Күнделікті киімдерді қарапайым маталардан тіккен


КІРІСПЕ
Өткен тарихыңды білмей, болашақ тарихыңды болжай алмайсын. Біз ата -бабаларымыздың тарихын, өмір сүру салтын, әдет - ғұрпын, ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын, олардың бізге берер тәрбиелік мәнін білуіміз қажет. Қазақ халқы мал баққан ел, ешкімге соқтықпай жай жатқан ел. Қазақ халқының басынан қаншама қиын - қыстау күндер өтті. Жан түршігерлік соғыстар, ашаршылық, құрғақшылық т. с. с. қилы замандар бастан өткерді. Қазақ халқы қандай жағдайлар өтсе де шыдап бақты. Төрт түлік малды тастамай, қандай жағдай болмасын өздерімен бірге алып жүрді. Түйе - байлық, жылқы - сәндік, сиыр - ақтық, қой - мырзалық, ешкі - кедейлік. Қазақ халқы сонымен қатар қонақжай халық. Үйіне қонақ келсе қой сойып, мол дастарханымен, кең пейілімен қарсы алған. Қой малын негізінен сыйлы қонақтарға сойған. Сиыр, жылқы, түйе сияқты ірі малдарды қысқа қам жасаған кезде сойған. Төрт түлік малдың пайдасы мол болған. Қазақ халқы төрт түлік малды қастерлеген, көңіл бөліп қарап, мақал - шығарған.
Малды жақсы баққаның,
Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның,
Келген бақты қаққаның.
Қазақ халқы жылқы малын аса қастерлеген. Мінсе көлік, кисе киім, ішсе сусын, жесе ет, алыс жолға жарамды жігіттің сенімді серігі болған. Негізінен қазақ халқы киімдік бұйымдарын төрт түлік малдың терісінен, жүнінен дайындап отырған. Киім тігуде мал жүнінің ең асылы түйе, қой жүнін, ешкінің түбітін пайдаланған. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де, жылы күпі киген. Иірілген түйе жүнінен шекпен тоқыған. Шудасынан жамау-жасқаулық жіп иіріп, осы шуда жіппен тон - шалбар тіккен.
Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі тіккен, жеңіл байпақ тіккен. Ешкінің түбітінен жылы орамалдар тоқып, өз игіліктрерінежаратқан. Малдың терісін иілеп, жақсылап өңдеп, тон жасаған.
Негізінен киім - денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамның материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері.
Адамдар полеолит - тас дәуірінде тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдалануымен қатар сүйек ине, сүйек бізді қолданып тері және тоқыма киім -кешек жасап, киіну мәдениетінің басқа да түрлерін қалыптастыра бастаған. Алғашқы қарапайым киімдер жай ғана байланатын немесе түйрелетін болған. Тас дәуірінің соңын ала адамдар қолға үйреткен мал жүнін, аң терілерін жабайы өсімдіктердің жапырақтарын, қабықтарын пайдаланудың жолын тауып, жабайы кендір сияқтыларды есіп, мал жүндерін иіріп, сүйектен тебен ине жасап, бастарына бүркеніш, үстілеріне жаға, жеңсіз тері киім, белге орайтын алжапқыш, аяққа тартатын тері шақай сияқты біршама тұтас тері киімдерін тіге білді.
Неолит дәуірінде өруі иіру және тоқу кәсібі дамып, иықтан, мықыннан келетін киім түрлері пайда болды.
Еңбек бөлінісі күшейіп, адамдар мал, аң терілерін илеп, мәнерлеу, жүн иіру, тоқыма тоқу, бояу жасау, тас күйдіріп метелл өңдеуге қол жеткізген замандарда киім - кешек түрлері де кемелдене, түрлене түсті.
Киім тігісті және тігіссіз деген екі топқа бөлінеді. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады, ілініп байланады. Мысалы: үнділіктердің сариі, шалма, шәлі кавказдықтардың буркасы, римдіктердің тогасы, ежелгі гректердің гематийі, солтүстік халықтарының теріден жасалған тұлыптары, тайгалықтардың тері желбегейі болған.
Ұлттық киім - бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет - ғұрып, салт - дәстүр, халықтың хал - ахуалынан кең көлемде жан - жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі. Көшпенділердің адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі ашық, қаусырылатын кеуде киімі - шапанды адамзат өркениеіне қосқан.
Киімдердің етек жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою - өрнектерін салу, үкі тағу, жын - перілерден, пәле - жаладан, ауру - сырқаудан қорғайды, магиялық күш әсер етеді деген сенімнен туған. Кеіннен үкінің қара қасқасын ерлер, балақ жүнінің ұлпасын әйелдер қолданған. Үкі құсын қазақ қасиетті деп білген. Ежелгі бақсылар, батырлар, сал - серілер де үкі тағып жүрген.
Қазақ киімдерінің көшпелі халықтарға тән сипаты болды. Жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай: сәби киімі (ит көйлек, сылау тақия), бала киімі ( кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі ( тақия, етік жейде, шалбар), бойжеткен киімі ( желбіршекті көйлек, тақия кәзекей ), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс-мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс-мәсі) деп түрлерге жіктеледі.
Қазақтың киімінің тәуірін ежелден қыз - келіншектер киген, әшекейдің де асылын осылар таққан. Жас қыздар бүрмелі етек көйлек, бешпент, қамзол, қынама бел киімдер, бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар бастарына кәмшат бөрік, сәндеп өрнектеген ақ шыт орамал таққан.
Әсіресе ұзатылатын қызды үлдемен - бүлдеге ораған. Г. Андреев өзінің 1945 жылдары жазған “Киімнің ең жақсысы қалыңдықтың үстінде. Желбіршекті жібек көйлек пен, барқыт қамзолдың сыртынан кигені жібек көк бешпент, иығына жамылғаны парша шапан. Қос бұрымында сылдыраған күміс шашбау, басына майда күміс теңгелермен әшекейленіп, төбесіне үлбіреген үкі қадалған “қыз қалпақ”. Қыздың ұзатыларда киетін киімі қымбат маталардан тігілді. Асыл тастармен, моншақталған желегі бар сәукеле - қыздың оң жақта отырғандағы баскиімі. Күйеуінің ауылына жеткен соң басына жаулық салынды.
Қазақ әйелдері киімді тігіп ғана қоймай, оған лайық сәндерін де өздері жасаған. Кесте тігу, жиек жүргізу, оюлау, шілтер шалу, зерлеу, тері киім тігу” сияқты нәзік жұмыстарды әйелдер атқарған.
Г. Загряжский қазақ әйелінің шаруашылыққа ерте араласуы жөнінде былай деді: “5 жаста қыз бала отынға шөптік жинап, су тасиды. 8-9-ға келгенде кесте тоқып, киім тігеді, ұзатыларда берілетін жасауын дайындайды, қоржын, бау тоқиды, туырлықтарды шұғамен өрнектейді”.
Басқа да халықтардың мақсаты секілді қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының мақсаты жас ұрпақты бұқараның ең жақсы идеяларына тәрбиелеу. Халық ертегілеріне, батырлар жырында, мақал - мәтелдерінде, эпостардағы халық педагогикасының тәрбиелік мәнін, сәулетті мұнараларды киім үлгілерін модельдеу барысында басшылыққа алуға болады.
Қазақстан жеңіл өнеркәсіп саласындағы тұрмыс деңгейін едәур көтеруді, халқымыздың мәдениеті мен өнерінің озық үлгілерін әлемге таныстыруды мақсаты тұтқан кәсіп орындар аз емес. Олар “Сымбат” сән академиясы, “Ерке-Нұр” компаниясы, “Мақпал”, “Аида Кауменова”, “Құралай”, “Орал”, “Саңғар” сән үйлері осының айғағы болса керек. Қазіргі заманға киімнің дамуы адамзаттың материалдық және рухани өмірінің басты бір бөлігі болып табылады, ол өткенді, бүгінді, келешекті байланыстырады.
Диплом жұмысының мақсаты:
Қазақ халқының киім дайындау барысындағы ұлттық ою - өрнектерді пайдалана отырып, қазақтың асыл мұраларына жататын ою -өрнектерді үйлестіре отырып, киімдерде шифон және киіз матасымен, киім үлгісінің конструкиясын pred- a-porter стилінде үйлестіріп қазіргі заман талабына сай етіп жаңа киім үлгілерін жасау, ұлттық элементтердің мәні мен маңызын ашу.
Осы мақсатқа жету барысында алдымызға қойылған міндеттер:
1. Қазақ халқының қол өнерін дамыту, ою - өрнектерін киімдерде үйлестіре пайдалану. Қазақ халқының асыл мұрасына жататын костюмдік бұйымдарды қазіргі заман талабына сай етіп дайындауымыз қажет. “ Pred - a-porter” стиліндегі костюмдік бұйымды шифон және киіз матасынан дайындай отырып, қазақы нақыштағы ою - өрнектермен әсемдеп дайындаймыз. Халқымыздың осындай киім үлгісін күнделікті өмірде киюіне ат салысамыз. Костюмде ою -өрнектер не мақсатпен қолданылды, киім технологиясындағы материалдар жайлы, киіз материалының артықшылықтары жайлы мәліметтер іздеу, шығармалар жинақтау, салыстыру, жүйеге келтіру.
2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының киім дизайны өнеріне өз тарапымыздан үлес қоса отырып, елеусіз қалып бара жатқан еліміздің қолданбалы өнерін қазақи киімдерде пайдалануымыз қажет.
3. Жастарымыздың ой санасын дамыту, асыл мұраларымызды костюмдік бұйымдарда пайдалануға болатынын көрсету.
Диплом жұмысының нысаны:
- Тігін өнеріне жаңадан сән туындыларын енгізу.
- Костюм дизайнында “Асыл мұра” қорындағы мұраларды киімде үйлестіре пайдалану.
- Pred - a-porter стиліне қазақтың ұлттық ою - өрнектерін қолдану. “АСЫЛ МҰРА” сән үлгілерін айқындау бағытындағы ізденістер.
Қазақ ұлттық киімдерінің тарихы ұлы дала көшпенділердің тарихы мен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер өздерінің бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт-дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Біздің бабаларымыз сақтар ежелгі заманда өздерінің салт- дәстүрімен, жауынгерлік өнерінің дәрежесінің биіктігімен танымал болған. Төзімді сақтар бірнеше тәулік бойы аттың жалына бастарын салып ұйқтай алған. Сақтардың киіну мәдениеті жөнінде археологиялық қазбалар, ежелгі жылнамалар арқылы пайымдауында болды.
Сақтардың киіну мәдениеті жөнінде археологиялық қазбалар, ежелгі жылнамалар арқылы пайымдауымызға болады. Суретшілер Қ. С. Ахметжан, М. В. Баст, М. В. Гореликтің көптеген археологиялық материалдар негізінде қалпына келтірген суреттеріне қарап сақтар мен ғұн киімдерін суреттеуге болады. Бастарына киген киізден жасалған шошақ бөрік, теріден немесе қолдан тоқылған мауытыдан тігілген қаусырмалы бешпенті, металл қаңылтырлар тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік сақ киімдерінің үнемі ат үстінде жүретін көшпелі өмір салтына ыңғайлы болғанын көрсетеді. Киімге тоқылған қаңыртырлар сәндік қызметімен қатар қорғаныш қызметін атқарған болу керек.
Әртүрлі аң стилінде салынған қымбат материалдардан тағылған әшекейлер сақтар мәдениетінен бізге жеткен ең ірі мұралардың бірі.
Үйсін тайпалары Қазақстан аумағында б. з. д. II - б. з. д. VI ғасырда өмір сүріп өздерінің мемлекетін құрған. Алакөлден Талас өзеніне Жетісу жерлеріне қоныстанған . VIғасырдың ортасында Түрік қағандығының құрамына қосылған. Үйсіндер Қазақстандағы мемлекеттің алғашқы үрдісін қалыптастырған.
VI ғасырда Қазақстан территориясы көптеген түркі тайпаларын біріктірген қуатты мемлекет- Түркі қағанатының құрамына кірді. Батыс Түркі қағанатының құрамына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан, Жетісу аймағы енді. Шу алқабындағы Суяб қаласы қағанаттың астанасы болды. Сол кезеңдегі көшпенділердің мәдениеті мен салтын сипаттайтын ең үлкен қалалардың бірі Тараз қаласы еді. Тарихшылардың айтуына қарағанда бұл қала даңқы шыққан, іскерлік байланысы кең, бай қала болған. Бұл жерге өздерінің сауда керуендерін жібермейтін мемлекет болмаған. Түріктердің қолында киіз жаңа сипатқа ие болып, оны құрылыс материалы ретінде киіз үй салуға пайдаланған. Киіздің қыс кезінде жылылықты, ыстық кезде жылуды сақтау қасиетіне байланысты тұрмысқа қажетті заттар жасауда таптырмайтын тамаша материал болған. Түріктер киізді асқан шеберлікпен өңдеп, өздеріне киім- кешек, аяқ киім және бас киімдер тіккен. Ұлттық киім-жай киім ғана емес. Оның пішімінен, түр үййлесімінен, салынған әшекейлері мен оюларынан халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы мен тәжірибесін көреміз. Алайда осы көне ғасырларда пайда болған көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ.
Біздің мақсатымыз қолөнердің бай мұраларынжинап, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды сақтап қалу және дамыту. Осы мақсатта көптеген ұлттық киімдерімізді жан а заман талабына сай жан-жақты зерттеп, жаңа заман талабына сай жаңғыртып, қазақ халқының ұлттық киімдерін әлемге танытып жүрген кәсіпқой суретші, Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі, халықаралық жиырмадан астам фестивалдардың сертификаты мен дипломдарының иегері Мүсілім Жұмағалиев. Автордың айтуынша, тарихи костюмдерді өайтадан жаңғырту жөніндегі ой қазақстандық мұражайларды аралағаннан кеін келген. Мұражайларда негізінен ХVIII, ХIХ, ХХ ғасырларда тігілген киімдер ған сақталған. Ежелгі киімдеріміз кейінгі ұрпаққа сақталмаған. Мүсілім осы олқылықтың орнын толтырып отырғаны біз үшін үлкен мақтаныш.
Киімнің негізгі түрлері:
- Бас киім
- Сырт киім
- Шалбар
- Аяқ киім
Бас киім ұлттық киімдердің мәнерлі де ерекше бөлігі болып саналады, олардан халқымыздың эстетикалық талғамын аңғарамыз. Бас киімдерге сәукеле, бөрік, тымақ, кимешек, қалпақ, жаулық, тақия жатады. Сәукелені қыз ұзатылған кезде киетін бас киімі. Сәукеленің құны бұрынғы заманда бір үйір жылқының құнымен бағаланған. Қымбат асыл тастармен әсемдеп, төбесіне үкі тағып сәндеген. Жаулықты келін болып түскенде тағады. Кимешекті екі-үш балалы болғанда кие бастайды. Кимешек адамның шашын, мойнын жасырып тұрады. Кимешек бір жағынан тазалықтың, этикалық және эстетикалық талаптарға сай келетін бас киімдердің бірі болып табылады. Кимешекті қымбат жіптермен кестелеген. Қызыл түсті жіппен кестелеген кимешекті күйеу барлар киген, ал болмашы ғана байқалып тұратын ақ жіппен кестелеген кимешекті жесір келіншектер киген.
Қазақ халқы қандай киім дайындаса да ою - өрнексіз елестете алмаймыз.
Өнертанушы В. Чепелев:Қазақтар тек ою - өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты, - деп жазған еді. Шынында да қазақ тұрмысында ою - өрнектің араласпайтын жері жоқ. Оюлар, өрнектер тіл - көзден, пәле - жаладан, ауру - сырқаудан сақтап тұрады. Қазақтың ою және өрнек деген екі сөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді.
Ою - өрнек сөздерінің мағынасы бір нәрсені ойып, кесіп, қиып алап немесе екі затты оя кесіп қиюластырып, біріктіре жасау, бір заттың бетіне ойып бедер түсіру. Қазақтар бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, мүйіз тектес ою өрнекке қосылатын барлық қошқар мүйіз өрнектерді ою дейді. Ал өрнек дегеніміз - әртүрлі ою, бедер бейне, күйдіріп, жалатып, бояп, қалыптап, үлгімен істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы. Қазақ халқы үй жиhаздарына да ою -өрнектерді қолданған. Ағаштың бетіне қолдан ою ойып, оны бояп ерекше бұйым дайындап шығарған.
“Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек ”- дейді халық даналығы. Киім адам өміріндегі басты қажеттіліктердің бірі. Осыған орай, киімнің атқаратын қызметтері де бірнешеу.
Киім қызметтері:
а) қорғау қызметі (табиғаттың қолайсыз жағдайларынан : ысықтан, суықтан, жауын шашыннан қорғау) ;
б) ақпараттық қызметі (адамның қоғамдық және кәсіптік қызметінің ерекше белгісін байқатады) ;
в) эстетикалық қызмет (киім адам қмір сүрген тарихи кезеңнің ерекшелігін ғана емес, жекебас тұлғалық ерекшеліктерін аңғартады) .
Киім тобы: тұрмыстық, өндірістік, спорттық.
Тұрмыстық киімдер - нақты жағдайда қолданылуына байланысты былайша бөлінуі мүмкін: күнделікті киетін, салтанатқа киетін, үй киімі және т. б.
Өндірістік киімдер - класы атқаратын қызметтеріне қарай үш класс тармағына бөлінеді: арнайы киімдер; ведомствалық (формалық) киімдер; технологиялық (санитарлық - гигиеналық) киімдер.
Спорттық киімдер - спорт түрлеріне қарай класс тармақтарына, жыныс ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінеді.
Киімнің әр бөлігі мақта матадан, зығырдан, жүннен, жібектен, аралас немесе синтетикалық маталар мен материалдаран, әртүрлі талшықтық құрамнан жасалады. Киімнің былайша топтастырылуы мата бойынша топтастырып жіктеу деп аталады. Қазақ халқының ұлттық киімдері ата - бабаларымыздың өнері мен дарыны нәтижесінде өмірге келген. Киім үлгілерінен халық өмірінің бейнесі, қолөнер деңгейі, әсемдік мұрат - мақсаттары айқын байқалады.
Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат -ғұрып киімдері болған.
Күнделікті киімдерге қарағанда, салтанатты киімдер еркін пішімді болып келеді. Салтанатты киімдерді тігу үшін барқыт, жібек, паша сияқты маталар мен бағалы аң терілерін қолданған. Күнделікті киімдерді қарапайым маталардан тіккен. Әйелдердің ұлттық киімдері әртүрлі болып келеді. Олардың түрпішіні, сұлбасы, пішімі, түстік шешімі әйелдің жасына байланысты. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі негізінен көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар:қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері.
Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, жаға - жеңі кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келеді. Келіншектер ашық маталардан, бүрмелермен әшекейлі кестеленген көйлектерді кимейтін. Бірақ жас келіншектерге көйлек сыртынан көкірекшені киюге рұхсат етілген. Қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі -кимешек. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын “шықшыт” деп атайды.
Кимешектің алдын “жақ” дейді. Белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы “құйрықша” деп аталады. Кимешек әйелдердің шашын шаң тозаңнан сақтап, қобырап тұрмауына септігін тигізеді.
Қыста әйелдер киіміне сырылған астарлығы бар, барқыттан тігілген шапан және аң терісі салынған жұрынды бас киім бөрік, орамал, жылы етік қосылатын.
Қазақтарда баскиімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлер мен әйелдердің баскиімдері әртүрлілігімен ерекшеленеді. ХIХғасыр ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін төмендегідей түрге бөледі:
- Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім баскиім тақия;
- Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім - төбетай;
- Киізден тігілген бас киім - қалпақ;
- Қалың матадан тігілген башлық (күләпара) ;
- Тері қапталған жылы баскиім - бөрік;
- Ақ терісінен жасалып, суықта киетін баскиім - тымақ;
Қалпақ-ақ киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлер баскиімі. Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында таңертеңгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесін, суық өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын-шашында пана, сәнді де сәулетті бас киім.
Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді. Қойдың ақ жүнінен, ақ қозының күзем жүнінен, көбіне ешкінің ақ түбітінен қосып басқан шымыр жұқа ақ киізден тігеді.
Ол негізгі бөліктен құралады. Олар қалпақтың төбесі және етегі (кейде қайырмасы) деп аталады. Төрт сайдан тұратын қалпақтың сайларының төбесі күмбез тәрізді болады. Қалпақтың етегін жоғарғы бөліктің етегіне сызық салып қондырады. Қайырма етегі мен төбесн түрлі түсті жібек матамен тыстаған немесе ою-өрнек салған түрлері де кездеседі. Төбеден төгілдіре шашақты маржан тағылады. Кейде қайырма етегінің алды - арты жырық келеді. Көбіне жиегіндегі қайырмасы қара, қызыл, күрең түсті барқытпен әдіптеледі. Қалпақтың сайлары ұлттық ою - өрнектермен әшекейленіп, төбесіне салбырап тұратын шашақ тағылады.
Қалпақты дайындау:
Қалпақ ақ жүннен жұқалап шымыр басылған киізден жасалады. Іріктелген ақ жүнді жуып, шайырынан тазартқан соң, түтеді де, қылшықтарынан арылтады. Содан кейін кішкене шидің үстіне тегістеп жаймалап, киіз басатын әдіспен ширатып пісіреді. Еш жеріне кір жұқтырмайды. Пісіріп алған соң таза суға шайқайды. Киіздің көлемі бір қалпақтық мөлшерден аспайды. Сонда киіз әрі тығыз, әрі таза шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz