Өзенде бұрғылау шебері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тоерилық білім әрқашан да тәжірибемен алмастырылып отыруы қажет. Яғни, оқу орнында алған білімді тәжірибе жүзінде іске асырып, тәжірибедегі білікті мамандармен араласып білімін пысықтап жетілдіре түсу.

Дипломдық тәжірибе Маңғыстау өңірінде олналасқан Қазақстанның мұнай газ өндіруші ірі кәсіпорындарының бірі «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында өтті.

Тәжірибе барысында әрбір студентке кәсіпорын тарапынан тәжірибе жетекшісі бекітіледі. Тәжірибе барысында студент өзіне жүктелген барлық жұмыстарды орындауы тиіс.

Қабылдаушы мекеменің жетекшісі:

  • Білімгерге жұмыс дайындап, оларға қажетті техникамен, компьютермен қамтамасызету;
  • Білімгерді мекеменің қызметі туралы жақсы білетін жоғарғы білікті мамандарға бекіту;
  • Білімгердің тәжірибе жұмысын өткізу бойынша жасалған жеке жоспарын қарау және бекіту;
  • Білімгер тәжірибе жұмысын өткізу үшін алынған тапсырмасын және бағдарлама аясында қажетті материалдар мен құжаттарды танысуға мүмкіндік жасау;
  • Білімгердің тәжірибе жұмысын өту кезеңінде жазылған тәжірибе жұмысыны жетекшісінің білімгерге жазған пікірін қарау және бекіту.

Тәжірибе жұмысына тікелей жауапты маман:

  • Білімгердің жеке жоспарын жасауға және оның орындалуына көмектесу, жекежоспардың «белгі» деген жеріне жеке ойын жазу;
  • Тәжірибе жұмысының күнделігін жасауға және рәсімдеуге сол мекеменің ерекшеліктерін ескере отырып көмектесу;
  • Білімгердің жасаған жұмысын әрқашан қорытындылай отырып, келесі тапсырмаларын анықтап, күнделіктерінің жүргізілуін бақылап, оның жұмысының нәтижелерін обьективті бағалау;
  • Бөлім басшысына білімгердің жұмысы туралы өз бегілерін айту және оның даярлық деңгейін және оны жақсарту үшін не істеу керектігіне ұсыныстар беру;
  • Тәжірибе жұмысы біткеннен кейін оны қорытындылап білімгерге тиісті мінездеме беру.

Қабылдаушы мекеменің пікірінде білімгердің жеке жоспарының және тәжірибе жұмысы бағдарламасының өткізілуінің толықтығы және сапалылығы қамтылуы тиіс.

Кәсіби тәжірибе мақсаты -студенттің оқу орнында алған теориялық білімін жетілдіріп, тәжірибе барысында сол білімін пайдалануға, диплом жұмысын жазуға қажетті ақпарат материалдармен тәжірибелік біліммен қамтамасыз ету. Сонымен қатар болашақ маман иесін кәсіби білімді, тәртіпті, өз иесіне жауапты маманға баулу.

Кәсіби тәжірибенің обьектісі болып- «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы. Яғни, осы кәсіпорынның рационалды жұмыс істеуіне барынша ықпал жасап отырған кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымдары «Oil Construction Company», «Oil Transport Corporation», «Oil Services Company», «Мұнайтелеком», «Маңғыстауэнергомұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

Есеп беруде Маңғыстау өңіріндегі ең алғаш мұнай бұрқағының атқылауы, «Маңғыстаумұнаугаз» акционерлік қоғамының даму тарихы сипатталады. Ал, екінші бөлімінде кәсіорынның жоғарыда аталған инфрақұрылымдарының пайда болуы, жұмысшылар құрамы, олардың атқаратын қызметтері, шығындар классификациясы баяндалады. Шығындардың алдыңғы жылдардағы шығындарымен салыстырмасы кесте және диаграмма түрінде көрсетілген.

«Мұнай мен газ- Қазақстанның басты шикізат

Байлығы, оның болашақ гүлденуінің негізі».

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті

1. «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА СИПАТТАМА

1. 1«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының даму кезеңдері

1961 жылғы 5 шілде күні Жетібайда №6 ұңғыдан күшті мұнай бұрқағы атқылады. 5қаңтарда бұрғылау шебері Ғ. Әбдіразақов қазған Өзендегі К-18 ұңғыдан бірінші газ бұрқағы, сол жылы 1 желтоқсанда Өзенде бұрғылау шебері М. Кулебякин бригадасы қазған ұңғыдан мұнай атқылады.

Маңғыстауда содан бастап іздестіру-барлау жұмыстары кең қанат жайды. 1963-1964 жылдары Қарамандыбас мұнай кен орны, Теңге және Тасболат мұнай, газ кенорындары ашылды.

1963 жылы Мақат-Маңғыстау темір жолын төсеу басталды. 1962 жылы Ақтау теңіз сауда порты іске қосылуымен Маңғыстау мұнай кен орындарын игеру елеулі түрде жеделдетілді.

Мемлекет Маңғыстау табиғи байлығын игеруді тұрақты назарға алды. 1963жылы қараша айының 27-де Батыс Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің №280 қаулысымен мұнай газ өндіру кәсіпорны «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігі құрылды.

1965жылы 10шілдеде Өзен мұнайының алғашқы эшалоны Гурьев мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді. 1965жылы салынған Өзен-Жетібай-Шевченко мұнай құбырының іске қосылуы Маңғыстау мұнайын теңіз және темір жолмен жөнелтуге мүмкіндік берді. Өзен кен орны пайдалануға берілген жарты жылда 334, 6 мың тонна, 1966 жылы 1400 мың тонна мұнай алынды.

1966жылы 30 жельоқсанда Маңғыстауда екінші мұнай кәсіпшілігі пайда болды. Бұл күні Жетібай кен орнында алғашқы үш ұңғы мұнай өндіре бастады.

1967 жылы Өзен мен Жетібай кенорындары елге 3733 мың тонна, 1970 жылы 10401 мың тонна немесе 1913 жылы революцияға дейінгі бүкіл Ресейдің өндіргенімен тең мұнай берді. 1967 жылы қаңтарда салынып болған 154 километрлік Шевченко-Жетібай-Өзен автомаггистралді өндірістердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға мүмкіндік берді.

1961 жыл

5 шілдеде Жетібай алаңындағы №6 ұңғыдан алғашқы мұнай бұрқағы атқылады.

5 қаңтарда Өзен алаңында терең бұрғылау басталды. 1 желтоқсанда №1 ұңғыдан бірінші мұнай бұрқағы атқылады.

1962жыл

Ақтау теңіз портының іске қосылуы Маңғыстау мұнай кенорындарын игеру қарқынын шұғыл арттыруға мүмкіндік берді.

1963 жыл

Қарамандыбас мұнай кен орны ашылды. Ақтау қаласында «Маңғышлоақнефть» өндірістік бірлестігі құрылды.

1964жыл

Теңге және Тасболат мұнай, газ кенорындары ашылды. 720 километрге созылған Мақат-Маңғыстау темір жол желісі уақытша пайдалануға берілді. «Өзен» мұнай кәсіпшілік басқармасы құрылды.

1965жыл

«Маңғышлақнефть» бірлестігі «Қазақстаннефть» бірлестігі болып өзгертілді. Гурьев қаласында «Қазақстаннефть» бірлестігі Ақтау қаласындағы «Қазақстаннефть» бірлестігіне бағынатын «Эмбанефть» комбинаты болып өзгертілді.

10 шілдеде Маңғыстау мұнайы алғаш рет Гурбев мұнай өңдеу зауытына жөнелтілді.

19-22 мамыр аралығында Ақтау қаласында геолог барлаушылар мен мұнайшылардың Маңғыстау байлығын игеру проблемалары жөніндегі Бүкілодақтық конференциясы өтті. Оның жұмысына елдің барлық мұнайлы аудандары мен мұнай және газ ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

110кВт Ақтау-Өзен электр тарату желісі, Сауысқан-Өзен тұщы су құбыры пайдалануға тапсырылды.

1966жыл

Маңғыстау түбегінен жаңа мұнай кенорындарын ашқаны үшін ғалымдардың, инженерлердің, геологтарлдың, барлаушылардың бір тобына Лениндік сыйлықтың лауреаты деген жоғары атақ берілді.

«Жетібайнефть» мұнай кәсіпшілік басқармасы құрылды.

10шілдеде Өзен кен орнында алғашқы миллион тонна мұнай өндірілді.

Қараша айында қоршаған ортаны қорғау және қабаттың мұнай қайтарымын арттыру мақсатымен кәсіпшіліктердегі ілеспе суды қайта қабатқа айдау қолға алынды.

140километрге созылған Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры пайдалануға берілді.

Ақтау теңіз портынан 10 қазанда 3мың тонна мұнай құйылған танкер алғаш рет Волгоградқа бет түзеді.

Желтоқсанда Ақтау-Жаңа Өзн автожолы пайдалануға қосылды.

1967жыл

Қаңтарда Жетібай мұнай кенорындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

1500 километрге созылған дүние жүзіндегі теңдесі жоқ Өзен-Гурьев-Куйбышев құлықаралық «ыстық» мұнай құбырының құрылысы басталды.

1968жыл

Жетібай кенорнында табиғи газ бен газ тұнбасын дайындау қондырғысы және Өзен кен орнында газ жэинақтау пункті іске қосылды.

Маңғыстауда бірінші рет Жетібай кен орнында газлифтіні пайдалану тәсілі енгізілді, бірлестіктің басқа кенорындарында ол одан әрі қарай дамытылды.

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен Өзен ауданы құрылды, Жаңа Өзен поселкесі Жаңа Өзен қаласы болып өзгертілді.

1969жыл

26 тамызда Өзен-Гурьев-Куйбышев мұнай құбырының 711километрге созылған Өзен-Гурьев бөлігіндегі бірінші кезектегі пайдалануға берілді.

Мұнай өндіру Жетібай кенорында 1 миллион, Қазақстан бойынша 10 миллион тоннаға жеткізілді.

1970 жыл

Қазан айында Теңге газконденсат кенорнында КСРО-дағы екінщі төмен температурада газ сүзу қондырғысы пайдалануға берілді.

Өзен кенорнында қабатқа су айдайтын дүние жүзіндегі бірінші өндірістік-тәжірибелік қондырғы пайдалануға берілді.

Өзен кенорнында тораптық сорап станциясы арқылы теңіз суын қабатқа айдау объектісі пайдалануға тапсырылды. Оның тәуліктік қуаты 2500текшеметр құрады.

«Жетібайнефть» МГӨБ бойынша жылдық мұнай өндіру көлемі 1, 5млн тоннаға жеткізілді.

1971жыл

Қазақ газ өңдеу зауытын / ҚазГӨЗ/ салуға шешім қабылданды. Түйесу-Жаңа Өзен су құбырының құрылысы басталды. Жаңа--Өзен қаласының әуе жайында АН-24 типті ұшақтарл\ды қабылдауға арналған ұшу-қону алаңының құрылысы басталды.

1972 жыл

Жаңа Өзен қаласында орталық жылыту қазандығы қатарға қосылды. Жаңа Өзен қаласында 5000 орындық стадионның бірінші кезегі ашылды. Теңге газ кенорнының өнеркәсіптік газы «Орта Азия-Орталық» газ құбырына қосылды. 1220 милиметрлік Өзен-Бейнеу газ құбыры тұрақты пайдалануға қабылданды. Өзен кен орны кәсіпшіліктерін телемеханизациялау басталды.

1973жыл

Мамырда-Қарамандыбас, қазанда-Асар, Оңтүстік Жетібай мұнай кенорындары пайдалануға қосылды. Қыркүйекте мемлекеттік комиссия Қазақ Г-З-ны4 жылына 0, 5 миллиард текшеметргаз қабылдап, өңдейтін бірінші блогын пайдалануға қабылдады. Телевизиялық таратқыш пайдалануға берілді. Өзен мұнайшылары орталық телевизия бағдарламасын қарауға мүмкіндік алды.

Наурызда Маңғышлақ облысы құрылды.

1974 жыл

Қазақстанда бірінші газ өңдеу зауыты толықтай іске қосылды. Бозашы түбегінде геолог барлаушылар Қаламқас және Қаражанбас мұнай кенорындарын ашты. «Жетібайнефть» МГӨБ кәсіпшіліктерін телемеханизациялау жүзеге асырылды.

1975жыл

Өзен мұнайшылары Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 30 жылдығына 100 миллионыншы тонна мұнай өндірді. Мұнай өндіруле газлифт тәсілін пайдалану елеулі орын алып, ол 594 ұңғыда қолданылды. Бірінші рет кәсіпшілік тәжірибесінде қабат қысымын көтеруге термальдық суларды пайдалану, оларды жоғары қысыммен айдау арқылы ұялап суландыру жұмыстары басталды.

1976жыл

Шетелдік мамандардың қатысуымен парафин тұтқырлығымен және жерасты, жерүсті жабдықтардың тұздануымен күрес /депрессатор ХТ-48/ жұмыстары басталды.

«Узеннефть» МГӨБ №1, 5 мұнай кәсіпшіліктерінде өндірісті «ТМ-бООм» телемеханизация жүйесімен автоматты басқару жүзеге асырылды.

1977 жыл

Сәуірде Шығыс Жетібай мұнай кен орны пайдалануға қосылды.

БүкілОдақтық ғылыми зерттеу институты (ВНИИ) және КазНИПИнефть қызметкерлері Өзен кенорнының барлық мү\ұнай қабаттарын пайдаланудың кешенді жоспарының жобасын жасады. Өзен кен орнында қабатқа тәулігіне 1400 текшеметр ысытылған теңіз суын айдайтын қондырғы іске қосылды. Өзен-Бейнеу су құбыры пайдалануға берілді.

1978 жыл

Мамырда Ракуша мұнай кен орны пайдалануға берілді. Өзенде қабатқа ыстық су айдауға және дайындауға арналған ПТБ-10/160 типті пештері пайдалануға берілді.

ВНИИ нефть және ВНИИ термнефть институттары Қаражанбас кен орнын пайдалану үшін «Кен орнын термиялық тәсілмен игерудің технологиялық жүйесін» жасады. Онда өнікті қабаттың ішіне ыстық бумен әсер ету техникасы қарастырылды.

1979жыл

Наурызда «Комсомольскнефть» мұнай газ өндіру басқармасы құрылды. Тамыз-қыркүйекте Бозашы түбегіндегі Қаламқас және Қаражанбас мұнай кен орындары пайдалануға қосылды. Блок деңгейлері бойынша қабаттың мұнай қайтарымын арттыру мақсатымен ПАВ қоспаларын айдайтын тәжірибелік учаске құрылатын болды.

Мұнай өндірісінің технологиялық процестерін химияландыру жөніндегі аймақтық «Маңғышлакнефтепромхим» басқармасы құрылды.

1980 жыл

Қаламқас кен орнында мұнайды полимерлік әдіспен өндіру тәжірибесі басталы. Өзенде 150 миллионыншы тонна мұнай өндірілді.

1981 жыл

Оймаша мұнай кен орны пайдалануға берілді. Жаңа Өзен қаласында 560 орынды «Нефтяник» мәдениет және техника сарайы іске қосылды.

1982 жыл

«Жетібайнефть» МГӨБ ұйымдасқаннан бері 40 миллион тонна мұнай өндірілді. Қаражанбас кен орнында № 82, 809 ауа айдау ұңғылары бойынша өнімді қабаттың ішін қыздыру тәжірибесі жасалыд. Қаражанбас кен орнында мұнайды бу жылуы арқылы өндіру басталды.

1983жыл

Өзенде қабат қысымын көтеру жүйесі толықтай ыстық су айдауға көшірілді. Оның тәуліктік көлемі 150 мың текшеметр құрады. Желтоқсанда Жаңа Өзен қаласында мұнайшылар үшін 75 орындық санаторий-профилакторий ашылды. Шығыс Жетібайда мұнай өндіру газлифт тәсіліне көшірілді, нәтижесінде кен орнында мұнай өндіру 2 есе өсті.

1984 жыл

Асар мұнай кен орын пайдалану газлифт тәсіліне көшірілді. Өзен мұай кен орнында сатылай-термальді суландыру тәсілін өндіріске кеңінен енгізгені үшін бірлестіктің бір топ қызметкерлеріне республикагың ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1985 жыл

Шілдеде Ақтас газконденсат кенорны іске қосылды. Жаңа Өзен қаласында мұнай техникумы ашылды.

1986 жыл

Қызылорда облысының Құмкөл кенорнында бұрғылау мен ұңғыларды құрастыру жұмыстарын орындауды қамтамасыз ету үшін Құмкөл терең бұрғылау экспедициясы ұйымдастырылыд.

1987 жыл

Қарашада-Алатөбе, қазанда- Бұрмаша мұнай кенорындары пайдалаеуға қосылды. Қызылорда облысының Құмкөл кенорнын пайдалануға дайындау және мұнай өндіруді ұйымдастыру үшін бірлестік құрамында «Құмкөлнефть» мұнайгаз өндіру басқармасының құрылыс дирекциясы ұйымдастырылыд.

1988 жыл

«Құмкөлнефть» мұнай газ өндіру басқармасы құрылды. Оның қарамағына кен орын жарақтандыру, материалдық-техникалық және көлік қызметін көрсету, әлеуметтік сала ұйымдары берілді. Фетисовте 240 балаға арналған демалыс орталығы пайдалануға берілді. «Жетібайнефть» МГӨБ басқармасы ұйымдасқанннан бері 50 миллион тонна мұнай өндірді. Маңғыстау облысы таратылды.

1989 жыл

Наурызда Придорожный кен орны пайдалануға қосылды. Маусымда Жаңа Өзен қаласында халықтың әлеуметтік теңсіздіктерге қарсы толқуы басталып ол Жетібай, Мұнайшы Құрық, Маңғыстау және басқа да кенттер мен елді мекендерді, Ақтау қаласын қамтыды.

1990 жыл

Қазанда-Атанбай, қарашада- Ащыагар мұнай кен орындары пайдалануға қосылды. Маңғыстау облысы қайта құрылды.

1991 жыл

Қарашада Айрантақыр кенорны пайдалануғақосылды. Жаңадан салынатын Маңғыстау мұнай өңдеу зауытының дирекциясы құрылды.

1992 жыл

11 қыркүйекте «Маңғышлакнефть» өндірістік бірлестігі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі болып өзгертілді.

1994 жыл

«Мұнайгаз» холдинг компаниясының бұйрығымен «Маңғыстаумұнайгаздан» «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігі бөлініп шықты.

1995 жыл

24 мамырда «Маңғыстаумұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы құрылды.

1996 жылы

18 қыркүйек ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев Ақтауда «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ болып, оның міндеттері, Қазақстанда мұнай өнеркәсібін одан әрі дамыту туралы сөз сөйледі. АҚның барлық жүйелерін толықтай компьютерлендіру қолға алынды.

1997 жыл

Халықаралық тендерде жеңіп шыққан индонезиялық «Central Asia Petroleum LTD» компаниясы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң акцияларын 60 пайызына ие болды.

Қаламқаста вахтамен істейтін мұнайшылар қалашығын салу жұмыстары қарқынды жалғастырылды.

1998 жылы

«Central Asia Petroleum LTD» компаниясы мамыр айында «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ -н басқару ісіне кірісті. Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі экономикалық және қаржылық кризисі «Маңғыстаумұнайгазга» да зардабын тигізді. Қаламқас кенорнында мұнай өндіру бірнеше күнге тоқтап қалды, Жетібай кенорнында небәрі 613, 5 мың тонна мұнай өндірілді. Мұнайшыларға еңбекақы қарызы 14 айға созылды.

1999 жыл

«Central Asia Petroleum LTD» компаниясы жүргізген өндірістік, техникалық, технологиялық шаралардың нәтижесінде кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайы жақсара бастады. Облыста Қазақстан мұнайының 100 жылдығына орай бүкіл-халықтық мереке өткізілді. Ақтауда мұнайшылар емханасы, Жетібайда, Қаламқаста және Асарда дәрігерлік амбулаториялар жұмыс істей бастады.

2000жылы

Ұңғылар қорымен жұмыс жақсара түсті. Ресейдің «арнаулы машина жасау және металлургия» кәсіпорнымен бірлесіп, Жетібайда мұнайлы қабат көздерін сұйықтықпен ашу тәсілін қолдану қосымша 63 мың тонна өнім алуға мүмкіндік берді.

2001 жылы

«Ойл Сервис Компани» ЖШС құрылып, жауапкершілігі шектеулі «Химремонтскважин», «Шегендеу» және «Бұрғышы» серіктестіктері біріктірілді. «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ бойынша тәуліктік өнім көлемі орта есеппен 12080 тоннаға жетті. Оның ішінде «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ 9560 тонна, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 2520 тонна.

2002 жыл

Еңбекті ұйымдастыруды оңтайландыру тәсілдері одан әрі жалғасты. «Маңғыстау Технологиялық Көлік», «Бозашы технологиялық көлік», «Жетібай технологиялық көлік», «Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жаңадан ашылған «Ойл Транспорт Корпарейшен» кәсіпорнына біріктірілді.

Орта есеппен тәуліктік өнім өндіру 12652 тонна құрады. Оның ішінде «Қаламқасмұнайгаз»ӨБ 9657 тонна, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 2995 тонна.

2003 жыл

«Маңғыстаумұнайжолдары», «Маңғыстаумұнара», «Нефтестрой» ЖШС ірілендіріліп, «Oil Construction Company» серіктестігіне біріктірілді.

  1. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының экономикалық, өндірістік дамуы

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы- Маңғыстау мұнай өнеркәсібінің қара шаңырағы-үлкен үйі. Қазыналы өлкедегі бүгінде кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстың индустриялы өркенделуі ең әуелі осы кәсіпорыннан бастау алады.

«Маңғыстаумұнайгаз» БүкілОдақтық Халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы 7-қыркүйектегі №53-12 және Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1963 жылғы 5 қарашадағы, сондай-ақ Батыс Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы қараша айының 27 жаңасындағы №280 Қаулыларымен мемлекеттік кәсіпорын-өндірістік бірлестік ретінде құрылды.

Түбекте мұнай бар екенін ХIX ғасырдың 30жылдарында саяхатшы әрі табиғат зерттеушісі Г. С. Карелин жазды.

Бірақ Батыс Қазақстан мен Маңғыстау байлығын барлап, игеру мәселесімен еліміз Ұлы Отан соғысынан кейін шұғылдана бастады. Осы мақсатта

1949 жылы Гурьев (қазір - Атырау) қалсында академик Қаныш Имантайұлы Сатбаевтын басшылығымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының көшпелі сессиясы, 1958 жылы мамыр айында Қазақстан кен барлаушыларының республикалық кеңесі, ал 1959 жылы мамырда Гурьевте Батыс Қазақстан аумағында геологиялық барлау жумыстарын дамыту жөніндегі Бүкілодақтық ғылыми-техникалық конференция өткізіліп, көп ұзамай Маңғыстауда кең көлемді геологиялық жұмыстар жүргізіле бастады. Жетібай-Өзен аймағында сейсмикалық барлаумен қатар жүргізілген қабат құрылымдарын карталауға арналған бұрғылау жұмыстары арқылы жасалған геологиялық түсірілімдер көп нәрсені аңғартты. Сөйтіп, кен орындары туралы мәліметтер толығырақ жинақталт түсті.

Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын 1899 жылы Қарашүңгілден алғаш

мұнай ашылуы, іле Доссор және Ембіде Мақат кен орындарының өмірге келуі Қазқстанның болашақ экономикалық, отын-энергетикалық әлеуетін танытса, 1961 жылғы 5 шілде куні Жетібайдағы № 6 ұңғыда мол мұнай көзінің ашылуы туған жеріміздің, республикамыздың атақ-даңқын асқақтата түскен аса маңызды оқиға болды. Ұңғыдан атқылаған мұнайдың тәуліктік өнімі 400 тоннаға дейін жетті. Бұл республикамызда мұнай өнеркәсібі дамытыла бастаған бұрынғы ұзақ жылдар ішінде кездеспеген, қабат қойнауындағы орасан мол ырыстан хабар берген, аса жоғары көрсеткішті.

2. «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА өткен дипломдық тәжірибеге сипаттама

2. 1 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының инфрақұрылымдары

2. 1. 1. «Oil Transport Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-мы транспорт кешені «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-гың өндіріс алаңдарына тасылатын жүктер мен вахта жұмысшыларын бір орталықтан тасымалдау үшін технология, жолаушы мен автокөлік транспортын өз құрамына біріктірген «Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бозащы Технологиялық Транспорт» ЖШС, «Жетібай Технологиялық Транспорт» ЖШС, «Маңғыстау Технологиялық Транспорт» ЖШС дейтін 4 серіктестіктен құралды. Осы төрт кәсіпорынның қызметіне талдау жасағанда, төрт серіктестіктің қолда бар өндірістік қуаты 60%, парктің технологиялық дайындығы негізінен 70% дың да төмен деңгейде болды. Негізгі қорлар мен қосалқы материалдарды басқарудың батыраңқылығы-өндірістің өсуіне кері әсер етіп, шығындардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Негізгі құралдарды кідіріссіз, ұдайы пайдалану өндірістің негізгі факторларын ескермеді. Транспорт легі ықтималандырылмады. Әрбір кәсіпорындағы басқарудың құрылымы мен әдістері әр түрлі болды. Қолда бар жөндеу базасы жаңа құрал-жабдықтармен жаңғыртылмады және өнімсізболды. Жоспарлау жүйесі болмады және әлеуметтік қолдау да дәрменсіз болды. Басқарманың басқарма жүйесі түбегейлі қайта ойластыруды қажет етті. 2001 жылдың қыркүйегінде «Central Asia Petroleum» директорлар кеңесі «ММГ» АҚ-ының транспорт кешені құрамына бөлімдер ретінде Бозашы, Жетібай, Маңғыстау үш басқармасы және жолаушы тасымалы транспорт басқармасы кіретін «Ойл Транспорт Корпорейшэн» біртұтас транспорт корпорациясын құру туралы шешім шығарды.

Транспорт кешенін реформалаудың негізгі мақсаты бұрынғы басқару жүйесін тарату, «ММГ»АҚ-на қызмет көрсетуді жақсарту үшін техникалық, технологиялық және экономикалық саясатты жетілдіру болды. Реформалаудың бірінші кезегінде «ОТК»-нің жаңа басшылығы ғана біріктіріліп қоймай, сонымен қатар, экономика өсуінің тиімді жағдайларын жасайтын компаниядағы бүкіл қарым-қатынас жүйесі, яғни, техникалық саясат және оны дамыту, технологиялық құрылым және экономикалық қатынастар мәселелері де шешілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Маңғыстаумұнайгаз» өндіру бірлестігі
Жер планетасының қабаттары
Мұнай және газ өнеркәсібі
1921 жылдың ақпан айында
С.Балғымбаев кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
Оптикалық байланыс кабелі
«ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы
ЖЕР АСТЫ СУЫН ҚОРҒАУ
Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
Өзендер мен көлдердің ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz