Оқушылардың өздігінен дербес бақылауы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ
ҰЛТТЫҚ БАС КИІМДІ ТІГУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Түркістан 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедрасының меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ҰЛТТЫҚ БАС КИІМДІ ТІГУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ
5В012000 «Кәсіптік оқыту»мамандығы
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Түркістан 2015
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ . . . 7
1 Жоғары сынып оқушыларын технология пәнін оқыту арқылы жаңа инновациялық технологияларды қолданудың теориялық негіздері
1. 1Ұлттық бас киімдер туралы мәлімет . . . 10
1. 2 «Әдіс» ұғымы және оның оқу үдерісіндегі рөлі . . . 24
1. 3 Технология пәнін оқыту да қолданылатын инновациялық технологиялардың сипаттамасы . . . 36
2 Технология сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері
2. 1 5-9 сынып оқушыларына жаңа нақыштағы тақия тігудіңнегізгі ерекшеліктері . . . 46
2. 2 Технология сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері . . . 60
2. 3 Технология сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың жолдары . . . 66
3 Тақия тігу технологиясы және экономикалық мәлімет
3. 1. Өзбек әйелінің ұлттық бас киім үлгісін тігуге қажетті материалдар және мата түрлеріне сипаттама . . . 72
3. 2. Өзбек әйелінің ұлттық бас киімінің сызбасын сызу және модельдеу . . . 77
3. 3. Өзбек әйелінің ұлттық бас киімі және көйлегін өзіндік құнын есептеу . . . 90
Қорытынды . . . 93
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 95
Қосымшалар . . . 98
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Өзгерістер мен толықтыруларымен
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
АНЫҚТАМАЛАР
1. Әдіс - гректің «metodos» - белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары
2. Әдіс - білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа
жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін
тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс - әрекетінің бір жолы.
3. Оқыту әдістері деп оқу - тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс - әрекеттерінің тәсілдері.
4. Әдістеме - әдістер жиынтығы
5. Іс - әрекет - бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.
6. Интерактивтi сөзi - ағылшын тiлiнен аударғанда, inter - аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi.
Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер - оның бөлігі ғана»
Инновация (латын сөзі іn - в, nous - жаңа ) жаңа, жаңалық, жаңарту
«Модуль» - бір жүйенің ажыратылатын, өзінше дербес бөлігі
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО -жоғары оқу орны
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
БОТ -Бағдарламаластырылған оқу технологиясы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазіргі кезде әлемдегі жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі ізгілендіру үдерістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да нақтылуда. Өйткені бүгінгі ғылыми техникалық прогрестің дамуна орай техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу - тәрбие орындарының іс - әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардын сөзсіз арта түсуіне алып келді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: "Білім беру жүйесінің басты міңдеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; . . . оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді деп атап өтілген [1] .
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүгінде бүқіл дүниежүзілік білім әлеміне ену мақсатында қазіргі кезде Қазақстан Республикасында берілетін білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен катар жүргізілуде. Ендеше елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес мемлекет алғанымызға бүгінгі күн 20 жылдан асты, бұл үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде өркениентті ел ретіндетанымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтікжағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару - Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы - ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі - жас ұрпағымызды лайықты тәрбиелей отырып, сапалы білім беру қажеттіліг туындайды [2] .
Сондай-ақ қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім - оқушы арасындағы қарым-
қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Қазақ халқының ұлттық киімдері - этникалық, экономикалық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сәнімен, осындай сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақтың ұлттық киімдеріне қарап-ақ қазақтардың қандай халық болғанын айтқызбай немесе өзін көрмей білуге болады. Ұлттық киімдеріміз ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек халық болғанын көрсетер еді.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың географиялық, ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ, қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М. Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекшеленді. Ұлттық киімді тігу мәселелер мынадай еңбектерде орын тапқан: «Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы», «Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық», «Қазақ тіліндегі киім атауларының мәдени-танымдық уәжділігі», «Қауырсын жыға қадаған. Баскиім кию дәстүрі кімдерден басталады?», «Ўзбек миллий бош кийимлари, ХIХ-ХХ асрлар», «Очерки по истории ремесла в Самарканде и Бухаре в ХVI веке», «Анъанавий узбек кийимлари» [3; 4; 5; 6; 7; 8; 9] .
Мектеп -тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп, жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген озық тәжірибелі мұғалімдер аз емес. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді іс жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үдерістерді бір жүйеге келтіріп оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудыруда.
Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі деп түсіндіреді [10] .
Инновациялық үдерісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші
бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық
жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы В. П. Беспалько, К. Ангеловски,
Ш. Т. Таубаева, В. Д. Лушников, Г. П. Щедровицкий, И. А. Романова,
С. А. Смирнов, А. Пригожин, В. Розин, А. М. Воронин,
В. И. 3агвязинский, А. Г. Пинский, С. Д. Поляков, Ю. К. Бабанский,
Е. Комраков пен А., Черняковская және т. б. зерттеулерінде қарастырылған
[11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 24; 24] .
Бірақ, бұл еңбектерде мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың және оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың педагогикалық жүйелері ғылыми тұрғыда кеңінен қарастырылып жеке мәселе ретінде зерттелмегендігі байқалады. Осы мәселе төңірегіндегі білім беру жүйесін және оның құрамының өзгеруін қажет ететін "ескі" мен "жаңаның" арасындағы әлеуметтік педагогикалық қайшылықтарын және педагогикалық қауымның оқу-тәрбие барысында жаңаны игерудегі мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады.
Осы қарама-қайшылықтарды талдау арқылы біз инновациялық іс-әрекеттің педагогикалық негіздерінің мәнін теориялық түрғыдан талдай біліп, кез-келген мектеп мұғалімдерінің бұл үдеріске дайын болуды қажет етеді. Сондықтан біз зерттеп отырған диплом жұмысының мақсатына орай оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді Технология пәнін өту барысында пайдаланудың жолдарын қарастырып, көтеріліп отырған мәселенің көкейкестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды "Ұлттық бас киімді тігуде инновациялық технологиялар арқылы үйрету жолдары
" деп таңдап алуға себепші болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - технология сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
а) 5-9 сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне
және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау
жасау.
ә) технология пәнінде оқушылардың оқу белсенділіктерін дамыту үшін оқытудың жаңаша педагогикалық технологияларының ең тиімді түрлеріне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының әдістері - мектеп мұғалімдерінің құжаттарына талдау, оларды жинақтау, іздену, бақылау, оқушы іс-әрекеттерін зерттеу, сауалнама жүргізу, тест т. б.
Зерттеу жұмысының нысаны - Мектептің оқу- тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні -5-9 сынып оқушыларының оқу белсенділіктері мен іскерлік қабілеттерін технология пәнінде дамыту.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ұлттық бас киімдер туралы мәілмет
Бізге белгілі ерте заманнан бері дамып келе жатқан бай қазыналардың бірі - қолөнер. Киім тігу - қол өнердің басты бір саласы болып табылады. Әр ұлттың ұлттық киімдерінің ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде ұлт тарихының қайталанбас көрінісі болады . Сол ұлттық киімдерінің бір түрі - баскиім. Халық киімдерінің ең мәнерлісі де, ең өзгешесі де ежелден әйел бас киімдері деп саналған.
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді: қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б.
Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр баса. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік (құлақшын), қалпақ, шалма, шыткүлапара (башлық), жалбағай. Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, күндік, шаршы, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, бергек т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал қатипа тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.
Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап «аһ» ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған.
Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір белек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе мәриден, елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.
Жекей тымақ - жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақты айтады. Жекей - сәнді деген сөз. Жекей тымақты дүрия, шағи сияқты жібек маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түріп, кейде алдыңғы бір жақ құлағын алға келтіре әнтек шекеге салып киетін. Бөрік ті де әр түрлі үлгіде қозы, қой, түрлі аң терілерінен тігеді. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде жұмыр етіліп жасалады. Ал оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген түрмесі үлкен бөрік киеді. Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері Орал, Гурьев жағында жиі кездеседі. Жетісу, Семей, Өскемен жағында жалпақ және биік түрмелі үлгілері көп.
Бұрын ақын, әнші, сауыққой салдар мен өнерпаз жастар өте сәнді тігілген шошақ төбелі құндыз бөрікке үкі тағып киетін.
Тақия ның да үлгілері мен атаулары көп. Етегі аласа, төбесі төрт сай болып келетін кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте көбірек кездессе, аласа етекті, төбесі киіз үй сияқты тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, етегі биік тақия мен тостаған сияқты қаптама тақиялар кіші жүзге тән.
Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «атерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, қолмен «таңдай», ирек», «қабырға» тігістерімен әдеміленіп сырылады. Кейде ақилардың дәл төбесінде сол матаның өзінен істеген түіртпек шошағы болады. Оған бозбалалар, салдар, күйеулер ашақ, үкі, күлте, шоқ тағып сәндеп киеді.
Әйелдердің бас киімдері де бірнеше түрге белінеді. Олар: тақия, бөрік, орамал, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, желек, шәлі, бергек, қарқара және т. б. Қазақ ғұрпында ердің де, әйелдің де бас киімсіз жалаңбас жүруі ерсі саналған. Әсіресе әйелдер жалаңбас жүрмейтін.
Сәукеле әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісіде күрделісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлер киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін.
Сәукеленің негізі - оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Содан кейін төбені кестелеген, шет-шетіне құндыз жұрын ұстаған немесе алтын, күміс оқамен зерлеген тыспен тыстайды. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің төбесінде алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы болады. Тізілген моншақты, асыл матадан, ақ жібектен жүргізген желекті осы қатырғыға бекітеді. Мұны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты құстың бірер тал қауырсынын тігінен қыстырып бекітіп қояды, оны қарқара дейді. Сәукеленің арт құлағы шашқап тәрізді белге дейін жетеді. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін. Оның темірмен, шынжыр тормен қапталған, әсем түрлері көп. Бұларды «жыға» деп атаған.
Кимешек - қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.
Суреттерде: Кимешек күндігімен - 1, 2; Кимешектің әртүрлі үлгілері - 3-14; Дина Нұрпейісованың кімешегі - 15; Нұғиның кимешегі - 16.
Орама кимешек - кимешектің кең тараған түрі ғана емес, ең көне тұрпаты да. Тұтас матаның төменгі бұрышы дөңгеленіп кесіледі де, жоғарғы бұрышы әйелдің бет-пішініне орай ойылып тасталады. Төбе жағына кейде тігіс түсуі де мүмкін.
Казақстанның көп жерінде бұл кимешек трапециялық, не төбесі шолақ үшбұрыш түрінде пішіліп, жоғарғы жағы бетке киілетіндей етіп ойылады. Кимешектің артқы ұшы ұзын келеді, кейде өкшеге жетеді. Қазақстанның шығыс өңірінде кимешек қысқа болып, алдыңғы бұрышы қиылған төрт гүл келеді. Бұл кимешектер құрама матадан жасалып, құлақ жағына шаршы қиықтар тігіледі.
Сырдарияның сағасын мекендеген қазак әйелдерінің арасында бүрмелі кимешек кең тараған. Бүрмелі кимешектің бет жағы шаршы келіп, төменгі ұзын ұшы омырауға түсіп, төбесі жинақтала келе түйіліп, кейде-кейде оның үстіне бөрікше киіледі.
Оңтүстік өңірдің әйелдері матаны ұзыннан екіге бүктеп жартылай кесіп, оны қайта жалғай тігіп, тігісін арқасының суағар тұсына келтіреді.
Жетісу келіншектерінің кимешектерінің үлгілері де аса мол, байлау үлгілері де ерекше көз тартады.
Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, ағыл, ақық, шырымтал, меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, алеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою-орнексіз болмаған.
Кимешектің егде және қартаң тартқан әйелдер киетін қарапайым түрлерін шылауыш, күндік деп атайды. Аса қарт бәйбішелер шалма да киетін.
Әйелдердің ақ матадан жасаған бас киімінің жалпы атауы - ақ жаулық. Ақ жаулық апаларымыздың ақ ниетінің, иманжүзділігінің, кіршіксіз, адам табынарлық мөлдір мінезінің де белгісі еді.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім баскиім - тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім - төбетей.
3. Киізден тігілген бас киім - қалпақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара) .
5. Тері қапталған жылы баскиім - бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім - тымақ.
Тақия - шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.
Қалпақ - ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ - екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән - салтанатқа киеді.
Тымақ - аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Кесте 1 - Қазақ бас киімдерінің түрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz