Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ
Биімбетова А.
ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІСІН ӘЗІРЛЕУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Түркістан 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедрасының меңгерушісі
Ауелбеков Е. Б п. ғ. к., доцент м. а
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИІМІН ӘЗІРЛЕУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
5В012000 «Кәсіптік оқыту»мамандығы
Орындаған: Биімбетова А.
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. д., профессор: Г. Ғ. Еркибаева
Түркістан 2015
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4
АНЫҚТАМАЛАР . . . 5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 6
КІРІСПЕ . . . 7
1 ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІСІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Ұлттық киім» ұғымының мәні мен маңызы . . . 11
1. 2 «Инновация» ұғымына сипаттама . . . 20
1. 3 Технология сабақтарында жоғары сыныптарында инновациялық технологияларының қолданудың психологиялық ерекшеліктері . . . 30
2 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИІМІН ЖАСАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Ұлттық киім жасау ерекшеліктері . . . 34
2. 2 Ұлттық киім әзірлеудің мазмұны . . . 40
2. 3 Ұлттық киім жасауға үйретудің әдіс-тәсілдері . . . 41
3 ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ КИІМІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТ
3. 1 Әйел киім үлгісін тігуге қажетті материалдар және мата түрлеріне сипаттама . . . 46
3. 2 Қазақ әйелінің киімінің сызбасын сызу және модельдеу . . . 54
3. 3 Қазақ әйелінің киімінің өзіндік құнын есептеу . . . 71
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……… . . . 76
ҚОСЫМШАЛАР . . . 87
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Өзгерістер мен толықтыруларымен
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
АНЫҚТАМАЛАР
1. Киім - адамға ең қажетті, мәдени материалдық элемент болып табылады
2. Әдіс - гректің «metodos» - белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары
3. Әдістеме - әдістер жиынтығы
4. «Технология» - гректің тех - өнер, шеберлік, кәсіп және логос - ғылым, білім
5. Педагогикалық технология - оқу үдерісін іске асырудың мағыналы технологиясы.
6. Педагогикалық технология - оқытудың жоспарлы нәтижесі.
7. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі жиынтығы ретінде жұмыс істеу.
8. «Инновация» - ағылшын тілінен («innovation») - «жаңаша серпінділік», «жаңашылдықты енгізу»
9. Инновациялық үдеріс - білім беру үдерісінде тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бірінші жағдайдан екінші жағдайға көшуіне алып баратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет.
10. Принцип - жетекші идея, ғылыми заңдылық немесе негізгі ереже, қойылатын басты талап
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО -жоғары оқу орны
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
М. а. - Мойынның жарты айналымы
К. а. - Көкірек жарты айналымы
А. е. -Арқаның жарты ені
К. е. -Көкірек жарты ені
К. ц. -Көкірек центрі
А. Б. Ұ. -Арқаның белге дейінгі ұзындығы
К. Б. Ұ. -Кеуденің белге дейінгі ұзындығы
К. б. -Көкірек биіктігі
Қ. о. -Қолтық ойындысының тереңдегі
А. Б. Қ. Ұ. -Арқаның белге дейінгі қиғаш ұзындығы
К. Қ. Б. -Көкіректің қиғаш биіктігі
И. е. -Иық ені
Қ. Ш. Ұ. -Қолдың шынтаққа дейінгі ұзындығы
Қ. Б. Ұ. -Қолдың білезікке дейінгі ұзындығы
Қ. а. -Қол айналымы
Біл. а. -Білезік айналымы
Ю. ұ. -Юпканың ұзындығы
Б. М. Ұ. -Белден мықынға дейінгі ұзындық
К. А. 1-Көкіректің бірінші айналымы
К. А. 2-Кеуденің екінші айналымы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік - экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жасалып, жүргізіліп жатыр. Бұл өзгерістер рухани өміріміздің жанды саласы мектеп, оның оқу-тәрбие жұмысын қамтиды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында білім беру саласына, әсіресе, кәсіптік мамандар даярлау саласына ерекше назар аудару қажеттігі атап көрсетілген [1] .
Қазіргі уақытта экономика мен индустрияның дамуына сәйкес өндірістік жүйелерді жетілдіру жағдайында халықтың өзіндік болмысы мен мәдениетіне баса назар аударылуы жастардың ұлттық мәдени мұралар негізінде адамгершілік қасиеттері мен өнімді еңбек ету дағдыларын, шеберліктерін шыңдау қажеттілігін арттырып отыр. Бұл бір жағынан студент-жастардың еңбекке жағымды қатынасы мен белсенділігін арттыруды көздесе, екінші жағынан олардың ұлттық мұраларды сақтау мен дамытуға оң көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Осы талапқа қазақ ұлттық киім үлгілерінің мазмұны мен технологиясын меңгерту процесі толық жауап береді. Өйткені ұлттық киім - халықтың дүниетанымынан, эстетикалық талғамынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен жан-жақты хабардар ететін тарихи-мәдени және материалдық мұра. Ал, оны әзірлеу ұзақ та тыңғылықты, табанды еңбекті қажет ететін, сан қилы әдіс-тәсілдер негізінде күрделі еңбек әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын көп қырлы еңбек процесі.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми-таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше мұғалім алдында «Жаңа технологияны ғылыми негізде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу» мәселесі тұр. Міне осы мәселені өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты мына төмендегідей болуы тиіс;
- озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;
- білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету;
- оқушының маңызды мәселелерді өздері талдап, қорытындылауына жол ашу;
- оқушы өзінің ғылыми-таным әдістерін саралай отырып, ойлауын дамыту және бүгінгі көзқарастың қалыптасуына негіз салу, т. б.
Білім беру мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды.
Педагогтар оқушылардың оқуға деген ынтасының және танымдық қызығушылықтарының дамуының төмендігін ескере отырып, оқытудың моделін, тиімді әдістері мен формаларын құрастыруға тырысуда.
Педагог кадрлардың күнделікті тұрмысындағы ұсақ түйек жетіспеушілікті қамтамасыз етуден бастап, мектептердің материалдық базасын нығайта түсуге дейін жан-жақты қамқорлық жасауды көздеп отыр. Бүгінгі таңдағы мақсат, мүдделердің баршасы өмір практикасына толық кіре қойған жоқ. Халыққа білім беру жүйесіндегі кейбір жаңалықтарды педагог мамандардың барлығы ұғып, біліп алды және нық сенімділікпен табан тіреп іске кірісуде деп айту да артығырақ. Ал оның аржағындағы бой көтеретін ауыртпалықтар - мұғалім кадрлардың жетіспеушілігі, оқулықтар мен бағдарламалардың, көмекші құралдар мен көрнекіліктердің тапшылығы тағы бар.
Мектептеріміз қажетті мамандарымен және оқу құралдарымен, дидактикалық құралдармен толық қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар, мамандардың барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етілмей жатыр.
Білім берудің жүйесінде жалпы білім беретін мектептердің өзіндік орны бар. Жалпы орта білім беру жалпы білім беретін мектептердің негізгі мақсаттарының бірі - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасы сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірітті жеке тұлға деп санап, оны жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептерде бір қатар міндеттерді шешу керек екендігі айқын. Жалпы білім беретін мектептің мақсат, міндеттері шешуде мектеп көлемінде оқытылып отырған оқу пәндерінің, еңбекке баулу пәнінің өзіндік орны, ерекшеліктері бар.
Технология пәні оқушылардың талғамы мен еңбектік ептіліктері мен дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін пән болып табылады. Мектеп оқушыларын еңбекке баулу міндеттері еліміздің қоғамдық - экономикалық дамуын онан әрі арттыру мүдделерімен және адамды қалыптастырудың жалпы мақсатымен анықталады. Бұл міндеттер, негізінен, балаларды еңбекті сүйюге тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек ету, халық дәулетін көздің қарашығындай сақтау болып табылады. Мұның бәрі, сайып келгенде, жеке адамның жан-жақты дамуына игі ықпалын тигізеді.
Кез-келген материалдық өндіріс үшін еңбек құралдармен жұмыс жасаушы маман керек. Осындай мамандар мектеп қабырғасынан бастап дайындық сатыларынан өтеді. Еңбек тәрбиесінде, политехникалық оқытуға және мектеп оқушыларын болашақ еңбек жолына жан-жақты әзірлеудің рөлі айрықша және барынша жан-жақты мектеп ісіндегі жетілдіру бойынша айтылып келген.
Технология сабақтарының сапалы өтуі - оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту процесі үшін оқыту бағдарламалары мен оқулықтардың, оқу құралдарының, дидактикалық құралдармен сапалы қамтамасыз етілуі - мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мектептердің қажетті көрнекі құралдарымен толық жабдықталуы, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі т. с. с. сабақтың нәтижелігін арттырады.
Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуге байланысты. Мұғалімдер үшін оқулықтар қажет. Оқулық бойынша оқушылар мұғалімнің сабақта хабарланған және түсіндірілгендерін оқиды және қайталайды, бекітеді. Демек, білімгерлердің іскерліктері біліктіліктің және дағдылардың саналы, тиянақты, әсерлі болуы оқулықтың сапасына байланысты. Қазір де «Технология» пәні бойынша оқулықтар, оқу құралдар қазақ тілінде жоқтың қасы. Бұл оқыту процессінің сапасына кері ықпал ететіні белгілі. Сабақтың нәтижелі болу тек оқулыққа ғана байланысты емес екендігі белгілі. Сабақтың нәтижелі болуына оқытудың әдістері мен тәсілдерінің де өзіндік орны бар.
Оқушыларды сабақтарын ұйымдастырудың теориялық негізін мазмұндайтын, педагогикалық оқулықтарды жазған: Ю. Н. Бабанский, Г. А. Ильина, В. И. Харламовтың т. б. еңбектері мұғалімдер үшін, педагогикалық қызмет үшін қажетті әдебиеттер болып табылады және әрбір мұғалімнің жұмыс столында болуы қажет әдебиеттер [2; 3; 4] .
Еңбекке баулу сабағында ұйымдастыру жақтары мен мазмұнын П. Р. Атутов, В. А. Поляков, Д. А. Тхоржевский және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [5; 6; 7] .
Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында тәрбиелеу мәселелері бір қатар педагог - ғалымдардың еңбектерінде де қарастырылады. Атап айтқанда: М. Қоянбаев, С. Әбдіғаппарова, Қ. Қожахметова [8; 9; 10] . Оқытудың жаңа технологиялар бойынша Қ. Қабдықайырұлы, Г. Еркибаева, кәсіпке оқыту Д. Қоңыратбай және т. б[11; 12] .
Оқушыларды еңбек сабағында оқыту әдістемесіне оқу процесін ұйымдастыруда Васильченко Е. В., Лабзина А. Я. [13], Кальней В. А., Капралова В. С., Поляков [14; 15], В. А. Мельникованың «Еңбекке баулу әдістемесі» атты еңбегінде [16] қазіргі кездегі киім әзірлеу технологиясын жүзеге асыруда келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: киімге қолданылатын маталар бойынша А. Байбатшаева[17], киімді көркемдеп сәндеу С. Жолдасбекова[18], толығымен өңдеудің жалпы кезеңдерін қамтитын және оларға қолданылатын тігін машиналарының түрлері туралы мағлұматтарға А. И. Зюзин[19], Антонов Л. П., Моргулис П. С., Рузаков В. А. [20], балалар және әйелдер киімдерін сәндеу А. Бағжаева[21], сырт киімдерді әзірдеуде В. Литвина[22], киімді конструкциялау және модельдеу бойынша К. Махмутова[23], ал стильдерді қазіргі талабына сай таңдауға А. Б. Гофман «Мода и люди»[24], В. С. Безрукова [25] .
Оқушыларға ұлттық киімдердің мазмұндық, композициялық, техникалық, конструкциялық, технологиялық ерекшеліктерін терең меңгерту олардың танымдық түсініктерінің кеңеюіне, ұлттық киімдерге және оны әзірлеуге ынталарының артуына, ұлттық мәдени мұраға, еңбекке оң қатынасын дамытып, еңбекке бағыттылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ал бұл болса, 10 сынып оқушыларына ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың маңыздылығын арттырады.
Ұлттық киім саласынан білімдерді жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдарын педагогтар : Ұ. М. Әбдіғапбарова, С. А. Жолдасбекова, Ұзақова А. И. Наурызбаева Р. А. Салыбекова Н. А. ,
Ұзақова А. И. Байғабыл Г. А. Салыбековалар жасап ұсынған [26; 27; 28; 29] .
Сонымен, аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау күні бүгінге дейін 10сынып оқушыларына ұлттық киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету проблемасының ғылыми тұрғыда жеткілікті негізделмегенін дәлелдейді. Демек, оқушыларды ұлттық киім үлгісін дәстүрлі емес әдістер негізінде әзірлеуге үйрету қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Ұлттық киім үлгісін әзірлеуде жаңа технологияларды пайдаланудың жолдары» , - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - ұлттық киім үлгісін әзірлеуде инновациялық технологияларды қолдануды теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің объектісі - жалпы орта мектептің оқу үдерісі.
Зерттеудің пәні - ұлттық киім үлгісін әзірлеуде жаңа технологияларды қолдану үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- ұлттық киім үлгісін әзірлеуде жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері;
- ұлттық киім үлгісін әзірлеуде жаңа технологияларды қолданудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;
- ұлттық киім үлгісін әзірлеуде жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндіктері;
- жоғары сынып оқушыларына ұлттық киім үлгілерін оқыту мазмұны.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық, философиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, технологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орнының оқу құжаттарына (мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), педагогтардың озық тәжірибелерін талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІСІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1«Ұлттық киім» ұғымының мәні мен маңызы
Киім дегеніміз адамға ең қажетті, мәдени материалдық элемент болып табылады [30, 235] .
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы - басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса - шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.
Өйткені даланы мекендеп үнемі малмен бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек. Халық арасында кең тараған «сұлуынан жылуы» деген сөз де, сол көне заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол сияқты қазақша киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын жалған элементтермен көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино, телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі бар кейбір суретші - модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің пішінде немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы өзгерістер пайда бола бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай қойғанда біздер ғылыми мақсатқа орай немесе музей қорын толықтыру үшін ел арасынан сатып алып жүрген ең дәстүрлі киідердің өзінен де аздап та болса байқалатын түр өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім - көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді-кесілді тыйым салған жөн. Біздің мәселенің бұл жағына баса назар аударып отырғанымыздың тағы бір себебі - уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп - білудің қиынға түсе беретіндігінде болып отыр. Дегенмен, қазақтың ұлттық киімі дәуір талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан әлі де болса толық екшеле қоймаған құбылыс есебінде онан әрі зерттей түсуді қажет етеді. Ұлттық киімді зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен оларда қазақша киімнің дәл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да қазақша киімді егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ - оны киген және түсіне білетін соңғы адамдар ауыспай тұрғанда жоспарлы түрде кең көлемді далалық экспедициялар ұйымдастырып, әлі де болса кездесетін ұлттық киім нұсқауларын жинай беруді ел аузындағы мәліметтерді жазып алумен қатар жүргізе берген жөн.
Қазақ халқының да қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның басты салаларының бірі-киім тігу. Қазақ халқының ұлттық киімдері қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес дала жағдайына ыңғайлылығымен сан алуан әшекейлерімен, ою-өрнектерімен ерекшеленеді.
Киім - адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат палеолит-тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С. И. Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді. - қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. [31] .
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады:
Іштік киімдер: бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар. Сыртқы (өң) киімдер Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай-жақы, тон, шапан, шидем, ішік, қолқап.
Сулық киімдер: Аба, кебенек, кенеп, сырт-тық, шекпен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz