Ясауи дүниетану жағынан сопылық бағытта



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
I-тарау. Қожа Ахмет Ясауи
1.1 Қ.А.Ясауидің өмірбаяны
1.2 Қ.А.Ясауидің сопылық ағымы
II-тарау. Дерек көзі ретінде
2.1 Қ.А.Ясауидің еңбектері Диуани хикмет
2.2 Қ.А.Ясауидің кесенесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Ханизидің Жеваһирул-Әбрар-мин Әмважил-Биһар атты кітабында Ахмет Ясауидің туған жері толық таратылып былайша жинақталды: Ахмет Ясауи Түркістан өлкесіндегі Ақсу уезіне қарайтын және Ақсудан 176 шақырым қашықтықтағы солтүстік шығысында орналасқан Сайрам қаласында туған. Ахмет Ясауидің қай жылы туылғаны анық белгілі болмаса да, өмір сүрген уақыты шамамен X ғасырдың (Хижра жыл санауы бойынша) орта тұсына сәйкес келеді деп жорамалдай аламыз. Ахметтің әкесі Шайық Ибраһим Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған, ол ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді бір деректерде Қарашаш делінеді) үйленген және одан Гауһар Шаһназ есімді қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген. Өз аты - Ахмет, есімінің алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы Иасауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ, нақтылық үшін айтсақ, Иасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда, Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Йасауи - өз заманының өкілі. Оның өскен ортасы, тәлім-тәрбиесі ислам діні болып, діни-философиялық дүниетанымы ислам аясындағы сопылық ілім негізінде қалыптасты. Сопылық идеялар ислам дінінің мазмұнын әр халықтың өзіндік болмысымен, тұрмыс-салтымен үндестіруді уағыздады, ортақ мүдделерді біріктіре отырып, оларды мұсылмандық жолға бағыттады. Яғни, сопылық ілімде мұсылман діні жергілікті халықтардың дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, сенім-нанымдарын, бұрыннан қалыптасқан діндерін жатсынбай өз бойына сіңіре отырып, оларды бұқара халыққа мұсылмандық қалыпта ұсынып отырды. Осындай діни философияның бір мектебін қалаған Қожа Ахмет Йасауи сопылық ілімнің түркілік дәстүріне алғаш жол салды. Йасауи салған сопылықтың түркілік дәстүрі түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дініндегі аскетизмін ұштастырды, сөйтіп, ежелгі салт-жораларға мұсылмандық сипаттар берілді: киім үлгілері, бақсылық сарнау мәнерімен айтылатын зікірлер (яғни зікірлер айту кезінде бақсылар бұрынғы бақсылық кереметтерін, әуен, қимыл-әрекеттерін қолдана береді), құрбандық шалудағы жергілікті әдет-ғұрыптың сақталуы (мысалы, күннің жаууы үшін тәңірден жауын сұрап, құрбандық шалу,т.б.). Мақсаты:Қожа Ахмет Ясауидің сопылық жолын ұрпаққа адамгершілік,тәрбиелік ретінде үлгі ету. Дерек көздеріне негізделіп жазылған материалдарды пайдалану барысында тақырыпты нақтылай түсу.Тақырыпты өз деңгейінде аша білу. Тақырыпты зерттеудің міндеттері:Қ.А.Ясауидің сопылық ағымын ұрпаққа саналы түрде жеткізу.
Құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тараушалардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың зерттеу нышаны:Қожа Ахмет Ясауи және оның еңбектері мен кесенесі.
Зерттеу кезеңдері:
1. Мәліметтер жинау және деректерді қорыту.
2. Қ.А.Ясауидің сопылық ағымын зерттеу,монографияларды оқу.
3. Жобаның жазылуы,слайд-таныстырудың жасалуы.
Әдістемелік негіз.Тарихи принциптерді қолдану,объективтілік тұрғыда жасау,танып-білу әдісі.
Нәтижелер тәжірибелік негіз береді:Тарих сабағында көрнекілік ретінде қолдануға болатын:мәліметтер,фотосуреттер,құж аттар,слайдтар,
Деректік негіз.
А.Ясауи. Диуани хикмет. Алматы. 1993 жыл.
Иасауи Қ.А. Хикмет жинақ. Алматы: ЖШС Жалын, 1998.
Қазақтар. ІІ том. Тарихи тұлғалар. - Алматы: Білік, 2003.

I-тарау. Қожа Ахмет Ясауи
1.1 Қ.А.Ясауидің өмірбаяны
Ахмет Ясауи Түркістан өлкесіндегі Ақсу уезіне қарайтын және Ақсудан 176 шақырым қашықтықтағы солтүстік шығысында орналасқан Сайрам қаласында туған. Ахмет Ясауидің қай жылы туылғаны анық белгілі болмаса да, өмір сүрген уақыты шамамен X ғасырдың (Хижра жыл санауы бойынша) орта тұсына сәйкес келеді деп жорамалдай аламыз. Ахметтің әкесі Шайық Ибраһим Сайрамның ең атақты ғұламаларының бірі болған, ол ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді бір деректерде Қарашаш делінеді) үйленген және одан Гауһар Шаһназ есімді қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген. Өз аты - Ахмет, есімінің алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы Иасауи ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ, нақтылық үшін айтсақ, Иасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда, Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфаһан, Бағдад шаһарларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Ата-анасы баласын Бұхарадағы медресеге оқуға жіберген. Жастайынан әкесінен айырылған Ясауи Бұхарада Жүсіп Хамаданидің мүриді болады. Осымен оның білім алуы тамамдалып, сопылықтың ақиқатты тану жолынаүйрету хұқығына рұқсат - иршад алып Ясы қаласына келеді. Ақынның туған жылы дәл айқын емес, ал 1166 жылы қайтыс болған. Зерек баланы атақты сопы Арыстан Баб өзіне шәкірттікке алады.Арыстан Баб дүниеден өткен соң, ол Бұхара қаласына барып, Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқиды. Мұны тамамдаған соң, біраз жыл сонда (Хамадани қайтыс болған соң) қалып, медресені басқарады. Бұдан соң ол сопылық жолдың ащы-тұщысын да татып, хақ дидарына ғашық болған ғаріптерімен көптеген қалаларды аралайды.Тағы бір деректе жас Ахметтің зеректігі мен алғырлығына қызыққан бір ғалым Иранға алып келіп оқытқан деген де сөз бар. Шығыстың дін орталықтары мен ірі-ірі қалаларын, тұрмысы мен кәсіп тіршілігін көзбен көрген жас жігіт өзінің білімі мен түсінік танымын кеңейтеді, өмірге деген өз көзқарастарын қалыптастырады.Ахмет он алты жасында-ақ болашақ ақын шығыс поэзиясын, әдебиетін, фәлсафасын жетік меңгереді. Он жеті жасқа толған соң, ақын туған жері Түркістанға оралады. Он жеті жасынан бастап өзі өлең жаза бастайды. Өз жырларын Шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шайырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі - түркі тілінде жазған. Ахмет ел ішінде әділдігімен де аты шыққан адам. Қожа Ахмет Иасауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент қаласында жерленген. Ал екінші ұлын аңыздарға қарағанда, Сүйір деген егін еккен ел қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты - Жамал, екіншісі - Гауһар. Гауһардың күйеуі - Әли қожа. Осылардан тараған Иасауи әулеті екі жүзге жетсе керек. Академик В.А.Гордиевскийдің жазуына қарағанда, Қожа Ахмет Иасауидің ұрпақтары Заравшан өңірінің Жабу, Тоғайкөл, Тоқшы деген қыстақтарында тұрып, өздерін қожамыз деп санайтын әулеттен ғана қыз алысып,қ ыз беріскен көрінеді. 1.2 Қ.А.Ясауидің сопылық ағымы Біз Ахмет Ясауидің алғашқы сопылық тәрбиені әкесі Ибраһим мен анасы Қарашаш Анадан алды деп білеміз.Ясауи мәдениеті тұрғысынан Ибраһим шайх қаншалықты маңызды болса, Қарашаш Ана да соншалықты маңызды.Әзрет Сұлтанның бойындағы құпия күшті оятуғасебеп болған жеті жасында Ясауиді тапқан Арыстан Баб болатын. Арыстан Баб Ясауиге болмыстың ең тұңғиығынан сүзіп алынған Мұхаммедтің Құттыхикметінен үлес береді.Оның хикметтерінде Арыстан Баб туралы жиі кездеседі. Бұдан да Арыстан Бабтың Ясауиге деген ықпалының қуатты болғандығын көруімізге болады. Ол Арыстан Бабтың тәрбиесінде хәл ілімінің тәлімін алып, кейінгі пірлерінен де діннің сыртқы ақиқатын үйренген тәрізді. Яғни, қал, мантық,калам және т.б.ғылымдарын ұлы фахреддин Разиден, сопылық ілімді де Жүсіп Хамаданиден алған.Ахмет Ясауидың сопылық дүниетанымының ерекшелігі мен өскен ортасын түсіну үшін оның хикметтеріне үңілу керек. Оның хикметтерінен Ясауи жолының бастауын тікелей Қасиетті Құран мен Алланың елшісі Хз. Мұхаммедтің хадистерінен алғандығын көреміз. ОЛ алғашқы хикметтерінде-ақ "Талитерге дүр мен жаухар шаштым міне" деп, Құран мен хадистің мәнін ақтарған. Арыстан Баба - Қожа Ахмет Ясауиге Хз.Мұхаммедтің аманатын тапсырушы ұстазы. "Хақ Мұстафаның аманаты"-Аллаға барар жолдың бағыты анықтайтын негізгі қуат көзі.Зиннун Мысри да Ислам сопылық дүниетанымындағы ең атақты суфилердің бірі.Хикметтерде "Хақ жолында болды Зиннун Мысри" деп Йасауи атамыз оны танытып өткен.Маруф Кархи бұл да сопылықтағы ең мәшхүр әулиелердің бірі. "Маруф сияқты бұл жолдарға қадам бассаң", -деген хикметтерде , ол ірі ұстаздардың қатарында айтылады. Маруф өз әкесін мұсылмандыққа шақырған адам. 815 жылы Бағдатта қайтыс болған.Ибрахим Етхемнің Аты хикметтерде Жиі кездеседі. Балхтың сұлтанының баласы болатын. Тағын, байлығын тастап Алла Жолына түсті. Бұл да сопылық тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі. 782 жылы қайтыс болған.Ясауидің өмірі мен шығармашылығы VIII-XIII ғ.ғ. аралығында Мұсылмандық Ренессанстың (қайта өрлеу) шағылған сәулесі (Н.Конрад) деп аталған ерекше кезеңде өтті. Үнді және Орталық Азия әлемінде бұл көрсетілген кезеңінде әдебиет пен ғылымның, мәдениет пен өнердің, философиялық ой-пікірдің дамуына тікілей әсер еткен ақыл ой төңкерісі болды. Мұсылмандық Ренессанс атақты ақын, ғалым, философ, ойшыл Рудаки, Әл-Фараби, Фирдоуси, Ибн Сина, Баласағұн,А.Ясауи,Омар Хайям, Махмұт Қашқари, Ахмет Югнеки сынды даналар тобын берді. Аталғандар ішінде Ясауидің алатын орны айрықша. Ясауи дүниетану жағынан сопылық бағытта. Ахмет Яссауидің ашқан және аштырған теккелері, жетілдірген мүридтері мен алып ерендері арқылы Орта Азиада және Волга жагалауындағы кең өлкеде өмір сүрген, түріктер арасында бірлікті, турік ислам гасавпуф әдебі мен негіздерін уйретуде "бірлік бар жерде тірлік бар" екенін дәлелдеген. Ахмет Яссауи, адамды жетістікке жеткізу мақсаты.мен иршадтарын, сөздерін, пікірлсрін ислам дінінің негіздерін және өзі кұрған тарикаттың әдебі мен рүкіндерін үйрету мақсатында халық әдебиетінің алып, буын өлшемімен таза, халықтың өз тілі түрік тілінде өлең жолдарын жазған. Йасауи өзінің сопылық ілімін түркі тілінде жүргізді. Құран тілі, яғни, араб тілі Алла Тағала белгілеген тіл деп, сондықтан ислам дінін тек осы тіл арқылы ғана тануға болады деген догманы (бұлжымас қағиданы) жақтаушыларға қарсы тұра білген Ахмет Йасауи сопылық әдебиетті түркі тілінде жазып таратты. Ахмет Йасауи айтуында, дүние жүзін жаратушы Алла тілдердің әр түрлі болуын да жаратқан. Сондықтан Алла құдіретін мойындауда тілдердің әр түрлі екенін, мойындау керек. Адам қай тілде Алламен сөйлессе де адал көңілден, ақ ниеттен шыққан сөз өзінің мұсылмандық мәнін жоймайды. Сондықтан ислам дінінің мазмұнын түркі тілінде айту күпірлік емес, қайта Хаққа бастар жолбасшының парызы деп түсіндіреді. Өркениетті ірі ұлттар қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларында елеулі жетістікке жеткен.Мәселен,ағылшындар - экономикада,ежелгі гректер - эстетикада, римдіктер - заң саласында, еврей мен арабтар - дінде, француздар - әдебиетте, немістер - музыкада ерекше көріне білген. Ал түркі тарихына назар аударар болсақ, ол басынан аяғына дейін гуманизм мен парасаттылық үлгісімен сипатталған. Міне, сондықтан да болар Ясауи үшін адамгершілік пен имандылық идеяларын іздеу, адамды жетілдірудің жолдарын табу негізгі мақсат болған.Құдайды, яғни Ақиқатты тану негізінен этикалық акт деп атауға болады. Ясауидің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дүниетанымының негізінде де этикалық идеялар жатыр. Оның пікірінше, кез-келген саяси және қоғамдық қызмет имандылық, әділеттік, даналық, мейірімділік тағы басқа сияқты моральдық-адамгершілік принциптерге негізделуі тиіс. Ясауидің мораль мен сопылықты біртұтас етіп қарастыру идеясы парсы сопысы Фарид ад-дин Аттаридың Сопылық - бұл адамгершіліктің бір түрі деген қағидасымен сәйкес келіп тұр.Ахмет Ясауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей әсерін байкаймыз. "Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.Ахмет Ясауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Ясауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді. Сопылықтың ықпалын, Ясауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз.Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.Ахмет Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің "Диуани хикмет" ("Даналық кітабы") еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың XII ғ. сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені, "Диуани хикмет" - оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген деген болжам бар.

II-тарау. Дерек көзі ретінде
2.1 Қ.А.Ясауидің еңбектері Диуани хикмет
Түркі әдебиеті дүниеге әкелген шығармалар арасында Диуани хикметтің көп жағынан алғанда үлкен мәні бар: 1) Ахмет Ясауи ХІІl ғасырда қайтыс болғандықтан, бұл шығарма Ислам Түркі әдебиетінің Құтадғу Біліктен кейінгі ең ескі үлгісі болып табылады. Тілдік және әдеби шығармалар, туындалар өте аз болған дәуірге жататын мұндай шығармалардың тілі жағынан болсын, әдебиет тарихы тұрғасынан болсын құнды болуы өте табиғи нәрсе.
2) Ескі халық әдебиетінің көптеген элементтерін ала отырып ислам рухын сол элементтер арқылы, яғни екі ұлттық түрлер, пішіндер мен ырғақтар арқылы жеткізген алғашқы шығармалар болу тұрғысынан да Диуани хикметті сопылық түркі әдебиетінің ең ескі және ең маңызды жәдігері деп есептеуіміз керек. Міне,Диуани хикметті осы тұрғыдан алғанда ертеден бері шығыстанушылардың назарын аударып келген және қазірге дейін жеткілікті зертелмегенімен бөлек-бөлек, жеке дара кейбір зерттеулер жүргізілген, тіпті кейбіреулері болса жарияланып, батыс тілдеріне аударылған. Ясауидің басты еңбегі Диуани хикметті рухани және гуманистік бағытта жазылған Ясауи хикметтерінің және өз басының түркілерге кеңінен танымал болу себебі - ол ұстамдылыққа және өзін-өзі жетілдіруге шақыратын құнды этикалық идеялар көтереді.Қапалы жанды көрсең, бол сен оның елшісі, Мен мойынсұнбайтындардың белгісін табуға тырыстым, Еліктесең-пайғамбарға (елікте), жетімдерді ұмытпа т.б. Ахмет Ясауи шығармалары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани мұра екені бәрімізге мәлім. Тарихтан бізге белгілі, ислам дініндегі сопылық ағым VII -- VIII ғасырлардан басталады."Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат" -- дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес. Ақын мүны өз өлеңінде былай деп өрнектейді:
... Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым, Шариғатсыз тарихатқа уталмадым, Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым, Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар. ... Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым, Шариғатсыз тариқатка өте алмадым, Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым, Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар...
Ахмет Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің "Диуани хикмет" ("Даналық кітабы") еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың XII ғ. сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені, "Диуани хикмет" - оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген деген болжам бар.
Қожа Ахмет Йасауи 63 жасқа келгенде қылует (қылует - арабша оңашалану деген сөз, жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке дара өмір сүру арқылы бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, сөйтіп, Хаққа жақын болудың бір түрі ретінде Йасауидің өзі енгізген амалы болып табылады) жасап, жер астынан жай тұрғызып, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған. Йасауи бұл қолжазбаны 63-73 жас аралығында жазғаны, сөйтіп, өзінің өмір бойы жинап, жазып жүрген ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсіргені туралы пікір ақиқатқа жақын. Барлығы 149 хикмет-жыр, ғалымдар оның 70-тен астамын ақынның өзінікі, басқасын шәкірттері кейін қосқан дейді.
Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады. Біріншісі - сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған уағыз - насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады. Ал екінші тобы - ақын өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары. Бұл жинақты бір жағынан, философ Йасауидің дүние танымының мазмұнын баяндаған және екінші жағынан, сопылық ілімнің әдеби нұсқасын берген өлең-жырлар деп, ұстаздың шәкірттеріне, болашақ ізбасарларына, оқушыларына арнаған сөзі деуге болады:
Бісміллә деп баян етіп хикмет айтып, Тәліптерге дүр уа гауһар шаштым, міне, - Ақын өз шығармаларында, әсіресе, ислам дінін таратушы, уағыздаушы, шариғат сөзін сөйлеуші, сақтаушы болуға міндетті ишан, молда, мүпти, сопы, дәруіш сияқты дінбасыларды қоғамдық сана-сезімнің алдыңғы өкілі ретінде қарастырып, олардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының, адамгершілік қасиеттерінің рухани биіктікте көрінуін талап етеді. Сондықтан да қоғам қаймағы, рухани жалауы болған сол топтың азғындыққа түсуі - заман азғындауының себепшісі екенін айтады. 2.2 Қ.А.Ясауидің кесенесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген Ахмет Ясауи сәулет ғимараты.Ғимарат әлемге аты мәшһұр қолбасшы Әмір-Темір көрегеннің пәрменімен салынған. XIV ғасыр тудырған ғаламаттардың бірі - Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи ескерткіші. Бір ғұлама кісі түс көріп жатқанда Ахмет Иассауи аян беріпті: Сенің шәкірттеріңнің ішінде дінді қатты сыйлайтын әрі келешекте ел билеуші болатын бір бала бар- депті. Мен оны қалай білемін?- дегенде: Балалардың бәрін жинап алып, торғайдың балапанын алдыр, оны ешкімге көрсетпей өлтір деп бүйыр, сонда білесің,- депті. Ертесіне медресеге келген ұстаз қырық шәкіртін жинап алып: Барлығың барып, бір-бір шымшықтың балапанын әкеліңдер, - деп бұйырады. Балалар жүгіріп кетіп, бір кезде бір-бір балапаннан алып келеді. Ұстаз оларға: Енді осы балапандарды ешкім көрмейтін жерге апарып, бәрін өлтірін келіңдер,- деп бүйырады. Барлығы қайта жүгіріп кетеді де, ешкім көрмейдіау деген жерге барып, балапандардың мойындарын бұрап жұлып, ұстаздарының айтқандарын орындайды. Ішінде бір бала ғана балапанды өлтірмей қайта әкеледі. Сен неге өлтірмедің? деген сүраққа, Ешкімге көрсетпе дедіңіз ғой, ешкім көрмегенмен, құдай көрін тұр,өлтіре алмадым - деп жауап беріпті. Сонда ұстаз келешек ел билеушінің осы екенін білген екен. Ұстазы оған ерекше көңіл бөліп жүріпті.
Күндердің күнінде Ақсақ Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастаған кезінде, Ахмет Иассауи түсінде аян беріпті. Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің әруағым сені демеп жүреді, - деген. Сонда Ақсақ Темір: Мен сені қайдан табамын? - дегенде, Жолды мен өзім көрсетіп отырамын,- деген екен. Сонымен, Ақсақ Темір бел байлап, Қожа Ахметті іздеп шығыпты. Ұзақ жүріп, Түркістан шаһарына келгенде түсінде аян беріп, жатқан жерін айтады. Таңертең ертерек барып қараса, шынында да, кішкене ғана мазарат тұр екен. Құран оқып, ертесіне іс бастапты. Кешке дейін біраз дуал қалап қойған екен, таңертең барса, бұзылып жатқанын көреді. Басына қарауыл қояды. Таң алдында үйықтап кетіп, кімнің бұзғанын білмей қала береді. Болмаған соң үшінші күні өзі барады. Таң алдында үйқы қысады, үйқыға бой алдыра берген соң қолын қанжармен тіліп жіберіп, үйықтамау үшін тұз сеуіп қояды. Сонымен, бір кезде караса, үлкен көк өгіз келіп, дуалды майқандап жатыр екен. Не істерін білмеген Ақсақ Темір ойланып қалады. Түсінде Қожа Ахмет тағы да аян беріп, былай депті: Ол көк өгіз Арыстан Бабтың аруағы, соған қапаланып бұзып тастап жатыр. Ол менің ұстазым, сен оның аруағын аттап өттің, сол үшін алдымен оның басына ғимарат тұрғыз. Содан соң маған қайта келерсің,- депті. Мен оны калай табамын? - дегенде, Мен өзім жол сілтеп отырамын - деп жауап береді. Сонымен, ерте тұрып, Отырарға бет алады. Кешке сонда жетіп ұйықтап жатқанда, түсінде аян беріп, жатқан жерін көрсетеді. Таң ата басына барып, Құран оқып, құрылысты салуға кіріседі. Басталған құрылыс ойдағыдай аяқталған соң, демалып жатқанда және түсінде аян беріп: Міне, енді сәті болды, енді менің басыма ғимаратыңды салдыра бер,- дейді. Сонымен Түрікстанға қайта келіп, Қожа Ахмет мешітін (кесенесін) салуды бастаған екен. Бірақ құрылыс жұмыстары жақсы жүріп жатқанда, Самарқанда басқа бір қауырт жұмыс шығып, құрылыс салып жатқан ұста сол жаққа кетіп,көптеген себептермен қайта оралмаған-ды. Содан ғимарат құрылысы толық бітпей калады. Сол кезден бастап Ақсақ Темір жорыққа шығар кезінде үнемі Түркістанға келіп, Ахмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи
Қожа Ахмет Ясауидың үш маңызды аймағы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев философиясындағы Алла мен адам арақатынасы
Қ. Жұбанов - Яссауйтанушы ғалым
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
АХМЕТ ЯСАУИ ІЛІМІ ЖӘНЕ СҰЛТАН ВЕЛЕД ДҮНИЕТАНЫМЫ
Қазақ жерінде ислам діні
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Тасаууф ілімі
Пәндер