Демонстрациялық тәжірибелерді таңдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 6
1. 1 Физикада демострациялық тәжірибе. Демонстрациялық тәжірибелердің мәні мен рөлі . . . 6
1. 2 Мектептегі демонстрациялық тәжірибелердің әдістемесі және техникасы . . . 8
1. 3 Демонстрациялық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі . . . 15
1. 4 Тәжірибелерді демонстрациялау үшін мұғалімнің игеруі тиіс біліктері мен дағдылары . . . 25
1. 5 Тәжірибелерді демонстрациялауға қойылатын негізгі методикалық талаптар . . . 28
2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 30
2. 1 Лабораториялық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу әдістемесі . . . 30
2. 2 Физикадан лаборатория сабақтарын өткізу әдістемесінде ақпараттық технологияны қолдану . . . 39
2. 3 Физика сабақтарын меңгеруде видеофильмдердің рөлі . . . 42
2. 4 Қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптар . . . 45
3 ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР . . . 47
3. 1 Мектеп физика сабақтарында жүргізілетін демонстрациялық тәжірибелер . . . 47
3. 2 Мектеп физика сабақтарында жүргізілетін лабораториялық жұмыстар . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы
Тажибай Наргиза
Физика сабақтарында демонстрациялық тәжірибелер және лабораториялық жұмыстар қою әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011000 мамандығы бойынша - «Физика»
Түркістан 2014
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Физика кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Физика кафедрасының меңгерушісі ф. -м. ғ. д., профессор Т. А. Тұрмамбеков
“” 2014 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Физика сабақтарында демонстрациялық тәжірибелер және лабораториялық жұмыстар қою әдістемесі
5В011000 мамандығы бойынша - «Физика»
Орындаған: Тажибай Н.
Ғылыми жетекшісі:
ф. -м. ғ. к., доцент м. а. : Ә. Н. Құрмантаев
Түркістан 2014
КІРІСПЕ
Физика - эксперименттік ғылым. Сондықтан, физикадан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың физика бойынша алынатын білімдерінің көзі және физикалық құбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады.
Зерттеудің көкейкестілігі . «Физика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Оқытудың тиімділігі - мектепте оқушылардың белсенді араласуына байланысты, яғни жоғары білімді оқытушы мен білімді меңгеретін оқу-танымы жоғары, қабілетті, белсенді оқушыларға тікелей байланысты. Сондықтан мектепте оқу процессін іске асыру үшін оқытушының жұмыс сапасын арттыру керек, яғни өтілетін сабақтың, жүргізілетін практикасы мен лобараториялық жұмыстарының сапасын арттыру, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әркеттерін ынталандыру, оқу процессін рационалды түрде негіздеу.
Демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарда басқа білім түрлеріне қарағанда мұғалімнің барынша белсенді болу керектігін айқындайды. Мұндай жұмыстарда мұғалім әрбір оқушымен қарым-қатынаста болады және олардың өзіндік жұмыстарын тиімді басқаруға көмектеседі.
Лабораториялық жұмыстарды түсіндіру мейлінше күрделі тақырыптар мен физикадан өтіліп жатқан құбылыстарды сезіну үшін, теориялық білімнің маңызын түсіндіруге тиімді. Мектепте физиканың жалпы курсының 25-30% лабораториялық сабақтар болып табылады.
Мектептерде физика пәнінен лабораториялық сабақтардың өтілуі мен дайындық кезіндегі біршама кемшіліктерді атап көрсетсек болады:
- лабораториялық сабақтарға қолданатын құрал-жабдықтар әрқашан қазіргі заман талабына сай еместігі;
- өтілген материалға лабораториялық жұмыстардың сәйкес келмеуі;
- лабораториялық жұмыстарға көптеген әдістемелік сипаттаманың берілуі;
- жұмысты орындауда оқушылардың дайындығының аздығы;
- оқушылардың әрқашан болып жатқан құбылысты талдауға машықтанбауы және жасалған эксперименттен қорытынды жасауға қабілетінің жетіспеуі;
- оқушылардың көп уақыты өтпелі тапсырмаларды орындаға кетеді, нәтижесінде эксперименттің тиімділігі төмендейді;
- оқушылардың индивидуальды дайындығы әрқашан есептелмейді;
Жоғарыда аталған ұйымдастыру кезіндегі кететін кемшіліктер бойынша физика курсы бойынша жүргізілген демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстардың өтілуі, сонымен бірге оқушылардың қабілетсіздігі мен білімінің жоқтығы, осының барлығы мектептерде физика пәні бойынша жүргізілетін демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстардың жүргізу мен теориясы және әдістемесін жаңарту керектігін айқын көрсетіп тұр.
Физикалық эксперимент қандай да бір құбылыс пен заңдылықтың иллюстрациясы ғана емес, ол білім көзі, әр түрлі теориялардың қағидалардың дұрыстығының дәлелі болады, сенімді жетілдіруге мүмкіндік жасап, оқушылардың дағдылары мен білігін дамытады.
Оқытудың алғашқы кезеңдерінде, яғни 7-8 сыныптарда, оқушылар физика курсын жүйелі түрде оқып үйренуге алғаш кіріскен кезде эксперимент ерекше мәнге ие болады. Мұнда физика сабақтарының көпшілігінің сапасы көбіне сабақ кезінде эксперименттің қаншалықты дұрыс таңдап алынғандығына, қалай дайындалғанына және жүргізілгендігіне байланысты болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
- Мектеп физика курсында физикалық эксперименттердің мазмұны мен құрылымын жетілдірудің әдістемелік негіздерін ұсыну;
- Физика пәнін үйренуде лабораториялық жұмыстар және демонстрациялық тәжірибелердің маңыздылығын көрсету; Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін оқытуда демонстрациялық эксперименттерді ұйымдастыру негіздері арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, оқушыларды жаңашылдыққа баулу. Зерттеу нысаны: Мектептерде физикадан демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу;
Зерттеудің жұмысының міндеттері :
- мектептерде физика курсында демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстардың жүргізу мақсатын анықтау;
- мектептерде физика курсының демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстарын өткенде виртуальды жұмыстардың мүмкіндігін анықтау;
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
- физикалық құбылыстар және заңдылықтарды үйренуде демонстрациялық тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстардың оқушыларда пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ
ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Физикада демострациялық тәжірибе. Демонстрациялық тәжірибелердің мәні мен рөлі
Физикада білім мен зерттеу әдістемесінің көзі эксперимент болып табылады. Мектептегі оқу эксперименті физикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми көрінісін береді, сондықтан онда оқушылар ғылыми эксперименттік әдіс жөнінде ұғым ала алатын физикалық эксперименттің негізгі элементтері болуы тиіс. Оқу эксперименті - бұл сабақта физикалық құбылыстарды зерттеу үшін ыңғайлы болатын шарттарды пайдаланып, арнайы құрылғылардың көмегімен экспериментті жүргізу. Сондықтан ол бір мезгілде білім көзі, оқытудың әдісі және байқампаздықтың түрі қызметін атқарады.
Орта мектепте физика курсын оқытуда экспериментке сүйенудің керек екендігі жалпы мойындатылған. Бұл мына жағдайға негізделген, физикалық түсінікті қалыптастырудың негізгі кезеңдері - құбылысты бақылау, оның басқа шамалармен байланысын орнату, оны сипаттайтын шамаларды енгізу, - физикалық тәжірибелерді қолданбай өз әсерін бермейді. Сабақтағы тәжірибелік демонстрациялар, олардың кейбіреуін кино және теледидардың көмегімен көрсету, оқушылардың лабораториялық жұмыстарды орындауы мектептегі физиканы оқытуда эксперименттік әдістің негізін құрайды.
Танымдық ақпараттық құралы бола отырып, оқу эксперименті бір мезгілде физиканы оқытуда байқампаздықтың басты құралы болып табылады; ол оқушыларда нақты бейнелерді адекватты сипаттайтын, олардың танымында нақты орындалатын физикалық құбылыстарды, оларды біріктіретін процестер мен заңдарды табысты және тиімді құруға мүмкіндік береді. Физикалық эксперимент осы немесе басқа құбылыстарды сипаттап қана қоймай, әр түрлі теориялық жағдайлардың дұрыстығын дәлелдеу құралы қызметін атқарады, табиғат құбылыстарын тануда дұрыс екендігіне көз жеткізуге әсер етеді, оқушылардың білік және дағдысын дамытады. Дұрыс ұйымдастырылған мектептегі физикалық эксперимент қойылған мақсатқа жетудің орнықтылығы, айғақты алудағы дәлдік, жұмысты орындаудағы мұқияттылық, қарастырылатын құбылыстарда олардың бар болу белгілерін бөліп алу, бақылай алу және т. б. жеке сипаттамаларды тәрбиелеудің әсер етуші құралы қызметін атқарады. Оқушыларға терең және берік білім беру үшін, оларда маңызды практикалық білік пен дағдыны қалыптастыру үшін оқу экспериментінің әр түрлі түрлерін қолдануда құрылымы қажет: 1) демонстрациялық тәжірибенің; 2) фронтальды лабораториялық жұмыстың; 3) физикалық практикум жұмысының; 4) сыныптан тыс (үйде орындалатын) эксперименттердің. Оқу экспериментінің барлық бұл түрі физиканы оқытудағы байқампаздықтың, танымдылықтың, оқушылардағы танымдық қызметтің белсенділігінің, политехниканың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Физикалық оқу экспериментінің барлық түрлеріне рұқсат етілген жалпы тапсырмалардан бөлек, олардың әрбір түрі өзінің мақсатқа сай бағытына ие, ерекшеліктері қолдану әдістемесі мен қою техникасында.
Демонстрациялық тәжірибелер мектептегі физикалық эксперименттің үлкен және өте маңызды бөлігін құрайды. Олар арнайы дидактикалық тапсырмалар мент оны жүргізу әдістемесіне ие, сондықтан физиканы оқыту әдістемесінд арнайы қарастырылатын пән болып табылады Демонстрация - бұл мұғалімнің физикалық құбылыстар мен олардың арасындағы байланысты көрсетуі; ол сыныптағы барлық оқушылардың бір мезгілде қабылдауы үшін арналған. Демонстрациялық тәжірибелер физикалық ұғымдарды жасауға және физикалық түсініктерді қалыптастыруға қабілетті; олар жаңа материалды бергенде мұғалімнің талдауларын нақтылайды, түсінікті және сенімді етеді, сонымен қатар оқушыларда пәнге деген қызығушылықты тудырады. Демонстрациялық эксперименттің көмегімен мұғалім құбылыстар мен олардың арасындағы байланысты үйретуде оқушылардың ойын басшылыққа алады. Бұл жерден физика пәнінің мұғалімі үшін бұзылмас ереже шығады: демонстрация оның сөзімен, берілген материалмен органикалық байланысты болуы керек - бұл физикалық ұғымдарды табысты қалыптастырудың ең маңызды шарттарының бірі. Демонстрациялар оқушыларға физика бойынша білімнің көзін диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру үшін құнды мағынаға ие сыртқы өмірдегі құбылыстар мен тәжірибелерден іздеуді үйретеді. Демонстрациялық тәжірибелер сабақтың органикалық бөлігі болып табылады. Олар мұғалімнің айтуын, әңгімесін, түсіндіруін және лекциясын ұғындыру, үйлестіру және қалыптастыру, материалды тұжырымдау үшін негізгі элемент болады. Демонстрациялық тәжірибелер сонымен қатар эксперименттік тапсырмаларды қою үшін және оқушылардан өтілген материалды қайталау және сұрау үшін қолданылады. Демонстрациялық экспериментті оқушылардың өмірдегі бақылағандарынан алынған мысалдарымен алмастыруға болмайды. Біріншіден, бұл бақылаулар әр түрлі оқушыларда бірдей емес, сондықтан олар жаңа білімді қалптастыру үшін негіз бола алмайды. Екіншіден, олар кейбір жеке оқушыларда дұрыс болмауы да мүмкін. Үшіншіден, кез-келген жаңа материалды қабылдау және түсіну үшін бұл ұғымдар жеткілікті болмауы мүмкін. Төртіншіден, табиғатта және техникада бақыланған кез-келген құбылыс немесе процесс басқа да құбылыстармен күрделі өзара байланыста өтеді. Демонстрациялық тәжірибелер бұл құбылыстарды ұқсас факторлардың минималды санымен жүргізеді. Осының арқасында оқушыларда зерттелетін құбылыстың немесе заңдылықтардың ерекшеліктерін үздіксіз бақылауға, олардың елеулі белгілерін бөліп алуға және т. б. мүмкіндік алады. Мұның барлығы мектеп шарттарында оқыту үшін сыныпта арнайы ұйымдастырылған демонстрациялық тәжірибелерді жүргізу қажеттілігіне әкеледі. Жаңа оқу материалының мазмұнын меңгеруде демонстрациялық тәжірибелердің маңызды ролімен бірге, олар оқушыларда эксперименттік білік пен дағдыны өңдеуде үлкен мәнге ие. Демонстрациялық тәжірибелерді қабылдау мен меңгеру процессінде оқушылар физикалық құбылыстарды бақылауға, өлшеу нәтижелерін өңдеуге, әр түрлі физикалық құрылғыларды қолдануға және т. б. үйренеді. Мұның барлығы оқушылардың өз бетімен эксперименттік жұмысты орындауға дайындайды. Оқу материалын қайталауда демонстрациялық тәжірибелердің ролі үлкен. Қайталап жүргізілген тәжірибелер оқушыларға ертеде өтілген материалды анығырақ еске түсіруге, физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасына терең үңілуге, зерттелген объекттердің назардан тыс қалған қасиеттері мен бөліктерін меңгеруге мүмкіндік береді. Оқушылар физиканың жүйелі курсын алғаш үйренуге кіріскен VII және VIII сыныптардағы эксперимент ерекше мәнге ие. Мұндағы физика бойынша көптеген сабақтардың сапасы көбіне сабақ барысында дұрыс таңдалған, дайындалған және жүргізілген эксперименттен тәуелді болады [1] .
1. 2 Мектептегі демонстрациялық тәжірибелердің әдістемесі және техникасы
Физика пәні мұғалімінің эксперименттік-әдістемелік қызметі көп қырлы: тәжірибе схемасын таңдау мен құбылысты талдаудан эксперименттік қондырғыны жинау мен оны сабақта негізге сай қолдануға дейін. Мұғалімнің бұл қызметінің күрделілігі мен көп түрлілігі «мектептегі физикалық эксперименттің әдістемесі мен техникасы» ұғымының мазмұнымен бейнеленеді. Демонстрациялау техникасы деп демонстрациялық тәжірибенің үлкен әсерін қамтамасыз ететін шарттарды және қауіпсіздік техника ережесін сақтауда оқушылардағы үздіксіз қабылдау шарттарын айтады. Кез-келген эксперименттің әсері бірінші кезекте мектептегі физикалық құрылғылардың сапасынан тәуелді екені анық. Оларға бірінші кезекте келесі талаптар қойылады: жоғары техникалық сапа, қондырғының қарапайымдылығы, жеткілікті дәрежедегі үлкен өлшемдер, эстетикалық рәсімделулер. Демонстрациялық қондырғы мүмкіндігі бойынша қарапайым болуы тиіс. Бұл тәжірибені түсіну мен одан қорытынды шығару үшін маңызды мәнге ие. Қондырғыларда оқушыларға таныс немесе әсер ету принципі олардың түсінуіне ыңғайлы құрылғыларды қолданған жөн. Алайда, физиканы оқыту әдістемесінің даму тарихы бойынша, кез-келген демонстрацияның күрделілігі мен қарапайымдылығы - салыстырмалы ұғымдар. Сонымен, қазіргі уақытқа дейін электромагниттік толқындардың қасиеттерін, жарықтың поляризациясын және фотоэффект заңдарын көрсететін орта мектептегі тәжірибелер қойылған жоқ және күрделі болып келді. Физикалық кабинеттер арсеналында электромагниттік толқындардың қасиеттерін зерттеуге арналған құрылғылар кешені, мектептік электрондық осциллограф, жарық поляризациясын зерттеуге арналған құрылғылар кешені пайда болғаннан кейін, бұл тәжірибелер кең қолданысқа ие болды. Сонымен қатар, күнделікті практиканың қажеттілігі үшін «қарапайым демонстрациялық қондырғы» ұғымын жуықтап анықтау пайдалы болды. Әлбетте, мұны былай жасауға болады: қарапайым демонстрациялық қондырғы өзінің принциптік схемасына максимал жуық, алайда оның жұмысының сапасын аз ғана елеусіз төмендетуі керек. Жаратылыстануды зерттеушілер, эксперименттік қондырғыларды жасаушылар оларды жасай отырып, оқыту үшін ыңғайлы болу керек деген мәселені алдына қоймайтыны түсінікті, олар басқа мақсатты көздейді. Физика әдістемесінде оқыту мәселелеріне қатысты ғылыми лабораторияларда алғаш қойылған тәжірибелерді меңгеру процессі орындалады. Бұл процесс эксперименттік қондырғыларды жеңілдету жолымен жүреді, олардан зерттелетін физикалық құбылыстың мәнін анықтауға қызмет етпейтіндердің барлығын алып тастайды. Демонстрациялық тәжірибені орнатудың табыстылығы құрылғылардың өздерінің сапасынан ғана емес, сонымен қатар көбіне физика пәні мұғалімінің қондырғы туралы білімінен, демонстрацияланатын физикалық процесстің қарқындылығынан, эксперименттің өзін жүргізу шарттарынан, бұл құрылғыларды тасымалдау бойынша техникалық мәліметтерді білуден тәуелді болады. Демонстрациялық тәжірибе педагогикалық құндылықты тек мына жағдайда ғана иеленеді, егер демострацияның қол жеткізілген әсері аудиториядағы барлық оқушыларға анық көрінетін болса. Мұнда демонстрация қандай жағдайда жасалса да, ол жөнінде оқытушының сөзінен түсінсе де, оқушылар бұл құбылысты анық көрмесе, ол пайдалы болмайды деп ойлайтын көзқарастармен келіспеуге болмайды. Жақсы көрінетін демонстрациялық эксперимент қамтамасыз етіледі: а) демонстрациялық құрылғылардың арнайы құрылысымен; б) үстелде қондырғы элементтерінің ерекше орналасуымен; в) демонстрациялық қондырғының дәлдігімен; г) күтілетін әсер мен құрылғылардың көрінуін жоғарылататын арнайы құралдармен. Кезектегі мұғалімдердің жұмыс практикасы қондырғының маңызды бөлігін ескеретін және елеусіз бөлшектерін көлеңкеде қалдыруға мүмкіндік беретін белгілі бір қабылдаулар мен құралдардан өңделген.
1. Демонстрациялық үстелде құрылғылардың дұрыс орналасуы. Үстелде берілген демонстрация үшін қажет емес құрылғылар болмауы тиіс; қондырғының бөлшектері бірін-бірі жауып қалмауы тиіс; оны принциптік схемада солдан оңға қарай оқығанда жүйелі болатын ретпен орналастыру қажет. Құрылғылар мұғалім үстелдің жанынан шықпай және қандай да бір элементтерін қолымен жаппай, қондырғыны жинай алатындай және қажетті манипуляцияны орындай алатындай болып орналасуы тиіс. Штатив бағандарын өзіңе қарату керек; электрлік өткізгіштерді оқушылар барлық электрлік тізбекті анық көре алатындай етіп ілу керек; вертикаль жазықтықта құрылғыларды орналастыру үшін көтергіш үстелшелерді, штативтерді, білеушелерді қолдану керек.
2. Демонстрациялық қондырғының жарықтылығын күшейту үшін келесі жарықтарды қолданған жөн: бағытталған (рефлекторлы шамдар) және шашыратушы (жарығы бар мөлдір экрандар) . Жарық құбылыстары қараңғыланған аудиторияда демонстрацияланады.
3. Демонстрациялық тәжірибе нақты болуы тиіс, ал оны жүргізу қондырғысы - сенімді. Барлық арнайы құралдармен қол жеткізілген тәжірибенің жақсы көрінуі мен дәлдігі демонстрацияның сенімділігін негіздейді, бірақ ол әлі де факторлар қатарынан тәуелді болмайды. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалысты сұйықпен (су, май) толтырылған, ішінде метал шар қозғалып жүретін түтікшемен жиі сипаттайды. Шардың қозғалысының анықталған шарттарын қамтамасыз еткенде оның қозғалысы шын мәнінде тең өлшемді болады. Алайда, оқушылар бұған көз жеткізу үшін бір қалыпты қозғалыстың негізгі белгілерін бөліп алу қажет. Осылайша, бұл экспериментті сенімді ету үшін қондырғыда белгілеулерді (барлық сыныпқа көрінетін) енгізу қажет: а) жолдың тең бөлігі; б) бірдей уақыт аралығы. Үйретілгенге ұқсас барлық құбылыстар минимумға дейін куәландырылуы тиіс. Егер бұған қол жеткізу мүмкін болмаса, негізгі эксперименттің нәтижесіне құбылыстың елеусіз әсерін беретін қосымша тәжірибені көрсеткен жөн. Демонстрациялық қондырғы сенімді болуы тиіс, сабақта табыссыздықты болдырмай, қажет болған жағдайда тәжірибені қайталауға мүмкіндік беруі тиіс. Мұғалімнің кәсіби абыройына табыссыз болған демонстрация тәрізді ештеңе әсер етпейді. Сондықтан сабақта қондырғы жұмыс істемеген жағдайда, оның барлық түйіндерін салқынқанды тексеріп, тауып, жөндеу қажет. Егер ол мүмкін болмаса, сәтсіздіктің себебін атап, тәжірибені келесі сабақта қойып беру керек.
4. Бір жазықтықта өтетін құбылыстарды демонстрациялауда (мысалы, айналмалы немесе тербелмелі қозғалысты демонстрациялағанда), қозғалыс өтетін жазықтық сыныптың ортасында отырған оқушылардың көзіне перпендикуляр болуы керек.
5. Сезім мүшелерімен үздіксіз қабылданбайтын физикалық құбылыстарды демонстрациялау үшін (электрлік және магниттік өрістер, көрінбейтін сәулелер, заттың химиялық құрамының, тығыздығының және т. б. өзгеруі) әр түрлі индикаторларды қолданған жөн. Зарядталған шардың электрлік өрісін алу үшін рогоздың жеңіл бөлшектерін, магнит өрісін алу үшін темір үгінділерін қолдануға болады және т. б.
6. Демонстрациялық қондырғының немесе жеке құрылғылардың көрінуін жақсарту үшін демонстрациялық аппарат қарастырылатын сәйкес фонды таңдау керек. Бұл мақсат үшін бетінің бір жағы қара, екіншісі ақ болатын қозғалмалы экранды қолданған жөн. Көбіне ақ экран қолданылады, фонда қара түске ие денелер анық байқалады. Қара экранды мақсатқа сай өздігінен жарқырайтын денелерді немесе жарық тонға боялған денелерді демонстрациялаған жағдайда қолданған дұрыс (Сурет 1) .
Сурет 1 - Реңкті (фон) экрандарды қолдану
7. Түссіз ортада өтетін құбылыстарды демонстрациялағанда (мысалы. түссіз сұйықтарда), соңғыларын бояуға тура келеді. Бұл мақсат үшін жақсы құралдар қызметін нашатыр спиртінің, концентраттың, асханалық қызыл қызылша тамырының бірнеше тамшысы қосылған флуоресцин, фуксин, фенолфталеин атқарады. Суды марганцовкалы калиймен, сиямен, бояумен бояу мақсатқа сай емес, себебі бұл бояғыштарды қолданғаннан кейін, ыдыс қабырғалары бірден кірлейді. Бояуды еппен және өлшеммен жасау қажет. Мысалы, бояғыштың үлкен концентрациясында архимед күшін демонстрациялағанда суға түсірілген дене көрінбей қалады. Бұл нұсқада ыдыстағы судың деңгейі мен сұйыққа дененің түсуі жақсы көрінеді, бірақ дененің ыдыстың түбіне жанасқанын көру мүмкін емес. Басқа жағдайларда әр түрлі түстегі бояғыштарды және әр түрлі интенсивтіліктерді мақсатқа сай қолдануға болады. Суда жарықтың түсуін бақылау үшін оны флуоресцинмен немесе сүтпен әлсіз ғана бояйды.
8. Демонстрациялық мақсат үшін айнаны екі жағдайда қолданады: 1) оқушылар тарапынан көрінуін жақсарту үшін; 2) мұғалімнің тарапынан көріністі қамтамасыз ету үшін. Бірінші жағдайда үлкен өлшемдегі айнаны 45° бұрышпен қояды, ол горизонталь жазықтықта демонстрациялық үстелде орналасқан заттарды оқушылардың көруіне мүмкіндік береді (мысалы, темір үгінділерінің көмегімен жасалған магнит өрісінің спектрі) . Екінші жағдайда кіші өлшемді айналарды қолданады. Оны оқушыларға қаратылған қондырғының элементтері мұғалімге көрінетіндей етіп орналастырады. Мысалы, осциллограмманы демонстрациялағанда, осциллографтың алдына мұғалім экрандағы картинаны көру үшін айнаны орнатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz