Логикалық ойлау қабілеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Ойлаудың логикалық заңдары

Қоғамдағы жағдайлар мен оқиғалардың белгілі бір заңдылықта қайталанатыны
күнделікті өмірден және бақылаулар нәтижесінен көрінеді. Адамзат өзінің
тіршілігін бастағаннан осы заңдылықтарға қалыптасып, сезініп, оны
қабылдайды.

Ойлау заңдары адам ұғымы мен пікірінің жемісі, және олардың қорытындысынан
туындайды. Біздің ойымыз материялық дүниедегі заттар мен
құбылыстардың адамның санасында бейнеленуі ретінде қарастырылады.
Объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар бір-біріне тәуелді, шарттас және
олар қозғалыста дамиды. Сыртқы дүниедегі нәрселердің қозғалысы мен дамуы
белгілі бір зандар бойынша іске асады. Егер ұғым бұл заңдарды дұрыс
қабылдаса, пікір дұрыс қалыптасады, яғни біз бұл заңдарды жақсы біле
аламыз.

Логика ғылымы ойлаудың негізгі төрт заңын қарастырады. Ол заңдар — Тепе-
теңдік заңы, қайшылықсыздық заңы, үшіншіні ескермеу заңы және жеткілікті
негіз заңы. Бұлар ойлаудың негізгі заңдары деп аталады. Өйткені олар
логикалық ойлаудың түпкі қасиеттерін — анықталмағанын, қайшылықсыздығын,
аяқталғанын, негізделгенін көрсетеді. Бұл қасиеттер ойлаудың барлық
үдерістерінде, оның қандай да болсын формасына қарамастан әрекет етеді.
Логикалық заңдар дұрыс ойлаудың міндетті шарты болып табылады.

Тепе-теңдік заңы. Қандай да болсын бір затты не нәрсені қарастырғанда,
соған тән белгілер туралы ойлау қажет. Сол зат немесе нәрсе туралы ой
қайталанбау үшін анық, тұрақты мазмұнда болуы керек. Бұл ойлаудың ең
маңызды қасиеті — оның анықталғандығы — пікір үдерісіндегі қандай да болсын
ойдың өзара тепе-теңдігі — Тепе-теңдік заңын айкындайды. Тепе-теңдік заңы —
барлық ой қорытындыларының өзара қосылып, бірін-бірі толықтыратын логика
заңы. Сырттай қарағанда, логикалық заңдар ішіндегі ең қарапайым түрі. Оны
былай түсіндіруге болады: егер айтылған пікір шындық болса, ол — шындық.
(Мысалы, "егер шөп көк болса, ол көк", "егер шөп қара болса, ол — қара".)

Табиғатта және қоғамда заттар мен құбылыстардың бір-бірімен араласып
кетпей, нақты, белгілі ерекшеліктері болатыны сияқты, заттар мен құбылыстар
туралы біздің ойларымыз да бір-бірімен араласып кетпеуі тиіс. Болмыстың
кейбір құбылысы туралы дұрыс пайымдай отырып, біз өзіміздің ойымызда
зерттеп отырған нәрсені ауыстырмаймыз, екі ұшты ойламаймыз. Ойлаудың дәл,
анық болуы — дұрыс ойлаудың заңы. Бұл заңның тұжырымдамасы мынадай: белгілі
бір пікірлесуде, ұғым мен пікір сол бір мағынада ғана қолданылуы қажет,
яғни өзіне-өзі тең болуы тиіс. Тепе-теңдік заңы А немесе А=А деген формула
бойынша беріледі. Мұндағы А кез келген ойды білдіреді. Осы заңдылық
бұзылған уақытта келесі қателіктер пайда болуы мүмкін.

Амфиболия ( гр. amphibolos — екі ұштылық, екі ұдайлық) — тілмен өрнектеу
негізінде пайда болатын логикалық қателік.

Эквивокация — бір сөздің түрлі мағынада қолданыла беретіндігінен кететін
логикалық қателік. Эквивокация шешендік әдеби тәсіл ретінде жиі
қолданылады. Логикада бұл тәсілді "ұғым алмастыру" деп те атайды. Мысал
үшін, төмендегі пікірді алайық: "Барлық жанартау — тау, ал барлық гейзерлер
— жанартау болады".

Бұл қорытынды ("барлық гейзерлер — тау") дұрыс емес, өйткені гейзерлердің
тау емес екені белгілі. Мұндай жалған қорытындының шығу себебі — пікірде
Тепе-теңдік заңы бұзылған, яғни логикалық қате жіберілген. Міне, ұғымды
алмастыру дегеніміз осы. Ұғымның мазмұнын дұрыс түсінбегендіктен туатын
"ұғымдарды алмастырып алу" қатесі логикада паралогизм деп те аталады, яғни
паралогизм білместіктен туатын қате.

Логомахия — пікірталас кезінде оған қатысушылардың, талас тудырған ұғымды
анықтай алмауларына байланысты, бір түйінге келе алмауы.

Тепе-теңдік заңынан маңызды талап туындайды: әр түрлі ойларды теңестіруге
болмайды, тепе-тең ойларды Тепе-теңдіксіз ойлар ретінде қарастыруға
болмайды. Осы талап қаншалықты айқын болғанымен, пікір кезінде жиі
бұзылады. Бұл талап жоғарыда айтқан эквивокацияға тән құбылыс.

Сонымен, тепе-теңдік заңы логикалық ойлаудың ең маңызды талаптарының бірі —
анықтықты көрсетеді.

Қайшылықсыздық заңы.[өңдеу]

Ғасырлар бойы жинақталған адамзат тәжірибесінен нәрселермен құбылыстардың
қасиеттері өзара байланыста болатыны байкалған. Мысалы, бір заттың түсі
сары болса, нақ сол кезде және сол жағдайда оның түсі қара болуы мүмкін
емес екенін, егер құс ұшып келе жатса, нақ сол кезде оның бұтаққа қонып
отыруы мүмкін емес екендігін адамдар әлде қашан байқаған. Заттардың осы
сияқты әдетті қасиеттері дұрыс ойлаудың тұрақты белгісі ретінде санасына
орнаған. Егер заттың белгілі бір қасиеті нақ сол жағдайда және сол кезде ол
заттың өзінде бірден болуы да және болмауы да мүмкін емес болса, онда дұрыс
ойлауда да бір мезгілде, бір мағынада алынған бір мәселе жөнінде қарама-
қарсы екі түрлі пікір айтып, ой қайшылықтарын туғызуға болмайды. Дұрыс
ойлаудың бұл заңы логикада қайшылықсыздану заңы деп аталады. Демек, бір-
біріне қарама-қарсы екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, оның
бірі жалған болады. Мысалы, "Осы өзен Ертіске құяды" және "Осы өзен Ертіске
құймайды" деген екі пікір бір мезгілде шындық болуы мүмкін емес, егер екі
пікір де осы өзенге қатысты болса.

Қарама-қайшылық ойды бұзып, таным үдерісін ауырлатын жібереді. Ойлаудың
қайшылықсыз талабы формалды логикалық қайшылықсыздық заңын бейнелейді. Бұл
заң мынадай формулада: А және А емес, яғни бір-бірін жоққа шығарып тұрған
екі ой бірге ақиқат бола алмайды.

Қайшылықсыздық заңы бір уақытта, бір тұрғыдан айтылған қарама-қарсы екі
пікірдің екеуі бірдей ақикат болуын теріске шығарады. Бірақ бұдан оның
екеуі де жалған пікір болуы мүмкін деген түсінік шықпайды. Мысалы, мынадай:
"Біздің сыныптағы оқушылардың бәрі үздік" және "Біздің сыныптағы бірде-бір
оқушы үздік емес" деген қарама-қарсы пікірдің екеуі бірдей ақикат болуы
мүмкін емес, бірақ оның екеуі де жалған болуы мүмкін. Бұл жағдайда: "Біздің
сыныптағы кейбір оқушылар — үздік" деген акиқат пікір шығады. Сөйтіп,
қайшылықсыздық заңы қарама-қарсы екі пікірдің біреуінің немесе екеуінің
бірдей жалған екені жайлы сөз қылмайды.

Бұл айтылғандардан қайшылық заңы ешқандай қайшылықтарды мойындамайды деген
қорытынды жасауға бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен,
қайшылықтың екі түрлі болатынын, атап айтқанда, ойлауда болатын формалды-
логикалық қайшылықтарды өмірдің өзінде болатын диалектикалық деп аталатын
қайшылықтардан ажырата білу кажет. Қайшылықсыздық заңы диалектикалық
қайшылықтарды жоққа шығармайды. Ол тек дұрыс пікір қайшылықтарына ғана
қарсы, өйткені бұл соңғы ойдың дәйектілігін бұзатын, шындықты дұрыс танып
білуге кедергі жасайтын қайшылықтар. Қайшылықсыздық заңы дұрыс ойлаудың
негізгі сапаларының бірі — дәйектілікті талап етеді. Бұл заңды саналы түрде
қолдану тек бөтен адамдардың ойларында орын алған қайшылықтарды ғана емес,
сондай-ақ өз ойлау, пікірлерінде кеткен қайшылық, дәйексіздікті байқап,
түзетуге, сөйтіп, өз пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді.

Үшіншіні ескермеу заңы. Үшіншіні ескермеу заңын мынадай формулада көрсетуге
болады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір бір мезгілде жалған бола
алмайды: оның бірі — міндетті түрде ақиқат, бірі — міндетті түрде жалған,
үшінші пікір алынып тасталады, ал ақиқат не (А), не (А емес) болады.

Үшіншіні ескермеу заңы біздің ойлауымызда маңызды талаптарды
қалыптастырады: бір-біріне қайшылықты екі ойдың бірінің ақикаттығын танудан
бас тартпау және олардың арасынан үшінші бір нәрсені іздемеу керек.

Үшіншіні ескермеу заңы қайшылықты пікірге байланысты ғана әрекет етеді және
төмендегі формадағыдай құрылады: бір-біріне қарама-қайшылықты екі пікір бір
мезгілде жалған бола алмайды, оның бірінің ақиқаттығы қажет. Бұл заңның
формуласы: (А бар не В не В емес).

Бір-біріне қайшы келетін пікірлер әрқашан баламалы болады, яғни екі
мүмкіншілік бар екенін білдіреді. Бұл мүмкінділіктер бірін-бірі теріске
шығарады. Егер бұл пікір баламалы болмаса, онда олар бір-біріне қайшы емес,
ол пікірге үшіншіні ескермеу заңы қолданылмайды.

Үшіншіні ескермеу заңы ұстанымсыздыққа қарсы бағытталған. Бұл заң бір
мәселе жөнінде бірін-бірі жоққа шығаратын көзқарастарды шатастыруға қарсы
бағытталған заң. Бұл заңның сот, тергеу ісінің практикасында қандай ерекше
маңызы бар екенін түсіну қиын емес, өйткені ол заң мәселені кесімді түрде
шешуді талап етеді. Заңгер істі "не олай", "не бұлай" шешуі тиіс. Факті не
расталды немесе расталмады, соны шешкеннен кейін айыпкер не кінәлі немесе
кінәлі емес деп кесіл айтуы тиіс.

Ал үшіншіні ескермеу заңы бірі бірдеңені қостайтын, екіншісі дәл соны
терістейтін екі қайшы пікір бар жерде ғана қолданылады. Жеткілікті негіз
заңы. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар себеп-салдар байланысында
болады. Себептен туған құбылысты әрекет деп атайды, яғни себепсіз салдар
болмайды.

Дүниеде себепсіз құбылыс жоқ. Егер бір құбылыс басқа құбылыстардың
еткендегі дамуы арқасында дайындалып жетілмесе, табиғат пен қоғамда ешбір
құбылыс пайда болмас еді.

Нәрселер мен құбылыстардың объективтік дүниедегі осындай өзара байланысы
адамның ойында жеткілікті негіз заңы түрінде бейнеленген. Жеткілікті негіз
заңы — әрбір ақиқат, ой жеткілікті негізделуі тиіс деп тұжырымдалады.

Белгілі бір ақиқат ойды білдірсек, оның ақиқаттығын негіздеуіміз керек,
яғни шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеуіміз тиіс. Мысалы, айыпталушыға
белгілі бір кінә таққан кезде айыптаушы өз пікірінің ақиқаттығын
негіздейтін қажетті дәлелдер келтіруі тиіс. Олай болмаса, табылған кінә
негізсіз болып шығады. Бұл заң дұрыс ойлаудың қажетті шарты болып табылады.

Жеткілікті негіз ретінде қандай жағдайларды алуға болады: ең алдымен,
мұндай негіз ретінде адамның өз тәжірибесін, жеке фактілерді келтіруге
болады. "Бұл қылмысты жасаған Н. деген адам" деген пікірдің ақиқаттығы,
мәселен, сол қылмыстың жасалғанын көрген адамның тікелей көрсетуі,
куәландыруы арқылы дәлелденеді. Адамның жеке басының тәжірибесінің өрісі
тар. Сондықтан адам өз қызметінде басқа адамдардың тәжірибесіне, тағы басқа
сүйенеді. Мұндай дәлелдер қылмысты тергеу жұмыстарында, тарих ғылымында
тарихи фактілерді анықтауда, тағы басқа жиі қолданылады.

Жеткілікті негіз заңының ойлау үдерісінде аса зор теориялық және
практикалық маңызы бар. Біреуді өзіміздің айтқандарымыздың ақиқаттығына
сендіру керек. Бір пікірді дәлелдеу дегеніміз — оны негіздеу деген сөз,
яғни жеткілікті негіз ретінде ғылымда және практикада дәлелденген ақиқатқа
жататын басқа пікір келтіру керек.

Жеткілікті негіз заңы — еш нәрсемен дәлелденбеген пікірге сеніп, оларды
қабылдай салатын логикасыз ойларға қарсы, әр түрлі діни нанымдарға,
ырымшылдық пен жоқ нәрсеге сенушілікке қарсы бағыт.

Жоғарыда қарастырылған төрт заң дұрыс ойлауға қойылатын айқындылық,
қайшылықсыздық, дәйектілік және дәлелділік талаптарының жалпы көрінісі.
Сондықтан дұрыс ойлаудың бұл жалпы заңдары ойлаудың ұғым, пікір, ой
қорытынды, дәлелдеу сияқты жеке формаларының айрықша ережелерінен көрініп
отырады. Мысалы, ұғымдардың арасындағы қатынастарды, ұғымды анықтағанда,
пікірлер арасындағы қатынастарды, ой қорытындылар мен дәлелдеулердің жеке
түрлерін дұрыс құру ережелерін қарастырғанда, тағы басқа бұл заңдарды
қолданамыз. Осыған байланысты бұл заңдардың логикалық мәні мен талаптарын
меңгеріп, біліп алған жөн.[1]

Пайдаланған әдебиет[өңдеу]

1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін
мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған
окулык Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы:
"Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2
-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ

1 Бөлім. Логика пәні және оның маңызы

Глоссарийлер (анықтама, сөздік);

Формальды логика − дұрыс ойлау формалары, заңдары, операциялары туралы
ғылым.

Диалектикалық логика−білімнің қалыптасуы мен дамуы туралы, оны іс жүзіндегі
әрекетте пайдалану туралы ілім. Бұл ілім жалпы және арнайы заңдарға,
материалистік диалектика принциптеріне сүйенеді.

Логикалық форма − логикаға арналған арнайы символдар тілімен берілген,
нақты ойдың қандай да бір белгілі мазмұнының құрамдас бөлімдерін
байланыстыру әдісі.

Формализация− логика символдары көмегімен кейбір ой құрылымдарын анықтау
процесі. 

 Ұғым −заттың, құбылыстың немесе басқа кластар тобына жататын, заттар мен
құбылыстар тобынан айыратын белгілерді қорытындылайтын ой.

Ұғымның мазмұны− түсінік арқылы берілетін маңызды белгілер жиынтығы.

Мазмұны бойынша ұғым   нақты және абстракті, оң және теріс, салыстырмалы
және салыстырусыз түсініктер болып бөлінеді.

Ұғым көлемі- пән мазмұнына жататын ортақ белгілерге тән көптеген (класс)
заттар (элементтер). Көлемі бойынша бос және бос емес, дара және жалпы,
жинақтаушы және жинақтаумаушы болып бөлінеді. 

Сәйкес ұғымдар - көлемдері аз мөлшерде немесе толығымен сәйкес келетін
ұғымдар. Тең мәнді, бағынышты және қиысатын ұғымдар болып бөлінеді.

Тең мәнді ұғымдар − бір ұғымның элементі, сонымен қатар басқа ұғымның да
элементі болып табылатын көлемдегі ұғымдар. Бірақ соңғысының барлық
элементі алғашқысының элементі бола бермейтіні түсінікті.

Қиысатын ұғымдар− көлемдері белгілі бір мөлшерде сәйкесетін ұғымдар.

Сәйкеспейтін ұғымдар−көлемдері ортақ элементтерге ие емес ұғымдар(ортақ
бағынышты, қарама−қарсы, қарама−қайшы).

Ортақ бағынышты − көлемдері бір−бірін жоққа шығаратын , бірақ өздері бір
мезгілде басқа бір кеңірек ұғым құрамына кіретін түсініктер.

Қарама−қарсы ұғымдар− белгілері бір−бірін жоққа шығаратын түсініктер. Мұның
өзінде біреуінің элементі басқаның элементін жоққа шығара отырып, оны тағы
бір элементпен алмастыра алады.

Қарама−қайшы ұғымдар −бір тектес, алайда бір−бірін жоққа шығаратын
белгілер,  бірақ олардың сомасы бір тектік түсінікті құрайды. Барлық
берілген ұғымдар арасындағы қарым-қатынасты шеңбер сұлбалар көмегімен
бейнелеуге болады. (Эйлер шеңберлері), мұндағы әр шеңбер бір түсінікті
білдіреді.

Ұғымды қорытындылау−кіші көлем түсініктің үлкен көлемді түсінікке ауысуын
жүзеге асыратын ойлау операциясы. Бұнда мазмұның көлемі кеңиді.

Ұғымды шектеу−үлкен көлемді түсінікті кіші көлемді түсінікті ауыстыруға
көмектесетін ойлау операциясы .Бұнда мазмұн көлемі кеңиді.

Ұғымды бөлу− кейбір түсініктердің көлемін бөлу мөлшері деп аталатын
топтарға бөлінетін логикалық опреация, аталған бөлім мүшелер кейбір
белгілеріне байланысты бөлу негізі болып табылады.

Дихотомикалық бөліну-бөлінетін түсініктің көлемі қарама−қарсы кластарға
жатқызылатын бөліну. 

Белгілінің түр өзгерісі бойынша бөліну− таңдалып алынған бөлу негізі түр
құраушы белгі болып табылатын бөліну. Барлық бөлу мүшелері бір тектің
түрлері болып табылады.

Классификациялау немесе жіктеу-кейбір түсініктердің көлемін көп сатылы ,
тармақты бөлуге жол ашатын логикалық операция, онда әр бөлінген элементер
топтары тұрақты, белгілі бір орынға ие.

Ұғымның анықтамасы − ұғым мәнін анықтайтын логикалық операция, яғни қандай
да бір белгілік мәнді (терминді) анықтайды.

Сипаттама−тек кейбір ішкі белгілерді аталып өтетін тәсіл. Адамның, заттың,
құбылыстың маңызды қасиеттері.      

Пайымдау−нақты заттар туралы, олардың қасиеттерімен қатынастары туралы бір
нәрсе расталғанда немесе ол жоққа шығарылғанда сөйлем арқылы білнетін ой.  

Қарапайым пайымдау− пайымдау болып табылатын бөлімді бөліп қарау мүмкін
емес қорытынды. Қарапайым пайымдау атрибуттік (затта қандайда бір қасиетін
барлығы немесе жоқтығы), экзистенцальді (тіршілікті пайымдау) және қатынасы
бар пайымдау (заттар арасындағы қандайда бір қарым-қатынас туралы пайымдау)
болып бөлінеді. 

Пайымдау субъектісі−ой заты туралы түсінік. S символымен белгілейміз.

Пайымдау предикаты−ой затының белгісі туралы түсінік. Р символымен
белгілейміз.

Пайымдау модольдігі−оның әртүрлі қарастырылған бағасы. Ол қажетті ,
мүмкін, міндетті түрде сияқты басқа түсініктер арқылы беріледі.

Сыйымды пайымдау−бұл бір мезгілде ақиқат бола алатын пайымдаулар.Олар тең
мәнді, бағынышты, және субконтрарды болып бөлінеді.

Сыйымсыз пайымдау − бір мезгілде ақиқат бола алмайтын пайымдаулар. Оларға
контрарды  және контрадикторлы  (қарама−қайшы) пайымдаулар жатады.

Фалсафа (грек сөзі философияның арабша айтылуы) - антикалық философиялық
пайымдауды үлгі еткен араб ойшылдарының философиясы.

Феномен – мән ұғымымен байланысты және оған қарсы қойылатын ұғым. Шындықты
мына түрде қарастырады: адам аңғал реализмнен (“заттарды көріп тұрмын”)
заттардың құбылысы (көрінісі) олармен бірдей еместігін түсінуге көшеді.

1 Тақырып. Логика пәні және оның маңызы 

Дәріс мақсаты: Логика пәні, таным процесінің құрылымын ерекшеліктері.
Сезімдік таным формалары туралы түсінікті қалыптастыру. Ойлау және тіл.
Ойлау логиканың объектісі ретінде қарастыру 

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Логика пәні

2. Таным процесінің құрылымын ерекшеліктері. Сезімдік таным формалары
туралы 

3. Ойлау және тіл. Ойлау логиканың объектісі ретінде 

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер). Логика  (гректің сөз, түсінік
пайымдау , ақыл−ой сөзінен шыққан) − ойлаудың құрылымын зерттейді, оның
негізінде жатқан ақиқатқа жету заңдылықтарын ашады. Логика ілімі−адамның
ойлау процесін зерттейтін ілім, астары көп, күрделі процесс. Логика
−дүниені танып білу, оны қорытындылау арқылы бірден −бір дұрыс ойлауға,
тұжырым жасауға үйрететін ғылым.

Адамның ойлау қабілеті оның тілімен үздіксіз байланыста болады. Адамның
абстрактілі ойлауы оны білдірудің құралы болып табылатын, тілдің көмегінсіз
іске асуы мүмкін болмас еді. Тілдесу қабілетті тек ойды білдіру құралы ғана
емес, сонымен қатар, ойлау формалары мен әдіс болып табылатын нақтылық.
Сондықтан тілдік қатынас пен олардың арасындағы қарым−қатынасты зерттеуде
логика негізгі міндеттерді көре алады. Тілдің құрылымын қарастыра отырып,
бір топтағы түсінікті сол топтағы басқа түсінікпен алмастыру арқылы мәнді
мәтінді мәнсіз мәтінге айналдырып жіберуге де болады. Бір−бірін барынша
алмастыра алатын бір класқа жататын түсініктер логикалық категориялар
немесе қисынды санаттар деп атаймыз. Логика −барлық халықтардың ойлауы үшін
ортақ ереже. Ойлауды зерттейтін ғылымдар: логика, кибернетика, жоғарғы невр
қызметінің физиологиясы. Логика-дүниені тану тарихының нәтижесі, жиынтығы,
қортындысы. Логика ғылымында жаңаша әдістерді жетілдіру, адамның дүние
танымын барынша өрістету басты мәселе болып саналады. Логика ғылымы
адамдардың сан ғасырғы тарихи тәжірибесінің жемісі. Формальды логика жаңа
білімдерді қорытып шығарудың заңдарын қарастырады. Логика −талқылау
кезіндегі ойдың дұрыс құрылуын зерттейтін ғылым. Ойымызды дұрыс жеткізу
үшін тіл қажет. Ойлау мен тілдің бірінсіз біріннің күні жоқ. Оларда бір
уақытта пайда болып қосарланып дамиды. Тіл жинақталған білімдерді,
дағдыларды және өмір тәжірибесін ұрпақтан ұрапаққа сабақтас етіп, өмірді
тануға, анықтауға жұмсалады. Адам тілінің жетілуі ойлаудың қалыптасуы мен
дамып, өмір сүріп келеді. Сезімдік таным дегеніміз: көру, есту, сезіну,
арқылы жүзеге асыратын танып-білу. Таным процесінің қандайы да болсын
материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын
негізгі үш формада: түйсік, қабылдау және елестету арқылы жүзеге асырылады

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Логика дегеніміз не?

Абстракті ойлаудың ерекшелігі неде?

Логикалық форма дегеніміз не?

Таным процесінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары қандай?

Сезімдік таным формалары дегеніміз не? 

Ойлау және тіл қалай түсінесіз?

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6.

2 Тақырып. Логиканың тарихы

Дәріс мақсаты: Логиканың тарихи дамуы, пайда болуы формальді логика және
диалектикалық логиканы таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 
1.
Логиканың ғылымының пайда болуы және дамуының кезеңдері
2.
Логика және философия
3.
Формальді логика және диалектикалық логиканың байланысы 

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер); 

Логиканың атасы болып ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д.184-322 ж.ж)
саналады. Ежелгі Үнді, Қытай жеріндегі логикалық ойларды айтуға болады.Грек
жеріндегі элейлік философ Парменидтің алғаш қолданған қарсыны дәлелдеу
тәсілі, танымалдығын Сократтың өз сұхбаттарындағы келтірген ұғымдарды
анықтау логикалық опреациясы дәлел. Логикалық мәселелерді жан жақты және
жүйелі қарастыру Сократтың замандасы Демокриттің еңбектерінде көрініс
табады. Сократтың талантты шәкірті Платон таным теориясы мәселелерінен
логикаға, әсіресе ұғымдарды бөлу және пайымдау теориясына өте көп көңіл
бөледі.Аристотель логиканың негізгі бөлімдері ұғым, пайымдау, ой тұжырымын
(дедукция, индукция, аналогия) теориясының логикалық негізін, гипотеза
арқылы талдап берді. Ол логиканың алдыңғы үш заңын ашып түсіндірді. Оның
еңбектерінде математикалық логиканың элементтері көрініс тапты. Ортағасыр
дәуірінде логиканың дамуы батыс еуропалық схоластикамен және араб тілді
философтар әл Фараби, Инб Сина және Инб Рушд есімімен тікелей байланысты
және жаңа дәуір логика ілімінің қарқынды дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын
философы Ф.Бэкон болды. Аристотельдің ізбасарларынан алатын, жүйеленуі
кешеуілдеген яғни ХVIIғ немістің бір философы, математигі Г.В. Лейбниц
негізін қалаған математикалық логика ХІХ ғ интенсивті дамуда болды. Оның
дамуына Д.Буль, Э. Шредер, С. Джевонс, П.С. Порецкий, Г. Фреге, Б. Рассел
т.б.еңбектері үлес қосты.

. Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Ежелгі Үнді , Қытай, Грек жеріндегі логикалық ойлар қалай дамыды?

Ортағасыр дәуірінде логиканың дамуы?

Логика өзінің тарихи дамуында қандай негізгі кезеңдерден өтті?

Аристотельдің логикалық еңбектерін қандай?

Парменид пен Сократтың логикалық мәселері қандай?

Логиканың үш заңының айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде? 

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 7, 8.

3 Тақырып Ойлаудың заңдары формальды логиканың негізгі заңдары. 

Дәріс мақсаты; Логикалық заң жөніндегі түсінік. Білімнің ақиқаттылығының
логикалық критериясымен адамның практикалық іс әрекетінің байланысы. Логика
заңдарының түрлері мен таныстыру 

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Логикалық заң жөніндегі түсінік. 

2. Логика заңдары мен түрлері. 

3. Қарама қайшылық заңы 

4. Терістеу заңы

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Адам санасындағы ойлау объективтік әлемнің бейнесі ретінде кездейсоқ,
ретсіз емес, белгілі бір заңдылықта өрбитініне назар аудару керек. Бүл
ойдың өзара заңды байланыста болатынын білдіреді.

Қорытындылаудың логикалық дұрыстығы ойлау заңдылығынан туындайды .
Формальды − логикалық заңдар барлық адамзаттың ойлау мәдениетінің
нәтижесінде қалыптасты. Төрт формальды−логикалық заңның авторлары
(Арестотель мен Лейбниц) оларды тек дәстүрлі формалды логикада бөлінетін
негізгі заң ретінде анықтады және негіздеді. 

Тепе теңдік заңы зат жөніндегі кез келген ой пайымдау процесінде қаншалықты
қайталанса да өзіне өзі тепе тең болады.

Қайшылықсыздық заңы дегеніміз −екі қарама қарсы жіне қайшы пікір бір уақыта
айқын бола алмайтын заң қайткенде оның біреуі қажетті түрде жалған болады.
Заң адамның субъективті санасында объективтілікті бейнелейді.  

Терістеуді терістеу заңы. Бұл заңның негізгі категориясы- терістеу.
Философия тарихында осы терістеу категориясының ішкі және сыртқы мағынасы,
оның мәні туралы бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас орын алады.
Обьектінің өздігінен дамуы барысында ескі сапаның жаңа сапамен ауысуы заңды
процесс, диалектикалық терістеу. Диалектикалық терістеу – дамудың шарты,
әрбір сәті, сонда-ақ ескі мен жаңаның арасындағы дәнекер. 

Қарама - қарсылықтардың бірлігі мен күресі. Дүниеде қарама-қарсылықсыз
ештеңе жоқ, оны адам баласы ерте заманнан байқаған. Аристотель бұл туралы
тіршіліктегі заттар мен мәндер қарама-қарсылықтардан тұратынын бәрі
мойыдайды; кемінде бастама қарама-қарсылықта екенін бәрі де хабарлайды,
біреулері тақ пен жұпқа, енді біреулері жылы мен суыққа, басқалары шектілік
пен шексіздікке, төртіншілері – махаббат пен қастандыққа нұсқайды -
дейді. 

Дүниедегі заттардың қайшылықтан тұратынын ертедегі грек диалектигі Гераклит
те мойындай келе: Бәрі де ағысты, бәрі де өзгерісте. Теңіз суы әрі таза,
әрі лас - деп айтқан. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңын жан-жақты
толық зерттеген Гегель болатын, бірақ оның ойынша табиғатта, қоғам да
бұлайша дамымай, тек адам санасы, абсолюттік идея ғана солайша дамиды. Бұл
идеалистік пікір еді. 

Дамудың негізінде ішкі қайшылықтар, қарама-қайшылықтар күресі жатыр. Ол
заттарды өздігінен қозғалады депкөрсетеді. Оның категориялары: сәйкестік,
айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық, күрес, бірлік.

Сәйкестік үйлестік - дегеніміз әрбір заттың өзіне-өзі сәйкес келуі Қарама-
қарсылық - дегеніміз бірін-бірі жоққа шығаратын айырмашылық. Қарама-
қарсылықтардың күресі. Күрес- дегеніміз жақтардың бірін-бірі жоққа
шығаратын және бірін-бірі теріс деп табатын күйдегі қатынастар. Қарама-
қарсы жақтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Жеке адам жалпыдан бөлек өз
бетінше емес, тек жалпылама бірлікте өмір сүреді. Қарама-қарсы заттардың
біріне-бірі шартты қарсылығын қайшылықтар дейміз. Ішкі қайшылық дегеніміз-
бұл белгілі бір материалдық ұйымдасудың қарама-қарсы жақтары. Сыртқы
қайшылықтар дегенімізәртүрлі материалдық ұйымдасуға тән қарама-қарсы жақтар
арасындағы өзара әрекетестік. Антагонистік және антагонистік емес
қайшылықтар. Антагонистік қайшылықтар деп ымырасыз дұшпандық күштердің
қарама-қарсы мүдделердің арасындағы өзара әрекеттестікті айтамыз.
Ал антагонистік емес қайшылықтар дегеніміз – түпкі мақсаты бір бірақ
уақытша айырмашылықтары бар әлеуметтік топтардың, таптардың арасындағы
қайшылықтар. 

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Ойлау заңы дегеніміз не?

Формальды логикалық заңдар деп қандай заңдарын айтады?

Ұқсасатық заңының мәні неде, оның пайымдау процесіндегі ролі қандай?

Қарама қайшылық емес заңының мәні неде?

Тепе теңдік заңы дегеніміз не? 

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7, 8.

4. Тақырып. Ұғым

Дәріс мақсаты; Ұғымның жалпы сипаттамасы нәрсенің белгілері және олардың
түрлері. Ұғым және сөз. Ұғым түрлері. Ұғымдар арасындағы қатынастар.
Ұғымдар мен логикалық операциялармен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Ұғым туралы түсінік

2 .Ұғым және сөз

3. Ұғым түрлері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Ұғым дегеніміз – логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ұғым заттар мен
құбылыстарды олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып
табылады 

Бізді қоршаған әлемнің әр қилылығы әр түрлі қасиетке ие және өзара  белгілі
бір байланыстағы ір түрлі жекеленген материалдық заттардың болуынан
туындайды. Бұл заттардың табиғатын білу, олардың мәндерін анықтау және
оларды нақты өмірде пайдалану объективті әлемнің осы заттарын алмастыратын
және адамзаттың білімі мен ғылымын дамыту аспабы қызметін атқаратын
заттарды табуды талап етеді. Бұндай құралдардың бірі түсінік болып табылады
объективті әлемде түсінік деген болмайды. Олар біздің санамызда пайда
болады және олар нақты процесстерде логикалық образдарға айналдырады, қарым
қатынастың табиғи тілін мол дамитын және толық берілетін ғылыми тілге
айналдырады, білімді неғұрлым белгілердің аз санымен беретіндей мүмкіндік
туғызады. Ұғымды қалыптастыру үшін заттың маңызды белгілерін табу және оны
негіздей білу қажет. Бірақ заттың маңызы оның бетінде, көрінеу жерінде
жатпайды. Оны табу үшін талдау, синтез, салыстару, теңестіру, қорытындылау
сияқты тағы басқа логикалық тәсілдерді пайдалану қажет  

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Ұғым дегеніміз не?

Ұғымның мазмұны және көлемі дегеніміз не?

Ұғымдар анықтамасының логикалық мәні неде тұрады?

Ұғымды бөлу деген нені білдіреді? Бөлу түрлері мен ережелері қандай,
сонымен қатар оларды бұзғанда қандай қателіктер жіберілетінін білесіңдер
ме? 

Әдебиеттер: 2, 5-7. 

5. Тақырып. Пайымдау

Дәріс мақсаты; Пайымдау жөнінде жалпы түсінік пайымдаудың классификациясы.
Күрделі пайымдау және оның түрлері. Модальды пайымдау. түсніктермен
таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Пайымдау жөнінде жалпы түсінік.

2 . Пайымдаудың классификациясы туралы түсінік.

3. Күрделі пайымдау және оның түрлері. Модальды пайымдау. түсніктер

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Пайымдау заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар
бөлшектенген және кеңінен жинақталған түрде бейнеленеді. Пікір дегеніміз-
қандай да болсын бір зат жайында бірнәрсе мақұлданылатын немесе теріске
шығарылатын ой. Адам объективті әлемді тани отырып, заттар мен олардың
белгілерінің арасындағы байланыстарды ашады, заттар арасындағы қатынасты
анықтайды. Заттар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу, оларға
қандайда бір белгілер беру пайымдау немесе қорытындылау болып табылады.
Ойлаудағы ең терең байланыстар пікір, қорытындылау арқылы көрінеді.
Сұрақтар, өтініштер, бұйрықтар таң қалу пікір болып табылмайды. Жеке сөздер
де пікірге жатпайды.     

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Пайымдау дегеніміз не?

Пайымдаудың түрлерін атаңыз?

Пайымдаудың логикалық құрылымын не құрайды?

Сыйымды және сыйымсыз пайымдаулардың арасындағы логикалық байланыстың
ерекшелігі қандай?

Әдебиеттер 1, 2, 5, 6, 7.

6 Тақырып. Ой тұжырымы

Дәріс мақсаты: Ой тұжырымына жалпы сипаттама. Ой тұжырымы типологиясы. Ой
тұжырымы және сөйлмдер байланысы. Тура және жанама ой тұжырымы. Тура ой
тұжырымы бойынша пайымдауларды 9 тұжырымы таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Ой тұжырымына түсінік.

2. Ой тұжырымы типологиясы. Ой тұжырымы және сөйлмдер байланысы.

3. Тура және жанама ой тұжырымы. Тура ой тұжырымы бойынша пайымдауларды 9
тұжырымы

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): 

Қоршаған нақты өмірді тани отырып, біз жаңа білімдер жинақтаймыз. Олардың
кейбіреуін сезім органдары арқылы тікелей аламыз. Ал енді бір білімді
жанама түрде, логикалық ойлаудың негізінде, өзімізде бар білімді пайдалана
отырып аламыз. Бұл білім қорытындылау білімі деп аталады. Қорытындылау
білімін алудың логикалық формасы ой қорытындылау болып табылады. Өзара
байланыстағы бір немесе бірнеше пайымдаудан бір ой қорытындысын жасауға
болады. Кез келген ой қорытындылаудың құрылымы алғышарттардан,
қорытындылаудан және алғышарт пен қорытындылаудың логикалық байланысынан 
тұрады. Алғышарттардың қорытындылауға логикалық ауысуы қорытынды деп
аталады.

Кез келеген ой қорытындылаудың құрылымы үш элементтен тұрады:

А) бастапқы білім, алғышартта беріледі.

Б) негіздеуші білім, ой қорытындылау ережесінде беріледі.

В) қорытынды білім, қорытындылауда немесе қорытындыда беріледі.

Силлогизмдер құрамына субъектілі−предикатты құрылымы бар тұжырымдамалар
кірілуімен сипатталады.Барлық атрибуттік және түбегейлі пайымдамалар
силлогизмдер болып табылады.Күрделі және қарапайым үзілді кесілді
силлогизмдер бөлінеді. Қарапайым түбегейлі силлогизмдер бұл ортақ термин
арөылы байланысатын екі ақиқат пайымдаудан туындайтын ой қорытындылау, одан
үшінші пайымдау−қорытынды туынды пайда болады, бұл түбегейлі пайымдау болып
табылады.

   Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Ой тұжырымы туралы түсінік беріңіз.

Ой тұжырым құрылымы қандай?

Ой тұжырымы типологиясы дегеніміз не?

Тура және жанама ой тұжырымы дегеніміз не?

Силлогизм дегеніміз не?

Силлогизмнің фигуралары мен модустары қалай түсінеміз?

Әдебиеттер: 1,5, 7. 

7 Тақырып. Дедуктивті индуктивті ой қорытындылау

Дәріс мақсаты Дедуктивті емес ой тұжырымы. Индуктивті ой тұжырымы және оның
құрылымы. Дедукция мен индукцияның байланысы индуктивті ой тұжырымының
түрлері мен таныстыру. 

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Дедуктивті емес ой тұжырымы мен даму туралы ілім.

2 . Индуктивті ой тұжырымы және оның құрылымы

3. Дедукция мен индукцияның байланысы индуктивті ой тұжырымының түрлері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Дедуктивті ой қорытындылау бұл −абстракті ойлау формасы, онда білім
орталықтың үлкен дәрежесінен  орталықтың кіші дәрежесінен қарай дамиды, ал
алғышарттан туындайтын қорытындылау логикалық қажеттілік пен сенімді де
нақтылық сиаптқа ие. Дедуктивті ой қорытындылаудың объективті негізі нақты
процестердегі және қоршаған орта заттарындағы ортақтың және дараның бірлігі
болып табылады. Алғышарттың ақпараты қорытындылаудағы ақпарат (көбінесе
бұлғыр түрде) болып табылғанда ғана дедукция процессі орын алады.
Дедуктивті ой қорытындылау осы ақпаратты алу жолы және оның анық түрде беру
әдісі болып табылады.       

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Дедуктивті ой қорытындылау дегеніміз не?

Индуктивті ой тұжырымы дегеніміз не?

Дедукция мен индукцияның байланысын ? Айырмашылығы неде екенін көрсетіңіз?

Әдебиеттер: 1, 4, 5, 6. 

2 Бөлім. Ой тұжырымы

Жеткілікті негіздеу заңы кез келген ақиқатты қорытындының басқа ақиқатты
қорытындыларымен жеткілікті түрде негізделуін талап етеді.

Үшіншінің жоққа шығарылу заңы былай бір-біріне қарама-қайшы
тұжырымдамалардың біреуі ақиқат, екіншісі жалған үшінші шешімі жоқ.

Ұқсастық заңы кез-келген тұжырымдама немесе пайымдау процесінде өзіне өзі
ұқсас болып қалуы керек. Жаңа заман логикасында ұқсастық заңы былайша 
беріледі кез− келген тұжырымдама өзін −өзі білдіреді.

Ой қорытындылау− алғышарт деп аталатын бір немесе бірнеше пайымдау, іске
асатын ойлау процессі, осы процесс арқылы себеп немесе қорытындылау деп
аталатын пайымдау туындайды. Дедуктивті, индуктивті және ұқсастығы бойынша
ой қорытындылау болып бөлінеді.   

Дедуктивті ой қорытындылау− ақиқат алғышарттардан ақиқат қорытындылау
қажеттігі туындайтын ой қорытындылау. Мұндағы қорытындылаудың алғы шартты
ортақтық дәрежесі бойынша қорытындылаудан басым келеді. 

 Дедуктивті ой қорытындылаудың түрлері: жанама ой қорытындылау,
үзілді−кесілді, силлогизим және оның туындылары, шартты, бөлуші және
шартты− бөлуші  ой қорытындылау.

Логикалық себеп−бұл егер ақиқат алғышарттардан туындаған болса жалған болуы
мүмкін емес жай. 

Тікелей ой қорытындылау− тек бір алғышарттың негізінде құрылатын ой
қорытындылау. Бұндай ой қорытындалауды предикатқа айналдыруды өзгертуді,
қарама−қарсы қоюды, логикалық шаршы бойынша ой қорытындылауды жатқызуға
болады.  

Логикалық шаршы бойынша ой қорытындылау −ақиқаттығын есепке ала отырып
жасалған тұжырымдамалар арасындағы байланыс негізінде құрылған ой
қорытындылау.

Предикатқа қарсы қою−қорытындылау субьектісі предикатқа қарама−қайшы термин
болып табылатын ой қорытындылау, ал мұнда предикат алғы шарт субъектісі.

Өзгерту − субъектінің предикатқа алмасуы жүретін ой қорытындылау, ал
предикат пайымдау саласы сақталатын субъект болып табылады.

Айналдыру− алғышарттың сапасы бір мезгілде предикатқа қарама қайшы терминге
алмасуы іске асатын ой қорытындылау.

 Түбегейлі силлогизмдер − екі түбегейлі пайымдаудан үшінші түбегейлі
пайымдау туындайтын ой қорытындылау, олардың терминдері екі алғышартқа да
ортақ болып табылады.

Силлогизм пішіні − ортадағы терминнің алғышарттағы орналасқан орнына
байланысты силлогизмінің бір түрі.

Силлогизмдер модусы − құрамына кіретін паймыдаулардағы сандық және сапалық
сипаттарына байланыста болып келетін силлогизмінің бір түрі.

Энтимема  − алғышарттардың бірі бос кірмеген немесе қорытындылау жоқ сандық
және сапалық пайымдауға байланыста қысқартылған түбегейлі силлогизм.

Эпихейрема− қысқартылған әрі күрделі силлогизм алғышарты энтимема болып
табылады.

Полисиллогизм−екі немесе одан да көп қарапайым түбегейлі силлогизмдерден
тұратын, әрбір алдыңғы силлогизмнің қорытындысы басқа силлогизмінің
алғышарты болып табылатын күрделі силлогизм.

Сорит− қысқартылған полисиллогизм, мұнда алдыңғы силлогизмдердің
қорытындысы және келесі силлогизмдердің алғышарттарының бірі бос
жіберілген.

Қарым қатынас аналогиясы−бұл ой қорытындылауда зат аралық қарым қатынас
туралы сөз қозғалады. Кейбір қарым қатынастар қандай да бір ортақ қасиеттер
жинағынан айырмашылық табу басқа қарым қатынастарда да осы қасиеттің болуы
мүмкін деген қорытынды жасауға негіз бола алады.

Қасиеттер аналогиясы− мұнда екі зат салыстырылады (заттардың екі класындағы
), ал ауыспалы белгілер болып заттардың  қасиеттері саналады.

Қатаң емес,аналогия− мұнда ұқсас және ауыспалы белгілер арасындағы байланыс
қажеттілік болып табылмайды.Қорытынды болу сипатқа ие.

Қатаң аналогия−бұл жағдайда ұқсас белгілердің ауыспалы белгілерімен
байланысы қажеттілігмен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қорытынды ақиқат болып
табылады

Аксиология-құндылықтар туралы ілім, адам қызметінің бағытталғандығын,
адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің
философиялық теориясы.

Ақиқат – танушы субъектінінің объектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде
бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және тәуелсіз көрсетуі;
сезімдік, эмпирикалық тәжірибенің, ұғымдардың, идеялардың, пікірлердің,
теориялардың, ілімдердің және диалектикалық дамушы дүниенің тұтас
бейнесінің объективтік мазмұны.

Таным – объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы.

Техника Философиясы - қазіргі замандағы техника феноменін философиялық-
методологиялық және көзқарастың зерттеу бағыты. Техника философиясы
техникалық білімінің құрылымы мен динамикасын сараптау, техникалық
ғылымдардың методологиясы проблемаларын, сонымен қатар, адамның шындықты
техникалық игеруінің гносеологиялық және антропологиялық аспектілерін
зерттейді. Қазіргі уақытта техника философиялық контексте кешенді, күрделі,
көпаспектілі, қайшылықты құбылыс және адамзат өркениеті дамуының факторы
ретінде қарастырылады.

Тұлға – қоғамдық қатынастардағы индивид.

Уақыт – материя болмысының жалпы формасы, атрибуты, болмыстың ұзақтығын
және дүниедегі барлық материалдық жүйелер мен процестердің жағдайларының
ауысу реттілігін білдіреді.

8 Тақырып. Аналогия

Дәріс мақсаты; Аналогияның маңызы. Құрылымы және түрлері. Аналогияның
дәрежесін арттыратын шарттар. Аналогияның ғылымдағы және күнделікті іс
әрекеттегі рөлі мен мәселелерімен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Аналогияның маңызы. Құрылымы және түрлері

2 . Аналогияның дәрежесін арттыратын шарттар. Аналогияның ғылымдағы және
күнделікті іс әрекеттегі рөлі.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Аналогия − ортақтықтың бір дәрежесінің білімінен сондай ортақтық дәрежесі
біліміне қарай ойды дамытатын ой қорытындылау, ал алғышарттан туындайтын
қорытынды мүмкін болатын сипатқа ие болады. 

Аналогия бойынша ой қорытындылау объектісінің қандайда бір параметрлері
бойынша ұқсастық негізінде олардың басқа параметрлер бойынша да ұқсастығы
туралы қорытынды жасалатын индуктивті ой қорытындылау.Аналогия қасиет
аналогиясы және қарым қатынас аналогиясы, сонымен қатар қатаң және қатаң
емес, аналогия болып бөлінеді

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Аналогия дегеніміз не?

Аналогияның дәрежесін арттыратын шарттар қарастырыңыз .

Аналогияның ғылымдағы және күнделікті іс әрекеттегі рөлі мен маңызы қандай?

Әдебиеттер 1-7.

9 Тақырып. Дәлелдеу

Дәріс мақсаты; Дәлелдеуге жалпы сипаттама. Дәлелдеу және нәрселердің жалпы
өзара байланыстылығы. Дәлелдеудің құрылымы және оның түрлері. Дәлелдеу
ережелері.таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Дәлелдеуге жалпы сипаттама

2. Дәлелдеу және нәрселердің жалпы өзара байланыстылығы. 

3. Дәлелдеудің құрылымы және оның түрлері. Дәлелдеу ережелері 

.Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Тезисті дәлелдеу не дедкуциялық, не индукциялық, не аналогия формасында
ойқорытынды дәлелденеді. Дәлелдеу тәсілі бойынша тура және жанама болып
бөлінеді Дәлелдеу белгілі бір пікірлердің ақиқат пікірлер арқылы
негіздейтін логикалық әрекет. Дәлелдеудің құрамына, дәлелдеме және көрсету
кіреді. Тезис деп ақиқат дәлелдеу қажет болып отырған пікірді айтады. Ол
Нені дәлелдеп жатыр? деген сұраққа жауап береді. Дәлелдеме немесе оның
негізі деп ақиқаттығы анықталған және тезисті дәлелдеуге жеткілікті негіз
деп ақиқаттығы анықталған және тезисті дәлелдеуге жеткілікті негіз ретінде
қолданылатын пікірді айтады. Бұл дәлелдеудің тұғыры. Ол Ненің көмегімен
тезисті негіздеу жүргізіп отыр?. Көрсету деп тезис пен дәлелдеменің
арасындағы логикалық байланысты айтады. Дәлелдемедегі тезиске ауысу
ойтұжырымы туралы жүзеге асады. Дәлелдеудің түрі болып табылатын ой
тұжырымында қорытынды тезиске, алғышарттарға дәлелдерге сай болады.
Дәлелдеуді дұрыс жүргізудің бірқатар ережелері бар. Оларды сақтамау
логикалық қателерге соқтырады. Ережелер тезиске, дәлелдемелерге және
көрсетуге қатысты болып бөлінеді. 

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;

Дәлелдеу дегеніміз не?

Дәлелдеу және нәрселердің жалпы өзара байланыстылығы қандай?

Дәлелдеудің құрылымы және оның түрлерін түсіндіріңіз?

Дәлелдеу ережелері дегеніміз не?

Әдебиеттер 2-5, 7.

10 Тақырып. Бекерлеу

Дәріс мақсаты; Бекерлеуге сипаттама. Бекерлеу құрылымы. Бекерлеу ережелері
және бұзғандағы кездесетін қателер мен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Бекерлеуге сипаттама.

2 . Бекерлеу құрылымы. 

3. Бекерлеу ережелері және бұзғандағы кездесетін қателер.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Бекерлеу бұрын айтылған тезистің жалғандығын немесе негізсіздігін
анықтайтын логикалық әрекет. Дәлелдеу де, бекерлеуде ойды
негіздейді.Дәлелдеу шындықты, ал бекерлеу жалғандықты негіздейді.
Бекерлеудің үш әдісі бар: тезисті бекерлеу (тура және жанама) дәлелдерді
сынау, көрсетуді бекерлеу. Тезисті бекерлеудің мақсаты оның жалғандығын
анықтау. Дәлелдеме мен көрсетуді бекерлеуге тезистің дәлелденбеген
анықталады .Тезисті бекрлеудің екі әдісі бар: сандырақ қорытындыға жеткізу,
қарсы дәлелдеу немесе қарсы тезисті дәлелдеу. Бірінші тәсіл бойынша
бекерлеуші тезис шартты түрде ақиқат деп қабылданып, одан салдар
шығарылады. Егер олар жалған болса, бекерлеуді қажет ететін тезис те
жалған.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Бекерлеу денеміз не?

Бекерлеу құрылымының мәні неде?

Бекерлеу ережелері және бұзғандағы кездесетін қателер қандай?

Софизимдер дегенімізне?

Әдебиеттер 1-7.

Глоссарийлер (анықтама, сөздік); 

Адам – жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи процесінің,
дамуының субьектісі , өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан
байланысты, еңбек құралдарын өндіру қабілеті арқасында олардан бөлніп
шыққан, анық сөйлей алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тірлік иесі.

Жеке адам - әлеуметтік индивид ретіндегі, адам, қоғам мүшесі. 

Игіліктер – адам мен қоғам үшін өздерінің оң немесе терісмаңызын анықтап
беретін қоршаған орта обьектілеріне тән әлеуметтік анықтауыштар.

Индивид – (лат. individuum - бөлінбейтін) – Обьектілердің белгілі бір
түрінен немесе класынан бөлініп шыққан жалқы, жеке обьект,2) Адам –
адамзаттың жалқы өкілі, нақты антропологиялық және әлеуметтік
ерекшеліктеріне қарамастан ол жеке кісі. Индивид дегеніміз қоғамдық
тіршілік иесі және оның өмірінің көрінісі – қоғамдық өмірдің көрінісі болып
табылады.

. 11 Тақырып. Ғылыми білім логикасы

Дәріс мақсаты; Ғылыми таным жөніндегі жалпы түсінік. Ғылыми танымның
негізгі циклдары. Танымның рационалды кезеңі және оның мәні таныстыру. 

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Ғылыми таным жөніндегі жалпы түсінік. 

2. Ғылыми танымның негізгі циклдары..

3. Танымның рационалды кезеңі және оның мәні . 

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Ғылым танымның логикасы, методологиясы және әдістері туралы сөз еткенде
міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ұғымдардың мазмұнын ашу
қажет. Ғылым логикасы деп, материалистік диалектиканы түсінеміз. Ғылыми
таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол
жеткізу. Ғылыми танымның баолық әдістерін шартты түрде үш топқа бөледі 
1.
жалпылама диалектикалық әдіс.
2.
жалпы ғылыми әдіс.
3.
жекеше әдістер 

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның
эмпирикалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің
өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Ғылыми теория зерттеліп отырған
обьектінің ішкі, қажетті жақтары мен байланыстарын, оның өмір сүру және
даму заңдылықтарын бейнелейді. Теория ұзаққа созылатын, күрделі, қайшылыққа
толы процесс. Теория ғылыми танымның ең жоғарғы нәтижесі. 

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Ғылыми таным түсінігін ашып беріңіз?

Ғылыми танымның негізгі циклдары қалай түсіндіресіз?

Танымның рационалды кезеңі және оның мәні туралы түсінік.

Әдебиеттер 1, 2, 6, 7.

12 Тақырып. Гипотеза 

Дәріс мақсаты; Гипотеза білімнің даму формасы. Гипотеза маңызы. Гипотезаның
түрлері: Гипотезаларды ұсынудағы сақтауды қажет ететін шектеулер.
Гипотезаны тексеру таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Гипотеза білімнің даму формасы. Гипотеза маңызы

2. Гипотезаның түрлері: Гипотезаларды ұсынудағы сақтауды қажет ететін
шектеулер. 

3. Гипотезаны тексеру 

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Гипотеза ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Жаңа
білім алу үшін болжам қажетті, үлкен маңызы бар. Болжам деп ақиқат екені
әлі тәжірибе арқылы дәлелденіп жетпеген қандайда болса бір құбылысты
айқындау үшін ғылымда пайдаланылатын болжауды айтады. Болжамның ғылымдағы
маңызын бағалап Ф. Энгельс былай деген болжам жаратылыстанудың даму
формасы деген.

Гипотеза құру әрдайым зерттелетін құбылыс жайлы болжам түсіндірме ұсынудан
басталады. Зерттеу обьектісінің ерекшеліктеріне қарай болжам екіге
бөлінеді: Жалпы болжам және дара болжам . Болжамды тексеру тексерілетін
істің мәнді жақтарын түсіндіруді көздейтін версияларды анықтау жанама
жолмен дәлелденеді. 

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Гипотеза дегеніміз не?

Гипотеза маңызы қандай?

Әдебиеттер 1-3, 5-7.

13 Тақырып. Ғылыми прогресс

Дәріс мақсаты; Ғылыми прогресске жалпы сипаттама. Ғылыми прогресс мәселесі.
Бүгінгі ғылымның даму барысы мен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 

1. Ғылыми прогресс. .

2. . Ғылыми прогресс мәселесі.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Ғылым рухани және материалдық факторларды бір өзінде біріктіретін сан қырлы
қоғамдық құбылыс. Ғылым дамуға байланысты қоғамдық тарихи практика дамуының
белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша әлеуметтік институт. Ғылым
адамзат мәдениетінің бір саласы.Табиғат пен қоғамның обьективті, адам
санасынан тәуелсіз заңдарын ашу. Дүниенің обьективті заңдарын ашу және
олардың негізінде қарастырылып отырған құбылыстарды түсіндіру. Жаңа
процесстерді болжау. 

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 

Ғылыми прогресс дегеніміз не?

Ғылыми прогресс мәселелері 

Әдебиеттер 2, 3, 4, 6.

Ойын – мектепке дейінгі жастағы  балалардың негізгі іс - әрекетінің бір
түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын
барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап,
сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі
күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын  дамыту, ойлау қабілетін
жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай
ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен
бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың
құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын
тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға
берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-
тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра
отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау  мектепке
дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті. Бүгінгі күні мектепке
дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды  даму мәселесі әлі де
өзекті болып отыр. Интеллектуалды  толық  дамыған мектеп жасына дейінгі
бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне
сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі
білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінде   зейін, есте
сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын
жұмыстарға  көп көңіл бөлінеді.  Дидактикалық ойындар арқылы балалардың
ойлау қабілеттері дамиды, сабаққа деген қызығушылықтары артады.  Ойын
барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар
орындап,жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл –
күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал –
жабдықтар,атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды.
Балалардың интеллектуалдық  дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да
біздің балаларға танымал.  Мысалы: Логикалық тізбек  ойындары.  Логикалық
ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс –
қимылдар жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен
қалыптаспайды, оның дамуына  мақсатты түрде  білім беру мамандарының, ата -
аналардың, балалардың бірлескен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалардың мысалдары
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың педагогикалық шарттары
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Сыни ойлау технологиясы
Пәндер