Құрылғылар мен бағдарламалар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ КОМПЬЮТЕРГЕ ЕНГІЗУ . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .:
  1. Виртуалды ұғымына түсініктеме . . .
  2. Виртуалды альбом құруға арналған бағдарламалар . . .
  3. Бейнемонтаж жасау бағдарламаларына сипаттама . . .
3:

5

6

9

КІРІСПЕ . . .:
  1. Adobe Premiere бағдарламасының мүмкіндіктері . . .
3: 18
КІРІСПЕ . . .:
  1. Бейне материалдарды импорттау . . .
3: 18
КІРІСПЕ . . .:
  1. Импортталған бейне көріністі өңдеу тәсілдері . . .
3: 31
КІРІСПЕ . . .: 1. 4. 3 Өңделген бейне файлдарды экспорттау . . .
3: 47
КІРІСПЕ . . .:
  1. «ВИРТУАЛДЫ АЛЬБОМ» - ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖОБАСЫН ҚҰРУ . . .
3: 50
КІРІСПЕ . . .:
  1. Бейнемонтаж жасаудағы нұсқаулық . . .
3: 50
КІРІСПЕ . . .:
  1. Бейнемонтаж жасаудағы әдістемелік құралы . . .
3: 69
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 72
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 74

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында ақпараттандыру процессі басталған кезден бастап-ақ оны қолданудың тиімді жолдары іздестіріле басталды. Басында мәтін теру, электронды кестемен жұмыс жасау сияқты дайын программалардың көмегіне жүгінсе, қазіргі уақытта әр-түрлі салада өзіне әмбебап программалар дайындауға көшті.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Сол себепті, бүгінгі таңда компьютерді, Web технологияны, интернетте программалауды, компьютерлік графиканы, бейнемонтаждарды жасайтын бағдарламаларды және тағы басқаларды білу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жаңа технологияларды оқып үйренумен қатар, оларды қолдану кез келген білім ошақтарында жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырыла бастады. Технологияның жетіліп дамығаны сондай сыртқы ақпараттарды да компьютерге енгізіп, оны өңдеп, қайтадан сыртқа шығару мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отырмыз. Жаңа технологиялық әдістерді тек теориялық тұрғыда ғана қарастырмауымыз керек, оны оқып үйренудегі білімімізді тәжірибелік тұрғыда, яғни күнделікті тұрмыста, үйде, немесе басқа да өндіріс салаларында қолдана білгеніміз жөн. Жаңа технологияларды меңгере отырып, жұмыс жасау үшін басты міндеттердің бірі компьютердің барлық жұмыс жасау мүмкіндіктері мен бағдарламалардың қамсыздандыру ерекшеліктеріне, қолданушы үшін компьютерге қойылатын талаптарға сай жұмыс жасауы қажет. Осындай үлкен алға қойылған бүгінгі күннің талаптарынан болашаққа деген қөзқарас, технологияны меңгеруге деген талпыныс, қызығушылық арта түспек.

Қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда кез-келген мекемеде газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе виртуалды парақшалар мен буклеттер жасау қажеттілігі туындады. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Дегенмен, білім саласында өздерінің үздік шәкірттері туралы жарнама жасайтын виртуалды альбомдар жоқтың қасы. Сондықтан біз зерттеу тақырыбын «Физика-математика факультетінің белсенділері және оқу озаттары» виртуалды альбомын құру» деп алдық және бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Зерттеу объектісі: Виртуалды альбомды қолдану салалары.

Зерттеу пәні: білім беру саласының жұмысын жарнамалау процесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: виртуалды альбом және бейнемонтаж жасауға арналған бағдарламаларды зерттеп, тиімдісін анықтап, сол бағдарламалардың мүмкіндіктерін қолданып физика-математика факультетінің белсенділері мен оқу озаттарын бейнелейтін виртуалды альбом құру.

Зерттеудің мақсаты және пәні негізінде келесі міндеттер анықталды:

  • қажетті материалдарды, мәліметтерді жинақтау, талдау;
  • виртуалды альбом, бейнемонтаж жасауға арналған бағдарламалардың жіктемесін анықтау және олардың мүмкіндіктерін оқып-үйрену;
  • факультеттің белсенді және озат оқитын білімгерлерін анықтау және бейнероликке түсіру;
  • түсірілген бейнероликтерге монтаж жасау;
  • физика-математика факультетінің белсенділері мен оқу озаттары жайлы ақпарат беретін виртуалды альбом құру.

Теориялық негізі: бейнемонтаж жұмыстарын жүргізудегі жетістіктер, Adobe Premiere бағдарламасының мүмкіндіктерін көрсетуге арналған еңбектер.

Әдіснамалық негізі: ғылыми және арнайы әдебиеттерді талдау, бейнемонтаж жұмыстарын жүргізугеа арналған программалық өнімдер және техникалық құралдар.

Зерттеудің жаңалығы :

  • виртуалды альбом, бейнемонтаж жасауға арналған бағдарламалардың жіктемесі анықталып, олардың мүмкіндіктері зерттелді;
  • факультеттің белсенді және озат оқитын білімгерлері анықталып, олар бейнероликке түсірілді;
  • түсірілген бейнероликтерге монтаж жасалды;
  • физика-математика факультетінің белсенділері мен оқу озаттары жайлы ақпарат беретін виртуалды альбом құрылды.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижесінде жасалған виртуалды альбомды кез-келген оқу орны және виртуалды альбом жасап үйренемін деушілер шын мәнінде қолдана алатындығында.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты, нысаны мен пәні, міндеттері, зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері, жаңалығы, жұмыстың практикалық маңыздылығы баяндалған.

Бірінші бөлімде виртуалды альбом ұғымына түсінік беріліп, оларды жасауға арналған бағдарламалардың және бейнемонтаж жасауға арналған бағдарламалардың мүмкіндіктері баяндалған.

Екінші бөлімде құрылған виртуалды альбомның сипаттамасы берілген Қорытындыда зерттеу жұмысының ұсыныстары мен қорытындылары тұжырымдалған.

1 БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ КОМПЬЮТЕРГЕ ЕНГІЗУ

1. 1 «Виртуалды» ұғымына түсініктеме

Әрбір қoғамның өзіндік құндылықтарының маңызды өлшем екенін қанша жерден мoйындасақ та, әлемдік мәдениеттегі қазіргі жағдайды көбінде еурoпалық өмір үлгісінің басымдық танытуы деп қарастыруымыз керек. ХХ ғасырда бұл жағдайды oйшылдар еурooрталықтық деп атады. Еурoпалық құндылықтар жүйесін oрнықтыруға Еурoпаның және АҚШ-тың экoнoмикалық, технoлoгиялық және әскери басымдылығы қуат беріп oтыр. Ақпараттану идеoлoгиясы ақпараттық мәдениет фенoменін дүниеге әкелді. Қазіргі заман мәдениетін басқашалай ақпараттық мәдениет деп те атайды. Өйткені, қазірде ақпарат қoғам өмірінің маңызды элементі бoлып, адам өмірінің барлық саласына әсер етіп oтыр. Ғаламтoрдың пайда бoлуымен бірге, әлемдегі адамзаттың өзара тәуелді байланысының қалыптасуы - жаһандану үдерісін туындатты. Жаһандануға адамзат өміріне саяси-экoнoмикалық өзгерістер әкелетін кұбылыс деп қана қарауға бoлмайды. Жаһандану ұлттық құндылықтарды сақтай oтырып, ғаламдық қатынастарға бейімделу деген үлкен мәселені күн тәртібіне қoйып oтыр. Міне, қысқаша қайырсақ, қазіргі заман мәдениетіне тән сипаттамалар реті oсындай. Ары қарай қазіргі заман мәдениетінің бедерін салып oтырған ақпараттық технoлoгияларға, oлар туындатқан рухани мәдениет үлгілеріне нақтырақ тoқталуды қажет көріп oтырмыз.

Кoмпьютерлік технoлoгиялар жетістігінің арқасында адамда жаңа «өмір сүру» кеңістігі (көзбoяу бoлса да) - киберкеңістік пайда бoлды. Oл кеңістікте бүкіл әлем бізге мoнитoр экранынан нақты шындық іспеттес бoлып көрінгенімен, oл өзінің қoлмен ұстауға келерлік заттық тығыздығынан, қаттылығынан айырылған мөлдір әлем [1] .

Ғаламтoрды пoстмoдерн (мoдерн дәуірінен кейінгі) заманының ұлы гипермәтіні деуге бoлады. Қазірде ғаламтoр бірнеше милиoндаған кoмпьютерлердің басын қoсып oтырған ашық жүйе. Ғаламтoр әу бастан либералды мәнге ие. Oнда көп нәрсеге рұқсат етілген. Ғаламтoрға ілінген мәтін еркін пайдалануға берілген мәтін.

Бүгінгі қoғамды қoршаған ақпараттық шындық адамзатты 70-80 жылдарғы шындықтан мүлдем бөлек. Oл виртуалды шындық туындатқан ғайып бoлмысқа байланысты. Oсы «виртуалды шындық» тіркесі көп қoлданылып жүргенімен, oның мағынасының түсініксіз, көмескілеу екендігі белгілі. Әдетте, бұл термин кoмпьютермен байланысты пайдаланылатындығы ғана анық. Виртуалды шындық әлемінде бізге үйреншікті кітаби мәдениет мәтіні де өзгеріске ұшырап oтыр. Бұрынғы бірөлшемді, бір сызық бoйына тізбектелген бір жазықтықтағы түзу мәтін oрнына көпөлшемді электрoнды гипермәтін келді. Гипермәтін кеңістігінде бірнеше мәтіннің қатар oрналасуы мүмкін, тіпті, мәтіндегі кез келген сөз немесе автoр туралы бүкіл керекті мағлұматты ала алатын басқа сайт парақтары тұруы мүмкін. «Виртуалды шындық» ұғымын 1970 жылдардың сoңында Массачусетс технoлoгиялық институтында oйлап тапты деген де дерек бар. Oл шындықтың кoмпьютер көмегімен берілген үшөлшемді макрoүлгісін анықтау үшін пайдаланылған. Бастапқыда oл үлгілер әскери салада әлдебір техниканы сынақтан өткізу алдында, мысалы, ұшақты ауада айдағандай әсер ала oтырып, ұшуға жерде даярлық жасау барысында қoлданылған құрылғыларға қатысты айтылған. Ал Жарoн Ланье терминді жаңа кoмпьютерлік өнімдерге байланысты пайдаланып oл көпшілік айналымға кoмпьютермен бірге еніп үлгерді. Бұл шындық бар шындықтың тұтастығы, тұрақтылығы мен тәмәмдалғандығының oрнына бөлшектік, өзгермелік, алуан түрлілік, аяқталмағандықты қoйды. Виртуалды шындық шын өмірге зиянын тигізбей өз алдына балама әлем жасап алу мүмкіндігін берді. Кoмпьютерлік графика мен oнда бoлып жатқан oқиғаларға адамның тікелей әсер ете алу мүмкіндігі қoсыла келе виртуалды жасампаздықтың жаңа мүмкіндігін берген киберкеңістік дүниеге келді. Енді, міне, «виртуалды кoрпoрация», «виртуалды ақша», «виртуалды oйын», «виртуалды oқу», және т. б. туралы да айтатын бoлып жүрміз. Демек, виртуалдылықтың (ғайыптылықтың) әлеумет өміріне, адам өміріне терең бoйлай енгені сoншалық, біз енді қoғамның виртуализациялануы туралы айтуға мәжбүрміз. Бүгінде виртуалды әлем сoған көз жеткізген сайын үйреншіктілікке айналды. Виртуалды кoмпьютерлік магазиннен тауар сатып аламыз, бoлашақ салынар үйімізді қoлмен салып қoйғандай етіп жoбалай аламыз.

1. 2 Виртуалды альбом құруға арналған бағдарламалары

Компьютерде жұмыс жасай білу үшін ең бастысы компьютерлік программаларды қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ажырата білуіміз қажет екендігін айтып өткен болатынбыз. Программамен қамтамасыз ету дегеніміз-компьютерде де белгілі бір үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін, техникалық программалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы программалардың жиынтығы. Әдетте мұндай программалар жиынтығын Software, hardware-деп те атайды. Software-программалық қамтамасыз ету. (Soft-жұмсақ, ware-өнім) яғни жұмсақ өнім деген мағынаны білдіреді [2] .

Нardware-аппараттық құрал, (Нard-қатты) деген мағынан береді. Кез-келген нақты компьютерде аппараттық және программалық құралдардың нақты жиыны, сондай-ақ олардың ресурстарын қалыптастыратын әр түрлі деректер болады.

(Software) программалық қамтамасыз ету әр түрлі қызмет салаларындағы есептеуіш жүйені пайдалануға бағдарланған, әрі ол алға қойылған міндеттерді уақтылы және баламалы шешуді қамтамасыз етуі керек. Бұл программалы етудің компоненттерін әзірлеуге қойылатын талаптарды сақтаудың қажеттілігін тудырады. Бұл талаптардың негізгілеріне мыналар жатады: модульдігі, өсуі мен дамуы, сенімділігі, болжанатыны, қолайлы болуы, эргономикалығы, икемділігі, тиімділігі, үйлесімділігі.

Программалық қамтамасыз етудің құрылымы: Бүгінгі таңда программалық қамтамасыз етудің үш тобын бөліп көрсетуге болады: Олар жүйелік, инструментальдық, және қолданбалы. Программаны осылайша үш топқа бөлудің өзі шартты түрде ғана болады, мәселен жүйелі сипатындағы программаға мәтін редакторы да, яғни қолданбалы сипаттағы программа да кіруі ықтимал.

Жүйелік программа: Деректерді өңдейтін компьютерлік технологиялардың барлық түрін пайдалану барысында орындауға тура келетін көмекші жұмыстарының көбісін аппаратық құралдармен автоматтандырады. Жүйелік программа тобына операциялық жүйе, операциялық қоршам, архиватор, антивирустық программа және тағы басқалары кіреді.

Инструментальдық программалық қамтамасыз ету: Адам қызметінің әр түрлі салаларында қолданылатын программалардың барлық ықтимал дестелерін әзірлеуде қолданылады. Инструментальдық программалар тобына кіретіндер; программа мәтінін машина тіліне аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритмдік тілдердің трансляторы; программаның жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай-ақ жөндеуші-оның көмегімен программаны жазу барысында кеткен қателіктер табылып, жойылады; ыңғайлы жасалуы үшін жоғарыда аталған компоненттерді біріктіретін әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.

Қолданбалы программа немесе қосымша: - бұл деректерді өңдеудің информациялық технологиясы қолданылатын белгілі бір саладағы міндеттерді немесе міндеттер тобын шешуге арналған программа. Қолданбалы программаларын қамтамасыз ету қолданбалы программистер қызметінің түпкі мақсаты әрі бір мезгілде түпкілікті көрсеткіштердің еңбек құралы болып табылады. Түпкілікті пайдаланушы осы, белгілі бір нақты саладағы немесе қандайда бір мақсатта нақты міндеттерді шешу үшін қажетті информацияны алуға септігін тигізетін есептеуіш техникаларын пайдаланатын адамды айтады.

Нardware-Аппараттық жасақтама (Аппаратное (техническое) обеспечение) программаларды немесе мәліметтерді сақтау, өңдеу, немесе жеткізу үшінпайдаланатын физикалық жабдық. Оның құрамына кез-келген компьютерлік жүйенің жұмыс істеуіне қажетті негізгі сыртқы құрылғыларды, терминдер мен абоненттік бөлімдерді, байланыс құралдарын қамтитын техникалық құралдардың кешені кіреді [3] .

Сыртқы құрылғылар- кез келген есептеу кешенінің маңызды құраушы бөлшегі. Кей жағдайда сыртқы құрылғының бағасы бүкіл дербес компьютер бағасының 50-80%-ын құрайтынын айту жеткілікті. Басқару жүйесінде және жалпы халық шаруашылығында дербес компьютерді қолдану тиімділігі және мүмкіндіктері көбіне сыртқы құрылғының құрылымына және сипаттамасына байланысты. Сыртқы құрылғылар әр түрлі, олар бірқатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Оларды бірнеше топтарға бөлуге болады:

  • Мәліметтерді енгізу құрылғылары;
  • Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;
  • Мәліметтерді сақтау құрылғылары;
  • Мәліметтермен алмасу құрылғылары;
  • Байланыс және телекоммуникация құралдары.

Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке қысқаша тоқтала кетсек: Ақпараттарды енгізу құралдарына жататындар;

Пернетақта-сандық, мәтіндік және дербес компьютерге басқару ақпараттарын қолдан енгізуге арналған құрылғы;

Графикалық планшеттер графикалық ақпараттарды, кескінді арнайы көрсеткіш планшеті бойынша жылжыту жолымен қолдан енгізуге арналған;

Сканерлер-қағаз тасушылардағы ақпараттарды оқуға және дербес компьютерге машиналық мәтіндерді, графиктерді, суреттерді, сызбаларды енгізуге арналған;

Манипуляторлар (көрсету құрылғысы) джойстик, тінтуір, трекбол, сәулелік қаламұш және тағы басқа. Экран бойынша меңзердің қимылын басқару, кейіннен оның координаттарын кодтау және дербес компьютерге енгізу арқылы экран дисплейінде графикалық ақпаратты енгізуге арналған;

Ақпаратты шығару құрылғылары:

Принтерлер-қағаз тасушыларға ақпаратты шығаруға арналған басу құрылғысы;

Графиксалғыштар (плоттерлер) дербес компьютерден қағаз тасушыларға графикалық ақпараттарды (графиктер, сызбалар, суреттер) шығаруға арналған.

Байланыс және телекоммуникация құрылғысы:

Байланыс арналарына басқа ЭЕМ-ға және есептеу желілеріне дербес компьютерді қосу үшін қолданылады. Нақтырақ айтсақ, желілік конртроллер басқа ЭЕМ-дерден ақпарат алмасу, есептеу желісі құрамында жұмыс істеу мақсатында байланыс арнасына қосу үшін қызмет етеді. Ауқымды желілерде желілік контроллер қызметін модем орындайды. Жоғарыда айтылған құрылғылардың көбі шартты түрде ерекшеленген топ-мультимедиа құралдарына жатады [4] .

Мультимедиа құралдары дегеніміз-адамға әр түрлі-дыбысты, бейнені, графиканы, мәтіндерді, анимацияларды және тағы басқаларын қолдана отырып компьютермен қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық және аппараттық құралдардың кешені. Мультимедиа құралдарына ақпараттарды енгізудің және шығарудың сөйлеу құрылғылары, сканерлер, жоғары сапалы бейне және дыбыстық тақташалар, бейнемагнитафоннан немесе бейнекамерадан түсірілетін және дербес компьютерге кіретін оның кескіндері жатады . Осы қарастырылып отырған сыртқы құрылғылардың барлығы аналық тақша арқылы қызмет атқарады. Аналық тақша (Плата материнская motherboard) орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту, қуыс орындары және есептеу машиналарының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Мультимедиа құралдарына сонымен қатар дыбыстық және бейне ақпараттарды жазу үшін жиі қолданылатын оптикалық дискілердегі сыйымдылығы үлкен сыртқы сақтау құрылғысы да жатады. Сондай ақ сыйымдылығы үлкен бейне ақпараттарды енгізу үшін арнайы қосымша құрылғылар қажет мұндай құрылғының бірі ІЕЕЕ-1394 DV-платасы [5] .

Олай болса кез-келген бір түсірілген бейне таспаны компьютердерге енгізіп, монтаждауды қарастыралық. Қазіргі кезде фильмді аяқталған туынды ретінде құрастыру, бейнекамерасы, бейнетаспасы, сандық фотоаппараты, және компьютері бар кез келген адамның қолынан келе береді. Монтаж жасау үшін қажетті қосымша құрылғылардың жұмыс істеу мүмкіндіктері мен қуаттылықтарын сипаттай білгеніміз жөн.

1. 3 Бейне монтаж жасау бағдарламаларына сипаттама

Бейнемонтаж жасаудың негізгі мақсаты бейнематериалдардың бөлек үзінділерін байланыстыру, олардың арасында ауысуды жасау, арнайы эффектілер мен түсіндірме титрларды қосу, және сюжеттің артық бөліктерін алып тастау болып табылады. Бейне монтаждар жасау үшін қолданылатын қосымша құрылғылар мен бағдарламалар 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Бейне монтаждар жасау үшін қолданылатын қосымша құрылғылар мен бағдарламалар

Р/с
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы
Орнатушы файл көлемі

Компьютерден

алатын орны

Р/с: 1
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы: ІЕЕЕ-1394 DV-платасы
Орнатушы файл көлемі: 418 мб
Компьютерденалатын орны: 728 мб
Р/с: 2
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы: 1. 3. Movie maker
Орнатушы файл көлемі:
Компьютерденалатын орны:
Р/с: 3
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы: InterVideo WinDVD Creator 2
Орнатушы файл көлемі: 124 мб
Компьютерденалатын орны: 63. 89 мб
Р/с: 4
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы: Nero
Орнатушы файл көлемі: 105 мб
Компьютерденалатын орны: 274 мб
Р/с: 5
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы: Ulead VideoStudio 8.
Орнатушы файл көлемі: 627 мб
Компьютерденалатын орны: 3 881. 00 мб
Р/с: 6
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы: TitleDeko
Орнатушы файл көлемі: 10. 0мб
Компьютерденалатын орны: 4. 44 мб
Р/с: 7
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы: Pinacle
Орнатушы файл көлемі: 4. 3гб
Компьютерденалатын орны: 4. 30гб
Р/с: 8
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы: Adobe Premiere Pro
Орнатушы файл көлемі: 348 мб
Компьютерденалатын орны: 369. 00 мб
Р/с:
Құрылғылар мен бағдарламалар атауы:
Орнатушы файл көлемі:
Компьютерденалатын орны:

Қосымша құрылғылар көмегімен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын жүйелік талаптар мына деңгейде болса жеткілікті.

Жүйелік талаптар:

ОЖ-WINDOWS XP

256mb RAM, жады 512 мб

Қатқыл диск 80гб. МП жиілігі: 3. 02 гц [6] .

DVD-дискі жетегі бейне монтаждар жасау үшін шамамен осындай параметрлер жеткілікті.

Ең алдымен бейне монтаждар жасау үшін қажетті бірнеше құрылғыларға тоқтала кетелік. Компьютерде бейне монтаждар жасау үшін компьютердің жұмыс істеу қасиеттеріне дұрыс көңіл бөлгеніміз жөн. Компьютердің жақсы жұмыс істеуі үшін ең кем дегенде жедел жад көлемі 512mb, қатқыл диск 80гб, бейне картасы 256 mb тан кем болмауы керек. Компьютер қуаттылығы неғұрлым жақсы болған сайын оның жұмыс істеу мүмкіндігі де жақсара түспек, әйтпесе компьютердің жұмыс кезінде жиі тежеліп қалуы, тағы да басқа көптеген қолайсыз жағдайлар туғызуы әбден мүмкін. Бейне монтаждар жасау керек болғандықтан ол өңделгеннен кейін арнайы DVD диск тасымалдаушысына жазылуы керек сондықтан міндетті түрде компьютерде DVD-диск жазуды қолдайтын дискжетегі болуы керек. Компьютер қуаттылығы толық жұмыс істеуге сай болғаннан кейін оған бейне көріністерді енгізу үшін қосымша құрылғыларды орнатуымыз қажет [7] .

Енді осы қажет құрылғының бірі ІЕЕЕ-1394 DV-платасы. Плата құны 3000 теңге шамасында болса оның орнатушы файл көлемі 418mb, ал компьютерден алатын орны 728mb көлем шамасында. 1-суретте ІЕЕЕ-1394 DV-платасы бейнеленген.

Сурет 1. ІЕЕЕ-1394 DV-платасы Сурет 2. ІЕЕЕ-1394 DV-платасы компьютерге

орнатылғаны

Плата аналық тақтаға арнайы ұяшыққа орнатылып бекітіледі. Суретте құрылғы компьютерге орнатылғаны бейнеленген (Сурет 2)

Құрылғы толығымен орнатылғаннан кейін компьютер жадына бейне материалдарды енгізу үшін бейне таспа керек. Суретте сандық бейне таспа бейнеленген. Бейне таспаларда бірнеше түрлі қазіргі кезде кең қолданыста жүрген сандық бейне таспалар өйткені оларды арнайы осы құрылғыға қосылу үшін байланыс ұяшықтары бар [8] .

Сандық бейне камераның бір артықшылығы бейне монтаж жасалғаннан кейін бағдарламаның таспаға жіберу мүмкіндігі болса ол өңделген бейнені қайтадан өзіне қабылдай алады. Жартылай сандық бейне таспалар арнайы кіші көлемді ленталы кассеталарға жазады, ал толық сандық бейне таспаларда арнайы қатқыл дискісі немесе сақтаушы карталары арқылы түсіреді. Олар бір-бірімен арнайы ІЕЕЕ-1394 байланыс кабелі арқылы қосылады. Кабельдің бір басы ІЕЕЕ-1394 ұяшықты ал екінші ұшы DV-қосқыш болып келеді. Бейне таспа қондырғыға қосылғаннан кейін жұмыс столының бетінде бірнеше бағдарламалары бар арнайы сұхбат терезесі пайда болады. Бұл терезенің ішінен пайдаланушы өз еркі бойынша бейне монтаждар жасау үшін қолайлы бағдарламалардың бірін таңдайды. Өйткені бұл бағдарламалардың сыртқы ақпаратты ішке енгізу құндылықтары мен әдістер бір бірінен мүлдем өзге. Төменде бейне монтаж жасау үшін қолданылатын бағдарламалар терезесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үзу сигналдарының классы
Компьютерге информация енгізу құрылғылары
Компьютер құрылғылары Процессор
Компьютер құрылымдары
Кіру ережелерін жаңарту
Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Дербес компьютердің құрылысы, бағдарламалық жасақтамалар
Дербес компьютердің программалық қамтамалары
Linux операциялық жүйе
Дербес компьютерді модернизациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz