Қазіргі философиялық мәселелер


Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырып: Глоссарий негізгі терминдері. Философиядағы адам мәселесі
Орындаған: Мерейхан А.
Тобы: ВМ - 801
Тексерген: Кенжебулатова А. М
Семей 2020ж
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімі
2. 1 Адам туралы алғашқы идеялар
2. 2 Қазіргі философиялық мәселелер
3. Әдебиеттер тізімі
Негізгі бөлімі.
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.
Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты - алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы - алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ. .
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын деп аталатын діни- философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы - құдайға құлшылық етіп, табына беру десе, буддизм керісінше, өмірдің өзі азап шегуден тұрады, бұл дүниеде одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы тіршілік қамын ұмыту, нәпсіні тежеу арқылы болып
жатқан істер мен құбылыстарға немқұрайды қарап, бейтарап күйге түсу. Бұны «нирвана» деп атайды. Нирванаға жеткен адам, бұл о дүние мен осы дүниенің айырмашылығын сезіп-аңғарудан қалған адам. Адамды азаптан құтқарудың бұл жолы дұрыс па бұрыс па оны мәселе қылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам мәселесін ең жоғары биікке көтеріп, өзін түгелдей соған арнағаны жайында болып отыр.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек, ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді. Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, философиялық ой түйінін Конфуций: «Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама»-деп, қорытты.
Ежелгі грек философияның құрушылардың бірі - Демокрит. Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да өледі. Оның айтуынша өмірдің мақсаты - бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес.
Адам мәселесіне Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Аристотель концепсиясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Оның пікірінше, адам - ақылға ие қоғамдық жануар. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті - азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның «алтын аралық» деп аталатын моралдық доктринасы адамның жандүниеснің сырын ашуға негізделген.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру
арқылы бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамның үш түрлі тамаша табиғи қабілеті болады: 1) ерекше жасалған дене құрылысы;
2) жан құмарлықтары;
3) ой-парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табииғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқты жеңуді жолы - аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын дәрежеге жеткізу. Мұны іске асыру: адамға және мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, үшқаралықтан сақтану керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған ойлары бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. .
Ортағасырлық діни философияда адам обастан-ақ біріне-бірі қарама- қарсы екі бастаманың: тән мен жанның іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндіріледі. Сондықтан мысалы, Августин адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтін жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен тән бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінеді. Тән өледі, жан өлмейді, о дүниеде құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінан тазару үшін құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады. Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен
рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдайдың құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деді. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды. Сол заманның философтары Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза осыны үндеді. Француз философы Рене Декарттың: «мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін» -деген қанатты сөзінің мәні осында. XIX -XXғғ идеалистік философиясы адамның өмірінің рухани бастамасын асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл-ой арқылы түсіндірілсе, енді бірде керісінше, ақыл-ойдың күшіне сенбеу арқылы түсіндіруге тырысады. XIX ғ классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама - рухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады.
Тарихта материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық өмірде алатын орнын түсінуді шын мәнінде ғылыми деңгейге көтереді. Адам бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғи болып бөлшектеніп, біржақты немесе таза абстрактілі түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде, нақтылы - тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болады. Адамның табиғи әлеуметтік мәні, қоғамдағы рөлі мен орны жөніндегі оның ондаған мың жылдар ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты.
Қазіргі философиялық мәселелер. Қазір Бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды мәселелер қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекет пен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық жағынан алға басу, халық ағарту және мәдениет мәселелері, халық санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық және әлеуметтік жағдайларға үйренуі, материалдық қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т. б. сияқты күрделі мәселелер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz