Мұрат Жұрынұлының Ұлттық Ғылым академиясы президенті ретіндегі тарихи рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 378. 6 Қолжазба құқығында

Темір Азамат Абайұлы

М. Ж. ЖҰРЫНОВ - КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ

ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

6М020300 - Тарих мамандығы бойынша

тарих ғылымдарының магистрі

академиялық дәреже алу үшін магистрлік диссертация

ТҮРКІСТАН - 2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Қазақстан тарихы кафедрасының

меңгерушісі, т. ғ. к., доцент

Е. С. Абдраманов

«» 2014 ж.

Магистрлік диссертация

М. Ж. ЖҰРЫНОВ - КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ

ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

мамандығы: 6М020300 - ТАРИХ

Магистрант А. А. Темір

Ғылыми жетекшісі,

тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент Г. Т. Жораева

ТҮРКІСТАН - 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 10

АННОТАЦИЯ . . . 11

1 МҰРАТ ЖҰРЫНҰЛЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРЛІК ТҰЛҒАСЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ

1. 1 Мұрат Жұрынұлының тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен ортасы . . . 12

1. 2 Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрылуы мен даму тарихы және Мұрат Жұрынұлының тұңғыш ректоры ретінде тарихи орны . . . …… . . . 26

2 АКАДЕМИК МҰРАТ ЖҰРЫНҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

2. 1 Мұрат Жұрынұлының Ұлттық Ғылым академиясы президенті ретіндегі тарихи рөлі . . . 38

2. 2 Мұрат Жұрынұлының Қазақстан Республикасының Білім беру

жүйесіндегі және қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді қызметі . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76

ҚОСЫМШАЛАР . . . 79


КІРІСПЕ

Магистрлік диссертация тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақстандық тарих ғылымында қоғам өмірінен ерекше орын алатын айтулы тұлғаларға деген қызығушылық артып отыр. Тарихты тұлғалар жасайды деген қағидаға сүйенер болсақ, бұл тақырып терең зерттеуді талап ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылары сөзсіз. Егемендікке қол жеткізіп, бар мен жоғымызды түгендеп жатқан тұста тек көне тарихтағы көсемдеріміздің ғана емес, өзімізбен бірге бір қоғамда өмір сүріп, елдің жаңа сатыға көтерілуіне, мемлекеттің жаңа жағдайға бейімделуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматтарымыздың да өміріне ғылыми тұрғыдан баға беру бүгінгі ұрпақ борышы.

Елбасымыз өзінің «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде: «Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамырын терең жіберген қиын да қызықты тағдыр кешті. Ол негізінен, тәуелсіздік жолындағы күреспен өтті. Қазақстанның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ. Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойып отырған міндеттерінің ауқымымен артар жауапкершілік жүгін әлгіндей оқиғалардың таңбалы тарихи тізбегін, ата-бабаларымыздың жүздеген ұрпақтарының жанын жай таптырмаған азапты ізденістерін ескермей тұрып бағалауда, бағамдауда қиын» [1] - деп атап көрсетті.

Ел тәуелсіздігінің туын көтерушілер мен идеологтардың қатарында бүгінгі Ұлттық Ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик Мұрат Жұрынов та бар. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - демекші, өмірі мен кәсібі ұлт тағдырымен қоса қабысқан айтулы тұлғаның азаматтық болмысы турасында тілге тиек еткенді абзал санадық.

Мұрат Жұрынұлы туралы көптеген мақалалар жарияланып, қоғамдық пікір қалыптасқанымен ғылыми тұрғыдан талданған толыққанды еңбек әлі күнге кездеспейді. Біз өз еңбегімізде осы мәселенің өзектілігіне ғылыми қауымның назарын аудара кетпекпіз. Ғалымның аты бұрын көбіне химия саласына қатысты ғылыми еңбектерде жиірек аталып келсе, келешекте оның ғалым ретіндегі ғана емес, тұлға ретіндегі азаматтық бет-бейнесін егжей-тегжейлі талдап, оқырман назарына ұсыну ауқымды ғылыми еңбекке арқау болары күмәнсіз.

«Болар бала он бесінде баспын дер», - деген ұлағатты нақылдың қазақ жадында жатталып келе жатқанына да талай ғасыр өткен де болар. Мұрат Жұрынұлы Жұрынов та жастайынан ғылым-білімге деген зеректігінің арқасында талай асудан асты [2, 3-б] .

Оның еңбектері көптеген ғылыми жобалар секілді тек қағаз бетінде ғана қалып кетпей өндіріспен біте қайнасып, бірден ел игілігіне айналуымен де құнды. Себебі ғалым, сол кездерде-ақ ел өміріндегі және ғылымдағы ең өзекті мәселелерді дөп басып танып, солардың шешу жолдарын қарастыруға бел шеше кірісті. Бұл өз кезегінде ғылыми ыждаһаттылықты ғана емес, қоғам өміріне деген сергек көзқарасты талап етері сөзсіз. Міне осы жағдайларды саралай келе біз М. Жұрынов бойындағы азаматтық ұстанымның сол тұстарда-ақ айшықталып қойғанын аңғарамыз.

Академик қазіргі таңда Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында қызмет істеп жүрген талантты ғалымдардың үлкен тобын тәрбиеледі. Отызға жуық ғылым кандидатына ғылыми жетекшілік жасап, олардың арасынан ерекше таланттылары докторлық диссертацияларын өз жетекшілігімен сәтті қорғап, әлі күнге ізінен еріп келеді. Бұл біз қарастырғалы отырған тұлғаның бір ғана қыры. Ал оның қоғамның қайнап жатқан тіршіліктеріне деген көзқарасы мен мемлекеттік деңгейдегі қызметтері өз алдына бір төбе. Ендеше, осы және басқа да сипаттарын саралай келе, біз елімізге кеңінен танымал тұлға, академик Мұрат Жұрынұлының ғылыми және азаматтық көзқарастарына нақты баға бере отырып, оның тұлғалық қалыптасу жолдарын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік аламыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі (1994 ж., корреспондент-мүшесі (1989 ж. ), Ғылым, техника және білім саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003 ж. ), бірқатар халықаралық ғылым академияларының, жоғары мектеп халықаралық академиясының және т. б. мүшесі. ҚР Президенті жанындағы Ұлттар кеңесінің, ҚР Үкіметінің Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиясының, ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының мүшесі, «ҚР ҰҒА баяндамалары» журналының бас редакторы, ИКҰ (Ислам Конференциясы Ұйымы) елдерінің ғылым академиялары ассоциациясының вице-президенті, ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының мүшесі, ҚР Премьер-министрінің ғылым жөніндегі кеңесшісі, ҚР Парламентінің Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі-Мұрат Жұрынұлының саналы ғұмыры қаншама маңызды оқиғаларға толы. Ол әр тұстарда Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры (1982-1985 ж. ж. ), ҚазССР ҒА-ның Органикалық синтез және көмір химиясы институтының директоры (1985-1991 ж. ж. ), 1991 ж. Түркістан мемлекеттік Қ. А. Ясауи атындағы университетінің ректоры, 1992-1995 ж. ж. қайта құрылған Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті, Қазақстан Республикасының Білім министрі (1995-1997 ж. ж. ), Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті (1997-2001 ж. ж. ) секілді ауқымды қызметтерді абыроймен атқарды [3, 12-б] . 2001-2007 жылдар аралығында Д. В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институтының директоры болып жұмыс істеді. 2003 жылдың қазан айында ҚР ҰҒА президенті болып сайланды. Бұл қызметтер оның ғалым ретінде ғана емес білікті басшы, шебер ұйымдастырушы ретінде де жарқырай көрінуіне мүмкіндік берді [4, 28-б] .

Көпшілік қауым, жалпы ғылыми орта М. Жұрыновты әйгілі ғалым, химия саласының терең білгірі ретінде таниды. Оның әлемдік дәрежеде мойындалған ондаған жаңалықтардың авторы екені де баршаға аян. Алайда біз бүгін оның ғалымдық қырын ғана емес, қоғам үшін аса өзекті мәселелерге сергек қарайтын қайраткерлік, азаматтық көзқарастарының бір парасына тоқталмақпыз.

Магистрлік диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Академик, экс-министр, ХҚТУ-дың алғашқы қазығын қағып, оны биік дәрежеге жеткізген айтулы тұлға Мұрат Жұрынұлының сан қырлы еңбегін баяндайтын кітаптар да, көлемді мақалалар да жетерлік. Ғалымның бір ғана химия саласы бойынша жасаған еңбектерін саралаған ғылыми мақалалар мен диссертациялардың өзі қаншама.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті құрастырған «Бес жыл - бес белес» [5], «Өркен жайған оқу орда» [6] атты кітаптарда осы оқу ордасының тұңғыш ректоры М. Жұрынұлының университетке сіңірген еңбегі, оны халықаралық дәрежеге жеткізудегі жанқиярлық әрекеті жан-жақты баяндалады. Аталмыш басылымдар университеттің бес жылдық және он жылдық мерейтойына арналып шығарылғандықтан онда негізінен осы оқу ордасының тарихына басымдық берілген.

Ал, ғалым әрі журналист Сейдолла Садықұлының «Түркі әлемінің тұлғасы» [7] атты кітабы университет құрылған алғашқы күннен бастап, оның барлық іргелі, елеулі істерінің ұйымдастырушысы болған көрнекті ғалым, академик М. Жұрынұлының қажырлы да қарымды істерін кеңінен қамтиды. Атағы республика көлеміне ғана емес, одан тысқары елдерге кеңінен танымал академиктің өмірі мен еңбек жолдарынан келтірілген мәліметтер оның адамдық, азаматтық, қайраткерлік тұлғасын айшықтай түседі. Автор бұл еңбегінде ғалымның жүріп өткен жолдарын баяндап қана қоймай, оның сол белестірді бағындырудағы тынымсыз еңбегін, тоқтаусыз күресін әсерлі сипаттайды. Мейлінше кейіпкерінің жанына үңіліп, оның ішкі сырын, жан тебіренісін жеткізуге тырысады. Бұл мақсатына жетеді де.

Ал, соңғы ширек ғасырда мерзімді баспасөз беттерінде М. Жұрынұлына қатысты жазылған ғылыми, танымдық, ақпараттық т. б. мақалалардың тіпті есебі жоқ деуге болады. Олар негізінен ғалымның ғылыми еңбектерін талдауға, ол басшылық еткен мекемелерде атқарылған жұмыстарға және оның қоғамдық ой-пікірлеріне арналған. Сонымен қатар академик алған түрлі марапаттар мен құттықтауларға арналған мақалалар да өз алдына бір төбе. Біз соның бірнешеуіне ғана тоқталғанды жөн санадық.

Жазушы Аманхан Әлімұлы Мұрат Жұрынұлының ғылымға икемділігін қалтқысыз аңғарған оның ұстазы, профессор Равиль Вахидов екенін айтады. Ол Мұрат Жұрынұлының болашағын дөп басып, алысқа жол сілтейді. Ұстазы туралы Мұрат Жұрынұлының өзі де жиі ауызға алып, ол кісінің алдында мәңгілік борыштармын деп санайды. Өйткені ол сол кезде қазақ баласының аяғы жете бермейтін Мәскеудегі Д. И. Менделеев атындағы химия-технология институтының аспирантурасында оқып, нағыз ізденіске толы ғылымның сара жолына түседі. М. Жұрыновтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар негізінде ұсынылған теориялық тұжырымдар, тек республикамызда ғана емес, бүкіл Одаққа, тіптен шет елдерге де мәлім болады. Мұның бір айғағы - 1980 жылы Жұрыновтың ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен электрохимиктердің Бүкілодақтық мектеп-семинары. Әдетте мұндай семинарлар электрохимик мамандар шоғырланған Ресейдің үлкен қалаларында немесе республика астанасында өтетін, бұл семинарға қатысқан дүниежүзіне белгілі электрохимик ғалымдар қатарында: Л. Г. Феоктистоф, С. Н. Майрановский, С. И. Жданов, О. А. Петрий, Б. И. Дамаскин және т. б, болды [8] .

Бұл да академиктің ғылым әлеміндегі зор абыройы мен үлкен ұйымдастырушылық қабілетінің жемісі, деп түйеді жазушы.

Қаламы қарымды журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, бірнеше жыл «Түркістан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған Сырым Дағмырзаұлы «Ақиқат» газетінде жариялаған мақаласында М. Жұрынұлының алыстан болжайтын көрегендігін, тереңнен ойлайтын кемеңгерлігін дәл аңғарады. Әсіресе, қоғамдағы ең өзекті проблемалардың басында тұратын дін мәселесіне келгенде ғалымның пікіріне дер кезінде ден қоймағанымызға өкініш білдіреді.

Шындығында қазіргі заманда адамзат дүниесінің ең маңызды мәселелерінің бірі - діни экстремизмге, фундаментализмге, вахабизмге, әртүрлі кертартпалық пен соқыр сенімге қарсы тұру. Дүние жүзіндегі барлық өркениетті мемлекеттер осы зиянды діни ағымдарға қарсы үлкен күрес жүргізуде, сол жолда бірігіп әрекет етуде.

Бұл сияқты зиянды және қауіпті ағымдарды тоқтатудың бірден-бір жолы мен әдісі білімділік, рационализм және дінді дұрыс түсіндіру екенін М. Жұрынұлы өткен ғасырдың соңында өз ойымен де, ісімен де дәлелдейді. Осындай мақсатты орындау заманға сай білім беретін мемлекетті университеттердің Дінтану факультеттеріне жүктелуі тиіс. Университеттегі Дінтану факультеттерінің белгілі дәрежеде автономиялық құқығы болуы керек, - деп ойын одан әрі өрбітеді академик. Бұл факультеттерді бітірген мамандарға тиісті атақтар (бакалавр, магистр т. б) беріліп, оларды діндерді бақылайтын мемлекет органдарына, діни орындарға (мешіттерге) және орта мектептерге бағыттау керек. Орта мектептердің 6-7 сыныптарында (13-14 жас) діни (дін негіздері) сабақтар (ең кемі факультатив ретінде) өткізілуі қажет [9] .

Бүгінгі таңда еліміздегі ең қажетті мамандықтың бірі осы дінтанушылар болып отырғаны жасырын емес. Жоғары сыныптарға дінтану сабақтарын енгізу мәселесі де М. Жұрынұлы ескерткен уақыттан оншақты жылдан кейін көтеріліп, енді ғана қолға алына бастады. Журналист ғалымның айтқандарына дер кезінде көңіл бөліп, аталмыш мәселені мемлекеттік деңгейде қолға алғанымызда, соңғы жылдары орын алған кейбір келеңсіздіктердің алдын алуымызға болатынын көлденең тартады.

Жазушы Жексенбай Алпартегі республикалық «Заң» газетінде жарық көреген мақаласында М. Жұрынұлының бүгінгі ғылымның жай-күйіне қатысты көзқарастарына талдау жасайды.

Әр мемлекеттің кешенді түрдегі классикалық бір ҰҒА-сынан басқа салалық ғылым академиялары да болады. Олардың әрқайсысының өз орны болуы тиіс. Олар өз саласымен айналысады және оны дамытуға ат салысады. Қазіргі кезде олардың саны 100-ден асады. Көпшілігінде ірі ғалымдар бар, бірақ өкінішке орай, олармен қатар, тіпті ғылыми атағы жоқтар кездеседі. Олар мүшелік ақы төлеп "Корреспондент-мүше", "академик" деген атаққа ие болып жатады. Ғылымнан хабары жоқ, жалпы сауаты да шамалы адам өзін академикпін деп шіреніп тұрса, сол көрініс өркениетті елге жараса ма? Ғылымға өмір бойы бар күш-жігерін жұмсап, жаңалық ашқан азаматтың қатарына ғылымы түгіл білімі шамалы жантайшаптарды қою қоғам үшін көргенсіздік болып табылады. Мұның ұяты ұлтымызға тиетінін ескертеді, ғалым аталмыш мақалада [10] .

Мұндай ашынған ойдың айтылуына себеп те жоқ емес еді. Кейінгі жылдары екінің бірі доктор немесе ғылым кандидаты атанып кеткені де жасырын емес. Мемлекет мұндай індетті тоқтату мақсатында түрлі қатал шараларға да барды. Ғылымы өркендеген елдің экономикасы да жаңғыруы тиіс дегенімізбен, бізде ғылымның экономикаға тікелей әсері көп байқала қоймады. Себебі екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамыған жоқ. Осы олқылықты дер кезінде аңғарған академик: «Ең бастысы жан-жақты дайындалған, заңдастырылған жүйе керек. Білім мен ғылым деген бір-біріне ұштасып жатқан дүние ғой. Сондықтан оларды заң саласында бір-біріне сәйкестендіру керек. Осы іргелес салаларға талантты жастарды тарту керек», деген болатын. Жазушы ғалымның бұл сөздері ғылым мен экономиканың жүрек қағысын тамыршыдай тап басып, дәл көрсетіп тұрғанын бүгінгі күннің мысалдарымен дәлелдейді.

Академик М. Жұрынұлының ұлттың рухани өзегі саналатын мәдени мұраларымызға қатысты тың көзқарастарын талдаған мақалалар да жетерлік. Міне осы және басқа да еңбектер біздің Жұрынов әлемін зерттеуімізге даңғыл жол ашты.

Магистрлік диссертацияның мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты мерзімді баспасөзден алынған әртүрлі деректер мен әр жылдары басылып шыққан кітаптар, мерзімді басылымдарда жарық көрген ғылыми еңбектері арқылы Мұрат Жұрынұлының ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін, қайраткерлік тұлғасын, шығармашылық және ғылыми мұрасын ашып көрсетіп, тарихи талдау жасау болып табылады. Өмірдегі ұстанымы мен ұстыны берік, білімі мен білігі ізгі, ғалымдық пен қайраткерлікті, ақыл мен даналықты жүрек жылуымен қатар алып келе жатқан белгілі қазақ зиялыларының бірі әрі бірегейі Мұрат Жұрынұлының атқарған қызметін, қазақ ғылымына сіңірген өлшеусіз еңбегін егжей-тегжейлі зерттеу және ғылыми сарапқа салу.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

- Мұрат Жұрынұлының өскен ортасы мен тұлғалық көзқарастарының қалыптасу жолдарын зерделеу;

- Мұрат Жұрынұлы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрылуындағы рөлі мен атқарған ересен еңбегін бағалау;

- Мұрат Жұрынұлы ҚР ҰҒА президенті болып сайлануы және осы аталмыш ғылыми мекеменің жұмысын жаңа заман талабына сай үйлестірудегі жанқиярлық жұмысын талдау;

- Ұлттық Ғылым академиясының жаңа мәртебесі және Мұрат Жұрынұлының осы жолдағы тың ізденістері мен оларды іске асырудағы қайраткерлігін саралау;

- Мұрат Жұрынұлының қоғамдық-саяси өмірдің белсенді өкілі ретінде мемлекет болашағына қатысты күрделі проблемаларға сай білдірген өткір көзқарастары мен тың ұсыныстарын жаңа заман мінберінен сараптау.

Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында Мұрат Жұрынұлы Жұрыновтың әр жылдары атқарған қызметі, табиғи және азаматтық бейнесі, туған жері мен туған халқы алдындағы баға жетпес ерен еңбегі, саяси ұстанымдар негізінде жазылған ақиқатқа толы ғылыми қолжазбалары, отандық тарих ғылымы үшін қосқан үлесі қазіргі заман талаптарына сай, жаңа көзқараспен талданып, ғылыми-зерттеу тақырыбына айналып отыр.

Магистрлік диссертацияның хронологиялық шеңбері. Жұрынов Мұрат Жұрынұлының 1964 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі саналы ғұмырын қамтиды.

Магистрлік диссертацияның әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеу жұмысының методологиясы тарихилық, жан жақты салыстырмалы талдау мен жинақтау, шынайы жүйелілік және тағы да басқа ғылыми әдіснамалық принциптер басшылыққа алына отырып жазылды. Әлемде қалыптасып келе жатқан тұлғатану саласының өркениеттілік ұстанымына ерекше көңіл бөлінді.

Магистрлік диссертацияның практикалық маңызы. Қазірге кезде отандық тарих ғылымы саласында жаңа қарқынмен өрістеп, даму жолына түскен тұлғатану мәселесі бойынша қорғауға ұсынылып отырған ғылыми-зерттеу жұмысының өзіндік қосар үлесі бар. Зерттеу жұмысында ұсынылған мәліметтер, ой тұжырымдар мен қорытындыларды жоғарғы оқу орындарында оқытылатын Қазақстан тарихы, Тұлғатану курсы бойынша оқытылатын лекция мен семинар сабақтарында, арнайы курстарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстың мәліметтерін жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қалыптастыруға арналған жұмыстар барысында қолдануға және Қазақстандағы ұлттық интеллигенция тарихы бойынша зерттелетін ғылыми еңбектер жазу барысында дереккөз ретінде пайдалануға болады.

Магистрлік диссертацияның сыннан өтіу. Диссертацияның негізгі
тұжырымдары, нәтижелері Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасы жыл сайын өткізетін дәстүрлі Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Өзбекәлі Жәнібек оқулары 2013» атты IV республикалық ғылыми-теориялық конференцияда баяндалып, талқыланды. Зерттеу тақырыбы бойынша еңбектер Қазақстан Республикасы Халықаралық ғылыми журнал беттерінде жарияланды. Магистрлік зерттеудің материалдары Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Тарих-педагогика факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинар мәжілісінде талқыланып (27 наурыз 2014 ж., хаттама № 8), алдын-ала қорғауға ұсынылды.

Магистрлік диссертацияның құрылымы. Магистрлік зерттеу жұмысы кіріспеден, екі үлкен тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  1. ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы
  2. ИКҰ - Ислам Конференциясы Ұйымы
  3. ҚазССР ҒА - Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Ғылым академиясы
  4. ҚЖОМ - Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
  5. ҰҒА - Ұлттық ғылым академиясы
  6. ҚР ҰҒАм - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүшесі
  7. ҚР ПҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңесінің мүшесі
  8. АҚШ - Америка Құрама Штаттары
  9. М. Әуезов атындағы ОҚМУ - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
  10. ҚазХТИ - Қазақ химия-технология институты
  11. ВАК - Высшая Аттестационная комиссия
  12. КСРО ХКК - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық Комиссарлар Кеңесі
  13. КСРО ҒА - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ғылым академиясы
  14. Қазақ КСР ҒА - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ғылым академиясы
  15. Қазақ КСР ХКК - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесі
  16. ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
  17. ЖОО - жоғары оқу орны
  18. Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  19. әль Фараби атындағы ҚазҰУ - әль Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
  20. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ - Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті
  21. ҚарМТУ - Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті
  22. ҚБТУ - Қазақстан-Британ техникалық университеті
  23. ҒА - Ғылым академиясы
  24. ЖІО - жалпы ішкі өнім
  25. ҚКП ОК - Қазақстан Компартиясының Орталық комитеті
  26. ЕҚЫҰ - Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы

АННОТАЦИЯ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫ
Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері
Қазақстан халықтарының ассамблеясы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Ұлттық мұрат
Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда білімнің, ғылымның мәдениеттің қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Дзюдоның спортының пайда болу тарихы
XVIII – XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның мәдениеті
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz