Балалар жиһазын дайындау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Аннотация

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Белглеулер мен қысқартулар . . . 5

Кіріспе . . . 6

1 Болашақ кәсіби мамандарды жиһаз жасау өнеріне баулудың теориялық негіздері . . . 8

1. 1 Болашақ кәсіби мамандарының іскерлік қабілетін дамытудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері . . . 8

1. 2 Жиһаз түрлері және оларға күтім жасау . . . 15

1. 3 Жиһаз өндірісінің даму динамикасы . . . 19

1. 4Білім беру мекемелерінің жиһаздарына қойылатын негізгі талаптары . . . 23

2 Болашақ кәсіби мамандарын жиһаз жасау шеберлігіне баулудың әдістемесі . . . 29

2. 1 Балалар орындығының түрлері және олардың негізгі өлшемдері . . . 29

2. 2 Кәсіптік мектеп оқушыларын жиһаз өндірісі және жиһаздарды дайындау талаптары тақырыбын оқыту . . . 35

  1. Орындық және үстел дайындаудың әдіс-тәсілдері . . . 41

3 Балалар жиһазын дайындау . . . 45

  1. Балалар жиһазының түрлері . . . 45
  2. Балалар орындығы мен үстел үлгілерін құрастыру технологиясы . . . 52
  3. Балалар жиһазын дайындаудың экономикалық есебі . . . 58

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62

Қосымшалар . . . 64

АННОТАЦИЯ

При выполнении дипломной работы рассматривались пути обучения мастерству будущих профессиональных специалистов, развитие интересов школьников при обработке мебельных изделий и художественной обработки древесины.

Учащимся средних школ рекомендуют пути выполнения разных видов раскладных стульев, направленные содержанием и рисунками путем обработки древесины.

Стул - мебельное изделие для сидения одного человека, с твёрдой спинкой и твёрдым сиденьем, с высотой сиденья, функционально удобной при соотношении его с высотой стола. Основные части стула - сиденье и спинка, в типичном стуле сиденье опирается на четыре ножки, иногда в конструкцию стула входят подлокотники. Спинка может иметь незаполненный промежуток до сиденья или выполняться на всю высоту, без промежутка. Также промежуток между спинкой и сиденьем может быть заполнен декоративным элементом.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:

  • Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында және Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға білімді жетілдірудің Мемлекеттік бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  • Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
  • УЕ - ХҚТУ - 015 - 2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
  • УЕ - ХҚТУ - 027 - 2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы.

Дифференция - столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық.

Балалар бөлмесі - сәби көп уақытын өткізетін орын.

Конфирмат - АЖТ, МДФ материалдарынан жасалынған жиһаздарға арналған бұрама шеге.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті;

ОТ - оқыту технологиясы.

АЖТ - ағаш жоңқалы тақтай

ҚР - Қазақсан Республикасы

МДФ - ағаш жоңқаларын жоғары температурада құрғақтай

престеу арқылы жасалынатын материал

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі. Республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі-әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның, оның экономикасы мен білімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Аталған міндеттерді шешу Ел президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында және Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға білімді жетілдірудің Мемлекеттік бағдарламасында айқын көрініс тапқан.

Бағдарламада кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымын өзгертіп дайындалатын мамандарды стандарттау жүйесі ұсыныстарына сәйкестендіру көзделген. Бұл шаралар іс жүзінде асқанда білімді басқарудың тиімді жүйесі құрылып, кәсіби шараларды өздігінен творчествалық тұрғыдан шеше алатын бәсекеге сәйкес мамандар даярланып, тұлғаның кәсіби бәсекелестігін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Осы міндеттерді орындаудың бірден бір жолы-еліміздің білім мекемелеріне, оның ішінде кәсіптік мектептерге тек арнайы білім берумен ғана шектелмей, түлектерге кәсіби жағынан жылдам бейімделу дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан бүгінгі үдемелі дамып отырған қоғамдағы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселесінің бірі - болашақ кәсіби мамандарды даярлау ісінде бүгінгі қоғамның талаптарын орындай білуге бағыттау. Ол үшін бірінші кезекте кәсіби мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жұмыстарын түбірімен жаңарту. Мектептен беріле бастайтын еңбек тәрбиесіне баса көңіл аудару, оларды еңбекпен байланыстыру арқылы кез келген мекеме орындарында жұмыс істей білетін жан-жақты да қабілетті мамандар даярлау.

Осы орайда әрбір жас буын ең алдымен өз білімін өз еңбегімен жеке басына ғана емес, қоғамға да пайда келтіретін азамат ретінде өзін саналы түрде түсіне білу керек.

Сондықтан да мектеп қабырғасынан балаға білім ғана беріп қоймай, олардың болашаққа өз ұстанымын дұрыс бағытта қалыптастыра алатын олардың оқу белсенділіктерін ары қарай дамыту. Болашақ кәсіби мамандарды даярлауда бірінші кезекте, мектеп оқушыларының мамандық туралы таным-түсінігін толыққанды қалыптастыру. Ол үшін, әуелі жалпы жоғары сынып оқушыларының оқу белсенділіктерін қалыптастырумен бірге еңбектік іс әрекеттерін қалыптастыруда және оларды жан-жақты үйлесімді дамуында мектептегі еңбек тәрбиесінің маңызы зор болып саналады.

Бүгінгі қоғам талаптап отырған білім беру жүйесіндегі үдемелі өзгерістер, әсіресе кәсіптік білім беру мазмұнының түбегейлі өзгертілуі. Өйткені, бүгінгі қоғамның жұмысшылар тобын құрайтын кәсіптік техникалық колледждер мен кәсіптік техникалық лицейлер болып саналады.

ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 жетоқсанында «Қазақстан-2030» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халыққа Жолдауында «Кәсіптік техникалық білім беру» саласына аса зор мән берілген болатындығын педагог өз еңбегінде атап кеткен [1] . Осы орайда бүгінгі таңда еліміз аумағында орналасқан барлық кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде оң өң өзгерістер орын алуда. Жалпы білім беретін орта мектептердің түлектеріне жан-жақты талаптар қойылып, болашақ мамандық иесі болуға алдын ала кәсіби бағдар жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Мектеп оқушыларының еңбектік іскерлік қабілетін дамытуда «Технология» пәнінің алатын орны ерекше. Технология пәнінде мектеп оқушылары еңбектің алғашқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой - өрісі, сана-сезімдері және олардың пәнге деген қызығушылықтары арта түсіп іскерлік қабілеттері артып отырады.

Сондықтан технология сабақтарында оқушылардың іскерлік қабілетін дамытуда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі технология сабағы дегенмен өз дәрежесінде өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұсынылған оқулықтарымыздың бүгінгі таңда олардың сабаққа деген оқу белсенділіктері мен бірге іскерлік қабілеттерін дамыта түсетін оқу-әдістемелік құралдардың жоқтың қасы. Біз айтып отырған талаптардың орындалмауынан бүгінгі күні біршама қарама-қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы осы мәселелердің шешімін табу мақсатында ұсынылған оқу-әдістемелік құралдарға талдау жасап, өз ұсыныстарымызды жасауға «Балалар жиһазын дайындауда болашақ мамандардың іскерлік қабілеттерін қалыптастыру» деп таңдап алуға себепші болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты - болашақ кәсіби мамандарды даярлауда мектеп оқушыларының іскерлік қабілетіттерін дамытудың психологиялық ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.

Зерттеу жұмысының нысанасы - кәсіби мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары мен мектептің оқу тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні - жоғары сынып оқушыларының оқу белсенділіктері мен іскерлік қабілеттерін техология пәнінде дамыту.

Зерттеу жұмысының міндеттері :

а) Жоғары оқу орындарында даярланатын болашақ кәсіби мамандарды жиһаз жасау өнерінде кәсіби даярлаудың психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.

ә) Болашақ мамандарды мектепте өтілетін технология пәнінде оқушылардың іскерлік қабілеттілігін дамыту үшін оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау жасау.

Зерттеу жұмысының әдістері - талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, сауалнама жүргізу, тест т. б.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Болашақ кәсіби мамандарды жиһаз жасау өнеріне баулудың теориялық негіздері

1. 1 Болашақ кәсіби мамандарының іскерлік қабілетін дамытудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « . . . білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап көрсеткен [2] .

Яғни, «жаңа» қоғамда «жаңа» сапалы маман керек. Мұндай мамандарды қалыптастыру бүгінгі заманның білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндеті. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры білім беру саласында еселі қызмет атқарып отырған, барлық ұстаздармен кәсіби мектеп мұғалімдерінің еңбегіне тікелей байланысты. Өйткені кәсіптік мектептерде белгілі бір жұмысшы мамандығына бағыт-бағдар беру жұмыстары атқарылады. Ол үшін кәсіптік Мектеп ұстаздарымен оқу шеберлерінің өз қызметінде шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен өз қызметінің мәнін тереңінен түсіне алуы-басты шарт.

Қайбір мамандықтың қыр сырын жетік меңгеру үшін ең алдымен кәсіби мектепте берілетін білім негіздеріне байланысты болып келеді. Сондықтан бүгінгі қоғам талаптарына сай қызмет атқарып отырған кәсіптік мектепте қызмет атқаратын ұстаздар еңбегін ерекше атап өтпеске болмайды. Біз зерттеп отырған тақырып төңірегі, болашақ мамандарды кәсіби мектептерде даярлау. Кәсіптік мектептерде көбінде мектеп бағдарламасындағы пәндер жүргізіледі. Сондықтан да көбінде оқушылардың іскерлік, белсенділік қабілеттері туралы тереңінен зерттелген.

Мұғалім қызметінің негізгі мәні-оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үдерістерді басқаруды шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса да, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ деп түсіндіреді [3] .

Жалпы, оқушылардың оқу белсенділігі мен бірге іскерлік қабілетін дамытуда бірінші кезекте мотивациялық компанентерді жүзеге асыратын оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдану және білім алуға өз бетінше ізденуін, оқушылардың бағдарлық іс-әрекеттерін қалыптастыруын Ресейдің педагог ғалымдары И. Я. Лернер, А. М. Матюшкина, М. И. Махмутов, В. Оконов өз еңбектерінде кеңінен қарастырған [4] .

Баланың бойында даму процесі өмір бойы жүріп отырады, сол даму процесінде баланың оқу белсенділігі арқылы іскерлік қабілеттері артып отырады. Балалар бастауыш сынып кезінде-ақ өмір процесіндегі шындықты, болмыстағы құбылыстар мен заттарды анықтап білуге, адамзаттың тарихи тәжірибесін менгеруге талпынады. Ал, балалардың әр нәрсені білуге құмартуынан таным ынтасы оянатындығы мәлім. Осы жаста балалар қарым-қатынас шеберлігі кеңеюінің маңызы артады. Оқушылар бойындағы өзгерістер мұғалімдерден оқу тәрбие жұмысын нақты мақсатқа бағытталуды талап етеді. Оқу белсенділіктің негізгі жетекші түрі оқу болғандықтан, оқу арқылы олардың іскерлік қабілеттері арқылы таным процесі яғни қабылдау, қиял, ес, зейін, ойлау қабілеттері дамиды.

Педагог ғалым Сабит Бабаевтың «Жалпы педагогика» атты оқу құралында «іскерлік», «қабілеттілік» - оқушының оқып-үйренуге бағытталған қатынасы, оның құрлымдық элементтері 1) оқу тапсырмаларын орындауға әрдайым дайын болу; 2) дербес іс-әрекетке құлшыныс; 3) тапсырма орындауға саналық; 4) оқу жүйелілігі; 5) білім деңгейін көтеруге қызығу; - деп түсініктеме береді [5] .

Балалардың оқуға деген қатынасын мұғалімдер әдетте олардың іскерлік қабілеттлігімен сипаттайды. Демек, іскерлік қабілеттілік оқушылардың іс-әрекет аясына ену дәрежесімен анықталады.

Іскерлік құрлымын біз жоғары да атап өткен бірліктерден тұратынын анықтадық. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік қабілеттілігі өзара байланысты: іскерлілі күшті оқушылар, әдетте, дербес жұмыс істеуге қабілетті келеді. Адам бойындағы белсенділікті арттырудағы басты мақсат- оқушылардың оқуға деген құштарлығына нәр беріп, оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру. Педагогикалық тәжірибелерде іскерлік қабілетті арттырудың әртүрлі жолдары пайдаланылады. Олардың ішінде оқытудың әртүрлі формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, оларды әрқилы жағдайлардың туындауына сәйкес бір-бірімен ұштастырылып, оқушылардың белсенділігімен іскерлік қабілеттлігіне де дем беру. Сабақ жағдайларында оқушылардың іскерлік қабілеттілігін арттыруға келесі әрекеттер тиімді болып саналынады:

- өз ой-пікірін қорғай білуі;

- сыныптастары мен пікірсайыстарға қатысып өз пікірін айта білуі;

- жолдастарының жауаптарына сын пікір білдіре алуы;

- үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсете білуі;

Ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру ісіндегі өзгерістер елімізде өтіп жатқан реформалармен ғылыми техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде ену мақсатында Қазақстан Республикасында білім берудің жаңаша жүйесі құрылып өз нәтижелерін беруде. Аталған өзгерістер оқу-тәрбие үрдісіндегі болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметін жаңаша қаруды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың оқу белсенділіктері арқылы іскерлік қабілеттілігін дамытуды және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуда үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педогогтар ертеден-ақ өз үлестерін қоса білді. Мысалы, М. Данилов пен Б. Есимовтың «Дидактика» кітабында «Оқыту әдістері оқушылардың оқып-үйренушілерге көмектесу тәсілдері, осы тәсіл арқылы таным күштерін дамытады» деп жазған[6] .

Авторлар әдістерді ғылыми және дидактикалық деп топтай келе, педагогикалық дидактикалық әдістер психологиялық басымдық көрсететін көзқарас деп тұжырымдайды. Кез-келген құбылыс элементі сияқты оқыту әдісінің субъективті және объективті бөлімі бар. Ресей халқының ағарту ісінің білгір қайраткері К. Д. Ушинский «Ана тілін» оқытуға басшылық еңбегінде, В. А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде, В. Ф. Шаталов, Н. А. Менчинская, П. П. Блонский, Я. А. Пономаров т. б өздерінің еңбектерінде атап көрсетеді. [ 7]

Қазақ халқының тұнғыш ағартушысы Ы. Алтынсариннің «Таңдамалы педагогика мұралары» және М. Жұмабаев өзінің «Педагогика», Қ. Бержанов, Т. Сабыров «Оқыту теориясының негіздері» т. б еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында оқу белсенділігін дамытудың маңыздылығына көп тоқталады. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктері мен үнемі санасып отыру мектеппен мұғалімдердің жауапты да құрметті міндеті деп түсіндіреді. Сондықтан бірінші кезекте, мектеп мұғалімдері алдын ала оқытудың әдістеме негіздерін жан-жақты менгерумен қатар мектеп жасындағы балалардың жасына сәйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас жеткіншектердің қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылуда.

Әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асырылады. Қоршаған дүниені білу танымдыққа байланысты. Таным-адам санасының дамуының негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруді де үйренеді.

Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары, философияның негізгі мәселесі - рухани материалдарға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түрлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективті қатынастарды қалыптастыру. Сондықтан Аристотель: «Сыртқы дүние заттары алғашқы, көзқарастармен, танымдық белсенділігін іскерлік қабілеттері арқылы қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.

Таным-философиялық ұғым, «Айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі». Қоршаған дүние, объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды анықтай түседі. Адам баласы танымдық белсенділік арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты, құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп толық емес, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап өзгертеді, екінші зат ендіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді. Демек, мектептегі оқу үдерісі оқушылардың оқу белсенділігін іскерлік қабілеттері арқылы арттырып, шығармашылық әрекетін дамуына жол ашады.

Оқу белсенділігі мен іскерлік қабілеттілік- оқушылардың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құмарлығының ерекше көрінісі. Оқу белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асса, өзіне тапсырылған жұмыстың нәтижелі болуы үшін іскерлік қабілеттілік аса қажет. Оқушылардың өздігінен білім алуы өз еркімен жұмыс істеуді талап етеді. Оқушылардың оқу-таным қабілеттлігін арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы мен өздігімен білім алу әрекеті.

Білімді игеру барысында оқушыда кездесетін қиындықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекетінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білулері керек. Мұндай іс-әрекеттер өзіндік жұмыстар арқылы іске асырылып отырады.

Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі, және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Оқушының оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру, ұзақ әрі жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады. [8]

Мектеп оқушыларының жан-дүниесінің біртұтас бейнесін қалыптастырудағы пән аралық байланыс арқылы оқу белсенділігін зерттеуде мына еңбектердің мәні зор: оның ішінде оқу әрекетінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастыруға Ю. К. Бабанский, Т. И. Шамова, М. М. Левина, И. Я. Лернер т. б. өз үлестерін қосты.

И. Я. Лернер оқу белсенділік пен танымдық, ізденімпаздылық ұғымдарының ара қатынасы жөнінде бұған қарама-қарсы пікірді ұсынады. Мәселен, Б. П. Есипов: «Белсенділік шәкірт ақыл-ойының ізденімпаздығының белгілі бір дәрежесін көрсетеді», - дейді [9] .

Б. П. Есиповтың пікірімен дауласа келіп, ол белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың дейді, сөйтіп белсенділік, ізденімпаздылық шартына жатқызамыз. Бұл ұғымдарды ажыратудағы қиындық тек танымдық іздемпаздық ұғымын ғана емес, сонымен бірге танымдық белсенділік ұғымында түрліше түсіндірудің орын алып отырғанына байланысты. Бір қатар авторлар танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырады, бірақ жеке тұлғаның ерекше қасиеті ұғымының мазмұнын ашып көрсетпейді.

Аталған ғалымдардың еңбектерінде бұл көзқарастарға талдау жасай келе, Т. И Шамова оларды бір-бірінен бөліп-жарып қарауға болмайтынын атап көрсетті, сөйтіп, қомақты талдау материалында танымдық белсенділік ұғымының мәнін тек оларды диалектикалық бірлікте пайдаланғанда ғана түсінуге болатынын көрсетеді. «Біз танымдылық белсенділікті шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жәй ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға белсенділік сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа оқушының белсенділік мазмұны мен процесіне көзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу-танымдылық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады» - деп атап көрсетеді [10] .

Жоғарыда аттары аталып кеткен педагог ғалымдардың оқушылардың танымдық әрекеттері мен іс әрекеттік белсенділіктері, қабілеттері туралы сөз еткенде, диплом жұмысымыздың негізгі тақырыбының өзектілігіде басты назардан тыс қалмаған. Өйткені, мектепте өтілетін технология сабағында оқушылардың іс-әректтері мен іскерлік қабілеттілігін арттыруда еңбек тәрбиесінің маңызы зор деп айтуымызға болады.

Мектеп оқушыларының еңбекке қызығушылықтары жайдан - жай артып отырмайды. Бұл жерде, әрбір мұғалімнің жеке үлесімен бірге мектептің технология пәнінің мұғалімдерінің өзіндік ерекшеліктері бір басқа. Пән мұғалімдері, әрбір баланың еңбекке қатынасын, қызғушылықтарын, жеке даралығын тереңінен зерттеу арқылы анықтай алмаса, баланы сабаққа қызықтыру оңайға түспейді. Сондықтан, мектеп оқушыларының әрбір сабақ үстінде еңбек ету қарқынын еселей түсу үшін, баланың танымдық түсінігін жан-жақты қалыптастыра білу пән мұғалімнің педагикалық шеберлігіне байланысты болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысы туралы
Өнеркәсіп және энергетика
Стандарттың негізі - баланың әлеуметтік және отбасылық тәрбиесін оңтайлы үйлестіру идеясы
Сьёторгет балабақшасының интерьері
Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Бизнес-жоспар кеңселік жиһазды жасау цехын құру
Білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына ағаш өңдеу технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру
Пирамидалық қарым-қатынас арқылы қазақ тілін меңгертудің интерактивті тәсілдері
Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және оның даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz