Бағдарлама кодының терезесі
Кіріспе
Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-
жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты
көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған
құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де
бар.Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де
қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге
тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді.Дами келе көптеген
программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды – мемлекеттік саясаттың
негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру –
деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми
–техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану
және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға
арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады.
Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық
тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland
Delphi 6.0 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест
программалары, кезөкелген пәнді үйрететін программалар және т.б.
программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi –дің
бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте –бірте
кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-
нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен
айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің
негізінде дайындалған. Тек ,Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген
,салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей
алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі
кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған
кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген.
Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар барлық мектеп пәндері үшін жасалуда
және ол мемлекеттік, қорытынды емтихандарға дайындалуға көмектесетін
мәліметтер қоры ретінде пайдаланылуда. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу
әрбір оқушымен студентті өз мүмкіндігін есепке ала отырып, пән мазмұнын
оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл кезде
олардың сабаққа деген кызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды.
Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық
әдістемелік жүйе және оны әрбір оқытушы өзінің педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдарымен толықтыра отырып, жетілдіреді. Сонымен
бірге, электрондық оқулықты пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі енбегін жеңілдетеді.
Осы мақсатпен мен өзімнің жұмысымда Delрhі программалау тілінде құрылған
тестік программаны пайдаланып дайындаған “Функционалды анализдеу пәнінен
электрондық оқулық құру” электрондық оқулығы қазіргі техниканың даму
деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.
Осы программаны пайдалануда студенттердің білімін жан – жақты көтеріп,
есіне сақтау қабілетін жоғарылатуға жағдай жасау және олардың келешек
жұмысында ЭЕМ – мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыру үшін де
қажет.
Сонымен қатар соңғы кездерді компьютерді пайдаланып студенттердің білім
деңгейін тест түрінде тексеру пайдаланыла бастады. Сынақ, емтихандар алу
кезінде компьютерде тестілеу мұғалімдердің уақытын тиімді пайдаланып,
студенттердің артық жүктеме білім сапасын дұрыс бағалауға қол жеткізеді.
1 Delphi ортасы туралы түсінік
1.1 Delphi-де жұмыс істеу
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын
орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей
Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 ( Delphi 6
командалары арқылы iске қосамыз.
Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады, (1.1-сурет) көрсетілген.
1.1-сурет. Delphi 6 программасының ашылуы.
Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш
терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының
негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар,
аспаптар панелi бар және Delphi–дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-
шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада
барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект
инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің
қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен
байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. (1.2-сурет).
1.2-сурет. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.
Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске
қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол
алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр,
аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (1.3-сурет).
1.3-сурет. Delphi-дің негiзгi терезесi
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады.
Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы,
форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi
мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның
жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер
палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн
шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты
оқиғалар саны – 35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша
бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi
(қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн
белгi.
1.4-сурет. Форма оқиғалары
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты
түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.
pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге
оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар)
енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық
код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында
ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында
көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
❖ форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
❖ код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны
шерту.
Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi)
көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура
атауларынан тұрады (1.5-сурет) т.б.
1.5-сурет. Код терезесi (Unit1)
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту
үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. (1.5-сурет) көрiнiп тұрғаны – код
терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын
процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура
дайындамасының жазылу түрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн
анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код
терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ
тышқан ьатырмасымен шертіп,шыққан терезедегі тақташалар тізімін және
олардың статусын өзгертуге болады.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды
опцияларына тез арада қол жеткізуге болады.Атқаратын жұмыстарына байланысты
пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген .Әр топ жеке тақташада
орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.
STANDARD тобы
Объектілер репозитариясын ашу
Бұрыннан құрылған файл ашу
Файлды дискіге сақтау
Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау
Бұрыннан құрылған прогамманың жобасын ашу
Жобаға жаңа файлды қосу
Жобадағы файлды жою
VIEW тобы
Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті модулді
таңдау.
Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы
таңдау
Форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан кері
өту
Жаңа форманы құру
DEBUG тобы
Программаны компиляциялау және орындау
Түзету енгізіп жатқан программаның жұмысын уақытша тоқтату
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақылау тәртіпте
орындайды.
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақыламайтын
тәртіпте орындайды
CUSTOME тобы
Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу
DESKTOPS тобы
Delphi ортасының екпінді күйін сақтау
Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату
Компоненттер жинағы-Delphi-дің негізгі ерекшелігі.Ол негізгі терезенің оң
жағында орналасып,қажетті компонентті тез табуға арналған белгішілерден
тұрады.
Компонент деп белгілі –бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез
келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті
атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген,ол топтарды
парақтар деп атайды.Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы
құрылады.
1.2 Бағдарлама кодының терезесі
Бағдарлама (немесе модуль) кодының терезесі бағдарламаның мәтінін құруға
және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып,
алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған
және дамытылған нұсқасы Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады.
Delphi ортасы іске қосылғанда бағдарлама кодының терезесі Windows
ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан)
тұрады:
unit Unit1;
interface
интерфейстік бөлігі
uses
стандартты модульдер
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics,
Controls, Forms,
Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
Implementation
орындалатын бөлігі
{$R *.dfm}
end.
Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып
отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi
ортасы unit Unit1; және Implementation қатарларының аралығын өзгертіп
отырады, ал бағдарламаушыларының жұмыс аумағы - {$R *.dfm} және end
қатарлар аралығы.
1.3 Визуалды бағдарламалаудың негіздері
Delphi ортасындағы бағдарламалау екі процестің тығыз әрекеттігіне
негізделген: бағдарламаның құруын визуалды (яғни оның Windows терезесін)
көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу үшін код терезесі,
ал бағдарламаны құру үшін Delphi ортасының басқа терезелері қолданылады.
Мысалы: (1.6-сурет)
(1.6)-сурет. Delphi формасына шақырылған терезе.
Форма терезесінің мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз байланысты
Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формада жаңа элемент
орналастыру бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруіне себеп болады,
керісінше бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған кейбір
элементтерін алып тастау әрекеттері формадағы сәйкес компоненттердің
жойылуына алып келеді.
Бос форма. Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама
кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни
минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады
және ол жұмысқа даяр болып тұрады. FileNew Application опцияларын таңдап
бағдарламаны іске қосуға болады.
Форма қасиеттерін өзгерту. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір
тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де
жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен
байланысқан модульдер болуы мүмкін.
Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS,
DFM және DCU файлдарын құрады. PAS- файлында бағдарлама кодының
терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM-файлында форма терезесінің мазмұн
анықтамасы, ал DCU-файлында алдынғы екі файл мәтінінің машина
тіліндегі аудармалары орналасады. DCU-файлы компилятор жұмысының
нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді,
нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін EXE-файлы құрылады.
2 Электрондық оқулық туралы түсінік
2.1 электрондық оқулықтардың қолдануы
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы
оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін
аткаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен
білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы,
Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтан оқыту әдісінің жедел
дамуына мүмкіндік туғызуда. Мулътимедиялық технологияның, компьютерлік
графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті
бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына
түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда
болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру
әдістеменің дамуына ықпал жасады.
Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды
оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын
материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың
барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға
дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды
оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып,
оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің
даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің
мемлекетіміз де коғамның акпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен
шеткері кала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын
жаңа прогрессшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан
Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы осы істі қолға алудың алғашқы қадамы
болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу
орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен
жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді
жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер
тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру
арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі -
оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын
(ОКҚ) жасау және пайдалану. Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды
даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру,
көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны
баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі
болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды.
Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық
материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп
есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің
негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс.
Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу
барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер
жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ
пайда болады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік
дедактикалық программалар (КДП) болып табылады. Бүгінде бақылаушы, оқытушы
программалар, программалық тренажерлер, дидактикалық ойындар, гипертекстік
жүйелер сияқты КДП кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптау-
оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолданылуда.
Мұндай программалардың көпшілігінің ортақ кемшіліктері баспа оқулықтың
көшірмесі ретінде ұсынылуында, компьютердің иллюстрациялық, тестілік
мүмкіндіктерін ғана пайдалануында және берілетін тапсырмалар жүйесінің өте
шектеулі болуында. Бұл жағдай студенттің шығармашылық ойлау қабілетін
толығымен пайдалануын жүзеге асыра алмайды, яғни оның интеллектуалдық
потенциалын дамытпайды.
Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық програм-малардың
соңғы жетілдірілген түрі - электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған.
Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретш
программалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДП-дан
универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір
аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім
деңгейін дұрыс бағалау, т.с.с.) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен
ерекшеленеді.
Біздін елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар
атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін
курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл
окулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру
жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында "Электрондык оқулықтарды" пайдалану
оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай,
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік
орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын"
жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы
"Электрондык оқулықтар" шығару болып табылады. Бүгінгі танда бұл орталықтан
11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады.
Электрондық окулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы
болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай
дидактикалық шарттарды ескеру керек:
❖ белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондык оқулықтың
сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
❖ электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және
практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға
қатысты анықтама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және
қорытынды бақылау сұрақтарынан түратын тест; материалдарды
дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
❖ электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмүнын қайталамауын,
яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа
берілуін ескеру керек;
❖ белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын
болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең
жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп
пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға
қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта
беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
❖ бір катардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі,
материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс
түсетіндей болуы керек;
❖ оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық түрғыдан
көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір
пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге
қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен
диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап,
оларды гипермәтінді формат арқылы электрондык оқулыққа кірістіру
оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұ-нында. Егер
оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір
материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
1. Мазмүндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с.
түрінде
беріледі. Сонымен қатар мүнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео,
дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемокурс - оқулық мазмүнын қысқартылған мәтін-график қатынасы
түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының қүрылымын, ондағы негізгі идеяларды
түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы
бейнелеу мазмүнды ассоциативті есте сатауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмүны
арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сүрақтар мен жауаптар түрінде
беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге
арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулыктың ең қызықты бөлігі болуы да
мүмкін.
Оқу материалының бүлай үш түрде берілуі, студенттің оку материалын
бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.
2.2 Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.
Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қәзіргі кезде оқытудың ең
керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі
ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын
жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы
кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бүл щюблеманың өте өзекті
мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.

оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын

Үйретуші программа қолданушыға теориялық материалды оқып үйренуді
ұсынады. Бұл программадағы есептер мен сұрақтар адам мен машина диалогын
ұйымдастыру үшін қолданылады.
Программаның талап ету типі 60 жылдардығы программалық үйретудің тікелей
ұрпағы болып табылады, яғни қарапайым компьютерлік немесе
автоматтандырылған үйретудің негізгі теориялық негізгі программалық үйрету
болады. Қазіргі кезде “программалық үйрету” термині қазіргі кездегі
компьютерлік технологиясымен тиісті. Программалық үйретудің негізгі
элементі- есептердің тізбектелу ретін түсінетін программа. Көптеген
құралдаржүйесі оқытушыларға әртүрлі жауаптар типін қолдана отырып үйретуші
және бақылаушы тапсырмаларды құру мүмкіндіктерін береді.
1. Таңдаулы жауап. Үйренушіге тапсырма және дұрыс жауаптар жинағы
беріледі. Дұрыс жауабын табу ықтималдығы келесілердің ең кішілеріне сәйкес
келеді:
- бірнеше түрлі формада мағынасына қарай қайталануы
- таңдау үшін элемент санын көбейту
- 1-ші дұрыс жауаптың санын 2-ге немесе бірнешеге көбейту.
2. Конструкторлық бөлік жауап. Бұл типтің тапсырмасы мен жауап таңдау
және бос конструкторлық арасындағы аралық. Конструкторлық бөлік жауабы
оқытушы ұсынғын бөліктерден құралған.
3. Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы автоматтандырылған
үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл таңдаушы компьютермен өз
тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай конструкторлық жауап
тапсырмасы үйренуші.Оңай конструкторлық жауап. Бұл типтің тапсырмасы
автоматтандырылған үйрету және бақылау үшін қажет болып табылады. Бұл
таңдаушы компьютермен өз тілінде байланыс жасауға мүмкіндік береді. Оңай
конструкторлық жауап тапсырмасы үйренуші үшін қиып, себебі мүмкіндіктері не
толық шек қояды және компьютерге жауап берерде ақылды жұмысты талап етеді.
Осындай құралдық программалар бар және ары қарай өңделуде.
Орындаушы программаның негізгі іс-әрекеттері:
- сұрақ және жауап нұсқалардың мәзірін беру
- анализ және жауап бағасы
Құралдық программаның көмегімен үйрету жүйесін құру 4 негізден тұрады:
1. Үйретуші программа сценарийін өңдеу. Мұнда педагог үйретуші
программаға қандай оқу курсының қай бөлігін енгізу керектігіне шешім
қабылдау керек.
2. Компьютерге жаңа программалардың жеке кадрлар текстік енгізу, сурет
салу, бақылау фрагменттерін формалау. Мұнда, педагог компьютер функциясының
кіші иелігі және енгізу және редакторлеу мүмкіндіктері болу керек.
3. Үйретуші программаның жеке элменттерін бүтін диалогтық жүйесімен
байланыстыру, кадрлар арасында байланыс орнату.
4. Эксплуатация кезінде программаны қадағалау, оған жөндеулер және
толықтаулар енгізу.
Құралдық жүйе тәсілдерімен үйретуші программаны құру басты кедергілерді
құртуға көмектеседі. Компьютер технологиясын үйренудің бірінші қадамы
бақылаушы программаларды қарастыру керек.
Үйрету кезінде компьютерді жеке бағытта қолдану – пәндік оқу құралы
интегралдану және информатика. Мұнда компьютер үйрену үшін ғана емес,
сонымен бірге математика, биология, физика, экология , геология пәндерін
оқып үйренгенде ақпараттарды оң дейді: құралдық программалар арқылы
компьютерде аналогтық түрдегі математикалық есептерді шешуге болады.
Оқу активизациясы компьютердің диалогтық қасиетімен байланысты. Дәстүрлі
кластық оқу үшін ақпараттарды оқушылардың ауызша формада қабылдауы басты
болып табылады. Бұл жағдайда оқушыларға сабақта белсенділік көрсету керек
емес және мұғалім әр оқушының белсенді жұмысын, бақылауға ұйымдастыруға
мүмкіндігі болмайды. Сондықтан дәстүрлі оқудың білімі 20-30% -ке төмен
көрсеткіш береді. Егерде компьютерлік класта жүрсе, онда диалогтық
компьютердің қасиеті оқушының іскерлігін қадағалайды және оның нәтижесін
бақылайды.
Оқу индивидуализациясы компьютерді қолдану кезінде интерактивті компьютер
жұмыстарының қасиетімен байланысты. Оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін
тереңдету түрінде есепке алуан компьютерлік бағдарламалар орындай алады.
Ғылыми білімді қолданғанда әрқашан теория мен практикаға тиісті сұрақтар
болады. Дәстүрлік оқу бұл теориялық болып табылады. Шын мәнәнде кез келген
педагог тақтада теорияны оқи отырып, оның орындалуын оқушылардан талап ету
оңайырақ болады. Конструкторлық және функционалдық негізделген персоналды
компьютер бұл өз мүмкіншіліктерін машинамен үйретуші болып табылады.
Персоналды компьютер мүмкіндіктері мынадай:
- интерактивті жұмыс реті
- персоналдық
- графикалық, кляюстративтің жақсы мүмкіндіктері
- регистрация жеңілдігі, процесті оқу туралы ақпаратты сақтау, көшіру және
программаны үйретуді көбейту мүмкіндіктері
Персоналды компьютерлік техникалық мүмкіндіктері:
- оқу процесін активтеу
- үйретуді индивидуалдау
- берілген материалдық көзқарасын дамыту
- теориялық білімдегі акцентті практикалыққа қосу
- оқушылардың оқуға деген көз қарасын дамыту
Жақсы оқудың негізгі шарттары бұл оқушылардың оқып үйреніп жатқан пәнге
қызығушылығы болып табылады. Бұл қызығушының көптеген факторлармен
байланысты. Олар:
- оқып үйреніп жатқан пән мазмұны
- оның күрделі деңгейі
- оқу процесінің ұйымы
- ұстаудың қолданатын жүйесі
- ұстаудың жеке сапасы және т.б.
Сонымен, компьютер – бұл мүмкіндіктері күшті үйретуші машина
Электрондық оқулықтың титул беті көкшіл түсті келген. Түрлі түстер
адамның көңіл-күйіне. түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер
адамды дем алдырса, кей түстер шаршататынын білеміз. Түстер комбинациясы да
адамға түрліше әсер етеді екен. Мұнда тек титул беті ғана емес бүкіл оқулық
көкшіл түсті етіп таңдалды, себебі бүл түс және оған жақын түстерді де
адамды демалдыратын түстерге (Негізінен көк түс - уақытты” және кеңістікті”
сезімін, тағы сол сияқты салның сезім береді. Адамдардың тәртібін
рационалды және ойластыра алатындай күйге келтіреді. Бір әалыптылыә және
салмақтылық сезім силайды.) жатқызуға болады.
Оның титул беті (обложкасы) (3-сурет) келесі бөлімдерден тұрады
1. Оқулықпен жұмыс
2. Оқулықты қалай пайдалану жөнінде.
3. Оқулық жайында.
Окулықты қалай пайдалану жөнінде бөлімінде программамен жұмыс істеу
тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі пайдаланушыға оқулықтың интерфейсін
тиімді қолдануды үйретеді. Ол қысқа әрі нақты нұскау түрінде:
Оқулық жайында бөлімі аннотациядан - программа жөнінде қысқаша мәліметтен
және электрондық оқулықтың авторы жөнінде мәліметтер, оқулықты құрастыруға
қатысқандардың аты-жөндері, жұмыс орындары, телефоны, бар болса электрондық
почта адресі т.с.с. тұрады:
Оқулықпен жұмыс бөлімінен гипермәтінді шерту арқылы электрондық оқулықтың
мазмұнына көшеміз. Мазмұн - электрондық оқулықтың ең маңызды кұрылымдық
элементі. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтып, екінші жағынан екі
экранға сиятындай көлемде құрылды.
2.3 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН ДАЙЫНДАУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Пәнге байланысты қажетті оқу материалын іріктеп алу және оның
күрылымын анықтау дәстүрлі оқыту материалының мейлінше нақтылап,
ықшамдап алуға және ондағы сөздердің, сөйлемдердің, абзацтардың,
тақырыптардың, тараулардың өзара байланысын мүқият зерттеп, айқындауға
саяды.Мүны бай тәжірибелі пән маманының орындағаны жөн.
2. Оқулықтың интерфейсін жобалау кезеңі. Бүгінде жүргізіліп жатқан
зерттеулер компьютерлік оқыту программаларының тиімділігі көпшілік
жағдайларда оның интерфейстік жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде.
Программаның безендірілуі студенттің ынтасына, қызығушылығына материалды
қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды көрсеткіштерге тікелей әсерін
тигізеді.
Шет ел психологтарының еңбектерінде компьютерлік программалардын
безендірілуі жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. "Жақсы интерфейс
ыңгайлы аяқ киімге ұқсас, - деп жазады атақты безендіру маманы М.Донской.
-Оған ешкім көңіл бөлмейді. Көңіл аударған күнде де, "Мұнда тұрған не бар"
– дейді. Ал нашар интерфейс барлық жұрттың назарында. Шындығында жақсы
ұйымдастырылған интерфейсті пайдаланушы байқамайды, өйткені ол программаның
ажырамас функционалдық бөлігі ретінде қабылданады" .
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік окыту
күралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Жүйелік тәсіл
-
жүйелік безендірудің негізі, ол қүрылып жатқан үлгіні жобалау мен жасау
процесіне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс істеуіне әсерін тигізетін
факторлардан қүралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл
тәсіл программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информа-
тика, семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуника-
тивтік, компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға
мүмкіндік туғызады.
2. Оқу материалдарының мазмүны мен қүрылымына койылатын талаптарды
аньщтау. Студент жаңа оқу материалымен алғаш танысқан кезінде
материал мен осы материал жайлы өзі білетін информацияны салыстырудан
бастайды. Мүндай салыстыру үйрену тиімділігін арттырады және бүл оку
материалының психологиялық негізін, логикалық байланыстарын көрсету
деңгейіне тәуелді анықталады. Электрондық оқу материалына және
оның берілуіне қойылатын талаптар студенттің жаңа информацияны
қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да тікелей
қатысы бар.
3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін үйымдастыру. Оқу материалында
бағдар алу оның мазмүндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты
тиімді үйымдастырылғанына байланысты.
“Ни одна болыиая книга, не должна выходить без указателя. Книга без
указателя - дом без окон, тело без глаз, имущество без описи: не так легко
ими вослользоваться", - дейді Я.А. Коменский .
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі талаптарды
қанағаттандыруы тиіс: электрондық оқулықтың оқытудың негізгі этаптарын
бейнелейтін графикалық схема орналасқан кілттік экраны болуы тиіс, бұл
студентке өзінің оқытудың қай кезеңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік
туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалын-Да
асты сызылған мәтін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде
Жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп қүрылуы керек
(Қайда алып барады? Нені көрсетеді?); программаның міндетті түрде іздеу
жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмүн элементтері арасындағы
мета-тегтер дұрыс қойылуы тиіс, т.с.с
4. Адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық
ерекшеліктерін ескеру. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті
қабылдай алады. Түс пен оның косылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз.
Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі.
Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да
адамға түрліше әсер етеді.
Оқыту программаларын жобалағанда адамның түстер мен формаларды
кабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге
құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын
қабылдау өте қиын, себебі қозғалып түрған объект адамның назарын өзіне
аударады. "Анимациялык интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ
колдану қажет. Пайдаланушыны таң қалдырамын деген әрекет көп жағдай-ларда,
пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені кабылдамай
тастауына соқтырады",-дейді М.Донской .
5. Оқулықты қүруда колданылатын қүралдарды анықтау. Казіргі талап-
тарға сай электрондық окулық жасап шығаруда программалау тілдері (Dеlрhі,
Vіsual Ваіс, С++, НТМL, Jаүа Sсrірt т.с.с.) және FгоntРаgе Ехргеss,
Місгоsоft
Рublіshег. программалары да информациялық байланыстарды гиперсілтемелік
ұйымдастыру орталары және информацияны бейнелеудің мультимедиалық
құралдары сияқты жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы
ғана жүзеге асыруға болады.
Бүгінгі таңда окушылар мен студенттер үшін электрондық оқулық мектепте,
ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және
нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер қоры болып келеді.
Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке
ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.

түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп, оны дамытудағы Республикалык
білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының (РБАО) жұмысы да
қайта оралып келіп түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін
бірте-бірте арттыратыны талас тудырмаса керек.
Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Оқу материалы
студентке компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде
студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс
жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті
әдістемелік, дидактикалық көмекші кұралдарды молынан ала алады. Міне,
білімді жоғарылатуға электрондық оқулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің
елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп. жұмыстар атқарылуы тиіс,
мектептің, кәсіптік -оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және
қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар
шығарылуы тиіс. Заман талабына сай жас үрпаққа сапалы білім беруде
электрондық оқулықтарды пайдалану - білім берудің жаңа технологиясының бір
түрі ретінде қарастыруға болады.
2.4 Электронды оқулық қашықтықтан оқытудың бір әдісі
Электронды оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер

материалды үш түрлі құрылымда берілген жөн:
1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде
беріледі. Сонымен қатар мұнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео,
дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер орын алмауы мүмкін.
2. Схемокурс – оқулық мазмұнын қарастырылған мәтін – график қатынасы
түрде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды
түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық бейнелер арқылы
бейнелеу мазмұнды ассоциативті есте сақтауда үлкен көмек береді.
3. Өзін-өзі бақылаудың тестік жүйесі – оқу материалының мазмұны арқылы
интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде

арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтық ең қызықты бөлігі болуы да
мүмкін.
Оқу материалының бұлай үш түрге берілуі, студенттің оқу материалын

Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулері негізінде компьютерлік оқыту
құралдарының интерфейсін жобалауда келесі мәселелерді ескерген жөн:
1. Безендіруде жүйелік тәсілді қолданудың ерекшеліктері. Бұл тәсіл
программаны безендіруде дәстүрлі баспалық әдістерден басқа, информатика,
семиотика, құрылымдық, лингвистикалық, функционалдық, коммуникативтік,
компоненттік, құндылық т.б. сияқты ғылыми бағыттарды пайдалануға мүмкіндік
туғызады.
2. Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымына талаптарды анықтау. Студент
жаңа оқу материалдарымен алғаш танысқан кезінде материал мен осы материал
жайлы өзі білетін информацияны салыстырудан бастайды. Электрондық оқу
материалына және оның берілуіне қойлатын талаптар студенттің жаңа
информацияны қабылдау қабілеттілігін және қызығушылық деңгейін анықтауға да
тікелей қатысы бар.
3. Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында
бағдар алу оның мазмұндық жылжу, ауысу, сілтемелер жүйесінің қаншалықты
тиімді ұйымдастырылғанына байланысты.
Іздеу, жылжу, гиперсілтемелер жүйесі мынадай негізгі этаптарын

студентке өзінің оқытудың қай кезңіне жеткендігін біліп отыруға мүмкіндік
туғызады; гиперсілтемелердің асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында
асты сызылған мәнін бөліктері болмауы тиіс; гиперсілтемелер тізбегінде
жылжығанда олардың келесі қадамы қатар логикаға сүйеніп құрылуы керек
(қайда алып барады? Нені көрсетеді?); программаның міндетті түрде іздеу
жүйесі болуы қажет және кілттік сөздер мен мазмұн элементтері арасындағы
мета – тектер дұрыс қойылуы тиіс, т.с.с.

қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз.

қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен бірге

қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне
аударады. Анимациялық интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ
қолдану қажет. Пайдаланушының таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда
пайдаланушының тез шаршауына себеп болады да, оның бүкіл жүйені қабылдамай
тастауына соқтырады, - дейді М.Донской.
5. Оқулықты құруда қолданылатын құралдарды анықтау. Қазіргі талаптарға
сай электрондық оқулық жасап шығаруға программалау тілдері (Delphi, Visual
Basic, C++, HTML, Java Script т.с.с.) және FrontPage Express, Microsoft
Publisher программалары да информациялық байланыстарды гиперсілтемелік
ұйымдастыру орталары және информацияны бейнелеудің мультимедиалық құралдары
сияқты жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы ғана жүзеге
асыруға болады.
Электрондық оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін
элементтерін қарастырайық. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жөнінде
жазылған мақалалар және электрондық оқу басылымдары туралы ҚР-ның
Мемлекеттік стандарты бойынша оның құрамында мыналар болуы керек:
Электрондық оқулықтың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. Мұнда
анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулық аннотациясын жүгіртпе жол түрінде
шығарып қойуға да болады.
Мазмұн электрондық оқулықтың ең маңызды құрылымдық элементі. Ол бір
жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға
сиятындай көлемде құрылуы қажет.
Аннотация – программа жөнінде қысқаша мәлімет, оның ұзындығы 60-65
символдан аспауы керек.
Жақсы электрондық оқулық құрудың бастапқы шарты оқу материалынеың толық
қамтылуы, яғни тақырыпқа байланысты мәтін, графиктер, схемалар,
иллюстрациялар, анимациялар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz