Электронды оқулықтардың құрылымы


Мазмұны
Кiрiспе
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттер үшін білім саласының жағдайы күрделі де қарама қайшылықтарға толы. Бір жағынан, білім саласы ХХ ғасырдағы адамзат іс-әрекетінің ең маңызды салаларының қатарында болып, осы саладағы үлкен жетістіктер ғылыми-техникалық дамудың негізін қалады. Екінші жағынан, білім беру саласының кеңейуі және оның әлеуметтік статусының өзгеруі арқасында осы салада көптеген жаңа күрделі мәселелердің қордалана түсуі айқын түс ала бастады. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ тәрбиелеп, кәсіби оқыту болғандықтан, білімдегі оқытудың жаңа ақпараттық технологияларының бірі және бірегейі болған электронды оқыту жүйелерімен тығыз байланысты. ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасырында, Қазақстан білім беру жүйесін ақпараттандыру, еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып, білім беру үдерiсін ақпараттандыру - электронды оқыту жүйелерін пайдалану арқылы жетілдіру, дара тұлғаны бағыттап жекеше оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үдерiсінің барлық деңгейлері тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.
Электронды оқыту жүйесін пайдалану - ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үдерiсін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану жоғарғы оқу орындарындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін басқарудың ерекшелігі білімнің қазіргі заманғы қоғам дамуында алатын орнымен, оның соңғы жылдардағы
жағдайымен анықталады.
Білім беру жүйесін басқарудың елеулі ерекшелігі оның құрылымының күрделі болуы. Оның ішкі жүйелері педагогикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, экономикалық және т. б. болып, олар өзара және сыртқы ортамен күрделі байланыста болады. Осы күрделі жүйені тиімді басқару үшін жүйелік жандасу, қазіргі заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану қажет.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды білім беру жүйесін басқаруда қолдану ақпаратты жылдам алу, оны оператив өңдеу, сақтау және ұзату, статистикалық мәліметтерді талдау, білім беру саласына қатысты көптеген көрсеткіштер жайлы мәліметтерге мониторинг жасауды жеңілдетіп, басқару шешімдерін қалыптастыру мен оның сапалы болуына септігін тигізеді. Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де студенттердi тиiмдi бiлiммен қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, студентке оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын студенттердің өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір студентпен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды. Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Дипломдық жұмысының мақсаты “Халықарлық ұйымдар мен мемлекеттер одақтары ” пәнінің электронды оқулығын жасау. Электронды оқулық дайындау барысында зерттелген тақырыптар және осы пән бойынша жинақталған материалдар. Теориялық материалдар бойынша тапсырмалар ұйымдастыру, оларды орындау әдiстемесiн көрсету, бақылау сұрақтар ұйымдастыру. Теория және практиканы бiр жүйеге келтiру.
ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ
- Электронды оқулықтардың құрылымы
Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электронды оқыту кешенін пайдалану тиімді. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үдерісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды, сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиалық оқулық, осы себепті электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Өйткені, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау. Бір жағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтары да бар. Бұл - психологиялық- педагогикалық талаптардың пәнаралық байланыстарды көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау, оқушының жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын және оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмейді. Жүргізілген теориялық зеттеулер мен эксперименттік жұмыстар кәсіптік білім беруде компьютерлік оқытудың қажеттілігін көрсетіп берді. Біздің ойымызша, кәсіптік білім беруде оқу үдерісіне компьютерді пайдалану компьютерлік оқытудың жалпы педагогикалық тәсілдерінің құрамдас бір бөлігі болып табылатындығын көрсетіп берді. Компьютерлік оқыту басқа үдерістермен бірігу арқылы біртұтас педагогикалық мақсатқа жету үшін қызмет етеді.
Біздің жұмыстарымыз тәжірибе көрсеткеніндей компьютерлік оқытудың жетістіктері оқыту сапасын жақсартудан тұрады. Кәсіптік білім беруде компьютерді пайдалану демонстрациялық түрде қалай берілсе, педагогикалық үдерісте дербес белсенділігін арттыруға да солай әсер етеді.
Компьютерлік оқыту кезінде дербес амалдың педагогикалық мағынасы студенттер үдерісін әрбір моментінде нақты талаптарға жауап беретін тапсырма алады. Сондықтан да, педагогикалық үдерістің құрылымдық элементі бола тұрып компьютер оқу сапасын жақсартады, пән мұғалімдеріне оқыту деңгейін жақсартуды қамтамасыз етеді, оқушыларға сабақта білімді жақсы меңгеруіне мүмкіндік береді.
Ал, ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық.
сыртқы бетi; - титульдық экран; - мазмұны; - аннотация;
оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер) ;
- оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi) ;
- қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет) ;
өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;
авторлар тiзiмi;
терминдiк сөздер;
оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;
оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.
Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:
Электрондық оқулықтың мазмұны . Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық
элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.
Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: Неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? Оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? Оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? Оқулықтың құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? Электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? Оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? (1-3 суреттерде көрсетілген) .
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар :
Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
1. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
2 . Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде
құрылымын жасақтау.
3. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үдерісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге, электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
Электронды оқулық - бұл компьютерді қолданып, оқу курсын өз бетімен немесе оқытушының көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін программалық әдістемелік кешен. Электронды оқулық немесе курс үш компоненттен тұрады: курстың негізгі ақпараттық бөлігі мазмұндалған презентациялық құрамадан; алынған білімді бекітетін жаттығулардан; оқушының бағасын дұрыс бағалайтын тест жүйесінен. Оқыту программалары оқыту үрдісінде жетістікпен қолданылуда. Оқыту программасын жасау - өте күрделі және көп еңбектенуді қажет ететін жұмыс. Негізгі көңіл компьютерлік эффект немесе өнімдегі ерекше жаңа қабылдауларға бөлінеді. Жарнамалық жобалар мен компьютерлік басылымдар ең жиі қолданылатын компакт-дисктердің сипаттамасына қарау жеткілікті. Бірінші орында жазылған ақпараттың көлемі, иллюстрация, аудио және видеофрагментердің саны жәгне олардың ұзақтығы. Ақпараттығң сапасы жайлы ақпарат жоқ, ең жақсы жағдайда өнім басылымның электронды көшірмесі ретінде беріледі. Осылайша берілген оқулықтар, энциклопедиялар және басқа басылымдар оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Олар әр түрлі компьютерлік эффектілермен танысуға мүмкіндік береді. Бірақ осы қосымшаларды нақты бір жұмыста қолдану қиын. Оқу программасын құру кезінде технологиялық жабдықтардың барлық мүмкіндігін қолдану маңызды.
Оқытудағы ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың оңтайлы жолының бірі интерактивті компьютерлік оқу курстарын құрастырудан тұрады. Мұндай курстар жан-жақты бағалануы керек. Біріншіден, оқушылардың құрылған материалмен жұмыс істеуін талдау маңызды. Екіншіден, әрбір аймақта бірнеше курстар жасалуы тиіс, себебі дәстүрлі ыңғаймен ғана емес, сонымен бірге бір-бірімен салыстыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. 80-ші жылдардың ортасынан бастап оқу материалының мағыналы бөлігін қамтушы программалар пакеті құрыла бастады. Бұл бағыт жеоткілікті болып саналады. Өкінішке орай, отандық және шетел электронды оқу-әдістемелік материалдарын талдау көрсеткендей, олардың көбісін дидактикалық материалдары бойынша оларды электронды оқулық деп айту мүмкін емес. Оқытудың компьюьтерлі кжабдықтарын жасаудың әдістемелік аспектілері техникалық жабдықтардың дамуына ілесе алмайды. Электронды оқу-әдістемелік материалдарының тиімділігін бағалау одан да жақсара түсуді тілейді. Программаларды практикалық қолданудың нәтижелері осылайша бағалау үшін негіз бола алады. Құрастырушылар програмалар тиімділігін бағалау процедурасын білмейді. Компьютерлік оқытудың тиімділік критерийлері ретінде қызмет етеді:
оқу материалын меңгеру дәрежесі мен беріктілігі; оқу материалын меңгеру.
Меңгеру дәрежесі қорытынды тексеру кезінде топ студенттерінің алған бағаларымен сипатталынады. Меңгеру беріктілігі екі тексеру кезінде студенттердің алған бағаларының бірқалыптылығымен сипатталынады: бірден оқуды аяқтағаннан кейін және біраз уақыт өткеннен кейін (мысалы, семестр) . Компьютерлік оқытудың нәтижесін талдау кезінде анықтау керек:
1) компьютерлік оқу жабдықтарын құру кезінде қалыптасқан оқыту мақсатына сәйкес білім, дағдыланудан тәуелді ерекше топтың студенттерінің емтиханда байқалған білім, дағдылануы немен ерекшеленеді;
2) ерекше топтың студенттерінің емтиханда байқалған білім, дағдылануы басқа топ студенттерінің білімі, дағдылануынан немен ерекшеленеді;
3) ерекше топ пен параллель басқа топтың емтиханда алған бағаларының айырмашылығы;
4) басқа пәндер бойынша ерекше топ пен параллель басқа топтың емтиханда алған бағаларының айырмашылығы;
5) компьютерлік оқулықпен жұмыс істеу уақытының ұзақтығы және қысқалығы;
6) берілген пән бойынша параллель топтың студенттерінің дайындалу уақыты;
7) оңтайландыру мақсатында компьютерлік оқулыққа қандай түзетулер енгізілуі тиіс;
8) басқа пәндер бойынша студенттердің дайындалу барысы қалай жақсарылуы тиіс.
Алдыңғы алты пункт пән бойынша дайындау сапасы мен мерзімге компьютерлік оқытудың (бақылаудың) әсерін анықтау үшін арналған. Соңғы екі пункт осы оқытуды (бақылауды) әрі қарай жетілдіру бағытын анықтауға мүмкіәндік береді. Қазіргі таңда электронды оқу-әдістемелік материалдардың тиімді жиынтығын құру мәселелеріне көп көңіл бөлу қажет. Компьютерді қолданғанда оқытудың тиімділігі қандай да бір дәрежеде олардың сапасынан тәуелді .
1. 2 Электронды оқулық және оның тиімділігі
Білім берудің саласында " Электрондық оқулықтарды" пайдалану, танымдық белсенділігін арттырып кана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытка дейінгі білім беру саласында тек оқытушылардың айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Сондықтан казіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылыт олыктырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі үгымды болады.
Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электрондық практикум" берілген. Студент оқулықгы қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып-ақ үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқу үшін жеңілдетілген дайын материал. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір қызығушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады. Оқу үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. » Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студентке бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. Осыған байланысты
электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек секілді.
- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықгың сол пәннің типтік бағдарламасына сөйкес болуын;
- электрондық оқулықгың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
- белгілі бір тақырыпқа катысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын он жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықгарын электрондық оқулықгы пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен оңға -солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.
Осы Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық - бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т. б. Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Бiз оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:
1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т. б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz