Мәліметтер базасының жалған аты параметрлерінің терезесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

МББЖ дегеніміз бағдарламалық қамтама. Бұның арқасында қолданушылар
деректер базасын (ДБ) анықтай, құрай және қолдай алады, сонымен қатар оған
қатынасты бақылай алады.

МББЖ ортасының компоненттері
1 суретте көрсетілгендей МББЖ ортасынан келесі 5 негізгі компоненттерді
бөлуге болады:

КӨПІР
Компьютер Адам

Сурет 1 – МББЖ ортасының компоненттері

Аппараттық қамтама. МББЖ мен жұмыс істеу үшін кейбір аппараттық қамтама
керек. Ол өте кең шектрде вариациялана алады – дара дербес компьютерден
және көп компьютерлерден тұратын желілерге дейін. Қолданылып жатқан
аппараттық қамтама қолданылып жатқан МББЖ-ға және организацияның
талаптарына тәуелді. Кейбір МББЖ-лер тек қана нақты аппараттық қамтамаға
немесе құралға орналған, ал басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалармен
және ОЖ-мен жұмыс істей алады. МББЖ мен жұмыс істеу үшін әдетте минимум
оперативтік және дискілік жады жеткілікті болады (бірақ ол жүйенің керекті
өнімділігіне жеткізе алмайды).
Бағдарламалық қамтама. Бұл компонент МББЖ-ң өзінің бағдарламалық
қамтамасын және қолданбалы программаларды қамтиды. Әдетте қосымшалар С,
COBOL, Fortran, Ada немесе Pascal деген сияқты үшінші буынды тілдерде
немесе SQL сияқты 4-ші буынды тілдерде құрылады. Дегенмен, МББЖ өзі 4-ші
буынды құрал-саймандарға ие бола алады. Олардың арқасында ол өзі
қосымшаларды тез жасай алады.
МӘЛІМЕТТЕР. МББЖ ортасының ең маңызды компонеттернің бірі – мәліметтер
болып табылады. Мәліметтер компьютер мен адамның арасындағы көпірдің рөлін
ойнайды. ДБ жұмыс мәліметтерін сақтау мен қатар мәліметтерді де сақтайды,
яғни мәліметтер туралы мәліметтер.
Процедуралар. Процедураларға нұсқаулар мен тәртіптер қатысты. Олар ДБ
қолданған және құрастырғанда мәнге алыну керек.
Қолданушылар. Қолданушылар ДБ-ң клиенттері болып келеді. Өйткені ДБ-сы
олардың ақпараттық мұқтаждығын күтуі үшін құрылады, проектеледі және
қуатталады.
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын
талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және
монипуляциялауды іске асырады.
Деректер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға
қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте
деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер
сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық ДББЖ ( деректер база–сын
басқару жүйесі ) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы
локальдік және клиент-серверлік деректер базасын құрып, және оның ішінде
жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын
қолданба құруға мүмкіндік береді .
DELPHI-ді кәдімгі ДББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының
болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды.Сондықтан ол басқа ДББЖ
кестелік форматын қолданады . Мысалы : dBase, Paradox, InterBase.
Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған
форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI
мүмкіншіліктері арнайы ДББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде
олардан асып та тұрады.

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛымы ЛОРгшщзшг

Тақырыбы: “ Жүргізушінің жүргізу куәлігі мен тех.паспорт ”

Тех. байқау пәндік облысында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін қосымша
құру.

Жұмыс жетекшісі _________ Рахатова Қ.

Жұмысты орындауға қабылдаған студент _______ Бибекова Ж.Д.

Тапсырманы орындауға қабылдап алған күні "___" ___________ 2007 ж.

Аяқталған жұмысты қорғау күні "____"___________2007ж.

2 ЕСЕПТІҢ АЛГОРИТМІ

1. Жүргізушінің жүргізу куәлігі мен тех.паспорт тақырыбын ашатын
Водитель, Машина және Техосмотр объектілерін таңдау;
2. Таңдалған объектілерге сәйкес мәліметтер жинау;
3. Объектілерді зерттеп, атрибуттарын анықтау;
4. Мәліметтер базасымен жұмыс істеуді ыңғайлы ету үшін,формалар және
статистикалық мәліметтері бойынша есеп беруді құрамыз.
5. Мәліметтер базасымен тез әрі эффективті жұмыс істеу үшін, қолданушы
менюын құрамыз.
6. Delphi ортасында зерттелген объектілер бойынша мәлімметтер базасын
құру.

3 Теориялық бөлім

3.1 BDE Administrator

Құрылатын мәліметтер базасы компьютердің директориясында болуы керек.
Директорияны компьютерде, серверде, түбір каталогта немесе ішкі каталогта
құруға болады, мысалы :
1) C :\ Constant ;
2) C :\ \ \ ... .\ Constant .
Paradox, dBase және FoxPro форматында құрылған МБ-сы (немесе МБ
кестелері ) МББЖ -нің жергілікті режимінде жұмыс істейді.
МББЖ технологиясында МБ атауына жалған аты беріледі, сонда МББЖ
программалары жалған аты арқылы іске асырылады.
BDE Administrator утилиті Delphi – мен байланыста болуы тиісті.
МБ – құруда алғашқы қадам компьютердің С:\ немесе D:\ дискілерінде
өзіміздің жұмысымызды сақтау үшін директория құрудан
басталады.
Delphi –де МБ тіркеуі BDE Administrator утилитінің көмегімен іске
асырылады. Сондықтан біздің "C :\ Constant " BDE Administrator - да іске
асырылады.
BDE Administrator екі варианттың қолдауында жүреді :
1. Windows жұмысшы столына тікелей :
Пуск Программы Borland Delphi 7 BDE Administrator
2. Алдымен Delphі-дің негізгі модулі жіберіледі, ол экранның IDE-нің
жоғарғы қатарында Delphі-дің басты менюінде орналасқан.
DateBase менюін ашамыз және одан Exproler командасын таңдаймыз. Осы
командамен BDE Administrator утилитін жібереміз.Жібергеннен кейін келесі
амалдар орындалады:
Негізгі менюден Object New элементі таңдаймыз. Көрінген терезеде (Сурет –
2) МБ – ның құрылған типін (Standard) өзгеріссіз қалдырып ОК батырмасын
басамыз. Администратормен терезенің сол жағында Standard1 терезесін
көреміз. Оны Kiidir атымен өзгертеміз. Ол үшін МБ атына тышқанды шертіп,
жаңа мәтін енгіземіз.

Сурет – 2 Мәліметтер базасының драйвер типін таңдау терезесі
Оң жақ терезеде МБ параметрлері келтірілген. Оларды өзгеріссіз
қалдырамыз да, тек соңғы параметрін өзгертеміз. Бұл параметр МБ орналасқан
каталогқа жолды енгізу үшін жол сілтейді. Жолды енгізу үшін PATH өрісін
шертіп оң жақта пайда болған батырманы басып, D:\kid каталогын таңдап
ОК батырмасын басамыз (Сурет 3). Енді жалған атының анықталуын есте
сақтауымыз керек, ол үшін сол жақ терезеде тышқанның оң жақ батырмасымен
жалған аты атын шертеміз және Apply элементін менюден таңдаймыз. Пайда
болған диалогты терезеде жалған атының өзгертулерін сақтаймыз да, ОК
батырмасын басуымыз керек.
Сонымен BDE Administrator утилитінен шығуымыз керек. Содан соң жалған аты
құру аяқталады. Енді оған басқа утилиттерден хабарласуға болады. Бірақ МБ
жалған аты бар каталог әлі бос. Сондықтан мәліметтер базасының кестесін
құру керек.

Сурет 3 - Мәліметтер базасының жалған аты параметрлерінің терезесі

3.2 Database Desktop

Мәліметтер базасының кестелерін құру үшін Database Desktop (DBD) (
Пуск Программа Borland Delphi 6 Database Desktop ) утилитін жіберу
қажетті. Утилит жіберілуінен кейін жұмысшы жалған аты утилитін орнатамыз.
Бұл жалған аты автоматты түрде жұмыс істейін утилит. Егер жұмысшы жалған
аты орнатылмаса, онда DBD жұмыс істеген сайын жалған атты көрсетіп отыру
керек, бұл уақытты көп алады.
Жұмысшы жалған атын орнату үшін бас менюдан File Working Directory
элементін таңдау керек және Aliases түсетін тізімінде жалған атын
Constant1-ді таңдау , одан кейін Ok батырмасын басу керек. Бас менюдан
File New Table таңдаймыз, осыдан кейін МБ кесте структурасының
анықтама терезесі пайда болады.(4-сурет)

Сурет 4- Database Desktop утилиті: МБ кестесінің құрылымын анықтау
терезесі

Сурет 5 - Өріс алаңын таңдау

"Рейс" кестесіне кіруші өрістерін анықтаймыз. Field Name бағанына
материалдар енгіземіз. Өріс типін анықтау үшін, Type бағанасында тышқанның
оң жақ батырмасын басыңыздар. Бұған жауап ретінде керек өріс типін таңдау
үшін өріс типінің тізімі шығады. ( сурет-5).
СУБД Paradox барлық мүмкін типтері 6-суретінде келтірілген.
Paradox пішімінің өрістер типі.
➢ Alpha – кез келген басылатын символдан тұратын, ұзындығы 1-255
байттық жол;
➢ Number – мағынасы оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық
сандық өріс. Сандар диапазоны – 10- нен 10- ге дейін;
➢ $ Money - мағынасы оң және теріс болуы мүмкін сандық өріс. Ондық
нүкте мен ақша белгісін бейнелеу үшін келісім бойынша пішімделген
болып табылады.
➢ Short – тек қана - 32768- ден 32767- ге дейінгі диапазонындағы
бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 2 байттық сандық өріс.
➢ Long Integer – -2147483648- ден 2147483648- ге дейінгі
диапазоныдағы бүтін сандардан тұратын және ұзындығы 4 байт болатын
сандық өріс.
➢ # BCD – BCD (Binary Coded Decimal) пішімінің деректерінен тұратын
сандық өріс. Басқа сандық өрістерге қарағанда есептеу жылдамдығы
аз, бірақ нақтылығы жоғары. Ондық нүктеден кейін 0 мен 32
сандарының аралығындағы сандарды қабылдауы мүмкін.
➢ Date – біздің заманымызға дейінгі 9999- шы жылдың 1- ші
қаңтарынан біздің заманымыздың 9999- шы жылының 31- ші
желтоқсанына дейінгі даталардан тұратын , ұзындығы төрт байттық
даталар өрісі.
➢ Time – миллисекундтан түнжарымына дейінгі уақыттан тұратын және де
24 сағатпен шектелген, ұзындығы төрт байттық уақыт өрісі.
➢ @ Timestamp – уақыт пен даталардан тұратын, ұзындығы 8 байттық
жалпылама даталар өрісі.
➢ Memo – ұзындықтарының қосындысы 255 байттан аспайтын және де
символдарды сақтау үшін қолданылатын өріс. Бұл өріс кез келген
ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін
өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады,
ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады.
➢ Formatted Memo – бұл Memo- ға өте ұқсас өріс. Өрістің Memo- дан
бір артықшылығы – мәтіннің қарібін беру мүмкіндігі.
➢ Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Бұл өріс
кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде
көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын
қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда
сақталады. Бұл өріс Inter Base- тегі BLOb өрісіне өте ұқсайды.
➢ Bytes – кез келген деректерден тұратын, ұзындығы 1-255 байттық
сандар жолы.

dBase пішімінің кестелер өрісі келесідей өрістерді қабылдауы мүмкін:

➢ Character (Alpha) – кез келген баспалық символдардан тұратын,
ұзындығы 1-254 байттық жол;
➢ Float (Numeric) – мәндері оң және теріс болуы мүмкін пішімдегі
өлшемі 1-120 байттық сандық өріс. Бұл өте үлкен шамалардан тұрады.
Сондықтан бұл өрістермен жұмыс жасаған кезде шамаларды
дөңгелектеудің салдарынан болатын қателерді қадағалап отыру керек.
Ондық нүктелерден кейінгі цифрлардың саны бүкіл өрістің өлшеміне
қарағанда 2-ге кем болу керек;
➢ Number (BCD) – BCD пішіміндегі деректерден тұратын өлшемі 1-20
байттық сандық өріс. Сандық өлшемдерге қарағанда бұл өрістің
есептеу жылдамдығы бірнеше төмен болғанымен, нақтылығы біршама
жоғары. Ондық нүктелерден кейінгі сандардың саны бүкіл өрістің
өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу керек;
➢ Date – ұзындығы 8 байттық даталар өрісі. Келісім бойынша қысқа
даталар пішімі қолданылады (Short Date Format);
➢ Memo – ұзындықтарының жалпы қосындысы 255 байттан аспайтын және
символдарды сақтау үшін қажетті өріс. Өріс кез келген ұзындықты
қабылдауы мүмкін. Бұл өріс жеке файлдарда сақталады. DateBase
Desktop-тың деректерді Memo типті өріске қоюға мүмкіндігі жоқ;
➢ OLE - өзінің өңделуі кезінде өзін құраған қолданбаларды шақыратын
дыбыс, бейне, құжаттардан, яғни OLE деректерінен тұратын (Object
Linking and Embedding) тұратын өріс. Бұл өріс те жеке файлдарда
сақталады және кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін;
➢ Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Берілген
өріс DBT кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады және кез келген
ұзындықты қабылдауы мүмкін. Бұл InterBase-тегі Blob өрісінің толық
аналогы;

InterBase пішімінің кестелер өрісі төмендегідей типтерді қабылдауы
мүмкін:
➢ Short – тек қана -32768-ден 32767-ге дейінгі диапазонындағы бүтін
сандардан тұратын ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;
➢ Long – -2147483648-ден 2147483648-ге дейінгі диапазонындағы
бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;
➢ Float – мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 4 байттық
сандар өрісі. Сандар диапазоны 3.4*10-нен 1.7*10-не
дейінгі мәні 7 символдық сандарды қамтиды;
➢ Double – мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық
сандар өрісі. Бұл өрістің ұзындығы пиктограммаға байланысты және
сандар диапазоны 1.7*10-нен 1.7*10-не дейінгі мәні 15
символдық сандарды қамтиды;
➢ Array – деректер жиымдарынан тұратын өріс. InterBase 16-лық
өлшемдегі жиымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Өріс кез келген
ұзындықты қабылдауы мүмкін. DateBase Desktop-тың Array типті
өрістерді редакциялауға, сонымен қатар оларды құруға да
мүмкіншілігі жоқ;
➢ TextBlob – тек қана мәтіндік мәліметтерден тұратын Blob өрісінің
бағыныңқы типті өрісі. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін.
DateBase Desktop-тың TextBlob типті өрісті редакциялауға
мүмкіншілігі бар.

Kod алаңы типін анықтау үшін, Long Integer таңдаймыз. Key бағанына
жұлдызшаны қоямыз. Осы өрістің құрамына алғашқы кілттің енетінін білдіреді.
Ол үшін клавиатурадан кез келген символды басамыз.
Кесте-мастері алғашқы кілтіпен индекстеледі.
Voditel кестесінің басқа бағаналарына анықтамалар енгіземіз
(Сурет-9).

Сурет 9 - Voditel кестесінің құрылымын анықтау

Есеп шарттарына сәйкес берілген кестенің барлық өрістері
толтырылуы тиісті . Бір өрістен екінші өріске өту үшін Required Field
ауыстырып-қосқыштарын іске қосамыз. Басқа өрістер мағынасына шек салу үшін
қызмет етеді :
• Minimum value - өрістің ең аз мәнін анықтайды;
• Maximum value - өрістің барынша үлкен мәнін анықтайды;
• Default value – өріс мәнін келісім бойынша анықтайды
Picture – өрістің бейнелеу шаблонын анықтайды . Шаблон құру үшін Assist
батырмасын басу керек. Бір өрісте мәннің болмауы өрістің шектелген мәнінің
қойылмағанын білдіреді.
Кестелерді толтыру және есте сақтау.Кесте құрлымын конструкциялағаннан
кейін Database Desktop-та кестені толтыруға болады. Кестені орыс
алфавитінде толтыру мүмкін болмауы мүмкін, онда латын алфавитін пайдалануға
болатынын атап өтейік.
Содан соң С:\kid каталогында құрылған кесте ( Voditel ) аты анықтағаннан
кейін Voditel файлы құрылады.

Сурет 10 - Кестені сақтау терезесі

Құрылған кесте реструктурлануы. Егер МБ бар кестелерге өзгерістер енгізу
керек болса, FileOpenTable меню элементін таңдау керек, пайда болған
диалогты терезеден кесте атын таңдап Ок батырмасын басу керек. Кесте
мазмұны көрсетіледі. (11-суретте Voditel кестесінде жазуларды жоқ болады,
өйткені біз оған мәліметтерді енгізген жоқпыз ).

Сурет 11 - Voditeli кестесінің мазмұны – жазбасы әлі көрінбейді

Біз DBD-дан(бірнеше жазбаға өзгеріс енгізіп немесе өшіргіміз келсе) тура
кестені жаңа жазбамен толтырғымыз келсе F9 батырмасын басуымыз керек.
Кесте құрлымын өзгерткіміз келсе Table Restructure меню элементін
таңдаймыз. Ізінше кесте құрлымын анықтайтын диалогты терезе көрсетіледі.

Кесте деталін конструкциялау. Кесте деталі болып табылатын екінші кесте
құрылымын анықтаймыз (Mashina) (сурет .12) . Бұл кесте құрлымын
констукциялау әдісі кесте мастерімен ұқсас. Келесі айырмашылықтар бар.

Сурет 12 - Mashina кестесінің құрылымы

Барлық өрістерге Required Field атрибутін тағайындаймыз, өйткені бұл өріс
автоинкрементті болғандықтан оны мәнмен толтырғанда жаңа жазбаны автоматты
түрде есте сақтайды.
“ Кіріс датасы ”,“ Материал ” алаңдарына индекс құрамыз. Ол үшін біз
қиылысатын Table Properties тізімінен Secondary Indexes) элементін
таңдаймыз . Осыдан кейін диалогты терезе 13- суретте көрсетілгендей көрініс
береді.

Сурет 13 - Терезенің оң жағына Secondary Indexes элементі пайда болды

Жаңа индексті анықтау үшін , Define батырмасын басамыз. Көрінген
диалогтық терезеде Fields өрісінде біз анықтаған кестенің тізім мазмұны
көрсетіледі. Index Fields өрісінде құрылған индекске кірушілерді сақтау
үшін тағайындалған. Fields тізімінен Index Fields тізіміне нақтылы өрісті
көшіріп алу үшін оң бағдарша бейнелеуі бар батырманы басу керек. Өріске
тізімді жүйелілі қосу маңызды, өйткені ол тізімде өрістің алмасу ретін
анықтайды. Index Fields тізіміне керек өрістерді таңдаған соң ( сурет
.14), Ok батырмасын басамыз .

Сурет 14 - Индекс құрамына кіретін өрістерді анықтау

Көрінген терезеде индекс аты сұралады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аэропорт анықтама бюросы
Кіріс және шығыс мәліметтері
Кітапхана
Кестені сақтау терезесі
«Мекеме қызметкерлерінің мәліметі» мәліметтер қорын құру
Ұялы телефондар дүкені
Кесте мәліметтерінің қасиеттері
Мәліметтер базасы кестелері
Кәсіпорынға арналған қойма есебінің автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу
MS Access деректер қорында кесте құру
Пәндер