Timeline терезесіне клиптарды тасымалдау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ КОМПЬЮТЕРГЕ ЕНГІЗУ
1.1 Бейнемонтаж құралдарына сипаттама
1.2 Бейнемонтаж жасау бағдарламалары
ADOBE PREMIERE БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Бейне материалдарды импорттау
Импортталған бейне көріністі өңдеу
Өңделген бейне файлдарды экспорттау
ВИРТУАЛДЫ АЛЬБОМ - электрондық жобасын құру
Бейнемонтаж жасаудағы нұсқау ретінде зертханалық жұмыстар
Бейнемонтаж жасаудағы әдістемелік құралы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда білім ошақтарында Жаңа технология біздің ертеңіміз
деген ұранмен жыл сайын технологияны меңгеру сатылап жолға қойылып
келеді. Өткен жылы Ауыл мектептерінде ақпараттандыру процестерін
оқытуды жетілдіру жолдары тақырыбында ой қозғап, алға қойған үлкен
өзекті мәселелердің бірі болған болса, мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының оқыту теледидары қоғамдық жобасын жүзеге асыру
жөніндегі Меморандумға қол қойғандығы білім беру саласында бүгінгі күннің
басты мәселелерінің бірі деуге болады. Бұл жобаның мектеп өміріне үлкен
өзгеріс әкелетіні сөзсіз. Енді информатика пәнінің мұғалімі өз танымын
кеңейте отырып, компьютерде бейнемонтаж жасау істерімен шұғылдануына тура
келетіні байқалады. Әрине, мұндай жоба қабылданбас бұрын да, компьютерде
бейнемонтаж жасау мәселесі біздің өмірімізге терең араласа бастаған үрдіс.
Жалпы бұқаралық ақпараттық коммуникациялар ішінде ақпараттарды халыққа
жеткізудің ең тиімді жолы теледидар болып отыр. Оның осындай зор
мүмкіндігін оқу ісіне де пайдалану білім сапасының жақсаруы мен жалпы
халықтық игілікке айналдыруға мүмкіндік береді. Теледидар арқылы табиғаттың
тартымды көріністерін сол қалпында берумен қатар, педагогикалық
жетістіктерді ұштастыру арқылы үлкен жетістікке жетуге болады. Сол арқылы
еліміздегі білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтереміз.
Заман ағымына сай компьютерлендіру үрдісі де жүзеге асты. Жаңа
технологияларды оқып үйренумен қатар, оларды қолдану кез келген білім
ошақтарында жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырыла бастады. Технологияның
жетіліп дамығаны сондай сыртқы ақпараттарды да компьютерге енгізіп, оны
өңдеп, қайтадан сыртқа шығару мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отырмыз. Жаңа
технологиялық әдістерді тек теориялық тұрғыда ғана қарастырмауымыз керек,
оны оқып үйренудегі білімімізді тәжірибелік тұрғыда, яғни күнделікті
тұрмыста, үйде, немесе басқа да өндіріс салаларында қолдана білгеніміз
жөн. Жаңа технологияларды меңгере отырып, жұмыс жасау үшін басты
міндеттердің бірі компьютердің барлық жұмыс жасау мүмкіндіктері мен
бағдарламалардың қамсыздандыру ерекшеліктеріне, қолданушы үшін компьютерге
қойылатын талаптарға сай жұмыс жасауы қажет. Осындай үлкен алға қойылған
бүгінгі күннің талаптарынан болашаққа деген қөзқарас, технологияны
меңгеруге деген талпыныс, қызығушылық арта түспек.

Компьютерде жұмыс жасай білу үшін ең бастысы компьютерлік
программаларды қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ажырата
білуіміз қажет екендігін айтып өткен болатынбыз. Программамен қамтамасыз
ету дегеніміз-компьютерде де белгілі бір үлгілерді орындайтын, оларды
орындауға септігін тигізетін, техникалық программалық құжаттамалар жиынын
қоса алғандағы программалардың жиынтығы. Әдетте мұндай программалар
жиынтығын Software, hardware-деп те атайды. Software-программалық
қамтамасыз ету. (Soft-жұмсақ, ware-өнім) яғни жұмсақ өнім деген мағынаны
білдіреді.
Нardware-аппараттық құрал, (Нard-қатты) деген мағынан береді. Кез-
келген нақты компьютерде аппараттық және программалық құралдардың нақты
жиыны, сондай-ақ олардың ресурстарын қалыптастыратын әр түрлі деректер
болады.
(Software) программалық қамтамасыз ету әр түрлі қызмет салаларындағы
есептеуіш жүйені пайдалануға бағдарланған, әрі ол алға қойылған міндеттерді
уақтылы және баламалы шешуді қамтамасыз етуі керек. Бұл программалы етудің
компоненттерін әзірлеуге қойылатын талаптарды сақтаудың қажеттілігін
тудырады. Бұл талаптардың негізгілеріне мыналар жатады: модульдігі, өсуі
мен дамуы, сенімділігі, болжанатыны, қолайлы болуы, эргономикалығы,
икемділігі, тиімділігі, үйлесімділігі.
Программалық қамтамасыз етудің құрылымы: Бүгінгі таңда программалық
қамтамасыз етудің үш тобын бөліп көрсетуге болады: Олар жүйелік,
инструментальдық, және қолданбалы. Программаны осылайша үш топқа бөлудің
өзі шартты түрде ғана болады, мәселен жүйелі сипатындағы программаға мәтін
редакторы да, яғни қолданбалы сипаттағы программа да кіруі ықтимал.
Жүйелік программа: Деректерді өңдейтін компьютерлік технологиялардың
барлық түрін пайдалану барысында орындауға тура келетін көмекші
жұмыстарының көбісін аппаратық құралдармен автоматтандырады. Жүйелік
программа тобына операциялық жүйе, операциялық қоршам, архиватор,
антивирустық программа және тағы басқалары кіреді.
Инструментальдық программалық қамтамасыз ету: Адам қызметінің әр түрлі
салаларында қолданылатын программалардың барлық ықтимал дестелерін
әзірлеуде қолданылады. Инструментальдық программалар тобына кіретіндер;
программа мәтінін машина тіліне аударуды жүзеге асыратын әр түрлі
алгоритмдік тілдердің трансляторы; программаның жекелеген бөліктерін
біріктіріп, бір бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай-ақ
жөндеуші-оның көмегімен программаны жазу барысында кеткен қателіктер
табылып, жойылады; ыңғайлы жасалуы үшін жоғарыда аталған компоненттерді
біріктіретін әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.
Қолданбалы программа немесе қосымша: -бұл деректерді өңдеудің
информациялық технологиясы қолданылатын белгілі бір саладағы міндеттерді
немесе міндеттер тобын шешуге арналған программа. Қолданбалы программаларын
қамтамасыз ету қолданбалы программистер қызметінің түпкі мақсаты әрі бір
мезгілде түпкілікті көрсеткіштердің еңбек құралы болып табылады. Түпкілікті
пайдаланушы осы, белгілі бір нақты саладағы немесе қандайда бір мақсатта
нақты міндеттерді шешу үшін қажетті информацияны алуға септігін тигізетін
есептеуіш техникаларын пайдаланатын адамды айтады.
Нardware-Аппараттық жасақтама (Аппаратное (техническое)
обеспечение)программаларды немесе мәліметтерді сақтау, өңдеу, немесе
жеткізу үшінпайдаланатын физикалық жабдық. Оның құрамына кез-келген
компьютерлік жүйенің жұмыс істеуіне қажетті негізгі сыртқы құрылғыларды,
терминдер мен абоненттік бөлімдерді, байланыс құралдарын қамтитын
техникалық құралдардың кешені кіреді.
Сыртқы құрылғылар- кез келген есептеу кешенінің маңызды құраушы
бөлшегі. Кей жағдайда сыртқы құрылғының бағасы бүкіл дербес компьютер
бағасының 50-80%-ын құрайтынын айту жеткілікті. Басқару жүйесінде және
жалпы халық шаруашылығында дербес компьютерді қолдану тиімділігі және
мүмкіндіктері көбіне сыртқы құрылғының құрылымына және сипаттамасына
байланысты. Сыртқы құрылғылар әр түрлі, олар бірқатар белгілері бойынша
жіктелуі мүмкін. Оларды бірнеше топтарға бөлуге болады:
• Мәліметтерді енгізу құрылғылары;
• Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;
• Мәліметтерді сақтау құрылғылары;
• Мәліметтермен алмасу құрылғылары;
• Байланыс және телекоммуникация құралдары.
Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке қысқаша тоқтала кетсек: Ақпараттарды
енгізу құралдарына жататындар;
• Пернетақта-сандық, мәтіндік және дербес компьютерге басқару
ақпараттарын қолдан енгізуге арналған құрылғы;
• Графикалық планшеттер графикалық ақпараттарды, кескінді арнайы
көрсеткіш планшеті бойынша жылжыту жолымен қолдан енгізуге арналған;
• Сканерлер-қағаз тасушылардағы ақпараттарды оқуға және дербес
компьютерге машиналық мәтіндерді, графиктерді, суреттерді, сызбаларды
енгізуге арналған;
• Манипуляторлар (көрсету құрылғысы) джойстик, тінтуір, трекбол,
сәулелік қаламұш және тағы басқа. Экран бойынша меңзердің қимылын
басқару, кейіннен оның координаттарын кодтау және дербес компьютерге
енгізу арқылы экран дисплейінде графикалық ақпаратты енгізуге
арналған;
Ақпаратты шығару құрылғылары:
• Принтерлер-қағаз тасушыларға ақпаратты шығаруға арналған басу
құрылғысы;
• Графиксалғыштар (плоттерлер) дербес компьютерден қағаз тасушыларға
графикалық ақпараттарды (графиктер, сызбалар, суреттер) шығаруға
арналған.
Байланыс және телекоммуникация құрылғысы:
Байланыс арналарына басқа ЭЕМ-ға және есептеу желілеріне дербес компьютерді
қосу үшін қолданылады. Нақтырақ айтсақ, желілік конртроллер басқа ЭЕМ-
дерден ақпарат алмасу, есептеу желісі құрамында жұмыс істеу мақсатында
байланыс арнасына қосу үшін қызмет етеді. Ауқымды желілерде желілік
контроллер қызметін модем орындайды. Жоғарыда айтылған құрылғылардың көбі
шартты түрде ерекшеленген топ-мультимедиа құралдарына жатады.
Мультимедиа құралдары дегеніміз-адамға әр түрлі-дыбысты, бейнені,
графиканы, мәтіндерді, анимацияларды және тағы басқаларын қолдана отырып
компьютермен қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық және
аппараттық құралдардың кешені. Мультимедиа құралдарына ақпараттарды
енгізудің және шығарудың сөйлеу құрылғылары, сканерлер, жоғары сапалы бейне
және дыбыстық тақташалар, бейнемагнитафоннан немесе бейнекамерадан
түсірілетін және дербес компьютерге кіретін оның кескіндері жатады. Осы
қарастырылып отырған сыртқы құрылғылардың барлығы аналық тақша арқылы
қызмет атқарады. Аналық тақша (Плата материнская motherboard) орталық
процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту, қуыс орындары және есептеу
машиналарының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі
мөрлі тақша. Мультимедиа құралдарына сонымен қатар дыбыстық және бейне
ақпараттарды жазу үшін жиі қолданылатын оптикалық дискілердегі сыйымдылығы
үлкен сыртқы сақтау құрылғысы да жатады. Сондай ақ сыйымдылығы үлкен бейне
ақпараттарды енгізу үшін арнайы қосымша құрылғылар қажет мұндай құрылғының
бірі ІЕЕЕ-1394 DV-платасы. Олай болса кез-келген бір түсірілген бейне
таспаны компьютердерге енгізіп, монтаждауды қарастыралық. Қазіргі кезде
фильмді аяқталған туынды ретінде құрастыру, бейнекамерасы, бейнетаспасы,
сандық фотоаппараты, және компьютері бар кез келген адамның қолынан келе
береді. Монтаж жасау үшін қажетті қосымша құрылғылардың жұмыс істеу
мүмкіндіктері мен қуаттылықтарын сипаттай білгеніміз жөн.
Бейнемонтаж жасаудың негізгі мақсаты бейнематериалдардың бөлек
үзінділерін байланыстыру, олардың арасында ауысуды жасау, арнайы эффектілер
мен түсіндірме титрларды қосу, және сюжеттің артық бөліктерін алып тастау
болып табылады.
Бейне монтаждар жасау үшін қолданылатын қосымша құрылғылар мен
бағдарламалар кестесі.
Құрылғылар мен бағдарламалар Орнатушы Компьютерден
Рс атауы файл көлемі алатын орны
1 ІЕЕЕ-1394 DV-платасы 418 мб 728 мб
2 1.3. Movie maker --- -------------
3 InterVideo WinDVD Creator 2 124 мб 63.89 мб
4 Nero 105 мб 274 мб
5 Ulead VideoStudio 8. 627 мб 3 881.00 мб
6 TitleDeko 10.0мб 4.44 мб
7 Pinacle 4.3гб 4.30гб
8 Adobe Premiere Pro 348 мб 369.00 мб
Қосымша құрылғылар көмегімен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын
жүйелік талаптар мына деңгейде болса жеткілікті.
Жүйелік талаптар:
ОЖ-WINDOWS XP
256mb RAM, жады 512 мб
Қатқыл диск 80гб. МП жиілігі: 3.02 гц
DVD-дискі жетегі бейне монтаждар жасау үшін шамамен осындай параметрлер
жеткілікті.
1.1. Бейнемонтаж құралдарына сипаттама
Ең алдымен бейне монтаждар жасау үшін қажетті бірнеше құрылғыларға
тоқтала кетелік. Компьютерде бейне монтаждар жасау үшін компьютердің жұмыс
істеу қасиеттеріне дұрыс көңіл бөлгеніміз жөн. Компьютердің жақсы жұмыс
істеуі үшін ең кем дегенде жедел жад көлемі 512mb, қатқыл диск 80гб, бейне
картасы 256 mb тан кем болмауы керек. Компьютер қуаттылығы неғұрлым жақсы
болған сайын оның жұмыс істеу мүмкіндігі де жақсара түспек, әйтпесе
компьютердің жұмыс кезінде жиі тежеліп қалуы, тағы да басқа көптеген
қолайсыз жағдайлар туғызуы әбден мүмкін. Бейне монтаждар жасау керек
болғандықтан ол өңделгеннен кейін арнайы DVD диск тасымалдаушысына жазылуы
керек сондықтан міндетті түрде компьютерде DVD-диск жазуды қолдайтын
дискжетегі болуы керек. Компьютер қуаттылығы толық жұмыс істеуге сай
болғаннан кейін оған бейне көріністерді енгізу үшін қосымша құрылғыларды
орнатуымыз қажет.
Енді осы қажет құрылғының бірі ІЕЕЕ-1394 DV-платасы. Плата құны 3000
теңге шамасында болса оның орнатушы файл көлемі 418mb, ал компьютерден
алатын орны 728mb көлем шамасында. 1-суретте ІЕЕЕ-1394 DV-платасы
бейнеленген.
1-сурет
1-1 сурет
Плата аналық тақтаға арнайы ұяшыққа орнатылып бекітіледі. Суретте құрылғы
компьютерге орнатылғаны бейнеленген. 1-1-сурет
Құрылғы толығымен орнатылғаннан кейін компьютер жадына бейне
материалдарды енгізу үшін бейне таспа керек. Суретте сандық бейне таспа
бейнеленген. Бейне таспаларда бірнеше түрлі қазіргі кезде кең қолданыста
жүрген сандық бейне таспалар өйткені оларды арнайы осы құрылғыға қосылу
үшін байланыс ұяшықтары бар.
Сандық бейне камераның бір артықшылығы бейне монтаж жасалғаннан кейін
бағдарламаның таспаға жіберу мүмкіндігі болса ол өңделген бейнені қайтадан
өзіне қабылдай алады. Жартылай сандық бейне таспалар арнайы кіші көлемді
ленталы кассеталарға жазады, ал толық сандық бейне таспаларда арнайы қатқыл
дискісі немесе сақтаушы карталары арқылы түсіреді. Олар бір-бірімен арнайы
ІЕЕЕ-1394 байланыс кабелі арқылы қосылады. Кабельдің бір басы ІЕЕЕ-1394
ұяшықты ал екінші ұшы DV-қосқыш болып келеді. Бейне таспа қондырғыға
қосылғаннан кейін жұмыс столының бетінде бірнеше бағдарламалары бар
арнайы сұхбат терезесі пайда болады. Бұл терезенің ішінен пайдаланушы өз
еркі бойынша бейне монтаждар жасау үшін қолайлы бағдарламалардың бірін
таңдайды. Өйткені бұл бағдарламалардың сыртқы ақпаратты ішке енгізу
құндылықтары мен әдістер бір бірінен мүлдем өзге. Төменде бейне монтаж
жасау үшін қолданылатын бағдарламалар терезесі.
1-сурет.
Енді осы бағдарламалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Өйткені
бұлардың компьютерде бейнелерді монтаждау кезінде, компьютер жадынан алатын
орындарыда бір-бірінен мүлдем өзге, бірінің алатын орны аз болғанмен,
монтаждау процедуралары күрделі, ал енді біреулері алатын орны көп, бірақ
монтаждау кезінде мүмкіндіктері аз. Бұл бағдарламалардың ішінде
тасымалдаушы дискілерге жазу үшін қолданушының пайдалануына өте қолайлы,
және жазу кезінде уақытты үнемді пайдаланатын бағдарламаларда бар,
сондықтан олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталғанымызда дұрыс. Өйткені
пайдаланушы үшін бұл бағдарламалардың барлығының жұмыс жасау
мүмкіндіктерімен қолайлы жақтарын толық білгені жөн.
2. Бейнемонтаж жасау бағдарламалары
Movie maker бағдарламасы. 3-сурет
Бұл бағдарлама WINDOWS ХР операциялық жүйесін орнатқан кезде автоматты
түрде орнатылады. Жұмыс істеу қасиетіне тоқтала кетсек бірнеше
мүмкіндіктері бар, әсіресе сандық фотоаппарат арқылы түсірілген фото
суреттерді енгізе отырып суреттер арасына түрлі эфектілер арқылы өту,
немесе фильмнің басына, соңына түрлі титрлар қою мүмкіндіктері қолданушыға
пайдалануға өте қолайлы жағдайда қарастырылған. Дайын клиптардың аудио
дыбыстық файлдарын жібермей, видео файлдарын жіберу, немесе видео файлдарын
жібермей, аудио файлдарын жіберу мүмкіндіктері өте сәтті көріністер
орындауға мүмкіндік береді. Өңделген бейне көріністі қайтадан бейне
таспаға жазу мүмкіндігі де бар. Ал компьютерге сақтаған кезде 1-минуттық
бейне көріністің алатын орны шамамен 7.50кб. Файл кеңейтілімі *.wmm болып
сақталады.
InterVideo WinDVD Creator бағдарламасы:
Бағдарламаның орнатушы файлының көлемі 124 кб ал компьютерден алатын орны
63.89мб. Бұл бағдарламада басқа бағдарламалар тәріздес монтаждау
мүмкіндігі қолданушыға жұмыс жасауға қолайлы.
4-сурет
Суретте жұмыс терезесінің бірнеше жұмыс жасау мүмкіндіктері көрсетілген
сонымен қатар бұл бағдарламада арнайы қызметші мәзірлер қатары бар онда
қолданушыға қолайлы бейне көрініс жасау терезелері бар, әрбір қызметші
мәзірлер терезесін қолданушы сәйкесінше әуендер қойып, терезе өңдерін
өзгертіп және бейнені ойнатқыш батырмаларында өз қалауынша өзгертіп
отыруына әбден болады. Бейне көріністерді дайындау кезінде бірнеше титрлар
мен эффект түрлерінде өз мүмкіндігіңше қоюға болады. Бұл бағдарламаның
басты қасиеттеріне тоқталатын болсақ:
Артықшылығы: Бейне таспадан бірден компьютер жадына жазуға болады,
*.avi болатын файлдарды бірден ашуға мүмкіндік береді. Бейне көріністі
бірнеше бөлімге бөліп тақырыпшалар арқылы да қарауға болады. Бейне
көріністер ойнатылып тұрған кезде қажетті жерлерін фото суретке
түсіріп,немесе керек бейне көрініс жерлерін кесіп алып қолдануға болады. Ол
сурет түрінде түседі. Бейне көріністер үстіне қойылған мәтіндер уақытын
көбейтіп азайтуға болады. Үлкен көлемді сақталған жалғаушысы *.avi болатын
файлдарды 4.7cb көлемде болатын DVD-R тасымалдаушы құралына автоматты
түрде өңдеп сыйғызады. Сонымен қатар тасымалдаушыға жазу кезінде уақытты
үнемді жұмсайды. Жазу кезінде диск көлемін қолданушының талабы бойынша
алады.
Кемшілігі: Фото суреттер арқылы монтаждау кезінде, немесе бейне файлдарды
монтаждау кезінде бір бөлімнен екінші бөлімге ауысу кезінде сәл кедергі
үзілістер пайда болады. Монтажталған файлдарды *.avi кеңейтілімі түрінде
сақтай алмайды. Өңделген бейне көріністерге мәтіндер теріп өңдеген кезде
мәтіндерді безендіру мүмкіндігі қолданушыға әдемі болып көрінбейді.
Көбінесе мәтіндер жоғары төмен, оңға, солға ғана қозғалыс берумен
шектеледі.Екі көрініс бірдей бір уақытта көрсетілмейді екеуі екі бөлім
терезесінен көрінеді.
InterVideo WinDVD Creator жұмыс терезесінің мәзірлер қатарынан
жаңа(Создать) батырмасын бассаңыз бейне бетті өңдеу жұмыс алаңы терезесінде
бейне өңдерін таңдау түрлерімен бірнеше қызметші батырмалар орналасқанын
көре аласыздар.
Барлық өңдік суреттер мен өңдік дыбыстық әуендер таңдалып қойылып
болғаннан кейін (Создать фильм) мәзірін орындау арқылы тасымалдаушы
дискілерге жазу мүмкіндігіне қол жеткіземіз.
5-сурет
Суретте көрсетілгендей осыдан келіп бейне көрінісіңізге керекті өңдер
түрін алып, егер қаламасаңыз өң таңдау батырмасы арқылы қалаған суретіңізді
қоя аласыз. Бейне ойнатқыш батырмасын басқанша таңдаған өңіңізге арнайы
әуен ойнатып қоюыңызға да болады.Әуенді де өң таңдау батырмасы сияқты
арнайы батырмадан таңдап қоя аласыз.Сонымен қатар бейненнің өзін бірнеше
бөлімдерге бөліп арнайы терезелермен де қосуға болады. Ал компьютерге
сақтаған кезде 1-минуттық бейне көріністің алатын орны 60.0 кб. Файл
кеңейтілімі *.wср болып сақталады. Бағдарламаның өзінде өңделіп сақталған
файлды басқа бағдарламалар аша бермейді. Тасымалдаушы құралдарға жазу
кезінде 4.7gb көлемді дискілерге 35-40 минут шамасынан аспайды. Бұл
бағдарламада қолданушы үшін ең тиімді жағы өңделген бейне көріністерді
қайтадан бейнетаспаға жібере алады. DVD-тасымалдаушы дискілерге жазу
кезінде бейне ақпараттардың уақыт көлеміне қарай отырып жазуға болады
Сондықтан көбіне өңделген бейне көріністерді тек тасымалдаушы дискілерге
ғана жазу үшін қолданған қолайлы болып табылады.
NERO бағдарламасының қасиеттері мен мүмкіндіктері.
NERO-бағдарламасының бірнеше версиялары бар, соның ішінде жұмыс істеуге
қолайлы да мүмкіндігі көп түрі ол NERO-ның 7-версиясы. Оның жалпы жүктеу
файлының көлемі 105мб ал компьютерден алатын орны 274мб.Біз неге бұл түрін
таңдап отырмыз деген сұраққа тоқталатын болсақ оның NERO VISION бөлімі
жұмыс жасау үшін өте қолайлы. Суретте NERO VISION жұмыс терезесі мен
қызметші мәзір батырмалары.
5-сурет
Бұл бағдарламамен де монтаждау жұмыстарын жасауымызға болады. Басқа
бағдарламалармен салыстырғанда кемшілігі монтаждау кезінде көлемі үлкен
файлдар көрініс немесе дыбыстық жолдарынан бір біріне сай келмей қалады. Ал
оның артықшылығы көлемі 15-20гб көлемді бейне файлдарды 4.7gb көлемді
дискіге сыйғызып жазады нәтижесінде файлдың бейне көрінісі, дыбыстық
файлдары ешқандай зақымданбайды. Монтаж жасау кезінде мәтіндік қозғалыстары
қолданушыға өте тартымды көрінеді. Дискіге жазу кезінде мүмкіндіктері өте
көп.
Ulead VideoStudio 8 бағдарламасының қасиеттері мен мүмкіндіктері.
Ulead VideoStudio 8 бағдарламасының орнатушы файлының көлемі 627мб
компьютерден алатын орнының көлемі 3881.00мб бұл бағдарлама негізінен ІЕЕЕ-
1394 құрылғысының стандартты бағдарламасы. Өйткені ол ІЕЕЕ-1394
құрылғысының орнатушы дискісінің ішінде қызметші бағдарлама ретінде
орналасқан. Басқа бағдарламаларға ұқсас бұл бағдарламамен де бейне
монтаждар жасаудың бірнеше мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламаның артықшылығы
бейне үзінділерінің арасына өту эффектілерін қойған кезде мұндағы
эффектілер қоры басқа бағдарламаларға қарағанда өте көп, және ол әр түрлі
тақырыптар бойынша көрсетілген. Суретте Ulead VideoStudio 8
бағдарламасының жұмыс алаңы бейнеленген.
6-сурет
Мұнда сонымен қатар суретте көрсетілгендей монтаждау кезінде тақырыпқа сай
арнайы бейне файлдар мен дайын суреттер қоры да пайдаланушыға көп жеңілдік
береді. Монтаждалған бейне файлдарды жазу кезінде бейне файлдың басында
немесе соңында қоятын арнайы бейнелік ойнатқыштары бар және оларға
қолданушы өз керегінше жазып мәтіндерін өзгертуіне де болады. Ал егер
монтаждалған файлды компьютер жадына сақтайтын болсақ онда *.
кеңейтілімі бар файл болып түседі. Тасымалдаушы құралдарға жазған кезде
бұл бағдарламада жұмыс жасау өте қолайлы уақытты үнемі пайдаланады. Бұл
бағдарламаның кейбір кемшіліктеріне тоқталсақ монтаждау кезінде бірнеше
бейне үзінділерді бір уақытта көрсете алмайды.
TitleDeko бағдарламасы.
Бұл бағдарлама көбінесе атына сай монтаждау кезінде мәтіндер жазып қою
үшін өте жиі қолданылады. Жалпы орнатушы файл көлемі 162 кб компьютер
жадында алатын орны 4.44мб. Мәтіндерді қолданушы өз қалауынша өңдеп өзгерте
алады бірақ бір кемшілігі жазылған мәтінге қозғалыстар енгізілмейді.
Суретте TitleDeko бағдарламасының жұмыс аймағы бейнеленген.
7-сурет.
Суретте бейнеленгендей қолданушы қаріптер түрін керекті түстерін қолымен өз
қалауынша таңдап қоя алады. Мәтінге дайын түстерден немесе қызметші
батырмалар, мен мәзірлерді пайдалана отырып түстерді өз қалауынша таңдай
алады. Бұл бағдарламадағы жұмысты аяқтап сақтау керек болған жағдайда
бағдарламада жасалған ақпараттар *.tga кеңейтілімі бар файл болып
түседі. Бұл кеңейтілімдегі файлды жиі қолданыстағы *.jpg кеңейтілімді
файлға ауыстырып содан кейін қолдануға болады.
Pinacle бағдарламасы.
Бұл бағдарлама басқа бағдарламаларға қарағанда өте кең көлемді, өте ауқымды
бағдарламардың бірі. Adobe Premiere Pro бағдарламасымен бірдей роль
атқаратын бағдарлама десе де болады. Алдыңғы бағдарламаларға қарағанда
мұндағы мүмкіндіктер өте көп, жоғарыда айтылған бағдарламалармен жұмыс
жасап білген адамға бұл бағдарламамен де жұмыс жасау аса көп қиындықтар
туғыза қоймайды. Бұл жұмыс істеу мүмкіндігі күрделірек болғандықтан оның
компьютерден алатын орны да ерекше ол 4.3гб орын алады.
8-сурет
Pinacle бағдарламасы жұмыс жасау мүмкіндіктері өте көп, Adobe Premiere
Pro
бағдарламасы тәріздес үлкен бағдарлама болғандықтан қолданушы бұл екі
бағдарламаның біреуін қарастырғаны дұрыс, өйткені бұл бағдарламалармен
қатар жұмыс жасау компьютер жұмысын тежейді. Қазіргі кезде монтажға
арналған бағдарламалардың саны өте көп, олай болса біз қазіргі кезде кең
қолданыста жүрген солардың ішіндегі ең нәтижелісі Adobe Primerе
бағдарламасы. Бұл бағдарлама 1991 жылы пайда болып, үстелдік компьютерлер
жүйесінде бейнемонтаж жасау бағдарламаларының озығы болды. Осы
бағдарламаның соңғы түрлері кәсіпқойлар үшін жасалып, қоданушыға
бейнемәліметтерді өңдеудің өте ыңғайлы құралдарын, жоғары сапасын және
өнімділігін ұсынады.
2 ADOBE PREMIERE PRO БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ.
2.1 Бейне материалдарды импорттау.
Premiere бағдарламасын қосқаннан кейін төменде көрсетілген суреттей
диалогты терезе пайда полады. Бұл терезеде, арнайы батырамаларды басып,
жаңа жоба құруға(New Project батырмасы), сақталған жобаны ашуға (Open
Project батырмасы), үстіңгі сол жақ бөлігіндегі сілтемелер арқылы соңғы
сақталған жобаларды ашуға болады, немесе мәлімет алу жүйесін ашуға (Help)
болады.
Жұмысымызды жаңа жоба жасаудан бастайық.
1. New Project батырмасын басыңыз, сол кезде төмендегідей терезе пайда
болады.Бұл терезе 2 бөлімнен тұрады: Load Preset (дайын орнатуларды
таңдау), Custom Settings (таңдамалы орнатулар).
2. Load Preset бөлімінің сол жақ Available Presets тізімінен DV - PAL -
Standart 32kHz (стандарты PAL цифрлік видео, 32 кГц стандартты дыбыс)
орнатуын таңдаңыз.
3. Төменгі жағында Browse... батырмасын басып, жобаның қай бумада
сақталатынын көрсетеміз және Name мәьіндік бөлігіне жобаның атын теріп
ОК батырмасын басыңыз
Жаңа жоба құрғаннан кейін, Premiere бағдарламасының негізгі терезесі
ашылады. Мұнда бірнеше енгізілген терезелер орналасады, олардың әр қайсысы
әр түрлі операцияларда қолданылады. Олардың ішінен ең бастылары:
▪ Project (Жоба) — жобаның құрамдары ораналасуы үшін;
▪ Timeline (Монтаждық стөл) — уақыт шкаласы бойымен орналасқан төрт
бұрышты блоктар түрінде көрсетілген фильмді құрайтын бөлек клиптарды
өңдеу үшін;
▪ Monitor (Монитор) — фильмді қарау үшін қолданылады;
Ескертпе: Клип дегеніміз бастапқы медиа-файлдардың (видео, дыбыс,
графикалық файлдар) құрамы.
Project терезесі фильмдер мен клиптердің қоймасы болып табылады, ал
қалған екеуі монтаждау процессінде қолданылады. Барлық үш терезелер өз
жағынан бөліктерге бөлінеді, ол терезенің үстіңгі бөлігінде көрсетіледі.
Үш негізгі терезелермен қатар, оң жақ төменгі бөлігінде палитра деп
аталатын қосымша терезелер көрсетіледі:
▪ History (Журнал) — соңғы орындалған әрекеттерді қарау үшін немесе
оларды кері қайтару үшін қолданылады;
▪ Info (Ақпарат) — белгіленген объектіге байланысты ақпаратты
көрсетеді.
▪ Effects (Эффектілер) - клиптарға байланысты әр түрлі эффектілерді
қолдану үшін арналған.
▪ Effect Controls (Эффектіні басқару) - қолданған эффектіні өзгерту
үшін арналған.
▪ Title Designer (Титрладың дизайнері) - титрларды жасау және өңдеу
терезесі.
▪ Audio Mixer (Дыбыстық микшер) - дыбыстарды өңдеу үшін арналған.
Premiere бағдарламасында монтаждау принципі бастапқы клиптарға
байланысты әрекеттерді орындауда негізделген.Ол әрекеттерді Tools
терезесінде орналасқан арнайы құрал арқылы орындайды.
Ескерту: Егер Premiere бағдарламасын қосқан кезде кейбір қосымша терезелер
көрсетілмесе, онда Windows менюін қолданыңыз.
Клиптарды импорттау
Premiere бағдарламасында фильмдер екі клиптардан, дыбыстық және бейне
жолдардан тұрады. Клиптарды жобада қолдану үшін керек бастапқы видео немесе
дыбыстық материалдар компьютерде сақталған болса, онда оларды импорттау
керек. Ол үшін:
1. File → Import командасын орындаңыз (немесе File → Import Recent File -
соңғы қолданылған клиптарды импорттау);
2. Пайда болған терезеден керек клипті тышқан арқылы көрсетіп, "Ашу"
("Открыть" немесе "Open") батырмасын басу керек.
3. Импортталған клип project терезесінің негізгі бөлігінде орналасады:
Терезедегі ерекшеленіп тұрған Орал монтаж.avi импортталаған файл.
Premiere бағдарламасына импортталатын файлдар форматтары:
▪ AVI, MOV, MPEG, Open DML, WMF - бейне файлдар;
▪ AIFF, MP3, WAV, WMA - дыбыстық файлдар;
▪ AI, PSD, BMPDIBRLE, GIF, ICO, PRTL, JPEG, PICT, TGA, TIFF, PCX,
FLCFLI - тұрақты графикалық файлдар;
▪ animated GIF, Filmstrip, PICT, TGA, TIFF. - тұрақты графикалық
файлдардың тізілімі немесе анимациялық-графикалық файлдар;
Клиптарды нөмірлеу (оцифровка)
Жобаға қажет клиптар әр қашанда компьютерде дайын медиа-файл күйінде
бола бермейді. Көбіне клиптар бейнетаспаларда немесе басқа да соған ұқсас
құрылғыларда орналасады. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардан
клиптарды енгізу процессі нөмірлеу деп аталады. Сыртқы құрылғы ретінде
бейнемагнитофон, бейнекамера немесе қазіргі заманғы цифрлік құрылғылар
болуы мүмкін.
Premiere бағдарламасында клиптарды нөмірлеудің келесі жолдары мүмкін:
▪ аппараттық бақылаусыз — сыртқы құрылғыда орналасқан клиптің
көрсетілуі немесе тоқтатылуы сол сыртқы құрылғының өзінде жүзеге
асырылады;
▪ ақпараттық бақылаудың көмегімен (device control) — сыртқы
құрылғыларды бақылауды Premiere бағдарламасының өзінде жүзеге асыру;
Premiere бағдарламасында клиптарді нөмірлеу қалай жасалатынын
қарастырайық:
1. Сыртқы бейнесигнал көзін нөмірлеу құрылғысы арқылы компьютерге
жалғаңыз.
2. Меню жолынан FileCapture (ФайлНөмірлеу) командасын орындаңыз..
3. Біраз уақыттан кейін Capture терезесі пайда болады:
4. Capture терезесінің менюінен керек нөмірлеу түрін таңдаңыз:: Record
Video (тек қана видеоны жазу), Record Audio (тек қана дыбысты жазу)
немесе Record Video and Audio (видео мен дыбысты жазу).
5.Сонымен қатар басқа да қосымша параметрлерді таңдауыңызға болады.
Capture терезесі екі бөлімнен тұрады:
▪ Logging (Формуляр) — ең негізгі атрибуттар орналасқан бөлім
▪ Settings (Установки) — нөмірлеу процессін реттеу бөлігі.
Logging бөлімі.
Clip Data (Клип мәліметтері) тобында клиптің келесі параметрлерін
көрсетуге болады:
▪ Clip Name (Клип аты);
▪ Таре Name (Бейнетаспа аты);
▪ Description (Сипаттама);
▪ Scene (Сцена);
▪ Shot Take (Түсіру);
▪ Log Note (Формулярларға қосымшалар).
Settings бөлімі.
Capture Locations тобында клиптің келесі параметрлерін көрсетуге
болады:
• Video - бейне мәліметтің қай бумаға жазылуын көрсетеміз.
• Audio - дыбыстың қай бумаға сақталатынын көрсетеміз.
Video және Audio параметрлерінің қасында орналасқан ашылатын тізім
арқылы бейне немесе дыбыстық мәліметтердің сақталатын бумаларын көрсетеміз
- My Documents (Мои документы бумасы), Same as Project (Жоба сақталған
бумаға), Custom (Таңдамалы) тізімнің жанындағы Browse батырмасы арқылы
керек буманы өзіңіз көрсетесіз.
Егер сіздің құрылғыңыздың аппраттық бақылау функциясы болмаса, онда
келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Capture терезесінің төменгі жағында орналасқан "Жазу" батырмасын
басыңыз.
2. Құрылғыдағы "Көрсету" батырмасын басыңыз.
3. Қажет клипті жазып болғасын "Тоқтату" батырмасын басыңыз
4. Пайда болған Log Clip (Клип формуляры) терезесінде клиптің атын
енгізіңіз.
5. ОК батырмасын басыңыз
Егер сіздің құрылғыңыздың аппараттық бақылау функциясы болса, онда
айтылып кеткен әрекеттердің тек екіншісін орындамайсыз. Өйткені ол әрекет
автоматты түрде орындалады.
Осыдан кейін цифрленген файл Settings бөлімінде көрсетілген бумада
пайда болады, ал Capture терезесі келесі клипті нөмірлеуге дайын болады
және алдында көрсетілген клиптің аты келесі клиптерге орнатылады. сонымен
қатар, цифрленген клип автоматты түрде жоба қоймасына орналасады.
2.2 Импортталған бейне көріністерді өңдеу
Timeline, monitor терезелері және tools саймандар панелі
Timeline (Монтаж стөл) терезесі бастапқы клиптардан фильмді өңдеп
шығару үшін қолданылады. Бұл терезеде клиптар шартты түрде, сызғыш шкаласы
бойымен орналасқан тік төртбұрыштар ретінде көрсетіледі. Клиптің сызғыш
шкаласы бойымен орналасу орны мен ұзақтығын анықтау арқылы біз оның фильмде
орналасуын және ұзақтығын көрсетеміз.
Ағымдағы кадр арқылы Timeline терезесі Monitor терезесімен тығыз
байланысты.Ағымдағы кадр Timeline терезесінде қызыл сызықша түрінде
көрсетілген, ал сол кадр Monitor терезесінің оң жақ бөлігінде көрсетіледі.
Timeline терезесімен тағы да бір Premiere бағдарламасының элементімен тығыз
байланысты, бұл - Tools саймандар панелі. Timeline трезесінде фильмді өңдеу
әрекеттері, қандай құрал таңдалғанына байланысты. Tools панелінің ішінен
көбіне қолданылатындары - Selection (Таңдау) фильм ішінде клиптарды таңдау
үшін және қозғалту үшін пайдалынады, Razor (Пышақ) клиптарды кесу үшін
қодланылады.
Timeline терезесінде бейне және дыбыстық клиптарды орналастыру үшін
тректер, немесе жолдар болады. Тректердің санын керек кезде өзгертуге
болады.
Суреттегі Video 3, Video 2, Video 1,-жолдары бейне тректер
Audio 3, Audio 2, Audio 1,-жолдары дыбыстық тректер
Әр бейнетрек (видеотрек) өз деңгейінде орналасады. Бейнетректерге
анимациялық клиптарды, тұрақты графиканы немесе т.с.с орналастыруға болады.
Төменгі деңгейдегі трек (Мысалы Video 1) фондық трек болып есептеледі.
Timeline терезесінде қандай да бір клипке әрекеттер орындаңыңыз келсе,
ол міндетті түрде белгіленуі (таңдалуы) тиіс. Тректі белгілеу үшін, клипке
тышқанмен бір рет бассаңыз болғаны. Белгіленген трек басқаларынан түсімен
ерекшеленеді. Белгілеуді алып тастау үшін, кез келген тректің клип
орналаспаған жеріне тышқанды бір рет басу керек.
Тректерді жою
Жаңа жоба бастаған кезде Timeline терезесінде белгілі бір мөлшерде
тректер орналасады. Соңынан, керек болған кезде, тректер мөлшерін көбейтуге
немесе азайтуға болады Тректі жою үшін, клип белгісіне оң жақ батырманы
басып, контексті менюден Delete Tracks командасын таңдаңыз.
Пайда болған Delete Tracks терезесінен тректерді жоюдың келесі
параметрлерін таңдай аласыз:
Бейне тректі жою үшін Delete Video Track(s), ал дыбыстық тректі жою
үшін Delete Audio Track(s) параметрін қосу керек. Әр параметрдің астыңғы
бөлігінде ашылмалы тізім орналасқан. Оның ішінен All Empty Tracks командасы
таңдау арқылы бүкіл бос тректерді көрсетесіз, ал Target Tracks командасы
арқылы таңдалған тректі көрсетесіз. Көрсетілген тректерді жою үшін ОК
батырмасын басыңыз.
Жаңа тректі қосу
Жаңа тректі қосу үшін:
1. Контексті менюден Add Tracks командасын таңдаңыз.
2. Пайда болған Add Tracks терезесінен бейне және дыбыстық тректердің
керек мөлшерін енгізіңіз
3. Әр клип үшін енгізу орнын көрсетіңіз.
4. ОК батырмасын басыңыз
Тректің атын өзгерту
Timeline терезесіндегі тректер тек қана Video I, Video 2, Audio 1 және
т.с.с.аттармен атала бермейді, сонымен қатар басқа да аттарды енгізуге
болады. Тректің атын өзгерту үшін трек белгісіне оң жақ батырманы басып,
контекстті менюден Rename командасын таңдау керек. Содан кейін тректің аты
орналасқан жерде, атты өзгертуге мүмкіндік беретін, курсор пайда болады.
Суретте Video 3 трегі Uralsk деп өзгертілгені бейнеленген.
Фильмді монтаждау үшін әуелі жаңа жоба жасап, оған бірнеше клиптарды
импорттап алу керек. Project терезесінен клиптарды фильмнің белгілі бір
жеріне қою үшін, оларды Timeline терезесіне тасымалдау керек. Premiere
бағдарламасында монтаждау принципі өте қарапайым. Фильм Timeline
терезесінде бөлек-бөлек төрбұрыштардан құрастырылады, ал өз жағынан, сол
төртбұрыштар клип даналары болып келеді. Әр бір клип үшін негізгі мәлімет
болып, клиптардың бастапқы және соңғы бөліктері болып табылады.
Timeline терезесінде клиптарды таңдау (белгілеу)
Timeline терезесінде кез келген бір клипті таңдау үшін, оған тышқанмен
бір рет бассаңыз болғаны.
Ал енді, бірнеше клиптер тобын таңдау үшін, Timeline терезесінің кез
келген бос жеріне тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, тіктөртбұрышты
белгілеу аймағын салу керек. Төртбұрыштың шекарасына тиісілі клиптер
белгіленеді.
Timeline терезесінде клиптерді іріктеп таңдаңыңыз келсе, Shift
клавишасын ұстап тұрып, керек клиптарды тышқанмен кезек-кезек басу керек.
Timeline терезесіне клиптарды тасымалдау.
Бұл, фильмдерді клипке енгізудің қарапайым да сенімді тәсілі, өйткені
сіз Timeline терезесінде клипті фильмнің қай жеріне (қай уақытта)
орналастырып жатқаныңызды көресіз.
Project терезесінен Timeline терезесіне клиптарды тасымалдау үшін:
1. Project терезесінен керек клипті тышқанмен бір рет басып таңдап
алыңыз.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Timeline терезесіне
тасымалдаңыз.
3. Timeline терезесінде клипті керек жерге апарып, тышқанның батырмасын
жіберіңіз.
Timeline терезесіне бастапқы клипті бірнеше рет тасымалдауға болады,
олар бастапқы клиптің даналары болып келеді. Timeline терезесінде
орналасқан клиптің соңына қарай басқа клипті апарған кезде, бағдарлама
тасымалдап жатқан клипті орналасқан клиптің дәл соңына автоматты түрде
секіртеді (привязка). Сол сияқты орналасқан клиптің басына жаңа клипті
апарған кезде де секіру орындалады.
Клиптерді тасымалдаған кезде, оның орналасу жерін алдын-ала таңдап
алуға болады. Ол үшін Timeline терезесіндегі ағымдағы кадр маркерін
(вертикалді қызыл түзу) уақыт шкаласы (сызықша) бойында керек орынға қойып
аламыз. Клипті тасымалдаған кезде, оның басы немесе аяғы маркерге автоматты
түрде секіреді.
Timeline терезесінде бейне мен дыбыстың байланысы
Видео клиптер негізінен екі клиптердің қосындысы болып табылады -
бейне және дыбыстық. Мұндай клиптерді тасымалдаған кезде, олардың екі
құраушысы бір-бірімен байланыста болады. Дәлірек айтқанда екі құраушысының
біреуін қозғалтсақ екіншісіде бірге қозғалады немесе екеуінің біреуін
жойсақ келесісіде жойылады. Бұндай байланыстың кей жағдайда керігі болмауы
мүмкін. Мысалы, видеоның тек бейнесі немесе дыбысы ғана керек болған кезде.
Тасымалданған клиптің дыбысы мен бейнесінің арасындағы байланысты жою үшін,
клип белгісінің кез келген жеріне тышқанның оң жақ батырмасын басып,
ашылған контекстті мәзірден Unlink Audio and Video командасын таңдаңыз.
Команда орындалғаннан кейін, бейне мен дыбыстың арасында байланыс үзіледі,
енді екеуін бөлек өңдеуге болады.
Ал кері жағдайда, яғни дыбыс пен бейнені байланыстырғыңыз келсе, онда
керек дыбыс пен бейне клиптерді белгілеп, контекстті менюді шақырып, одан
Link Audio and Video командасын таңдаңыз.
Timeline терезесінде клиптардың ұзақтығын реттеу.
Фильм ішіндегі клиптердің ұзақтығы дегеніміз - фильмде сол клип қанша
уақыт көрсетіліп тұратындығы аталады.
Айта кететін нәрсе, бейне және дыбыстық клиптардың даналарының ұзақтығынан
аса алмайды, яғни бұлардың ұзақтығын бастапқыдан тек қысқартуға болады.
Мысалы, бастапқы клиптің ұзақтығы 5 мин. болса, онда оның даналарының
ұзақтығы 5 мин. артық бола алмайды. Ал тұрақты графикалық клиптармен
(мысалы, суреттер немесе фотосуреттер) басқаша жағдай, оларды қанша уақытқа
ұзартқыңыз немесе қысқартқыңыз келсе өз еркіңіз.
Клиптердің ұзақтығын өзгерту үшін, олардың белгілерінің сол жақ және оң жақ
қабырғаларына тышқанды апару керек. Сол кезде тышқанның бейнесі өзгереді.
Осыдан кейін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, оңға солға
қозғалтудың арқасында клиптің ұзақтығын өзгертеміз:
Клиптерді кесу.
Клиптерді кесу - клиптің керек емес жерін алып тастау үшін немесе
белгілі бір бөлігіне өзгертулер жасау керек болған кезде қолданылады.
Тректегі клипті кесу үшін:
1. Razor құралын таңдаңыз
2. Клиптің кескіңіз келген жерінен тышқанмен басыңыз.
Razor Құралының қолдануының қортындысында клип екі клипке бөлінеді..
Бірінші клиптің соңы және екінші клиптің басы болып жаңағы кесілген жер
болады.
Timeline терезесінде клиптардың жылдамдығын реттеу.
Кейде фильмді монтаждаған кезде, оның кейбір клиптарының жылдамдығын
(жылдамдығын азайту немесе кбейту) өзгерту керек болады. Ол үшін керек
клипке тышқанның оң жақ батырмасын басып, пайда болған контекстті менюден
SpeedDuration командасын таңдау керек. Осыдан кейін келесі терезе пайда
болады:
Бұл терезеде:
• Speed - клиптің жылдамдығы пайыз түрінде көрсетіледі. Мысалы, клип
жылдамдығы 200% пайыз болса, онда ол екі есе тез ойнатылады
• Duration - клиптің жылдамдығы уақыт түрінде көрсетіледі.
• Reverse Speed - клипті керісінше ойнату үшін қосылатын параметр.
• Maintain Audio Pitch - жылдамдықты өзгерткен кезде дыбыс жиілігінің
өзгермеуі үшін қосылатын параметр
Timeline терезесінде клиптарды жою
Timeline терезесінде клиптарды жою үшін, керек клиптарды белгілеп,
Delete немесе Backspace батырмасын басыңыз. Мұндай тәсілмен жойған кезде,
жойылған клиптің орнында бос ара қалып қояды.
Егер жойған кезде бос орын қалмасын десеңіз, клипке тышқанның оң жақ
батырмасын басып, контекстті менюден Ripple Delete командасын таңдаңыз:
Ripple Delete командасын орындағаннан кейін жойылғаннан клиптан кейінгі
клиптер бос орынды толтырады. Бос орын қалып қойған жағдайда, дәл жаңағы
айтылған тәсілдегідей жойылады.
Стоп-кадрлар
Кей жағдайда фильмде белгілі бір кадрды бірнеше уақытқа тоқтатып қою
керек болады. Бұл кадрды стоп-кадр деп атайды. Бұл әрекетті орындау үшін
Premiere бағдарламасында стоп-кадр ретінде түгел клипті қолданамыз. Басқаша
айтқанда, клип ойнатылу уақыты бойымен сол клиптің тек бір кадры ғана
тұрады.
Стоп-кадрды жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Керек клипті таңдап алыңыз
2. Контекстті менюден Frame Hold командасын таңдаңыз:
3. Ашылған Frame Hold Options терезесінде Hold On параметрін қосыңыз.
4. Ашылатын тізімнен стоп-кадр болатын клипті таңдаңыз:
o In Point (Клип басы);
o Out Point (Клип соңы).
5. ОК батырмасын басыңыз.
Timeline терезесінде дыбысты монтаждау
Дыбысты Timeline терезесінде монтаждау принциптері, осының алдында
өткен бейне клиптарды монтаждаумен бірдей. Тек бейнеклиптерді монтаждауға
байлынысты әрекеттерден басқалары.
Premiere бағдарламасында әр түрлі қасиеттері бойынша мынадай дыбыстық
клиптар бар:
• моно (mono) — тек бір дыбыстық каналы бар;
• стерео (stereo) — екі дыбыстық каналы барс (оң және сол жақ)
• 5.1 — алтыканалды дыбыс (екі алдыңғы, екі артқы және ортаңғы каналдар,
сонымен қатар бір төменгі жиілікті канал - сабвуфер);
Дыбыстың дауысын өзгерту (бәсеңдету немесе күшейту).
Дыбстың күшею коэффиценті (audio gain) дыбыс амплитудасының бастапқы
дыбыстық файлға байланысты өзгеруін көрсетеді, ол децибел (дБ) түрінде
көрсетіледі. Мысалы, 0 дБ ол дыбыстың нақты деңгейі. Оң мәнді коэффиценттер
дыбыстың күшеюн, ал теріс мәндері - төмендеуін көрсетеді. Дыбыстың күшею
коэффицентін өзгерту үшін:
1. Timeline терезесінде дыбыстық клипке тышқанның оң жақ батырмасын
басыңыз..
2. Ашылған контекстті менюден Audio Gain параметрін таңдаңыз:
3. Пайда болған Clip Gain терезесінен дыбыстың күшею коэффицентін
өзгертіңіз:
4. Clip Gain терезесінің ОК батырмасын басыңыз.
Ескерту: Күшею коэффициентін -96 бастап 96 дБ дейін өзгертуге болады.
Бірақ дыбысты күшейткеннен кейін оның сапасы төмендеп кетуі мүмкін. Мұндай
жағдайда Clip Gain терезесінің Normalize батырмасын басыңыз.
Дыбыс күшін біркелкі азайту немесе көбейту
Фильмді ойнату барысында фондық дыбысты кей жерде бәсеңдету немесе
күшейту керек болады.Мұндай әрекеттерді орындау үшін арнайы дыбыстық
реттеуіш (volume rubberband) және кілттік кадрлар (keyframe rubberband)
қолданылады.
Дыбыс күшін біркелкі өзгерту үшін:
1. Дыбыстық тректі ашыңыз:
→
2. Дыбыстық трек белгісінің Show Keyframes батырмасын басып, ашылған
менюден Show Clip Volume командасын таңдаңыз:
→
3. Сол кезде дыбыстық тректе баулық реттеуіш пайда болады (горизонталды
сары түсті сызық):
4. Tools саймандар панелінен Pen құралын таңдаңыз:
5. Баулық реттеуіш бойымен Ctrl батырмасын ұстап тұрып, тышқанды басу
арқылы бірнеше кілттік кадрларды енгізіңіз:
6. Баулық реттеуіште пайда болған кілттік кадрларды тышқан арқылы жоғары
төмен тасымалдаңыз:
Барлық талаптар орындалғаннан кейін суреттегі нәтиже пайда болады.
Енді клипті ойнатқан кезде, ағымдағы кадр маркері төменгі деңгейдегі
кілттік кадрға қарай қозғалса, дыбыстың бәсеңдегенін, ал керісінше -
жоғарлағанын байқаймыз.
Кілттік кадрларды жою үшін, Tools саймандар панелінен Pen немесе Select
құралын таңдап, қай кілттік кадрды жойғыңыз келіп тұр соны белгілеп, Delete
батырмасын басыңыз.
Эффектілер және тирлар
Premiere бағдарламасының негеізгі ерекшелігі — арнайы эффектілердің кең
түрлері. Олар арқылы көрнікті, шытырманды фильмдер құруға болады.
Эффектілердің түрлері
Әр түрлі сипаттамалары бойынша Premiere бағдарламасында эффектілерді келесі
типтерге бөлуге болады:
▪ клиптар арасында ауысу;
▪ мөлдірлік (прозрачность) эффектісі және бейне клиптерді біріне-бірі
қою;
▪ клиптарды масштабтау және анимациялау;
▪ бейнесуреттерді өңдеудің сан-алуан алгоритмдерінің жиынтығы.
Қолданылуы жағынан эффектілердің келесі топтары бар:
• Presets - алдын ала орнатылған дайын эффектілер;
• Audio Effects - дыбыстық клиптерге байланысты эффектілер;
• Video Effects - бейне клиптерге арналған эффектілер;
• Video Transitions - бейне клиптар арасында ауысуларды орнату үшін
арналған эффектілер.
Сонымен қатар эффектілердің стандартты, енгізілген түрлері бар. Оларға
клиптің өлшемін (Scale), орнын (Position), айналу бұрышын (Rotation),
мөлдірлігін (Opacity) және дауыс деңгейін (Volume) реттейтін эффектілер
жатады.
Эффектілермен жұмыс істеу үшін Premiere бағдарламасында екі арнайы
енгізілген терезелер қарастырылған— Effects (Project терезесінің элементі)
және Effect Controls (Монитор терезесінің элементі).
Эффектілер клиптерге Effects терезесі арқылы орнатылады, ал Effect
Controls терезесі арқылы сол эффектілерді өзгертеміз. Timeline терезесінде
бір де бір клип белгіленбесе, онда Effect Controls терезесі бос болады.
Timeline терезесінде қандай да бір клипті белгілесеңіз, сол клип бойынша
Effect Controls терезесінен орнатылған клиптер бойынша ақпарарт аласыз.
Эффектілерді енгізу, қолдану
1. Effects терезесінде орналасқан эффектілер тізімінен керек эффектіні
таңдап, Timeline терезесінде орналасқан керек клип белгісіне
тасымалдаңыз:
Орнатылған эффект Effect Controls терезесінде пайда болады.
Ескерту: Эффектілерді орнатқан кезде, буйне клиптерге байланысты
эффектілерді бейне клип орналасқан тректерге, ал дыбыстық эффектілерді
дыбыстық тректерге орналастыру керек. Егер клипке бірнеше эффектілер
қолданса, онда олар Effect Controls терезесінде орналасқан тәртіп бойынша
орындалады. Бұл тәртіпті өзгерту үшін, қарапайым тасымалдауды орындаймыз.
Орнатылған эффектілердің параметрлерін өзгерту.
Басында айтылғандай орнатылған эффектілер Effect Controls терезесінде
орналасады. Сонымен қатар Effect Controls ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz