Толық жүздіктерді қосу және азайту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
I БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 1-2 сыныпта математиканы оқытып-үйретудің жолдары . . . 8
1. 2 3-4 сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері . . . 26
II ҮШІНШІ СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 2000, 2010 жылдары шыққан 3-сынып математика төл оқулықтары мазмұнына талдау жасау . . . 32
2. 2 Үшінші сынып математикасындағы математикалық ұғымдарды меңгертудің әдістемесі . . . 50
IІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63
Кіріспе
Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік алысымен қызу қолға алынған ауқымды іс-шаралардың бірі - жеткіншек ұрпақты мүмкін болған жаңа қағидалар негізінде тәрбиелеу мәселесі. Тәуелсіздікке ие бола салысымен, тәуелсіз елге тән қағидалар негізінде, ұлттық және елжандылық сана-сезімі жоғары, әлем өркениетінің қазіргі даму деңгейімен үндесе алатын ұрпақ тәрбиелеу қолға алынды. Соның арқасында, бұл күнге дейін тарихи тұрғыдан қарағанда аз уақыт - 20 шақты жыл ішінде еліміздегі ұрпақ тәрбиесі мәселесінің бүгінгі және және ертеңгі саясатын айқындайтын «Білім заңы», «Білім стандарттары», «Білім тұжырымдары» сияқты құжаттар жарық көрді және олар заман ағымына орай жетілдірілді.
Мектеп реформасы бастауыш мектептен басталатыны белгілі. Қазіргі таңда бастауыш мектептегі білім беру мен тәрбиелеу мәселесі толық болмағанмен белгілі бір жүйеге түсті деп тұжырымдауға болады. Бұрын Республика мектептері 1979 жылдан бері М. И. Моро бастаған авторлар тобы дайындаған (алдымен үш жылдық, кейін төрт жылдық бастауыш мектептер үшін) математика оқулықтарын пайдаланып келді.
Мектеп партасындағы бүгінгі бала - ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі, басшысы. Сондықтан балаға болашақ деп қарап, оның біліміне ерекше мән берілу керек. ҚР Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі - «азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген.
Демек, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» (М. Әуезов) демекші, мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп парталарында отырған оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында олардың санасына қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күн үшін «дән» дегеніміз - оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер. Олар арқылы біз жеткіншек ұрпақты «ұлша тәрбиелесек, ұл болады, ал құлша тәрбиелесек құл болады» (А. Байтұрсынұлы) тәрбиелеу мәселесі туындайды. Сондықтан, жаңа сипатты мазмұндағы мектепті оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету - ол мемлекеттік деңгейдегі саяси іс [1] .
Сондықтан бастауыш мектептің математика курсынан бастап қазіргі таңдағы математиканың рөлі мен мүмкіндіктерін жете насихаттау қажет болып отыр. Бірақ бүгінгі таңда математикалық дайындық бастауыш сынып оқушыларынан бастап, жоғары оқу орны студенттеріне дейін, барлығын да қанағаттандырмайды. Себебі, қазіргі таңда еліміз егемендігін алып, қоғам дамуы демократиялық сипат алуынан, математиканы оқытудың әртүрлі әдістемелері мен ұсыныс-пікірлері тексерусіз, ғылыми тұрғыдан дәлелденбей-ақ, эксперименттік басқаруға ұсынылды, тіпті эксперимент нәтижелері сұрыпталып, сараланбай-ақ жалпыға ортақ міндетке айналуы білім сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды.
Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі тұрлаусыздықтар, яғни білім беру стандарттарының, оқу бағдарламаларының жылда өзгеруі, оқу құралдарының жетіспегендігімен тұрмай, ішкі құрылымының жылда өзгерістерге ұшырауы, тіпті оның ішкі құрылымындағы тақырыптардың мән-мағынасының, сапасының төмендігі не күрделендіріп берілуі оқушы түгіл мұғалімдердің де өз міндеттеріне деген немқұрайлылығын туғызуы әбден мүмкін.
Математика пәнін оқытудың мақсаты төмендеді. Бекітілген уақыт көлемінде қарастырылатын материалдың көпшілігінен күрделі есептерді орындау, дәлелдеу, түрлендірудің стандартты жолдары ғана қарастырылып, шығармашылық тұлғалардың қалыптасуына, математикалық идеялардың туындауына мүмкіндіктің болмауына әкелді.
Оқушылардың ойлануының психологиялық дамуын ескермей олардың жалпы логикалық дамуына ғана назар аударуынан, оқушыларды тек дайын білімді қабылдаушы ретінде қарау, яғни мұғалім береді, олар есте сақтайды. Нәтижесінде қарапайым математиканың қалыпты (традиционный) тәсілдерін ғана меңгереді.
Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында математикалық білімді игеру пирамидалық тұрпатта дамыды. Демек соңғы сынып оқушыларының 10 пайызы ғана мектеп бағдарламасын толық меңгерсе, 30 пайызы «қанағаттанарлық» деген бағаға сәйкес келеді. Ал қалған 50 пайызын математикадан алшақтатып алғанымыз рас және ата-аналардың, оқушылардың, тіпті мұғалімдердің арасында «барлық оқушылар бірдей математиканы оқуға қабілетті емес» деген кереғар пікірлерде қалыптасты.
Бұрынғы жылдары математикалық білім деңгейі, қабілеті жоғары оқушыларға құрбы-достары қызығушылықпен, қызғанышпен қараса, бүгінгі таңда математиканы ұнататындарға басқаша көзқарастар қалыптасуда. Жастардың математикалық білім деңгейлерінің төмендігін, есептеуіш техникалар толықтырады деген түсініктер бұл мәселені одан әрі қиындатып жіберді. Қалыптасқан жағдай өте маңызды, терең зерттелген, шаралардың қолдануын қажет етеді.
«Математика - тек математиктерге керек» деген кереғар пікірден, математикалық сауаттылықтың іргелілігін, оның білімінің бастауының негізгі екенін көзі ашық, көкірегі ояу ата-ана, мұғалім түсінуі қажет секілді. Мұндай да психологиялық сәттерді де ескермесе болмайды
«Әрбір оқытушы - бастауыш мектептен жоғары мектепке дейін, әрбір зерттеуші білуге тиіс білім де математиканың салаларында жатыр және оны ат үсті біліп қоймау керек, терең түсініп, математикалық толысуға» жету керек.
Арнайы математиканың білімдері болмаса да математиканың маңызын, ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсерін түсініп қазақтың тұңғыш зиялылары М. Дулатов, С. Қожанов, К. Жәлелов, Е. Омаров мектепке арналған математика оқулықтарын шығарса, Ә. Ермеков «Ұлы математика» курсын шығарды. А. Байтұрсынов та, Қ. Сәтбаев та математикаға дәл осындай ағартушылық қызығу танытқан [2] .
Әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдерде білім сапасына, әсіресе, дәлдік пәндерді тереңдетіп оқытуға баса назар аударатындары мәлім. «Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші» деген ұлы ағартушы А. Байтұрсыновтың сөзі бүгінгі таңда да маңыздылығын жойған жоқ. Оның айқын дәлелі - еліміздің кен байлығы мен қуатты өндіріс орындарындағы шетелдік компаниялардың үлес салмағы.
Осыған орай, бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттыруда оқулық сапасын жақсарту жолдарын анықтауды мақсат етеді. Осы мақсаттың шешімін табу үшін қазіргі заман талабына сай жасалып жатқан бастауыш сынып математика оқулықтарын (3-сынып) талдап, дипломдық жұмысымның тақырыбын « Үшініші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері » деп алуға негіз болды.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: үшінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты: Үшінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін анықтап, әдістемесін жасау;
Қойылған зерттеу мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының төмендегідей міндеттерін шешу қажет болды:
- бастауыш сыныптардағы математика пәндері мазмұнына жалпы сипаттама беру;
- үшініші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін анықтау;
- 2000, 2010 жылдарында шыққан үшінші сынып математика төл оқулықтары мазмұнына талдау жасау;
- үшінші сынып математикасындағы математикалық ұғымдарды меңгертудің әдістемесін анықтау;
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелерін қарастырудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ұстаздың іс-әрекеті туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.
Зерттеу көздері: зерттеу тақырыбына байланысты психолог, педагог, математик-әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің бастауыш мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т. б. ) ; білім беру саласынның тұжырымдамасы мен бағдарламасы, педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т. б.
Зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау және т. б. әдістер арқылы мектептегі және педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу;
- педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспасөз материалдарымен, бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулармен танысу, оларға талдау жасау;
- педагогикалық бақылау, жеке дара әңгімелесу, бастауыш мектептегі оқу үдерісін бақылап, алдыңғы қатарлы әдіскерлердің іс-тәжірибелерімен танысу,
математикалық талдау әдістері қолданылды.
Диплом құрылымы:
дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. 1 1-2 сыныптарда математиканы оқытып-үйретудің жолдары
Қазіргі замандағы қоғамның әлемдік даму тенденциясына және ондағы Қазақстанның алатын орнының өзгеруіне байланысты, сол сияқты тәуелсіз мемлекетіміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде қоғамның көптеген салаларымен бірге халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты туындап отырған мәселелердің бірі - ол бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысы. Ол соңғы жылдары үлкен және жылдам өзгерістерге кез болды.
Өзінің жаңа бастауын 1980 жылдардың ортасынан бастап бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысын өз республикамыздың ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асыру мәселесі 1990 жылдардың басында бұрынғы КСРО-да қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайдың негізінде батыл қолға алына бастады. Тек қана республика азаматтарынан құралған, құрамында бастауыш мектеп мұғалімдері (Ерешева К., Қазгелдина Қ., Мұхамбетқызы С., Абраева Б. ), арнаулы педагогикалық оқу орнының оқытушысы (Құрманалина Ш. ), педагогикалық жоғары оқу орнының оқытушысы (Оспанов Т. ) ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері (Өтеева Қ, Қайыңбаев Ж., Наурызбаева Ә., Сәтімбекова М. ) бар екі авторлар тобы республика мектептері үшін дайындалған базалық оқу жоспарына сәйкес, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысын жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында қысқа мерзімде бастауыш математика курсының мақсаты, мазмұны, т. б. мәселелері мүмкін болған жаңа құндылықтар негізінде айқындалып, араға 70 жыл салып барып республиканың бастауыш мектептері үшін математикадан өзімізде төл оқулықтар мен оқу-әдістемелік топтама дайындалды.
Еліміздің қазақ тіліндегі бастауыш мектептері 1992-1993 оқу жылынан бастап, ал басқа тілдердегі (орыс және үйғыр) бастауыш мектептер 1993-94 оқу жылынан бастап бірте-бірте (бір оқу жылында бір сыныптан) өз авторларымыз дайындаған оқу-әдістемелік топтамасына көше бастады.
Дегенмен, бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелі жүргізілуі және де соның негізінде салыстырмалы түрде тез арада оқу-әдістемелік топтаманың жарық көруі республикада аталған сала бойынша мамандардың бар екендігін және олардың қандай жүкті болса да мойнына ала-алатындығын көрсетті [3] .
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуға бөлінген уақыт аударма оқу жоспары бойынша аптасына 20 сағат (төрт жылдық бастауыш мектептер үшін), яғни 1-сыныпта - 4 сағат (барлығы, 163 сағат), 2-сыныпта - 5 сағат (барлығы, 170 сағат), 3-сыныпта - 5 сағат (барлығы, 170 сағат), 4-сыныпта - 6 сағат (барлығы, 204 сағат) еді.
Демек, оқу жылы бойынша бастауыш мектепте математиканы оқытуға шамамен 680 сағат уақыт жұмсалатын.
Ал, біз тоқсаныншы жылдардан бері басшылыққа алып келе жатқан оқу жоспарында да, қазіргі 1-4 сыныптарға арналған оқу жоспарында да (ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық баспа кабинеті) бастауыш мектепте математиканы оқытуға аптасына 18 сағат, яғни, 1-сыныпта - 4 сағат, 2-сыныпта - 4 сағат, 3-сыныпта - 5 сағат, 4-сыныпта - 5 сағат уақыт бөлінген.
Бұл дегеніміз, оқу жылы бойынша математиканы оқьпуға 612 сағат бөлінді деген сөз. Демек, бастауышта математиканы оқытуға бөлінген уақыт 68 сағатқа қысқарды.
Қорыта айтқанда, бастауыш математиканы оқытуға бөлінген сағат санының қысқаруы басқа пәндерді оқытуға бөлінген сағат санының артуымен және әр сынып бойынша оқыту жүктемесінің шектеулілігімен түсіндіріледі.
Математика пәнiн оқытудың мақсаты математикалық бiлiм, бiлiк және дағдыларды игерту; математика курсының мазмұны арқылы баланы тұлға ретiнде қалыптастыру; танымдық iс-әрекетке, сондай-ақ өздiгiнен бiлiм алуға дайындығын қалыптастыру.
Математика пәнi бойынша оқу жүктемесiнiң көлемi 1-2 сыныптарда аптасына 4 сағатты (оқу жылында 136 сағат), 3-4 сыныптарда аптасына 5 сағатты (оқу жылында 170 сағат) құрайды.
Мектептiң бастауыш сатысында «Математика» пәнi бойынша базалық бiлiм мазмұны: 1) терiс емес бүтiн сандардың арифметикасы; 2) алгебра элементтерi; 3) геометрия элементтерi блоктарынан тұрады [4] .
Әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет (практикалық жұмыс, есеп шығару) жүзеге асырылып отырады. Осы мақсатта бастауыш математикалық бiлiм мазмұнында мәтiндi есептер жүйесi қамтылды. Есеп шығарудың әртүрлi тәсiлдерiмен таныстыру - олардың ең тиiмдiлерiн оқушылардың өздерi өз беттерiмен iздестiрулерiне жағдай жасайды.
Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп күрделiлерiн орындауда оқушылар сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға жаттықтыратындай етiп құрылуы қажет. Сонымен бiрге оқушылардың өз ұсыныстарын негiздеуiне, өз ойларын дәл, түсiнiктi және тиянақты етiп жеткiзе алуына үлкен мән берiлуi тиіс.
Мәтiндi есептердi шығаруда белгiлер мен белгiсiздердi салыстыра отырып, оқушылар олардың арасындағы негiзгi байланысты түсiнулерi және оны математикалық қатынастар тiлiне ауыстыра алулары, есептердiң шығарылуын математика тiлiнде рәсiмдей алулары қажет.
Периметр, аудан және көлем жөнiндегi геометриялық материалдарды оқып-үйренуде сандық және құрамында бiр ғана әрпi бар әрiптi өрнектердi құруға, оқуға, түрлендiруге, есептеуге қатысты бiлiктер мен дағдылар белсендi пайдаланылады. Бұл алгебра мен геометрия элементтерiнiң арифметикалық материалдармен табиғи бiрлiгiн тиiмдi жүзеге асыру жолдарының бiрi болып табылады.
Негiзгi бақылау нысандары:
- 1 000 000 көлемiндегi сандарды оқу, жазу және салыстыру;
- жазбаша амалдарды орындау (көп таңбалы сандарды бiр және екi
таңбалы сандарға қосу және азайту, көбейту мен бөлу) ;
- жүз көлемiндегi сандарды қалдықпен бөлу;
- 2-3 амалдан тұратын санды өрнектiң мәнiн табу (жақшалы және
жақшасыз) ;
- арифметикалық тәсiлмен мазмұнды есептердi шешу;
- тiк төртбұрыштың (шаршының) периметрi мен ауданын есептеу.
«Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұнына енеді, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Кіші мектеп жасындағы оқушының математикалық сауаттылығы математикалық тілді, математикалық ұғымдар мен амал тәсілдерін меңгеру, алынған білім мен амал тәсілдерін күнделікті өмірдің түрлі жағдайларында қолдануда көрінеді.
Математикадан пәндік стандарттың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында көрсетілген түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыратын білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
Оқытудың бірінші циклы екі концентр сандарын 0-ден 100-ге дейінгі және 1000-ға дейінгі сандар аймағын қарастыруды көздейді.
Бірінші сыныпта бір таңбалы сандар, толық ондықтар және 100 саны қарастырылады, ондықтармен және бірліктермен санау оқытылып-үйретіледі. Осы тараудың алдында дайындық кезеңі қарастырылады, онда «Жалпы ұғымдар» тарауы - нысандар, олардың белгілері мен қатынастары қарастырылады. Сан заттарды және құбылыстарды санаудың, шаманы өлшеудің және амал орындаудың нәтижесі ретінде қарастырылады .
Екінші сыныпта жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау оқытылады. Балалар екі таңбалы, үш таңбалы сандарды шығарып алумен, олардың атауымен, ретімен, оқылуымен, жазылуымен және салыстырумен танысады. Екі және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуге үйренеді. Бірліктер класының жүздіктер, ондықтар және бірліктер разрядтарымен танысу жүзеге асырылады. Жүз және мың сандарын шығарып алу қарастырылады. «Разряд» және «класс» терминдері оқытудың бірінші циклында енгізілмейді. Оқытудың аталмыш сатысында сандарды қосу және азайту амалдары қарастырылады.
Бірінші сыныпта арифметикалық амалдардың - «қосу», «азайту» - қосуға кері амал ұғымдары енгізіледі. Қосуды тексеру. Азайтуды тексеру. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті бірінші сыныпта, терімділік - екінші сыныпта оқытылып-үйретіледі. Бірінші сыныпта 10 көлеміндегі бір таңбалы сандарды қосудың кестелік жағдайлары және азайтудың сәйкес жағдайлары оқытылады, толық ондықтарды қосу және азайту, нөл мен 1-ге амалдар қолдану. Екінші сыныпта ондықтан аттайтын жағдайлардағы бір таңбалы сандарды қосудың кестелік жағдайлары және азайтудың сәйкес жағдайлары, 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрамы оқытылады. Толық жүздіктерді қосу және азайту.
Екінші сыныпта екі және үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың разрядтан аттамайтын және разрядтан аттайтын ауызша жағдайлары енгізіледі. Екі және үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың алгоритмі (жазбаша тәсілдері) оқытылады.
Балалар тиімді есептеу тәсілдерімен (қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері негізінде) танысады. 100 көлеміндегі амалдарға және кестелік жағдайларға келтірілген үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері қарастырылады. Қосу мен азайтудың әлдеқайда қиын ауызша және жазбаша тәсілдері келесі сыныпта оқытылады. Алайда есептеу тәсілдері жөніндегі білімді 1000-ға дейінгі сандар аймағында балалар өз бетімен қолданулары мүмкін.
Бірінші сыныпта бағдарлама тек санды өрнектер қарастыруды көздейді. Оқушылар санды өрнектерді құрастырады, оқиды, жазады, мәнін табады. Екінші сыныпта санды өрнектермен қатар әріпті өрнектер де оқытылады. Санды және әріпті (әріптің берілген мәніне сәйкес) өрнектердің мәнін табу қарастырылған. Балалар амалдардың орындалу ретін белгілеу үшін жақшаларды қолданумен танысады, жақшалы және жақшасыз екі немесе одан да артық амалмен берілген өрнектердегі амалдардың орындалу рет тәртібін оқып-үйренеді.
Бірінші сыныпта «есеп» ұғымы және оны шешу үдерісі енгізіледі. Жай есептің: арифметикалық қосу және азайту амалдарының мән-мағынасын ашуға, «артық», «кем»» қатынастарымен байланысты бірнеше түрлері қарастырылады. Оқытудың бірінші циклында есепті шығарудың арифметикалық тәсілі басым болады. Практикалық және графикалық, аралас тәсілдері қолданылуы мүмкін. Екінші сыныпта қосу мен азайту амалдарының және тура және жанама түрде тұжырымдалған «артық», «кем» қатынастарының мән-мағынасын ашуға, айырмалық салыстыруға, амалдардың белгісіз компоненттерін (белгісіз қосылғыштар, азайғыш, азайтқыш) табуға арналған бір амалмен шығарылатын есептерді шығарумен байланысты жұмыстар жалғастырылады.
Екінші сыныпта балалар «берілгенге кері есептер» ұғымымен танысады. Өзара кері есептерді шығарады және құрастырады. Екі амалмен шығарылатын есептер және есепті әр түрлі арифметикалық тәсілмен шығару енгізіледі.
Оқытудың бірінші сатысында ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық сиқты шамалар, ұзындықтың (сантиметр, дециметр, метр), массаның (килограмм), сыйымдылықтың (литр), уақыттың (сағат, минут, секунд, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, мүшел) өлшем бірліктері оқытылады. Оқушылар шамаларды өлшеуге үйренеді, ұзындықтың, массаның, уақыттың өлшем бірліктері арақатынасын меңгереді. Есептерді шығару мен тапсырмаларды орындау барысында шаманың мәнін салыстыру және қосу мен азайту жүзеге асырылады.
Шамалар және оларға арифметикалық амалдар қолдану сандар және оларға амалдар қолданумен қатар оқытылып-үйретіледі. Бұл ондық санау жүйесін игеруге және шамалардың өлшем бірліктері арасындағы қатынасты игеруге негіз болады.
Бірінші сыныпта балалар «>», «<», «=» таңбаларымен, «теңдік», «теңсіздік» терминдерімен танысады. 1-2-сыныптарда қарапайым теңсіздіктерді құрады және оқиды. Екінші сыныпта алғаш рет «теңдеу» ұғымы енгізіледі және теңдеуді шешудің әр түрлі: «сынап көру», қосу мен азайту амалдарының өзара кері екендігіне және тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп шешу тәсілдері қарастырылады. Геометриялық фигуралар. Геометриялық шамаларды өлшеу.
Оқытудың осы деңгейінде нүкте; сәуле; кесінді; түзу, қисық, сынық сызықтар (тұйықталған, тұйықталмаған) сияқты фигуралар оқытылады. Тік, сүйір және доғал бұрыштар, көпбұрыштар және олардың түрлері; көпбұрыштың төбелері, қабырғалары және бұрыштары. Бірінші сыныпта оқушылар заттар мен кесінділерді өлшейді, берілген өлшемі бойынша кесінділер сызады, жазықтықта көпбұрыш салады.
Екінші сыныпта тік төртбұрыш (шаршы) және оның қасиеттері оқытылып-үйретіледі. Тор көзі бар қағазда тік төртбұрышты (шаршыны) салу орындалады. Оқушылар сынық сызықтың ұзындығын және көпбұрыштың периметрін табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz