Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КРИМИНАЛИСТИКА
Оқулық
Алматы
«Қазақ университеті»
2005ж.
Криминалистика. Оқулық
Авторлар ұжымы:
Исаев А. А., з. ғ. д., профессор
Найманова Г. Х., құқық магистрі
Тапалова Р. Б., з. ғ. к., доцент
Темірболат Н. С., құқық магистрі
«Юриспруденция» - 050301, «Құқық қорғау қызметі» - 050303 мамандығы бойынша оқу-методикалық бөліммен ұсынылған.
Рецензенттер:
Еркенов С. Е, з. ғ. д., профессор, полиция генерал-майоры, ҚР ІІМ Академиясының бастығы
Нұрғалиев Б. М., з. ғ. д., профессор, ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының ғылым жөніндегі бастықтың орынбасары.
Салаев Б. А., з. ғ. к., доцент, полиция полковнигі, ҚР ІІМ Академиясының күндізгі оқыту факультетінің бастығы.
Амитов Ш. Е., подполковник, криминалистика кафедрасының бастығы.
Сатыбалдинов М. Т., полиция майоры, криминалистика кафедрасының аға оқытушысы.
Сембиев С. Ж., полиция капитаны, криминалистика кафедрасының оқытушысы.
Авторлар ұжымы рецензенттерге үлкен ризашылығын білдіреді.
Криминалистика оқулығы заң факультетінің студенттеріне, магистранттарға, колледж оқушыларына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.
АЛҒЫ СӨЗ
Оқулық Қазақстан Республикасы мен Кеңес
Одағының аса көрнекті криминалист ғалымы,
заң ғылымының докторы, профессор
Еркін Ғазизұлы Жәкішевтің жарық бейнесіне арналады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілет факторы ретінде білімділік деңгейін көтеру мәселесі басты міндеттердің бірі болып есептеледі.
Жоғары деңгейде кәсіби білім берудің бірден-бір шарты - сапалы оқулықтар мен оқу құралдарын шығару.
Президент ең өзекті мәселе мемлекеттік тілде жазылған оқулықтар мен оқу құралдары мәселесі екендігіне айрықша тоқталды. Өкінішке орай, әлі күнге дейін “Юриспруденция”, “Құқық қорғау қызметі” мамандықтары бойынша қазақ тілінде мемлекеттік стандартқа сәйкес жазылған оқулықтар жеткіліксіз.
Криминалистика XX ғасырдың ортасында ғылым ретінде қалыптасты. Криминалистикалық маңызды білімнің жинақталуына неміс процесуалист ғалымның Людвиг фон Ягемон, Париж полиция префектурасының идентифика-циялық бюро директоры Альфонс Бертильон, зерттеуші-ғалымдар В. Гершель, Г. Фолдс, Э. Генри, Х. Вучетич, неміс криминалисі Р. Гейндль, Ресей қыл-мыстық процесуалдық ғылымының өкілдері - Я. Баршев, А. А. Ковалевский, П. В. Макалинский, Н. В. Шавров, М. В. Духовский, И. Я. Фойницкий, В. Д. Спасович, С. Н. Трегубов, В. И. Лебедев, жаратылыстану ғылымының өкілдері - Д. И. Менделеев, А. Н. Бутлеров, Н. И. Пирогов, Е. Т. Буринский және т. б. үлкен үлестерін қосты. Ең алғаш рет XIX ғасырдың аяғына қарай жиналған криминалистикалық маңызды ақпаратқа ғылыми талдау жүргізген және жаңа жеке ғылым ретінде жариялап, оны криминалистика деп атаған австриялық зерттеуші ғалым Ганс Гросс болды. Сондай-ақ ол өзінің 1892 жылы шығарылған «Криминалистика жүйесі ретінде сот тергеушілеріне арналған нұсқау» атты кітабында негізгі ережелерін көрсетті. Кейінірек Ганс Гросс криминалистиканы жалпы университеттік пәндер қатарына енгізу үшін көп еңбек сіңірді. Криминалистика пәні бойынша оқулық алғаш рет 1935 жылы жарық көрді және қазіргі уақытқа дейін Ресей, Беларусь, Украина, Қазақстан криминалистері жазған оқулықтар шығарылып келеді. Қазір криминалистика пәні заң ғылымының маңызды құрамдас бөлігі ретінде мамандандырылуына қарамастан барлық жоғары заң оқу орындарында оқытылады.
Еліміз Тәуелсіздік алған күннен бастап қазақ тілінде криминалистиканың жеке бөлімдеріне арналған бірнеше оқу құралдары басылып шығарылды. Осы күнге дейін қазақ тілінде криминалистиканың төрт бөлімін толығымен қамтитын оқулық жоқ.
Аталмыш басылым мемлекеттік тілде алғаш дайындалған оқулық ретінде криминалистика оқу пәнінің мазмұнын толығымен қамтиды. Оқулық 4 бөлімнен тұрады: криминалистиканың теориялық негіздері, криминалистика-лық техника, криминалистикалық тактика, жекеленген қылмыс түрлерін тергеу әдістемесі. Бірінші бөлімде оқырмандар криминалистика пәнінің сипаты, объектісі, алға қойған мақсаты, ғылыми білім жүйесінде алатын орны және құрылымымен танысады. Сондай-ақ оқулықта жетік дамыған криминалисти-калық идентификация ілімінің негізгі ережелері көрсетілген. Алғаш рет қазақ тілінде жазылып отырған бұл оқулықта біз Қазақстандағы криминалистика мен сот экспертологиясының даму тарихын, отандық криминалист ғалымдардың жетістіктерін баяндауды жөн санадық.
Оқулықтың екінші бөлімінде криминалистикалық техниканың дәстүрлі салаларымен қатар тергеу тәжірибесінің қажеттіліктерін ескере отырып, заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу сияқты бағыты ұсынылып отыр. Одорология, жарылыстану, суық қаруларды зерттеу, фоноскопия тараулары оқулықта қарастырылмаған, дегенмен оны оқулықтың кейінгі басылымдарында қарастыруға болады.
Криминалистиканың үшінші бөлімі профессор Е. Ғ. Жәкішевтің дайындаған криминалистикалық тактикасы оқулыққа өзгеріссіз енгізіліп отыр. Онда жетекші ғалым, Қазақстан криминалистикасы мен сот экспертологиясының негізін қалаушы профессор Е. Ғ. Жәкішевтің ғылыми көзқарасы көрініс табады. Оқулықтың “Жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі” бөлімінде елімізде кең көлемде тараған қылмыс түрлерін тергеудің жеке әдістемесі қарастырылады.
Студент, магистрант және аспиранттар мен сот, прокуратура тергеу қызметкерлеріне бұл оқулықтың көмегі зор деп үміттенеміз.
1- бөлім
КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-тарау
КРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ПӘНДІК
СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі жүргізілуін және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, сондай-ақ қылмыс жасаудан кейбір адамдарды алдың ала сақтандырады.
Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді.
Қылмыстық оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.
Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың ізі т. с. с. ) . Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Мысалы: жол-көлік оқиға болған жерде көліктердің аварияға ұшырауына (соқтығысу, аударылуына) байланысты олардың жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып қалған детальдар оқиға болған жерде қалса, олардың бәрін жалпы криминалистикалық мағынада іздер деп атаймыз.
Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелерді салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап оның тетігін болжап білуге болады.
Әрине қай тергеуші болса да, жасалған қылмысты өз көзімен көруі мүмкін емес. Бірақ болған оқиғаны жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші өткен оқиғаны дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің механизмін ойымен модельдеуі тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дұрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді.
Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге көрінбейтін) анықтау өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен құралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалық құралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні оқытады.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, криминалистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдық қылмысты іс-әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы.
Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әртүрлі пәндік сипаттама беріледі. Көп жылдар бойы бұл мәселеге үлкен назар аударылып, көп пікір таластар болды. Олай болуы орынды да, әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс және орынды пайдалануға болады.
Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені аңғарылады.
Қай автор болса да, криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды.
Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар, әдістер мен тәсілдер тек қылмыстық-процесуалдық заңға сәйкес болуы атап айтылады.
Кейбір авторлар криминалистикалық әдістер мен тәсілдер тек қылмысты ашуда ғана емес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанын да айта кетеді.
Авторлардың бір тобы криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, тек алдын ала тергеуде ғана емес, сот мәжілісінде, сот әрекетін жүргізгенде пайдалануға болатынын баяндайды.
Сонымен айтылғандарды тұжырымдай келіп, криминалистикаға мына төмендегідей пәндік сипаттама беруге болады.
Криминалистика - қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.
Қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігі және табысы тергеуші мен тергеу мекемесінде (бөлімінде) жедел-іздестіру органдарының өзара қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуына да көп байланысты. Бұл көрсетілген екі органның өзара қарым-қатынасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті баптарына негізделеді. Атап айтқанда, жүргізіліп жатқан іс бойынша тергеуші анықтама жүргізетін органдарға, (былайша айтқанда жедел-іздестіру орган-дары) іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізген кезде анықтама жүргізетін органдардан қолқабыс талап етуге құқылы. Тергеушінің мұндай тапсырмалары мен нұсқаулары анықтама жүргізетін органдарға міндетті болып табылады. Осы келтірген заңның мазмұнына қарағанда, тергеуші мен анықтама жүргізуші органның арасында қарым-қатынас тергеу жүргізу үстінде қалыптасады. Бірақ тергеу тәжірибесіне қарасақ, кейде бұл екі органның арасындағы қарым-қатынас іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады, себебі істі қозғауға керекті деректер мен кейбір жағдайларды жедел жолмен алуға болады.
Қозғалған іс бойынша анықтама жүргізуші орган тергеушіге мына төмендегідей жағдайларды анықтауға жәрдемдеседі: іс бойынша керекті куәлерді тауып алуға, ұрланған заттардың тығылған жерін анықтап және ол заттарды дер кезінде алуға, қылмыс жасаған адамды іздеуге және оны ұстауға, тінту жүргізілетін объект жөнінде алдын ала мәлімет жинауға т. б. Сонымен қатар анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері тергеушіге аса ауыр және күрделі тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Криминалистика басқа да өзі тектес заң ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені криминалистиканың көп тәсілдері мен әдістері көп ғылымдардың қағидаларына негізделеді.
Криминалистика ең алдымен Қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері қылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртібін заңды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннің де зерттейтіні бір объект - тергеу әрекеті. Бірақ олардың процесуалдық әрекеттерді оқып, тексеру аспектісінің мазмұны әр түрлі. Криминалистикалық тәсілдер мен әдістер тергеу әрекеттерінің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Олар Қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілмеген, заң қалпының мазмұнымен қамтылмаған. Бірақ криминалистика ұсынған қандай әдіс, тәсіл, не құрал болса да ол Қылмыстық іс жүргізу заңының шеңберінен шықпау тиіс және заңға қайшы болмауы керек.
Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, әр қылмыстың құрамындағы белгісін талдап баяндайды. Бұл қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін негізге ала отырып, криминалистикалық талдау жүргізіп, қылмысты ашуға керекті белгілерді нақтылап, қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайларды, шешетін сұрақтарды белгілеп және қылмыстарды тергеу тәсілдерін ұсынады.
Криминалистика тектес ғылымдардың бірі - криминология. Бұл ғылым қылмыстың болу себептерін, оның әлеуметтік негіздерін және белгілі жерде тарауын, оған қарсы сақтандыру шараларының қолдану тәсілдерін зерттейді. Криминологияның қағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеу-шінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады.
Криминалистиканың келтірілген ғылымдар мен пәндерден басқа да криминалдық ұғымға кіретін сот-медицинасы, сот-психиатриясы, сот-психологиясы пәндерімен де көп байланысы бар, өйткені қылмысты ашу, оны тергеуге арналған криминалистикалық тәсілдер, тергеу әрекетін жүргізу әдістері жоғарыда айтылып отырған пәндердің қағидаларын пайдаланады.
Криминалистика тек заң ғылымдары ғана емес, басқа ғылымдармен де, атап айтқанда: физика, химия, математика, педагогика, психология ғылымдарымен де байланысы бар, себебі криминалистика қылмысты тез арада ашу үшін, өз тәсілдерінің нәтижелігін арттыру үшін, жоғарыда айтылған ғылымдарда қолданылатын тәсілдер мен әдістер, техникалық құралдарды өз қажетіне бейімдеп пайдаланады.
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдеме-лерді іздеп табу, оларды бекіту, алу және зерттеуге бағытталады. Сондықтан криминалистикада жиі қолданылатын іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу деген ұғымдардың мазмұнын талдап оларға түсінік беру қажет.
Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз - ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Заттай дәлелдемелерді іздеуге арнаулы әдістер мен тәсілдер жеке криминалистикалық құралдар қолданылады, себебі кейбір іске қажет дәлелдер, атап айтқанда: іздер, өте кішкентай заттарды жай көзбен қарап тауып алуға болмайды (майлы тер шығу арқылы пайда болатын қол іздерінің үлгісі) .
Бекіту және алу дегеніміз - криминалистикалық аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол күйінде сақтап қалу үшін, оларды арнайы криминалистикалық тәсілдермен белгілеу және алу. Тауып алынған заттай дәлелдемелер, іздер іс жүргізу құжатында толық сипатталып жазылады, суретке түсіріледі, арнаулы жабыстыру пасталарын дактопленкаларын гипс қолдану арқылы үлгісі алынады т. б. іс бойынша жиналып заңды түрде бекітілген заттай дәлелдемелер жан-жақты зерттеледі. Криминалистикалық зерттеу үстінде заттай дәлелдемелерді қалайша пайда болғанын, оның тергеліп отырған қылмыстық оқиғаға қандай қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білім қажет болған кезде, олар күрделі криминалистикалық техниканы қолдану арқылы сараптамалық зерттеуден өткізіледі. Сараптамалық зерттеуде дәстүрі басқа да күрделі физикалық, химиялық әдістер (спекторлық талдау, газды хромотографиялық зерттеу), оған сәйкес техникалық құралдар пайдаланылады.
Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты. Жоғарыда талданған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:
1) криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;
2) заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетіл-діру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалық құралдар жасау;
3) алдын ала тергеудің ұйымдық, тактикалық негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы оның нәтижелігін арттыру;
4) жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;
5) қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сақтандыру шараларын құқыққорғау органдарына ұсыну.
§ 2. Криминалистиканың жүйесі
Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден құралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалық техника, тергеу тактикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі.
Сонымен қатар, криминалистер кейінгі жылдары криминалистика жүйесінде қылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір бөлімді бөліп көрсетеді.
Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің ұғымына криминалистикалық болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әртүрлі қызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніндегі ілімдер кіруі қажет.
Бірінші бөлімде криминалистиканың пәндік сипаттамасы, оның жүйесі және жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны беріледі. Осы бөлімде криминалистикада пайдаланылатын жалпы ғылымдық және арнаулы әдістер көрсетіле отырып, идентификация мен диагностика ілімдері теориялық жағынан қарастырылады.
Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістер, осыған байла-нысты қолданылатын техникалық құралдар жөнінде айтылады.
Бұл бөлімнің жеке тарауларында криминалистика техникасында қолданы-латын тәсілдер мен құралдар көрсетіледі. Атап айтқанда: микроскопиялық зерттеу тәсілі, өлшеу техникасы, спектордың көзге көрінбейтін сәулелерінде (инфрақызыл, ультракүлгін) зерттеу люминесценттік талдау тағы басқа да криминалистикалық зерттеу тәсілдері мен әдістері баяндалады.
Криминалистикалық техниканың күрделі де, негізгі тарауларының бірі - сот фотографиясы. Бұл бөлімде жедел-соттық және сот-зерттеу фотографиясының заттай дәлелдемелерді бекіту, зерттеу үшін пайдаланылатын тәсілдері мен әдістері айтылады. Бөлімнің жеке тарауларында іздерді, мылтық пен оқ дәрілерді және т. б. объектілерді зерттеудің тәсілдері көрсетіледі.
Үшінші бөлімде криминалистикалық тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді, нәтижелі әдістері, оларды қолдану қағидалары баяндалады.
Тергеу тәжірибесінде әр тергеу әрекетін жүргізуге бейімделген арнайы тактикалық әдістер көрсетіледі. Тактикалық әдіс - ол тергеу әрекеттерін жүргізудің неғұрлым ұтымды және нәтижелі жолдары. Әр тергеу әрекетінің ерекшелігіне байланысты осы тергеу әрекетіне оңтайлы, тиімді, пайдалы тактикалық әдістер ұсынылады. Мысалы: оқиға болған жерді қарауға ұсынылатын тактикалық әдіс, ол заттай дәлелдемелерді, іздерді, оқиға болған ортаны рет-ретімен, жүйелі түрде дәйекті және т. б. қарау, тінтуге ұсынылатын тактикалық әдіс - ол тінту жүріп жатқанда тергеуші үй иесінің мінез-құлқына, қисынға келмейтін әрекет-қимылына назар аудару, логикаға сәйкес алып қарағанда іздеп жатқан заттың қай жерде болу мүмкіндігін болжау және т. б. ; жауап алу тактикалық әдісі - ол тергеушінің жауап беруші адаммен (куә, жәбірленуші, айыпкер) психологиялық жағынан дұрыс қатынас жасап істегі деректерді жауап алу үстінде орынды, ретті пайдалану т. б.
Бұл көрсетілген тактикалық әдістер мен басқа да тергеу әрекеттерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер процесуалдық жағынан заңға қайшы келмей, тек тергеу әрекетінің нәтижелі және тиімді өтуіне бағытталады.
Тергеу тактикасы криминалистикалық техникамен тығыз байланысты. Егер криминалистикалық техника техникалық тәсілдер мен құралдарды пайдалану жөніндегі жалпы ұғым берсе, тергеу тәжірибесі бұлардың тергеу әрекетінің ерекшелігіне байланысты қолдануға болатынын айтады. Мысалы: оқиға болған жерді қарау тактикасында айтылғандай, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде қандай техникалық тәсілдер, құрал-саймандар қолданылатыны, олардың пайдалану әдісі баяндалады.
Бір пәннің жеке бөлімдері болғандықтан криминалистикалық техникамен, тактика бірімен-бірі ұштаса отырып, олар криминалистиканың келесі, төртінші бөлімі жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесімен де тығыз байланысты.
Бұл бөлімде жекеленген қылмыстар бойынша жүргізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі және криминалистикалық тергеу болжаула-рының теориялық негіздері, анықтама органдары, тергеушінің қылмыстық іс жүргізуіндегі қарым-қатынас қағидалары сипатталады.
Әр қылмысты тергеудің өзінше ерекшеліктері бар. Осыған байланысты жеке бір істі тергегенде қолданылатын техникалық және тактикалық тәсілдер мен әдістер тергеліп жатқан қылмыстың ерекшеліктеріне бейімделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz