы мәселе бұрыннан-ақ зерттеліп, оңды түрде шешімін тапқан. Орта ғасырдың өзінде 7 жастан балалар қабылдайтын мектептердің болғаны туралы вокалдық әдістеме мен педагогика тарихының материалдарынан білуге болады.

Сондай-ақ 6-7 жастан бастап ән салуға үйреткен Италия мен Францияның да вокалдық мектептері танымал. Бұл мектептер өте ежелден ашылған. Өкінішке қарай, ең алғашқы кезеңнің өзін айтпағанда, ХVІІ-ХVІІІ ғғ. оқыту әдістемесі туралы нақты, жүйелі мәліметтер жоқ, алайда кейінгі әдеби мәліметтерге сүйенсек бұл мектептер тамаша жемісін берген көрінеді.

Көптеген ғалымдар мен педагогтар, әсіресе М. И. Глинка (1836), А. Е. Варламов (1840), М. Н. Глубоковский (1889), д-р Авеллис (1899), М. Успенский (1900), И. И. Левидов (1933-40 жж. еңбектері), М. Харди (1939), Р. Мольмен (1943), М. И. Фомичев (1949), Е. М. Малинина (1933-1940 пен 1953), В. А. Багадуров (1953) тағы басқалар балалар дауысын дамыту мәселесімен айналысқан.

Бала жаста ән салудың пайдалылығы мен мүмкіндіктері туралы осы зерттеулер мен пікірлерді талдай келе біз екі көзқарасқа тоқталуды жөн көрдік.

Авторлардың көпшілігі ерте жастан ән салуға болады және пайдалы деген пікірмен келіседі.

Олардың барлығы балалар даусын шаршатпау керек екенін, қысқа ғана, үзіліс жасап жалғастыруды ұсынады, дәрістерде ән салу тапсырмалары балалар даусының кішігірім көлеміне сәйкес келу керек дейді. Бұл авторлар балалар даусын алдын-ала өңдеу есейген шақта ән салуға үйретудің қиыншылықтарын өте жеңілдетеді дегенді мақұлдайды, өйткені көмей осы кезде барынша дамиды және икемді болады екен. Дәріс кезінде: балаларды тым жоғары немесе өте төмен, сондай-ақ өте қатты дауыстап ән салуға мәжбүрлеуге болмайды. Ән салғанда терең тыныс алу қимылдарының арқасында тыныс алу органдары қатаяды деп есептейді авторлар, ал бұл балалар денсаулығының жалпы күйі үшін пайдалы болып табылады.

Біз дәл осы көзқараспен келісеміз. Ән салу оқушылар денсаулығының жалпы жағдайын нығайтып қана қоймай, тыныс алу, есту және дауыс шығару органдарын сауықтырады, есту қабілетін дамытады, сонымен қатар балалар тәрбиесін дамытады, көркемдік талғамды тәрбиелейді, яғни баланың жалпы дамуына оң ықпал етеді.

Екінші көзқарасты 1899 жылы д-р Авеллис, ал 1949 жылы М. И. Фомичев білдіреді. Екі автор да балалар даусының аппаратын шамадан тыс жүктеу мақсатқа сай болмайды деп есептейді. Олардың көзқарасы үздіксіз өсуші дауыс аппараты ерекше нәзік, тыныштықты қалайды дегенге саяды, сондықтан балалармен ән салумен айналысатын мектептерде бұл өнер сабағына қарағанда, «гимнастикаға» жақын болып келеді (Авеллис) . 1 Қыздармен де, ер балалармен де организмді толық қалыптастырмай ән салумен айналысу нәтижесіз болып саналады. Жалпы музыкалылықты дамыту үшін кейде балаларға ән айтқызған жеткілікті. (Фомичев) 2.

Елімізде жалпыға ортақ музыкалық тәрбиені жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болған кезде балалар даусын сақтау туралы мәселе алға тартылған болатын. Мұндай қажеттілік нәтижесі бақылаусыз ән салу мен дауысқа көңіл бөлмеуге алып келген бала даусының жағдайындағы жаппай сәтсіздіктен туындаған.

Балалар даусының ерекшеліктерін терең білуге, оның дамуының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге және қалыпты дамуды қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдерді өңдеп шығаруға деген қажеттілік пайда болды. Осындай зерттеулерді алғашқылардың бірі болып И. И. Левидов бастады.

Құнды зерттеулері қаншама еңбеке арқау болатын білікті педагогтардың теориялық пікірлері әрдайым дәлелденді және олардың жеке вокалдық, сондай-ақ хор сабақтарында бірегей қағидалар бойынша жүргізілетін жұмыстары практикалық көрсетумен күні бүгінге дейін дәлелденуде және жоғары көркемдік деңгейге қол жеткізуде.

И. И. Левидов балалар даусын қорғау мен тәрбиелеу қажеттілігін дәлелдеп барлық вокалдық конференцияларға қызу түрде қатынасты. Педагогтар дауысты «қорғауға» түсіністікпен қарау керек және белгілі жүйеде, дауыс режимін сақтай отырып жүргізетін дәл жүйелі оқыту сияқты жүзеге асыру керек деген тұжырымға келді. Көптеген педагогтар И. И. Левидовқа қарсы болды, қызу пікірталастар туындады.

1940 ж. Бүкілодақтық вокалдық конференцияда И. И. Левидовтың баяндамасы бойынша қатысқан А. Б. Гольденвейзер негізінде бала жастан ән салуды үйретуге қарсы еместігін білдірді, бірақ балаларды жақсы педагогтар бар жерде оқыту керек екенін басып айтты. Ол тарихи мысалдарға сақтықпен қарауға кеңес берді, өйткені тарих бір Паттиді тәрбиелеген педагог қаншама балалар даусын құртып алғаны туралы мәлімет бермейді. А. Б. Гольденвейзер осы сөздерімен балалармен ән салғанда аса сақтықпен жұмыс істеу керек екенін басып айтты.

Бүгінгі таңда ән салумен бала жастан айналысу мүмкіндігі мен пайдалылығына қатысты мәселе шешілген болып саналады. Балалар мен жасөспірімдер дауысы балалық шақтан бастап ән салуға болмайтындықтан емес, оның себебі - осы дауыстарға тәжірибесіз олақ қарағандықтан бұзылады екен.

Осыған байланысты ерте жастан оқыту мен тәрбиелеудің үйлесімді жүйесін құру туралы мәселе қаралды, оқытудың барлық бөлімдерінде белгілі жүйе құру туралы мәселе өте маңызды болып табылады.

Бұл сөзсіз түрде, ән салуға да қатысты. Ұжымда балаларды міндетті түрде жалпыға ортақ оқыту мен тәрбиелеу кезінде педагогтардың әрбір баланың жеке дамуына деген кейде ұмыт болатын немесе түрлі себептермен орындалмайтын жауапкершілігі басты назарда болуы тиіс. Әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін дамыту жөнінде қамқорлық жеткілікті танытылмайтын жағдайлар болады. Осы екі кезеңді байланыстыру қажет; ұжымда оқыту басталысымен барлық балалардың және сонымен бірге олардың әрқайсысының шығармашылық мүмкіндіктерін біртіндеп және жүйелі дамыту үшін жағдай жасау; мұны сонау бала бақшаларда, одан кейін білімнің іргетасы қаланатын жалпы білім беру мектебінде жүзеге асыру керек.

Орыс классикалық музыкасының негізін қалаушы, балалармен ән салумен айналысқан кемеңгер М. И. Глинканың қысқаша әдістемелік нұсқаулары мұра боп қалды, олар қазір балаларды ән салуға үйретудің негізін қамтиды деп айтуға болады.

Жаттығуларды примарлық дыбыстардан (еркін алынатын дыбыстар) бастау дауыс жасаудың шынайылығын, еркіндігін қамтамасыз етеді.

Диапазон ортасын нығайту (диапазон ортасы, оның шеткі дыбыстары ерте пайдаланылмай, барлық дыбыстар еркін алынатын оның бөлігі) диапазонды шынайы дамыту, оны біртіндеп жоғары-төмен кеңеюін қамтамасыз етеді.

Жаттығуларда «а» дауыстысын пайдалануды ұсына отырып М. И. Глинка барлық дауыстылардың дұрыс қалыптасуын (оларды бейтараптандыру, «жинақтау») қарастыра келе (ашық «а» дыбысына қарсы) «итальянды» қосады; яғни «а» дыбысын тарлау, біршама жинақтылау, айқайламай айтуға мүмкіндік беретін дұрыс бұлшық ет қимылдарына қол жеткізу керектігін айтады. Ән айтушылар «а» дыбысын жинақтап айтуды үйрене келе басқа дауыстыларды да қалыптастыру үшін дағдылы қимылдарды өңдейді (олар да солай жинақталып, көркемді айтылады) .

«Нотаға дәл түсу» кеңесін сондай-ақ дұрыс дыбыс жасау мен көркемдік орындауға қол жеткізуге мүмкіндік беретін қимылдарды алу үшін орындау қажет.

Ән салғанда дауыс «дұрыс» болу керек деген ескерту өзін бақылауды, яғни өзін тыңдауды үйрету арқылы дамытуға болатын дауыс ырғағының тазалығына қатысты; егер де есту зейінін, естуді қабылдауды дамытсаң, яғни музыкалық есту қабілетін тәрбиелесең бұл мүмкін болатын нәрсе.

М. И. Глинка «еркін» (қатты емес, жәй емес), - яғни күштеусіз, жылдамдатусыз, алаңдамай, шынайы ән салуды ұсынады.

Осы шарттардың барлығын орындау « . . . барлық дыбыстарды бірдей күшке және еркіндікке жеткізуге . . . » себепші болады, яғни нәтижесінде барлық қимылдар үйлесімді, дағдылы болады және дауыс бүкіл диапазонда бір қалыпты, көркемдік жағынан құнды, сау және икемді, түрлі қиындықтағы әндерді орындауға дайын болады.

Балалардың ән салу дағдыларын дамыту бойынша жұмыс ұқыпты жүрген сайын барынша шығармашылық мүмкіндіктерді танытуға, музыкалық талғамды, музыкалық мәдениетті дамытуға жағдай жасалады.

Мектептің бастауыш сыныптарында ән салумен айналысу қаншалықты жүйелі түрде жүргізілсе, мұғалім оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерімен соншалықты санасады, қыз балалардың жыныстық жетілу кезеңінің алдында дауысты одан әрі қалыпты дамытуға мүмкіндік беріледі. Меңгерілген бейімділіктер балаларға өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңуге себепші болады, олар үшін осы кезеңнің белгілері әрқалай пайда бола бастайтын жаңа жағдайды жеңілдетеді.

Өтпелі кезең арасында нақты шекара жоқ, біз осы шекараларды әр бала үшін бірдей анықтай алмаймыз. Сондықтан да балалар даусындағы өзгерістерді, әсіресе 10 жастан кейін мұқият, тұрақты бақылау талап етіледі, ол кезде өзгерістер біртіндеп пайда болып, көбіне дауыс ерекшелігінде байқалатын болады.

Сонымен «Ән айту» мамандығы бойынша дәрістерге вокалдық дайындығымен қатар, әншілік тәжірибесі болмаса да, бір қатар қажетті вокалдық және музыкалық мәліметтерден хабардар, дауыс аппараты мықты, физикалық тұрғыдан жеткілікті дамыған, таңдаған мамандығына қызығушылық білдіретін балалар мен 8-15 жас аралығындағы жас -өспірімдермен жұмыс жүргізіледі.

«Ән айту» мамандығын қалайтын талапкерлердің мәліметтерімен танысқаннан кейін ән салатын дауысты, музыкалық-вокалдық есту қабілетін, музыкалық зердені, сезім ырғағын, жалпы даму деңгейін, психика жағдайын, сөйлеу дефектісін жоюды орнатып алу қажет.

Талапкерді жасына, мәліметтердің жағдайына қарай, аталмыш сыныптың тарихи-теориялық кезеңінің пәндері бойынша оның білімінің көлеміне сәйкес бірінші, сондай-ақ келесі сыныптарға қабылдауға болады.

Вокалдық және музыкалық мәліметтерге ие 12 жасқа дейінгі ер балалар үшін алдағы кезеңде дауыс мутациясының ерекшеліктерін ескере келе ән сабағын музыкалық аспаптардың бірінде ойнауды үйретумен бірге үйлестіруді қарастырған жөн.

Келесі сыныпқа ауысу оқу жылының соңында жүргізілетін мамандық бойынша емтихан нәтижелері негізінде, сонымен бірге оқу жылындағы үлгерімін ескеру арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың екінші жылынан бастап оқушылар емтиханнан басқа, оқу жылында сыныптық концертке немесе есепке алынатын тыңдауға (бірінші жартыжылдықтың соңында және үшінші тоқсанда) екі рет қатысулары керек. Қорытынды бағаларды қоярда оқушының ашық концерттерге қатысқандары ескерілуі мүмкін.

Оқу-педагогикалық міндеттер

Мамандық бойынша оқыту оқушылардың вокалдық, жалпы музыкалық және көркемдік дамуының, олардың мәдени деңгейінің артуының бірлігі негізінде іске асырылады.

Осы процестің нәтижесінде оқушыларда музыка мен вокалдық өнерге деген саналы, шығармашылық қатынас қалыптасады, тұрақты вокалдық дағдыларды орындау шеберлігінің элементтерімен үйлестіре иелену қамтамасыз етіледі, алуан түрлі жанрлық репертуарды меңгеру процесі жүреді. Оқыту процесінде оқушыларда музыкалық мәнерліліктің құралдарын таңдау және орындау, орындалатын шығармалардың мазмұнын түсіну мен тыңдармандарға жеткізу шеберлігі пайда болады, көпшілік алдында орындауға дағдыланады.

Оқу-педагогикалық жұмыс негізінде балалар мен жасөспірімдердің қолайлы ортада дұрыс жұмыс істеуіне, оқушылардың мықты дауыс аппаратын дамытуға және сақтауға мүмкіндік беретін ән салу дауысы мен есту қабілетін тәрбиелеу жүйесі қамтылады.

Мамандық бойынша оқыту тарихи-теориялық кезеңінің пәндері бойынша дәрістермен, хор мен ансамбльде ән салумен, нотаны қағаздан оқумен, фортепианодан жалпы курс бойынша сабақтармен тығыз байланыса отырып жүзеге асырылады. Оқушыларда вокалдық есту қабілетін, мағыналы интонациялауды, зейін мен сананы, сөйлеуді, қиялды, ойлаудың бейнелі құрылымын, төзімділікті, еңбекқорлықты дамытатын шығармашылық тапсырмалар кеңінен пайдаланылады.

Шығармалардың ноталық және әдеби мәтіндерімен тереңдетілген өзіндік жұмыс дағдыларын дамытуға, орындау дағдыларын тұрақты жетілдіруге, концерттік қойылымдарды дайындауға аса көңіл бөлген жөн.

Ән сабағының белгілі дәрежеде дәстүрлі және міндетті педагогикалық тәсілдер кешенін қамтитын ескішіл процес екенін ескере отырып кейде олардан ауытқып, әдеттегі тәжірибені өзгертіп, оқушыларды заманауи оқыту үрдісіне жекелей тартқан дұрыс.

Бұл жағдай зейінді, сананы, музыкалық және вокалдық есту қабілетін, ырғақ сезімін және алуан түрлі: эмоциялық, бұлшық ет, акустикалық және интонациялық сезімді тәрбиелеудің жеке әдіс-тәсілдерін іздестіруге алып келеді.

Осы қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыру жолын (ал бұлардың барлығы күрделі процес екені белгілі) қатаң жаттығудан ғана емес, ойыннан және затқа, сонымен қатар ең маңыздысы сол, негіздердің негізі ретінде сабақ процесінің өзіне деген тұрақты қызығушылықты қалыптастырудан бастаған абзал.

Музыкалық-бейнелі ойлауды тәрбиелеу оқу-тәрбиелік міндеттің өзге де маңызды түрі болып саналады, өйткені вокалдық техниканың көптеген элементтерін меңгеру вокализ бен вокалдық жаттығулармен (шырқау) қоса жұмыс жүретін шығармалардың музыкалық-бейнелі қатарымен тікелей байланысты.

Ән шырқау жаттығулары оқушының логикалық санасына жететіндей, естуге жеңіл қабылданып, біртіндеп күрделенетіндей болуы тиіс. Оқушы дыбыстану мен дыбыс мәдениетінің элементтерін меңгерген соң, шамамен 2-3 жыл оқытқаннан кейін қарапайым жеңіл жаттығулармен және вокализдермен жұмыс жасаған дұрыс. Бастапқыда вокализ есебінде балалар әнінің әуендерін пайдалануға болады.

Негізінде оқу-тәрбие жұмысында шартты түрде төрт негізгі кезеңді қарастыруға мүмкіндік бар:

- оқушылармен жақын танысу, олармен байланыс орнату. Оқушыны психикалық және физикалық күштен арылту. Оқушылардың қажетті бағыт сілтейтін, теориялық мәліметтер мен терминдерді меңгеруі;

- ән салу мақсаты мен алғашқы практикалық дағдылар ұғымын түсіну;

- меңгерілген ән салу дағдыларын нығайту, аталмыш мәліметтерді дамыту, алғашқы орындау дағдыларын игеру;

- аталғандарды одан әрі дамыту; вокалдық және орындау техникасын жетілдіру.

Қарапайымнан бастап күрделіге жақындай отырып музыкалық туындыларды орындау шығармашылық нәтиже, оқушылардың музыкалық ойлауының, олардың музыкаға және осы туындылардың мазмұнына деген эмоциялық қатынасының бейнесі болып табылатындай жағдайға ұмтылу қажет.

Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері

Оқушыларды вокалдық тәрбиелеудің тәсілдері олардың өз ерекшелігі және де ең бастысы ересектік ерекшелігі бар екенін дәлелдейді. Педагог әлі жеткілікті деңгейде құрылмаған аппарат пен психикамен, жас адамның интенсивті өсіп және дамып келе жатқан организмімен, оның өзгеріске ұшырайтын мүмкіндіктерімен кездеседі:

1. Төменгі сынып балаларының дауыс күші зор емес, жеке тембрлер мүлдем байқалмайды. Октавадан сирек шығатын дауыс көлемі де шектеулі. Бұл жағдай репертуарды таңдағанда маңызды қиыншылықтарға алып келеді, сондай-ақ дыбысталу көлемін біртіндеп кеңейту жұмысында жауапкершілік пен көңіл бөлуді аса талап етеді. Осы жаста дауыс аппараты фальцеттік, сонымен бірге көкірек режимінде жұмыс істеуі мүмкін. Алайда дауысты сақтау тұрғысынан фальцет пен жеңіл микстті пайдаланған дұрыс. Осындай дауыстың жасалуына жеңіл күміс, әсіресе бас жақтан дыбыс шығару сәйкес келеді. Дыбысты ұйымдастыру бойынша жұмысты ойындық негізде құрған мақсатқа лайықты болады.

Егер де туынды ыңғайлы тесситурада жазылған болса, баланың даусы шынайы шығады, ән айту жеңіл әрі жағымды болады. Дауыстың даму биігіне жетпеуі вокалдық туындыларды өте төмен үндестілікке өзгертуге жиі мәжбүрлейді.

Сондай-ақ 6-7 жастан бастап ән салуға үйреткен Италия мен Францияның да вокалдық мектептері танымал. Бұл мектептер өте ежелден ашылған. Өкінішке қарай, ең алғашқы кезеңнің өзін айтпағанда, ХVІІ-ХVІІІ ғғ. оқыту әдістемесі туралы нақты, жүйелі мәліметтер жоқ, алайда кейінгі әдеби мәліметтерге сүйенсек бұл мектептер өз деңгейінде жемісін берген.

Көптеген ғалымдар мен педагогтар, әсіресе М. И. Глинка (1836), А. Е. Варламов (1840), М. Н. Глубоковский (1889), д-р Авеллис (1899), М. И. Фомичев (1949), Е. М. Малинина (1933-1940 пен 1953) тағы басқалар балалар дауысын дамыту мәселесімен айналысқан.

2. 11-13 жастағы балалар дауысы күштірек болып, көлемі біршама кеңейе бастайды, тембрдегі айырмашылықтар нақтырақ байқалады. Осы жасты балалар даусының гүлдену кезеңі деп дұрыс айтады. Балалар негізгі вокалдық дағдыларды дәл осы жаста және мутация басталғанға дейін ала алады. Осы кезде дыбыс мәдениетін тәрбиелеуде, вокалдық есту қабілеті мен музыкалық-бейнелі ойлауды дамытуда қызу еңбек жүруі тиіс.

3. Балалар мен жасөспірімдерде жастың ілгері жылжу кезеңдерін ескеру қажет. Бұл 6-8 бен 13-15 жас аралығы, осы кезде көбірек белсенді тұрғыдан зейін таныту дәрежесі төмендейді, тұрақсыздықтың басқа да көріністері қылаң береді.

4. Балалар дауысын дамытудың келесі кезеңі - мутация.

Осы кезеңнің 13-16 жас аралығындағы оқушылары, аса ұқыпты қарауды талап етеді. Мысалы, ән салуды мөлшерлеу бөлігінде, себебі олардың дауыс аппараты артық салмаққа өте сезімтал келеді, ол маңызды өзгерістерге ұшырайды. Ережеге сай, дауыстың негізгі сипаты өзгермейді, алайда дыбысталғанда қарлығуы мүмкін. Кейбір жағдайларда уақытша дауысты жоғалту кезі басталуы мүмкін.

Қыздарда мутацияның соңғы кезеңінде анық дыбысталу пайда болады, дауыс көлемі, оның икемділігі жоғарылайды. Дегенмен дауыспен абайлап жұмыс жасау керек, өйткені ересектік дыбысталу әлі қалыптасқан жоқ, аппарат әлі дамуын жалғастыруда, сондықтан да пайда болған вокалдық мүмкіндіктерді асыра бағалауға болмайды.

Жеделдетіп ән салғаннан, сондай-ақ дыбыс жасаудың тұрақты тәсілі сияқты бірден дыбыс шығарудан аулақ болған жөн. Дауысты сақтау тұрғысынан сезіммен, еркін түрде, тым созбай, дыбысты жеделдетпей, белсенді ән салған мақсатқа сай болады.

5. 8-11 жастағы ер балалар дауысының мәселесі де белгілі, олардың көбісі әуестеніп ән сала алады. Бірақ 12-14 жаста ер балаларда алдымен жабық, кейіннен өткір мутация кезеңі басталады. Олардың дауыс диапазоны төменге түседі. Ерекше жағдайлар болмаса, бұл кезеңде сабақтарды тоқтатпауға болады. Алайда шектеу мен ерекше сақтықтың артықтығы жоқ. Сақтану әдістемесі ән шырқау мен репертуарлардың арнайы жаттығуларын қамтиды, дауыс жағдайы мен оқушының өзі үшін әдеттен тыс жаңа сезімдермен байланысты психологиялық жағдайына ерекше көңіл бөлінеді.

Мутациялық кезеңде алғаш ән салуға үйрену бос әурешілік болады.

15-17 жастан бастап жасөспірімдер даусы тұрақтана бастайды. Аппараттың қайта құрылуымен байланысты зиянды құбылыстар жойылады, біртіндеп болашақ ересек даусының тембрі қалыптасады.

6. Алғашқы сабақтарда табиғи құбылыстармен, оқушының вокалдық аппаратының құрылуы мен ерекшеліктерімен, ән салудағы кемшіліктермен (қарлығу, мыңқылдау, шыңғыру, дыбыстың дөрекіленуі, босаңсу, тремоло (дыбыстың жылдамдата қайталануы), тыныс алуға артық салмақ түсіру, жақ қысымы, тоқтап қалу т. б. ) мұқият және нақты танысу қажет.

Ән салуды үйрене бастаған балалардың басым бөлігінде дауыстың толықтай дамыған кемшіліктері кездеседі. Ондай оқушыларға дер кезінде көңіл бөлу керек, өйткені әрбір жаман әдет өршіген сайын оны қайтару қиынға соғады. Дауыс кемшілігін жөндеу - педагог бен оқушының өздерінен әдептілікті, шыдамдылық пен қызу еңбекті талап ететін тәрбие процесінің оңай емес кезеңі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған түзету тобының балаларына музыкалық ырғағын қалыптастыру
Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі
Өмірдің үшінші жылындағы балалардың даму және қабылдау ерекшеліктері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz