Ыбырай Алтынсарин көз жұмды


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3 бет

І. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ МЕН ТВОРЧЕСВТОЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ

1. 1 Ы. Алтынасарин өмірінің кезеңдері. . 5 бет

1. 2 Ыбырайдың шығу тегі. Ыбырайдың атасы - Балғожа Жанбыршынұлы. Ыбырайдың нағашы жұрты . . . 10 бет

ІІ. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ

2. 1 Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш қазақша оқу құралдарын жасаушы . . . 17 бет

2. 2 Ыбырай Алтынсариннің “Қырғыздарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” . . . 23 бет

2. 3 Ыбырай Алтынсариннің «Шариат ул-ислам» еңбегі . . . 28 бет

ІІІ. ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫНАН

3. 1 Ыбырай Алтынсаринге және еңбектеріне кезінде берілген ресми мақалалар мен есеп-баяндамаларда берілген әділ бағалар . . . 44 бет

3. 2 Ыбырай Алтынсарин туралы жазба мінездеме мен естелік жазғандар . . . 56 бет

IV. СЫНЫП САҒАТТАРЫ - МЕКТЕПТЕГІ НЕГІЗГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ

4. 1 Сынып сағаты және ұйымдастыру жолдары. 70 бет

4. 2 Тәрбие сағаты және оларды ұйымдастыру жолдары75 бет

V. МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ЫБЫРАЙ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

5. 1 Сахнадағы «Ыбырай»80 бет

5. 2 Дүниетану сабақтарында Ыбырай еңбектерінің қарастырылуы…… . . . 86 бет

5. 3 Сынып жетекшісінін койын дәптеріне. 88 бет

ҚОРТЫНДЫ. . 90 бет

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР91 бет

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі ХІХ ғ. екінші жартысында өмірге келіп, қалыптасып, «жанып» атағы шығып, «өліп» - өшпес із қалдырған алып тұлға - Ыбырай Алтынсарин. Өзінің қысқа өмірі ішінде жемісті еңбек етіп, жаңа білім жүйесін құрып, білім ошақтарын ашып, оқулықтар жазып, елінің, халқының жанашары, тұла бойы мейірбан, таза адамгершілік сезім қасиеттеріне толған - ағартушы - Ыбырай өмірі мен еңбектерінің білім-тәрбиелік маңызын өмір дәлелдеді. Бірақ, өткен ғасыр уақыты бүгінгі дүниетанымға қайшы келмей жалпы адами қасиеттердің - отансүйгіш, қайырымды, еңбекқор, білім-ғылымға құштар т. б. - барлық уақытта өзектілігін жоғалтпайтынын аға ұрпақ түсіне жас-буынға жеткізудің тиімді жолдарын қарастырудың қажеттілігінен туындайды.

Мақсаты:

Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектерін тәрбие сағаттарында тиімді қолдану жолдарын көрсету.

Міндеттері:

  • Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектерін зерделеп, сараптау;
  • Ы. Алтынсариннің мұраларының зерттелу тарихын қарастыру;
  • Мектептегі тәрбие сағаттарының түрлері, талаптары және мүмкіндіктерін даралап анықтау;
  • Тәрбие сағаттарындағы Ы. Аллтынсарин - еңбектерін қолдану түрлерін көрсету.

Зерттеу нысаны :

Мектеп оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие сағаттарының орны мен ролі.

Зерттеу пәні:

Тәрбие сағаттарындағы Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектерінің тиімді пайдалануы.

Жетекші ғылыми болжам:

Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектерінің тәрбиелік мәні мен мазмұнындылығы олардың тиімді жолдармен байланыстылығында екенін көрсету.

Теориялық база:

Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектері, Ыбырайтанушы ғалымдардың - Т. Тәжібаев, Б. Сулейменов, Ә. Деріпсалин, Л. Ламашев т. б. - ғылыми зерттеу жұмыстары; ҚР тарихи көзқарасы қалыптастыру тұжырысдамасы т. б.

Тәжірибелік база:

Қостанай облысы Жанкелді ауданы Қызбел орта мектебінің бастауыш сыныптары.

Қолданылған ғылыми әдістер:

  • тарихи, педагогикалық төлқұжаттармен, әдебиеттермен жұмыс;
  • сараптама әдістер;
  • жалпылау-жекелеу әдістері;
  • салыстырма әдістер;
  • көрнекілік-тәжірибелік әдістер т. б.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы:

  • мазмұнды мәтінін пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға;
  • әдістемелік құрал ретінде сынып жетекшілер әдістемелік кеңесінде қаралып, тәжірибе алмасуға;
  • педагогикалық орта және жоғары оқу орындарының студенттері педагогикалық тәжірибе кезінде үлгіге, негізге алып жұмыс жасауға.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Кіріспе, қортынды, негізгі бес бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ МЕН ТВОРЧЕСВТОЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ

1. 1 Ы. Алтынасарин өмірінің кезеңдері

1841-1845 жылдар

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазан айының 20 жұлдызында Торғай облысы, Николаевскі уезінің Арақарағай облысында дүниеге келді. Әкесі Алтынсари Ыбырай үш жасқа толғаннан кейін қайтыс болған. Бала Ыбырай тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады.

1846 жыл

Осы жылдың наурыз айының 5 жұлдызында Балғожа би Орынбор қаласына әдейі барып, өзінің жақсы танысы, сыйласқан әкімі, Шекара Комиссиясының төрағасы генерал-майор М. В. Ладжевскийге әдейі жолығып, немересі Ыбырайды Орынборда ашылмақ қазақ балаларын оқытатын мектепке қабылданатын қазақ балаларынығ тізіміне енгізді.

1850-1857 жылдар

Ыбырай 1850 жылы тамыз айының 22 жұлдызында Орынбор Шекара Комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін ашылған мектепке түсетін қазақ балаларының бірі болып қабылданды.

Мектеп қабырғасында ол көп нәрсеге үйренеді, орыс тілін меңгереді, орыс, басқа да ұлттардан шыққан зиялыларының еңбектеріментанысады ол “өте жақсы қабілеті бар” атанып, көтеріңкі бағалар алып оқыди. Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы жазда аталған мектепті үздік бағалармен бітіріп шықты, тиісті күәлік және адам дәрігеріне көмекші бола алатыны жөнінде ресми анықтаманы да қоса алады.

1857-1859 жылдар

Екі жыл бойын Ыбырай Қыпшақ руы, ұзын бөлімінің меңгерушісі, әсери старшина би атасы Балғожа Жанбыршиннің қарамағында хат жүргізуші болып жұмыс атақарады. 1859 жылдың тамыз айының бірінші жұқлдызында Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш (аудармашы) болып тағайындалады.

1860 жыл

Осы жылы Орынбор өлкесінің басқару орны Орынбор бекінісіне (Торғай қаласы 1845-1868 жылдары солай аталды - Ә. Л. ) қазақ балалары үшін мектеп ашуға лұқсат алды. Ол үшін ел аралап қаржы жинау мәселелеріне бел шішіп кіріседі.

1861-1863 жылдар

Ы. Алтынсарин мектеп ашу ісіне қызу кіріседі. Мектеп құрылысына қаржы жинайды.

1862 жылы Алтынсариннің йіне алып оқытып жатқан қазақ балаларының саны 4-ке жетті. Осы жылдары Ы. Алтынсарин орыстың ұлы демократ-педагогі К. Д. Үшинскийдің “1842-1870) “Детский мир” аталатын тамаша педагогикалық туындысымен танысады.

1863 жылдың аяғына таман Ыбырай Алтынсарин өзі жобалаған мектебінің құрылысын бітірді де, жүйелі оқуды бастауға әзірліктің аяқталғанын Орынбор әкімшілігіне ресми хабарлады.

1864 жыл

8 қаңтарда “бекіністің барша әкім-қарарлары мен 200-ден астам сыйлы қазақтардың қатынасуымен Торғайдағы белгілі мектеп (Ыбырай мектебі) салтанатты түрде ашылды”.

Мектепте балаларды Ыбырай Белл-Ланкастер әдісімен оқытты. Ыбырай Алтынсариннің үйінде 1861-1863 жылдарда оқыған Қорғанбек, Әділбек Бірімжановтар Алтынсаринге көмекші-мұғалімдер болды.

1865 жыл

Ыбырай Алтынсарин 22 мамырда мектептегі оқушыларды ресми сыннан өткізді. Ол сын 12 балл жүйесімен жүргізілді. 6 баллдан бастап қанағаттанарлық, одан жоғары болса, көтеріңкі бағалар саналатын. Өзі ашқан мектеп оқышуларына 22 мамырдан бастап жазғы демалыс берді. Оқу-ағарту саласында және бекініс ісінде жігерлі атқарған жұмысы үшін Ыбырай Алтынсарин 25 ақпан күні хорунжий чинін (әскери атақ) алды.

  1. жылдар

1866 жылы Ыбырай Кіші жүздегі Жаппас руының бөлімінің құрметті ақсақалы Шолақ қызы Айғанысқа үйленеді.

1868 жылы 21 қазан айында “Уақытша Ереже” бекітіліп, Орал және Торғай облысы ұйымдастырылды. Ал Торғайдағы қазақ мектебі, 1868 жылы бір класстық (4 жыл) орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылды.

1869 жылы “Уақытша Ереже” күшіне енді. Аллтынсарин жер бөлу ісіне араласты және әкімшілік құрылымға ұсыныстар берді. Уездік басқарманың іс-жүргізушілік қызметін қоса атқарды. Ауыл аралады, болыстар мен старшиналарды сайлау жұмысына қатынасты.

1870-1874 жылдар

Россия География Қоғамының Орынбор бөлімінің 1870 жылы бірінші жазбаларында (Запискасында) Ыбырай Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі» және «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» атты этнографиялық мақалалары жарияланды.

Алтынсарин орыс географиялық қоғамына қызметкер-мүше ретінде қабылданды.

1874 жылы ол облыстық басқараманың алдына мектептерге жер бөліп беру туралы мәселе қойды және Торғай мектебін екі жылдық орыс-қазақ училищесі (4+2=6 жыл) етіп қайта құру туралы ұсыныс жасады.

1875-1878 жылдар

Ыбырай Алтынсарин Қазан-Петербургке баруға қамдана бастайды 1876 жылдың қыркүйек айының 7 күні Алтынсарин Қазан қаласынан келді, оны профессор Н. И. Ильминский қарсы алды. 16 жыл көріспеген аға тұтып сыйлаған досы-Николай Ильминский оны қонақ етіп, бір жұма бойы қаланы аралатып, мәдени орындармен таныстырады, қала зиялыларымен кездестіреді.

Қыркүйек айының ортасы күндерінде Ыбырай Алтынсарин Петербургке, Санк-Петербург университеті шығыстану факультетінің деканы, профессор В. В. Григорьевте қонақта болады. Астана - қаланы аралып көреді. Ұлы Петр атына арналған тарихи орындарды, эрмитажды, басқа да мәдени ошақтарды аралады. Ғалымдармен, жазушылармен кездеседі. Қыркүйек айының соңғы күнінде ол Орынбор қаласына оралады. Н. И. Ильминский Алтынсаринді Россияның халыққа білім беру министрі граф Д. А. Толстоймен кездестіреді.

Алтынсарин қазан айының басында Торғайға оралып, негізгі жұмыстарына кірісті. Орынбор, Қазан, Петербург қалаларына қажет деген оқулық, методикалық т. б. кітап-құралдары мол әкелді. 1877 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға біржола отырды. Қазақ мектебінде орыс тілін әдіс-амалдары туралы қолжазбаларын тағы да қайта қарап, өңдеп, толықтыру жұмысын жалғастыра береді.

Осы жылдың наурыз айында Алтынсарин Орал мектептерінің инспекторының жәрдемші-орынбасары болуға шақыртылады.

1879-1889 жылдар

1879 жылдың қыркүйек айының бірінші жұлдызында Ыбырай Алтынсарин Торғай облысы мектептері инспекторы болып тағайындалды. Төрт уезге қоса оның қарамағына Орынбор губерниясына бағынатын Троицк уезі мектептері де берілді. Алтынсарин азаматтық халық мектептерінің жұмысын шебер де білгірлікпен ұйымдастыруға қызу кірісті. Мұғалім кадрларын іздестірді.

Ыбырай Алтынсарин 1879 жылдың қараша айының 15-25 күндері Орынбордан «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» аталатын оқулықтарын бастырып шығарды. Бұл екі кітап қазақ мектептері өмірінде ерекше орын алды. Ырғыз мектеп үйін салу жұмысын аяқтады.

1881 жылы Елек қаласында ашылуға тиіс орыс-қазақ училищесін қараша айында Бөрте болысында ашты. Төрт бекіністе төрт қазақ мектебі (училищелері) жұмыс жасады. Олар: Торғайда, Ақтөбеде (уақытша Елек қаласында), Ырғызда және Ортабойда (Әзірге Троицкіде, Қостанай қаласын алғашқыда солай атамақшы болған - Ә. Л. ) (Н. Ильминский) .

1882 жылы ұлы Әбдіхамит (халық арасында Абдолла атанып кеткен, одан Нағима атты қыз қалған екен, ол кәзір Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы совхозда тұрады - Ә. Л. ) дүниеге келді. Осы жылы Ы. Алтынсарин Торғай қаласында Қолөнер мектебін ашу туралы жазба жасады. Оған қаржы да жинады, сөйтіп Торғай қолөнер мектебі 1883 жылдың қараша айының 15 жұлдызында салтанатпен ашылды.

Ы. Алтынсарин әрбір уездік мектеп жанынан көпшілік кітапхана ұйымдастыру ісіне қызу кірісті. Қазақтар бұл бастаманы қатты қолдады. Мүмкіндігінше қаржы жинастыра бастайды, әсіресе, осы өңірдегі зиялы азаматтар мықтап араласады. 1882-1885 жылдар аралығында Алтынсарин ашқан барша оқу орындарының жанында: монша және дәретхана, ас пісіретін бөлме болған. 1883 жылы Николаевскіге (Қостанайға) көшіп келеді.

1883 жылы оныншы сәуірінде Орскіде қазақ даласындағы тұңғыш қазақ мұғалімдерін даярлайтын мектеп ашылды. 1884 жылы екінші ұлы Әбдірахман дүниеге келді. «Шарапты-ислам» (тәңірі заңдарының ережесі) аталатын оқулық бастырып шығарды. Кітап қазақ тілінде жазылды, кейін оны А. В. Васильев орыс тіліне аударып бастырды.

1881 жылы Бөрте болысында ашылған мектеп, екі кластық орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылды да, Ақтөбеге көшірілді, оның жанынан Алтынсарин 25 орындық интернат ашты. Бұл тұста Қостанай, Торғай, Ырғыз және Ақтөбе орыс, «орыс-қазақ училищелері» жанынан «қол өнер бөлімдері» ашылды.

1887 жылы Ыбырай Алтынсарин болыстық мектептер ашу ісіне қызу кіріседі. Осы жылдың қазан айында Елек уезінің Бөрте болысынан, Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір кластық (4 жыл) мектептер ашылды. Интернаттар ұйымдастырады.

1887 жылдың қараша айының 15 күні өзінің көптен әзірлеп жүрген Ырғыз қыздар мектебінің жұмысын бастайды. Сөйтіп, тұңғыш қазақ даласында әйел-қыздар мектебі ашылды. Бұл жылы Алтынсарин Орынбор корпусына Торғай облысы қазақтарынан жыл сайын бір оқушы алу үшін стипендия тағайындатады. Ал, 1888 жылы қыркүйек айының 13-де Торғай уезіне қарасты Қараторғай (Батпаққара мектебі уақытша осылай аталды - Ә. Л. ) болыстық мектебі өз жұмысын бастады, оған алғаш 12 оқушы қабылданды.

Осы жылдың желтоқсан айының бір күні Торғай қаласында қыздар училищесін ашуға ұлықсат сұрады, ұлықсаты 1890 жылы Алтынсарин қайтқаннан кейін алынды, бұл училище 1891 жылы ашылды. Реті келгенде айта кетейік, интернаты бар қыздар мектебі Қостанайда 1893 жылы, Қарабұтақта 1895 жылы, Ақтөбеде 1896 жылы ашылды. Орыс-қазақ қыздар мектебінде «оқушылар саны 1896 жылы 211-ге жетті, олардың 141 орыс, 75 қазақ қыздары»болды.

1888 жылдың тамыз айының 21 күні Қостанай қаласында орыс балаларына арналған мектеп те ашады. Ол облыстық мектептер жанынан «тері және сабын жасау заводтарын» ашуды ұсынды.

1888-1889 жылдарда Ыбырай Алтынсарин бір жатып, бір тұрып дегендей ауыра беретін болды. Соңғы жылдың ақпан және наурыз айларында Орск, Ақтөбе, Елек қалаларындағы мектептерді аралайды.

1889 жылдың шілде айының 17 күні ертеңгі сағат 11-де 48 жасына үш ай үш күн қалғанда ұлы Ыбырай Алтынсарин көз жұмды.

1. 2 Ыбырайдың шығу тегі. Ыбырайдың атасы - Балғожа Жанбыршынұлы. Ыбырайдың нағашы жұрты.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында (екі стильмен) Торғай облысы, Николаевск уезінің Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай обсынының Затбол ауданында) дүниеге келді. Әкесі Алтынсары ауыл молдасы алдын көргені болмаса, басқадай оқу қумаған, момын үй шаруасымен ғана айналысқан адам болған. Ол Ыбырай үш жасқа толғарда қайтыс болған. Шешесі Айман (арғын руынан Шеген бидің қызы) ескі салт бойынша қайнысы Қошанға шығады, одан туған балалардың ұрпақтары баршылық.

Ыбырай әкесі өлгеннен кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады.

Балғажа Жаңбыршин - белгілі би, ірі бай болған адам. Ол ұзақ уақыт Орынбор Шекара комиссиясы қол астында қыпшақ руына старшина болып қызмет істеген, патша өкіметінен шен-шекпен алған “ірі феодалдардың бірі” (Н. И. Ильминский) . Орысша тіл білген, ақыл парасатты да мол болған би. “Тек ақазақ даласы ғана емес, Орынбор губерниясындағы орыс шенеуліктерімен шекаралық билеуші әкімдердің алдында өзіндік салмақ пен айырықша беделге қолы жетеді, губерния төңірегіндегі басқарушылардың қайсысымен де тең адамдай сөйлесе, пікірлесе алады”

Балғожа Жаңбыршин - жүзбасы, Қыпшақ руының ұзын тармағын басқарған. Торғай, Тобыл және Әйет өзендері аралығында көшіп-қонған Орынбор шекара комиссяның пікірінше ол “адамдарды басқару жағынан де, жалпы орта істері жөнінен де, өзге ордаларда да істі қарауға шебер, білгір адам саналған” (ҚРОМА, 4 қор, І тізбе, 3404-байлам, 83-86 бет) .

Атасы оны жасынан-ақ адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып қанатын қатайтқан.

“Балғожа би көзі ашық, көңілі жарқын, замынының алдыңғы қатарлы адамы еді: ол өз заманының жайын ерте, тез байқады”.

“Іздегенге сұраған” дегендей, Х!Х ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша үкіметінің бұл мектептерді ашқандыағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: “Мектеп құрудағы басты міндет - шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды сұлтан-правительдердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін және айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау” деп жазылған. Сонымен бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі (Кенжебаев Б. “Ыбырай Алтынсарин - азамат . . . ” Ыбырай Алтынсарин тағылымы. 26 б. ) .

Мұсатай Ақынжанов “Ұлы педагог қоғам қайраткері” (“Ы. Алтынсарин тағылымы. 57 б. ) деген мақаласында “Ыбырайдың атасы Балғожа өлең жазған адам. Жас Ыбырайдың мектепке дейінгі өлең мен жырауға әуестеніп өсуіне анық әсер тимеді деп айтуға болмайды, - деп жазды. - Балғожа семьясының төңірегінде көптеген ақындар жиналатын болған”.

Әнуар Дербісалин “Ыбырай Алтынсарин -ұлы педагог, ағартушы, жазушы” деген мақаласында “Дала өмірінде көп билікті өз қолында ұстаған Балғожа Орынбор шекара комиссиясының алдында да айырықша беделді адам болды, - деп жазады. - Қазақстанның Россияға қосылу роцесі біржола аяқталып келе жатқанын орынды аңғарған Балғожа қоғамдық маңызы өте үлкеен бұл құбылысты батыл жақтады. Мұнда, ол әрине, қазақ халқының өнерлі, мәдениетті елдердің қатарына қосылуын шешілу кезеңіне жеткен, енді мүлде болмай қоймайтын құбылыс ретінде танылды. Сондықтан да ол бұл оқиғаға қарсы шығудың ешқандай пайда бермейтіндігін ескеріп, алдағы уақытта оны өз мүддесі үшін пайдаланудың жолын іздеді. Балғожаның бұл мақсатта тапқаны - немересі Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының жанынан алмақшы мектепке беру болды. Мұнда Балғожа ел билеу ісі бұдан былай орысша сауатты адамдардың қолында көшеді деп танып, немересі арқылы кейін де сол ел билеу ісін қолынан шығармау ниетін көздеген еді” (Дербісалин Ә. “Ыбырай Алтынсарин тағылымы”. “Ыбырай Алтынсарин - ұлы педагог, ағартушы, жазушы”. - Алматы: Жазушы, 1991 ж. 80 б. ) .

Бұл жолдардан Балғожаның немересі орысша оқытудағы түпкі мақсаты анық байқалды. Ол - халыққа пайдасын тигізетін адам емес, патша өкіметінің заңын жақсы біліп, халықты қанауға шебер чиновник әзірлеуді көздеген. Кенесары Балғожаны шабуының да мәні осындай ой-мақсаттарына байланысты болса керек. Алайда Ыбырай таңдаған жол мүлде басқа болып шықты.

Қалай дегенде де Ыбырайда ұл өсіріп, тәрбиелелеген Балғожа өсімі ұмытылмас емес. Бірақ оның аты-жөні Қазақ Совет энциклопедиясына еңбеген. Туған, өлген жылдары белгісіз.

Ыбырай 1864 жылы Сырдария облысы (қазіргі Қызылорда облысы) Перовский уезіне қарасты Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаныс атты қызына үйленеді. Айғаныс өзі оқымаған адам болғанымен, Ыбырайдың шығармашылық жұмысына барлық уақытта да жағдай жасап отырды.

Ыбырайдың жанұясына көпке дейін бала болмайды, сондықтан ол қазақтар арасында жиі кездесетін салт бойынша інісі Оспанның Хамитбек деген баласын алып тәрбиелейді (он алты жасында қайтыс болады) .

Ыбырайдың тұңғыш баласы Абдолла 1880 жылы дүниеге келеді. 1887 жылы Әбдрахман деген екінші ұлы, 1888 жылы Шәрипа жас кезінде ауырып қайтыс болды (Ы. Алтынсарин. Шығ. жинағы, 1975 ж., І том, 311 б. ) .

Әкесінен жастай қалған Абдолла ұзақ уақыт оқи алмай шаруашылықпен айналысады.

Нағима Абдоллақызы - Ыбырай Алтынсариннің жалғыз немере қызы. Нағима атасын көрмеседе, 1924 жылы қайтыс болған Айаныстың көзін көріп өскен (Нағима Ыбыраеваның естеліктерінен) .

Нағима Ыбыраевна 1916 жылы Қостанай облысы Талапкер ауылында дүниеге келді. Нағима бала кезінде атасы Ыбырай ашқан Қостанайдағы мектепте үш жыл оқиды. 11 жасында анадан айырылды.

1920-1930 жылдардағы дүрбелең ұлы Ыбырайдың ұрпақтары да байдың тұқымдары ретінде қуғындалған.

1928 жылы Ниғаманың әкесі Абдолла да кәмпескеге ұышырап, Қазақстаннан тыс жерге қоныс аударған. Ол Қырғызтанның Томақ қаласында тұрды. Абдолланың өкпесіне суық тиіп, Қошанның немересі Нұрахметтің қолында қайтыс болған. Жамбыл облысы Қорайдағы зиратқа жерленген.

Ыбырайдың туған нағашысы Шеген - батыр, би. Шеген белгілі Қошқар ұлы Жәнібектің шөбересі. Жәнібектен 7 ұл туады.

Жәнібектің бәйбішесі - ұлы жүз Шанышқалы Төртөбе қыпшақ Тұрсынбай Датқаның қызы, осы анамыздан Дәуітбай мен Жауқашар туған.

Дәуітбай баиыр, би болған ел басқарған адам, 1859 жылы соғыс коллегиясының шешіміміен атасы Жәнібекке берілген “Тархан” атағы берілді. Ал Жәнібекке мұсылман қауымыен да бірінші болып “Тархан” атағы 1743 жылы 11 шілдеде Россия императоры Елизаветаның жарғысымен берілген. “Тархан” атағы 1869 жылға дейін мұсылман нәсіліндегі 20-ға жуық адамға берілді. Соның екуі аталы-балалы Жәнібек пен Дәуітбай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Балалар прозасы
Дауылпаз баба – Қожаберген
Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Қобыланды батыр жырындағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері
Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz