Ішкі әрекет - сыртқы әрекеттің интериоризациясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘӨЖ 370. 113: 373. 222 Қолжазба құқығында

ҚАЙБЫЛДАЕВА ҒАЗИЗА ҚҰЛАХМЕТҚЫЗЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

6М010300 – ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ мамандығы бойынша педагогика және
психология ғылымдарының магистрі академиялық дәреже алу үшін магистерлік
диссертация

ТҮРКІСТАН – 2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Экономика кафедрасының

меңгерушісі, э.ғ.к., аға оқытушы

_______Г.Ж.Әзіретбергенова

(қолы)

_________________20__ ж.

Магистерлік диссертация

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

мамандығы: 6М010300 – ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

Магистрант ___________________ Ғ.Қ.Қайбылдаева
(қолы)
(аты-жөні,тегі)

Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.к., доцент ___________________ Д.Кішібаева
(қолы)
(аты-жөні,тегі)

ТҮРКІСТАН – 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ...
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастырудың педагогикалық сипаты 12
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастырудың жолдары 17
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...




2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ӘДІСТЕМСІ
2.1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастырудағы педагогикалық тапсырмалар 48
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда
қолданылатын әдіс-тәсілдер 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... . ... ..


ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .79
. . . . . . . . . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . 82

ҚОСЫМШАЛАР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .86
. . . . . . . . . .

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі Жолдауда да білімді дамытуды халықаралық
деңгейге көтеру, бәсекелестікке даярлау, Отансүйгіштікке, төзімділікке,
маман ғана емес, адам тәрбиелеуіміз керектігін баса көрсетті. ...Адамның
өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек. Білім беру реформасы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдардың бірі деген еді Елбасы. Елдігімізді алып,
еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігімізді баянды етіп келе жатқан жылдар ішінде
Президент білім мен ғылым саласына қажеттің барлығын мүмкіндігіне қарай
жасап келеді. Н.Назарбаев Білім туралы Қазақстан Республикасының заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Өткен жылы
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы, биылғы жылдың басында Ғылым туралы жаңа заң, таяуда Білім
туралы заңның жаңа редакциясы қабылданды.
Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап жаңа
Қазақстанды құрудың басты стратегиялық жетістіктерінің бірі ретінде адами
капиталды дамытуды белгіледі. Елбасының білім саласына қарқынды түрде
жаңаруда деп жоғары баға бергендігі айтыла отырып, Елбасының Қазақстан
халқына арналған биылғы Жолдауында білім саласына зор міндеттер жүктеп
отырғандығы айтылған болатын. Қысқаша мемлекеттік білім беру бағдарламасын
іске асыруда ең маңызды сұрақтарға тоқталсам, 2015 жылға біз 12 жылдық
білім беруге көшуге жағдай туғызуымыз қажет. Яғни оқу үрдісіне жаңа
технологиялар мен әдістерді,  әлемдік білім стандартын енгізу және педагог
шеберлігінің озық тәжірибелерін интеграциялау арқылы білім жүйесін
модернизациялауды жүзеге асыруға міндеттіміз. Осы міндеттерді іске асыру
үшін төмендегі проблемаларды шешуіміз қажет : Біріншіден, педагогтар
құрамының кәсіби құзіреттілік деңгейін көтеру, бағдарлама белгілеген
мақсатты индикаторларды қабылдауға және жүзеге асыру қабілетін жетілдіру.
Мемлекетіміз экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту бағытын алды және
пәндерді сапалы оқыту міндеті тұр. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030
стратегиялық бағдарламасында Біз Қазақстанның барлық азаматтарының
отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз
дегені мәлім. Сондықтан жеке тұлғаның патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда
мәдени және рухани құндылықтардың алатын орны ерекше.

Шығармашыл тұлғаның, шығармашылық қабілеттердің болуы адам қанындағы
құрамның өзгешелігімен сипатталады деген пікір ХХ ғасырдың 20-жылдарына
дейін үстем болды. Кеңестік кезеңіндегі психологиялық-педагогикалық ғылыми
зерттеулер шығармашылық қабілеттердің нышаны кез келген адамда болатыны
дәйекті түрде дәлелденді. Ал, 60-жылдардан бастап жалпы білім беретін
мектеп пәндерін оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту жөніндегі зерттеулер жүргізілді. Оқушыларыдың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мәселесін педагог-ғалымдар Я.А.Пономарев [2],
Ш.А.Амонашвили [3], Н.Ф.Талызина [4], Л.И.Божович [5], Д.Б.Эльконин [6]
және т.б. қарастырған. Білім берудің шығармашылық бағыттылығын күшейту,
баланың қабілеттілігін дамытуға басшылық жасаудың мақсатты - бағыт-бағдар
беру. Ал оларға педагогикалық ықпал ету - педагогикалық ғылымның негізгі
мәселелерінің бірі. Ғылым мен техниканың, өндірістің, табиғат жөніндегі
білімдер жүйесінің дамуы білім беру мазмұнының барлық құраушы
элементтерінің мазмұндық өзгерісіне алып келеді

Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі
технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып
табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен
іскерліктердің мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамытуға маңызы ерекше болары айқын.
Адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан
Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында да білім беру
мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп
атап көрсетілген. Аталмыш құжатта “шығармашылық” ұғымына “... адамның өмір
шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген
[7].
Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында былай
делінген: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу
объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі,
құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа
деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді”
[8]. Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты балаларға дүние заңдылықтарын,
фактілерін таныту дегенді аңғартады. Оқу-тәрбие үрдісінде балалардың
шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыруды алға тартады.
Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орын алып қалыптасып
келеді. Солардың қатарына мектепке дейінгі балалардың қасиеттерін,
қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды айтуға
болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына,
технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер
енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән білім мен іскерлікті
беру қажеттігі.
Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша
жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы
болып табылады.
Бүгінгі таңда шығармашылықтың саласы көп, әр сала бойынша іс-әрекет
нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің
психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында дәлелдеп
көрсеткен.
Шығармашылық тұлға – бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың бірлігінде
көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде, жеке мәнді
шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шығармашылық тұлға
қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің
синтезі, психологиялық ерекшеліктері, немесе адамның психологиялық
қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Шығармашылық қабілет, іс-әрекет
жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған.
Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына байланысты зерттеулер
жүргізілді. Мәселен, математикалық қабілеттер (В.А.Крутецкий [9]),
педагогикалық қабілеттер (Н.В.Кузьмина [10]). Сондай-ақ оқушылардың
шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту (В.Г.Разумовский [11]) және т.б.
мәселелер бойынша зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді.
Оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін
педагог-ғалымдар Ш.А.Амонашвили [12], Л.И.Божович [13], Я.А.Пономарев [14]
Н.Ф.Талызина [15], Д.Б.Эльконин [16], И.С.Якиманская [17] және т.б.
қарастырған және аталған ғалымдардың еңбектері көптеген іс-тәжірибелерге
негіз болды.
Республикамызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша
бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға шығарма
жазғызу (Ә.Қоңыратбаев [18], С.Тілешева [19]), оқушыларды сөз өнеріне баулу
арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту (Қ.Ә.Жаманбаева [20]), оқушы
шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық
тұрғыдан тұжырымдау (А.Б.Мырзабаев [21] шығармашылық іс-әрекетке оқытудың
ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
(Б.А.Тұрғынбаева [22]) мәселелері тереңінен зерттелген.
Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес
мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесін
педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі біздің диплом жұмысымыздың
тақырыбын Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыру деп алуымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу .
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыру процесі.
Зерттеудің міндеттері:
1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың
теориялық негіздері
2 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың
психологиялық-педагогикалық сипатын айқындау.
3 Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың
педагогикалық жолдарын анықтау.
4 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастырудағы педагогикалық тапсырмалар жүйесін дайындау

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; зерттеу
мәселесі бойынша оқу-әдістемелік құжаттарды талдау; педагогикалық-
тәжірибелік талдауда әдістерді пайдалану.
Зерттеу көздеріне психолог, педагог – ғалымдардың шығармашылыққа баулу,
шығармашылығын дамыту жөніндегі еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметі
мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары (Конституция, Білім туралы
заң, гуманитарлық білім беру және білім мазмұны тұжырымдамасы,
бағдарламалары, оқулықтары мен әдістемелік құралдар.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық сипаты

Бүгінгі таңда кез келген өндіріс саласының даму кезеңінде адамдардың
шығармашылықты игеруі тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік
прогрестің жетекші факторы болып табылады.
Адамзаттың шығармашылықтағы іс-әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны ұқсас
болып келетіні жөніндегі пікірлер де ХХ ғасырдың бас кезеңінде пайда болды.
Ғалымдар мен инженерлер: Т.Рибо, П.Энгельмейер ХХ ғасырда бастау алған
техникалық шығармашылықтың мәні жоғары екендігін көрсетті. [23, б.225].
С.А.Рубинштейн ойлаудың іс-әрекетпен немесе іс-әрекет ойлаумен жайдан-
жай қабат жүрмейді, іс-әрекет бұл ойлаудың өмір сүруінің алғашқы нысаны
екенін атап көрсетеді [24].
Адамның еңбек сферасы саласындағы іс-әрекетінің түріне байланысты
шығармашылық және шығармашылық емес деп ажыратады. Ғалымдар арасында
кейбіреулері шығармашылыққа ертеректе белгісіз болған техникалық және
технологиялық мәселелерде туындайтын және шешетін еңбекті айтады.
Кейбіреулері шығармашылық еңбек ұғымының мәнін тарылтады, оны тек ақыл-ой
еңбегіне қатысты деп қарастырады, ал дене еңбегінің шығармашылық мазмұнының
болуының объективті мүмкіндігін қарастырмайды.
Шын мәнінде шығармашылық еңбек негізінің өзінде жатады. Сонымен қатар
шығармашылық элементтері адамның еңбек іс-әрекетінің әртүрлілігі де түрліше
дәрежеде болады. Еңбектің шығармашылық сипаты және еңбекке шығармашылық
қатынас ұғымдары теңгестірілмейді.
Энциклопедияда шығармашылық "... ешқашан бұрындары болмаған, жаңа сапалы
нәрсені тудырушы іс-әрекет ..." ретінде қарастырылады [25]. Идеалистік және
метафизикалық тұжырымдамаларға қарсы тұрған шығармашылықтың ғылыми-
философиялық ұғымы, шығармашылықты адамның және адамзаттың мақсаттары мен
қажеттеріне сәйкес, нақтылы өмірдің объективті заңдылықтары негізінде
табиғат пен әлеуметтік дүниені өзгертетін адамның іс-әрекеті деген тұрғыда
қаралады .
Біздің ойымызша, шығармашылық деп адамның алдағы міндеттерді
(тапсырмаларды) шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі аталады
және біріншіден, қандай-да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң
нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа объекті, құбылыс,
т.б. пайда болады.
Шығармашыл тұлғаға қажетті сапаны зерттеудің алғашқы кезеңінде
психологтар және басқа да ғылым саласының ғалымдары мен ойлап табушылардың
өмірбаянын, мемуарын және олардың шығармашылық лабораториясы жөніндегі
айтылғандарды талдады. Осы талдау мен талдап қорытудың арқасында шығармашыл
жеке тұлғаға тән сипатты белгілер бөлінді. Олар: интуиция, бай қиял,
эмоционалдық қозушылық, жоғары деңгейде дамыған интеллект, зейін және т.б.
ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған шығармашылық процесс және оны
зерттеуге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді, оның ішінде ойлап
табушылыққа бейімі бар адамның сипатты сапаларын айқындау әдістемесі,
организмде немесе жеке тұлғада шығармашылық потенциалды сақтау мәселесі,
шығармашылық қабілеттерді дамытудың әртүрлі тәсілдері бойынша жүргізілгені
осының дәлелі.
Шығармашылық процеске даярлауды мектеп қабырғасында жүзеге асыру
мәселесі педагог-ғалымдардың назарында болды. Халыққа білім беру жүйесінің
негізгі міндеттері ретінде қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдауды
дамыту үшін қажетті өз бетінше ойлана алатын мектепке дейінгі балаларды
қалыптастыру қарастырылды. ХХ ғасырдың 70-жылдарында мектепке дейіінгі
балаларға проблемалы оқытуды ұйымдастыру практикада жүзеге асырыла бастады.
Н.Г. Алексеев пен Э.Г. Юдин бұл оқытудың ұйымдастырылуы балалардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды бірден жақсартады деп санады. Ол
жөнінде ізденушілер: “Бұл жердегі ең қажетті мәселе мынада, оқытуда зерттеу
әдісін қолдану талап етіледі. Балалар негізгі ғылымға байланысты дайын
білімнің жиынтығын біліп қана қоймауы керек. Сондай-ақ, мектепке дейінгі
балалар тәрбиешінің басқаруымен бұл білімді немесе оның қажетті
құраушыларын өздерінше алуы керек жағдайда болуы қажет. Бұл өз кезегінде
оқытуды ұйымдастыру процесінде мынаны жоспарлайды. Балалар алдына жаңа
мәселелерді үздіксіз қоюды, оларды біртіндеп қиындық процесіне айналдырады.
Басқаша айтқанда, оқыту процесінің құрылымын ситуациялық мәселелер құрайтын
болады. Сондықтан да бұл тәсіл осылай аталады”, - деп жазды [26, б.399].
Шығармашылық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндіктері, шығармашылық
қабілеттерді тәрбиелеу жөніндегі зерттеулерде жүргізілді. П.Л. Капица
“Адамдағы іскерлік қабілетті тәрбиелеу өз бетінше ойлау қабілетін дамытуда
жатыр. Менің көз қарасымша, ол мына бағыттарда дамуы мүмкін: ғылыми
қорытынды жасай білу - индукция ; іс жүзіндегі процестердің өтуін айта білу
үшін теориялық шешімді қолдана білу - дедукция ; ең соңында табиғатта болып
жатқан процестер мен теориялық толықтырулардың қарама-қайшылығын анықтай
білу - диалектика ” – деп, өзіндік ойлаудың мәнін, бағытын сипаттады [27,
б.22].
Жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарындағы білім берудің негізгі
міндетінің бірі білім мен іскерлікті игерту ғана емес, осылардың негізінде
жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ол жөнінде
А.Н.Несмеянов “Бірақта ең бастысы білім беру - бұл білім "қоржынын" емес,
бұл "қоржынды" игере білу іскерлігі керек екендігін жиі ұмытамыз. Бұл кез
келген, соның ішінде жоғары білім беру саласының да басты мақсаты. ... Игеру
- бұл дегенің қолдана білу . Қолдана білу екі бөліктен құралады: өз
мамандығың бойынша техникалық жұмыс жасай білу, ол тәжірибе арқылы болады.
Ал негізгі іскерлік - өз мамандығың бойынша сұрақтарды қойып, оны шеше
білу. Сонымен білім берудің негізгі мақсаты - едәуір шығармашылық түрдегі
сұрқтарды қоя білуге және оны шешуге мыйды шынықтыру”, – деп жазды [28,
б.79-80].
Жалпы шығармашылық тұлғаға, шығармашылық процесс барысына өзек болатын
негізгі элементтер не деген сұрақ та ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс
қалмады. Ю.А.Дмитриев өзінің зерттеуінде, зерттеу нысанына байланысты
жұмысшылардың және инженер-техникалық жұмысшылардың техникалық
шығармашылығына ықпал ететін факторларды, факторлар мен жаңашылдардың
шығармашылық белсенділігі арасындағы байланыс тығыздығының дәрежесіне
сәйкес төмендегідей етіп анықтайды:
- біліктілігі;
- өндірістік өтілімі;
- әлеуметтік жағдайы;
- жасы;
- кәсіптік тобы [29, б.7].
Соңғы педагогикалық әдебиеттерде мектепке дейінгі балаалардың оқу-
тәрбие процесінде шығармашылық іс-әрекет әдістері жөнінде кеңінен жазылуда.
Солардың бірі В.А.Бухваловтың “Развитие учащихся в процессе творчества и
сотрудничества”. Автор еңбегінде шығармашылық іс-әрекеттер әдістерін
кеңінен төмендегідей етіп береді:
1 Шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін оқу мәтіндерін талдау.
2 Зерделенген ережелерді қосу .
3 Ойлауды белсендіру әдістері. Бұл әдістер балалардың жеке дара және
топтық шығармашылық жұмыстарында қолданылады.
Қазіргі уақытта мектепте дейінгі балалардың педагогикалық мақсаты – бұл
мәдениеттің негізгі заңдылықтары мен әдістері, танымдық және практикалық іс-
әрекетте өзбетінше жұмыс жасай алуды, кәсіптік, қоғамдық және отбасылық
карьерді таңдаудағы еркіндікті меңгеру процесінде өнегелік және
шығармашылық жеке тұлғаны дамыту [30, б.3].
ХХ ғасырдың 80-жылдары ғалымдар Г.С. Альтшуллер мен И.М. Верткин
шығармашылық жеке тұлға, яғни шығармашылық жеке тұлғаны дамыту теориясының
негіздерін әзірледі (жеке тұлғаның шығармашылық сапасы жөніндегі ілімді
қалады) [31]. Бұған дейін кейбір ғалымдар "Шығармашылық сапа балаға тұқым
қуалаушылық бойынша ата-анадан беріледі және оны тәрбиелеу мүмкін емес"
деген көзқараста болған болатын.
Егер ондай көзқарас дұрыс болған жағдайда педагогтар мектепте тек жеке
тұлғаны дамытумен ғана шектелген болатын еді.
Осы мәселені шешу үшін ғалымдар мыңнан аса шығармашылық тұлғалардың
(ақындар, суретшілер, сазгерлер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар және
т.б.) өмірбаяндарын талдай келе, шығармашыл тұлғалардың іс-әрекетінің
түріне байланыссыз олардың төмендегідей негізгі сапаларын меңгергенін
анықтады:- шығармашылық мақсатты қою және оған жетуге өзінің іс-әрекетін
бағындыру іскерлігі;
- өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзіндік бақылау іскерлігі;
- жоғары жұмыс жасау қабілеттілігі;
- мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және шешу іскерлігі;
- өзінің сенімін қорғай білуі .
В.А. Бухвалов адам өмірді белгілі мақсат үшін сүретінін және оның
шығармашылық болуы керектігін айта келе, шығармашылық іске өз балаңды
тәрбиелеу барысында, жиһазды конструкциялау, өсімдіктердің жаңа сорттарын,
жануарлардың тұқымдарын, тағамның жаңа түрлерін, киімнің жаңа үлгілерін
құру және т.б. жұмыс үлгілерінің қатысы барын өз еңбегінде сипаттайды.
Сондай-ақ мұндай жұмыстар әрбір адамның өзінің қызығушылық саласы мен
өзінің мүмкіндігінің деңгейінде жасауы, шығаруы қажет екендігін айтады
[30].
Соңғы кездері нақты бір кәсіп, іс-әрекет түріне баулу бойынша да
шығармашылықты зерттеулер жүргізілуде [32;]. Ж.Балкенов өзінің зерттеуінде
студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың жүйелі
ерекшеліктерін төмендегідей етіп белгілейді:
- өрнек өнеріндегі көркемдіктің тиімді жолдарын қарастыру;
- өрнек өнеріндегі шығармашылықтың көркемдік мазмұнын терең меңгеру;
- өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке студенттердің белсенділігін
туғызу, өрнек өнеріне қызықтыру;
- болашақ мамандардың өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық қабілетін
қалыптастыру, көркемдік логикасын дамытуға ықпал ету [33, б.22].
Я.А.Пономарев адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін,
педагогикалық ықпал етудің жолдарын тұжырымдай отырып, ой жүргізудің
ұйымдастыру жоспарын төмендегідей белгілеген:
- тапсырманы орындаушының өзі мен өзі, басқа бір әріптесімен немесе
тапсырманың өзімен шығармашылық іс-әрекет барысында диалогта болуының
коммуникативті-тұлғалық шарты;
- ойлау үрдісінің өз ішіндегі динамикасы немесе тапсырманы шешу
кезеңдерінің алға жылжуы, өнімділігі;
- құрылым реттілігі немесе ой жүргізу компоненттерінің өзара байланысы
мен әрекеттесуі [34].
Дегенмен, зерттеулер нәтижелерін зерделеудің негізінде В.А. Бухваловтың
“... шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық пайда болғанда басталады” деген
пікірімен толық келісуге болады [35, б.52].
Адамның шығармашылық іс-әрекетін зерттеу барысы, негізінен,
төмендегідей ғылымдар жүйесі тұрғысынан зерттелді:
1 Шығармашылықтың мәні жөнінде философия саласы тұрғысынан;
2 Адамның шығармашылық іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан;
3 Шығармашылыққа баулу мәселесі бойынша педагогикалық тұр.

1.2 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық сипаты

Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру білім беру жүйесін халықаралық
деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін мектепке дейінгі балаларды
жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу
қажет деп еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында
атап көрсеткен.
Балалардың шығармашылық іс-әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке
тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің объектісі ретінде анықталу
сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет тұлғаны
құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің
мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижелеріне қарап
бағалайтындығы байқалды. Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елдер
қатарынан, өркениет биігінен көрінуі оқу сапасына тікелей байланысты.
Қазіргі жаңа өрлеу, даму кезеңінде, мектепке дейінгі балаларды заман
талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңа заманға жаңаша көзқарас
қалыптастырып, білім сапасын техника жетістіктерімен сабақтастыра отырып
жаңарту – ХХІ ғасыр талабы болып табылады.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде бұл міндеттердің
жүзеге асуы, жеке тұлғаның дамып қалыптасуында олардың білімге деген
қызығушылығы мен ынтасына байланысты.
Мектепке дейінгі балалардың дайындық тобында білімге деген қызығушылығы
мен ынтасы негізінде танымдық белсенділігі қалыптасады. Оқу-тәрбие
барысындағы балалардың іс-әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру,
олардың шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу -
бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі. Оқу-тәрбие
барысында белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасатын жеке тұлға
мәселесі теориялық тұрғыдан педагогтар үшін де маңызды. Бұл проблеманың
кейбір тұстары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алды.
Антика дәуірінің ойшылы Сократ оқушылардың танымдық белсенділігі мен іс-
әрекетін басқаруға көп көңіл бөлді. Ол шәкірттеріне білімді жай ғана бере
салмай, сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып,
өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті[34].
Қызығушылықты дамыту белгілі бір болмыстағы белгісіз жағдайларға
қызығудан, оның заңдылықтарын, бір-бірімен қатынасын және өзара байланысын
айқындаудан, одан әрі қарай жалғастырудан тұрады. Ал қажеттілікті
қанағаттандыру мен алға қойған мақсатқа жету үшін адамда қызығушылық пайда
болады. Ол - адамның белгілі бір бағыттылығы деп жазды Ю.К. Бабанский [35].
Әйгілі педагог А.Дистервег тәрбиешінің ізденімпаздығы мен белсенділігі
жоғары болуы және ол білімін үнемі жаңартып, толықтырып отыруы керек деп
есептеді. А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы
тәрбиеші баланың өзін ізденуге жетелейді“ дейтін [36] қанатты сөзі,
тәрбиешінің негізгі мақсаты баланың өз бетімен іс-әрекетін дамытуға
бағытталуы тиіс, себебі, солар арқылы ғана білім тереңдей түсетіндігіне көз
жеткізеді. А.Дистервегтің еңбектерінде алғаш рет қарастырылған оқытудың өз
бетінше ұстанымының біз үшін үлкен маңызы бар болып табылады.
Философтардың бұл iлiмi педагогика ғылымы үшiн өте маңызды, себебi
педагогикалық үрдiс барысында адамның тек бiлiм, бiлiк, қабiлеттерi
қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтiк дамуы жүзеге
асады. Тұлға үнемi даму үстiнде болу үшiн шығармашылықпен байланыста болуы
қажет. Шығармашылық мәселесiн қарастыруда шығармашылық, қабілеттілік,
іс-әрекет, шығармашылық іс-әрекет ұғымдарын айналып өтуге болмайды. Бұл
ұғымдардың ғалым-философтардың, психологтардың, педагогика ғылымының
көрнекі тұлғаларының көзқарастары арқылы сипатталып, анықталуын
қарастырайық.
Кеңес Одағының Үлкен энциклопедиясында: қоғамдық маңызы бар, жаңа
материалдық, рухани құндылық тудыратын адам әрекетін – шығармашылық, - деп
көрсеткен. Философиялық энциклопедияда: шығармашылық – бұрын еш уақытта
болмаған жаңа бірдеңе тудырушы әрекет, - деп айқындалады[37].
Қазіргі заманғы философиялық сөздікте: Шығармашылық жаңа объектілер
мен сапалық белгілер, жаңа бейнелер мен білімдерді, жаңаша сөйлесу мен
қатынас тізбектерін тудыратын адамның іс-әрекеті.
Шығармашылық мәселені қарастырудың жаңа координаталарын береді [38]
делінген. Психологияда шығармашылық ұғымының түрлі тұжырымдары көп. Мысалы,
Т.И.Шамова: шығармашылық дегеніміз – қорытындысында бұрын белгісіз болған
деректер мен материалдық әлем және рухани мәдениеттің заңдылықтарын,
қасиеттерін және өзіндік құндылықтар тудыратын рухани әрекет, - деп
келтіреді [39]. Ал профессор Қ.Жарықбаев: Басқалардан көмек күтпей,
мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге
тырысатын адам шығармашыл ойдың иесі, - деген болатын[40].
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері екендігін, олар қоғамдық тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді. Ал Б.Теплов қабілеттіліктің үш белгісін көрсетіп берді:
  (     қабілеттілік – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз
болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік;
(       қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқызбай,
тек бір немесе бірнеше iс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа
жеткізетін ерекшеліктер жатады;
(      қабілет адамда бар білім, іскерлік және дағдымен ғана
шектелмейді, керісінше, сол білім, іскерлік, дағдыны меңгеруге қабілетті.
С.Т.Шацкий шығармашылық iс-әрекет қызығушылықтан туындап, соның
негiзiнде белсендi iс-әрекетке деген қажеттiлiктi сезiнуден пайда болады
деп түсiндiредi [41]. Бірқатар психолог(педагог ғалымдар іс-әрекеттің
мынадай құрамдас бөліктерін атап көрсетеді.
1.     Мақсат – құрал – нәтиже .
2.     Іс-әрекет – қимыл – нәтиже .
3.     Түрткі – норма – білім – дағды – құрал .
4.     Мақсат – себеп – дағды - нәтиже - іс-әрекет пен нәтиже
арасындағы байланыс .
Қ.Жарықбаев Іс-әрекет деп түрлі қажеттерді өтеуге байланысты түрлі
мақсатқа жетуге бағытталған үрдісті айтамыз [40] десе, А.Леонтьев Бұл
өзара әсер, әрекет қажеттіліктен келіп шығады. Сонда да болса,
қажеттілік әрекетінің көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол әрекеттің
қалай бағытталғанын, затын анықтайды дейді.
Шығармашылық танымдық әрекетке балалардың өзіндік жұмысы, бақылауы мен
тәжірибесі, ойлау амалы нәтижесінде алған білімі, дағдысы, танымы мен
ғылыми түсініктері жатады [42].
Жеке тұлға белгiлi бiр әрекеттер нәтижесiнде қалыптасады десек, ол
тәрбиенiң әсерi ғана емес, өзінің ойлаушылардың ойлау қабілетін,
қызығушылығын, танымдық іс-әрекетiн, даму мүмкiндiктерi мен білім, білік
деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін ұйымдастыруы қажет.
Қабілетті, ынталы балалардың арасында ойлау қабілетінің дәрежесін арттыра
түсу, теориялық білімді тереңдету, практикалық дағдысын дамыту
мақсатында дайындалатын жеке жұмыстар жүйесі өзекті мәселеге және оны шешу
жолдарына бағытталуы тиіс.
Жүйелі ұйымдастырылған танымдық әрекеттер нәтижесінде балалардың
білімі, біліктілігі кеңейіп, танымдық ізденімпаздығы қалыптасады. Балаларды
басқару іс-әрекеті өзінің және тәрбиешінің іс-әрекетін жоспарлаудан, оны
дұрыс ұйымдастырудан, оқыту сапасын талдаудан, баланың жеке тұлғалық дамуын
болжаудан т.б. тұрады.
Дайындық топ балаларының білім, білік, дағды және шығармашылық
әрекеттері қалыптасуының деңгейін ақпараттық технологияның көмегімен шешу -
бүгінгі күн талабы. Білім алуды дұрыс ұйымдастыруда ақпараттық
технологияның алатын орны ерекше. Ақпараттық технологиялардың негізгі
құралы – компьютер десек, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін
ұйымдастыруда төмендегідей талаптарды орындау қажеттілігі туады:
(    Компьютерлік технологияны пайдалана білу іскерлігі;
(    Қажетті ақпараттық технологияны таңдай білуі.
Аталған талаптарды, яғни компьютерлік сауаттылығы бар, ақпараттың
түрлі көздерімен жұмыс істеудің қазіргі заманғы әдіс-
тәсілдерін игерген бала, өзінің интеллектуалдық және шығармашылық
қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Оқыту құралдары: компьютерлер,
телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық
және әдістемелік жабдықтар оқыту түрлерін жетілдіруге мүмкіндік береді
десек, мұғалім тарапынан балалар жеке мүмкіндіктеріне қарай даярланған жеке
дара тапсырмалар жүйесін жоғарыда аталған құралдар көмегімен орындауы,
балалардың шығармашылық әрекеттерін жүйелі қалыптастыруға жол ашады.
Балалардың шығармашылық әрекетін дұрыс ұйымдастыруда ең алдымен өзекті
мәселе анықталып, мақсаты мен міндеттері айқындалуы қажет. Тәрбиеші бар күш-
жігерін, педагогикалық шеберлігін бала бойындағы табиғи мүмкіндіктерді
ашуға жұмсауда тиімді әдіс амалдарды қолдану арқылы тапсырмалар дайындап,
олардың танымдық қабілеттеріне қарай ұсынады.
Баланың шығармашылық ойлауы мен шығармашылық әрекетін ақпараттық
технология көмегімен ұйымдастыруда, бала өз тарапынан белсенділік,
дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық
әрекеттке бет бұрады. Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты
түсініктердің бірі.
Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан,
психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен
оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін
емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда
тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық
материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С.
Выготский , С.Л. Рубинштейн , А.Н. Леонтьев сынды кеңестік психологтердің
есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан
қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ
ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық
пікірталастардың пәніне айналып, түсіндіру принципі ретінде танылды. Ол
психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу бірліктерінің бірі болып
қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз
қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы
психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.
Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және
түрлендіре отырып, ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. Леонтьев бойынша іс-
әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге
бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын
белсенді процестер. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп
атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен
психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-
әрекет деді.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы. .
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:
Қажеттілік Белсенділік
Мотив Іс-әрекет
Мақсат Әрекет
Жағдай Амал
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-
әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы
актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті
түрліше деңгейде белсенді қылады. Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен
мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты
психологиялық іс-әрекетке айналады.
Тәжірибеде іс-әрекет көп мотивті, кешенді болады. Мәселен, сізде
ауылға бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып,
қобалжу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті
түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді.
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі,
бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып
табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш
түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде
көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-
әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада,
алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы,
тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті
психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып,
келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен
күш жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-
жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы
бір дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады,
негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай
қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.
Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар
мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік
жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге,
дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді.
Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады.
Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне,
қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі.
Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында
дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.
Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана
психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль
жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің
жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина
жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс
көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді
қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға
болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы,
беріктігі, саналылығы және түсініктілігі.
Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым
бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді.
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы.
Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің
қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі,
психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені
ойланбастан, әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті
жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді.
Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс
өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі.
Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті
қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ,
әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында
қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық
регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып
кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей
емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.
Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен,
жүйеленген әдет - іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның
барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады.
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу
сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет - жалпы
теоретикалық, методологиялық статусқа ие.
Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі:
еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық
зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген
түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні - өнім өндіруде нәтижеге жету. Бұл еңбек
өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі – алдын ала
болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті
жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы –
еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және
көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі
психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық,
әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары).
Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті
арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы
қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған
оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету
атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес,
қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-
қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл
әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа
қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер
арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу). Аталған қарым-
қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше
болады, бұл олардың әр-түрлілігін түсіндіреді.
Іс-әрекеттің бұл түрлері күнделікті өмірде міндетті түрде қайшыласып,
әрекеттесіп, бірлесе не бір уақытта көрініс беретіні белгілі. Мысалы,
белгілі қарым-қатынастың қатысуынсыз еңбек, оқу, не ойын әрекеттерінің
болары ақылға қонымсыз. Еңбек әрекетінің элементтері әрбір әрекет түрінде
бар. К.Д. Ушинскийдің өзі оқу дегеніміз толық белсенділік пен ойлаудан
тұратын еңбек деген. Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірлік маңызды.
Мәселен, кәсіпкер-футболшы үшін футбол ойын емес еңбек. Дәл осыны,
шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген,
актерлік ойынға қатысты да айтуға болады. Кез-келген адами іс-әрекет
кешенді, яғни көп пәнді және полимотивті болады. Тағы да бір, кеңінен
тараған, классикалық жіктеуде іс-әрекетті үш жетекші әрекеттерге ажыратады.
Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде
сыртқы және ішкі әрекет деп ажыратады. Сыртқы әрекеттер материалдық аяда,
шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған
ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі,
объективтіні - іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми
салалар, соның ішінде психология зерттейді.
Ішкі әрекеттер психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы
көрініс береді, яғни материалды емес, екінші ретті заттардың көмегімен.
Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой
жүйесінде, психикада болады. Психиканың өзі тек бейнелеу нәтижесі емес,
белгілі мөлшерде іс-әрекет болып табылады, сондықтан осы ішкі іс-әрекет
психологияның зерттеу пәні болып табылады. Материалды және психикалық
әрекеттің динамикалы қатынасы іс-әрекет тақырыбындағы басты мәселелердің
бірі. Ішкі әрекет – сыртқы әрекеттің интериоризациясы. Психика матерядан
жасалған, сонымен қатар өзі матеря түзеді әрі экстериоризациялау арқылы
матеряға айналады. Осы кезде психикалық бейнелер мен әрекеттер
материализацияланады.
Психика материалдылық пен идеалдылықтың қатынасы, бірлігі. Ішкі және
сыртқы әрекеттерде мұндай қатынасының болуы психикалық әрекет құрылымы
жайлы мәселені көтереді. Отандық психологиялық зерттеулердің соңғы
нәтижелеріне сүйенетін болсақ, материалды және психикалық әрекеттер
аналогиялы. Алайда, бұл аналогия толық сәйкестік мағынасын қолдамайды.
Идеалды әрекет - ықшам, редукциялы, сыртқы әрекеттен сапалы ерекшеленген.
Ойлауға өткен материалды әрекет өзінің түп нұсқасына ұқсамайды.
Психикалық әрекет заттық және мотивацияланған. Алайда, ішкі іс-
әрекет, мақсат, әрекет, міндеттер мен амалдар, бүгінгі психология ғылымда
толық зерттелмеген. Психикалық әрекетті зерттеу ториясы мен тәжірибесінде
шешімін тапаған мәселелер көп. Оның ішкі құрылымы қандай? Қандай құрылым
бөліктері бүгінгі күні белгілі және қаншалықты зерттелген?
Көптеген еңбектер түйсіну мен қабылдауға негізделген перцептивті әрекетке
арналған. Классикалық зерттеу нәтижелеріне айналған эксперименталды
зерттеулер сериясы әйгілі отандық психолог А.В.Заппарожец мектебінде
орындалған. Ойлау әрекетін ойлаудың күрделі талдау-жинақтау жұмысының
синонимі ретінде қарастыруға болады.
Танымдық әрекеттер деп дүниені тануға бағытталған жұмыс нәтижелерін
жинақтаған түсінікті, яғни психикалық бейнелеудің жетекші қызметтерінің
бірінің іске асырылуын айтамыз. Сондықтан, танымдық әрекете перцепция, ес
және ойлау процестерінен басқа, зейін, қиял, эмоция, ерік, сана қатысады.
Дүниені психикалық процестер, күйлер мен қасиеттер қосындысы емес, тұлға
таниды.
Психикалық әрекет түрлерін зерттеуде ерекше ұстанымды П.Я. Гальперин
сипаттаған. Ол бағдарланушы әрекет ұғымын анықтап, оны психологияның ғылыми
пәні ретінде қарастырған. Ерекше авторлық болжамға сәйкес, бағдарлану
келесі қызметтердің іске асуын қамтамасыз етеді:
• дүниені тану, білу, іздену немесе оның бейнесін құрастыру;
• қажетті жауап әрекетін жобалау, оның ақылға қонымдылығын қамтамасыз
ету;
• таңдамалы процесс барысын басқару, немесе нәтиже мен жоспарды
салыстыру.
Адам өмірінде, мінез-құлқы мен психикасында сөйлеу әрекеті ерекше
орын алады. Бұл терминді, әдетте, өзінің қаруы және тәсілі ретінде тілді
қолданатын психиканың және мінез-құлықтың арнаулы түрін сипаттауда
қолданыды. Адам психикасы белгілермен қаруланған және ішкі әрекетке тәуелді
болады, бірақ, жекелеген сөйлеу әрекеті ішкі емес, материалдыға айналады.
Сөйлеу әрекеті материалды сөздер мен белгілер арғылы іске асырылады.
Психологиядағы әйгілі ойлау мен сөйлеудің бірлігі–идеалды мен материалдының
көрнекі бірлігі. Сондықтан да сөйлеу әрекеті–объективті сөздердің
қарапайым жиыны емес, ол психикалық іс-әрекеттің ерекше бір түрі.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін
нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Тәрбиешінің тәрбие берудегі
мақсаты- баланы тәрбиелеуден бастап, шығармашылық ойларға, практикалық
әрекеттерге дайын болуға қызығушылыққа тәрбиелеу.
Баланың өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту, жаңа рухани
күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Мектепке дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау
мүмкіндіктері әр түрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі
болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің ең алғашқы белгісі.
Балалардың ардың шығармашылық қабілетін дамытуға мектепке дейінгі мекеме
ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Ол үшін тәрбиеші мейірбан болып,
балаларды сол қалпында сүюге тиіс. Тентегін де, тіл алғышын да, жалқауын
да, ыждағаттысын да, тәртіпсізін де бірдей жақсы көруі қажет.
Балаларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін
қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін оқу-тәрбие
үрдісін дамытуда әр-түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынандай:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу
(аннаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар тағы басқа).
4. Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс ( суретке қарап
әңгіме құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін құру тағы
басқа).
5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7. Өзі ұнатқан кейіпкеріне қалай қабылдағаны жайлы мінездеме беру.
8.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
9. Мәтінді, шығарманы, ертегіні, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Дайындық тобындағы отырған әрбір бала - жеке тұлға. Шығармашылық -
осы тұлғаны дамытудың тиімді тәсілі. Алдына нақты мақсат қою арқылы
биіктерге беттеу, болашаққа ұмтылу және нәтижелерге жету тек шығармашыл
адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса,
соғұрлым нәтижелі болатындығы ғылымда дәлелденген.
Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ойлаудан басталады. Ал
шығармашылық ойлау деген не? Ол кез келген жағдаятты шешу үшін барлық
варианттарды ойдан өткізу арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Шығармашылық барлық адамдарда болуға тиісті қасиет. Дайындық
топтарында әрбір баланың ерекшелігін дұрыс бағыттап, арнайы жаттықтыра
отырып мақсатты түрде дамыту- талантты, шығармашыл адамдар санын көбейтіп,
ұлттың ұлыларын, халқымыздың асыл перзенттерін еселеуге үлес қосады.
Тіл дамыту сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты
назарға алатын нәрсе:
1.Өлең айтуға үйрету, яғни сауат ашу.
2.Ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру.
3. Алдарына ой тастау.
Яғни, қаланың, жер, су,аттарын, болмаса бір оқиғаны суреттеу арқылы
өлең жолдарын құрастыру. Тіл дамыту сабағында тақырып соңындағы
тапсырмаларға дамытушылық сипат көзделген. Мысалы: тапсырмалар оқулықта
берілгенде әңгіме, ертегі, өлең, сурет мазмұнына сәйкес құрыла салмай,
оқушының ізденушілігін қалыптастыратындай ойлауға, пайымдауға, дәлелдеуге
үйрететіндей етіп түзеледі.Олар мынандай тапсырмалар: оқиға болған уақытты
көз алдыңа елестет, қиялдай отырып, суретте немесе өлең жолын құрастыр.
Өлең жолын құрастыру бірінші сыныптан сауат ашу барысында басталады.
Дайындық тобынан бастап балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
мақсатында түрлі тақырыптарда мазмұнды шығарма, мазмұндама жаздырту жұмысы
орын алады. Шығарма жазуға кез келген баланың қиналатыны белгілі. Ол үшін
алдымен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Біріншіден, балаға шығарманың
үлгісін көрсету, яғни тірек нұсқасын беру. Екіншіден, баланың өз бетімен
жұмыс істеу қабілетін және ізденісін байқау мақсатында шығарманы үйде емес,
сыныпта жаздырту. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы
Зиятында терең бұзылысы бар балалар сипаттамасы мен түрлері
Іс-әрекет түрлерінің бала психикасына әсері
Іс-әрекет ұғымы
Психологтың оқыту процесінде кәсіби қалыптасуының дағдарыстық кезеңдері, тәсілдері
Арнаулы білім беруді ұйымдастыру формалары
Қабілеттің жіктелуі
Оқушыларды ойната отырып іс - әрекетін дамыту
Креативті болудың жеңіл жолдары
ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Пәндер